Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің түрлері


Мазмұны
Кіріспе . . .
I. Тіл дамыту әдістемесінің маңызы . . .
1. 1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері . . .
1. 2 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар . . .
II. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің түрлері
2. 1 Еркін сөйлеу қатынасында және арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері 21
2. 2 Мектепке дейінгі бала тілінің ерекшеліктері
Қорытынды. .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру страегиясында Н. Ә. Назарбаев: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құраладарының бірі», деп ерекше көрсетті. Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуде бейімдеу талабы тұр. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М. Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін жасауда зор еңбек сіңірген А. Байтұрсыновтың еңбектерінен баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жөнінде құнды пікірлер табуға болады. Тіл дамыту мәселесі бертін келе әдісккер ғаымдар Н. Жұбанова, Б. Кәтенбаева, Б. Құлмағамбетова, С. Рахметова, А. Жаппаровтың еңбектеін, де зерттелді. Қазақ тілі мен оның әдістемесі жөніндегі ғылымның дамуына Қ. Жұбанов, С. Аманжолова, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, Ә. Сәдуақасов, Ғ. Бегалиев, т. б. ғалымдардың еңбегу өте зор. Бұдан кейінгі ғалымдар К, Аханов, А. Ысқақов, Ы. Маманов, Р. Әміров, Р. Сыздықова, Ф. Мусабекова т. б. еңбектерімен танысып, ондағы тіл мәдениетімен стилистік грамматикалық формалардың синонимдік варианттарымен функционалдық ерекшеліктері туралы құнды пікілерді тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізін жетілдіруде үлкен маңызға ие екенін байқадық.
Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.
Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Зерттеудің міндеті: «Тіл» немесе «тіл дамыту» - пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі - сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай - ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет.
Зерттеудің практикалық қолданымы: Бүгінгі таңда мектепке дейінгі педагогика саласында бала тілінің даму барысын тексеріп-зерттеу мәселесі толық шешілді деп айта алмаймыз. Көпшілік жағдайда әдістемелік еңбектерде бала тілінің дамуындағы кейбір кемшілік тұстарды ғана анықтауды басшылыққа алатын жекелеген әдіс-тәсілдер көрсетілумен шектелінуі, ал жалпы, мектепке барар алдындағы бала тілінің даму деңгейін қандай өлшемге сүйеніп талдау қажет екендігі, белгілі-бір жас кезеңінде бала тілінің дамуының шамасы осы деп есептеуге болатын көрсеткіштер жөнінде нақты мәліметтер жоқтың қасы.
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысы қазақ мектептерінде өткізілді.
Курстық жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысында оның нәтижелері туралы мәліметті көрнекі түрде бейнеленген үш кесте, екі сурет орналасқан.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz