Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АБЫЛАЙХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИРЕРСИТЕТІ» АҚ
«Халықаралық құқық және экономика» Факультеті
«5B030100»Құқықтану мамндығы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Ұрлаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы(ұрлау нысандарының аражігін ажырату кестесін жасау) »
Орындаған: Н. Е. Ескуатова
Ғылыми жетекші: к. ю. н., доцент
Б. М. Жугралина
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, з. ғ. к.
Қ. А. Байжомартова
Алматы, 2022ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҰРЛАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі . . . 5
1. 2 Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нысандары . . . 7
1. 3 Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері . . . 11
1. 4 Бөтен мүлікті ұрлаудың субьективтік белгілері . . . 15
2. ҰРЛАУДЫ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ШАРАЛАРЫ
2. 1 Бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстарды жасаудың себептері мен жағдайлары . . . 18
2. 2 Бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстарды жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктері . . . 21
2. 3 Ішкі істер органдарының бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстарды ескертудегі атқаратын рөлі . . . …23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
КІРІСПЕ
... жалғасыТақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының қылмыстық мқұқығында меншікке қарсы қылмыстар арасындағы бөтеннің мүлкін ұрлаумен күресудің теориялық проблемалары күрделі және жеткіліксіз өңделген институт болып табылады.
Адамның жеке меншігі олардың қауіпсіздігі әлеуметтік жоғары құндылық болып танылады.
Осыған байланысты қылмыстық құқық нормаларын, оның институттарын қолдану тиімділігін жетілдіру мен арттыру жолдарын теориялық тұрғыда жете зерттеу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстылықпен күресуі мен тойтаруына тиімді мүмкіндіктер жасайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-тарауында орын алған меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар атты тарауында орын алған бөтеннің мүлкін ұрлау өз алдына ерекше сипатқа ие.
Бұл қылмыстар меншік қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар(кең мағынада алғанда) . Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабы негізінде міндеттердің бірі болып табылады.
Қоғам салаларының дамуының жетістіктері адамның маңызды мүддесінің бірі меншік қатынастарын сақтауға қажет болып танылады.
Сондай-ақ заң туралы әдебиеттерде бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстармен күресідің теориялық проблемалары Қылмыстық құқық ерекше бөлімінің басқа институттарымен өзара байланысы жеткіліксіз айтылған.
Сонымен бірге қоғамдық әлеуметтік ортада адамның меншігіне қол сұғушылықтар олардың құндылығы әрқашанда ескеріле бермейді. Аталған норма бойынша Қазақстан Республикасында осы қылмыстардың алдын алу шараларына жеткілікті тұрғыда зерттеулер жүргізілмеген. 1997 жылғы қабылданған қазіргі заң күші бар Қазақстан Республикасы қылмыстық заң атқарушылығында өзгерістер мен қосымшалар енгізілуіне байланысты осы норманы зерттеу, бүгінгі күннің тәжірибеге қажеттіліктен туындайтын мәселелердің бірі болып танылады.
Осы мәселелерге қатысты сұрақтар мысалы қазақстандық заңгер ғалымдар Е. О. Алауханов, А. Н. Ағыбаев, Б. И. Ахметов, Н. М. Абдиров, З. О. Ашитов, И. Ш. Борчашвили, Е. И. Қайыржанов, А. Д. Макуха, Г. С. Мауленов, М. С. Нарикбаев, Г. Р. Рүстемова Д. С. Чукмаитов және т. б басқаларымен зерттулер жүргізілген.
Осыған байланысты меншікке қарсы қылмыстар арасындағы бөтеннің мүлкіне қол сұғатын қылмыстар саласындағы қылмыстардың түсінігін анықтау туралы ұшқыр қажеттілік туындайды. Осыған ұқсас қылмыстардың обьективті және субъективті белгілеріне талдау жасау немесе айқындау қажет.
Зерттеу пәні қазіргі кезеңде қылмыспен қылмыстық-құқықтық күресудің міндеттерін жүзеге асыру барысында меншікке қарсы қылмыстар, яғни бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстар туралы заңдарды, ішкі істер органдарының қызметінде қолданудың тиімді жолдарын, оны жетілдіру мен дамытудың және экономикалық, әлеуметтік саяси, әлеуметтік психологиялық заңдылықтарын анықтайтын оның негізі мен мақсаты және мазмұны жатады.
Зерттеудің мақсаты -болып, бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және Ішкі Істер Органы қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау болып танылады.
Зерттеудің міндеті . мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына міндеттер қойылы:
-Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың жалпы түсінігіне;
-Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың нысандары түсінігіне;
-Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың обьективтік және субьективтік белгілері сипаттамасына талдау жасау.
Жобаның теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмыстың теориялық маңызы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңындағы Ұрлық қылмысының түсінігіне талдау жасаумен, оған теориялық сипатама жасалынып, онымен күресудің қажеттіліктеріне қорытынды жасап, ұрлықпен байланысты қылмыстардың алдын алудағы ішкі істер органдары қызметкерлерінің рөлін ашумен және ұсыныстар енгізуімен ұштасады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы сол, кешенді негізделген әдістемелік ұсыныстар мен басшылыққа алынатын жағдайлар, ұрлықпен байланысты қылмыстардың алдын алудағы кездесетін қиыншылықтар мен қателіктерге жол бермеуге, ұрлық қылмыстары бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекетті дәрежелеуге, және шын мәніндегі және заңды негіздерді анықтауға үйретеді.
Дипломдық жобаның құрылымы мен көлемі. Дипломдық жоба кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҰРЛАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926 - жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бердей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.
Қолсұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады [1] .
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін - меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы заңдағы заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретіндегі меншіктер қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда - кіріс, өсім түрінде, жеміс - өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі. (ҚР АК-нің 188-бабының 2-бөлігі) [2] .
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүмкіндікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (ҚР АК-нің 188- бабының 3-бөлігі) . Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады.
Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік түрлері мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің ”Меншікке қарсы қылмыстар” тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді.
Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т. б. ) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты формасын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің кез келген формасын бірдей қарауды жариялап отыр. Сондықтан да, ұрлықты, бөтен мүлікті иемденуді, тағы басқадай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің қандай формадағы меншік екендігінің маңызы жоқ.
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетті нышаннан тұрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны - тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс құрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамның объективтік жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы. Бір қылмыста - мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуде - қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамның нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған ұрлық (ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің ”3” тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 195-бабының 1-бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 201-бабының 1-бөлігі) .
Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚК-тің 189-бабы), алаяқтық (ҚК-тің 190-бабы), алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 195-бабы), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу (ҚК-тің 196-бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 201-бабы), бөтенның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 202-бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (ҚК-тің 200-бабының 1-бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 188-бабы), тонау (ҚК-тің 191-бабы), қарақшылық (ҚК-тің 192-бабы), қорқытып алу (ҚК-тің 194-бабы) .
Аталған сұрақты қорытындылай келе біздер меншікке қарсы қылмыстардың заңмен қорғалынатын мүдделерге атап айтсақ меншік құқығы қатынастарына нұқсан келтіреді. Әлі де болса қылмысытық құқық ғылымында кейбір қылмыс құрамдары бойынша меншікктік қатынастарға қол сұғушылық бағытынан нақты белгілерін анықтауымызға қажетті белгілердің әлі де болса анықталуына жататындығы көрінеді.
1. 2 Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нысандары
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі - ұрлық.
Қылмыстық заң, ұрланғандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен, оларға ұрлаудың мына формалары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.
Ұрлау түсінігін анықтаудың және оның негізгі элементтеріне сипаттама берудің ұрлаудың барлық формаларына тән нышандарды айқындауға және бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі, ұрлаудың нақты формаларына талдау жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа объектіге қол сұғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын әрекеттерден шектеуге көмектесетіндігі қылмыстық заң ғылымында құптау тапқан [3] . Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі ”Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы” қаулысында ұрлауға, бір-қатар ауытқылармен, анықтама берілген: «Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз - меншік иесінің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру».
Заңмен берілген анықтамадан ұрлаудың объективтік жағынан сипаттайтын мына нышандарды бөліп алуға болады:
1) мүлікті алу;
2) алудың заңға қайшылығы;
3) алудың қайтарымсыз болуы;
4) пайдакүнемдік мақсат;
”Алу” түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқа процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың (жақтардың) әлеуметтік байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертуімен ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес, оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді, бәлкім, осы тұрғыдан түсіндіру қажет.
Алып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1966 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген: «қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оның меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі мемлекеттік, жеке сауда, нарықтық немесе комиссиондық бағаларға сүйенуі қажет. Бағасы болмаған жағдайда мүліктің құны сараптаманың қорытындысы негізінде анықталады». Ұрлаудың салдарынан келген залалдың орнын толтырғанда оның мөлшері сот шешімі қабылдаған кездегі бағаларға сүйеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу ұрлау ретінде саралануға тиіс емес [4] .
Ұрлауды сипаттайтын келесі нышан - оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы нышан дегеніміз, шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы. Шындығындағы құқық дегеніміз - сол мүлікті алуға мүмкіндік беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оның заңда белгіленген тәртіпте рәсімделген, рәсімделмегенінің маңызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың формасына емес, түп мәніне аударылады.
Бұдан жасалынатын тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса, онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Қылмыс аяқталғаннан кейін мүліктік залалдың орнын толтыру немесе ұрлаған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бірақ ол жазаны жеңілдетуге негіздеме бола алады.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойынша билік жасай алатын кезден бастап ұрлау аяқталған болып саналады. Әңгіме нақты билік жасағандықта емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта.
Сондықтан да ұрлауды аяқталған деп тану үшін айыптының затты іс жүзінде пайдаланғаны, оны пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағытталған белгілі бір әрекеттер жасаса, бірақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық бұлардың қатарына кірмейді, оның аяқталу кезеңі жайындағы мәселе қылмыстың осы құрамына қатысты қаралған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлықтың аяқталу кезеңін анықтауда қиындық туындайды. Тергеу-сот практикасының соңғы кездердегі позициясы дұрыс, себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті алып шыққан кезден бастап аяқталған деп санау қажет, себебі ұрланған мүлікке билік жасау мүмкіндігі сол кезден бастап туады деп санайды. Мүлікті күзеттегі аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрлаған затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысушы басқа адамның сол мезетте ұрлауын қылмыстың аяқталмағандығы деп сана-ған жағдайлар болған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына және оның не мақсатқа арналғанына байланысты. Мысалы, егер ұрланатын мүлік тұтынылмайтын басқа және оны күзеттегі аймақта пайдалануға мүмкіндік болмаса, оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша ұрлау аяқталған болып есептелмейді. Ал, тұтынылатын мүлікті (мысалы, спирттік ішімдікті) ұрлағанда қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының ұрланған мүлікке деген пиғылына байланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке сол аймақтан шықпайақ билік жасайтын болса - қылмыс аяқталған деп саналады. Егер ол ұрланған мүлікке күзеттегі аймақтан шыққан соң билік жасауды ойластырса, онда мүлікті сол аймақтан тауып алу - ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады.
Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту негізінде (ҚК-тің 26-бабы) қылмыстық жауаптылықтан босайды.
Ұрлау тек тікелей ниетпен жасалады. Айыпты мүлікті заңсыз алғандығын ұғынады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіретіндігін алдын ала біледі, соны тілейді.
Ұрлаудың міндетті нышаны - пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-ақ материалдық жағдайына айыпты мүдделі басқа адамдардың пайдасына метериалдық, мүліктік табыс келтіруді көздейді.
Алудың тәсілдеріне байланысты ҚР ҚК-інде ұрлаудың алты нысаны бекітілген:
- ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу,
- сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету,
- алаяқтық,
- тонау,
- қарақшылық.
Қызмет бабын пайдалану жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке формасы ретінде танудан заң шығарушы бас тартты, оны ұрлаудың үш формасының иеленіп алудың, ысырап етудің және алаяқтықтың саралаушы нышаны ретінде қарастырады.
Қастандық жасаудың осы түрінің заты ұрлау құрамының сындарлы нышандарының бірі болып табылады. Қылмыстық заң теориясында қылмыс затының шын мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең таралған. Бірінші анықтама бойынша: «қылмыс затына өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыра отырып қылмыскер тікелей ықпал жасайтын сыртқы әлемнің материалдық заттары жатады» [5] . Екінші анықтама бойынша - қылмыс затына сол қылмыстың жасалуына себеп болатын материалдық әлемдегі заттар жатады .
Заң әдебиеттерінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған. Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы пікірге ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерде де, сот практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе: мүлікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары, театр-сауық орындары, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп айыруға қажетті билеттер, талондар, абоненттер және басқа белгілер ұрлау заты бола алама, жоқ па?
Г. А. Кригердің пікірінше, ақшалай-заттай және басқадай лотерея билеттері, почта төлемдерінің белгілері, көлікте жүру билеттері, бензинге талондар және сол сияқтылар ұрлау заты бола алады [6] . Ленинградтық «Курс советского уголовного правоның” авторлары онымен толықтай келіспейді, олар көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық беретіндіктен ұрлау заты бола алмайды деп санайды [7] . Л. А. Андреева мен Б. В. Волжинкин
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz