Ағынды - өзен ағып шығатын көлдер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласының жер үсті суларының қазіргі жағдайы мен сапасын бағалау ғылыми жұмысына

ПІКІР
Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі І, ІІ бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Ғылыми жұмыстың негізі Алматы қаласының жер үсті суларының қазіргі жағдайы мен сапасын бағалау зерттеу мақсатында жасалған. Зерттеу нәтижесінде жер үсті суларының ластану процесі, алдын-алу шаралары, өзен суларын тиімді пайдаланудың жолдары ұсынылған.
Қарастырылып отырған жұмыста өзен суларының негізгі проблемалары қарастырылған. ХХІ ғасырдың өзекті мәселесі - су проблемасы болғандықтан, өзен суларына айрықша көңіл бөлуге тура келеді. Өзен суларына жасалған тәжірибиені бақылай келе, Алматы қаласының жер беті суларының жылдан - жылға өзгеру динамикасы байқалған, яғни, халық өзен суларын шамадан тыс шаруашылыққа пайдаланады. Су халық үшін - үй шаруашылығына, электр қуатын алуға т.с.с. қажеттіліктерге жұмсалуда. Жалпы, күндегі өзен суларының өзгеру процестері жайлы мәліметтер жинақтап, ол мәліметтерді зерттеп, алынған мәліметтерді қарастырып, қорытынды жасалған. Су - тіршілік нәрі, сондықтан оны зерттеу бүкіл әлемдік және Қазақстан Республикасының алдына қойған басты мақсаттарының бірі.

ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл ғылыми жұмыста зерттеуге алынған Алматы қаласы және облысының кейбір жер үсті суларының оргоналептикалық қасиеттері, сутектік көрсеткіштері, жалпы қаттылығы қалыпты жағдайда болғандығы бойынша қарастырылды. 2013 және 2014 жылдар аралығындағы су көрсеткіштерін салыстыра отырып өзен суларының өзгеру динамикаларын байқау арқылы дер уақытында пайдалы - шараларды ұсына отырып өзендердің экологиялық тазалығын сақтап қалу. Қазіргі таңда жер үсті суларын ластануын зерттеу экологиялық маңызды шаралардың бірі болып табылады. Сондықтанда Алматы жер үсті суларын экологиялық жағдайын өзекті мәселелері қарастырылды.

А Н Н О Т А Ц И Я
В этом научном проекте объектом исследования являются некоторые наземные водные ресурсы с точки зрения их органолептических свойств водородных показателей , степени жесткости в обычном состоянии. Цель исследования - поиск путей сохранения экологической чистоты рек и озер, основываясь на результатах наблюдения за динамикой изменения всесторонних показателей водных ресурсов за 2013-2014 годы. Загрязненность наземных вод является злободневной экологической проблемой. В данной работе учащихся изучается экологическое состояние наземных вод в Алматы и близлежащих районов.

A B S T R A C T
Оbject of this scientific project research are some land water resources from the point of view of their organoleptic properties of hydrogen indicators, rigidity degrees in a usual state. A research objective - search of ways of preservation of ecological purity of the rivers and lakes, based on results of supervision over dynamics of change of comprehensive indicators of water resources for 2013-2014. Impurity of land waters is a topical environmental problem. In this work of pupils the ecological condition of land waters in Almaty and nearby areas is studied.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. ЖАЛПЫ ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ФИЗИКАЛЫҚ - ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ СИПАТТАМА ... ... ... ...9
1.1. Алматы облысының кейбір жер үсті суларына қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2.Үлкен Алматы өзені ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
1.3.Кіші Алматы өзені ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
1.4.Есік өзені ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
1.5.Талғар өзені ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... 35
2.1. Алматы облысы жер үсті суларының жалпы экологиялық жағдайы ... ... ..37
2.2.Зерттеуге қолданылған әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2.3. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .47

КІРІСПЕ

Су - әлем тіршілік жасап,өмір сүріп отырған жерде қажеттілігі бойынша алдыңғы орынды алатын тұтыну құралы. Ғылым тіліне сүйенсек мына тіршілік қабаты яғни биосфераны сусыз тіршілік ете алады деу шындыққа жанаспайтын пікір. Расында - ақ. Ерте кезеңдерге көз жүгіртіп өтер болсақ алғашқы қауымдық құрылыстан бастап адамдар су тіршілік көзі, өмір нәрі, онсыз әрекет етудің еш маңызы жоқ екенін аңғарған. Өзен, көл, теңіз суларын күнделікті тұрмысқа пайдаланған. Бертін келе заман дамуына лайықты суды тұтыну техникалары, амал тәсілдері пайда бола бастады. Жалпы су ұғымында өзен, көл, теңіз, мұхит, сарқырама, бұлақ, арық, бастау сынды атаулармен қарастырғанамыз жөн. Ғылыми жұмыстың жобасымен таныстырмас бұрын осы атауларды толықтай кетсем.
Теңіз -- бұл мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі. Теңіз деп кейбір ірі көлдерді де атайды (мысалы, Арал, Каспий, Өлі теңіздер). Мұхитпен байланысына және гидрологиялық жүргісінің ерекшеліктеріне қарай -- теңіз ішкі, шеткі, араларалық, ал географиялық орнына қарай -- материкаралық және материкішілік болып бөлінеді.
Ал мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км², көлемі 1340,74 млн. км³, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61% - ын, Оңтүстік жарты шардың 81% - ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91% - ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53% - ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік мұхитты бес мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8% - ы) 3 000 - 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км - ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды.
Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 - 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 - 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 - 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 - 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км - ге жуық, тереңдігі 5 - 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 - 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңдігі 7 - 8 км) ұштасқан.
Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. Бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 - 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.
Су атауының тағы бірі - көл (түркі тілді басқа халықтарда кель, гель, куль) - тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км² (құрлық ауданының шамамен 1,4% - ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км³, оның 52% - ы тұщы су, 48% - ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі - Каспий теңізі, ең терең көлі - Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км². Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі. Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.
Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.
Режіміне қарай:
Ағынды - өзен ағып шығатын көлдер
Ағынсыз - өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды.
Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігі шығыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы тұщы болады. Өзендерде тұздылық көбінесе 3 - 5 гл - ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14 - тен 300 гл дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік - Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады. Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды,судағы оттектің мөлшері азаяды.
Менің тақырыбымның негізі бөлімі ол - өзендер жайында болмақ. Өзен -- өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су. Өзеннің негізгі бөліктері - бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер - негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері - өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі - арна, тасқын сулар ғана жететін жері - жайылма) ағады. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады.
Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық - дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км - ден, 155 - і 100 км - ден, 4 - нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км - ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м³, олардың ағын мөлшері
3460 м³с.
СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су - энергетикасының жалпы қоры - 170,6 млрд. кВтсағ. Ірі СЭС - тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле (Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен - арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы - құнарлы топырақты шалғын. Өзен жүйесі - суы бір - біріне қосылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы. Өзенге тікелей құятын негізгі бірінші қатардағы сала, өз кезегінде оның саласы екінші қатардағы сала деп аталады. Өзен жүйесі - гидрография желінің бір бөлігі. Мысалы, Об өзені Ертіс, Есіл, Тобыл, т.б. салаларымен бірге ірі өзен жүйесін құрайды.
Көріп отырғанымыздай бұл жалпы біз тұтынатын және табиғи қалыптасқан сулар жүйесі.Олардың экологиялық маңызы зор болғандықтан кейбір теңіз,өзендер қорғау объектілері ретінде қарастырылады.Ғылыми жұмыстың негізгі зерттеулері мен жоспары төмендегі материалдарда толықтай қамтылған.
Жұмыс мақсаты: жалпылама алғанда Алматы облысының жер үсті суларының экологиялық жайын қарастыру: өзім туып - өскен Алматы облысының жер үсті суларынын соның ішінде (Үлкен Алматы өзені, Кіші Алматы өзені, Талғар өзені, Есік өзендерін) экологиялық тәжірибие жасау арқылы өзен суларының:
органолептикалық қасиетін (түсін, дәмін, иісін)
өзен суларының қаттылығын
су құрамындағы хлордың көрсеткіштерін
анықтау болып табылады.
Негізгі міндеті: 2013 және 2014 жылдар аралығындағы су көрсеткіштерін салыстыра отырып өзен суларының өзгеру динамикаларын байқау арқылы дер уақытында пайдалы - шараларды ұсына отырып өзендердің экологиялық тазалығын сақтап қалу.
Өзектілігі: Қазіргі таңда жер үсті суларын ластануын зерттеу экологиялық маңызды шаралардың бірі болып табылады. Сондықтанда Алматы жер үсті суларын экологиялық жағдайын өзекті мәселе болып саналады.
Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Зерттеудің теориялық негіздері
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында есіне сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады, -- деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су - мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие.
Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді.
Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана еркін су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.
Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе, мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады т.б. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады. Мұны тіптен біраз жыл бұрын ирандық дәрігер Батмангхалиж зерттеп, аурулардың көбі денедегі су тапшылығынан болатынын дәлелдеп берген.Өкініштісі, біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қараймыз. Ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге теріс әсер етеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді. Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері және іс-әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да улай алады.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1973-1982 жылдар арасында 1500 су тасқыны болса, 1983-1992 жылдарда 3500-ге жеткен. Ал 1993-2002 жылдардағы су тасқыны 6000-ге жетті. 2004 жылдың желтоқсан айында болған Оңтүстік - шығыс Азиядағы су тасқынының салдарынан 220 мың адам із-түзсіз жоғалды. 2005 жылдың қазан айындағы Еуропадағы су көтерілуінен 200 мың адам қаза болды. Соңғы 30 жылда табиғи су апатынан 4 млн. адам өлсе, 4 млрд. адам зардап шеккен. Осыған ғылыми түсініктеме жасаған ғалымдар ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы дейді.
Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару -- бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.
Бірақ күншуағы қандай еркін тараса судың да еркін қолдануы, ысырапшылықпен қолдануы кесірінен экологиялық апаттардың кездесуі аз емес. Оған әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі Арал теңізінің суалғандығы айқын дәлел.
Осыдан жарты ғасыр бұрын толып тасып шалқып жатқан Арал маңайында адамдар ол теңіз байлығынан көл көсір пайдаланып, теңізде балықтың ондаған түрі өсіп өніп млндаған адамға өмір азығы болған. Ал енді Арал кемінде үштен екі бөлік суын жоғалтып, тузды су кесірінен ол аймақта балық атаулы қалмады десе болады.
Ал айналадағы улы тұзды сор шөл пайда болып ол жерден көтерілген тұзды шаң он мыңдаған шақырым айналаны экологиялық апат аймағына айналдырды. БҰҰның атсалысуымен өтіп жатқан Әлемдік су күні міне осы мәселеге жіті назар аударуда.
Лондондағы Сумен көмектесу қайрымдылық қорынан Редхаустың айтуынша, су мәселесіне байланысты бала денсаулығы да нашарлай түскен. Осы күн негізінде, Өмір үшін су қажет деген халықаралық декадалық шарасы басталды.
- Бүкіл әлемде әр 15 секунд сайын бір бала қайтыс болар екен. Бұл бір тәулікте 6 мыңбала ол дүниелік болады деген сөз, - дейді Дейвид Редхаус.
Дүниежүзі денсаулық ұйымының ресми дерегіне қарағанда 2 млд 600 мыңдай адам антисанитариялық жағдайда өмір сүрсе 1 млд 1 млндай адам лас судан пайдаланады.
- Африка құрылығынан Танзанияда 12 жасар Ерика Макали су әкелу үшін таңғы сағат 4-те тұрып жолға шығар екен. 2-3 сағатта тапқаны лас су болады. Сол су кесірінен ауырып ол мектепке де бармайтын күндері аз мес екен, - дейді қор өкілі Редхаус.
Өмірлік қажеттілік судың тапшылығы әсіресе соңғы ширек ғасырда Орталық Азиядағы 5 тәуелсіз елде қатты байқалады. Дегенмен ,Орта Азия аймағында кейде жаңбыр шелектеп құйып, бір шама уақытқа айналаны суға көміп ақ тастайды. Бірақ сол суды сақтап қалу мүмкіндігі аз, - дейді Стокгольмдегі Су орталығынан өкіл Бленкер.
Оның пікірінше, бұрыңғы Советтік одақтас 5 ел енді суды үнемдеп қолдану жолында бір шама шараларды іске асырған көрінеді.
Ал Таяу Шығыста, атап айтсақ Израильде тушшы сулы жалғыз ақ Галилей теңізі бар екен. Ол теңізге су Сирия-Ливан шегарасындағы 2 өзеннен келер екен . Өз аумағынан шығатын суды Хасбани суын өзінше бұрып алмақ болған кезде Израиль 2002-жылы әскери шабуылмен қорқытпақ болған.
Сондай-ақ, су дауы Түркия, Сирия және Ирақ арасында да баршылық. Ол 3 ел Түркиядан бастау алатын суға кіріптар. Егер Халықаралық қауымдастық бұл мәселені өзара келісіп дер кезінде шешіп алмаса, онда табиған апатынан ел зардап шеге беретін болады. Оған осы ай басында Оңтүстік Қазақстанда, Қызылорда, Сыр, Арал маңағында болған су тасқыны куә.

Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларга антропогендік қысым көп түсуде. Теңіз жағалауларының өсімдіктер жамылғысы тозып (Индонезия, Филиппин, Тайланд), күріш алқаптарын кеңейту және асшаяндар өсіру үшін тоғандар жасалып, мангра тоғайлары жойылуда.

Титриметрия әдісі жүйе құрамындағы зат мөлшерін анықтауда кең қолданылады. әдіс концентрациясы белгілі заттың концентрациясы анықталуға тиісті затпен эквивалентті түрде әрекеттесуіне негізделген.
Титрлеу әдісі клиникалық зертханаларда несеп құрамына кіретін аммиак және қышқылдарды, асқазан шырынының қышқылдылығын, ана сүтінің және басқа да биологиялық сұйықтардың құрамын сандық анықтау үшін кеңінен қолданылады. Тазалық-гигиеналық лабораторияларда бейтараптау әдісін пайдаланып әр түрлі тағамдардың (нан, ұн, ет) қыщқылдылығын анықтайды, ауыз суы не қалдық суларға талдау жүргізеді. Дәрі-дәрмектердің сапасын, мөлшерін анықтауда көп қолданылады.
Титриметрия әдісі әрекеттесетін қосылыстардың ерітіндісінің көлемін нақты өлшеуге негізделген. Ерітіндінің біреуінің концентрациясы нақты белгілі болуы керек.
Концентрациясы алдын-ала нақты анықталынған және осы ерітіндінің көмегімен басқа қосылыстың мөлшерін анықтайтын ерітіндіні стандарт (титрант) ерітінді деп атайды.
Титрлеу қосылатын реагенттің мөлшері анықталатын қысылыстың мөлшеріне эквивалентті болған мерзімге дейін стандартты ерітіндіні анықталатын ерітіндіге қосы процесі.
Әрекеттесу барысында бейтараптандыру, тотығу-тотықсыздану, кешен түзілу сияқты реакциялар орын алады.
Титриметрия әдісінде зерттелетін заттың ерітіндісіне титранттың эквиваленттік мөлшерін өосу керек. Оны эквиваленттік нүкте деп аталатын белгілі сәтке дейін біртіндеп баяу тамшылата өлшеуірден (бюреткадан) қосады.
Химиялық талдау әдістерінде реакцияның соңғы нүктесін ертінді бояуының өзгеруі бойынша мөлшерлеп тұнба түсіне қарай анықтайды немесе бастапқы қосылыстардың, реакция өнімдерінің немесе жүйеге арнайы тенгізілген зат индикатордың түсінің өзгеруі бойынша анықталады.
Титриметрия әдісіндегі реакциялар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
реакция қайтымсыз болуы керек, ол іс жүзінде соңына дейін жүретін болу керек.
Реакция қатаң эквиваленттік мөлшерде, жеткілікті түрде және жылдам жүруі қажет, өйткені баяу өтетін, реакциялар кезінде эквиваленттік нүктені дәлме-дәл тұрақтандыру мүмкін емес; эквиваленттік нүкте дәл де оғай анықталуы қажет.
Титрлеу кезінде қосымша реакция жүрмеуі керек;
Ерітіндідегі қосымша заттар негізгі реакцияға кедергі жасамауы керек.
Кез-келген сатылап өтетін химиялық реакция үшін, оның әрбәр бөлігі толық әрекеттесіп кеткендігін сездіретін хабаршы-индикаторлар (айғақкер) болуы керек.

Әртүрлі кешендердің саны бірнеше жүзге жетсе де Комплексонометрия және хелатометрия терминімен атағанда аналитикалық тәжірибелер кеңінен тараған этилендиаминтетрасірке қышқылының тұзымен, жиі трилон Б немесе ЭДТА (Na2H2Y·H2O) деп аталатын оның қоснатрийлы тұзымен титрлеу реакциялары кең қолданылады.
Этилендиаминтетрасірке қышқылы (ЭДТСҚ) төрт негізді болып табылады.

1.ЖАЛПЫ ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНА, ФИЗИКА - ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Су - биосфераның аса маңызды элементі. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5 %-ін су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіздер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ін, ал оттегінің 50% - ін мұхиттар мен теңіздер береді.
Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшқан құста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера - түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты - үстіндегі су мен будан және 2 - 3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай - ақ ауа 12 - 15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе - теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар, онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жан - жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады. Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы, яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан - алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде - ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш - қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе - теңдіктің бұзылуын тудырады.
Су - жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс болып табылады. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді. Себебі, халық саны ұлғайып барады, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша әлемде жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде бағалануда.Мамандардың болжамына сүйенсек, 2025 жылға қарай судың жетіспеушілігі 1,3-2 трлн. текше метрі өнерсәсіптік қажеттіліктерге, 2 млрд. 189 млн. текше метрі коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бөлінді. Сонымен бірге еліміздің географиялық орналасуын ескеруіміз керек.
Қазақстан ірі трансшекаралық өзендердің төменгі ағысында орналасқан.Сондықтан да мемлекетіміздің сумен қамтамасыз етілуі көбінесе көршілес елдердің су шаруашылығындағы ұстанымына,олардың экономикасының дамуына, халық санының өсіміне байланысты.Сумен қамтасыз етуді салыстырмалы түрде қарастырсақ, Қазақстан аумағында 39 мың өзендер мен уақытша су ағындары, су айдынының жалпы ауданы 45 мың шаршы шақырымды құрайтын 48 мыңға жуық көлдер бар. Республиканың оңтүстігі мен шығысында 95 текше шақырым судың қоры жинақталған мұздықтардың белдеуі бар. Бұл өз кезегінде еліміздің барлық өзендерінің ағынының жылдық көлеміне теңбе-тең келеді. Осының барлығын есептей келгенде Қазақстанның сумен қамтамасыз етілуі 1 шаршы метр шақырымға 37 мың текше метрді құрайды, сондай-ақ жылына бір адамға 6,0 текше метрден келеді. Су аз болған жылдары сумен қамтамасыз етудің деңгейі қажетті көлемнің 60 пайызын, ал бөлек өңірлер бойынша 5-10 пайызды құрайды.

Судың физика - химиялық қасиеті
Бүгінде әлемде бұл тұрғыда көптеген мысалдар бар. Мәселен, Израиль мемлекетінде су ресурстарының көлемі аз бола тұра олар онжылдықта бұл тәжірибені енгізіп, қазіргі кезде өсімдік шаруашылығын 5-6 есеге арттырды. Осы мемлекеттің тәжирибесі бойынша біздің елге тамшылап суару технологиялары енгізілді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары бұл әдіс табысты түрде енгізіліп, оң нәтижелер бере бастады. Осының арқасында түрлі дақылдардың жоғары шығымдылығы мен суды үнемдеудің жетістіктері байқалды. Осы тәжирибені пайдалану кезінде су қалай үнемделетініне тоқталатын болсақ, су негізінен өсімдіктің тамыр бойы аумағын ғана ылғандандырады. Осыған байланысты егістіктегі өсімдік қатарларына су жіберілмейді және бұл өз кезегінде суды бекерден ысырап қылмауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл технология арқылы өсімдікке үнемді түрде тыңайтқыштарды да себуге болады. Бұндай жұмыстардың барлығы автоматтандырылған, сондай-ақ өсімдіктің өсуіне қажетті заттар тиісті көлемде себіледі.Осындай тура өлшемдер егістіктің шығымдылығына оң ықпал жасайтыны күмәнсіз.
Судың физикалық қасиеті. Таза су - түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 гсм3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9%-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.
Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1гсм3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.
Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе,(3,5%) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (02, N2, С02, S02, т. б) кездеседі.
Су - сутек оксиді, Н2О - қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфера судан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) суды төрт құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына дейін суды жеке элемент ретінде қарастырды.Суды алғаш ағылшын ғалымы Г.Кавендиш (1731 - 1810) зерттеді (1781 - 1782), ал француз ғалымы А.Лавуазье (1743 - 1794) сутек жанғанда Су түзілетінін дәлелдеп (1783), Ж.Млньемен бірге сандық құрамын анықтады (1785).Судың құрамында массасы бойынша 11,19% сутек, 88,81% оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су - ауыр су (D2O) деп аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0оС-та қатып, 100оС-та қайнайды.
20°С-тағы тығыздығы 0,99823 гсм3,0°С-тағы тығыздығы 0,9168 гсм3.Судың физиқалық қасиеттерінде,балқу жылуында,меншікті жылусыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑). Су әр түрлі жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі. Су оттек, сутек, азот қышқылын, спирт, альдегидтер, сілтілер, т.б. аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын химиялық реагентер. Оның катализатор ретінде маңызы зор.
Судың химиялық қасиеті:сутек пен оттектің химиялық қосылысы.
Массалық құрамы: Н -- 11,19%, О -- 88,81%.Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш түрде -- бу, су және мұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.
Су - біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады.
Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында - 260 г л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай.Ерігіштік -- берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г100 г, г1000 г Н20, мольл).Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г л , Қара теңізде 19 гл, Өлі ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса -- қаныққан деп аталады.Артезиан суы -- су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл -- сапасы жағынан да жақсы су. Сондықтан сол аймақтагы елді сумен қамтамасыз етудің ең қолайлы көзі болып саналады.
Су - табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседі. Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 м3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1 тонна күрішке 7000 тонна, 10000 тонна су жұмсалады.Жер бетіндегі ең лас - Жерорта теңізі болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды әсерінен ондағы балықтардың 80 проценті қырылып қалған. Кемелердің апатқа ұшырауынан, танктер резервуарларын жуған судан және мұнай өндіру жұмыстары кезінде жыл сайын Әлемдік мұхит сулары 12-13 млн тонна мұнаймен ластанады. Судың бетіндегі мұнай қабаты атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу прцесін бұзып, оттектің жетіспеушілігінен гидробионттардың қырылып қалуына себеп болады.Су - бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін. Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді.

1.1. Алматы облысының кейбір жер үсті суларына қысқаша сипаттама
Жер үсті сулары -- жер бетінде таралған түрақты, не уақытша қалыптасқан сулардың барлық түрлері (өзен, көл, мұхит т.б.).Жер шарының әр түрлі аймақтарының сумен қамтамасыз етілуі көрсеткіштері -ондағы орналасқан халықтың санымен жөне табиғи қорлардың орналасуымен, өнеркәсіп пен ауыл шарушылығының қажеттілігімен әркез үйлесе бермейді. Еуропа мен Азияда әлем халықтарының 77%-ы орналасқан, ал осы аумаққа жылма-жыл айналымға түсетін өзен, көл жөне бөгендердің ғана суларын есепке алатын болсақ, онда жер бетіндегі әрбір адамға орташа есеппен жылына 11,6 мың м3 су тиесілі.Жер беті үсті ағындысы, ауырлық күшінің әсерінен атмосферада судың жер бетімен жылжу процесі,жердегі су айналымының (ылғал айналымы) құрамды бөлігі.
Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы көлдер
Көл туралы түсінік
Тұщы судың қоры, өзендер
Жер беті су жамылғысы
Қазақстан көлдері жәнеТеңіз көлдері
Қазақстанның өзен алаптары
Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы. Гидросфераның құрамдас бөліктері
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
Көлдер мен бөгендер
Пәндер