Суммативті бағалау құрылымы


Тақырыбы: Бастауыш мектепте суммативті бағалау жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 3
- БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДІЕРІБастауыш мектепте суммативті бағалау жүйе мазмұнынының негізгі теориялық аспектілері . . . Суммативті бағалау құрылымы . . .
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР
2. 1 Бастауыш мектепте суммативті бағалау жүйесін қолданудың тиімді жақтары . . .
2. 2 Бастауыш мектепте суммативті бағалау жүйесін қолдану әдістемесі және оның нәтижелері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін суммативті бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа суммативті бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:
- Білім алушы оқытудың қай сатысында?
- Олар білім алуда неге талпынады?
- Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың ендігі жерде басты іс - әрекеті ойын емес, оқу болып табылады. Егер оқу барысында баланың білімін дұрыс бағаламаса, баланы жалықтырып жіберетіндей дұрыс ұйымдастырылмаса, онда бастауыш мектеп оқушыларының бойында оқуға деген ынта мен қызығушылық төмендейді. Адамның өмірі мен іс-әрекетінде ба, алау жүйесінің алатын орны ерекше. Қазіргі жағдайда білім беру саласын дамуында уақыт талабына сай білім беруде оқыту әдістерін өңдей отырып, жан- жақты дамыған оқушы тәрбиелеу мәні мәселе болып отыр. Қазіргі мектеп оқушысына қойылатын мақсат - міндеттердің күннен-күнге өсуі білім беру мекемелерінде оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін үлкен ізденіс пен шығармашылық қалыптасу жолын талап етеді.
Біздің қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық реформалануы адам өмірінің барлық сферасында саналылық деңгейін, сонымен қатар адам мәңгілігінің қалыптасуының негізгі бағыты ретінде оқушыға білім беруші субъект - мұғалімнің кәсіби деңгейінің жоғары болуын көздейді.
Болашақ ұстаз болғандықтан «Бағалау» сөзі мен үшін және менің алдымнан білім алып отырған әрбір қаракөз қазақ балалары үшін маңызды деп білемін. Қазақ халқының кемеңгер ұлдарының бірі, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Оқытушыны бағалағанда олардың ісіне қатысы жоқ, сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне яғни оқушыларына қарап бағалау керек»-деген қанатты өсетінің өзектілігі бүгінгі таңда да айқын сезіледі. Кез-келген оқушы алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгілі машықтан өткен кезде оқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан, бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Жалпы қазіргі кезде оқушылар күнделікті белсенді болып жауап береді, бірақ бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау балы жетпей қалса, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес», - дейді Мұхтар Әуезов. Мен осы ойға қосыламын, себебі тек жақсы оқитын балаларды көтермелеу дұрыс емес. Теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы үлкен оқушыға артылған жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін.
Диплом жұмысының мақсаты: бастауыш мектепте оқушыларды суммативті бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу арқылы дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Оқу үдерісінде суммативті бағалаудың ұғымдарын теориялық зерттеулер негізінде талдау;
2. Суммативті бағалау жүйесі арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Суммативті бағалау арқылы оқушылардың дамуын эксперименталды зерттеу;
Дипломдық зерттеудің нысаны: бастауыш мектеп оқушылары;
Дипломдық зерттеудің пәні: суммативті бағалау жүйесі арқылы білім алушыларды дамыту үрдісі
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектеп оқушыларына бағалауды суммативті жүйені дұрыс ұйымдастырсақ, онда оқушыларға қолжетімді, нақты, үздіксіз білім бере аламыз.
Ғылыми жаңашылдығы мен және практикалық маңыздылығы:
- суммативті бағалауға байланысты әдебиеттер жүйеленді;
-«суммативті бағалау», «критериалды бағалау» ұғымдары ғылыми тұрғыда сипатталды;
-суммативті бағалаудың нақты жолдары анықталды;
-зерттеу материалдары бастауыш мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалана алуына болады.
Зерттеу жұмысының базасы: Зерттеудегі эксперименттік істерін ашатын тәжірибелік жұмыстар Шымкент қаласындағы Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп гимназиясы.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымша және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Бастауыш мектепте суммативті бағалау жүйе мазмұнынының негізгі теориялық аспектілері
Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсату болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат «Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында» бұл мәселеге жоғары мән берілуде. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз процесі деп көрсетілген. Еркін елдің ертеңі кемел білім мен кенен ғылымда деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаева айтқандай, кемел білім мен кенен ғылымды игеру үшін білімді ұрпақ қажет. Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине, білім сапасын арттыру қажет. Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критерийі. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Суммативті бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «суммативті бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада - бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларының мазмұнынақты өмірмен, практикалық бағыттылықпен тығыз байланысты, байқаушылық, қызығушылық, ақпаратпен жұмыс істей білу және өзінің көзқарасын білдіре алу сияқты дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Демек, бастауыш мектепте оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру басталады. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулерге сүйенсек, бастауыш мектеп оқушыларының үлгерімдері мен оқу қабілеттері жөніндегі ұғымдар арасындағы байланыс өзара әсер ету сипатында болады. Оқудағы табыстар өзіне- өзі баға беруді жеткізеді, ал өзін-өзі суммативті бағалау өз кезегінде күту, талпыныс деңгейі, стандарт, мотивация, өз күшіне сену механизмдері арқылы оқу табыстылық деңгейіне әсер етеді. Өзіне-өзі баға берудің төмендеуі оқушының өз күшіне сенімсіздігін білдіреді, ал нашар үлгерім өзіне-өзі баға беруді төмендетеді. Жалпы, білім беру жүйесіндегі бүгінгі күнгі бағалау (бес балдық жүйе) өз қызметін толық атқарып келеді. Жан-жақты ақпараттанған, техникалық құрал жабдықтың тетігін білген икемді және белсенді өсіп келе жатқан кез-келген баланы бүгінгі бағалау дәрежесі қанғаттандырмайды. Суммативті бағалау - баланың психикалық дамуымен тығыз байланыста жүретіні рас. Сондықтан, бүгінгі күннің жеткіншектің талабына қазіргі заманға сай жаңа технологиямен қамтамасыз етуді қажет ететін тың идеяларға негізделген бағалау жүйесі өте қажет болып отыр. Суммативті бағалау ісі баланың психологиялық дамуына тікелей әсер етуші фактор. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жердегі негізгі мақсат - оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқудың кері байланысын есепке алу. Өйткені, оқушының оқу жетістіктері оның тек алған білімдерінің сапасымен өлшенбейді, басты рөлде оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту және алған білімін күнделікті өмірде қолдана білу екендігі сөзсіз аян. Сабақ қызық болғанда оқушыға барлығы түсінікті болады. Қазіргі кезде елімізде сабақтың сапасын арттыру негізгі мәселеге айналды [1] .
Суммативті бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. «Оқыту дедуктивті сипатта болғандықтан, біз оны тікелей бақылай алмаймыз», - дейді Дейл Шунк өзінің «Оқыту теориясы» еңбегінде. Ол тек нәтиже арқылы, яғни оқушылар не істеді, не айтты - сол арқылы ғана анықталады. Оқушылармен жұмыс жүргізетін зерттеушілер мен практик-мамандар оқушылардың білім алатынына шек келтірмесе де, нақты нені үйренгеніне көз жеткізу үшін олардың жетістіктерін бағалауы тиіс. Суммативті бағалау термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандықтан, бір адам келесі адамның не айтып, не істегенін немесе өзінің іс-әрекетін бақылауы деуге болады. Бүгінде жыл соңында әрбір мектеп, ЖОО өзінің үлгерім нәтижесін анықтап, есеп береді. Бұл да суммативті бағалаудың бір түрі. Бұл мәселеге қатысты екі нәрсені айта кеткен жөн: бірінші - мектептердің осылайша есеп беруінің нәтижесінде емтихан білімді бағалау тәсіліне айналса, білімді бағалау, өз кезегінде, тестілеуден басқа да білімді өлшеу тәсілдерін қамтиды. Екінші, контенттік тұрғыдан қарастырар болсақ, негізгі бағалануы қажет нәтиже - оқушылардың дағдысы. Бірақ зерттеушілер мен практик-мамандарды оқытудың басқа түрлері де қызықтыруы мүмкін. Мысалы, «оқушылар жаңа көзқарастар мен өзіндік бақылау жолдарын үйренді ме немесе контенттік оқыту нәтижесінде олардың мүдделері, құндылықтары, өзіндік тиімділігі мен ынтасы артты ма?» деген сауалға жауап іздеуі ықтимал. Біз көп жағдайда бағалау деп Мектепте зерттеліп отырған білім беру факторы деп оқушының әр салада қол жеткізген жетістігін айтамыз (оқу, жазу, есеп шығару, ғылым) . Бағалауды оқушы немесе студенттің білімін тексеру үшін керек деп түсінеміз. Тіпті кей жағдайда сол күнгі сабақтағы оқушының білімбілігін емес, оқушының болмысын бағалап жататын сәттер де болады. Бағалау мен баға қоюды ажырата алмай жатамыз. Психологиялық, педагогикалық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, бағалаудың білім алушының мінез-құлқына, ынтасына, білімге деген құштарлығын арттыруға тигізер әсері өте мол.
Шетелдік тәжірибемен қатар, өз еліміздегі бағалау тарихына зер салсақ, 1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйемен бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. Оқу нәтижесін балл бойынша бағалау әрқилы көзқарастар туындатты. 1917 жылдан соң оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды. 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен балдық бағалау мектеп тәжірибесінен алынып тасталды. Оқушылармен өтілген тақырып бойынша мерзімді әңгіме-сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары туралы баяндамаларын тыңдау ұсынылды. Оқушылардың ұжымдық жетістіктері негізге алынды. 1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман», «өте жаман» енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталынды. 1944 жылдың қаңтарынан бастап оқушы білімі мен тәртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен алмастыру жөнінде шешім қабылданды [2] .
Суммативті бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:
- Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Суммативті бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
- Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Суммативті бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
- Ашықтық және қолжетімділік. Суммативті бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
- Үздіксіздік. Суммативті бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
- Дамуға бағыттау. Суммативті бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Суммативті бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
- Оқу бағдарламасы;
- Оқу жоспары;
- Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
- Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
- Жинақтаушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
- Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
Суммативті бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша ҚР МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды. Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы анықталады [3] .
Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады. Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мүғалімнің сабақ жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мүғалім оқушының оқу материалын меңгеру дөрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта окушылардың оқу жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғында білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е. С. Березняк, В. И. Иващенко, А. К. Исаков, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В. О. Онищуктің ғылыми - педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды үйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Коган және т. б. теориялық талдау жасаған .
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің "5" балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындык. дережесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нетижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы жөне практикада қолдану тәжрибесі арасында әлі де болса қарама- қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
ХХ ғасырдың 30 жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алушы бақылау
(Е. В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П. Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады.
1940 - 1960 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжрибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е. И. Перовский), оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Окушыларды бақылау әрі оқытуды, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оқушыны дамыту қызметі ойластырылды (Н. Т. Дайри) .
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70 жылдары Педагогика ғылымы Академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
1980 жылдардан бастап оқыту нәтжесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда [3. 1] .
Дегенмен де, бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау - бір нәрсені кең көлемде тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және суммативті бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырьш, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жүмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Дамыту қызметі барысында оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Суммативті бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz