Интонацияның компоненттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Дипломдық жұмыс

Мамандығы:

Біліктілігі

Тақырыбы: « Қазақ сөзінің ритмикалық бөлшектенуі және қазақ тілінің айтылым дағдылары мен нормалары»

Орындаған:

Жетекшісі:

Орал, 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. 1. Суперсегментті бірлік интоноцияның тіл жүйесіндегі орны, тілдегі қызметі және зерттелуі . . . 5

Негізгі бөлім . . . 8

1. 2. Интонацияжелісі - мәтін, сөйлем, тіркес, сөз, буын және дыбыс . . . 10

1. 3. Әуен (мелодика) мен ырғақ (ритм), қарқын (темп) мен кідіріс (пауза) . . . 16

1. 4. Логикалық екпін және эмфазалық екпін . . . 28

1. 5. Ритмикалық бөлшек - бунақ, бунақпен айтылатын сөз топтары . . . 36

1. 6. Қазақ мәтініндегі бунақ пен кідіріс . . . 39

Қорытынды . . . 47

Қазақ тілінің айтылым дағдылары мен нормаларын тану мен білудің маңыздылығы мен қажеттілігі . . . 48

Қолданылған әдебиеттер . . . 51

КІРІСПЕ

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуының арқасында оның қолданылу аясы күннен-күнге кеңейіп келеді. Бұрынғы көбіне көркем әдебиет саласындағы жазба тіл мен тұрмыстық деңгейдегі ауызша тіл деңгейінде қалып келген қазақ тілі бүгінде қоғами-саяси, тарихи- мәдени, әлеуметтік-ғылыми салада кеңінен қолданыла бастады. Ауызекі сөйлеу тілінің рөлі артып келеді, соның нәтижесінде ауызша сөйлеудің қажеттігі артып тұр. Көпшілік алдында қағаз дағдысынан арылып, еркін сөйлеу практикасы кең тарай бастады. Соның нәтижесінде жазба тіл мен ауызша тілдің арасындағы айтылым қайшылықтар көптеп көзге түсе бастады. Ұрпақ ауысқан сайын жазба тілдің айтылым нормалары әдеби үлгіге айналып барады. Әрине, жазба үлгілердің тіл дамуына тікелей ықпалы бар екені даусыз. Дегенмен кейбір қайшы емле- ережелердің салдарынан жазба тілдің ауызша тілге тигізіп жатқан жаңсақ әсеріне бейқам қарап отыруға болмайды. Өйткені бұл үрдіс жалғаса берсе, онда қазақ тілінің тарихи қалыптасқан іргелі заңдылықтары өзгереді. Сөздің, сөз бен сөздің, сөз топтарының арасындағы үндесім-үйлесім әуезділікке нұқсан келеді. Жеке дыбыс пен дыбыс тіркесі деңгейіндегі жаңсақ өзгерістер сөйлем құрамына енеді, одан барып бүкіл мәтін тұрқының қазақы айтылымы бұзылады. Ендеше қазақ сөзін, сөз тіркесін, сөйлем, кеңірек айтатын болсақ, мәтінді қазақы айту мәселесі сөйлеу мәдениетінің фонетикалық негіздеріне барып ұласады.

Мінбеден сөйлеп тұрған шешеннің, сахнадағы әртістің, теледидар-радиодан хабар жүргізушілердің, ауызша сұхбат берушілердің тілінен жаппай орын ала бастаған жазба тіл әсерін тіл мамандарының өздері мойындап отыр.

Диплом жұмысының өзектілігі. Тілдің ауызша сөйлеу үлгісі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, яғни отбасында ата-ананың, бала-бақша, мектепте тәрбиеші-мұғалімнің, жоғары оқу орындарында әдіскер-пән оқытушыларының, ұжымда әріптестердің өзара сөз алмасуы арқылы тарайды. Олай болса, қазақы сөйлеу дағдысы ересектер мен мамандардан басталуы керек болады. Қазақы сөйлеу нормаларын қалыптастыру отбасы және мектеп тәрбиесінің бір бөлігі болу қажет. Олүшін қазақ тілінің бүгінгі қалыптасқан даму деңгейіне лайық арнайы тәрбиелік және оқу-әдістемелік бағдарламалар мен іс-шаралар дайындау қолға алынғаны жөн. Қазақ тілінің емле-ережелерінің негізі болып отырған морфологиялық, фонетикалық, тарихи-дәстүрлі қағидалардың бәрі барып дыбыс тіркесі деңгейінде тілге оралады. Сондықтан дажазба тілдің әсері алдымен дыбыс тіркесіне тиеді. Ендеше қазақ сөзінен бастап қазақ мәтініне дейінгі оң-теріс дыбыстық өзгерістердің оң-теріс емле шешімі дыбыс тіркестерінен басталады.

Қазақ тілінің дыбыс тіркестерінің зерттелім нәтижесі қазіргі қазақ тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі ауызша әдеби сөйлеу үлгісін қалыптастыруға негіз болады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі осы айтылған мәселелерден келіп туындайды.

Жұмыстың зерттеу нысаны - қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктеріндегі сөздердің құрамындағы дыбыс тіркестері. Жұмыстың зерттеу әдістері - артикуляциялық (жасалым) және акустикалық(сандық-сапалық есеп) талдау, айырым белгілер суретін құрастыру, зерттеу нәтижелерін көрнекілеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері - қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің фонетикалық жасалым (артикуляциялық), айтылым (акустикалық) табиғатын анықтап, тіркесімнің сандық-сапалық көрнекі сипаттамасын беру зерттелімнің мақсаты болып табылады. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылды:қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің зерттелу жайына шолу жасау; қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің үлгісін жинақтап, құрамын анықтау; дыбыс тіркестерін орфографиялық және орфоэпиялық үлгілеріне қарай жіктеу; дыбыс тіркестерінің жасалым (артикуляциялық) сипаттамасын беру; дыбыс тіркестерінің айтылым (акустикалық) сипаттамасын беру, сандық-сапалық белгілерін көрнекі анықтау. дыбыс тіркестерін құрамындағы дыбыстардың өзара тіркесім тәсілдеріне қарай жіктеп шығып, әрбір жіктелім үлгісіне тән фонетикалық сипаттама беру; дыбыс тіркестерінің негізгі тіркесім үлгілеріне артикуляциялық сипаттама беру.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу нәтижелері қазақ тіл біліміндегі дыбыстардың тіркесім теориясы (құрамы мен жіктелімі), бейтараптану теориясы мен айырым белгілер теориясының дамуына қосылған елеулі үлес болады.

Жұмыстың практикалық маңызы . Орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер құрастыруға, дыбыс тіркестерінің артикуляция-акустикалық көрнекі үлгілерін дайындауға, оқу-әдістеме саласында болашақ тіл мамандарының фонетикалық біліктілігін арттыруға, қазақ сөзінің үндесім-үйлесім үлгілерінің қазақы айтылымын қалыптастырып отыруға септігін тигізеді және қазақ грамматикаларының дыбыс тіркесіне арналған бөлімін толықтыруға тың және нақты фонетикалық материал болады; өзге тілдермен салыстырма-салғастырма зерттеулер үшіннегіз болады.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы .

-қазақ тілінің дыбыс тіркестері алғаш рет мәтін құраушы (тілдік бірлік) ретінде қарастырылды;

- дыбыс тіркестері тіркес құрамындағы дыбыстардың өзара артикуляциялық байланысы менқұрамына қарай жаңаша жіктелді;

- дыбыс тіркестері артикуляциялық және акустикалық тұрғыдан сипатталып шықты; жазба және ауызша тіркестердің айырым-ортақ белгілері анықталып, салыстырмалы нәтиже

алынды;

-дыбыс тіркестерінің жасалымы көрнекі үлгіге түсірілді; -дыбыс тіркестерінің жіктелім топтарына қатысты артикуляциялық анықтама берілді; Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, тізімінен тұрады.

1. 1Суперсегментті бірлік интоноцияның тіл жүйесіндегі орны, тілдегі қызметі және зерттелуі

Қандай тіл болмасын, оның интонациялық жүйесі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Тілдің интонациясы - көп функциялы құбылыс. Әлем лингвистикасындағы басты мәселелердің бірі интонацияның сол тілдегі ерекшелігін, басты белгілерін, маңыздылығын анықтау болып табылады. Қандай сөйлем болса да, оның интонациясы, айтылу әуені болады. Сондықтан да Н. С. Трубецкой интонацияның фонемалардан ерекшелігі, оның өзіндік белгілері болатындығына назар аударған еді. Суперсегменттік фонетика тілдің интонациялық жүйесін қарастырады. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (мәтінде) де оқылады. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасында тығыз байланыс бар. Себебі мәтіннің интонациясын өзгертіп оқитын болсақ, оның стилистикалық реңкі де, грамматикалық мағынасы да өзгеруі мүмкін. Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады. Интонологияның суперсегменттік бөлшектерін интонемалар деп атайды. Сөйлемде интонеманың атқаратын қызметі, өзіндік орны болады. Сондықтан интонема әрқашан синтагмада көрініс табады. Интонацияның негізгі қызметі 1) сөйлемнің түрлерін анықтау; 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату; 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату; 4) мәтіндегі ерекшеліктерін көрсету; 5) әр түрлі эмоцияларда ажырату болып табылады. Интонацияның басты компоненттері әуен, негізгі тон жиілігі, интервалы, диапозон, ұзақтылық, қарқын, пауза, интенсивтілік, тембр тілдегі просодикалық әсілдер ретінде әр тілдің өзіндік интонациялық ерекшелігіне байланысты қолданысқа түседі. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деген көзқарас бар. Сонда да фонемаға қарағанда интонеманы зерттеу кейіндеу қолға алынды.

Қазақ тіл білімінің кейінгі кезеңде әлемдік ғылым жетістіктеріне сай озық әдістемелер негізінде зерттеле бастауы жаңа ғылыми салалардың пайда болып, тың теориялық идеялардың туындауына жол ашты. Қазақ тілі дыбыс жүйесі саласындағы теориялық мәселелердің дамуы және зерттелу барысына ой жіберетін болсақ, тіліміздегі фонемалардың санын, олардың түрлі фонетикалық ерекшеліктерін зерттеуге алғашқы кезекте назар аударылды да, ал тілдің суперсегменттік деңгейін зерттеу, әсіресе, тіл жүйесіндегі интонация мәселерін зерттеу жұмыстары, кейіндеу қолға алынды.

Қазақ тіл білімінде интонация мәселелері алғаш рет Н. У. Түркбенбаевтың қазақ тіліндегі сұраулы жай сөйлемдер интонациясы туралы, қазақжәне орыс тілдері фонетикасын салғастыра зерттеген еңбегінде қарастырылды. Ғалым интонациясыз сөйлем болмайтынын, сондықтан интонацияның сұраулы жай сөйлемді танытатын белгілерін көрсетеді. Ә. Н. Нұрмаханованың қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдеріндегі жай сөйлемге байланысты еңбегінде интонация мәселесіне ерекше назар аударылды. Ол интонация құрамындағы болатын физикалық элементтерді (әуен, ырғақ, қарқын, іркіліс) көрсетіп, түрлі жай сөйлемдерің өзіне тән интонациясы болатынын айтады. Ғалым интонацияның негізгі бірліктерімен компоненттері, интонацияның сөйлемдегі қызметі туралы мәселелердіжай сөйлемдер грамматикалық, ерекшеліктерімен байланыста қарастырған. Ж. М. Утесбаев қазақ мәтінінің, интонациялық құрылымдарын көркем шығарма желісі бойынша зерттеп, мәтін, лингвистикасындағы интонацияның маңызын көрсетеді. Қазақ, тілінде, интонация, мәселелері жөніндегі алғашқы пікірлер ұшқыныА. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев еңбектерінде де кездеседі. А. Байтұрсынов«Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер және екпін буыны бірыңғай келмейтін»деп, интонацияға қатысы, бар, мәселе ретінде орыс, француз, қазақ, тілі ерекшеліктерін, екпінмен байланыста сөз етсе, Қ. Жұбанов, интонацияны «дауыс сазы» деген атаумен атап, әр сөздің әні болатынын айтқан еді. Интонация мәселелері қазіргі қазақ тілінің синтаксисіне қатысты зерттеулерде М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әміров т. б. ғалымдар еңбектерінде де, сөз болады. Ғалым, Р. Сыздықова қазақ тіліндегі сөздердің айтылуына ерекше мән беру қажеттігін айта келіп:«қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан әрқайсы бөлек, бөлек айтала бермейді, көбінесе, екі, екіден немесе екіүштен бір ырғақты топ құрап, бір екпінмен, бір деммен үндесіп, үйлесіп айтылды», - дейді

Қазақ, тіл, білімінде интонацияны зерттеу ісін жоғары деңгейге көтеріп, өзінің мектебін қалыптастырып, шәкірттерімен бірге осы саланың берік қалыптасуына ерекше ықпал етіп жүрген ғалым З. М. Базарбаева деп, білеміз. Интонация мәселелері ғалым З. М. Базарбаева тарапынан жан, жақты қарастырылып, осы саладағы зерттеулергеоң ықпал етті. Соның нәтижесінде тілімізді зерттеу аясы кеңейе түсіп, шешімін күткен кейбір мәселелерді тар шеңберде ғана қарастырмай, бір саланы екінші саламен ұштастыра зерттеуге мүмкіндік болды. Ғалым қазақ тілі интонациялық жүйесін жан, жақты, жүйелі, зерттеуі нәтижесінде осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізді. Интонация теориясының негізгі мәселелері ретінде оның бірліктері, басты компоненттері, интонацияның қызметі туралы баяндап, олардың өзіндік ерекшеліктері мен ішкі заңдылықтарын көрсетіп, тіліміздегі интонацияның табиғаты мен қолданылу сипаты жөнінде жүйелі зерттеу жүргізген. Интонацияның өзіне ғана тән негізгі бірлігі (единицасы) «интонема» деп көрсетіп, «Сөйлемнің қай-қайсысы болса да, интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемдердің қай түрінің болса да, сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруында интонацияның мәні ерекше», - дейді. Интонема мен фонема ерекшеліктері туралы кезінде Н. С. Трубецкой «интонеманың фонемадан ерекшелігі сол, фонема үшін ештеңе білдірмейтін тыныс белгісінің мәні жоқ, ал интонема үшін мағына білдіретін арнайы белгілер қажет» деген еді. З. М. Базарбаева қазақ тіліндегі интонация мәселелері жөнінде айтылған пікірлерге сын көзімен қарай отырып, зерттеушілер интонацияның бірліктерін белгілеуде оның сөйлемдегі қызметін негізге алатынын, екпіннің қай жерде тұратындығын, пауза арқылы бөлінетін ерекшелігін алға тартатындығын айтады. Интонацияның компоненттері (әуен, пауза, интенсивтілігі, ұзақтылық, қарқын, тембр) туралы талдау жасай келіп, өзге зертеушілер «қазақ тіліндегі ең маңызды просодикалық компоненттер деп ұзақтылықпен қатар әуенді де атайды», - дейді. «Интонацияның компоненттері тілдің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Олар әуен, ұзақтылығы, интенсивтілік», - дейді. Ғалым ритмикалық топтар арасымен олардың ішіндегі пауза туралы айтылған пікірлерге назар аударады. Интенсивтілікке әсер етуші факторлардың бірі дауысты дыбыстардың синтаксистік сегменттегі орны дейді. Тембр сөйлемнің сезімдік (эмотивтік) мазмұнын беруге қатысады, ал акустикалық деңгейде спектрге сәйкес деп біледі. Интонацияның басты функциясы сөйлемнің жалпы мағынасы мен түрлері, жеке коммуникативті дифференциялау (тема және рема), семантикалық дифференциялау, эмоциялық дифференциялау деп көрсетеді. Зерттеуші қазақ тілі сөйлемдерінің және поэзия тіліндегі интонацияның сипатын жан-жақты талдап көрсетті.

Ғалым З. М. Базарбаеваның шәкірттері қазақ тілінің функционалды стильдерін суперсегменттік фонетика тұрғысынан қарастыра бастады. Бұл зерттеулер қазақ тілі фонетикасының суперсегменттік деңгейдегі танымдық маңызын арттырып отыр. Осы орайда, қазақ тіліндегі қосқұранды құрмалас сөйлем интонациясының ерекшеліктерін, фонетика мен сөйлем арасындағы өзара сәйкестігін тауып, эксперименттік фонетикалық зерттеу жолымен жүргізілген А. М. Фазылжанованың зерттеу жұмысының маңызы зор. Ал Т. Ы. Кеншинбай «Фонетика-синтаксистік бірліктер аралығының фонетикалықсипаты мен таныс белгілері» атты зерттеуінде бұған дейін тек тыныс белгілер деңгейінде ғана біржақты сөз болып кел-ген мәселелерді оның басты белгісі болып табылатын интонациялық рәсімделуімен байланыста қарастырып, сөйлем деңгейіндегі таныс белгілері мен синтаксистік бірліктер шегарасын анықтаудың фонетикалық қисындары мен жолдарын анықтаған. Қатар тұрған екі сөздің бір ритмикалық топ құрамындағы фонетикалық көрінісі олардың екі ритмикалық топ құрамындағы фонетикалық белгілерімен салыстырған. Ғалым сөйлемнің фонетикалық, интонациялық ерекшеліктерін айтып, оның сазын келтіріп айту мен тыныс белгілерінің бір-бірімен байланысты жақтарына назар аударады. Қазақ тілінде сөйлеудің фонетика-синтаксистік бірліктер арасындағы жағдайы бірнеше параметрде қарастырылған. Ғалым дауыс кідірісінің ұзақтығы, құрмалас сөйлемнің әр сыңырындағы сөйлеу қарқынын, сөйлеу әуенін, әр синтагмалық топтағы күшті дыбысты, күшті буынды және оның айтылу ұзақтығын т. б. мәселелерді техникалық құралдар арқылы тәжірибеде сынаған. Зерттеуде«Ақыл бітпес дәулетке, дәулет бітпес келбетке» деген сөйлемдегі «дәулетке», «келбетке» сөздерін салыстырып, қорытындысында синтагма шегарасы туралы ақпаратты ырғақты екпін түскен соңғы буын алады да, одан кейін пауза болады, ал сөйлем соңы біртіндеп айтылым күшінің әлсіреуімен сипатталады дейді [7. 15] . Құрмалас сөйлемдерде синтагма арасында дыбыстардың көмескі айтылуы, түсіп қалуы сияқты фонетикалық жағдайлар болуы мүмкін екендігін айтады. «Қолы батпайды, сипап тұрғандай ғана білінеді» деген сөйлемді мысалға келтіріп, « екі синтагмада да сөз соңындағы қысаң «ы», «і» дауыстылары түсіп, ал олардың алдындағы ұяң «д» дыбысы солғынданады, ал«Көп бастар шұлғасып, көп сақалдар шошаңдасып қалды» деген сөйлемдегі «шұлғысып», «шошандалып»сөздер соңындағы«сып» буындағ«ы»қысаң дауыстысы «алғашқы синтагмада ол анық айтылса, алекінші синтагмда күшті көмескі тартады. Бұл алғашқыда екпінсіз болады, екі синтагма арасындағыпауза ұзақтығы 250 мс», -дейді. Ритмикалық топқа енген«фонетикалық атаулар»деген тіркесте қатаң «қ» дыбысы ұяң «ғ» дыбысымен алмасатынын көрсетеді. Сөйлеу кезінде « ғ» мен «а» дыбысы, « несмотря на фонетическую слитность», екі буынға бөлініп, «ғ» дауыссызы күштібас дыбыс, ретінде алдындағы «а» дыбысына емес, өзінің артындағы «ы» дыбысына қабысатын болса, күшті, соңғы дыбыс ретінде «ғ» дыбысынан дыбысынан бөлініп, өз алдына буын құрайды екенБұл зерттеуде қазақ тіліндегі пунктуация мәселесіфонетикамен байланыста қарастырылып, оның делимитациялық, семантика, синтаксистік және интонацияның мағыналық бөлінуі, күрделі сөйлем құрамындағы фразалар қиылысындағы фонетикалық құбылыстар, тыныс белгі-ердің сөйлем аралық кездесер тұстары просодиялық және сегменттік дең-гейде анықталған.

1. 2. Интонация желісі - мәтін, сөйлем, тіркес, сөз, буын және дыбыс

Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғниӘуелде «интонация» термині латынның «intonare», «қатты сөйлеу» деген, сөзіненИнтонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында. Демек, сөйлеу тілінің пайда болуынан көп бұрын үйірлі тонының (тональность) сөйлеу сөзінде де, адамдардың қарым-қатынасында даСондықтан, интонацияның сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып,
Интонацияның сөйлеу тіліндегі күрделі құбылыс ретінде атқаратын ролі айырықша. Кейбір зерттеушілер интонацияны субъективтік құбылыс деп есептейді. Мәселен, олардыңИнтонацияның компоненттері боылп саналатын пауза, қарқын, әуеннің жоғарылау, төмендеу.
Интонация, туралы, жалпы, түсінікИнтонацияны зерттеу тарихы ертеден, көне замандардан басталады. Байырғы замандарда
Сөйлемнің ритмикалық құрылымының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы , Қазіргі түсінікше: «колон» мөлшер жағынан «периодпен» салыстырғанда кішілеу, ықшамдау
Ал «период» логикалық жағынан тиянақты болуымен қатар, ол құрмалас
Фонетикалық жағынан қарағанда көңіл аударатын нәрсе, ол ежелгі трактаттардағыСөйлеу тіліндегі интонацияны дұрыс қолдану жайында айтарлықтай пікірлерді М. В. Интонацияның сипаттамасын М. В. Ломоносов өзінің «Российская грамматика» деген кітабында
Интонация қасиеттерінің сөйлеу тілінде адамдардың бір-бірімен түсінісуінде мәні зорИнтонацияның компоненттері болып есептелетін - қарқын, тембр, паузаның сөздегіӨткен ғасырдың екінші жартысы мен біздің ғасырдың бірінші жартысындаСебебі кейбір көркем сөздің шеберлері тексті өзінше оқып, оныңМұндай жағдайлар тілдің лексико-грамматикалық құрылысы мен интонация қатынастарының өтеИнтонацияда жүйелілік заңдылыығы бар екенін неміс оқымыстысы Р. Бенедикс те
Сонымен, жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келгенде, интонацияның шешендер сөзіндегіЕгерде біз жалпы тіл білімі тұрғысынан әр түрлі тілдердегіЖалпы тіл біліміндегі күрделі проблемаларыдң бірі - тілдің бірИнтонация туралы жарық көрген барлық еңбектерді шолғанда, оны екіАғылшын оқымыстысы Д. Стилдің 1776 жылы шыққан «Prosodia Rationalis»Біздің ғасырымыздың басында жазылған Д. Джоунздың «Ағылшын тілінің жөнінде біздің дәуірімізге мейлінше жақындап келетін түсінікті Ш. П. Жиро-Дювивьенің
ХІХ ғасырыдң аяғы мен ХХ ғасырыдң басында лингвистикада сөйлеу
Интонацияны зерттеу тарихы екі дәуірге бөлінетін болса, соның бірінші
Бұл дәуірдегі зерттеушілердің арасында интонацияның акустикалық өлшемдері мен оныңСинтаксистік көзқарасты қолдайтындар интонацияны синтаксис көлемінде ғана қарастыру керекФонетикалық көзқарас интонация сөйлеу тілінің жалпы ағысын қамтып, оныңФонологиялық көзқарас интонацияны «Система оппозиций» - қарама-қарсы жүйелер, басқа
Біз алға қойған мақсатымыз бен тақырыбымызға байланысты сөйлеу тілін
Қазақтың төл тіл біліміндегі бірінші дәуірге жататын зерттеулер халқымыздыңБіздің ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап интонацияны зерттеу проблемасы жылдамҚазақ тіл білімінде де басқа шетел, орыс, славян тілдеріндегі1961 жылы М. Балақаев пен Т. Қордабаевтың бірігіп жазған «Қазіргі қазақТ. Қордабаев құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдерді құрмаластырудағы интонацияныңСоңғы жылдарда интонацины зерттеуде шетел тілдері, славян тілдері, оныңИнтонацияның кебір сөйлем түрлеріндегі, фразалардағы атқаратын ролін анықтайтын жеке
Сонымен, қазіргі уақытта интонация туралы, оған қатысты жеке мәселелер
Жоғарыда интонацияны зерттеу тарихының бірнеше дәуірге бөлінетіні айтылды. ОныңСоңғы кезде интонацияны жалпы тіл жүйесінің ерекше деңгейінде тұрған. Интонацияның компоненттері
Қай халықтың болса да, оның сөйлеу тілінің өзіне тән
Барлық тілдердегі интонацияның ең басты да универсалды компоненті әуен
Тілдің әуені кейде сөйлеу тілдерінің индивидуалды сөйлеу ерекшеліктеріне қарайАкустикалық жағынан қарағанда, әуен сипаты әр уақытта өзгеріп тұратынЖоғарыда айтылып кеткен факторлар сөйлеу тіліндегі интонацияның жалпы тональдыСөйлеу тіліндегі тональды контурдың жалпы бағыты түрлі-түрлі болуы мүмкін. Мысалы, хабарлы сөйлемнің интонациясының негізгі тонының жиілігі бұйрықты және
Интонацияның тональды интервалы болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Тональды диапазон дегеніміз негізгі тонының жиілігінің ең үлкен жәнеСөйлемді не басқа да сөйлеу тіліндегі синтаксистік сегменттер -
Интонацияның ұзақтылығы, яғни уақытқа байланысты сипаты сөйлемнің не сөйлеуИнтонацияның компоненттерінің бірі болып саналатын жоғарыда келтірілген ұзақтылығына әсерСөздегі, синтагмадағы, сөйлемдегі, яғни синтаксистік сегменттегі ұзақтылықтарыдң бәрі жиналып
Хабарлы сөйлем мен бұйрықты сөйлемнің қарқынын салыстырып қарасақ, бұйрықтыИнтонацияның маңызды да белгілі компонентінің біреуі - пауза.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интонацияның маңызы
Интонация компаненттерінің қызметі
Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер
Сахна тілі интонациясының дискурстық сипаты
Мектепте фонетиканы оқыту
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz