Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері


«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
"БИЗНЕС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" ФАКУЛЬТЕТІ
"ҚАРЖЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ БАҒАЛАУ" КАФЕДРАСЫ
5В050800 - "Есеп және Аудит"
ЕСЕП
өндірістік-дипломалды тәжірибе бойынша
білім алушы (бакалавриат, магистратура, докторантура)
Күндізгі/сырттай/қашықтықтан оқытудың 4 курсы академиялық топ
Есеп және аудит 18/1 тобы
Курымова К. П.
Университеттің практика жетекшісі: Бектурсунова К. Д.
Нұр-Сұлтан, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есеп пен салық саясатының принциптері
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі аудиттің мәні және оның қажеттілігі
7
12
5. "DATALINE 24" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі мен қаржылық талдауын ұйымдастырудың практикалық аспектілері
6. "DATALINE 24" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі
7. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау
8. "DATALINE 24" ЖШС-гі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
20
23
26
29
Кіріспе
Мен Курымова Карина, УА18-1 тобының студенті, өндірістік-дипломалды тәжірибемді Нұр-Сұлтан қаласының "DATALINE 24" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім.Практикадан өту барысында кәсіпорынның қызметі зерттелді, кәсіпорынның есеп саясаты, шаруашылық шарттар, бухгалтерлік есептілік және т. б. сияқты негізгі көздерді зерттеу негізінде кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштеріне талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудагы рөлі, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен салық саясатының принциптері, мемлекеттік мекемелердегі аудиттің мәні және оның қажеттілігі, "DATALINE 24" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико-экономикалық сипаттамасы, бухгалтерлік есебі мен қаржылық талдауын ұйымдастырудың практикалық аспектілері, қаржылық жағдайын талдау және де бухгалтерлік есеп пен салық саясатын жетілдіру мәселелері қарастырылып зерттелді.
Кәсіпорынның есеп саясатының негіздерін зерделеу кезінде бухгалтерлік есеп нысандары, бухгалтерлік есепті автоматтандыру дәрежесі ескерілді. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыруды зерттей отырып, қызметкерлердің штаттық кестесімен, лауазымдық нұсқаулықтарымен, кәсіби-біліктілік деңгейімен танысу жүргізілді. Кәсіпорында қолданылатын еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері, сыйлықақы беру тәртібі зерделенді.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын талдау кезінде өндіріс көлемінің, ассортименттің, өнім сапасының көрсеткіштері ескеріледі. Еңбек ресурстарымен, еңбек заттарымен қамтамасыз ету және оларды пайдалану тиімділігі, кәсіпорынның техникалық жабдықталуы және негізгі құралдарды ұтымды пайдалану сияқты факторларға ерекше назар аударылады.
Өндіріс шығындарына, өнімнің өзіндік құнына, баға саясатына талдау жүргізілді. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қорытындылар жасалды. Тиісті бюджеттерге: республикалық облыстық және жергілікті бюджеттерге салықтар мен алымдарды есептеу және төлеу тәртібі зерделенді.
Өндірістік практикадан өту барысында келесі дағдылар алынды: құрылтай құжаттарымен өз бетінше жұмыс; ұйымның жарғысымен, құрылтай шартымен; шаруашылық шарттар, өнімді жеткізу шарттары, нормативтік-анықтамалық материалдар және т. б. сияқты негізгі ақпарат көздерін зерттеу.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сəйкес əзірленеді жəне республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу тəртібімен белгіленеді.
ЖШС бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды есептің нақты модельдерін анықтайтын есеп саясатына сəйкес жүзеге асырады.
Есеп саясаты - барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын, əр жылға белгіленген мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті жасау жəне ұсыну кезінде қолданатын қағидаттар, негіздер, ережелер, қағидалар мен тəжірибе.
- Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудагы рөлі
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады.
Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
Сурет-1. 1
Кәсіп бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:
- келіп түскен негізгі құралдар объектісін бағалау-бухгалтерлік есептің №6-шы «Негізгі құралдардың есебінің» стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген және кәсіпорынның сатып алуға нақты шығындар негізінде, негізгі құралдар объектісінің бастапқы нүктесі анықталады; құрылтайшылардың берген объектілері-олардың өзара келісім бойынша; тегін берілген объектілер-эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал кәсіпорынның өзі дайындаған объектілерінің-нақты өзіндік құны бойынша; айырбас нәтижесінде алынған объектілері- ағымдағы бағалары бойынша анықталады;
- негізгі құралдың амортизатциясы-бухгалтерлік есептің №6-шы «Негізгі құралдардың есебінің» стандарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады:құнын есептен шығарудың бірқалыпты әдісі; құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі;
- құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелінетін әдісі; қалдық құнын азайтатын әдісі. Екі және одан да көп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі құралдың қандай түрі бойынша пайдаланатындығын көрсету керек. Негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады; негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды; пайдалы қызмет ету мерзімі-кезеңі, негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңі; жою құны-есептен шығарылуымен байланысты шығындары, негізгі құралды жою барысында алынған запас бөлшектердің, қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың құнын алып тастағаннан шығады;
- негізгі құралдарды жөндеу-жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңдегі мен жөндеу жұмысының мерзімі; негізгі құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы; жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;
- материалдық емес активтердің амортизациясы-әрбір материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір кәсіпорын өз бетінше анықтай алады;
- болашақ кезеңнің шығыстары-кезеңдері нақты анықталмаған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды;
- алдағы шығыстар мен төлем резервтері-кәсіпорын қандай резервтерді және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртібін анықтап өзі шешеді,
- күмәнді қарыздар бойынша резервтері- кәсінорын түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәнді болып табылмайтындығын, резервтерді құрудың әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі таңдай алады;
- қаржылық инвестиция-кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі қарастырады; қайта бағаланатын құнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша;
- ұзақ мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудің мәселесін шешеді:демек ол табыс ретінде де, немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі бухгалтерлік есеп пен салық саясатының принциптері
Бухгалтерлік есеп - заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру.
Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қаржы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшілері, қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуының қамтамасыз етілуіне, есеп айырысуда қолма-қол ақшаның шекті пайдаланылу мөлшелерінің сақталуына, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ ақылы қызмет көрсетулерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сома түрінде түскен ақшаның мақсатты пайдаланылуына ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріспен тексеру жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін жағдайлар жасайды, есепке қатысы бар мемлекеттік мекемелердің барлық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынның есептік және салық саясатын жүргізу ХҚЕС-на сәйкес қатаң уақыт тәртібіне, нақты ережеге бағынады. Есептік және салық саясатын жүргізуге арналған тұтас ереже жиынтығы бар.
Кәсіпорындағы қызметте қаржы нәтежесі мен салық салу базасын анықтауда, бұл ережелерден ауытқу қаржылық және салықтық есептілікте қауіпті қателікке ұрындырады.
Сондықтанда нарықтық экономика жағдайында орталықтандырып, реттеудің негізіне қаржылық есептілікті жүргізу ережесі мен мақсаты жатады, осының негізінде жасалған есептік және салық саясаты кәсіпорынның қаржы есептілігін тәжірибеде жүргізуге тікелей байланысты.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында кэсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жетıлдıру бағыттарының бıрı оның есеп жэне есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.
Бухгалтерлік есеп негіздері мен принциптері
Сурет-2. 1
Нарық қатынастарында эркiмнщ жеке эрекетi эр түрлі қайшылықтар мен кедергілер арқылы орын алып отырады. Кэсіпорындағы есептілікті құру эдıстемесıн таңдау салықтық есеп саясатының құрылуына байланысты сұрақты зерттеушıлердı көптен берı мазалап жүрген сұрақтарының бıрı екенı аян. Жэне есептік жэне салық саясатын жүргізуге арналған тұтас ереже жиынтығы бар. Кэсіпорындағы қызметте қаржы нэтежесı мен салық салу базасын анықтауда, бұл ережелерден ауытқу қаржылық жэне салықтық есептілікте қауіпті қателікке ұрындырады. Есептік жэне салықтық саясаты есеп жүйесінің негізгі қызметі болып табылады, ал нақты айтатын болсақ қаржылық есеп жүйесіндегі негізгі құнды ақпараттық жүйесінің базасын құрайды, сонымен қатар салық төлемдерін төлеу кезінде де қолданылады.
Есептıк жэне салық саясатының нарықтық экономикадығы негıзгı мıндеттерı мыналар жатады:
- мемлекеттı өз функциялары мен мıндеттерıн орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;
- нарықтық қатынас процесıнде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу) ;
- кәсıпорындарда есептıк саясаттарының халықаралық қаржылық есептıлıк стандарттарына сэйкес жұмыс жасалуын қадағалау;
- кәсіпорындардың жағдайларының жақсаруы мен нарықтық экономикаға сэйкес дамуылары;
- мемлекеттıк қаржылардың ұлғаюы;
- кәсіпорындардағы ақша, тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу;
- кәсıпорында салықтық жэне есептıк тұрақтылықтың қамтамасыз етıлуі.
Халықаралық қаржылық есептıлıк стандарты (IAS) №8 "Есеп саясаты, есептıк бухгалтерлıк бағалаулардағы өзгерістер жэне қателіктер" сэйкес есеп саясаты - бұл ұйым қаржы есептıлıгıн дайындау жэне ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негıздер, келıсıмдер, ережелер, жолдар жэне мүмкіндіктер жиынтығы.
Стандарт ұйымның қаржы есептілігінің маңыздылығын, сенімділігін, сондай-ақ қаржы есептıлıгıн уақыт бойынша жэне басқа ұйымдардың қаржы есептıлıгıмен салыстыруға арналған.
Салық механизмі
Сурет-2. 2
Қаржылық есеп берудің ескертулер бөліміндегі есептік саясатта қаржылық есеп беруді дайындау үшін пайдаланған бағалау негıзı жэне қаржылық есеп беруді дұрыс түсіну үшін маңызды қажеті бар есептік саясаттың әрбıр нақты мэселесı туралы ақпараттар ашылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жэне оны жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативті-құқықтық құжаттарда белгıленген. Осыған орай кэсіпорындардың есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны дұрыс болады:
- кәсіпорынның өз мүлкімен өзімен- өзі болушылығы (кэсіпорынның өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктердіғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен мıндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады) ;
- талассыз қызметі(есеп саясатының мэселесі бойынша қандай да бıр қабылданатын шешıм кэсіпорынның өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылығы алынуы керек) ;
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі( шаруашылық операциясын көрсету эдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай- ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де) ;
- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (эр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек) .
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сэйкес есептı саясат ұйымдардың қаржылық есеп беруді дайындау жэне ұсыну үшін пайдаланылатын нақты принциптер, ережелер, жолдар, мүмкіндіктер жиынтығы деп анықталады.
Есептік саясатты құрастыру үшін негіз ретінде бухгалтерлік есептің стандарттары алынады, олар шаруашылық операциялардың активтердің меншікті капиталдың, міндеттемелердің, кызмет нэтижелерінің альтернативті тэсілдеріне мүмкіндік береді. Есептік саясатты құрастыру эрбıр стандартта ұсынылған тэсілдерді тандау, оларды кэсіпорын қызметінің жағдайына қарай негıздеу жэне бухгалтерлıк есептı жүргізу қаржылық есеп беруді ұсыну үшін негіз ретıнде қабылдау болып табылады.
Есептıк саясатты тıркеу кезıнде келесı талаптарға негıзделедı:
- есептıк саясат барлық құрылымдық бөлімшелермен қолданылады жеке балансқа бөлініп шыққандарды қоса. Оның негізінде өз қызметін жақын болашакқа жалғастыру жорамалы жатыр;
- шаруашылық қызметінің жағдайлары қай кезде болса, сол есептıк мерзıмде есепке алынады.
Есептік саясат кәсіпорында бірнеше жыл бойы қолданылады. Кәсіпорынның қабылданған есептік саясатының тағайындалуы бірінші кезекте оның жұмысы туралы толық, объективті, нақты ақпарат алуға арналған. Мұндағы ақпарат оған қызығушылық танытатын субъекті мен шаруашылық байланысы бар және байланыс орнатуды қалайтын барлық пайдаланушыларға қажет. Осыған байланысты есептік саясатты таңдау кезінде басшылыққа алатын талаптарға келесілер жатады: толықтық, сақтық, мазмұнның формадан артықшылығы, қарама-қайшы еместігі рационалдық және т. б. осы талаптарға сәйкес қабылданған есептік саясат кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесінің бүтіндігін қамтамасыз етеді.
Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі ұйымның бірінші жетекшісіне жүктеледі. Бірінші жетекшінің бұйрығы есеп саясатын және оған енгізілген өзгерістерді бекітетін құжат болып қызмет етеді.
Есеп саясатының жалпы ережесі.
- Қаржылық есеп берушілік және салық есебін ұйымдастыру саласында кәсіпорын нені басшылыққа алады.
- Есеп саясатын айқындайтын негізгі принциптер: есептеу, үздіксіз қызмет, олардың сапалық сипаттамалары: түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырушылық.
- Қаржылық есептің ақпараттарын пайдаланушылардың әртүрлі топтары үшін есеп берушілік мерзімдері.
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі аудиттің мәні және оның қажеттілігі
Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "аиdіо" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Аудиттің типтері
Сурет-3. 1
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" едп атаған.
Бір қызығы сол, алые, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Екіншіден "тыңдаушы" мен саған "сенемін" деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған.
Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудитқызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді" - деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда - бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда - шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады.
Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесіне тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді.
Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуніе кепілдік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz