Көрнекілік суреттер тізімі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тұрсынова Назерке
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық бойынша
5В041400-станокты графика
Жоба орындады: Тұрсынова Назерке
Жетекшісі:Абдрахманов М. Т
Рецензент:Макажанов. Р. Ш
2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Өнер, мәдениет және спорт институты
Диплом қорғауға жіберілді: "" 2022ж.
Шығармашылық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: « ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақтың Ұлы тұлғалары »
композициясы
Алматы 2022
Аннотация
Дипломдық жоба тақырыбы: «Көрікті Көкше табиғатына, халық ауыз әдебиетіндегі ертегілер», «Көкшетау аңыздары» атты графикалық жұмыстар сериясы.
композициясы.
Кілтті сөздер: Офорт, акватинта, әсем табиғат, биші қайыңдар, қиял- ғажайып,
Еркіндік.
Кіріспеде дипломдық жобаның көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, жаңалығы, нысаны, құрылымы қарастырылған.
Зерттеу нысаны графикалық өнер арқылы, қазақ халқының ұлттық атадан-балаға, ауыздан-ауызға тараған табиғат ертегілеріне иллюстрация жасау арқылы ертегілерді халыққа түсінікті, көрем жеткізу.
Дипломдық жоба бірнеше бөлімнен құралған дипломдық жұмыстың теориялық бөлімі, «Көрікті Көкше» табиғатына арнаған халық ертегілер бөлімі , дипломдық жұмыстың орындалу барысындағы техникалық ерекшеліктер бөлімдер мен тараушалардан тұрады. Әрбір тараушалар тақырыптары бойынша мазмұны ашылып, нақты деректер берілген.
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақтың Ұлы тұлғаларыСәкен Сейфуллин . . . 10Ілияс Жансүгіров . . . 16Бейімбет Майлин . . . 19
- Көненің көзі - келешектің кірпіші . . . 19Қазақстан бейнелеу өнеріндегі графика өнері . . . 19Графика өнеріндегі материалдарына байланысты бөлінетін түрлері, олардың көркемдік мүмкіндіктері . . . 24Линогравюра техникасында композициялық туындыларды орындаудың техникалық мүмкіндіктері . . . 30
- Дипломдық жұмыстың орындалу барысы . . . 26Ізденіс жолдары, тақырып таңдау, композициялық сюжет, жұмыстың орындалу кезеңдері мен әдістері . . . 35
Қорытынды . . . 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 37
Көрнекілік суреттер тізімі . . . 38
Кіріспе
Сурет салу - адам өнерінің ең жоғарғы шыңы. Суретті салуды сүю - тылсым әлемді, өмірімізді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Бұл адамның ой- санасын, ақыл- парасатын кеңейтеді. Ізгілікке жетелеп, әдемілік пен әсемдікті үйретеді. Өмірлік өз орнын тауып, келеңсіздікке, келеңсіз құбылыстарға қарсы тұруға және онымен күресуге тәрбиелейді. Еліне, жеріне, өз ұлтына деген махаббат сүйіспеншілігін арттырады. Айналадағы жақындарына, адамзатқа, тіршілік иелеріне деген махаббат сезіміне баулиды. Өнер әрқашан қамқорлықты оған үлкен жауапкершілікті, түсінісуді қажет етеді. Бастысы, осы сурет өнерін тереңнен түсініп, бойлап жүйелеп қорыту жайы. Сурет өнерін жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндетер таратады.
Бұл жерде айта кететін негізгі жағдай - графика өнерінің линогравюра техникасында жасалған жұмыстың, жәй қағаз бетіне салынған суреттен әлдеқайда күрделі екендігі, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да графикалық өнер, асықпай, сабырмен отырып қол икемділігін жаттықтыруға, түсініп салуға немесе өнер техникасын жеке меңгеріп жасауға таптырмайтын құрал болып табылады.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Әр халықтың өзіне тән, ғасырлар қойнауынан келе жатқан эпостық жырлары, аңыз-әңгімелері, ертегілері мен ел ауызынан тараған көркем оқиғалары бар. Бұңың барлығы дерлік сол халықтың тарихынан, дінінен, ділінен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сыр шертеді. Сондықтан да әр халық аңыз-әңгіме, ертегілерін көздің қарашығындай көріп, ұрпақтан ұрпаққа айна қатесіз, қаз қалпында жеткізуге тырысқан. Мәселен қазақ халқы, мамыражай кеште ақынның, жараудың, әңгімеші ертектішің жанына жиналатын болған. Олар күн-түн демей тоқтаусыз жырлағанда, тыңдарман әр айтылған сөзді бүге-шүгесіне дейін жаттап алуға тырысқан. Бұндай жыршыларды халық қолпаштап, бабын келтіртіп, жағыдайын жасап оның әр сөзіне құштарлық еткен. Сонымен қатар балаларға ертегі, аңыз-әңгімелердің орыны бөлек екендігін білеміз. Балалар ертегілер мен жырларды ерекше жақсы көреді. Олар тыңдау арқылы тәрбиеленеді, ойы ұшқыр болады, қиял әлеміне бой алдырады. Бала күнімізде, апа-әжелеріміз мейірімділік пен адалдық, махаббат пен ғадауат жайлы, әке-аталарымыз батырлық пен жаугершілікті, ерлік пен жаужүректілік туралы ертегілер айтатындығы сондықтан. Бала қиялына арман орналасып, болашаққа мақсат қоя білетін қасиеттері пайда болады. Қазақ халқы ешқашан бала тәрбиесіне бей жай қарамаған -ды. Сондықтан олар өз жырларын, ертегілерін сәні мен салтанаты жарасқан, Қазақ елінің салты мен дәстүрімен көркемдеп, жырына қосқан.
Қазақ ақындарының шығармаларын сақтап, байтақ жерінің көрікті табиғатын жырлап, бабаларымыз талай шабытты туындылар қалдырған. Солардан бізге жеткен өнер атты қазыналарға қарап, бүгінде біз-келешек ұрпақ, шабыттанып өнерді дамытуға үлес қоспақпыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Атадан- балаға қалған ауыз әдебиетіне бір үлес қосып, қазақ халқының көптеген ақындарымыздың қазақ батырлары туралы жыр -дастандары арқылы рухани халықты байыту. Тарихты ұмытпау. Өткен күндер белестеріне қарап, тағылым алу. Жыр - дастандарымыздың берер тағылымын ұрпаққа жеткізу. Айна қатесіз сол қалпында қолданыста болуының маңызын түсіну. Қазақ халықтарына тән ерекшеліктерді білу. Ақындарымыздың өлендерінде суреттелген оқиғаларының негізгі тәрбиелік маңызын ұғыну. Сонымен бірге аты жұртқа белгісіз болып келе жатқан халық ақындары мен жыршылары туралы аз болса да мәліметтер беру. Халқына танымал ақындарымыздың шығармаларына талдау жасап, сабақтастығын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеті. Талай ғасырға, кейіңгі ұрпаққа жіптей жалғасып келе жатқан ата- дәстүрі, ертегі- аңыздары, ауыз- әңгімелері қаз- қатарланып өнер жалғасын қимай, халықтың асыл қазынасы болып бағаланып, оларды көздерінің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып, өркендету-өнегелі іс. Адам өмірін қиялмен шыңдау арқылы, өнер туындыларын туғызып, заман ағымына қарай байып, сурет өнері- мазмұны тереңдеп келе жатқан тәрбиелік мәні өте зор тағылым болды. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерінен көруге болады.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Зерттеу нысаны графикалық өнер арқылы, қазақ халқының ұлттық шығармаларын сурет өнері арқылы паш ету болып табылады.
20-шы ғасырда Қазақ ақындарымыздың Қазақ әдебиеті үшін қосқан еңбегі өте зор белесті, қазақ әдебиетінде ерекше із қалдырған тарихи кезең. Сондықтанда да ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуына түрткі болған Қазақ әдеби тарихын зерттеу, тану, білу мына біз суретшілердің де, сонымен қатар әр бір қазақтың да борышы.
Талай оқырманның көңіліне қуаныш пен қайғыны, шат-шадыман күлкі мен терең ойды, сонау патша шаһарларының сарайы мен ойын сауығы бітпейтін салтанатты жиындарына әкететін, қазақ хандығын құрып, қазақ жері үшін өлімге бастарын тіккен батырларымыздың батырлығы туралы суреттеп өз өлеңдеріне қосқан ақындарымыздың оқиғалары кімді де болмасын бей көңіл қалдырмайтындығы анық. Бұл оқиғалардан тағылымы терең ақылды табасың, жауапсыз қалған махаббаттың күйін кешесің, ұшы қиыры жоқ даласына билігі жүрген патшадың жадын түсінесің, сырғасының үні сыңғыр еткен арудың мұңын түсінесің, ешкімге мойынсұнбаған батырдың жаужүректілігін білесің. Қазақ мәдениеті-кемел шыңына жеткен аса бай құндылықтарға толы тылсым әлемнің сырына бойлайсың.
Қазақтың атын шығарған маңдай алды, көреген, дана қоғам қайраткерлері жетерлік. Бұл қазақ деген халықтың тектілігі деп білеміз. Қазақ - текті халық. Бұл сөзімізге тарихта бес арыс, үш бәйтерек деп аталып жүрген есімдері тарихтың беттерінде алтын әріппен жазылып қалған нар тұлғалардың болуы дәлел болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Бұл дипломдық жұмысымның құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, пайдаланған әдебиет тізімінен және көрнекі құралдардан тұрады.
Бірінші бөлімде қазақ ақындарының шығармалары жайында, ақындарымыздыңнақты айтатын болсақ көне Көкшетау, Бурабай табиғатына арнап шығарған халық ауыз ертегілері және оларға арналған иллюстрациялар. Сондай-ақ жұмыстың техникалық ерекшеліктері жайында шолыу жасаймыз.
Екінші бөлімде жалпы графика өнері, кітап графикасы, линогравюра техникалары және оның түрлері туралы айтылады.
Дипломдық жұмыста графика өнері мен оның сан түрлілігі және де адамзаттың алғаш қауымдастық уақытынан басталғандағы тарихы, сонымен қатар Қазақстан территориясындағы графикалық бейнелеу өнеріне қатысты теорриялық тұжырымдар талдана отырып сараптаулар жүргізілді . Тарихқа үңіле отырып шолу жасау арқылы графика өнерінің қай кезден бастап дамығандығына зерттеп, түрлі техникалармен таныса отырып саралау мақсат етілген . Дипломдық жұмыста ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі қолданбалы графика даму заңдары зерттеледі. Адам өміріндегі сызба мен эскиздер және суреттердің мағыналары, адамзаттың осы уақытқа дейінгі дамуындағы рөлі қарастырылады . Тарихи дәуірден басталған бұл даму бүгінгі күнге дейінгі графиктерді дамыту талданады. Графикалық сурет әдетте қағазға салынып, суретші оны жасау үшін қарындаш немесе қалам сияқты қарапайым құралдарды пайдалана алады. Ал басқа жағдайларда, суретші өз шығармаларын жасау үшін кешенді құралдарды пайдаланады. Олар: литографиялық тастар, баспа станогы, ағаш немесе линолеум және тағы басқа заттар. Графика термині - логотиптерді, белгілерді, конструкцияларды, диаграммаларды, графиктерді, геометриялық үлгілерді, желілік өнерді, рәміздерді, және т. б. жасауды білдіреді . Ал графикалық дизайн заманына сәйкес - әртүрлі жарнамаларда, жарияланымдарда немесе сайттардағы суреттерді немесе мәтінді, және идеяларды біріктіруге арналған өнер я кәсіп дейміз . Осылайша графика ұғымы - кең көлемді анықтамасында өнердің барлық тарихи кезеңдеріне тиесілі саналады, бірақта сурет кескіндемесі және оның басқа да аспектілері өнер тарихында кезеңіне қарай түрліше қарастырылады. Қазіргі әлемдегі маңызды байланыс құралдарының бірі болып табылатын - осы Графикалық дизайн. Графикалық дизайнның заңдылықтарын, принциптері мен ерекшеліктерін түсіну, жарнамалық науқандардың тиімділігін арттыру өнімді нарықта сәтті айналдыру үшін керек. Сонымен қатар өнімді сатуды арттыру үшін оларды дұрыс қолдануды білу қажет.
ІІ. Қазақтың «Үш арыс - үш бәйтерегі »
Қазақтың атын шығарған маңдай алды, көреген, дана қоғам қайраткерлері жетерлік. Бұл қазақ деген халықтың тектілігі деп білеміз. Қазақ - текті халық. Бұл сөзімізге тарихта бес арыс, үш бәйтерек деп аталып жүрген есімдері тарихтың беттерінде алтын әріппен жазылып қалған нар тұлғалардың болуы дәлел болады.
Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі болашақ. Ал болашаққа тарихымызды бұзбай, сол қалпында жеткізетін, тарихты жатқа білетін, қазақ деген халықтың қалай пайда болғандығын, осындай текті халықтың тектілігін көрсеткен, елді, жерді сақтап қалу үшін қаншама өткелдерден өткенімізді білетін, тарихымызда алтын әріппен қалған қоғам қайраткерлерінің есімін білу - қазіргі ұрпаққа міндет.
Бес арыс, үш арыс деп ел есінде қалған ақын-жазушыларымыз, қазақ ұлтына үлкен еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерін айта аламыз. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жазса, енді бірі тұңғыш қазақ әдебиетіне роман деген ұғымды алып келді. Өзінің өмірін «Мұтылғанның өмірі» деп, қазақ әдебиетінде, алаштың тарихында ұмытылмай мәңгі қалған Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақтың жарық жұлдызы. Өз ұлтының жалындап тұрған жастарына берік, кәміл сеніп кеткен Мағжан Жұмабаевтың бес арыстың бірі болуы кездейсоқ емес деп білеміз. Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі болып есептелетін, қазақ қыздарының қиын тағдырларын ашық, дәл жеткізген Жүсіпбек Аймауытов жеке-дара бір бөлек тұлға. «Оян, қазақ» деп айды аспанға бірақ шығарған, халқының оянуын қалаған, отты жырларымен халық жадында мәңгі қалған Міржақып Дулатұлы. Қазақ тіліне үлесін қосқан, қазақ әліпбиін алғаш енгізген, қазақ әдебиетіне, мәдениетіне жаңалық ашқан Ахмет Байтұрсынұлының сіңірген еңбегі зор. Бұл қоғам қайраткерлері, ақын-жазушыларымыз біздің жүрегімізде, әдебиетімізде, мәдениетімізде, тарихымызда мәңгілікке қалары сөзсіз.
Қазақта «үш», «жеті» деген сан киелі. Бұл сандарға байланысты көптеген ырымдар бар. Осыған байланысты, «үш бәйтерек», «үш қоңыр» деген ұғымдар тарихымызда қалған. Қазақ «үш бәйтерек» деп халқымыздың ұлы ақын-жазушыларын бәйтерекке теңеген. Сонау Көкшетаудың сұлулығын еңбегіне арқау еткен, Сәкен Сейфулиннің өзін бір төбе қылып, кедей халықтың жоғын жоқтап, мұңын қосқан Бейімбет Майлиннің, қазақ халқының ата-дәстүрі болып табылатын, қазақтың күйінің әуезділігін, қадір-қасиетін тілге тиек етіп, сырларын сипаттаған Ілияс Жансүгіровті үш бәйтеректің бірі деген. Үш бәйтерек біздіңше, үш алып. Әркімнің өзінің қазақ әдебиетінде алатын орны бар. Бұл үш ақын мен жазушының әрқайсысының шығармалары, жазу стилі бөлек болғанмен, негізгі ойы бір, ол - еліне кішкене болсын пайдасын тигізу. Бұл үш алыптың «үш бәйтерек» деп аталуының өзінің де бір себебі бар. Бұл үш ақынның да кіндік қаны тамған жері - қазақ жері. Үш бәйтерек . . . Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі - дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі - талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі - көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат-парқын, арман-аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де - халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.
2. 1.
ХХ ғасырдың 20 - 40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай - қайсысының да айналып
өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол - табиғат. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын халық поэзиясынан байқауға болады. Шындығында да, қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алатыны белгілі. Бұлай болуы заңды нәрсе еді. Кең далада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде де кең сахарада, ашық аспан астында, өзен - судың жағасында өтетін қазақтың өзін әрдайым табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі таңғаларлық құбылыс емес. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та, табиғат назардан тыс қалған емес. Табиғаттың атқарар рөлі де әр шығармада әр басқа. Бір шығармада кейіпкерінің қандай екенін көрсетсе, енді бір шығармада мінезін көрсетеді. Келесі бір шығармада табиғаттың жеке - дара өз әсемдігі берілсе, енді бірінде табиғаттың адам ерекшеліктерімен байланысын көрсетеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны Сәкен Сейфуллиннің шығармаларының көбі ғажайып табиғат суреттері, қайталанбас сұлу көрініс, өйткені табиғат ақынға қанатты шабыт береді. Ақын өлеңдерінде табиғатты көркем суреттеумен қатар оны қазақ халқының тұрмыс - тіршілігіне, мінез-құлқына байланысты жырлады.
Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым оқушылардың ой - өрісін дамытуға, адамның табиғатпен қандай тығыз байланысы бар екендігіне ықпал тигізеді. Мен Сәкен шығармаларын оқып, зерттей келе, табиғат құбылыс адам тіршілігіне көп әсер ететіндігіне көзім жетті.
Табиғатты ақын өлеңдерінде қалай бейнелеп суреттегенін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Сәкеннің табиғатты суреттеген Көкшетау поэмасындағы таулардың аталу сырына көңіл бөлдім.
2. 2. Ілияс Жансүгіров - қазақ поэзиясы көгінен көрінген халықтың біртуар перзенті. Халық ауыз әдебиетінен, жалпыхалықтың тіл дәстүрінен үлгі-өнеге алған, ұлы Абай шығармашылығынан сусындаған Ілияс Жансүгіров жырлары - XX ғасыр қазақ поэзиясындағы ерекше туындылар. Өйткені, «көп қырлы талант иесі І. Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы».
Туған әдебиетіміздің дамуына өзінің көркем туындыларымен үлес қосқан Ілияс Жансүгіров өз поэзиясында өмір ақиқатын, болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады. Ақын туындыларының халық сүйіспеншілігіне бөлену сыры да осында.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде Ілияс өлеңдерінің әдеби ерекшеліктері әр жылдары Ғ. Тоғжанов, Т. Әбдірахманова, М. Дүйсенов, Р. Бердібаев сынды әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелді. Онда қазақ өлеңдерінің құрылымы, оның түрлері, жекелеген сөз шеберлері өлеңдерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оларда поэтика, стилистика мәселелерінің тоғысып, бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуы осы тектес зерттеулердің ерекшелігін танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы және ұлттық танымға негізделген тілдік тұлғаның қолданылуы арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз.
«Құлагер» поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік тұлғасын қазақ халқының тарихымен, таным-түсінігімен байланыста танудағы ұмтылыстың қажеттілігінің мәні қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеу екені көрсетіп отыр. Сондай-ақ тілдік тұлға мәселесі жеке жазушылардың немесе бүтіндей бір әдеби кеңнің тіліне арналған зерттеулерде қолға алына бастады. Сонымен қатар, тілді диахрониялық тұрғыдан зерттеуге қазақ тіл білімі де бет бұрғаны белгілі.
Мұндай бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен ұлттың тығыз бірлікте екендігінің дәлелі болмақ. Сондықтан да Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы ақынның өзіне тән тарихи-мәдени тілдік деректер негізінде қарастырылып, поэма тіліндегі ұлт дүниетанымын білдіретін лексикалық қызметін көрсетуге ұмтылдық. Осыдан ақынның жалпыхалықтық тілді пайдалану үлгісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі еріксіз туындайды. Өйткені суреткер тілінің көркемдігі мен бейнелілік сыры көркем тілтану тұрғысынан қарастырғанда ғана айқындалатыны белгілі. Сондықтан да ақын шығармаларының тілдік тұлғасын анықтап, оның көркем поэма тілінің тілдік тұлғасын зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
Ілияс Жансүгіровтің жан-жақты талант иесі екенін халық әлдеқашан мойындаған. Қаламгердің сан-салалы асыл мұраларының құны жойылмайтыны анық.
Осы баға жетпес дүниелерді зерделеу - қазіргі ұрпақ еншісінде. Ілиястың шығармаларымен қатар оның ғұмырлық жолын қарастыру да кешеуілдетуге жатпайтын мәселе.
Әдетте, суретке қарап ол кісі осындай екен ғой деп қоямыз, әрине фотосурет болғаны жақсы ғой. Бірақ ол кісіні тіл, сөз арқылы суреттегенде көп қызғылықты жайтқа кезігеміз. Біріншіден, фото өлі бейне, ал сөз арқылы (словесный портрет) жасағанда оны басқа қырынан танимыз. Ақын Әбділда Тәжібаевпен 1991 жылы қыркүйек айында кездесіп, Ілияс жөнінде біршама деректер алдым.
«Ілияс балуан тұлғалы, үлкен бетіндегі үлкен мұрыны ерекше еді», - дейді. Мұхаметжан Қаратаев Ілияс жөнінде: «Сом денелі, мықты кісі еді, жоталы алқам-салқам пішініне қарап, батыр немесе балуан дейтіндей». Бет әлпеті - «ат ерінді, ер мұрынды келсін» дегендей, кавказ мұрынды, кең маңдай, бүркіт қабақ жігіт екен. Елпілдеп, желпілдеп жан-жағына жалтақтап, әркімнен әр нәрсе жайында сөйлеп отыратын кісілер сияқты емес, мінезі тұйықтау тұнжырық, ұстамды адам тәрізді.
Аз сөйлейді, жарқылдап, шешенсіп, өлеңдетіп сөйлеу онда жоқ. Қоңыр үнмен марғау, бәсең сөйлейді, бірақ сабырмен айтқан пікірлерінде қорғасындай салмақтылық, қиыннан қиыстырған қарапайым қисындылық пен ой жүйелілігі сезіледі. Дегенмен, ойлы, дәлелді сөйлеу және соз арасында жіңішкелеп әзіл-қалжың, мысқыл қыстырып сөйлеуге өте шебер» - дейді.
Бейсембай Кенжебаев өз естелігінде: Ілияс ұзын бойлы, ірі, алып денелі, балуан мүсінді десе де болар еді. Дене мүсініне бет әлпеті сай еді: кең мандайлы, қою қара қасты, жар қабақ, шүңірек қара көзді, үлкен қыр мұрынды, жазық бетті, сүйір иекті, қара торы еді. Сондай-ақ, шоқша қара мұртымен ол кавказдықтарға біраз ұқсар еді. Жүргенде Ілияс бірдеңеге құлақ салып келе жатқан тәрізді, басын сол жағына қисайтып, жайбарақат, сәл салқам жүретін. Жүрісі дене мүсінімен бет әлпетіне жарасып тұратын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz