Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
Жоғары колледжі ЖШС

Мамандығы : 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті

Курстық жұмыс
Пән : Психология
Тақырыбы : Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны

Пәндік циклдік комиссия
Отырысында қаралып , мақұлданады
Білім беру пәндік циклдік
комиссияның төрайымы
________ А.Т . Курмантаева
Хаттама № _______________
____ ____________ 2022 ж.
Орындаған : Төлепбергенова Ұ.Т
Тобы : ҚМ 2041
Жетекші : Болатова Ш.А

Ақтөбе 2022
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. бөлім.Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
Бала қиялын дамытуда ауыз әдебиетінің алатын орны ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Творчестволық қиял ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-7

1.3 Ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

Il.БӨЛІМ. Халық ауыз әдебиеті рухани асыл қазына ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1. Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрлері ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.2 . Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып,ауызша тараған көркем - әдеби туындылардың жиынтық атауы.Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған.1846 жылы ағылшын ғалымы Вильям Томос ұсынған " фольклор „ сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атауы ретінде орныққан. Бұлардың қай - қайысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағналары бір емес

Ауыз әдебиетін фольклортанушы ғылымы зерттейді. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде жазу ,сызу өнері болмағандықтан сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Әдебиет сөзі араб тілінен аударғанда асыл сөз дегенді білдіреді. Барлық жұрттың әдебиеті секілді қазақ әдебиетіде екіге бөлінді; біріншісі - ауыз әдебиеті, екіншісі - жазба әдебиеті. Ауыз - елдің жазу әдебиетін білмей жүрген кезде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң елдің, тарихы, өмірі, салт дәстүрі, тұрмыс - тіршілігі, арманы , өнері және т.б мәнді әңгімелер мен айтылған. Ауыз әдебиетін шығарушылардың кім екені бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтылумен сақталған . Ал, жазба әдебиетінің авторлары бар. Көркем-әдебиет оқушыларға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Адамға әуелі тәрбие беруші ата - ана , сонан соң ұстаз, мектеп тұрмысындағы төңірек. Өнер ,ғылым жоқ жұртта адам баласының төңірегінен орын алады. Әдебиет, баланы жаңа нәрсені үйренуге, бағыштайтын негізгі құрал болып табылады.

Орыс халқының ұлы шыншысы В.Г.Белинский Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте заманғы ой - санасының жемісі деп көрсетті.
Әдеби жағынан алғанда қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс - салтына,әдет - ғұрпына байланысты туған шығармалар, ертегілер,жумбақтар және т.б. түрлері қазақ халық ауыз әдебиетінің негізгі болып табылады. Ауыз әдебиетін шығарушысы да, тыңдаушысы да, таратушысы да - халық. Сондықтан ол шын мәнінде халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдан басталды. Ресейден қазақ даласына шыққан түрлі экспидициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын Алайда фольклорлық үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда басталды.
В.В . Радлов, Г.Н. Потанин, Ш. Уәлиханов, А.В.Васелиев сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол - сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс - тіршілігін, салт - санасын, тұрмыс - тіршілігін дүние танымын білудің негізгі дерек көзіне айналды.
Фольклор үлгілерін жинау ісі оны шығарумен қатар жүріп жатты. Қазақтың көптеген ғалымдары ауыз әдебиетін зерттеп, оны жарыққа шығарды. Ауыз әдебиетінің методикасы мен тарихы жан - жақты зерттелді. Ұлттық дүниетаным мен тәлім - тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін ұлттық тарихты, зерделі мақсат тұтқан ғалыми зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерінен асып өте алмайды.
Ауыз әдебиеті - талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері сонау заманнан бері рухани қазына ретінде сақтап , ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп біздің дәуірімізге дейін мұра етіп қалдырған. Адамзат өзінің сонау бала кезінде, табиғаттың жумбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезде сол табиғаттың сиқырлы алуан түрлі жұмбағын шешсем оны игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнеленген. Адамның табиғатының дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, экономикалық,өмірдің игерілуіне, адамның ой санасың өсуіне байланысты өзгеріп отырған. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани сапа екені Құламерген, Ер Төстік ертегелерінен айқын байқалады. Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлармен соған тәуелділер, кедей - кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму кең қамтылған.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойың көркем жиынтығы - мақал мәделдер арқылы да беріледі . Халықтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке , ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Халықтың шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарды. Жұмбақтар баланы байқампаздыққа, сенгіштікке, тапқырлыққа баулып,ой - қиялын ұштастыруға септігін тигізеді . Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақша да пайдаланудың маңызы зор. Өйткені бала кішкентай кезінен ауыз әдебиетке қанығып өсетін болса ,ол есейген шағында өз бетінше шешім қабылдай алатынк кезге жетеді. Балалар бақшасының тәрбиеленушілері ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып табылады. Қиял дүниесінен туған ертеңгі, жаңылтпаш, өтірік өлең , ойға түрткі салатын жұмбақтар балабақша да кеңінен қолданылады. Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектің ой - өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу де шешуші орын алады.
Халық ең асыл өнері- бай ауыз әдебиеті, өзінің тарихын, халықтың рухын бейнелеген. Қорыта келгенде,ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанырдың маңына топтауға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты : Халық ауыз әдебиеті арқылы жас бөбектің және мектепке дейінгі балалардың, оқушылардың ой - өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың міндеттері :
Балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілікгі мен мақтатыш сезімін ұялату.
Туған өлкеге деген махаббаттын ояту.
Қиялын қанаттандыру.
Ұлттық рухты бойларына сіңіру.

Курстық жұмыстың объектісі : Окушыларды ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыру. Оқушылардың түниеге деген көзқарасын қалыптастыру, қиялын қанағаттандыру.
Курстық жұмыстың болжамы : Егер ,баланы оқыту процесінде ауыз әдебиетімен таныстыра , онда баланың бойында ұлттық рухпен салт- санаға сүйіспеншілігі екі есе артар еді.
Курстық жұмыстың құрылымы : Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады .

I - БӨЛІМ. Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
1.1.Бала қиялын дамытуда аузыз әдебиетінің алатын орны
Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік обрздарын қайтадан жаңартып,өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психологиялық процесс. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі баланы, адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді.Ойлау мен қиял бір - бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Қиял бейнелері қажеттерін тәуелді бола тұрып,оны белсенді қызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады.
Қиял елестеулердің өзгеріп өңделуінің арқасында жаңарып отырады. Адамдардың қиялы әр түрлі болады. Әр ,адам, өз арманының ұшан теңіз болғанының арқасында, әр адам өзінің өмірін, мансабын және т.б. өз қалауынша қиялдай алады. Және сол қиял арқылы болашаққа түрлі жоспар құра біледі. Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолдарынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчествалық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін адамдар жоғары бағалап : Француздың әйгілі ғалымы , әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро : Қиял ! Бұл сапасыз ауыр да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да тіпті адам болуы да мүмкін емес деп тегін айтпаса керек . Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады.
Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен,еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Оны қиялдану немесе мұңданумен айырбастауға болмайды. Бұл ұғым өз мағынасында қалуы тиіс. Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге быраз көңіл бөлінсе де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мұндай маңызды мәселе арнайы зерттеуді талап етеді. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов: ақтық демі таусылғанша ой ойлап ,қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы әлсіздің өзі әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап тұруды да ұмытпайық.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілетін дамыту олардың практикалық дағдыларды меңгеруі сәбилік шақтан басталады. Психолгтар мен педагогиктардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық әрекеттерінің адамгершілік деңгейі жоғарлағанын көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық сабақтардан тыста, ойынға берілген уақытта шұғылданады. Балалардың шығармашылығын ұйымдастырудың өзіндік мәні бар. Іс- шығармашылық түріне үңілсек, сурет салу, жапсыру,мүсіндеу балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін сабақтардың бірі.
Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып ,ауызша тараған көркем - әдеби туындылардың бірі. Қазақ халқының қалдырған мұрасының бірі ауыз әдебиеті. Жазу - сызу өнері болмаған ерте кезде - ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс - тіршілігі, қоғамдық рөлі, шаруашылығы кәсібі, қуаныш мен күйеніші. Дүние танудағы көзқарасы жайындағы өлең, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарып оларды ауызекі түрінде тудырған. Қазақ халқының мұндай өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте халық шығармашылығы , халық поэзиясы дейтін атауларда осыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңыз ертегілері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы
Баланың тілін дамытуда көркем әдеби шығарманың алатын орны
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
Балалар қиялын дамытуда ертегі әңгімелердің тигізетін ықпалы
Балаларға арналған көркем мәтіндердегі бейнелі сөздерді үйрету жолдары
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Пәндер