Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Толегенова Индира
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5B021000 - Шет ел тілі филологиясы: ағылшын тілі мамандығы
Нұр-Сұлтан, 2022

Қорғауға жіберілді
... .
кафедра меңгерушісі, т.ғ.к.,
__________ А.Е.Бижкенова
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:
Ұлттық тағамдар атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
5B021000 - ... мамандығы бойынша
Орындаған: Т.Индира
Ғылыми жетекші
аға оқытушы, PhD: Г.К.Кабаевна
Нұр-Сұлтан, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Шет тілі филологиясы факультеті

... кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Бижкенова А.Е.
__ _______2022 ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент
курс, группа, мамандық, оқу формасы
1. Дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбы
___ _____20__ж. №____ ректордың бұйрығымен бекітілген
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі _______________20___ж.
3. Жұмыстың бастапқы деректері (заңдар, пайдаланылған әдебиет, зертханалық-өндірістік деректер):
4.Диплом жұмысын әзірлеудегі сұрақтар тізімі:
4. Графикалық материалдың тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т.б.):
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
7. Жұмысқа қатысты кеңестер (оларға қатысты жұмыс бөлімдерінің көрсетілуімен)
Нөмір, бөлімнің, бөлімшенің аты
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырманы алу уақыты
Тапсырма бердім
(қолы)
Тапсырма
алдым
(қолы)
8. Дипломдық жұмысты орындау графигі
№
Жұмыс сатысы
Жұмыс сатысын орындау мерзімі
Ескерту
1
Дипломдық жобаның тақырыбын бекіту
2
Дипломдық жобаны дайындау үшін мәліметтер жинау
3
Дипломдық жұмыстың теориялық бөлігін дайындау (1 Бөлім)
4
Дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігін дайындау (2-3 Бөлім)
5
Дипломдық жұмыстың толық мәтінінің қолжазбалық нұсқасын аяқтау
6
Алдын-ала қорғауға дипломдық жұмысты әкелу
7
Рецензияға дипломдық жұмысты жіберу
8
Ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензиясы бар дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын әкелу
9
Дипломдық жұмысты қорғау
Тапсырманың берілген уақыты ________________20___ж.
Ғылыми жетекшісі ___________________________________ _____
Тапсырманы орындаған ____________________________
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Ұлттық тағамдар атауларын зерттеудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ...
5
1.1
Этнолингвистика туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.2
Қазақ ұлттық тағам атауларының қалыптасу тарихы және дайындау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
1.3
Ағылшын ұлттық тағам атауларының қалыптасу тарихы және дайындау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
2
Қазақ және ағылшын ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
2.1
Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері ... ..
24
2.2
Ағылшын ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
27
2.3
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұлттық тағам атауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
49
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Дипломдық жұмыс барысында қарастырылатын ұлттық тағамдар атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігі тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді және интеграциялық сипатына қарай тіл мен мәдениеттің сабақтастығын анықтаудың, зерттеп - зерделеудің қажеттілігін көрсетеді.Ұлттық тағамдарынының қалыптасу тарихы мен дайындау ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу.Ә.Т.Қайдар енбегінде этнолингвистика туралы жалпы түсінік қолдана отырып,қазақ және ағылшын тағам атауларының этнолигвистикалық топтау,өзара салыстыру керек.Сонымен қатар,қазақ ұлттық тағамдарының ағылшын ұлттық тағамдарына ұқсас жақтары мен ерекшеліктерін талдау және топтау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұлттық тағам атауларының этнолинвистикалық ерекшеліктері туралы нақты материалдар негізінде олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салғастыра отырып анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:
1) Тіл біліміндегі этнолингвистиканың алар орнын анықтау, оған талдау жасау;
2) Этнолингвистика мен ұлттық тағам атауларына байланысты этномәдени бірліктердің зерттелуіне шолу;
3) Ұлттық тағамдарға жалпы зерттеу жасау;
5) Екі халықтың тағамдарында , оның ішінде, ұлттық тағамдардың рөлі мен маңызын айқындау;
6) Қазақ және ағылшын тағамдарын салғастыра отырып, әсіресе үлттық тағамдарға баса назар аударып,оларға байланысты этнолигвистикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Зерттеу нысаны:Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұлттық тағам атауларының этнолинвистикалық ерекшеліктері.
Зерттеу пәні-қазақ және ағылшын ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Зерттеу дереккөздері.
Зерттеу әдістері.Ғылыми жұмыста сипаттау, салыстыру, этнолингвистикалық талдау, топтау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық маңызы.Зерттеу жұмысы ұлттық тағамдарды зерттеудің теорияық маңызын толықтырады, осы мәселеде оны байытуға жаңа үлес қосады.Бұл зерттеуде ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері және олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайында маңызды теориялық пікірлер сараланып,жинақталып отыр.
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдары мен деректері жоғары оқу орындарында арнайы курс оқуда, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Сонымен қатар, жұмыс жоғары оқу орындарында келешекте тіл мамандықтары бойынша оқитын студенттерге теориялық-әдістемелік негіз қызметін атқарады.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұлттық тағам атауларының этнолинвистикалық ерекшеліктері мәдениетаралық қарым-қатынас мәселесін қарастыруда да ерекше орын алмақ.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ұлттық тағам атауларын зерттеудің теориялық негіздері
1.1 Этнолингвистика туралы жалпы түсінік
Тіл , мәдениет және ұлт пен өркениет өзара сабақтас, әрі үйлесімділікте өмір сүріп келе жатқан құбылыстар. Ал, кез-келген тілдің бірліктері сол халықтың, ұлттың дүниетанымы қоршаған әлемді қабылдау ерекшелігі, рухани және материалдық мәдениеті жөнінде мол мағлұмат береді.
ХХ ғасырдың соңына қарай тіл әлемінің өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу мақсатында тіл білімінің ішінен жіктеліп жаңа салалар - әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика, прагмалингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика іспеттес ғылымдар қалыптасып дами бастады. Әр саланың дербес мақсат-міндеті, өз зерттеу нысаны бар. Осыған орай, этнолингвистика-этнос болмысын оның тілі арқылы танып - білу мақсатынан туындаған лингвистиканың жаңа да дербес бір саласы деп айтуға болады [1, 28].
Этнолингвистика этнос, этнос болмысы, этнос тілі, тіл әлемі деген ұғым түсініктерге ерекше мән береді. Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан - жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отырғанын көреміз. Оны академик Ә. Қайдардың Қазақ тілінің өзекті мәселелері деген еңбегінен білеміз. Бұл еңбекте қазақ топырағында дүниеге келген этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығы және бұл салада көп жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келе жатқан ізденістердің нәтижесінде айқындала түскен оның бағыт - бағдары, өзіндік үрдісі, зерттеу объектілері мен әдіс - тәсілдері кеңінен сөз болады [1,32].
Ә.Қайдардың анықтамасы бойынша, этнолингвистиканың зерттеу объектісі - этнос тілі болса, мақсаты - осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына - мазмұнына бойлай еніп, оны игеріп, танып - білу, жүйелей түсіп, жан - жақты зерттеу, яғни сол тіл арқылы этнос болмысын танып - білу.
Этнолингвистика саласының нысаны - ұлт, халық болып табылады. Этнолингвистика - этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа дербес саласы. Тіл әлемінде өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық әрі жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, жарыққа шыққан социолингвистика, статолингвистика, психолингвистика секілді этнолингвистика да этностаным мен тілтаным ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған [5]. 5 Қайдаров Ә. Этнолингвистика. Білім және әдебиет. 1985
Этнолингвистика қазақ тілінің лексикалық байлығын мүмкін болғанша түгел қамтып, толықтай және міндетті зерттеуді мақсат етеді. Қазақ этнолингвистикасының тағы бір ерекшелігі - лексикалық байлықтың мазмұны мен мән - мағынасын этностық таным тұрғысынан толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне тән бояу - нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу, сондай - ақ, жүйелілікті сақтау болып табылады [2,25].
Қазақ тілінің байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындайды. Сонда ғана тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі меңгеру, мән - жайын, мағына - мазмұнын түсіндіру арқылы этностың болмысын терең түсіне аламыз. Ол үшін қазақ этносын жалпы түркі тіл әлемі арқылы ғана емес, өз тілінің мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшелігі арқылы ғана танып - біліп, этностың тіл әлемін түбегейлі игеру керек. Бұл - этнолингвистикалық зерттеудің қиын да күрделі мәселелерінің бірі десек те болады. Себебі, қазақ тілінің лексикалық байлығын тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралап шығу, яғни сөз маржанының түбіне бойлап, сан ғасырлар бойы сақталып келе жатқан сырын ашу - оңай шаруа емес екендігі белгілі. Сөз құпиясына үңілу кез - келген зерттеушінің қолынан келе бермейді.
Ұлттың рухани дүниесінің жаңғыруы, сонымен сабақтас материалдық өндіріс пен тұрмыс күйі әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол-халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасатын жалпыхалықтық құбылыс [2,40].
Тіл мәселелерін мәдениетпен, халық әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу ХХ ғасырдың 20-70 жылдарында орын ала бастады. Тіл білімінде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Олар негізінен Америка мен ФРГ-да дүниеге келген. Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектерді атауға болады. Эдуард Сепирдің 1921 жылы шыққан Тіл, 1929 жылы шыққан Лингвистиканың жайы, Б.Уорфтың Тіл, ойлау және шындық(1959) жинақтары. Э.Сепир үнді тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс лингвисі Л.Вейсберг Неміс тілінің күші туралы төрт томдық еңбек жазды. Сонымен қатар, М. Қашқари еңбегіндегі этнолингвистикалық материалды талдаудан бастап, бергі дәуірдегі В.Гумбольд, Э. Сепир, А.А.Потебня, қазіргі заманғы Н.И.Толстой, В.В.Иванов,В.Н.Топаров т.б ғалымдардың бұл саладағы ізденістерінен кеңінен тоқталатынын байқаймыз. Осындай ізденістер нәтижесінде Этнолингвистика терминінің Б. М. Уорфқа тиесілі екенін анықтайды. Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистиканың даму барысына шолу жасап, жеке сала ретіндегі негіздерін анықтауға арналған еңбектерінде профессор М.М. Копыленко, қазақ тіл біліміндегі академик Ә. Т. Қайдаров бастаған этнолингвистикалық мектепті қазіргі этнолингвистикадағы жаңа бағыт деп бағалап, оның негізгі ерекшелігін былай деп көрсетеді: Это направление изучает этнос в зеркале языка. В нем нет сембиоза дисциплин, поскольку язык представляется главным и непосредственным предметом анализе; этнология, история, культурология и прочие нелингвистические дисциплины привлекаются как вспомогательные . Демек, негізгі зерттеу лингвистикаға жүктеледі. Оның себебі мен мәнін нақты түсіну үшін академик Ә.Т.Қайдардың төменгі пікірін келтірейік: Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әр-түрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана [5,87].
Бұл бағытта Р.Шойбеков, ӘАхметов, Ж. Манкеева,Р. Б. Иманалиева, А. Ж. Мұқатаева, С. Сәтенова, А. Жылқыбаева, Қ.Аронов, Б.Уызбаева, Қ. Ғабитханұлы, М. Мұсабаева, М. Атабаевалардың еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Этнолингвистика туралы ғалымдардың пікірлерін келтіретін болсақ, ұлт- тіл-мәдениет контексіне байланысты ойлардың сабақтастығын байқаймыз. Ғалым Е. Жанпейісов: Этнолингвистикаға өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін ғана емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді, - дейді [4,22]. Ғалым Ә. Қайдар этнолингвистика туралы: Ол - этностың нысандық һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктерімен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым деген анықтама береді [1,45]. Фердинанд де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихынан өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз ойын халықтың салт - дәстүрі оның тілінде көрінсе, тіл, керісінше, сол халықтың өзін қалыптастырады, -деп тұжырымдады [5,17].
Этнолингвистика ұлттың болмыс-бітімін, тұтас мәдени жүйе ретінде өз бойында сақтаған құнды этномәдени деректерді қарастыра отырып, ұлт пен тіл біртұтас деген қағидаға сәйкес жинақтап, жүйелеп талдайды. Этнолингвистикалық материалдардан ұлттың танымын, болмысын айқындайтын рухани және материалдық мәдениеттің қолданысынан көре аламыз. Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігі тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді және интеграциялық сипатына қарай тіл мен мәдениеттің сабақтастығын анықтаудың, зерттеп-зерделеудің қажеттілігін көрсетеді. Ұлт тіліндегі этномәдени лексика ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың барлығын түгелдей қамтып, этнолингвистиканың негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Америка мектебі тіл мен мәдениетті негізгі проблема деп алса, Германия мектебі тіл мен халықты бірінші орынға қояды. Яғни, тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін асыра сөз етеді. Тіл адам санасы мен объективтік шындық арасындағыбірыңғай қатынас тізбегіне ене отыра, өзі сол санадан, объективтік шындықтан туған туынды болып табылады деген көзқарасты ұстанады.
Этнолингвистикалық ізденістер мазмұны жағынан қарағанда, оның бастауы тілдердің туыстық негізін білу идеясынан туған деген түйін жасаған дұрыс, ендеше тіл ғылымының этнолингвистика саласы әуелден-ақ зерттеу нысанына қарай жіктеле бастағанын, кейін тілдердің туыстығын, тарихи негізін айқындаудан тілдің ішкі мазмұнына қарай бет алғанын, тілдік таным мәселелерінің маңызды болғанын көруге болады. Бұл жөнінде алғашқылардың бірі болып пікір айтқан Э.Сепир өзгеше ұлттық феноменді түсіндіруде оның уәжінің тарихын ашуға тырысады, сол арқылы мәдениетті танытудың жолы - тіл, тіл мәдениетсіз өмір сүре алмайды деген түйінге келеді [1, 185].
Э. Сепирдің бұл тұжырымы И.Г.Гердердің дүниені танудың құралы - тіл, оның ішкі мазмұны идеясымен үндестік табады, яғни И.Г. Гердер философиясы ұстанымының өзегі - халықтың өмір сүруіндегі тарихи кезеңдерінің ерекшелігін, олардың дүниетаным әрекеті арқылы жасаған құндылықтарын мойындау болып табылады. И.Г. Гердердің түсіндіруінше, жеке ұлт - адамзаттың өзіндік ерекшелікке ие бір бөлігі, ал ұлттық мәдениет - адамзат мәдениетінің сол өзіндік ерекшеліктерін танытатын формасы [2, 123].
И.Г. Гердер идеяларына сүйенген, оны дамытушы В. Гумбольдтың пайымдауынша тіл - адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын, тілге халықтық рух пен мәдениеттің белгісі - ішкі форма тән, бұл қағида оның философиялық лингвистикалық бағдарламасының негізін құрайды. Осыдан халық тілін зерттеу халықтың рухын, табиғатын, болмысын танып білу құралы тіл екені ғылымда маңызды бола бастайды.
Америка ғалымдарының еңбектерінде этнолингвистика терминінің орнына көбіне антрополингвистика, этносемантика атаулары қолданылады. Осы бағытта зерттеулер жүргізген Ресей этнолингвистикасының өкілдері Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров т.б. Олар тілдің тарихын, этнолингвистикалық атластарын жасап, тілдегі және халық мәдениетіндегі аумақтық және әлеуметтік диалектілерді т.б. зерттейді.
Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қамалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той- домалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін.
Қорыта келе,этнолингвистика - этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа дербес саласы. Этнолингвистикаға тән тағы бір ерекшелік - оның тілдік обьектілер мен фактілерге жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып, саралай қарастыру, осы орайда ол тілдің ең басты, әрі негізгі тұлғасы жеке - дара сөздерді ғана емес, атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, бейнелік, астарлы да ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді де ( фразеологизм, теңеу - салыстыру, мақал- мәтелдер), тіпті, түсінік, ұғым, пікір, дерек мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді негізгі нысан етіп қарастырады.
https:articlekz.comkkarticle29 034
http:www.rusnauka.com36_PWMN_201 4Philologia7_180848.doc.htm
Әдебиеттер:
1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. - Алматы, 1998.
2 Қайдаров Ә. Т. Этнолингвистика Білім және еңбек. - 1985. - №10. Б. 12.
3 Манкеева Ж. А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. - Алматы, 1997.
4 Жанпейсов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. - Алматы, 1989. - 288б
5 Жалпы тіл білімі. - Алматы, 1983
1.2 Қазақ ұлттық тағам атауларының қалыптасу тарихы және дайындау ерекшеліктері
Қазақ тағамдарының пайда болу тарихы Жібек жолының пайда болуынан бастау алатыны әрбір адамға белгілі, өйткені Орталық Азия аймақтарында әр түрлі тайпалар өмір сүрген.
Қазақтың ұлттық тағамдары-ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр. Көшпенділердің күнделікті дастарханына тән тағамдардың ойластырылған тізбесі организмге жағымды әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар қазақтарға тән қонақжайлылық пен мейірімділікті бейнелейді.
Қазақ асханасы туралы айтқанда, біз бірінші кезекте етті еске аламыз: қазақ халқының қалыптасу кезеңінде нақ осы ет тағамдары маңызды рөл атқарды. Көшпелі мал шаруашылығы адамдары тағаммен қамтамасыз етті, бұл диетаның 80 пайызы, ал егіншілік негізінен елдің оңтүстік аймақтарында болды. Қазақтар жылқы немесе қой етін, сиыр етін аз - аздан дайындауға және жеуге дағдыланған (өйткені сиырлар көшкінге шыдамайды және тебінбейді - қар мен мұз астындағы тамақты ала алмайды). Құс еті де қазақтың рационында сирек кездеседі. Негізгі тағам дайындауға пайдаланылатын ет жылқы еті болды-тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары, өте жақсы сіңірілетін және майы аз ет.
Қазақ тағамдарының басқалардан басты айырмашылығы-тамақ өнімдері мен сусындар жиынтығының мол болуында. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, сондықтан адамдардың негізгі рационына ет және сүт өнімдері кірген. Жылқы-кисе, киім, жылқы-мінсе, көлік,жылқы-жесе, тамақ, жылқы-ішсе,сусын болады деп қазақ халқы босқа айтпаған.Қазақ халқының әрбір тағамы үнемді және сырыап болмаған Мысалы, ет тағамдары -- бешбармақ, нан салмасы, қарын-сырне, сүт сусындары -- құмыз, қымран, шұбат, құрт және айран.Осы тағамдар мен өнімдер жиынтығы қазақ тағамдарының ерекшелігін айқындайды.
Қазақ тағамдары бастапқыда көшпелі өмір салты жағдайында қалыптасты. Оның тағамдары жоғары калориялы, ақуызы көп, қарапайым және тойымды, бірақ сонымен бірге пайдалы болды. Мұның бәрі қиын көшпелі жағдайда өмірге әкелетін үлкен энергия мен физикалық белсенділіктің орнын толтыруға мүмкіндік берді.
Азық-түлікте біркелкілікке қарамастан, қазақтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz