Көлдер мен бөгендер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Зерттеу өзектілігі.

Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97% құрайды және жер планетасы бетінің ауданның 78% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігіндегі мұхиттың алатын орны ерекше. Онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассасының өндірісіне қамтамасыз ететін толып жатқан. Химиялық реаекциялар жүреді. Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен клеткаларының құрамына кіреді. Жануарлар мен өсімдіктер организмдегі өте күрделі реакциялар тек қана су қатынасында жүре алады. Жер планетадағы климатына көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне қалыптасады.

Мұхиттардағы судың беткі бес жүз метрлік қабаты ондағы планктон сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе бір жыл ішінде мұхиттағы бар су планктон арқылы тазарып отырады. Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3, 5% болса химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99, 9% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт т. б. иондардың үлесіне тиеді.

Су әлемнің ең үлкен байлығы бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.

Жердегі су ресурстары жалпы алғанда жер бетілік және континентальды сулар. Бүкіл әлемдік мұхит сулары және жер астылық сулар болып үшке бөлінеді. Континентальды суларға өзен, көл, теңіз, батпақ, атмосфералық жауын - шашын сулары, мұздықтар суы, бүкіл әлемдік мұхиттар мен оларға құятын теңіздер ал жер астылық суларға топырақ, ылғалдары жер астының грунт сулары жатады.

Судың химиялық құрамы бір біріне байланысыз, екі фактордың тарихи табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік фактордың әсерінен қалыптасады.

Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті: оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше класификациялауға болады (1г\м) .

Тұщы су - 1

Тұздану - 1-25

Тұзды - 26-50

Ащы - > 50

Жер бетіндегі тұщы су қорының 97% Антарктида, Греландия полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтарды жер бетіне бірдей етіп болса, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар еді. Бірақ осындай тұщы су қорын пайдалану әлі күнге мүмкін болмай отыр.

Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетіспеушілігі түсінікті жағдай деуге болады.

Табиғатта су үздіксіз жүріп отырады. Күн әсерінен мұхит суларының, құрлықтың беттерінен және өсімдік транспирация арқылы су үздіксіз буланады. Нәтижесінде атмосфера сумен қанығады.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазiргi таңда əлемнiң көптеген елдерiнде тұщы судың дефицитi байқалып отыр. Бұл жағдай су қорының құрлықтас бiркелкi таралмағандығынан, халық санының өсуiнен жəне өндiрiс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуынан қалыптасып отыр. Жүргiзiлген еесптеулер бойынша, жер шарында суды əртүрлi мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150км3, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км3 алынады. Былайша айтқанда, суды пайдаланудан қоры əлдеқайда көп жəне жеткiлiктi болу керек. техника және технологиямен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ауыл шаруашылығында бірден-бір мақсаттары болып отыр.

Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойған міндеттер:

Суды тиімді пайдалану заңдылықтарына сипаттама беру;

Ауыл шаруашылығында судың маңызын анықтау.

Практикалық маңызы:

Қазақстанда суды тиімді пайдалану мәселелерін экомикалық географиялық маңызына, заңдылықтарына түрлеріне байланысты олардың ерекшеліктерін зерттеу мақсаттары алға қойыла басталды;

Ауыл шаруашылығының бәсекеге қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.

Мектеп бағдарламасында 9-10 сыныптар аралығында география сабағында бұл жобаны пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Қазақстанда су мәселелерін экомикалық географиялық бағалау.

2. Суды тиімді пайдалану маңызына заңдылықтарының негізін құру оқушыларға білім берудің негізгі бір құралы екендігі туралы тұжырымдамалар.

Зерттеу жұмысының міндеті:

Судың заңдылықтарын зерттеу арқылы анықтау;

Қазақстанда ауыл шаруашылық мәселелерінің қиындықтар туындау себептерін анықтау;

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Аграрлық сектордағы судың ерекшеліктерін анықтау;

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары халық үшін судың тиімділік, заңдылықтарын зерттеу арқылы анықтау;

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі мәселені қарастырған бөлімдерден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының проблемасы:

Қазақстанда судың маңызын анықтау;

Суды ауыл шаруашылығында тиімді пайдалануды оңтайластыру;

Зерттеу объектісі:

Ауыл шаруашылығы экономикасының ерекшеліктері.

Зерттеу пәні:

Суды тиімді пайдалану заңдылықтарына талдау жасау;

Зерттеу жұмысының болжамы:

Суды тиімді пайдаланудың мәні ашылып, қалыптасуының маңыздылығы деп танылса;

Суды тиімді пайдаланудың проблемаларының мазмұндық моделі жасалса;

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Суды тиімді пайдаланудың ауыл шаруашылығы кешенінің нарықтық экономикасын зерттеу арқылы анықтау;

Суды тиімді пайдаланудың түрлеріне талдау жасау;

Зерттеудің теориялық негіздері:

Су жайлы әдебиеттер мен әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғалымдардың соңғы пікірлері басшылыққа алынды.

Зерттеу көздері: Баешов Ә. Б. “Экология және таза су проблемалары”,

Дәрібаев Ж. Е., Баешов Ә. Б., Қазақстан суды тиімді пайдалануды зерттеуге елеулі үлес қосқан Л. И. Просолове, С. С. Неустреуев, А. м. Безсонов, Р. И. Аболин, А. В. Мухля, С. Исоколов, О. О. Оспанов, В. М. Боровский, Е. УЖамалбеков, А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков, М. Р. Рубенштейн, Ж. А. Аханов сияқты ғалымдардың еңбектерен атап өткен жөн.

Суды тиімді пайдаланудың ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажыратын өзіне тән ерекшеліктері бар.

Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері:

Зерттеу үш кезеңге бөлініп жүргізілді.

Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізіліп, материалдар жинақталды, жоспар жасалды, ұсынылып отырған тақырыптың мақсат, міндеттері айқындалды, бақылау жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда суды тиімді пайдаланудың мәселелерін бағалануына талдау жасалып, олардың ерекшеліктері нақтыланды.

Екінші кезеңде Суды тиімді пайдалануға арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, бағдарламалар мен оқулықтарға жан-жақты талдау жасалынды. Суды ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолдану жолдарына назар аударылып, эколгиялық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде Қазақстанда суды тиімді пайдаланудың мәселелерін экомикалық географиялық бағалануы таралуына байланысты материалдар жинақталды. Суға, қоршаған ортаға бақылау эксперименті жүргізілді. Эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланып, ұсынылған әдістеменің ұтымдылығы анықталды.

І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.

1. 1. Қазақстан өзендері.

Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су- баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі.

Су адам және жануарлар денесінде қажетті түрде кездесетін құрамды бөлік. Ересек жануарлардың жалпы массасының 45-70%-і, ал адам мен жануарлар эмбриондарының 97%-і судан тұрады. Сондақтан да, денедегі судың өзгеруі организмге тікеле әсер етеді. Егер денедегі судың 10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. Ал су мөлшерінің 20-25 % азаюы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Кейбір жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар т. б. ) тек суда өмір сүреді.

Ауа райы өте ысыған кезде (температура 35-40 С-ға жеткенде), адамдар мен жануарлар денедегі судың азаюйын ауыр сезінеді. Бұл жағдайда организмге керекті су мөлшері 2-3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюын әкеліп соқтырады.

Жер көлемі жөнінен әлемде 9 орынды иеленетін Қазақстанның сумен қамтамасыз етілуі жағына келгенде ауыз толтырып ештеңе айта алмайды екенбіз. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің есептеп шығарғанындай, соңғы 50 жыл ішінде біздегі су қоры 20 миллиард текше метрге азайған. Ал, ең қиыны - бұл процесс соңғы жылдары әжептеуір қарқынмен үдеп келеді. Су ресурстарының азаю процесін экологтар еліміздегі өзен-көлдердің шекара аймағында орналасуымен байланыстырады. Елдегі су ресурсы бір жыл ішінде орта есеппен 100 текше шақырымды құраса, оның тек жартысынан сәл асатын мөлшері ғана өз аумағымыздың еншісіне тиеді екен. Ал, қалған бөлігі көрші елдерден - Қытай, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан бастау алатындығы тағы белгілі. Су көзі - қай заманда да сол елдің басты қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар стратегиялық табиғи байлық.

Жақында Еуроодақтың арнайы комиссиясы әзірлеген «Қазақстан Республикасында экологиялық саясат механизмін енгізу» жобасының жетекшісі Расселл Фрост журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында «Қазақстан Балқаш көлінің су қорын сақтау үшін Қытаймен жаңа келісім жасауы керек» деген тұжырым түйді. «Келіссөздер аса маңызды сипат алуы керек. Өйткені, Балқаш көліне құятын өзендердің барлығы өз бастауын Қытай Халық Республикасынан алады». Расселл Фрост ұсынған бұл жобаның астарында Орталық Азия, әсіресе, Қазақстан аумағындағы су көздерінің тартылып, өзен-көлдер деңгейінің төмендеп бара жатқан жаһандық проблема тұр.

Қазақстанның кең байтақ даласы, шынында да, су көздеріне аса зәру. Бүкіл аумағының 60-70 пайызын тек шөл және шөлейт жерлер құрайтын біздің елімізде су қорының азайып бара жатқандығы туралы құрылықтық деңгейде дабыл қағудың экологиялық өзіндік заңдылығы да жоқ емес. Кеңестік кезеңде Ресей өзендерінің арнасын Қазақстанға бұру жобасы аяқсыз қалғаны белгілі. Өйткені, жерасты су көздерінің бір-бірімен ұштасып жату заңдылығын бұрын КСРО ғалымдары анықтап, әлемдік картаға түзетулер енгізген болатын. Ал, Расселл Фростың айтып отырғаны соның жалғасы іспетті.

Еліміздегі су қорының қазіргі хал-жағдайын білу үшін бірер цифрға үңілсек, соның өзі жеткілікті. Қазақстан сумен қамтамасыз етілуі жағынан ТМД елдері арасында соңғы орындардың бірінде тұр. Ғылыми тілмен айтсақ, әрбір қазақстандық бір жыл ішінде 6 мың текше метр су жұмсайды екен. Ал, көктемде суын бұруға көлгірситін айырқалпақты көршілерімізде бұл цифр 11 мың текше метрден асатын болып шықты. Бүгінде республикада құбыр арқылы жүретін сумен қала халқының 70-75 пайызы ғана қамтамасыз етілсе, орта­лықтандырылмаған су жүйесі көздерімен қазақстандықтардың 15-18 пайызы қамтылады да, ал, қалған тұрғындар тек тасып әкелінетін және ашық көздерден алынатын суды місе тұтады.

Еуроодақ комиссиясының Қазақстанның су ресурстарына бұлайша жанашырлығын түсінуге болады. Біріншіден, біздегі су көздері бастау алатын Аспан асты елінің экономикасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Демек, өнеркәсіп өндірісі мен халық тұтынуына қажетті судың мөлшері де күрт артып отыр. Мұндай жағдайда Қазақстанның сусыз қалу қаупі жоқ емес.

Екіншіден, Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендерді бөлісу, пайдалану және оның тазалығын сақтау жөнінде халықаралық нормаларға сәйкестендірілген заңдық механизм жоқ.

Бүкіләлемдік экологиялық зардаптарға алып келген Арал қасіретін өз аумағында бастан кешірген елдің ендігі жерде Балқаш тағдырына бей-жай қарай алмайтындығы да сондықтан. Егер Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 метрден аспайтынын ескерсек, әрбір метр судың жоғалуы қаншалықты зардап туғызатынын түсіндіріп жатудың өзі артық. Экологтардың зерттеуіне сүйенсек, қазір Балқаштың жағалық аймақтарының шөлейттену процесі анық байқала бастаған. Құрғау аймағы су айдынының үштен бірін құраса, 16 көл бассейнінің тек 5-еуі ғана қалған. Қапшағай су қоймасының төменгі ағысы, яғни, Іле өзенінің деңгейі де таязданып барады.

Мемлекеттер арасында шекара бойындағы су ресурстарының қалыптасқан халықаралық заң нормалары бар. 2001 жылдың қыркүйегінен бері КХР және ҚР Үкіметтері арасында осындай шекара аймағындағы өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жұмыс істеп келеді. Егер Қытайдың 1988 жылы қабылдаған Су кодексінің талаптарына қарасақ, шекара аймағындағы өзендердің су ресурстарын пайдалану туралы мүмкін болатын халықаралық келісім ережелері бойынша суды пайдалану мәселелерін елдің аумақтық басқару органдары түбегейлі түрде өз пайдасына шешетіндігі айтылған. Бәлкім, Еуроодақ жобасының жетекшісі келісімді қайта қарау мәселесі жайында айтқанда, осы түйткілді тағы бір еске салуды жөн көрген шығар.

Осы тұрғылас әлемдік тәжірибеде су айдындарын пайдалану мен бөлісу жөнінен талай-талай тәжірибе бар. Мәселен, Канададағы Шодьер, АҚШ-тағы Теннесси, Ресейдегі Дон мен Днепр өзендерін тиімді пайдалану тәжірибесін өзінде қолдану Қазақстанға да қажет. Сондықтан, біз ең алдымен осы Іле-Балқаш бассейнінің мемлекетаралық мәртебесін реттеп алғанымыз қажет болар. Және тез арада. Егер Балқаш көлінің су қорын сақтау мен тиімді пайдалану жөнінен Қазақстанның өзіндік жеке ұлттық бағдарламасы болса, көршілерімізбен су көздерін бөлісудің халықаралық заң талаптарына сәйкес үрдісі қалыптасар еді. Сол Еуроодақтың тұжырымдауынша, « . . . Қазіргі кезде Қазақстанда су ресурстарын басқарудың жүйесі жоқ және ол мүдде қақтығысынан аса алмай отыр». Заң аясында шешілетін халықаралық келісімдер жасауға өз болашағымыз бен мүддеміз үшін асығудың айыбы жоқ шығар. Өйткені, уақыт та сол су сияқты тоқтаусыз жылжып бара жатқан жоқ па?

Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км - ден асады.

Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа. Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен) .

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай - ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен және т. б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Балқаш - Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т. б.

Өзен жүйесінің ерекшелігі. Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі - жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.

Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі - оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын - шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км 2 -ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0, 5 км-ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км-де 4-6 км-ге, таудың орта бөлігінде 10-12 км-ге, биік тауларда 16-18 км-ге дейін жетеді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр есебімен өлшенеді.

Қазақстанның ең мол сулы өзені - Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 960 м 3 /с, Сырдарияда - 730 м 3 /с. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды. Мысалы, Ертістің жылдық ағыны - 28 млрд м 3 . Су ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынының мөлшері - 59 км 3 .

Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды негізінен анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы суының қоры болып есептеледі. Жаңбыр түгелге жуық топырақтың жоғарғы бетін ылғандандыруға және буландыруға жұмсалады. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты. Өзендердің жылдық ағынына жер бедері де әсерін тигізеді, ол таулы өзендердің басты факторларының бірі болып табылады. Абсолюттік биіктік артқан сайын жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері молая түседі. Қазақстанның солтүстігінде ылғалдану коэффициенті бірдің маңында, сондықтан ағын да көбірек және өзендердің суы да молырақ. Оңтүстікте ылғалдану коэффициенті бірден төмен, ағын мөлшері де аз.

Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км 2 - ге келетін мөлшері 2 м 3 . Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Түрікменстаннан ғана алады. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгертіп отырады. Қыс айларында жазықтағы өзендер жылдық ағынның 1%-ын береді. Адам баласы бөген салып, өзен ағындарын реттеп отырады. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыста да, жазда да біркелкі пайдаланылады. Бөгендер қолдан жер суландыруға, электр энергиясын өндіруге, т. б. жағдайларға қолайлы. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең ірілері - Бұқтырма мен Қапшағай бөгендері. Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді.

Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар - жаңбыр суымен қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады. Ал биік таулы бөлігінің өзендері аралас қоректенетін өзендер типіне жатады, бірақ мұнда қар суымен, мұздықтармен қоректену басымырақ келеді.

Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері - Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір-мамыр айларында жылдық ағынның 50% ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген қардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суының деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен қоректенеді. Негізінен қар суымен қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді. Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98% көктемгі қысқа уақытта ағып өтеді.

Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлдер және бөгендер
Тектоникалық көлдер
Төтенше жағдай
Су жүйелері және оның ластану көздері
Қазақстан Республикасы
Қазақстанның көлдері мазмұны
Қазақстанның су қоймалары. Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Қазақстанның ішкі сулары
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz