ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ
Экономика және құқық факультеті
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тарихова Дильназ Ерікқызы
«ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ: ТЕОРИЯ, ЗАҢНАМА, ПРАКТИКА»
5В030100 - «Құқықтану»білім беру бағдарламасы бойынша
Атырау, 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ
Экономика және құқық факультеті
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
PhD докторыР. Н. Шайхаденов
«__» 2022 жыл№__ хаттама
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ: ТЕОРИЯ, ЗАҢНАМА, ПРАКТИКА»
5В030100- «Құқықтану»білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған: Д. Е. Тарихова
Ғылыми жетекші: Н. А. Айтуғанов
Норма-бақылаушы: Н. А. Қобдабаева
Атырау, 2022
Факультет: Экономика және құқық ББ/Мамандық: 5В030100 - «Құқықтану» Кафедра: Қылмыстық-құқықтық пәндерДипломдық жұмыс бойынша тапсырма
Жұмыстың бастапқы деректері
Дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Тапсырманың берілген күні: «»202__ж.
Кафедра меңгерушісі:
Жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі:
Тапсырмаларды орындауға қабылдады: «»202__ж.
Студент:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУДЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
Студент: Тарихова Дильназ Ерікқызы
ББ / мамандық: 5В030100 - «Құқықтану»
Дипломдық жұмыстың тақырыбы; Прокурордың айыптауды қолдауы: теория, заңнама, практика
Студент:
қолы аты-жөні
Ғылыми жетекші:
қолы аты-жөні
АҢДАТПА
Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы органдардың өзара iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы
жүзеге асырады.
Мақалада Прокурор жүзеге асыратын қылмыстық қудалау функциясының түсінігі, мәні мен мазмұны туралы теорияда жеткілікті зерттелмеген мәселе қарастырылады. Қылмыстық іс-жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаудың маңызына талдау жасалды, сонымен қатар байланысты мемлекеттік айыптауды жетілдірудің құқықтық мәселелері қарастырылады.
АННОТАЦИЯ
Органы прокуратуры осуществляют координацию деятельности правоохранительных и иных государственных органов по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью путем достижения взаимодействия этих органов, взаимного обмена информацией и координации их действий для реализации общих задач и целей осуществляется.
В статье рассматривается недостаточно изученный в теории вопрос о понятии, сущности и содержании функции уголовного преследования, осуществляемой прокурором. Проведен анализ значимости государственного обвинения в системе уголовно-процессуальных функций, а также рассмотрены правовые вопросы совершенствования связанного государственного обвинения.
ANNOTATION
The bodies of the Prosecutor's Office coordinate the activities of law enforcement and other State bodies to ensure the rule of law, the rule of law and the fight against crime by achieving the interaction of these bodies, mutual exchange of information and coordination of their actions for the implementation of common tasks and goals of the Prosecutor's Office.
The article deals with the insufficiently studied question in theory about the concept, essence and content of the function of criminal prosecution carried out by the prosecutor. The analysis of the importance of public prosecution in the system of criminal procedural functions is carried out, as well as the legal issues of improving the related public prosecution are considered.
МАЗМҰНЫ
1. 2 Прокуратура органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі
1. 3 Прокуратура органдарының жүйесі мен құрылымы
11
17
2. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылымы мен қызметінің бағыттары
2. 1 Прокуратураның құрылымы мен қызметінің бағыттары
2. 2 Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалауы
22
22
25
3. Прокурордың бірінші сатыдағы сотта мемлекеттік айыптауды қолдауының процестік және тактикалық аспектілері
3. 1 Бірінші сатыдағы сотта мемлекеттік айыптауды қолдауы
3. 2 Прокурор айыптау функциясының субъектісі ретінде.
Мемлекеттік айыптау
3. 3 Мемлекеттік айыптау ұғымы және функциясы
3. 4 Соттағы мемлекеттік айыптауды қолдау жөніндегі қызметті
жоспарлау
28
28
35
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
40
43
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы органдардың өзара iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетiлген қызметтi Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру кеңестерiнiң шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкiн.
Заңдылықты сақтаудағы басты талаптар құқық қорғау органдарына, әсіресе сот пен прокуратура органдарына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетімізде сот төрелігін жүргізудің негізін қалаушы қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары дамуы және жетілдірілуі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, Азaматтық және азаматтық іс жүргізу кодекстерін, “Сот билігі туралы заңдардың қолданылуының кейбір мәселелері туралы”, “Қылмыстық жаза тағайындаудағы соттардың заңдылықты сақтауы туралы” Жоғарғы Сот Пленумының Қаулы-ларын қабылдауымен байланысты болды. Бұл нормативтік - құқықтық актілерді соттардың әлеуметтік әділеттілікті орнатуына, әділ сот төрелігін жүргізуді және қылмыстық заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық процестің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне бағыттайды.
Қылмыстық сот өндірісіндегі заңдылықтың дәлме-дәл нақты
сақталуының маңызды кепілі прокурордың қылмыстық сот өндірісіне қатысуы болып табылады. Бұл прокуратура органдары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес, прокуратура негізгі үш функцияны жүзеге асырады. Бірінші функция - Республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалау жүргізу. Екінші функция - Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге наразылық жасайды. Үшінші функция - сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді (мемлекеттік айыптаушы ретінде) .
Сот төрелігін жүргізудегі прокурорлық қадағалаудың ролі мен маңызы Қазақстан Республикасы Президентінің “Прокуратура туралы” 1995 жыл 21 желтоқсанда қабылданған Заң күші бар Жарлығын қабылдаумен елеулі түрде өсті. Сот төрелігін жүргізуде прокурорлардың қатысуы, соттар мен қылмыстық істерді қарауда заңда бекітілген қылмыстық істердің толық, жан-жақты және обективті қаралуы талаптарының дәлме-дәл орындалуына, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігінің сақталуын қамтамасыз етуге, соттардың әрбір қылмыстық іс бойынша заңды, негізді және әділ үкім шығаруына қадағалау жасауға бағытталған. Қылмыстық құдалауды жүргізе отырып, прокурор сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды, мемлекет мүддесін білдіреді және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүргізу аясына қамтылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып табылады. Қылмыстық сот өндірісіне прокурордың қатысу сонымен қатар, сот реформасын жүргізудегі демократия және жариялылық қағидаларын одан ары жетілдіру бағыттарының талаптарының бірі болып табылады.
Қылмыстық істердің сотта қаралуына қатысуда прокурорлар өз өкілеттілігін ҚР Конституциясы, ҚР ҚПК-сі, ҚР Президентінің “Прокуратура туралы” Заң күші бар Жарлығы және ҚР Бас Прокурорының Бұйрықтары шегінде жүзеге асырады. Прокурорлар сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының түсініктемелерін де басшылыққа алуы тиіс.
Қылмыстық іс жүргізу заңы және прокуратура туралы Заң прокурорлардың сотта қылмыстық істерді қараудағы өкілеттіктерін және заң бұзушылықтарға шара көру тәсілдерін анықтайды. Қылмыстық істерді сотта қарауда прокурорлар өз өкілеттігі шегінде: 1) қылмыстық істерді сотта қарауға дайындауда судьяның шешімдерінің заңдылығын тексереді; 2) қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, сотта мемлекет мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысады; 3) басты сот талқылауында туындаған сұрақтар бойынша қорытынды береді; 4) егер мемлекеттік және қоғамдық, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы талап етсе, арыздар береді және оны сотта қорғайды; 5) заңсыз және негізсіз сот үкімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына наразылық білдіреді; 6) қылмыстық істер бойынша аппеляциялық және қадағалау өндірісінде қорытынды береді; 7) соттардың үкімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының орындалуының заңдылығын және уақтылығын тексереді және оған қадағалау жүргізеді; 8) заңда көрсетілген жағдайларда, сот үкімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының қайта қаралуына шаралар қолданылады.
Қылмыстық істерді сотта қарауда қатысатын прокурорлардың алдында жоғарыда аталғандардан басқа, мынадай міндеттер болады: материалдық және іс жүргізушілік нормалардың бұзылуын анықтау және жою, қылмыс жасаудың себептері мен негіздерін жою және қылмыстылықпен күресудегі күш - жігерді күшейту.
Прокурорлардың қылмыстық істерді сотта қарауда қатысуында өздерінің алып отырған қызметіне қарамастан мемлекеттік айыптаушы ретіндегі заңмен бекітілген құқықтық мәртебені иеленеді және соттағы маңызды фигураға айналады.
Прокурордың бұл қызметінің бағытының негізгі нормативтік құжаты Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. ҚР ҚПК-нің 317-бабының 1 бөліміне сәйкес, прокурорлардың жеке айыптау істерін қоспағанда мемлекеттік айыптаушы ретінде бас сот талқылауына қатысуы міндетті.
Прокурор өзінің қылмыстық сот өндірісіне қатысуымен сотқа дәлелдемеулерді толық, жан-жақты және обьективті зерттеуге, тұлғаның кінәсін анықтауға, сотталушы жасаған қылмысқа дұрыс баға беруге, оған заңға негізделген әділ жаза тағайындауға және заңды үкім шығаруға көмектеседі. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін прокурорлар тек қана Конституцияда, Қылмыстық іс жүргізу заңында және басқа да заңдарда көрсетілген талаптарды ғана емес, ҚР Бас Прокурорының Бұйрықтарын да орындауы да басшылыққа алуы тиіс. ҚР Бас Прокурорының "Соттарда қылмыстық істерді қарауда заңдылыққа прокурорлық қадағалауда ұйымдастыру" Бұйрығына сәйкес, қылмыстық істерді қарауда прокурорлық қадағалау қызметінің негізгі бағыттары ретінде мемлекеттік айыптауды объективтік және белсенді түрде қолдау арқылы соттардың заңдарды тиісті түрде қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты, заңдылыққа жоғарғы қадағалау жүргізетін және сотта мемлекет мүддесін білдіретін орган бола отырып, прокурор өзінің өкілеттігін орындау кезінде ешкімге тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады. Сондықтан да сотта мемлекеттік айыптауды қолдау мәселелерін зерттеу өзіні өзектілігін ешқашанда жоғалтпайды. Керісінше, заңдылықтардағы, қылмыстылық жағдайы мен динамикасындағы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі, құқық қорғау органдарындағы кадрлық және құрылымдық елеулі өзгерістер қылмыстық іс жүргізетін органдар жүйесіндегі прокуратураның ролі мен алатын орны, олардың қадағалау қызметін жүргізудегі функциясы, өкілеттігі мен әдістері, оның ішінде сотта мемлекеттік айыптауды қолдау бұрыннан қалыптасып қалған стереотиптерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми даму дәрежесі. Зерттеудің әдістемелік негізі объективтік шындықты танудағы жалпы теориялық таным болып табылады. Құқықтық ғылымның жалпығылыми және жекеғылыми әдістері қолданылды. Бітіру жұмысының теориялық негізіне ресейлік және қазақстандық ғалымдардың еңбектеріндегі (мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқықтың, сот төрелігінің және прокурорлық қадағалау саласындағы заңгерлердің) негізгі ережелері кірді. Пркурорлық қадағалау функциясын айырудағы және мемлекеттік айыптау мәселелеріне В. Б. Алексеевтің, Б. Я. Бляхманның, Ю. И. Скуратовтың, В. М. Савицкийдің, В. И Басковтың, М. И. Шифманның, Ж. А. Туякбаевтың, П. Сергенаның және Е. А. Матвиенконың еңбектерінде елеулі мән берілді. Зерттелетін мәселеге Қазақстан Республикасының құқық - қорғау органдарының алдыңғы тәжірибелі қызметкерлерінің және прокуратура қызметкерлерінің - Ю. А. Хитриннің, М. С. Нарикбаевтың, К. Ш. Сулейменовтың, И. Ж. Бахтыбаевтың публикациялары жақсы көмегін тигізді.
Зерттеудің заңшығарушылық-нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, "Прокуратура туралы" ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы, ҚР Бас Прокурорының бұйрықтары және басқа да ведомстволық актілер құрайды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі қылмыстық сот ісін жүргізудің әртүрлі сатыларында сот шешімдер қабылдаған кезде жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізу қызметі, сондай-ақ сот шешімдерінің қабылдануына және заңды күшіне енуіне байланысты туындайтын, өзгеретін және тоқтатылатын құқықтық қатынастар.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы қылмыстық іс жүргізушілік функциялар жүйесіндегі прокурордың сотта мемлекеттік айыптауды қолдау функциясын зерттеу. Бұл мақсаттарды қарау үшін мына міндеттерді шешу қажет:
- қылмыстық іс жүргізушілік функциялары жүйесіндегі мемлекеттік айыптаудың ролі мен орнын және басқа қылмыстық іс жүргізушілік функцияларымен байланысын анықтау;
- прокурордың қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауындағы іс жүргізушілік орнын зерттеу,
- бас сот талқылауында мемлекеттік айыптауды қолдаудағы прокурордың өкілеттіктерін анықтау,
- мемлекеттік айыптауды қолдауға және айыптау сөзіне қойылатын талаптарды ашу;
- мемлекеттік айыптаудың қазіргі уақыттағы тәжірибелерін талдау;
- мемлекеттік айыптаудың одан ары жетілдіру ұсыныстарын жасау және оны негіздеу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - пайымдаудың сапасы мен тиімділігін арттыруға талпыныс.
Дипломдық жұмыс тапсырмалары:
- Айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
- Қылмыстық іс-жүргізушілік функциялар жүйесіндегі
мемлекеттік айыптаудың маңызы және орны
- Мемлекеттік айыптаудың субьектілері
- Бас сот талқылауы - қылмыстық іс жүргізудің шешуші сатысы
- Прокурордың сот тергеуіне қатысуы
- Прокурордың айыптау сөзі
Дипломдық жұмыстың әдістемелік Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізу функцияларының ішіндегі мемлекеттік айыптауды қолдау мәселесін кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Жүргізілген зерттеу прокурордың қылмыстық сот өндірісіндегі ролі мен орнын анықтауға, мемлекеттік айыптау функциясынсыз қылмыстық сот өндірісі қозғалысының мүмкін еместігін көрсетуге және қылмыстық іс жүргізушілік функциялар жүйесіндегі алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы ҚР Прокуратура қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге, сондай-ақ оның тиімділігі мен қасиетін арттыруға мүмкіндік беретін ұсыныстарды жасауда және негіздеуде жатыр. Зерттеу процесінде алынған теориялық жағдайларды " Мемлекет және құқық теориясы", "ҚР Құқық қорғау органдары", "Прокурорлық қадағалау" оқу курстарында оқуда қолдануға болады.
Зерттеудің нормативтік базасы Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру прокуратура туралы Заңда, ҚПК-нің нормаларында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген белгілі қағидаттарға сәйкес, негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Кадрларды іріктеу және орналастыру. «Прокуратура туралы» ҚР Заңында, Бас прокурордың бұйрықтарында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде прокурор (прокурордың көмекшісі) қызметіне тағайындалатын адамдарға қатысты кәсіптік те, адамгершілік-этикалық сипаттағы талаптар қамтылады.
- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ
Қазақстан үш ғасырға жуық Ресей империясының, содан кейін Кеңес Одағының құрамында болды, сондықтан республикадағы прокуратура органдарының дамуы метрополияның құқықтық жүйелерінің, түрлі құқықтық институттар мен мемлекеттік билік тетіктерінің эволюциясымен тығыз байланысты.
1991 жылы КСРО-ның ыдырауына байланысты эксперимент тоқтатылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін Республиканың Бас Прокуроры лауазымы енгізілді. 1991 жылғы 6 желтоқсанда елде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылды, ол прокуратураның қалыптасуына негіз болды.
1992 жылғы 17 қаңтарда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң қолданысқа енгізіледі, онда прокуратура заңдардың орындалуын жоғары қадағалау органы болып жарияланады. Аталған Заң 1995 жылғы 21 желтоқсанға дейін, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар жарлығы күшіне енгенге дейін күшінде болды. Соңғы Нормативтік құқықтық актінің қабылдануы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы прокуратура органдары қызметінің құқықтық аясын біршама өзгертуіне байланысты болды. Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің құқықтық саласында белгілі бір өзгерістер болды, ол жаңа мемлекеттік құрылым қағидаттарына, прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттерді жаңартуға сәйкес реформаланды. Мұның бәрі, өз кезегінде, "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" жарлыққа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етті.
Ел Парламентінің прокурорлық қадағалау мәселелері бойынша заңнамаға соңғы өзгерістер мен толықтырулар қабылдауы прокуратура органдарының Қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі қызметін жетілдірудегі кезекті қадам болды. Сонымен қатар, енгізілген жаңалықтар аясында олар Прокуратура туралы қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің атауын заң күші бар Жарлықтан Заңға өзгерткенін атап өткен жөн.
Осылайша, қазіргі прокуратураның үш ғасырға жуық тарихы бар және оның құқықтық мәртебесінің ұзақ эволюциясының нәтижесі болып табылады. Елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің қазіргі жағдайының өткірлігі прокуратураның әлеуетін одан әрі барынша пайдалану қажеттілігін талап етеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылдан бастап прокуратура мен тергеу органдары институтын дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мәселен, 1995 жылы алдын ала тергеудің Елеулі реформасы жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қазандағы "анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын ҚР арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "ҚР Мемлекеттік тергеу комитетін (МТК) құру туралы" заң күші бар Жарлықтарымен жаңа ведомстводан тыс құқық қорғау органы құрылды, ол прокуратура және ішкі істер органдарының алдын ала тергеу функцияларын өзіне алды.
Алайда, МТК-нің маңызды санаттағы істердің тергеулілігіне шамадан тыс шоғырлануы, күрделі емес және үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстық істерді тергеуге күштер мен құралдарды алаңдату, ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылдың болмауы, кейде олардың бәсекелестігі тұтастай алғанда тергеудің жаңа органы қызметінің тиімділігіне теріс әсер етті.
Осыған байланысты құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жетілдіру және қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында Президент 1997 жылғы 22 сәуірде "Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" жарлық шығарды, онда МТК мен оның жергілікті жерлердегі органдарын қоса алғанда, құқық қорғау органдарын ұйымдастыру мен олардың өкілеттіктеріне қағидаттық өзгерістер енгізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz