АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«Экономика және менеджмент»
кафедрасының меңгерушісі,
э. ғ. к. доцент Абдилбеков. С. У
«__» 2022ж., хаттама
5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
тақырыбы «ҚР аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы: жағдайы мен болашағы»
Ахметқали. Е. А
(қолы)
Ғылыми жетекшісі:
э. ғ. к., доцент
Абдибеков С. У.
(қолы)
Алматы, 2022
ЖОСПАР
КIРIСПЕ 4
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ АЙМАҚТЫҚ РЕТТЕУДIҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК АСПЕКТIЛЕРI 7
1. 1 АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮСIНIГI 7
1. 2 АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ 13
1. 3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ 19
II ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 24
2. 1 ТАЛҒАР АУДАНЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУГЕ ШОЛУ 24
2. 2 ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ 29
III АЙМАҚТАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДI ЖЕТIЛДIРУ 36
3. 1 ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, перспективасы 36
3. 2 ҚАЗАКСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ ДАМУЫ 35
3. 3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚ ДАМУЫНА МЕНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫМ 39
ҚОРЫТЫНДЫ 42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 45
КIРIСПЕРадикалды экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық қатынастың дамуы қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр. Аймақтық экономика - бұл өндіргіш күштердің қозғалысы, аймақ экономикасы туралы ғылыми білім ортасы.
Қазіргі кезде негізгі шауашылық қызмет аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен экономикалық мәселесін шешуге, аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, эканомикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.
Аймақ эканомикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек аймақтың барлық табиғи, эканомикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі. Аймақтың дамуын реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республиканың экономикасын жақсартуды қамтамсыз ету.
Жұмыстың мақсаты - аймақтардың әлеуметтік-эканомикалық дамуы ерекшеліктерін ескере, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын іздестіру, аймақтық экономиканы басқару ерекшеліктерін анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу қажет:
- ең алдымен аймақ түсінігінің мәнін ашып, Қазақстан Республикасындағы аймақтарға жалпы сипаттама беру;
- аймақтарды басқару әдістерін, қызметтерін, ерекшеліктерін анықтап, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасындағы аймақтардың дамуын бағалап, эканомикалық потенциялын көтеру жолдарын анықтау;
- Алматы қаласының дербес аймақ ретінде дамуына сипаттама беріп, экономикалық даму жолына талдау жасап, эканомикасын реттеу ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы аймақтарды басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, басқару жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру, аймақтардың басымдылықты бағыттарын анықтау.
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ АЙМАҚТЫҚ РЕТТЕУДIҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК АСПЕКТIЛЕРI 1. 1 АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮСIНIГIБұл мәселені қарастыру аймақ экономикасы, оны басқару туралы білімді кеңейтіп, оның қазіргі уақытта өте өзекті проблема екенін анықтайды. Аймақ экономикасын тек дамытып қана қоймай, оны қолдап, реттеп, басқарып отыру керек.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан республикасындағы экономиканы аймақтық реттеудің теоретикалық және әдістемелік аспектілерді қарастырылған. Бөлім аймақ түсінігінің мәнін ашып, аймақтық экономиканы басқарудың қызметтері мен әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының аймақтарының дамуының экономикалық потенциялын бағалауға арналған.
Екінші бөлімде аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тәжірибе жүзінде асырылуы қарастырылған. Мұнда Алматы қаласының экономикалық ерекшеліктері, оның экономикалық потенциялын көтеруге қатысты әзірленген стратегиялық жоспарлар мен жобалар, сонымен қатар аумақты инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелері қарастырылған.
Үшінші бөлімде аймақтардағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселері қамтылған. Бөлім Қазақстан Республикасының аймақтағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары мен аумақтық дамудың негізгі басымдылықтарын анықтауға арналған.
“Аймақ” түсінігі экономикалық және саяси практикаға толығымен енді. Арнайы әдебиеттерде экономикалық аймақтын мәнін анықтау бірнеше бағыттар қалыптасты. Оларды негізінен үш топқа бөлуге болады: әкімшілік шаруашылық көзқарас, экономика географиялық және ұдайы өндірістік. Әкімшілік шаруашылық бағыт бойынша кез келген әкімшілік территория экономикалық ауданмен негізделеді. Кейбір авторлардың ойынша, аймақ - бұл бірлікпен және халықтың тұрақты еңбек, әлеуметтік және мәдени байлагысты жақсы қалыптасқан, транспорттық және әлеуметтік инфроқұрылымның дамуының салыстырмалы жоғарғы деңгейімен сипатталған әкімшілік территорялық бірлестік. Бұл бағыт жеткілікті түрде аймақты зерттемейді. Себебі ең алдымен мұнда әкімшілік аудандардың шекарасы экономикалық аудандардың келісімімен сәйкес келмеген жағдай қарастырылмаған.
Экономикалық географиалық бағытты қолдаушы ғалымдар аймақ деп бірдей немесе әртүрлі табиғи, экономикалық ұлттық ерекшеліктері және өндіргіш күшінің бағыттылығы тән елдің ірі негізін территориясын сипаттайды. Фейген А. А. аймақтын келесі анықтамасын береді: “Аймақ - бұл өндірістің, табиғи және адам ресурстарының мамандануы мен құрылуымен, сонымен қатар экономика географиялық жағдаймен елдің ішінде ерекшелінетін экономикалық аудан, шаруашылық етуші территория. ”
Алампаев П. М. “Аймақ - бұл бүтін территория, елдің халық шаруашылығының бөлімі және өзіне тән өндірістің мамандануын, еңбекті қоғамдық территориялық бөлідің басқа бөлудің басқа бөлімдерімен үздіксіз байланысы және экономикалық қатыснастар бар аудан. Бірақ экономика географиялық бағыттың анықтамасын толығырақ Н. Н. Некрасов берді. Оның ойынша аймақ - бұл қалыптасқан және перспективті материялдық-технологиялық негізіне өндірістік және әлеуметтік инфрқұрылымына сай табиғи ресурсар кешені негізінде өндірістік күштердің даму бағыттылығы тән және бір қалыпты жағдайлары бар елдің ірі территориясы. Аймақтарды бөлудің негізгі критериясы табиғи ресурстарды пайдалануға алдын-ала белгіленген немесе лоындалған жиынтыққа, шаруашылық қызметінің тарихи қалыптасқан құрылымына немесе экономикалық дамудың жоспарлы құрылымына негізделген халық шаруашылығын тапсырмалапының жалпыға бірдей болуы болып табылады. Бірақ ұдайы өндірістік бағытты ұстанушы ғалымдардың еңбектерінде экономика географиясының бағыт аймақтағы ұдайы өндірістік процесстерді және олардың әлеуметтік факторлармен байланысқанын ескермеген және аймақтардың бүтіндігін тек өндірістік күштердің кешені ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өндіріс жүйесіндегі ұйым ретінде бейнелемеген. Ұдай өндірістік бағыттың позициясы бойынша, аймақтар еңбекті қоғамдық бөлу процессі кезінде территориялық өндірістік жиынтығы ретінде бөлініп шығатын және ұдайы өндірістің барлық фазаларында оның жалпыға бірдей және ерекше салыстырумен, өндірістік-технологиялық және экономикалық өзара байланыстың жоғары деңгейімен, олардың элементтерін құраушылармен байланысы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның бірлігімен, жоспарлау және басқару облысындағы бірдей тапсырмаларымен сипаталатын аудан ретінде салыстырылады. А. И. Добрынин аймақты біріншіден, елдің территориясының құраушы бөлігі ғана емес, екіншіден, ұдайы өндірістің айақталған циклі бар халық шаруашылығының өзіндік бөлігі ретінде, үшіншіден, эндогенді және экзогенді ағымдардың материялдық және қаржылық ресурстардың өзіндік байланыстарын тудыратын елдің басқа аудандарының байланыс жасайтын экономикалық аудан, жүйе ретінде қарастыру қажет деп жазған. Ұдайы өндірістік жүйе сияқты аймақ экономика географиялық бағыттың кейбір жағдайларымен ерекше жағдайларын қамтиды: жұмыс кұшінің, өндіріс қатынастарының және жиынтық өнімді бөлудің, ұлттық табыстың, тұтыну қорымен жинақтау қорының, капитал салудың көздерінің, ұдайы өндірістік шарттарын реттеу, еңбек ресурстарының қозғалысы және олардың квалификациясы халықтың нақты ақшалай табысының өсуінің ерекше жағдайларын реттеу, сонымен қатар тағы басқа әлеуметтік тәртіптегі фактормен қатары.
Жоғарыда аталып кеткен бағыттардың барлығы бірін бірі толықтырылады. Әрбір бағыт аймақтың экономикалық зерттеулерінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыру үшін арналған деуге болады. Мысалы, экономика - географиялық анықтама территориялық жүйені бөліп көрсетудегі аудандардың және территорилық өндірістік кешендердің қалыптасуының, сонымен қатар кестелерді біріктіру кезіндегі өндіріс күштерінің және өнеркәсіп кәсіпорының қозғалысының негізі болып табылады. Экономикалық бағыт елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын біріктіру және жүзеге асыру кезіндегі, биліктің атқарушы және өкілді органдарын орталықсыздандыру (децентрализация) мен қайта құру кезіндегі әртүрлі деңгейдегі аймақтық конферурацияларды модельдеу бойынша зерттеу жүргізумен байланысты. Бірақ тек ұдайы өндірістік бағыт аймақтық экономикалық саясатты және аймақтық инвестициялық саясатты әзірлеу үшін де осы саясаттарды жүзеге асыру үшін құрал таңдау үшін де қолайлы көрінеді. Ол аймақты ұлттық шаруашылықтың жүйе асты ретінде және өзіндік ұдайы өндірістік жүйе ретінді сипаттайды.
Сонымен қатар аймақтық зерттеулерде геожүйелік бағыт қолданылады. Ол бір-бірімен байланысқан қарапайым ұйымдардан тұратын күрделі объектілердің құрылымын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Геожүйеге бұтін құрылым, орналасқан жеріне байланысты қызмет ететін міндетті элементтер жиынтығы тағы басқа жатады. Геожүйе түсінігі табиғи - территориялық және территориялық-өндірістік кешеннің кеңістікті объектілерін тану үшін қолданылады. Бұл түсінікті экологиялық, әлеуметтік және экономикалық бірліктерді кеңейту кезінде де қолданады. Геожүйелік иерархия тән, мысалы, халық (қала, аудан, ауыл) - аймақ (облыс) - ел Қазақстан. Кезщ келген аймақ күрделі экономикалық жүйе бола отыра, дамуға көптеген мақсатты бағыттарға ие. Оның экономикалық қозғалысының траекториясы және жылдамдығы бәсеке жағдайына, экономикалық жайтына, геодемографиялық құрылымына, жұмыспен қамту деңгейіне, қаржылық қамтамасыз етілуіне және тағы басқаға тәуелді.
Аймақтық экономика - экономикалық білімінің маңызды салаларының бірі /1/.
Аймақтық экономикалық пәні - өндіріс күштерінің әлеуметтік және экономикалық аймақтық қозғалысын және экономика салаларының дамуын, аймақтық маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және эклнлмикалық ерекшеліктерімен, сонымен қатар аймақаралық, аймақ ішіндегі жәнек мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің аңызды құрайшысы қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістікті аспекілерін зерттеу болып отыр.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, эканомикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін эканомикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.
Аймақтық экономика білімнің ғылыми облысы ретінде территориялық аспектідегі өндіріс күштері мен әлеуметтік инфроқұрылымның барлық элементтерінің заңдылықтарын, қағидаларын зерттеумен, талдаумен және болжаумен, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың және экономикалыұ талаптарының жалпы стратегиясын ескере өндіріс күштерінің қозғалысының бағытын негіздеумен; републиканың және аймақтың экономикасын зерттеумен айналысады.
Аймақтық экономика елдің және оның аймақтарының табиғи - ресурстық потенциалын, халқын, еңбек ресурстарын және қазіргі демографиялық мәселелерін зерттейді /1/.
Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалықдаму деңгейлеріндегі айырмашылықтар әлемнің кез-келген еліне тән объективті болып отыр. Рыноққа өту кезеңде бұл айырмашылықтар күшейіп кетті. Рынокқа өту кезіндегі процестерді басқару механизімінің жетілмегендігі республика экономикасын реформалауды артқа тартты. Басқарудың мемлекеттік және аймақтық құрылымдарының көлденең және тігінен рыноктық реформаларға сәйкес келмеді жалпы мемлекеттік саясатты мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Қалыптасқан жағдайда аймақтар дағдарыстан шығудың жеке жолын таңдады. Басқарудың аймақтық органдары стратегиялық мәселелерді шешу кезінде есепке алынбаса, шешім қабылдау кезінде жалпы мемлекеттік деңгейде аймақтық ерекшеліктер толығымен бағаланбай қалады /2/.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының эканомикада болып жатқан қайта құру процестері халықтың өмірінде әртүрлі бейнелене, аймақтық және жергілікті мүддені қозғай, территория деңгейінде көріне бастады. Аймақтық айырмашылықтар табиғи климаттық демографиялық өндірістік, географиялық факторлардың негіздеріне байланысты. Аймақтар арасындағы барлық экономикаларда бар және ол сол айырымдарды жоюға бағытталған тиімді саясат жүргізуді талап етеді.
Терең экономикалық құлдыраумен сәйкес келген рынокты қайта құруды бұрыңғы шаруашылық ету жүесіне қалған деструктивті процестер мен территориялық диспропорцианы күшейтіп жіберді. Зерттеушілер айытпақшы совет кезінде аймақтық саясат өз бетінше болған, бірақ ол өндіруші өнеркәсіппен алғашқы өңдеудің басымдылықты дамынуына бағытталған экстенсивті индустрализация саясатының жалғасы ретінде қарастырылды. Рыноктық реформалаудың басталуымен өндіріс процесінің динамикасының төмендеуі мен әлеуметтік даму көрсеткіштерін азайуында көрсетілген аймақтық теңсіздік тез тереңдеп кетті /3/.
Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ), халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы, адам дамынуының индексі, орташа табыспен өмір сүру минимумы арасындағы қатынас көрсеткіштермен бағаланатын экономикалық даму деңгейі бойынша аймақтарды үш топқа бөлуге болады. Орташа республикалық көрсеткіштерден көп деңгейді дамудың жоғарғы деңгейін сипаттайды. 2018 ж. олардың ішінде Алматы қаласы (15, 4 %), Атырау (12%), Қарағанды (9. 9 %) областары кірді. Бұл аймақтардың экономикасында ірі өнер кәсіп және ауыл шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған. Лидер аймақтардың үлесіне елдің ЖАӨ-ң 37. 3 % келеді. Өнер кәсіптік және аграрлық дамыған аймақтарға орташа деңгейі тән : Шығыс Қазақстан (88, 2%), Павлодар (6), Оңтүстік Қазақстан (6), Маңғыстау (5, 9), Батыс Казақстан (5, 1%), Алматы (5%), Қостанай (5%) облыстары және Астана қаласы (4, 7%) . ЖАӨ көлеміндегі бұлардың жалпы үлесі 50, 7 % құрайды.
Төмен деңгейдегі дамуы бар аймақ тобына Ақмола (3, 6%), Солтүстік Қазақстан (3, 3%), Қызылорда (2, 9%) және Жамбыл (2, 2%) облыстары кіреді. Олардың жиынтық үлесі - 12% /4/.
Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақтардың әр-түрлі типіндегі ерекшеліктерін ескере әр түрлі жүзеге асырылады /2/. Үкіметтің 1996 жылғы 9 қыркүйектегі № 1097 жарлығымен бегітілген Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының концепциясында мемлекетіміздің аймақтары түрге бөлудің типалогиясы қабылданды. Республикалық аймақтық басымдылықтарды анықтау үшін оларды 3 топқа бөлді:
- Табыстың орташа республикалық деңгейінен асатын жан басына шаққандағы табысы бар аймақтар ( Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Казақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы) . Бұл аймақтарда салықтың жоғары қойылымы бекітілу тиіс.
- Табыстың орташа республикалық деңгейіне жақын табысы бар аймақтар (Атырау, Жезқазған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Торғай областары кіреді) .
- Жан басына шаққандағы орта табыстың ең төмен деңгейіне тән аймақтар (Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Кокшетау, Семей, Талдақорған, Оңтүстік Қазақстан областары) . 3-ші топ аймақтары әлеуметтік экономикалық дамуының ең төмен деңгейін сипаттайтын артта қалған облыстар. Оларды аутсайдер деп атайды. Оларға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігіне сай көмектен тыс қалмауы керек (2) .
Аймақтарды мамандану принципі бойынша бөлуге болады. Оған сай оларды төрт топқа бөлеміз:
- Стратегиялық сиппатағы минералды ресурстардың уникалды заностары және әлемдік шаруашылыққа республика экономикасын тездеген темпімен интеграциалау мүмкіндіктері бар ғылыми техникалық потенциалының интенсивті дамуында жеткілікті жоғары деңгейге ие, бірақ ауылдың экономикалық және әлеуметтік артта қалушылығы бар аймақтар.
- Жоғары технологиялық ғылыми сиымдылықты өндірісті оның ішінде негізінен өзін қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын құрушыш игілікті экономикалық жағдайы бар, ауыр индустрия салаларының мамандануы анық көрінетін ғылыми өндірістік потенциалы жоғары аймақтар.
- Мемлекеттік азық-түлік қорын калыптастырудағы алдынғы орындағы агро-өнеркәсіптік кешенді аймақтар.
- Өте нашар табиғи-климаттық, әлеуметтік экономикалық және техника-технологиялық жағдайы шаруашылықиың рационалды емес салалық құрлымы бар, экономикалақ маневрлардың мүмкіндігін қатаң шектейтін депресивті аймақтар, сонымен қатар экономикалық дағдарыстағы аймақтар /2/.
Сонымен, аймақтық экономика - бұл елдің территорисындағы және оның аймақтағы өндіріс күштерінің дамуымен жылжыуын, әлеуметтік экономикалық процестерді табиғи экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты зерттейтін ғылыми білім саласы.
1. 2 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫАймақ экономикасын дамыту мақсаты тек әлеуметтік бағытталған емес, мемлекеттік реттелінетін рынок қалыптастыру болып табылады. Міне осындай реттеу ғана аймақтарының халық шаруашылығының аптималды, тиімді кызмет етудің жағдайы туғызады.
Қазақстан экономикасын рыноктық реформалармен байланысты жалпы халық шаруашылық кешенінде әрбір аймақтың тиімді қызмет етуі маңызды мәселе блып отыр.
Қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне негізделеді. Реттеудің рыноктық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі экономикалық рычактар мен стимулдар арқылы мемлекеттік реттеуден шығады.
Мақсаттар және тапсырмалар жүйесі көз қарасына қарайтын болсақ, аймақтық экономика өзінің мазмұны бойынша қайшы. Ол ең алдымен жалпы республиканың мүддесі үшін дамиды. Осы уақытта берiлген аймақтың ерекше экономикалық, әлеуметтік экологиялық және т. б. ерекшеліктерін ескере аймақтық мүддені қолдау қажет. Осыған байланысты аймақтық экономикалық субьектілердің мүддесін қорғап кана қоймай, жеке аймақтың мүддесін ескеретін миханизмнің рационалдық қызмет етуіне жетуге мүмкіндік жасауы керек /5/.
Қазіргі уақытта әрбір аймақ рынокқа кірудің әр түрлі стартты деңгейіне ие. Сондықтан аймақтың саясатты аймақтық экономикалақ қайшылықтарын жоятын әкімшілік және саяси шараларды қолдану ерекше маңызды.
Аймақтық дамудың маңызды тапсырмалардың бірі жеке аймақтардағы халық өмірі деңгейіедегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл тапсырманы орындау үшін аймақтың экономикалық деңгейі мен ерекшеліктерін ескере жеке аймақтың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламалардың қолдану үлкен мәнге ие.
Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтар тапсырмалар-бұл экономиканың құрылымын реформалау, жеке аймақ депресивті жағдайдан шығару, әлеуметтік инфроқұрлым жасау, экономиканы тұрақтандыру, аймақ аралық транспорттық жүені дамыту, экологиялық қауыпсіз жағдай тугызу.
Аймақтық экономика өзінінің зерттеулерінде ғылыми әдістерінің кешенін қолданады. Оның ішінде маңыздысы баланстық болып табылады. Салалық аймақтық баланс жасау рфноктық маманданған салалар, территориялық кешенді толықтырушы, әғни алдағы салалардың да, халықтық қажеттігін қамтамасыз ететін салалар және қызмет сферамындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар сонымен қатар рационалды аймақ аралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіп орынның жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіп орынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс орнын онақтау, оны шикі затпен, энергиямен, сумен, жылумен еңбек және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жүргізу үшін аймақ таңдау) баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақсыз экономиканың негізіне аймақтық өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық баланстарды құру үшін камералды әдістер қолданған үлкен жобалы жұмыстар мен экспедициалар алдын ала жүргізілуі тиіс. Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейі, оның дамуындағы диспропорциалардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономикада зерттеудің ерекше әдісі картографиалық әдіс болып табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек зерттеу объектісі ғана емес, ол сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы ақпарат туудың көзі болып есептеледі. Карталарды, карта кестелерді, картограммаларды, картодиограммаларды қолдану арқылы орналастыру ерекшеліктері гана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын статистикалық мәліметтерде есте қалады.
Жүйелік талдау - бұл мәселені шаруашылық құрылымын және ішкі қарым- қатынастарды кешенді зерттеу олардың өз-ара әрекеттерін зерттеу мен толықтырылып, соңғы қорытынды тікелей және кері байланыстарды біріктіру негізінде жасалынатын ғылыми зерттеу әдісі. Жүйелік талдау кезеңділік принципін қолданушы жан жақты талдау болып табылады. Ол мақсатты қоюдан тапсырмаларды анықтаудан, ғылыми гипотеза жасаудан басталып, өндірістің жылжуының аптималды нұсқасының ерекшеліктерін жан жақта зерттеумен аяқталады. Мұнда оптималдық критериясы тиімділік, яғни халықтың қажеттігін көбірек қанағаттандыру болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz