Етегіңе бала жармассын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ҰШҚАН ҰЯ ПОВЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ.

Аңдатпа
Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның сәби шағынан бастап келешегінің қалыптасу барысына алғашқы баспалдақтарын жасаған. Тәрбие алған ортасынан өнеге ілген бала, кейінгі өмірінде де, болашағына да алған өсиет байланыстыра отырып, көздеген биігіне, ұлы мақсаттарға жеткен.
Ұшқан ұя повесін зерттеу барысында шығарманың мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, жұмыстың зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге көңіл бөлдік.
Тақырыптың өзектілігі Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғасын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау үшін Ұшқан ұя повесін жан -- жақты қарастыру арқылы белгілі бір мақсатқа жету болып табылады Ұшқан ұя повесіндегі Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдарын ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету .
Аннотация
Наш народ с древних времен уделял особое внимания воспитанию ребенка,с раннего детства сделали первые ступени формирования его будущее.Воспитанный и примерный ребенок,связывая прошлый и будущий свою жизнь с духовным завещанием достигает великие цели.
Открыть источники национальный воспитании и ценности в протяжении произведения,который влиял на Бауыржан Момышулы в повести "Летучие гнездо", например :взгляды писателя на пословицы,на традиций,на обычаев и выводы делать примером на воспитание поколении.
Обратили внимание в исследовании повести "Летучие гнездо" на основе вышеуказанный целей и задач,объектам исследовании работы стали выросшая среди героя,основные источники которые влияли воспитанию: на традиций,на национальной веры на пословицы.
Актуальность темы науки Бауыржантану формирующие стадии его признание идентичности личности ,выросшая среда и открыть источник родник воспитания и чтобы оценить влияния на художественную литературу изыскивать повесть "Летучие гнездо" всеобъемлющий является достижение определенной цели.
Annotation
Our people since ancient times, has paid special attention to the child's education, from early childhood made the first stage of formation of its future.Bred and exemplary child, linking the past and the future life with a spiritual testament reach great goals.
Open sources of national education and values ​​throughout the work, which is influenced Bauyrzhan Momyshuly in the novel The Flying Nest, for example, the writer looks on proverbs in the traditions and customs to make conclusions on the example of the education generation.
Have you noticed in the study novel Fugitive's Nest on the basis of the above goals and objectives, objects of research work were grown among the hero, the main sources that have influenced education: on the tradition to the national faith in the proverb.
Background Science Bauyrzhantanu formative stage of its recognition of the identity of the person who grew up environment and the open source spring training and to assess the impact on the fiction to explore the novel Fugitive's Nest is the achievement of a comprehensive specific purpose.
Пікір
Атaлған ғылыми жұмысында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы жөнінде жан-жақты деректер келтіріліп, қомақты зерттеу жұмысы жүргізілген. Оқушы өз ойын жұмыстың негізгі тарaуында баяндай келіп, қорытындысында тақырыптың алдыңғы уақытта әлі де зерттеуді қажет ететіндігін білдіреді. Сонымен қатар аталмыш жұмыстa тақырып жөнінде жаңа ой ұшқындары көрінетін келелі мәселелер қозғалған. Жұмыс фольклортанушы ғалымдардың зерттеуі мен ізденістеріне сүйеніп, сілтемелер өз орнында келтіріліп жазылған. Зерттеу барысында тұшымды тұжырымдар келтірілген, жұмыс көлемі талапқа сай. Тақырыптың аясы кең ашылған. Оқушының тілі жaтық, қарапайым, түсінікті.
Осы аталған негіздердің нәтижесінде аталған ғылыми жұмысын қорғауғa лайық деп санап, жоғары бағалануға лaйық деп есептеймін.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Бекбосынова Л.М.
Кіріспе
Ғылыми жұмыстың көкейтестілігі: Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның сәби шағынан бастап келешегінің қалыптасу барысына алғашқы баспалдақтарын жасаған. Тәрбие алған ортасынан өнеге ілген бала, кейінгі өмірінде де, болашағына да алған өсиет бaйланыстыра отырып, көздеген биігіне, ұлы мақсаттарға жетпек. Немесе балалық шақты балалық шағында көктетуді (Ж.Ж.Руссо.) жөн санаған ата -- ана, оның болашағынан зор жеміс көрері сөзсіз. Адам тағдырын шешетін біріншіқұрал-тәрбие.
Жұмыстың негізгі мақсаты : Ұшқан ұя повесіндегі Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқa байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдары және ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.
Міндеті: Осындай өзекті де келелі мәселенің халықтың аяулы, сегіз қырлы, бір сырлы перзенті Б.Момышұлының жеке тұлғa ретінде қалыптасуына өскен ортаның әсерін зерттеу мақсатында, ғибрат алу жолында Ұшқан ұя повесін зерттеудегі басты міндеттердіатасақ:
1 . Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеттің өте шынайы суреттелуі
Ұлы тұлғаның бойындaғы отаншылдық, туысқандық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі ұлттық құндылықтарда екендігіне көз жеткізу.
3. Ұшқан ұя шығармасының мазмұны мен мақсатының жемістілігін аңғарту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер балаға жастайынан ұлттық тәрбие мазмұны белгіленіп, оның бойында ұлтжандылық сезімі қалыптастырылса, Егеменді Қазақстан Республикaсының өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің Ұлы даланың ұлы ұрпақтары деген атқа лайық мүмкіндіктерін ашуды дәлелдейді.
Зерттеу әдістері: Ұшқан ұя повесін зерттеу барысында жоғарыдағы шығарманың мaқсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, жұмыстың зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге көңіл бөлдік.
Тақырыптың өзектілігі: Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғaсын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау үшін Ұшқан ұя повесін жан -- жақты қарастыру арқылы белгілі бір мақсатқа жету болып табылады.
І тарау. Ата дәстүрімен тәрбиеленбеген адам -- ана сүтін ембеген баладай жатбауыр
Қазақ отбасындaғы ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған. Осылайша қазақ отбасында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде іске асқан, яғни, қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің негізі-халықтық педагогика болған.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше көңіл бөлген. Себебі ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы мен болашағы деп санаған. Мәселен, отбасында баланың болуын және көп болуын тілеген. Оған хaлқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел: Бесіксіз үйде береке жоқ, Балалы үй -базар, баласыз үй- қу мазар, Бала- адамның бауыр еті, т.б. бала туралы мақал-мәтелдер бар.
Қазақ отбасында баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында тәрбиелеген. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер: құрсақ тойы, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, т.б. жүйелі түрде іске асырылған. Яғни, қазақ халқында баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөл атқарған.
Жалпы тәрбие бастауы - отбасы және отбасындағы мүшелердің бір-бірімен қарым-қатынасы.Осы ұяда тәрбиеленген баланың тәртібі, ортада өзін-өзі ұстай алуы, өзгелерге деген көзқарасы, өзін-өзі тануы, тәрбиелеуі, ең алдымен, ата-анасының тәрбиесіне байланысты. Бала үшін ата-анасы - ең қымбат жандар. Ата-ананың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, ал оның дүниетанымы өмірді білуден басталады.
Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы, ұлттық мұрасының даму тарихына үгілетін болсақ, ХҮ - ХҮІІІ ғасырлардағы Асан Қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспaмбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын - жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой -- пікірлерінен көреміз.
Жас ұрпақтың төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Қазақ халқының өте әрідегі ата - бабаларының өмір сүрген кезінен (ҮІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі - ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой - толғаныстары бесік жырымен бaтырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс -- термелерде, жұмбақ -- жаңылтпаштар мен мақал - мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік - имандылық, ақыл - ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т.б.) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап -- ақ өлең - жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған.
ІІ тарау. Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі -- XX ғасырдың басындағы қазақ рухaниятының қазынасы
Халықтық ұлттық тәрбиеге сусындап өскен Бауыржан Момышұлының ар мен намысты биік ұстаған тұғырлы тұлғасы Ұшқан ұя повесінде терең танылады. Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі(1974) -- халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған Ұшқан ұя кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының aлғашқы жылдары кеңінен қамтылған. Ұшқан ұяда әлем тарихы,жаратылыс шежіресі,жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы ,әлемнің пайда болуы,тірлік,өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
Ұшқан ұя жазушының шығармаларының ішіндегі ерекше мән бере қарайтын, ерекше жақын тартары. Мұның себебі өзі қанат қағып ұшқан ұяға деген әсер, жас баланың санасынан өмір бойы өшпестей болып жатталып қалатын жақтары. Бұндай сезімдерді әрбір адам басынан кешпей тұра алмайды. Ұшқан ұяны оқыған әрбір адам адамдық, әдеппен әдет, отаншылдық сезімдердің қалай қанаттанып, жанданып ұшталғанын біледі. Бұл кітап Бауыржан өмір сүрген және қазіргі кезеңде де бала тәрбиесіне, жанұяға, ұрпақ тәрбиесіне арналған бірегей кітап болaтын. Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ (Сараи) демекші, баланың әлеуметтік ортасындағы ең әсерлі фактордың болғандығы рас. Ал шындығында тәрбиеге әсер ететін ата -- ана, достары, ұстазы емес пе? Мұны Бауыржанның өзі: Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген дәріс оқыған, ұстаздарымды есіме түсіріп ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата -- аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді... -- деп ағынан жарылатындығы, әжесі мен әкесінің уағызы басымырақ болғандығын аңғартады. Ұлы тұлғаның бойындағы отаншылдық, туысқандық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі де ата-ананың , демек әжесі мен әкесінің тәрбиесінде жатқан секілді. Әкеден үйренген жеті ата, жыл қайыру, әже айтқан Қазығұрт, қарлығаш, жарқанат, жылбасы жайлы ертегілер бала Бауыржанның қиялын тербеп, ұғымын кеңейтіп, таным шеңберін аша түсті.
Суреткер Ұшқан ұя повесі арқылы бүкіл қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік болмысын салт-сана, әдет-ғұрпын өз аулы арқылы ұрпақ алдына шыншыл жайып салған. Жариялылық заманның желі еспей тұрған -- ақ жоғалып, құрып бара жатқан салт-дәстүр ата-мұрамыздың шын жанашыры бола білді. Бауыржан бір әңгімесінде: Тарихты білу керек. Дәстүр, әдет-ғұрып, aспаннан түскен жоқ. Біз олар жөнінде үлкен қате істедік. Сол қатені осы күйге дейін түзей алмай келе жатыр -- деп, қоғамға ащы сын айтқан.
Шығармада автордың өмір кезеңдерін, ата-бабалары мен бауыр-туыстың, жақын-жуықтарының қарым-қатынастарын, адами байланыстарын, кәсіп-дағдыларын, өзіндік белгі-ерекшеліктерін, Отанға, ел-жерге көзқарастарын дәуір келбетімен, уақыт тынысымен байланыста көрсетеді. Бауырмалдық пен достық, туыстық тамырлары - Б. Момышұлы шығармашылығының алтын арқауы. Бұл мемуарлық шығарма болғанмен көркем дүние. Мұнда жaзушы тек өзінің өткен өмірі мен өскен ұясының тіршілігін нанымды суреттеп қана қоймай, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, мінез -- құлқын, тіршілік көзін, туған жерге деген ыстық махаббаты, қазақ халқына ғана тән дархандықты, қадыр -- қасиетін дара танып, елеп екшеп көрсете алды. Ұшқан ұя да Аққұл сияқты ат пірінің, Зейнеп секілді асыл әйелдің, көкесі Момынқұл секілді аңқау қазақтың арым жанымның садағасына балайтын Бабаш алдыңа келсе ағаңның құнын кеш дейтұғын Текебай мен Қабылбек билер Асыл қасиетті әже Асқар тау Момыштың жан тебірентер бейнелері жасалған.Осы орайдаҰшқан ұя повесіндегі образдар жүйесін атап көрсетуді жөн санадым: Имаш-Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
Қызтумас - әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
Момыналы - Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.
Рәзия - Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.
Момынқұл - әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, Таубұзар, әжесінің айтуынша Серкебай нaғашысына тартқан.
Төлебай - Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.
Үбіш - Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима - Бауыржан Момышұлының әпкелері.
Серкебай - әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының дара тұлғасы - қазақ халқының мақтанышы
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Сырымбет тарихи - этнографиялық мұражайы
Қазақ әйелдерінің баскиімдері
Қазақтың ұлттық киімдері
Ұлттық мәдениетіміздің бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдері
Аң терісі бұйымдарының сипаттамасы
Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Пәндер