Оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары


С. Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Төлен Айдана Талғатқызы
Колледж білім алушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Дипломдық жҰмыс
5В012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Нұр-Сұлтан, 2022
С. Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедра
меңгерушісі
Есекешова М. Д.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Колледж білім алушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында
5В012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Орындады: Т. А. Талғатқызы
Ғылыми жетекші:
Нұр-Сұлтан, 2022
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті» КеАҚ
Факультет: Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру
Кафедра: Кәсіптік білім беру
Мамандығы: 5В012000- Кәсіптік оқыту
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Есекешова М. Д.
қолы аты - жөні
(күні, айы, жылы)
тапсырма
дипломдық жұмысты орындау бойынша
Студент Төлен Айдана Талғатқызына
(тегі, аты, әкесінің аты)
Жоба тақырыбы: Колледж білім алушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
«___»20___ж. № бұйрығымен бекітілген
Студенттің аяқталған жобаны тапсыру мерзімі
Жоба бойынша бастапқы мәліметтер
Есептік-түсіндірме жазбаның мазмұны (әзірленуге жататын мәселелердің тізбесі)
Графикалық материалдың тізімі (міндетті сызбаларды дәл көрсете отырып)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жоба бойынша кеңесшілер (жобаның тиісті бөлімдерін көрсете отырып)
Тапсырманың берілген күні
Жоба жетекшісі
(қолы, аты-жөні, лауазымы)
Тапсырманы студент орындауға қабылдады
(студенттің аты-жөні, қолы)
Пікір
дипломдық жобаға
Студент
(тегі, аты, әкесінің аты)
Мамандық/білім беру бағдарламасы
(шифр және атауы)
Дипломдық жоба тақырыбы
Пікір мазмұны
Дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісі
(лауазымы, кафедрасы, тегі, аты-жөні және қолы)
Күні
(күні, айы, жылы)
РЕЦЕНЗИЯ
дипломдық жобаға
Студент : Туленова Айдана Талгатовна
(тегі, аты, әкесінің аты)
Мамандығы
(шифр және атауы)
Дипломдық жоба тақырыбы
Дипломдық жұмыстың өзектілігі және ескертулер
Дипломдық жобаны бағалау
( жалпы баға және біліктілік беру туралы ұсыныс )
Рецензент
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Атқаратын лауазымы:
Күні
(күні, айы, жылы)
ПІКІР
дипломдық жұмысқа (жоба)
Тақырып бойынша дипломдық жоба (жұмыс) :
орындалды және түсіндірме жазбамен ұсынылған
(тегі, аты, әкесінің аты)
көлемі ___ б. және графикалық материал парақта.
Дипломдық жоба (жұмыс) мамандыққа қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес орындалды
(050718- Электр энергетикасы; 2102 - Электротехникалық желілер мен жүйелер; 2104 -Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау ; 2105 - )
1. Жоба тақырыбының өзектілігін бағалау
(ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі)
2. Жұмыстың теориялық деңгейі және практикалық құндылығы
(жұмыстың теориялық немесе практикалық құндылығы және нақты қандай тармақтар бойынша)
3. Қойылған міндеттерді шешудің нақтылығы
(жұмыстың құрылымы, орындалған жұмыстың берілген тапсырмаға және инженерлік шешімдер қабылдау мен есептеудің қолданыстағы әдістемелеріне сәйкестігі)
4 . Дербестік дәрежесі және жобалық шешімдердің жаңалығы
(әдеби көздерді, стандарттарды, нормативтік және техникалық құжаттарды пайдалану дәрежесі, степень
шетелдік басылымдар, жеке жарияланымдар мен куәліктердің болуы)
5. Ғылыми зерттеу әдістерін қолдана білу
(ғылыми зерттеулердің қандай әдістері қолданылды, алынған нәтижелердің сенімділігі, олардың жаңалығы мен практикалық құндылығы)
6. Эксперименттік зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз ету
(дипломдық жұмыстар үшін)
(заманауи талаптарға сәйкестігі, орындалуы, дәлдік сыныбы және т. б. )
7. Қорытындылар мен ұсынымдардың негізділік дәрежесі
(жоба мазмұнының тұжырымға, өндіріс пен практиканың заманауи талаптарына сәйкестігі және т. б. )
8. Жобаның техникалық-экономикалық тиімділігі (зерттеу нәтижелері) (экономикалық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік және т. б. )
9. Түсіндірме жазба мен сызбаларды ресімдеу сапасы
(Олардың қолданыстағы стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкестігі)
10. Жобаның жекелеген бөліктерінің бір-біріне сәйкестігі
(жеке бөлімдердің өзара байланысы және ішкі бірлік)
11. Материалды ұсынудың сауаттылығы мен логикалық реттілігі; нақты қателіктердің болуы
12. Бағдарламалық қамтамасыз ету сапасы; автоматты жобалау жүйелерін, интеграцияланған бағдарламалық пакеттерді, дерекқорларды пайдалану дәрежесі; басып шығару мазмұны және т. б
13. Ұсыныстар мен ескертулер
(қабылданған инженерлік шешімдерге, МЕМСТ ЕСҚД сақталмауына қатысты 4-5 маңызды ескертулерден кем емес)
Жоғарыда айтылғандардың негізінде диплом қорғаушысының дипломдық жобасы (жұмысы) деп санаймын
(тегі, аты, әкесінің аты толық)
біліктілік жұмысына қойылатын барлық талаптар
(қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды)
бағалаумен орындалды
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы)
және көпшілік алдында қорғауға және біліктілік беруге (ұсынылады немесе ұсынылмайды)
мамандық бойынша
( инженер, бакалавр, магистр)
(мамандық шифры және атауы)
Пікір беруші
(ғылыми дәрежесі, атағы) (қолы) (ТАЖ)
лауазымы және жұмыс орны)
Мазмұны
Кіріспе . . .
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар . . .
Қысқартулар мен белгілер . . .
1 Колледж білім алушыларының танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Студенттердің танымдық белсенділігін дамыту мәні, мазмұны және құрылымы . . .
1. 2 Оқу үдерісінде білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттары . . .
1. 3 Шығармашылық дербестік - студенттердің танымдық белсенділігін арттыратын фактор . . .
2 Колледжде білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытудың практикалық аспектілері
2. 1. Студенттердің танымын қалыптастырып, дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері . . .
2. 2. Оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары . . .
2. 3. Педагогикалық тәжірбиенің нәтижелері мен ұсыныстары . . .
Экономикалық негіздеме . . .
Қоршаған ортаны қорғау . . .
Еңбек қорғау . . .
Қорытынды мен ұсыныстар . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыста келесідей нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30. 08. 95ж.
- Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 15. 08. 2007ж.
- Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы
- Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
- ҚР Еңбек Кодексі, 12. 06. 2007ж.
- Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
Анықтамалар
Дипломдық жұмыста келесідей анықтамалар қолданылды:
Танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Танымдық белсенділік - білім алушының оқуға, білуге деген ынта -ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Оқыту алгоритмі - белгілі бір түрдегі есепті шығаруда қатаң ережелердің қажеттілігін бекітеді, себебі оқу үдерісі ауыр да сенімсіз, егер типтік есептер шығаруда оқушы жаңа тиімді жолдар іздеп, математикалық есептерді толық сандармен, бөлшектермен шығаруда белгілі бір ережеге сүйеніп, оңтайлы жолын таным қабілеттілігінің жоғарылығының арқасында табу.
Оқытуды технологияландыру немесе компьютерлеу - жалпы адамның танымдылығының құралы ретінде компьютердің қолданылуы, білімнің пайдалану мүмкіндіктерін көбейтеді, ойлау әрекеттерінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту сапасын арттыру мақсатында қазіргі таңда кең тараған.
Дифференциалдап оқыту - ешқандай есту, көру, сөйлеу және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушыға бұл жуықтаудың көмегі, ол яғни барлық нақты танымдық іс-әрекеттің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктеріне иегер бола алатындығын көрсетеді.
Қысқартулар мен белгілеулер
Дипломдық жұмыста келесідей қысқартулар мен белгілеулер қолданылды:
ҚР - Қазақстан Республикасы
т. б - тағы басқа
т. с. с - тағы сол сияқты
МЕСТ - Мемлекеттік стандарт
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Біздің мемлекетіміздің басты байлығы, асыл қазынасы - адам және оның өмірі сондай-ақ оның құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Соның бірі - біздің еліміздің азаматтарының тегін білім алу мүмкіндігі[1] .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: Білім беру жүйесі тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлін атап көрсете келіп, «педагог-қызметкерлер, білім алушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті»-делінген [2] .
Ұлтымыздың болашағы мен егемен еліміздің ертеңі білім алып жатқан әрбір жас ұрпақтың ойлау деңгейіне, іскерлік қабілеттілігіне, алған біліміне байланысты. Сондықтанда мемлекетіміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді, іскер, ізденімпаз, саналы жас ұрпақты қалыптастыру бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты болып отыр.
Білім беру жүйесінің философиясына және педагогика ғылымыныың талабы жылдан жылға жаңара түсуде десек артық етпес. Педагогика білімінің білім алушы үшін, еліміздің келешегі алдында алатын орыны ерекше. Жылдан жылға, қоғам талабы өзгерген сайын, жаңа технологияларға және білім берушілерге деген сұраныс та, талап та ұлғая түсуде. Біздің басты мақсатымыз - өзін -өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, өз бағыт - бағдарын айқындай білетін, өзін - өзі үнемі жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту жолдары жоғары оқу орындарындағы зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктермен тығыз байланысты білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» делінген, яғни бұл бағыт білім алушылардың білімінің халықаралық деңгейге жетуін талап етеді [3] .
Жалпы, білім алушылардың танымдық белсенділігі оның интеллектісін яғни ойлау қабілетін анықтайды. Білім алушылардың өзіндік танымдық қабілеттерін дамыту үшін қажетті, арнайы шығармашылық жұмыстар таптырмас құрал болып келеді. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі білімді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үдерісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік үдерісте алатын орны оның үкіметі мен халқының Қазақстанды материалдық емес, парасат-пайымға негізделген, әрі білімді мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Дәл осы себеппен әрбір педагог алдына үлкен жауапкершілік, нақты міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу үшін мұғалімдердің білім алушыға берілетін білім негіздерін олардың танымдық іс-әрекетінің берік негізі, әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үдерісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, арттыруды, сан алуан педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізу басты талап етіліп алынып отыр [4] .
Міне, сондықтан танымдық белсенділікті дамыту заман талаптарына сай келуі осыған байланысты. Жалпы студенттердің әрқайсысы әртүрлі болып келеді, мәселен біреуінің есте сақтау немесе танымдық қабілеті төмен болса, екіншісі одан әлдеқайда артық болады. Танымдық белсенділігін арттыру жүйесінде білім алушының барлық мақсаттары мен шешімдері оның келешек дамуына бағытталған. Осы тұрғыда білім алушылардың танымдық белсенділік бойынша жасаған іс-әрекеттеріне аса көңіл бөлу қажет. Себебі, оның жасаған іс-әрекеті оның ойлау қабілеті, яғни интеллектінің көрінісі. Олай болса, студенттерің өз ойын еркін әрі нақты жеткізе білуі, болып жатқан жағдайларға қатысты дұрыс ойлай білуі оның танымдық белсенділігі үшін маңызы зор деуге болады.
Оқу үрдісінде білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдістері мен тәсілдері, және оның жолдары, танымдық белсенділіктің маңызы туралы зерттелген еңбектерді атап өтер болсақ: Я. А. Коменский, Ы. Алтынсарин, П. И. Пидкасистый, Ю. К. Бабанский және т. б. еңбектері.
Қазіргі кезеңде әрбір білім ошағында білім алып жатқан студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары мен оны оқу-тәрбие ісінде қолданудың маңызы ерекше.
Зерттеудің мақсаты: білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі: колледждегі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында танымдық белсенділікктің педагогикалық шарттар жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер де колледж білім алушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін, білімді меңгеру механизмінің өзгерісі қажет болса, онда жаңа білім білім алушыларға дайын үлгі түрінде берілмейді, оны олар өзіндік іздену әрекеті үдерісінде алар еді, өйткені , бұл ретте, білім алушының алған білімі тереңдеп, ізденісі артып, бәсекеге қабілетті әрі іскер тұлға қалыптасады. Оқу тапсырмаларын логикалық және практикалық шешу үшін тиімді жағдай жасауда ескеретін білім алушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру келесі негізгі міндеттерден тұрады:
- Білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
- Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ерекшеліктерін айқындау;
- Колледж студенттерінің танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- Танымдық белсеенділікті дамытуға арналған арнайы әрекеттің нәтижесін талдау.
Зерттеудің жетекші идеясы: білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі құралы болуымен қатар, колледж студенттерін қазіргі заман талабына сай етіп қалыптастыру оларды дағдыландыру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: танымның диалектикалық теориясы; қоғам, оқу орынындағы, жеке тұлғаның өзара байланысы, тұлғалық-бағдар теориясы, әлеуметтік орта теориясы, оқу үрдісін басқару теориясы.
Зерттеудің деректі көздері: педагогтардың, психологтардың, философтардың танымдық әрекеттері, таным, білім, тұлға мен оның әрекеті туралы ғылыми зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, оқулықтар, бағдарламалар мен оқу әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқулықтарға, бағдарламаларға, оқу әдістемелік құралдарға талдау жүргізу, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін эксперимент арқылы тексеру, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу негізінде алынған ғылыми нәтижелер мен тәжірибелік-әдістемелік нұсқаулар оқу орындарында танымдық белсенділікті дамытудың жолдары ретінде қолданыла алады.
Диплом құрылымы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Колледж білім алушыларының танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың мәні, мазмұны және құрылымы
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, білім алушының тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады. Сондай-ақ, білім беру үрдісіндегі білім беру және оқыту мәселесінің ең басты талабы ол - танымдық белсенділік пен танымдық дербестік.
Білім алушылардың жаңа мен ескіні байланыстырып, ажырата алатындығына, алған теориялық білімін тәжірбиеде пайдалануына, айтқан пікірлеріне, алдыға ұмтылысына қарап бұл талаптың орындалуын байқауға болады. Білімді саналы түрде меңгеру білім алушының өз бетінше ұмтылысына тікелей байланысты. Білім алушының танымдық белсенділігін дамыту - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі білім алушының алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Дәл осы себеппен білім беру барысында білім алушының танымдық белсенділігін оның іс-әрекетімен байланыстыру талабы туындайды[8] .
Танымдық әрекет негізінде білім алушының танымдық белсенділігі айқындалады. Танымдық белсенділік - білім алушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің жаңа түсіндірген тақырыбын ұғыну үшін, білім алушы сол тақырып бойынша өз бетінше жаңашыл нәрсе іздеуі, және оны тәжірбие жүзінде байқап көруі танымдық белсенділікті дамытудың мақсаты. Өтілген ескі материалды қайталауда, жаңасын игеруде, және оны тәжірбиеде көрсетуде белсенділіктің орны ерекше. Яғни, белсенділік бастан аяқ оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы керек. Білім алу барысында студенттердің танымдық белсенділігін оның сөйлеу және ойлауы, әрекет етуіне, оның ізденімпаз және байқағыштық қасиетіне қарап білуге болады. Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру және оны қалыптастыру бойынша көптеген педагогтердің, ғалымдардың, әдіскерлердің жұмыстарынан яғни жазған кітаптарынан байқауға болады[9] .
Сан жылдар бойы жаңашылданып, дамып келе жатқан білім беру тарихының алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық іс-әрекетке қатысты, әсіресе танымдық белсенділікті зерттеу және оны талдау негізінде төрт негізгі бағытты атап көрсетуге болады.
Әлеуметтік -педагогикалық бағыт байырғы кезеңнен бастау алады. Оның әйгілі өкілдеріне ежелгі грек ғұламалары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, әр қилы жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген. Олардың пікірінше, белсенді ойлай білу адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып іздену арқылы өз бетімен білім алады. Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді. Ол өз кезегінде Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты. Енді білім алушыларды өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат етіп тәрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды[9, 10] .
Дидактикалық - әдістемелік бағыт чех елінің белгілі педагогы Я. А. Коменский еңбектерінен бастау алады. Оның «Ұлы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, студенттер өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен білім алушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады. Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы өз жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж. Ж. Руссоның, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.
Психологиялық- дидактикалық бағыт К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин еңбектерінен бастау алады. Білім алушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары ретінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу нысаны ретінде көрсетілуімен сипатталады.
К. Д. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне ерекше мән беріп, "өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден- бір жолы" деп есептеді. Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді. К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет білім алушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды[11] .
Ы. Алтынсарин оқыту үдерісінде білім алушының жетістікке жетуіндегі және өз бетінше жұмыс атқаруда мұғалімнің ролі зор екенін айтады. Ал К. Д. Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, мұғалім бағыттаушы ғана, ал білім алушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті. Бұл бағытта П. Ф. Каптерев, А. П. Вахтеров, Ы. Алтынсариннің және т. б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады. В. П. Вахтеров білім алушының танымдық белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді[12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz