Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі музыкалық орны.

Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Бөлім Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері

1.1. Эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны
мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларда эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Бөлім Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз - инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Эстетикалық мәдениет - рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Эстетикалық тәрбие - жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі эстетикалық тәрбиенің рөлін, мәнін ашқан көрнекті ғалым-педагогтар А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкий, К.Д.Ушинский тәрбие жүйесін ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.
Біздің елімізде жас буындарды эстетикалық тәрбиелеуді пайдалану мәселесіне арналған іс-тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен көлемді де іргелі еңбектері бар ғалым-педагогтар Х.Арғынбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Оразбекова, А.Бейсенбаева, М.Мырзахметов, А.Тұрбекова, Қ.Сыздықов, т.б. айтуға болады.
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы - жасөспірімдерді жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие қомақты орын алды. Нақ осы мектепте жас буынның эстетикалық мәдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тәрбие мәселелері біздің елемізде әрдайым жан-жақты тәрбиенің жалпы проблемаларынмен байланыстыра қарастырылып келеді.
Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре түсіне, жасай білу адамның өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.
Эстетикалық тәрбие, біріншіден, үй-іші мен отбасынан басталса, екінші кезеңі балабақша, үшінші кезеңі баланың мектептің есігін ашумен басталады. Баланың отбасына балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түседі де оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрынғы сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың білімі күн санап, апталап кеңейе түседі, тереңдей түседі. Баланың алдында көп уақыт жұмбақ болып жүрген табиғи құбылыстарға, табиғаттың көркемдігіне мектеп біртіндеп жауап беріп, баланың сезімін оятып, оны қанағат құшағына бөлейді. Мұғалім оқушыларды адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтылады, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуы керек.
Осы міндет-мақсаттар, әсіресе, мұғалімнің алдында шешуін табатын мәселелердің бірі болып есептеледі.
Сонымен оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін білімін көтеруде ең басты сүйеніш мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады
Баллардың эстетикалық тәрбиесі балларды тұрмыс эстетикасымен еңбектегі,табиғаттағы,қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады.Балаға өмір сұлулығын сезінуді және түсінуді үйрету - ересектердің ұзақ жұмысын керек ететін күрделі де қиын міндет.
Туған үйдің қабырғасы,баланы алғашқы жасынан бастап қоршаған заттар оған мықтап әсер етеді.Жайлы мебель, түрлі түстердің жарасып үйлесімі,өнер бұйымдары,үйді безендірудің жалпы стилі-көзбен түсінумен қабылданатын осылардың бәрі сәбидің есінде,санасында сақталып қалады.
Эстетикалық талғам адамның өнерде өмірде,тұрмыста шын сұлулықпен кездесуінен зор қанағат,рухани ләззат алуынан көрінеді.Эстетикалық талғам-кең ұғым:ол өнердің терең мағыналы,тамаша шығармалыларын түсінуді, содан ләззат алуды ғана емес, табиғаттың, еңбектің,тұрмыстың,киімнің сұлулығын түсінудіде қамтиды.
Балаллардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен рөль атқарады.Мектепке дейінгі баллалар оқу үстінде баллалар әдебиетінің музыканың, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен танысады.Балалар өздерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді сүюді үйренеді.
Халық ертегілерімен , С.Я. Маршактың С.В.Михалковтың, К.И. Чуковскийдің шығармаларымен таныса отырып , П.И.Чайковскийдің.,Д.Б. Кабалевскийдің және басқа композиторлардың шығармаларын тыңдай отырып,балалар көркем сөздің ,музыканың сұлулығы мен байлығын сезіне бастаиды.Осының бәрі оларды шынайы рахатқа бөлейді,естерінде қалады,көркемдік талғамның негіздерің қалыптастырады.
Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін тәрбиелей отырып,біз оларды қоршаған сұлулықты көруге және сезінуге,оны аялауға үйретеміз.Гүлдің гүлзарда сақталатына жақсы, ал оның гүл ашып, жұртқа қуаныш дарытуы үшін оны мәпелеп күту керек. Топта жайлылық пен сұлулық туғызатын тазалықты сақтау керек.Сөйтіп тәрбиелеу және оқыту процесінде мектеп жасына дейінгі балллардың эстетикалық тәрбиесінің міндеттері шешіледі.
Балалардың көркемдік қабілеттерін мен эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын , әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді
Барлық нәрсе тек сөзбен ғана жеткізіле бермейді.Сезімнің музыкада ғана неғұрлым терең және толығырақ жеткізілетін қырлары бар. П.И. Чайковский "Сөздің шамасы келмеген жерде неғұрлыс әдемі тіл-музыка-құдірет алады" деп жазған болатын.Музыка эмоциялық әсерді күшейтеді.Ол балаға өте қажет "Балалық шақтың ойынсыз, ертегісіз мүмкін емес сияқты - музыкасыз елестету мүмкін емес' екендігінде В.А.Сухамлинский кәміл сенген болатын.

Мектеп жасына дейінгі балабақша бүлдіршіндерінің бәрі бірдей болашақта өнер адамы , кәсіби музыкант болып шығуы міндетті емес.Алайда,ұрпақ тәрбиесінің ерекше бір рухани нәзік саласы - музыка тәрбиесі.Жарық дүниеге енді көз сала бастаған баланың өзін қоршаған ортадағы құбылыстарды, заттарды көріп білуі,қолымен ұстауы ,естуі, бірте бірте түсінуі арқылы ақпараттарды қабылдауына,жеке тұлға ретінде мінез-құлқының қалыптасуына , ой-өрісінің өсіп-өркендеуіне музыканың әсер ететіндігі.Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады.
Эстетикалық адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты дамуында әрбір адамның өз өмірін әдімілік заңы бойынша құруға тырысуы қажет.
Эстетика грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғатты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
В.Г.Белинский: Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы... Онысыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ой да жоқ.
... Эстетикалық сезім - ізгілік негізі адамгершілік негізі- деп түсіндіреді.
М.Горький эстетика дегеніміз - болашақтың этикасы деген тұжырым жасайды.
Эстетика ұғымын тұңғыш рет енгізген неміс философы (рационалист) Александр Баумгертен (1714-1762) Ол өзінің Эстетика атты еңбегін 1750 жылы басып шығарады. Осы кезден бастап Эстетика ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.
Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алды.
А.В.Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан.Еңбек пен ғылым саласынан берліген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімнің жансыздығы деп есептеген.
Кезінде Л.Н.Толстой әрбір адамның бойында көркемдік шығармашылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктің болатындығына, соны міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса, К.Д.Ушинский - барлық балалар бірі қалмастан әуесқой - суретші - десе, В.А. Сухомлинский әрбір бала - ақын деп жазған.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, П.П.Болонский, С.Т.Шацкий, В.Н.Шацкая, А.И.Буров секілді өкілдері қатысты.
Қазақтың ағартушысы - демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.
Эстетикалық тәрбиенің міндеті - жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлылық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі же жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Ол үшін жас ұрпақты сауатты, терең білімді болуы керек. Әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс.
Эстетикалық тәрбиенің басқа салаларымен де тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру, т.б. тәрбие түрлерімен қоян қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқытылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру, еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, іс-әрекеттің адалдығын танытпай адамгершілік тәрбиесін беру, адам дене құрылыс мүшелерін танытпай алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес.
Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал жасайды. Оның жаман әдеттен аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табғатты, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарамықаныста бар, жақсылықты, әсемділікті түсіне білуге, көруге, қабылдау білуге, тіпті соны, өзі адам игілігіне жасай білуге үйретеді, жаттықтыруды және соған қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатты эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Өмірдегі, өнердегі және табиғатағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақтан пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланды. Мектеп оқушыларды табиғаттағы, өнердегі, адамдардағы қарым-қатынастағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыландырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компоненттері бар:
* Эстетикалық сезім;
* Эстетикалық талғам.
* Эстетикалық қабылдау;
Эстетикалық сезім - бұл адамның өнерге немесе әлемдегі эстетикалық құбылысқа деген бағалау қатынасынан туатын субъективті эмоциалдық күй. Эстетикалық сезім эстетикалық күйзелуді бастан кешуді туғызады. Эстетикалық күйзелу рухани-эстетикалық қажеттіліктің туып, дамуына әсер етеді. Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. Эстетикалық қажеттілік көркемдік-эстетикалық құндылықпен қарым-қатынас жасауды, рухани-эстетикалық күйді бастан кешуді тұрақты қажетсіну ретінде көрініс береді. Эстетикалық сезім мен эстетикалық сана бірлігі адамның көркемдік - эстетикалық талғамын тудырады.
Көркемдік - эстетикалық талғам - бұл нағыз кереметті немесе сұрықсыздықты, трагедияны немесе комедияны сезіну, түсіну, көре білу және дұрыс бағалай білу сияқты нәзік және күрделі білік. Осының негізінде эстетикалық пайымдау қабілеті дамиды. Эстетика - бұл өмірдегі сұлулық пен өнер туралы, таным ерекшеліктері және өнердің жалпы заңдылықтары туралы философиялық ғылым. Ал эстетикалық қысқаша сөздікте, оған: Эстетика - табиғатты, дамудың негізгі заңдылықтарын, табиғаттағы, қоғамдағы материалдық және рухани өндірістей, адамдардың қарым-қатынасындағы эстетикалық заңдылықтардың қызметін зерттейтін ғылым саласы деген анықтама берілген. Жеке бас эстетикасы оның эстетикалық талғамымен, санасымен, мәдениетімен және тәрбиелілігімен тығыз байланысты.
Эстетикалық сана педагогикалық үрдісте тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық - педагогикалық қызметтерді атқарады.
Адамның эстетикалық санасының маңызды элементі - оның көркемдік - эстетикалық қабылдауы болып табылады. Қабылдау - өнермен және қоршаған орта әдемілігімен қарым-қатынастың бастапқы кезеңі және әлемге деген эстетикалық қатынастың психологиялық негізі. Оның толықтығы мен анықтығына эстетикалық сезіну күші мен тереңдігі, көркемдік-эстетикалық мұрат пен талғамның қалыптасуы тікелей тәуелді. Эстетикалық қабылдау мәдениеті оқушының эстетикалық езімінің дамуына ықпал етеді. Эстетикалық сана - адамдардың эстетикалық идея, теория, өлшемдер, көзқарастар жиынтығында көрініс беретін өнерге, әлемдегі әдемілікке деген сапалы қатынасты тілдіреді. Эстетикалық тәрбиесіз адамның эстетикалық санасын, талғамын дамыту, жетілдіру мүмкін емес.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс - салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі.Эстетикалық сезімдерді , мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
- Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
- Оқушылардың әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастылыған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналады.
Баланың әстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен, жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы құралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.
Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді.

1.2. Халық педагогикасында эстетиклық тәрбие және оның
құралдары

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.Мәдени құндылықтарды жасауға әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең дала қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с.
Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесіндегі лирикалық, үйелмендік тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етді. Халқымыздың әндері мен жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяқ, шаң қобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл ). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етеді.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдыңа бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін бейнелейді. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай алу үлгісі және қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді. Ұқыпсыз киім, қалай болса солай жүру икемсіздікті, әдепсіздікті, сұмпайлықты көрсетеді. Сондықтан дене қимылында, өзін ұстай білуде қарапайымдылықты, сезім өлшемін сақтау керек.
Атақты француз жазушысы, ағартушысы - философ және педагог Жан-Жак Руссо (1712-1778 ) дене қимылын бір қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйлеуге, өзінді ұстай білуге, жеңіл жүруге жету - дейді. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой - бәрі сұлу болуы керек.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс -өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәлім-тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігімен байланысты болған. Соның ішінде фольклордың, қолданбалы өнердің, халықтық музыканың, айтыс, терме өнерінің маңызы ерекше.
Қазақ халқы жаратылынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болған. Сондықтан ол өзінің сүйініші мен күйінішін жыр жолдары, ән-күй саздары арқылы шебер жеткізе білген. өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекелеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда ісмер болған.
Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары арқылы қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың жасаулуы жағынан эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі- ақылдың көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор.Оның мазмұнына халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болған. Сондықтан ол өзінің сүйісінші мен күйінішін жыр жолдары, ән-күй саздары арқылы шебер жеткізе білген. Өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда ісмер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған. Күнделікті еңбек қызметінде қолданбалы, қолөнерін дамытып отырған.
Киім киісінде, жүріс-тұрысында, қонақ күтісінде, сый-сияпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз-ақ әдемілік пен әсемділікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған. Сондықтан да қазақ халқында Өнер көзі - халықта, шебердің қолы ортақ деген ақыл сөзі жоғарыда айтқандарымызға дәлел болмақ.
Сонымен бірге халқымыздың өлең-жырлары, мақал-мәтелдері, ертегілері, шешендік, қара сөздері әрі көркем, әрі образды болып келетін ауыз әдебиетіне тән жанрлары әр түрлері жастағы жастарға эстетикалық тәлім-тәрбие беруде мәдени мұраға айналды.
Халық музыкасының асқан шеберлері - әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындарының суырып-салмалық, шешендігін, орындаушылық, тапқырлық өнері қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктері бола тұрып, ұл мен қыздарын осындай қасиеттерге тәрбиелеуде алдына жан салмаған.
Ертеден өнер қуған, сауықшыл болған қазақ елі ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген. Аң аулап, құс салып, сауық құрған қазақ елінің бай мұрасы бүгінгі таңда да өз дәстүрін, мазмұнын жоғалтқан жоқ. Керісінше, қайта түлетуде. Осы орайда мектеп қабырғасында жүргізіліп, қолдау тауып отырған айтыс өнері, әншілік-күйшілік жарыстар, қыз сыны, жігіт сыны секілді байқаулар, наурыз тойын тойлау, онда халықтық мәдениет, өнер саласынан түрлі элементтерін көрсету, бәрі де бүгінгі ұлттың тәрбиенің өзегі болмақ. Оның негізгі Атамекен, Кәусар бұлақ, Сенім, Алтын көмбе т.с.с. бағдарламарда баяндалған.
Балаларын ерте бастан еңбекке, алуан түрлі өнер бұйымдарын жасауға баулыған қазақ жұрты көркемдікке, талғамдылыққа, өнер мәдениетін игеруге, ұлттық асыл мұраларды көз қарашығындай сақтауға дағдыландырылған .
Өнерді үйрен де жирен - деп Абай атамыз айтпақшы өнер атаулының көркемдік-танымдық маңызы зор, ол тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде аса маңызды құрал болып табылады. Ел боламын десең, бесігіңді түзе демекші, ұлтымыздың болашағы бүгінгі ұрпақты ұлттық мәдениет, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мәселелерінде көзден үнемі таса етпеуіміз қажет.
Эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің орны ерекше:
* Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.
* Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік,т.б.
* Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері металл өңдеу өнері.
* Ауыз әдебиеті.
Қорыта келгенде, эстетикалық тәрбие - тәрбие мақсаты мен тәрбиелік жүйенің негізгі құрауыштарының бірі, ол эстетикалық идеяларды, тәрбиеленушілердің талғамы мен қажеттіліктерін қамтиды. Эстетикалық тәрбие міндеттерін шартты түрде: теориялық білімді игеру және практикалық біліктерді меңгеру деп екі топқа бөлуге болады. Бірінші топтағы міндеттер- эстетикалық құндылықтарға баулуды, ал екіншісі - эстетикалық әрекетке белсенді араласуды білдіреді. Оның міндеттері:
- эстетикалық білімдер қалыптастыру;
- эстетикалық мәдениет тәрбиелеу;
- ежелгі мәдени және эстетикалық мұраларды игеру;
- өмірге эстетикалық қатынас қалыптастыру;
- эстетикалық сезімді қалыптастыру;
- оқушыларды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әдемілікті ұғуға, түсінуге тәрбиелеу;
- өмірі мен әрекетін сұлулық заңына сәйкес құруға қажеттілігін дамыту;
- эстетикалық мұраттар қалыптастыру;
- сырт көрінісінің, ойының, ісінің, қылықтарының әдемі болуына ұмтылуын қалыптастыру.
Әрбір оқушыны эстетикалық әрекетке тарту дегеніміз олардың әрқайсысын өз қолдарымен әдемілікті жасауға үйрету, соған қажеттілігін ояту деп түсіну қажет. Мәселен, хореография, музыка, көркемсурет, шығармашылық істермен шұғылдануына жағдай туғызу және баулу.
Эстетиклық тәрбие - өмірдегі, өнердегі сұлулық пен сұрықсыздықты сезіне, көре, түсіне, әділетті бағалай білетіні, әдемлік заңы бойынша өмір сүретін , шығармашыл белсенді тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс,
Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әсемділік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулайды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті-өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары-әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы ( әдебиетте-проза, поэзия; кескіндеме- симфония, оратория, ән енгізіледі.)
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті бар. Қазақ халықтың да ғасырлары бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани өмір байлығы боп табылатын бай тарихи архелогиялық, этнографиялық, әдебиет және көркемөнер мұралары бар. Бұлар халықтың тарихи өмірімен, әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты өмір сүрген.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәлім-тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігімен байланысты болған. Соның ішінде фольклордың, қолданбалы өнердің, халықтық музыканың, айтыс, терме өнерінің маңызы ерекше болған.

ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары

2.1.Эстетикалық тәрбиені оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану

Музыка өнерінің мақсаты-өскелең ұрпақты терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдікпен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып , оған деген аялы қатынасын орнату.Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен әсемдікпен дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу.
Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына.
Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне , өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны , сипаты, әдіс-құралдары , тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырады .Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және архелогиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді. Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде ,ойын- сауықта ,еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды . Ол қоғамның мәдениетін , әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар , сол қоғамның дамуына музыкалық білімнің жинақталуына , адамдардың өмір әрекетерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып , қалыптасу үстінде болды . Музыкалық білім беру педагогикасы қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім - тәрбие тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіле келе , қоғамның , мәдениеттің дамуына , әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып , қалыптасуына аса маңызды рөль атқарады . Музыка адам санасына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес ,адам сезімін бейнелеуші , реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнетері. Әуен саздың жеке тұлғаның дамып,қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде назар аударған.Адамзат қоғамның дамуына ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
Музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениетінің алғашқы түпнегіздерін қалайды.Баланың эстетикалық және көз алдына елестету қабілетін жандандыратын ой қиялын оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін барынша қолдап отыру керек.
Өнер баланың әлемді дамуына , саналыққа халықтың мәдени мұрасы байлығынан рухани сусындауына , батылдық сезімдеріне ,азаматтық адамгершілік қасиеттерге бір сөзбен айтқанда жан жақты болып қалыптасуына тәрбиелейді
Мектепке дейінгі балаларға өнерді игеруде бойға біткен табиғи қабілетке
Қарамастан бірінші еңбек екенідігі мәлім.Сондықтан мектепке дейінгі жас балалар өнерді, музыкалық аспапты ,сурет салу т.б шеберлігін тезірек игерем деген балалалық ойда болып , одан тезірек нәтиже мықтаған соң екі үш жылдар бойы еңбектене келе қалдырып тастап кету жайлары да жиі кездеседі.
Музыка өнері әртүрлі қызмет атқара алады;
1.Қатынастық қызмет
2.Кәсіби бағыт пен тікелей байланысты музыканы дамыту
3.Жастар ойын , олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес дамыту.
4.Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып , терең ,білімді ,ізденімпаз барлық іс - әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын , сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын бәсекеге сай құзіретті маман қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Құзіретті мамандар қауымы алдында жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру маңызды рөль атқарады. Эстетикалық тәрбиенің ажырамас бөлігі- музыкалық тәрбие , берудің басты мақсаты балалардың ой- өрісін , шығармашылық қабілеттілігін дамыту жолында халық музыкасымен классикалық музыкаларды терең сезіне түсініп қабылдай алатын , музыка өнері арқылы әсемдікті , сұлулықты ,ішкі жан дүниесі сұлу ,рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыру.
К.Маркс : Егерде өнерден ләззат алғың келсе ,онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын.
Музыка сыншысы А.Серов Бетховеннің симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек деген қанатты сөздері музыка мамандарының өз білімдерін жоғары болуына қойылатын талап сияқты. Әр адамның бойында өзіне тән қасиеті болады , сол қасиетті дер кезінде жүйелі түрде дамытпаса , ол тұншығып әрі қарай дамымай қалуы мүмкін. Баланың бойындағы осы қасиетін , қабілетін ашып дамыта тәрбиелеу кез келген ұстаздың міндеті .Мектепке дейін балалардың бойындағы қасиеттері отбасында немесе балабақшада оянып ,сол қабілеттерін ерте көрсете білген балларда болады.Жалпы балалардың көпшілігі мектепке дейін бірдей дамып келмейді.Бойында еш қабілеті жоқ адам болмайды , әсіресе ӘУ демейтін адам жоқ , сондықтан балалардың бойларында өнердің қай түріне бейім қабілеттерін дамыту үшін музыка тыңдау, олардың сезім пернелерін ояту арқылы жүзеге асырулары сөзсіз.Себебі музыка-құдіретті күш. Ұйыхтап жатқан адамды ән оятар , әннің мағыналы мәні оятар деп ұлы да дана ақын Абай музыканың адам санасына ететін әсерін дәл суреттеген.
Тәрбиенің бір саласы - музыкалық- эстетикалық тәрбие .Музыкалық - эстетикалық тәрбие дегеніміз сұлулықты , көркемдікті сездіріп үйрету , сондай сұлулықпен көркемдікті тек көріп қана қоймай , өз бойына қалыптастыра білудің әдет-дағдыларын айналдыру. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамыту керек.
Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісіне эстетикалық тәрбиенің маңызды өзектілік сипатқа барған сайын ие болуда.
Эстетикалық білім арқылы адам бойында эстетикалық этикалық , ұлттық ,отансүйгіштік ,экологиялық сананы тәрбиелеуге , сол арқылы адамгершілік мұраттарына , мінез - құлық әсемдігіне , жалпы сұлулық атаулыға эстетикалық көзқарасты қалыптастыруға қызмет етеді. Эстетикалық тәрбиелеу баланың бейнелі ойлауын , көңіл-күй қабілетін , әсемдік және шығармашылық заңдылықтары негізінде дамытуға ықпал етеді.
Ол негізінен , көркем өнер арқыл жүзеге асырылады.Сонымен бірге эстетикалық тәрбие сапасына табиғат , тұрмыс ,еңбек , қоршаған орта , қоғамдық әлеуметтік қатынастар мен көзқарастар , жеке адамдар арасындағы эстетикалық құбылыстары зор әсер етіп отырады.
Музыка пәнін дұрыс оқыту қойылған жағдайда баллаларды музыкаға сүйімпеншілікпен музыкалық талғам қалыптасып , музыкалық сезім оянады музыкалық есту мен музыкалық есте сақтау қабілеттері артады.Осы орайда музыкалық көркем туындыны толыққанды қабылдай алу ,болжай білу әрекеттері музыкалық тәрбиенің алғы шарты ретінде маңызды болады. Бұл ретте музыкалық қабылдау әрекеттерін арттыру өнердің басқа түрлерін кешенді үйлесімді ойлауды қажет етеді.Атап айтқанда , музыкалық шығармалар мен әдеби туындылардың байланысы ,
музыкалық шығармалардың мазмұнын бейнелеудегі сурет салу өнерімен байланысы , музыкалық шығармаларғы тән қимыл - қозғалыс жасаудағы би өнерімен байланысы балаларды тәрбиелеуге , музыканы қабылдау дайындың ретінде пайдаланудың маңызы зор.Жеке адамның үйлесімді дамуының музыкалық- эстетикалық тәрбиеге қатыстылық мәселелері А.Нұғыманова , П.М.Момынова , С.А.Ұзақбаева ,Н.З. Өтемісов және басқа ғалымдар зерттеулерінде өзінің ғылыми теориялық шешімін тапты.
Олар ұлттық музыкамыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін аша білді, оларды оқу тәрбие ,үрдісінде пайдалану жолдарын көрсетті.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табығаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді( 2-сызбанұсқа):

Эстетикалық тәрбие

Эстетикалық тәрбие
Музыка
сабақтары
Музыка
сабақтары
Бейнелеу
өнері
Бейнелеу
өнері
Салт-
Дәстүрлер
Салт-
Дәстүрлер
Ұлттық
өнер

Ұлттық
өнер

Методология
Мақсаты
Халықтық эстетикалық
тәрбие жүйесі
Оқыту
процесіндегі
эстетикалық
тәрбие
Анықтамаа
Міндеттері
Методология
Мақсаты
Халықтық эстетикалық
тәрбие жүйесі
Оқыту
процесіндегі
эстетикалық
тәрбие
Анықтамаа
Міндеттері

Сыныптан тыс
тәрбие процесіндегі
эстетикалық тәрбие

Сыныптан тыс
тәрбие процесіндегі
эстетикалық тәрбие

Адамның жеке
басының
эстетикасы

Адамның жеке
басының
эстетикасы

2-сызбанұсқа. Эстетикалық тәрбие беру құралдары.

Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тәжірибесін ашады , қорытындылайды. Бұл музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және еш нәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады . Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысу оның міндеті қызметтерінің бірі болып табылады.
Музыканың мынандай екі түрлі қызметі бар;
1.Эвристикалық.
2.Коммуникативтік
Эвристикалық - бұл қызмет түріне шығармашылық мүмкіндіктерді белсендіру және музыкалық танымды қалыптастыру , дамыту жатқызылады.
Коммуникативтік - адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше қызметі өзіндік құралы ретінде әрекет етуі және т.б .
Балалардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып , ән айту апаратының дамуы .музыкалық аспапты ұстау оны шеберлікпен меңгеру , педагогикалық психологиялық дайындық , әдістемелік шеберлік , жаңа технологиялар енгізу керек.
Балалардың ойынға бейімділігі , ойын арқылы тіпті күрделі материалды тез меңгеру және елестету қабілеттерін арттырады . Олардың музыкалық даму деңгейі біркелкі емес , әр түрлі. Кейбір балалар көңілдерін басқа нәрсеге аудармаи , музыка танудың не екенін түсінбейді. Балалардың белгілі орындаушылық қабілеті болады , ал кейбіреулері музыкаға немқұрайлы қарайды. Бұдан бөлек олардың осы жасқа тән жалпылама қасиеттері болады .Балалардың музыка тыңдаудағы мүмкіншіліктері кең , ауқымды .Оларға көрнекі , жарқын характердегі муыкаық шығармалар қолайлы. Бірақ шағын шығарма болуы тиіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері
Бейнелеу сабақтарында эстетикалық тәрбие беру
Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі
Халық педагогикасы
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Отбасы - рухани тәрбиесі
Мектепке дейінгі кезеңдегі эстетикалық тәрбие
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру
Пәндер