Қазақ тіл білімінде уәждеменің зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І. Уәждеме туралы жалпы түсінік
1.1 Қазақ тіл білімінде уәждеменің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.2 Уәждеме түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

II Қазақ тіліндегі төрт түлікке қатысты атаулардың уәждеме негізі
2.1 Жылқыға қатысты атаулар уәждемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.2 Сиырға қатысты атаулар уәждемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.3 Түйеге қатысты атаулар уәждемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.4 Қой мен ешкіге қатысты атаулар уәждемесі ... ... ... ... ... ... .. ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

І.Тілдегі уәждеме ұғымы күрделі лингвистикалық категорияларды, атап айтқанда, сөздің мағынасы, сөздің тұлғасы, сөздің мәні, сөздің мазмұны, таңба номинациясы, лексикалық бірліктрдің идиомалығы т.б. сияқты күрделі мәселелерді анықтауға арналады. Уәжділік мәселесі әлеуметтану, психология, семиотика, философия, лингвистика сияқты көптеген іргелі ғылым салаларында зерттеу тақырыптарына айналуда.Уәждеменің негізгі зерттеу нысаны- атау. Атаудың таңбалық белгісі, әдетте, сөз ретінде танылатындықтан, зерттеушілер уәждемені лексикологиямен байланыстырады. Ұлттық дүниетаным негізінде қалыптасып, таңбаланған кез келген ұғым өзі белгілеп тұрған болмыстағы заттар мен құбылыстардың сипатына, ерекшелігіне, белгісіне, қасиетіне негізделеді. Өзі белгілейтін ұғымның негізгі немесе қосымша белгісіне негізделмейтін ұлт тілінде бірде-бір атау болмайды. Сондықтан атаудың уәжін зерделеу- тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі.
Шығу тегі бойынша "мотивация"-"уәжділік" грек философиясынан бастау алады.Көне замандағы грек ғалымдары Платон, Сократ, Аристотель т.б. сөз қолданысындағы ерекшелікті, оның әуелгы заттарға негізделу үлгісін зерттеген.Кейін үлкен ілім ретінде номиналистік ілім қалыптасқан.Тіл білімінде қарастырылатын уәжділік- атау сөз бен сөзді белгілеп тұратын шындық өмірдегі, табиғаттағы заттар мен кұбылыстар арасындағы байланыс. Сөздің мағыналық қыры кең. Ең алдымен, батыс ғалымдары көрсетіп жүргендей, сөздің жасалуының үш жақты қыры бар.Оның бірі-таңбалаушы, екіншісі- таңбаланушы, үшінші зат пен атаудың ұғымға қатыстылығы таңбалаушы сөз. Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс. Ұлттық дүниетаным негізінде қалыптасып, таңбаланған кез келген ұғым өзі белгілеп тұрған болмыстағы заттар мен құбылыстардың сипатына, ерекшелігіне,белгісіне, қасиетіне негізделеді. Өзі белгілейтін ұғымның негізгі немесе қосымша белгісіне негізделмейтін ұлт тілінде бірде-бір атау болмайды. Сондықтан атаудың уәжін зерделеу - тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі.
Cөздегi уәждемені алғаш сөз еткен-В.Гумбольдт болды. Faлымның еңбектерінде тіл бiр мезгiлде әрі бейне, әрі таңба десе,сөз-жеке ұғымның таңбасы деген түйін жасайды.Тiлдiң негiзгi қызметi-қоршаған дүниедегі заттар мен кұбылыстарды сөздермен таңбалаудан, белгiлеуден басталады .Сөз шын мәніндегі сөз болу үшiн екiжақты бiрлiкте болу қажет: ол - дыбыс пен ұғым .Сөздiн сыртқы жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып калыптасуына не себеп, негiз, уәж болатын белгiлерi,ерекшеліктері жинақталып,ескерiледi.Сөйтiп,ғалым: "Слово как элемент языка мотивировано тем характерным признаком предмета ,его наименования и был закреплен языковой практикой " деген тұжырымдама жасайды [1]. Осы пікірден сөздің мағынасы мен жамылғышы арасындағы байланыс заңдылықтарын толық ашудың мүмкiндiгi бола бермейтіндігі байқалады.
Сөздiң уәжділігі мен уәжсiздiгi туралы ұғымды ғылыми айналымға енгiзген - Ф.де Соссюр . Ғалым,сөздi "таңба деп - бейне таңбалаушы, ал, оның екі жағы болады,бiрi-дыбыстық,бірі-бейне таңбаланушы"[2]-дейді.Яғни сөздің мазмұндық мәнін- оның дыбысталуынан бөлiп қарауға болмайтынын атайды.Жалпы,атаулардың қалыптасуында қоршаған ортаның
(табиғат,қоғам,адамзат) түрлi қасиеттері, ерекшеліктерi негiз, атау жасайтын құрал бола алады .Мысалы:аяққап пен қолғап,уыққап немесе кесеқап, көрпеқап ; аяқбау, шашбау, уықбау, желбау; атамекен, атажұрт,атақоныс, ойтүрткі , пікірсайыс (дебат), текетірес (саяси), атсайыс, атбегі, төраға, төрайым, жанбағыс, күнкөріс(нарық) т.б. күрделі жасалымдар жалпы туынды лексемалар соның көрінісі болып табылады.
"Уәж","уәжділік" туралы алғашқы ойларды айтқан ғалым А.А.Потебня сөздің ішкі формасы идеясын одан әрі жалғады."Адам баласы белгілі бір заттың әр алуан белгілерін сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Зат белгілері мен қасиеттері сан түрлі, әрі оны терең таныған сайын қасиеттері жан-жақты ашыла түседі де, санада бейнесі, елесі әр түрлі мөлшерде бейнеленеді, белгіленеді. Осы ерекше анықталған белгісі не қасиеті оның ішкі формасы ретінде бағаланады,және оның екі жағын көрсеткен. мағыналық пен дыбыстық тұтасу ұғымның мазмұнын белгілейді. Ал,ұғымның таңбаланатын мазмұнында зат не құбылыстың ерекше белгілері қамтылады да, атаудың негізгі мәні мен мағынасына айналады."[3] Яғни,атаудың бұл мағынасы лебізде,тілдік тәжірибеде бірте-бірте бекітіліп, халықтық санада сіңеді.Соның нәтижесінде халықтық қолданысқа ие болып, ерекше мағынада жұмсалып, жеке атау ретінде өмір сүру дәрежесіне жетеді, басқа да сөздерді жасауға қатысу арқылы тілді одан әрі дамытуға, байытуға араласатынын айтады.
Орыс тіл білімін зерттеушілердің пікірінше,мотивировка терминін қазіргі ғылыми айналымға енгізген Ю.С.Маслов.Ол уәжділік деген-айтушының ойы таныған заттың бейнесін белгілі таңбамен таңбалау,әрі нақ осы таңбаның себептілігін көрсету болып табылатынын айтады[4] Мысалы: сауда келісімідеген терминді алсақ,сауда-жалпы сауда процесін айқындайтын сөз болса,келісім-екі адам немесе субъектінің бір-бірімен келісуі,ал екеуін бірге айтар болсақ мағына біршама тарылады.Мұндағы ұғым-тек саудадағы келісімге қатысты болып қалатынын айтады.
Мурзин Л.Н. тұжырымы бойынша, уәжділік тудыра алатын, басқа сөздермен жасалған атаулардың белгісіне,касиетіне, іс-әрекетіне және басқа құбылыстарға қатысына байланысты анықталады[5]
О. И. Блинова мен оның шәкірті Н.Д. Голев зерттеулерінде терең қарастырылып, тіл біліміндегі жеке сала ретінде танылды.Ол лексикалық бірліктер табиғатындағы уәждемелік қатынастың мәнін анықтап, лексиканың жүйелілігінің маңызды бір көрінісі, белгісі ретніде қарастырды[6]
Е.С. Кубрякова: "Мотивология это учение о мотивах номинации, которое имеет свой научный аппарат, свой объект исследования, особые методы анализа, свои цели и задачи, отграничивающие от наиболее близкого к нему учения этимологии. Мотивология молодой зарождающаийся раздел языкознания, изучающий явления мотивации [7] - деп жазды.
Ал,Н.В. Крушевский мен Ф. де Соссюр еңбектерінде бір жағынан,лексиканың жүйелілігін анықтайтын негізгі белгі ретінде, екінші жағынан оның себебі, қалыптасуының негізгі механизмі ретінде қарастырылады[8]
Уәждеме саласында арнайы зерттеу жүргізген И.С.Торощеп": "Уәжділік идеялық және материалдық жағынан екі жақты көрініс табады. Идеялық көрінісі:бірліктердің мағынасында жалпы және ұқсас белгілер мен сөзжасамды байланысы арқылы анықталады. Материалдық көрінісі: дыбыстық сыртқы қабығына сәйкес келеді немесе жалпылық қасиетке ие болады" деген пікір айтады[9]
М.М. Гинатулин зерттеуі бойынша, құс атауларының 32 пайызы- дауыстарына(254 атаудың 82-ісі); 9,8 пайызы мекен еткен жеріне (254Атаудың 25-і) байланысты қойылған екен.[10] Автор құс атауларына қатысты мотивемаларды: дауысына, мекеніне, түсіне, қасиетіне
байланысты мотивемалар деп бөліп талдайды.
Бұл пікірлердің түйетін нәрсе: дыбысталу мен мағынаның арасындағы байланысты анықтау мүмкін болса,онда олардың себепсіз еместігі. Кез келген атауды қалай болса солай жасай беруге болмайтыны, оның жасалу жолында мағына мен дыбысталудың байланыстылығы, себептілігі, сол арқылы атау арқылы көрінетін мазмұнның уәжділігі терең теориялық толықтыруларды, дәлелді қажет ететін күрделі ғылыми-теориялық мәселелер. Атаудың уәжділігі тек сөздің дыбысталуы мен мағынасының арасындағы байланысы емес, сонымен бірге мағына мен ұғым, мағына мен зат, ұғым мен зат арасындағы тектес байланысты анықтайды.Мәселен:Дыбыстық жамылғыш(Ақтерек:Ақ - терек)Сөздің ішкы формасы (Терек түсінің ақтығы) Уәждемелік мағына(Ақ және терек сөздерінің бірге)Уәждемелік тұлға келіп мағына туғызуы,ал лексикалық мағынасы(Ағаш)

Қазақ тіл білімінде уәжділік мәселесі туралы ғылыми зерттеу жұмысында
көптеген ғылыми тұжырымдар мен пікірлер айтылған"Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде"атты монографиялық жинақта "мотивированные слова" терминінің баламасы ретінде "негізді сөздер" деген термин аалынған.Белгілі ғалым К.Аханов бұл ұғымды "дәлел" (мотив), ішкі дәлелдеу (внутренняя мотивировка), дәлелдеусіз (немотивированность) деп көрсеткен[9]. Автордың көрсетуінше, "зат немесе құбылыс тілде сөзбен айтылғанда өз бойында бар я өзіне қатысты айрықша белгісі бойынша аталады. Ол белгі күңгірттеніп кетеді
де, әлгі сөздің этимологиясы мен шығу тегі арнайы зерттеу нәтижесінде ғана айқындалады"
Ал,А.Б.Салқынбай "Уәж" сөзі қазақ лебізінде "дәлел" мағынасында жұмсалады.Сөйлеу тілінде "айтар уәжің бар ма?", "бұған айтар уәжім бар", айтатын уәжі болмаған соң, мүдіріп қалды" т.б. сияқты тұлғада қолданылады. Қазіргі қазақ тіл білімінде "уәж" термин ретінде "Мотив" сөзінің баламасы ретінде алынған.[11]
Н. Уәлиев өзінің "Фразеология және әдеби норма" деп аталатын еңбегінде мотив терминін уәж деп атайды, да фразеологиялық бірліктердің уәждік сипатын ашады.[12] Кейінгі зерттеушілердің дені осы терминді қолдайды.
Профессор Э. Д. Сүлейменованың жетекшілігімен шыққан "Тіл білімі" атты сөздікте. "Мотивация, уәждену (фр. моtif -сылтау, дәйектеме, motivation- уәждеме, дәлелдеме) тіл арқылы уәжділік тек тіл білімімен тығыз байланысы бар, тіл таңбалық жүйе болғандықтан, сөздің жасалу негізділігін айқындайды; екіншіден, туынды сөз құрылымдық және әлеуметтік негізділігімен ерекшеленетіндіктен, уәжділік бағытта қарастырылады.[13]
Г.И. Ұйықбаева" "Өсімдіктердің халықтық атаулары" деп
аталатын зерттеуінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өсімдік
атауларының уәжін, оларға ат берудегі уәж болған, негізінен
олардың түрі, түсі, көлемі, пішіні, органдарының саны, иісі, дәмі,
өсетін орны, айналасындарға әсері т.б. қасиеттері екенін сөз
етеді.[14]] Қазақ тіліндегі өсімдік атауларын орыс, латын тілдеріндегі
атаулармен салыстыра келіп, олардың уәждері жағынан бір-
біріне сәйкес келетіндігін айтады.
Уәжділікті дыбысбейнелеуіштік және дыбыселіктеуіштік тұрғыда қарастырған ғалым К.Ш.Хұсайын атау белгілерінің мәнін ашып түсіндіруді жалпылама сөзден гөрі, шындық болмысқа атау берудегі белгілі бір адамдар ұжымының көзқарасы бойынша,нақты жағдайлардан, атау берудің мақсатынан туындату дұрыс болатынын жазады.Оның
"Проблемы фоносемантической деривации" деп аталатын еңбегінде: уәжділігі мен тектілігі сөзінің таңбалануы мен ұғымдық мазмұны халыққа әбден таныс
"ұш" сөзіне уәжделді,"ұшақ - самолет" түсінігі осы мазмұнды нақты әрі дұрыс таңбалағандықтан, сөз тез тарап, жылдам сінді.
Әрі жалпыға түсінікті таңбаға айналды.[15] Басты себеп- сөздің тарихи
мағыналық тектілікті сақтап, мәндік жағынан дұрыс уәжделуі

Атаудың уәжділігі мен тарихи тектілікті сақтап, жаңа мағына туғызуы логикалық жағынан ойдың дұрыс қабылдануына пайдасын тигізеді, қым-қуыт қателесуге соқтырмайды. Бұл тұрғыда Әл-Фараби логиканың адаға тигізер пайдасын айқын көрсетеді.Ол атаудың табиғатын ойлаумен тікелей байланыста,бірлікте зерттейді. Атау тек белгілі дыбыстардың жиынтығынан құралмайды, сонымен бірге адам жаны мен сезімі арқылы пайда болған ойдың тікелей көрінісін таңбалайды.
М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат түрк" сөздігінде есімдер уәжділігінің ғылыми негізі анықталады.
Көне түркі кісі есімдерін үш топқа бөліп қарастыруға болады.
Жоғары тап өкілдері, билеуші қағандардың есімдері.Олардың құрамы күрделі болып келеді: Боғра Қарахан, Шакир Тұңға хан, Алп Ер Тұңға
Қарапайым адамдардың есімдері: Қаһан, Құтан, Атус,Товрул, Турумтай
Құл мен күндердің есімдері: Айас, Алп тегин, Қай, Қашаш, Күміс, Күміс тегин т.б.Айталық, узуқ-удуқ сөздерінің мағынасы Көне
Түркі сөздігінде (Удук-узік сильное чувство, страсть деп берілген. Ал д және т дыбыстарының алмасуы да тарихи заңдылық. Өйткені ғалымдардың зерттеулерінше, қатаң дауысты дыбыстардың ұяң дауыссыз дыбыстарға алмасуы арқылы тілдің дамуы болған, әрі олардың сәйкесуінен кейде атау сөздер де жаңа мағынаға ие болған. Қызылорда" - қызылдардың
Ордасы, "Жетісу" - жеті өзеннің болуы, "Жезді" - жезі мол
Шым қала, Ботагөз ботаның көзіне ұқсату, Амангелді - аман келсін деген тілектен туады, ақгүл-түсі ақ гүл т.б.[16] Мұндай сипаттаманың негізі бар, әрі мұндай талдау атаудың тілдік санада қабылдануын жүйелеп, мазмұн мен мәннің ішкі болмысынан ақпарат береді.
Б. Қасым "Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым" атты зерттеу жұмысында аталымның негізгі сүйенер тірегі - уәждеме дей келіп, аталым теориясына қатысы бар уәжтанымның өз нысаны, әдісі, мақсаты, мен міндеті айқын.Сондықтан, аталым мен уәжділік теориясы бір-бірімен тығыз екенін жазады.[17] Түбір сөздер мен туынды сөздердің уәжділігін
(толық, жартылау, абсолютті) және олардың арасындағы уәждік
Танымдық қатынасты қарастыратын сала. Ғылыми зерттеулерде
Уәждемені салыстырмалы, салғастырмалы, қарапайым-халықтық,
Ғылыми уәждеме деп бөлу бар.Уәждеме-Уәждемелік тұлға-Уәждемелік мағына-Лексикалық мағынасы;Мысалы: "ек" және "сыр" сөздерін алсақ:
Сөздің ішкі формасы - егілетін нысанды жерге тығу, егу
Ек - түбір етістігіне, -ыс қимыл есім(кейіннен ортақ етіс мағынасына алмасқан) жұрнағынан Егіндік даладеген атау қалыптасады.
Уәждемелік тұлға - Сыр-ық
Сөздің ішкі формасы:Ағаштың ұзындығы, жіңішкелігі;
Уәждемелік мағына:итарқаға, киіз үйдің шаңырағына шаншып, сырық ағашты тірек етеді.Лексикалық мағынасы:Тірек ағаш.
Асылбекова Н.Ө. "Кісі есімдерінің уәжділігі және ұзақ уақыт бала көрмей жүрген отбасында қойылатын кісі есімдерінің ішкі уәжділігі" "бала аңсау" жағдайына байланысты уәжделетіні айқын аңғарылып тұрады. Ұл туса- ат байлар,қыз туса-көйлек тігер деп астарлы мағынамен жеткізуінің де
өзіндік тағылымы бар."Балалы үй-базар, баласыз үй-қу мазар" дейтін халық
даналығы балалы үйді бай санаған, бар санаған. Ал баласыз үйдегілер әулие-әмбиеге жалбарынып, әр түрлі ырымдар жасап,Жаратқаннан бала тілеген. Шын тілеген тілекті Алла қабыл етіп,отбасы балалы болғанда, шаңырағы шаттыққа толған үй иесі оның атын Аллаберген, Тілеп, Тілепберген, Жасағанберген,Тілеуқабыл, Есіркеп, Елтілеу, Қуаныш, Қуандық, Сағындық,
Сүйініш, Жұбан, Жұбаныш сияқты есімдермен атаған. Мұндағы кісі есімдерінің барлығы құрамындағы себепші негіздердің мағынасы арқылы уәжделіп тұрғанына көз жеткізу қиын емес.Бұл жерде алла, құдай, тәңірі, жасағансөздері негізгі тірек компонент болады. Қазақ халқының ұғымында бұл атаулардың сыртқы жамылғышы әртүрлі болғанымен, мағынасы мен мәні бір. Яғни баланы жаратушы бір алла берді деген сеніммен осылайша балаға ат береді. Алла - араб тілінен, құдай,тәңірі, жаратушы (жарату-жаратқан) сөздері түркі тілінің төл тілдік бірліктері. Кей зерттеулерде "құдай" атауы парсы тілінен енген делінеді, алайда "құдай- "құт", ("құтты", "құтаю")-ұд
(уд - удуқ - қасиетті, киелі) болып түркілік негізден дамуы да мүмкін.[18]
Бұл туралы Б. Қасым былай деп жазады: "Күрделі сөздердің
түп төркіні сыңарлардың уәждеуінен туындаған, сондықтан күрделі сөз бен негізгі сөздің арасында мағыналық байланыс болады да, олардың басын біріктіретін - сыңарлардың мағыналық ортақтығы". Көптен баласы болмай жүрген ата-аналар қазақ дәстүрі бойынша өздерінің ет жақын туыстарының баласын асырап алған. Бала асырап алу дәстүрі қазіргі кезде де бар.
Мұндай жағдайда асырап алған балаға Ерден, Ерсін, Ерген,Жалғас, Жалғасбай, Жалғасбек т.б. есімдер беру арқылы өздерінің көкірегінде жатқан тілектерін ат қою арқылы ұқтырған.Осыдан кейін бала көру, қуанышқа кенелу сәттері де жиі болған.Ондайда Қуаныш, Сүйініш, Сағыныш, Өтеген, Өтелді, Төлеген,
Орынбасар, т.б. сияқты есімдер қою орынды саналған.Аталып отырған есімдердің семантикалық мәніне назар аударар болсақ, әрқайсысының өзіндік ұғымдық мәні мен мағынасы бар.Мысалы:Орынбасар -- өсіп, орнымызды басатын адам болсын;Сағыныш - сағынып жүріп көрген баламыз;Қуаныш - дүниеге келген сәбидің отбасына үлкен қуаныш,бақыт әкелген;Жалғас - тағы жалғасы болсын деген уәжбен;Төлеген - жоғалтқанымыздың төлеуі;Өтеген- жоқ нәрсенің немесе жоғалтқанымның өтеуі болсын дегендей ұғымдарды таңбалайтын, халықтық түсінікке уәжделген атаулар екені анық.Осы туынды сөздердегі Жалғас туынды сөзінің құрамында -с тұлғасының келуінің де ішкі мағыналық және уәждік негізі бар. Ол не себепті жалғау, Жалғам, Жалған болмаған деген заңды сұрақ туындауы да мүмкін. Мұндағы - "е" көне қимыл
есім формасы. Кейін ортақ етіс семасы ретінде қалыптасқан[19]
Т.Жанұзақов "Қазақ ономастикасының очеркі" деген еңбегінде ай лексемасының күн, жұлдыз терминдерімен қатар күрделі есімдер құрайтындығына кеңінен тоқталған.Сындық мағынаны білдіретін айдай деген қолданыста бұл сөз беті айдай деседі, бойы талдай деген тәрізді поэтикалық тіркес құрап, сұлулықты, көріктілікті танытса, жоғарыдағыша аймаңдай
тұлғасында жағымсыз эмоцияны ауыстырып кеткен. Таза космонимдік мәнде ай термині астрономиялық мағынада келетіндігіне мынадай мысалдар келтірген: Ай-луна, айлы ай-лунный месяц; ай жартысы пятнадцатое
число месяца; ай мүйізді-лунные рога; ай түрлері-фазы луны,ай толысы-
полнолуние; ай тоғысы-покрытие,ай жаңасы-новолуние; ай қараңғысы- безлунная ночь; туар ай-новый месяц; ай орағы- серп луны; айдың тұтылуы-полномение луны.[20] Көркем әдебиеттен бір мысал келтірер болсақ:
Қартқожа селк етіп, оң жагына жатып қараса, таудың ығынан қып-қызыл қан болып ай туып келеді екен (Ж.Аймауытов).

2.1 Уәжділік типтері атау жасалу барысында болатын танымдық процесстердің тілдік көріністерінің таңбалык белгісінің жалпылық катынасын, сипатын анықтау үшін қажет болады. Уәжділік типтерге бөлу аркылы ұғымдардың аталу сипатының жалпы тілдік жүйесін саралауға мүмкіндік болады. процесстердің тілдік көріністерінің таңбалык белгісінің жалпылық катынасын, сипатын анықтау үшін қажет болады. Уәжділік типтерге бөлу аркылы ұғымдардың аталу сипатының жалпы тілдік жүйесін саралауға мүмкіндік болады. Сөздің жасалу негізіне байланысты уәжділік мынадай типтерге бөлінеді:
1.Лексикалық уәжділік және құрылымдық уәжділік.Лексикалық уәждеме сөздің негізгі лексикалық мағынасы арқылы анықталса (ақшыл, ақтық, ақтау т.б.), құрылымдық уәждеме таңба құрылымының өзгеруіне байланысты анықталады (аңшы-күйші, балалық -оқулық, қалалық, таңбалық т.б.).
2. Бір уәжділік мен көпуәжділік. Бір уәжділік бір ғана уәждеуші тұлға арқылы жасалған сөздер (оқу, оқушы, оқушылық,оқулық, оқулықсыз, оқырман, оқығыш, оқығыштық т.б.);Көпуәжділік - бірнеше уәждеуші тұлға арқылы жасалған сөздер (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақ елі, Жоғары оқу орны, қарындаш,ақкөңіл, ақпейіл, студенттік билет, оқырман билеті, ақ жүрек,т.б)
3. Бір бағыттағы уәжділік және әртүрлі бағыттағы уәжділік. Бір бағыттағы уәжділік-бір сөзжасамдық тұлға негіз болған атаулар (бала, балалық, балажан, балапан, балаша, балалы,баласыз, баласыздық т.б.) және әртүрлі бағыттағы уәжділік (ақкөңіл, ақтиын, ақкіс, ақсұңқар, ақ патша, ақгүл, ақ маржан,т.б)
4.Тура уәжділік.Күрделі атаулардың қалыптасқан мәнi уәждеуші мағыналармен сәйкестігі, яғни лексикалық морфемдердің айқын мағыналары сөзжасамдық қүрылымда сақталған: алақарға,қараторғай, қарабидай, қараөрік, қарамай, қарақоңыз, жақ сүйек,апа-сіңлілі, әке-шеше т.б)Еліктеуіш сөздер тура уәжділік нәтижесінде қалыптасқан деуге толық негіз бар. Мұндай атаулардың ішкі мағыналық құрылымы өзі таңбалап тұрған денотаттың бір ерекше белгісін тура мәнінде белгілеп, ұғымды сол қалпында қайтадан көзімізге елестете алады. Ұғымдық уәж сипатында таңбада мағына арқылы көрініс тауып, тілдік бірліктің негізі болады. Тура уәжділік негізінде қалыптасқан мағына мен мазмұн лебізде оңай ұғынылып, тез түсіністікке жол ашады.Мәселен, жалт, жұлт еткен құбылыстың жарқылдаған ерекше белгісі арқылы уәжделіп жалт-жұлт, жылтыл,жылтыра, жалтыр, жалтыра, жалқын, жалт ету, жұлт ету деген тілдік тұлғалар жасалса, түнгі аспанда алыстан жалтырап,жарқырап көрінетін заттарды "жұлдыз" деп атау олардағы негізгі ерекшелікке - жалт, жұлтқа қатысты анықталады. Яки,жұлт денотаттың ерекше белгісіне қатысты уәжделсе, -ыз (-ус, -уз) көптігін анықтаушы тұлға ретінде жалтылдап,
жұлтылдап тұрған заттардың молдығын көрсетеді де, тура уәжделу негізінде "жұлдыз" атауы қалыптасады.
Идиомалану- тура уәжділіктің ауыспалы мағынаға көшуінен шығатын құбылыс. Идиома үрдісі- негізгі мағынаны қолдана отыра лингвистикалық және экстралингвистикалық себептердің негізінде қажеттіктіктен туындайтын шындықты тілдік таңбалау арқылы шындық өмірдің өзгертілген деректерін немесе күрделі құрылымдық тізбектерді қолдана отырып үгымды қысқа
жеткізу жолы. Олар көркемдегіш құрал ғана емес, күрделі аталым жасаудың амалы саналады: қара алтын- мұнай, егеуқұйрық-тышқан, оққағар-қорғаушы (телохранитель), көріпкел-балгер, ит-құс- қасқыр т.б. Ботаника саласында қолданылатын өсімдіктердің терминдік атаулары. Ал осы бәйшешек атауының қолданысы сонау көне замандардан бері барлығын тілдік деректер дәлелдейді. Мысалы:Жылағанда көзіме, қанды жастар
Толар ма? Тауға біткен бөйшешек,
Сірә, қурап солар ма? (Алпамыс батыр). Өсімдіктерге атау бергенде,олардың негізгі сыртқы түсіне, пішініне, қызметіне, ішкі, сырткы мәнді белгілеріне көңіл бөлінген. Мәселен, түйетікен, түйежапырақ т.б. атаулардың қойылуына бірінші ерекше белгісі- тікен, екінші белгісі- бойы, көлемінің үлкендігі, үшінші- шаруашылық маңызына қарай, түйе малы түйетікенді сүйіп жейтін шөбі сияқты уәждері негі болған болу керек.

5.Жартылай уәжділік. Күрделі атаулардың уәждеуші сыңарларының
біреуінің мағынасы күңгірттеніп,көмескіленіп, ауыспалы мағынаға көшуі: қарасуық, иманжапырақ,итбүлдірген, итжидек, итбалық, жеркеле, жаукөбелек, көз ұясы, дау-шар, жүн-жұрқа, ем-дом, көрші-қолаң, жетімбұрыш т.б.

6.Көмескі уәжділік. Сөзжасамдық мағыналық құрылымда айқын мағынаның орнына жасырын мағына пайда болады да, ауыспалы мағынаға көшеді. Жаңа мағынаның қалыптасуы кезінде алғашқы лексикалық мағына күңгірттенеді, дәлірек айтқанда, құрастырушы бірліктердің негізгі лексикалық мағынасынан шықпайды, жаңа мазмұн тура мағыналық құрылымынан туындамайды. Керісінше,құрастырушы сыңарлардағы мағыналардың үшінші ауыспалы
мағынаға көшуінен қалыптасады: атұстар, жолбике, жерсоғар (өкше),
қарақұрым, қызыласық, алаяқ, аласапыран т.б. Сондықтан ішкі мағыналық құрылым мен уәжділіктің әр кез сәйкесіп келе бермеуі тілде болатын құбылыс. Олай болса, ішкі мағыналық құрылымның өзеруі мен оның уәждеуші мағынаға сәйкес келмеуі, әсіресе күрделі атаулардың ауыспалы мағынаның тууына, мағынаның идиомалануына әкеледі. Сонымен, бір кезде уәжділік немесе уәждеуші белгі болғанымен, тура уәжділік біртіндеп жасырын уәжділіктің қатарына өтумен шындық өмірдегі таңбалау енеді, өзгеріске түседі, бірақ алғашқы атау қалады да, мағына өзгереді:Сегізкөз - омыртқаның атауы, шарайна- планета, Есекқырған,Жетіқарақшы -шоқжұлдыздардың атауы, алаяқ -қу, залым, арамтамақ -жалқау, жатыпішер адамның қасиетіне қатысты берілген атау, ірі қара- сиыр,т.б
7.Ауыспалы уәжділік.болмыстағы заттар мен құбылыстардың ерекше бір белгісінің абстрактілі ойлаудың нәтижесінде сәулеленіп, ұқсастық, жақындық, мәндестік негізінде атау мағынасында көрініс табуы. Ауыспалы уәжділік кей ғалымдар еңбектерінде абстрактілі уәжділік деп те аталады. Екеуінің мәні
бір. Ауыспалы уәжділік-абстрактілік ойлаудың негізінде пайда болатын заттық ұғымның абстрактілік бейнесінің сәулеленген көрінісі.[21]
Ғалым Жамал Манкеева материалдық мәдениет лексикасына байланысты жазған зерттеу еңбегінде атауларды оның атау сәтіндегі мағынасымен тарихи байланыста қарастыра отырып, атаулардын фоносемантикалық негізін анықтайды да, уәжділікті тілдік сипаты жағынан мынадай үш түрге бөліп қарастыруды дұрыс деп санайды: 1) дыбыстык уәж; 2) морфологиялык уәж; 3) семантикалык уәж.[22] Тіл білімінде уәждеме аясы кең екенін ескерте отырып, зерттеуші күрделі атауларды уәждеме аркылы, яғни заттың ұғымдык категориялык белгілерінің таңдалым және бекiлiм процесі негізінде жүзеге асатыны тіл мамандарының тұжырымдарынан белгілі екенін жазады. Уәжділіктің мұндай бөлінісі О.Блинова мен Голевтің еңбектерінің ізімен жасалғаны белгілі.
А.Б.СалқынбайдыңҚазақ сөзінің уәжділігі мен тектілігі атты еңбегінде:
8. Семантикалық уәжділік типі негізінде танылатын атаулардың саны да сапасы да әрқилы. Өйткені атаулардың белгілі бір негізгі бөлігі (көбінесе, бір буынды атаулар) заттар мен құбылыстардың болмыстағы нақты белгілеріне уәжделеді де, көптеген туынды атаулар танымда қалыптасқан, толықтай
уәжделіп, танылған ұғымның белгісі арқылы уәжделеді.Екіншілік мәнді таңбаларда, уәжделу әр түрлі дәрежеде кездейсоқ деуге негіз болатын қасиеттер арқылы да анықталады:таңба салыстырмалы түрде уәжделуі мүмкін.
Мәселен, балмұздақ сөзі "бал" және "мұз, мұзда (у)"тұлғалары мен сөзжасамдық -қ жұрнағының мағыналарының тоғысуы арқылы негізделіп жасалса, дәл осы ұғымды "мұзқаймақ"деген атау арқылы да уәждеуге болар еді. Мұнда да заттық болмыстың ұғымдық мазмұны нақты таңбалана алады. Атаудың санада қабылдануы мен оның дұрыс уәжделуі атаудың
өміршеңдігінің кепілі.Семантикалық уәжділік типі мынадай заңдар арқылы жүзеге асады:
1) қарама-қарсылық заңы: кел кет,тоқ, түк, ор - өр, оқу-өну, қайт ыстық т.б.
2) ат ауысу заңы -ұқсастығы, жақындығына байланысты: ен- ін; үңгі - үңгір, жабы ұйымдасу, ұйымшылдық, той -- той, тоқ;жаман, ұйы - ұйым, ұйыс, ұйық.

9.Морфологиялык уәжділікте атаудың мағынасы мен ішкі мазмұны тілде бұрыннан қалыптасып, қабылданған тұлғалардың мағынасы негізінде уәжделеді. Кей зерттеушілер бұл тип түрін морфология-синтетикалық уәжділік деп атайды да, морфологиялық және синтаксистік тұлғалар арқылы сөздердің уәжделу қалпы деп түсіндіреді. Морфологиялық уәжділік атаудың лексикалык мағынасының оны құрайтын морфемалардың мағыналарында толық немесе жартылай көрінуі. Бұл, негізінен,туынды сөздерге тән болады.
Мысалы: бидай -бидайық,бидайбас; кітап - кітапхана, кітапханашы, кітапқұмар т.б.[23]
Морфологиялық уәжділік арқылы жасалған кез келген атаудың мағыналық құрылымы күрделі болып, жаңа ерекше лебізде қолданылады.Мысалы:
Ия, сонымен, қыс қатты болды. Жерден қайран қалмады.Қара мал қолға қарады. Азған пішенді аз күнде-ақ күнде бітіріп алды. Бір уыс шөп бір ділдәға да жоқ. Жұттың аяқ шенінде шенді басты үйлер азығын да тауысты. Жұт жеті ағайынды болмай тұрсын ба? Отын қабат таусылды. Дүние тарылды. Ел
тарықты, састы, қысылды - қай ауылды алсаң да қалт-құлт(Ж. Аймауытов. "Қартқожа").Мәтінде қолданылған кез келген атау қазақ баласы үшін таныс, үйлесімді қолданыста жұмсалған үйреншікті сөздер.Мәтіннің соншалықты бізге түсінікті болуы тек қана сөздердің мағыналық құрылымының нақтылығынан, бұрыннан белгілі болуынан емес, айтылатын нақты ойды негіздейтін заттар мен құбылыстардың да, ол туралы ұғымның да түсінікті болуымен де байланысты. Көрсетілген мәтіндегі "Отын қабат таусылды" деген сөйлемді бөлек алып қарар болсақ, ой түсініксіз болары даусыз, мұндағы "қабат" сөзінің қолданыстағы арнайы семасы тек мәтін арқылы аңғарылады.

10.Дыбыстық уәжділік орыс тіл білімінде А.П. Журавлев еңбектерінде терең зерттелген. Ғалым сөйлеу дыбыстарының символикасын тілдік таңбаның мағыналық түрінің бірі ретінде қарастырады.
Қазақ тіл білімінде К.Ш. Хұсайнов, С.А. Өткелбаева,М.Х. Жұбановат.б. ғалымдар жұмыстарында дыбыстық уәжділік талданады.Олар өз зерттеулерінде "Фонетическое мотивированность показывает, что определенная часть словарного состава любого языка обладает мотивированной звуковой формы", - деп жазады[15]. Байқап
отырғанымыздай, қазақ тіл білімінде дыбыстық уәждеме
мәселесі біраз зерттеу нысанына айналған. Дыбыстық уәжділік - таңбанын дыбысталуы мен айналамыздағы әртүрлі табиғи дыбыс дыбысталуының ұқсастығына негізделген атаудың мәні. Сөздің айтылуы (таңбасы) мен мағына
арасындағы байланыстың табиғаттағы дыбыстың сипатына негізделуі, сәйкес келуі дыбыстық уәжділік типі ретінде танылады.Тіл-тілде табиғи дыбыстың ішкі болмысына, мазмұнына сәйкес келіп дыбысталатын сөздер мол. Атаулардың таңбалық сипаты мен мағыналық мазмұнының табиғи дыбыстардың ерекше сипатына сәйкес келетіні, таңбаның дыбыстың ішкі мәніне негізделетіні ғылымға ежелгі заманнан-ақ белгілі еді. Көне грек
философтары зерттеулерінде дыбысқа негізделетін атаулардың табиғи болмысы зерделеніп, атау мен заттық құбылыс арасындағы байланыс сараланған. Кейінгі ғылыми еңбектерде дыбыстық негіздегі атаулардың дыбыс арқылы уәжделетіні әртүрлі ғылыми аспектіден талданып, таразыланып, ғылыми тұжырымдар жасалды.Табиғаттағы заттар мен құбылыстар арқылы пайда болатын әр алуан дыбыстар тілдік таңбаға айналғанда, әуелгі дыбыстық
сипатынан бөлек бола алмайды. Дыбыстың естілген әуеніне негізделе отырып, соның таңбалық мазмұнын көрсетеді, табиғи дыбысқа жақын келеді, ұқсайды. Әрине, адам санасы арқылы негізделген тілдік таңба болмыстағы заттық дыбыспен толық сәйкес келе алмайды, олай болуы мүмкін де емес. Сондықтан
тілдік таңба екіншілік мән мен мазмұнға ие болады. Мәселен, құстың "тоқ-тоқ" еткен дыбысы біріншілік заттық мән болса, тілдік таңба ретіндегі "тоқ-тоқ" осы дыбыс арқылы уәжделген екіншілік атау. Атау болмыста естілген дыбыс
арқылы негізделіп,уәжделіп тұр.

II. Төрт түлік қазақ халқының ежелден ке ле жаткан басты байлығы және қордалы қазынасы. Түлік сөзі тілімізде айтылып жүр ген байлық және Қазына деген сөздермен мағыналас екендігін байқауға болады.Халқымыз төрт түлік деп, жылкы, түйе, сиыр, қой (ешкі) малдарының жиын тығын атайды. Оларды iрi және ұсақ (уақ) мал деп те беледі. Ірі малға-түйе, жылқы, сиыр, ал ұсақ малға - қой мен ешкiнi жатқызады. Сонымен қатар, тебін малы деген де ұғым бар. Тебін (қысқы жайылым, малдың тебін деп жайылуы) малына - жылқы, қой және ешкі жатады. Жылкыны ерекше құрметтеп оны жануар деп те атайды. Мал деген сөзді жылқыға кеп қолдана бермейді.
Төрт түліктің сактаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсыл кара, қамбар ата, жылқышы ата, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс
Салт дәстүр атауларының уәжділік сипаты
Ауыспалы уәжділік
Қазақ тілі біліміндегі мотивация
Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларына салғастырмалы талдау
Жарнама тілі прагматикалық және коммуникативтік аспектісі. Қазақ жарнамаларының стильдік, тілдік ерекшеліктері
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні (зат есімдердің негізінде)
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Пәндер