Тұлғаның когнитивті теориясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 268 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ апта
Дәріс тақырыбы және тезистер
Сағат көлемі
№ апта:

№ 1

дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистер:

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары) :

  1. Психология пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы мідеттері.
  2. Психологияныңіс әднамалық пинциптері, зерттеу әдістері.
  3. Психологияның даму тарихы

4. Психологияның негізгі салалары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы

  1. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. «Психология» терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi «псюхе»-«жан», екiншiсi «логос» - «iлiм», сонымен, бұл сөз «жан туралы iлiм» деген ұғымды бiлдiредi. Бiрақ, психолгияны «жан туралы iлiм» демей, психика туралы ғылым деп түсiнген дұрыс. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы дiншiлдiк нанымдар мен кейбiр буржуазиялық көзқарастарда насихатталып келген түсiнiктер бойынша адамда тәннен тәуелсiз «жан» болады, мәңгi-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тiршiлiгiн ойының, сезiмiнiң, еркiнiң иесi себепшiсi дейді. Жан туралы осындай жалған түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсiне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан бөлек тұратын ерекше бiр сиқырлы күш бар, ал жан соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша шығып кетедi де, адам ояанған кезде қайтып келедi, егер келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдайды. Жан туралы осындай анимистiк барлық нәрседе жан бар дейтiн терiс түсiнiк, пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге дейiн кездеседi. Адамның жан дүниесiн, психикалық құбылыстарды түсiну екi түрлi ой, екi түрлi бағыт туғызды. Олардың бiрi идеалистер табиғат, дүние идеадан кейiн жаратылған десе, бұған қарама-қарсы ғылым өкiлдерi материалистер, материя алғашқы, ал сана соңғы ол материядан туады деп түсiндiредi.
  2. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

Психология психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстарды үлкен үш топқа жіктеуге болады:

Психикалық процестер

Психикалық қасиеттер

Психикалық кейіп

Олардың бiрi психикалық процестер деп аталса, екiншiлерi психикалық қалып, үшiншiлерi психикалық қасиеттер деп аталады.

Психикалық процестердiң кейбiрi түйсiк, қабылдау, елес т. б. сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тiкелей танып, бiлуде көрiнетiн болса, ендi бiреулерi ойлау, қиял т. б. бұлардың арасындағы күрделi байланыстарды, дәнекерлi қатынастарды, өзгерiстердi тереңдей бойлап бiлуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтiк шындықпен) үздiксiз жасалып отыратын белсендi байланысында оның сезiм, ерiк процестерi шешушi роль атқарады.

Психикалық кейiп немесе қалып адамның түрлi көңiл күйiнiң шабыт, зерiгу, үрейлену, абыржу, сергктiк, белсендiлiкт. б. тұрақты компоненттерi. Психикалық құбылыстардың осы екiншi тобы ғылымда әлi де болса толық зерттелiп бiтпей жатыр.

Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.

Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

Б. Г. Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

1. 2. сурет. Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.

Адамды тануда Б. Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.

Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі - сана (1. 3 сурет) .

Сана - психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект - іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі - биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам - саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы - оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Жеке тұлғалылық - бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.

Сондықтан, адам - нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді (1. 4 сурет) . Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.

Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.

§ 2. Адам және адамзат туралы ғылымдар

Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден, биологиялық түрдің өкілі ретінде, екішіден, қоғам мүшесі, үшіншіден, адамның пәндік қызметі зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.

Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес. Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта, мұнда адам көбенсе тірі табиғатқа қарсы қойылған. К. Линней адамды тірі табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс болды.

Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін - шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудан тұрады.

Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты ғылымдар да зерттейді. Мысалы, адамның физикалық типін оның жалпы соматикалық ұйымы ретінде адам анатомиясы және физиологиясы, биофизика және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.

Адамның пайда болуы және дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты, өйткені адам табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және тізбекті даму процессінен тыс түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы физиология және салыстырмалы биохимия жатады.

Антропогенез жайлы ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап кеткен жөн. Бұған алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына аса қызыға қараған И. П. Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.

Биологиялық түр ретінде адам дамуын түсінуде зоопсихология мен адамның жалпы психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология маңызды рөл атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде зерттеу бойынша В. Келер және Н. Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар. Зоопсихология саласындағы жетістіктер арқасында адамның көптеген мінез-құлық механизмдері мен оның психикалық даму заңдылықтары белгілі болды.

Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар оның дамуында маңызды рөл атқарады. Оларға генетика және археология жатады. Тілдің пайда болуын, оның дыбыстық құралдарын және басқару механизмдерін зерттейтін палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда болуы социогенездің орталық кездеріне, ал сөйлеудің пайда болуы -антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу адамды жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.

Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез проблемаларымен тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет. Оларға адам қоғамының дамуын және алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттейтін палеосоциологияны жатқызуға болады.

Осылайша биологиялық түрдің өкілі ретінде адам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1. 7 суретте Б. Г. Ананьевтің Homo sapiens жайлы ғылымның негізігі проблемалары классификациясы көрсетілген. Дербес биологиялық түр ретінде адамның пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология ие болады. Адам дамуына орай қазіргі заман антропологиясы туралы жасаған қортындыны былайша келтіруге болады: биологиялық дамудың белгісіз бір кезеңінде адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты (ңантропогенез бен социогенездіңң шекаралас кезеңі) және адам эволюциясында биологиялық дағдылы және табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.

Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік әлемге өтуіне байланысты, оның биоәлеуметтік тіршілік иесіне айналуына қарай табиғи таңдау заңдары дамудың басқа сападағы заңдарымен ауысты.

Адамның жануарлар әлемінен неге және қалай бөлініп шықты деген сұрақтар антропогенез ғылымын зерттейтін ғылымдардың арасында орталық орынға ие болып, осы күнге дейін бұл сұрақтарға біркелкі жауап табылмай тұр. Осы проблемаға орай бірнеше көзқарас бар. Олардың бірі мынадай болжамда: мутация салдарынан адам миы супермиға айналып, жануарлар әлемінен бөлініп шығып, қоғам құруға жеткізді. Бұл П. Шошардың көзқарасы. Ол бойынша тарихи кезеңде мутациялықтың әсерінен ми органикалық түрде дами алмайды.

Тағы да мынадай көзқарас бар. Ол мидың органикалық дамуы мен түр ретінде адамның дамуына байланысты мидың сапалы құрылымды өзгерісіне әкелді де, содан соң даму табиғи таңдаудан өзгеше заңдармен жүре бастады. Алайда, дене мен ми өзгеріссіз қалғанмен, даму тоқтап қалмайды. И. А. Станкевичтің зерттеулеріне қарағанда, адам миында құрылымдық өзгерістер болады, жартышарлардың әртүрлі бөлімдерінде прогрессивті даму, жаңа иірімдердің бөлінуі, жаңа жолдардың қалыптасуы байқалады. Сондықтан адам өзгеріп отыра ма деген сауалға ңиәң деп толық жауап беруге болады. Дегенмен мұндай эволюциялық өзгерістер адам және оның тұлғалық дамуының әлеуметтік өмір сүру жағдайына әсер етеді, ал Homo sapiens түрінің биологиялық өзгеруі қосымша мәнге ие болады.

Осылайша, адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі ретінде ғылымға қызықты, себебі Homo sapiens түріндегі қазіргі заман адамы биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір сүреді.

Социогенез проблемасын қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін емес. Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық прогресспен байланысты ғылымдар.

Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі топқа бөлінеді: қоғам дамуын барлық элементтердің өзара қатынасында бүтіндей қарастыратын ғылымдар, адамзат қоғамы дамуының жеке аспектілерін зерттейтін ғылымдар. Ғылымдарды осылайша бөлу адамзат өзіндік заңдарымен дамитын бүтіндей, сонымен бірге, көптеген жекелеген адамдар боп танылады. Сондықтан барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не социум элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға жатады. Бірақ бұл жіктемеде әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы анықталмаған, өйткені көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке адамды зерттеумен байланысты бола алады.

Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы, өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет, өнер жайлы ғылымдар және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде, қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі қажет.

Мұнда адамның табиғатпен және адамзаттың табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек. Осыған байланысты биогеохимиялық ілімді жасаушы В. И. Вернадскийдің пікірі қызықты - онда ғалым өзара қатынастағы және еркін оттегі О 2 молекуласының тарихымен байланысты қарама-қарсы екі биогеохимиялық қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу және қайта қалпына келу қызметтері. Бір жағынан олар тыныс алу мен көбеюге және екінші жағынан өлген организмдерді бұзумен байланысты. В. И. Вернадскийдің пайымдауынша адам және адамзат өздері өмір сүретін планетаның белгілі бөлігі биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-энергетикалық құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.

Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның өмір сүру мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай табиғи ортаны өзгертуге бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның пайда болуы жайлы айтылып тұр.

Ноосфераның ұғымын 1927 ж Ле-Руа және Тейяр де Шарден біріге отырып енгізді. Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В. И. Вернадскийдің ұсынған биогеохимиялық теориясын негізге алды. В. И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша ноосфера немесе ңойлаушы қабатң - біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам планетаны өзгерте алатын ірі геологиялық күш ретінде көрсетіледі.

Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдар да бар. Бұған жеке организмнің даму процессі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады. Осы бағытта адамның жас, жыныстық, конституционалды және нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның өмір жолы жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында адам іс-әрекетінің мотиві, дүниеге көзқарасы және құндылық бағдары, қоршаған ортамен байланысы зерттеледі.

Адамды зерттейтін ғылымдар немесе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты, олар біріге отырып, адам және адамзат қоғамы жйлы бүтіндей көрініс береді. Алайда қай бағытты алып қарасақта, оларда психологияның әр түрлі тараулары келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның зертейтін құбылыстары бисоциалды тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-әрекетін анықтайды.

Осылайша адам - көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі әдіснамалық сипатқа ие болуы керек. Сондықтан да адамды зертеудегі ең негізгі әдіснамалық тұжырым- жүйелі көзқарас тұжырымы. Ол әлем құрылымының жүйелігін көрсетеді. Осы тұжырымға сай кез-келген жүйе жүйежасайтын фактор болғандықтан өмір сүреді. Адамды зерттейтін ғылымдар жүйесінде мұндай фактор адам, оны көпқырлы көріністе және сыртқы өмірмен байланысты зерттеу қажет, өйткені сонда ғана адам және оның әлеуметтік - биологиялық даму заңдылықтары жайлы толық көрініс алуға болады.

2. Психологияның әдіснамалық принциптері.

Психологияның ғылыми зерттеу әдістері

Әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық материализм принциптерін қолданып отырады.

Айдаладағы шындықты тану жолында бұл айтылған принциптерді іске асырудың төмендегідей шарттары бар:

біріншіден, объектінің басқалармен байланысын, қатынасын еске ала отырып зерттеу;

екіншіден, объектіні бір жерде тұрып алған, статикалық қалыпта емес, қозғалыс, даму күйінде зерттеу;

үшіншіден, зерттеу арқылы табылған нәтиженің мөлшері етіп адамның практикасын алу;

төртіншіден, диалектикалық-материалистік танымның нақты болу үшін зерттелетін құбылыстардың белгілі заңдылықтарын шеше білу. Осы аталған принциптерге сай, қандай пән болса да, зерттейтін заттар мен құбылыстардың өмір сүру, нақты даму жолдарын қарастырып, олардан нәтиже шығаруға тиіс. Осы талапқа сай, психологияның да өзіне тән зерттеу әдістері бар.

Адамның психологиясы, сана-сезiм дәрежесi iс-әрекеттен, оның нәтижесiнен жақсы байқалады. Адам психологиясын нақтылы әрекет үстiнде зерттеу психологияның ең негiзгi принципi. Идеалистiк психологияның өкiлдерi: «адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзi берген мәлiметтер шешушi орын алады, сондықтан да өзiн-өзi байқау интроспекция әдiсiнiң деректерiне ерекше көңiл бөлу қажет», - дейдi.

Бақылау әдiсi

Белгiлi жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды байқау әдiсi деп атайды. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi. Осы әдiс арқылы зерттелушiнiң мимикасын, бет құбылысын, сөз реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы әрекетiн байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерiк күшi, сезiм ерекшелiктерiн, темпераментi де байқау әдiсi арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегi оқушының ойлау және сөйлеу әрекетiн зерттеу керек болса, ол үшiн зерттеушi оқушының әр сабақ үстiндегi жеке сөздерiн, сөйлемдерiн стенографиялап, күнделiкке түсiредi, кейiн оны тиянақты түрде талқылайды да, тиiстi қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлi ерекшелiктерiне қарай байқау әдiсiнде кейде аспаптар да қолданылады.

Эксперимент әдісі

Эксперимент жасауда зерттеушi өзiне қажеттi психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтiп тұрмай, сол процестiң тууына өзi жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екiге бөлiнедi. Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады. Психологияны зерттеу әдістерінің обективті сипаты. Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Құндылық аспекттері
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті психология рөлі
Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz