Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы қазақ ұлттық университеті
Педагогика, филология және тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасыҚорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. к
“ “2022 ж.
Д И П Л О М Ж ҰМ Ы С ЫТақырыбы: М. Тэтчер: әйел, саясаткер, премьер министр
Орындаушы
Педагогика тарих факультетінің
Ист 20-21 оқу тобы студенті Темірбек Н. Т.
Ғылыми жетекші
тарих ғылымдарының кандидаты Сатбай. Д. т. ғ. д., т. ғ. к доцент
Қызылорда, 2022Жоспар
Кіріспе . . . 3-7
1 Маргарет Тэтчер - «Билікке жету жолы» . . . 8-14
1. 1 Өскен орны, кәсіби білім алуы . . . 8-10
1. 2 Қатардағы парламентариядан премьер-министрге дейін . . . 11-14
2 М. Тэтчер әкімшілігінің ішкі саясаты және оның жетістіктері мен кемшіліктері . . . 15-25
2. 1 Ұстанған «меншіккерлер демократиясы» (монетаризм) . . . 15-18
2. 2 Антиколлективизм мен посткорпоративизм . . . 18-20
2. 3 Әлеуметтік саясат төңірегіндегі білім, денсаулық сақтау, тұрғын-үй мәселелері . . . 20-23
2. 4 Тэтчерлік онжылдықтың соңғы кезеңіндегі реформалар . . . 22-25
3 М. Тэтчер әкімшілігінің сыртқы саясаты . . . 26-54
3. 1 Ағылшын-аргентин қақтығысы және консерваторлық үкіметтің саяси ұстанымы . . . 26-32
3. 2 Ұлыбританияның АҚШ, КСРО мемлекеттерімен қатынастары . . . 32-45
3. 3 Ұлыбритания - Қытай қатынастарындағы Гонконг мәселесі . . . 45-51
3. 4 «Қырғи қабақ соғысының» аяқталуы . . . 51-54
Қорытынды . . . 54-56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 57-58
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ұлыбританияның заманауи тарихында Маргарет Тэтчердің есімі секілді дау тудыратын, қарама-қайшы пікірлердің өрбуіне мүмкіндік беретін, түрлі тұжырымдар жасауға ұйытқы болған есім жоқ десек қателесе қоймаспыз. Бұл тұрғыдан алғанда ол У. Черчильмен таласа алады. Дегенмен оның саяси қарсыластары Тэтчер тұлғасының бірегейлігін, оның елдің қоғамдық-саяси дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын мойындамай тұра алмайды. Оның оппонеттері қолданысқа енгізген «тэтчеризм» ұғымы неокнсерватизмнің британдық үлгісінің синониміне айналды. Ол «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені» және «Тэтчер төңкерісі» деген сөз тіркестерімен қатар қолданылады. Бұл сөздердің барлығы да ағылшын саяси сөздігіне мықтап тұрып енді. Л. Замятин «тэтчеризм» термині «… ол жүргізген белгілі бір саяси, деологиялық және моралдық ұстанымдарды, сондай-ақ оның басқару стиліне тән ерекшеліктерді анықтайтын сипаттамалары» деп есептейді. Осындай әйгілілігіне, Ұлыбританияның өркендеуіне көрсеткен зор ықпалына және әлемдік саяси процеске жасаған әсеріне байланысты М. Тэтчердің саяси бейнесін, оның жүргізген ішкі және сыртқы саясатын егжей-тегжейлі зерттеп білудің маңызы зор. Ұлыбритания капиталистік қатынастар дәуірінің орнауы кезеңінен бері Еуропа елдерінің ішінен бір қадам алда болып келгені белгілі. Тарих тағылымында бұл елдің ішкі, сыртқы саясатын У. Черчилл, Г. Вилсон, Э. Хит секілді өзге де саяси басшылары белсенді құрып, жүргізіп келді. Ұлыбританияның әлемдегі беделінің үстем, салмағының ауыр болуы осы басшылардың қызметімен, жүргізген саясатымен тікелей байланысты. Бітіру жұмысын зерттеу мәселесінде, 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатын қалыптастыруда 10 жылдан астам Ұлыбритания премьер-министрі қызметін атқарған, кеңес баспасөзі «Темір ханым» деп атаған - Маргарет Хильда Тэтчердің рөлі ерекше.
Осы түсіндірме арқылы тақырып жаңалығының жалпы сипаттамасын бағамдауға болады.
Ұлыбританияның сыртқы саясаты, соның ішінде М. Тэтчер үкіметі тұсындағы сыртқы саясатын талдау тарихшылар үшін аз қызығушылық туғызбайды. Ұлыбритания сыртқы саясатын зерттеуде бұл кезең кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Себебі, бұл кезеңде британ билеуші тобы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өзгертіп, Ұлыбританияны әлемдік держава ретінде қайта танытуға ұмтылысымен, халықаралық қатынастар жүйесіндегі реакциялық ұстанымдарымен ерекшеленеді.
1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатындағы елеулі оқиғалар - консерваторлық үкіметтің алдағы сайлаудағы жеңісін қамтамасыз еткен, Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын - аргентин қақтығысында (соғысында) ағылшындардың жеңіске жетуі және Қытай Халық Республикасы мен Гонконг аралын қайтару жөнінде бірлескен келісімге келуі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Бұл ағымның өрiс алғанынан бастап бүгiнгi кезеңге дейiн көптеген зеттеушiлер мен ғалым - академиктер Маргарет Тэтчердің емiрбаянын да, билiкке келгеннен кейiнгi ұстанган саясатын да жан - жақты қарастырған еді . Соның iшiнде алғашқы кезекте атап өтiлуi тиiс С. Перегудовтың «Тэтчер и тэтчеризм» деп аталатын монографиясы . 1996 жылы жарыққа шыққан ғалымның бұл еңбегi көптеген ғылыми мақалалар және 4 жыл бұрын шыққан Современный консерватизм атты еңбегiнiң заңды жалғасы, автордын такырыпты терендеп ашу арқылы жалпы Ұлыбританияның саяси құрылымын қарастыру, ойын ережелерiн түсiну мақсатын қояды. Әсіресе сол кезде Ресей аса зерттелмеген тақырыптардын бiрi болып табылатын тэтчеризм мәселесі болғандықтан, С. Перегудов монографиясында бiр - бiрiне тығыз байланысты Британияда неоконсерватизм бағытының дамуы мен Тэтчерлік онжылдыкты синтездеп зерттеуге тырысты [ 4, 3-5 ] . Ал соңғы ғасырдағы Англиянын ен танымал премьер - министрі Маргарет Тэтчердiн орыс ғалымдарының арасындағы алғашқы биографтарының бiрi Виктор Поповтың «Маргарет Тэтчер : человек и политик ( Взгляд российского дипломата ) »- деп аталатын кітабының екiншi басылымында автордың биографиялық тұрғыдағы зерттеулерiмен бiрге, орыс тіліне аударылмаған Маргарет Тэтчердiн екi томдық автобиографиясынан кұнды материалдар қолданылады . Жалпыланған тұрғыда енбектiң ерекшелігі: ұлы тұлғанын емiрге келгендегі алғашқы кадамдарынан Премьер - министр қызметінен кейiнгi де емiр тагдырын зерделеуі . Автор тeмip xaнымның өмiрiн турлi қарама - қайшылықтар мен өзгерістерге толы болганын атап етеді, М. Тэтчерге көп кезекте алғаш, бiрiншi рет деген сөздер қолданатынын байқайды [ 5, 3 9 ] . Биография тақырыбын жалғастырған француз тарихшысы Жан Луи Тьерио батыс адам тұрғысынан Маргарет Тэтчердiн емiр жолын езiнше түсiнедi де, баяндайды және бұл манызды мәселелерге басқа кырынан қарауға мүмкіндік береді. «Маргарет Тэтчер : от бакалейной лавки до палаты лордов» - басты еңбегiнде ұлылардың ұлысы болған тұлғаға кезінде көп лақап аттар қойғанымен (белдемшедегі Черчилль, антикоммунизмнiң әлемдік жандармы, Шығыс одағы мен Варшава келісімшартының қабыршысы, т. б. ) , халыктан өте жиi Бiзге Маргарет Тэтчер керек ! деген сөздер естiлгенін байқайды [ 6, 2-5 ] . Жүйелей келе, бұл кітап Әлемдегі кешегі оқиғаларды кеңірек қарауға, кейбiр атаққұмарларға саяси билік шыңына жету туралы оқулык турiнде керiнiс табуы мумкiн . Осындай салыстырмалы негiзде жазылған ғылыми еңбектердiң бiрi - В. А. Матвеевтің «Британия вчера и сегодня. » Зерттеу жұмысының негізі болып, Англияның II дуниежузiлiк соғыстан кейінгі қалыптасқан саяси бағытынын ХХ гасырдың екінші жартысында күрт өзгеріске ұшырауы. Автор арнайы тарауларда 1950-1980 жж. аралығындағы кезеңдi жеке, 1980 ж. бергi өрiстеген құбылыстарды жеке қарастырып етеді, осыдан да бір ғасырдың төңiрегiнде мемлекеттің саяси құрылысында карама - карсы идеологиялардың калыптасқанын байқауға болады. Әсiресе ішкі және сыртқы саясаттағы Премьер - министрдiң кабылдаған шешiмдерiн айқындау кезiнде, белгілі бір парапелль жүргiзiлiп биографиясы баяндалады [123-126 ] Ал сол тарихи оқиғалардың куәгері, тiптен себепкері Маргарет Тэтчер биліктен кеткеннен кейiн, мүмкін өз елі ушiн жасаған бағаланбас еңбегін қорытындылай келе, бірнеше автобиографиялар мен мемуарлар жариялаған. Соның ішінде ерекшеленетiн басылымы, 2003 жылы жарыққа шыққан «Искусство управления государством . Стратегии для меняющегося мира. » Онын аннотациясында: «Искусство управления государством - әлемдiк мәндегi мемлекеттiк қайраткердің тарапынан жазылған терен ғылыми еңбек», - деп көрсетілетін болса, автор, шын мәнінде, өткен дәуiрдiң ең танымал саяси кезеңдерi мен халықаралык конфликттердің пайда болу алғышарттары және де ету сипаттары жайлы баяндайды [ 8, 15 ] . Өзi жайлы кептеген жағымды және жағымсыз пiкiрлер естіген Британияның бұрынғы Премьер министрi ендiгi кезекте Әлемдi өз кезiмен қалай елестететінін осы еңбегінде жан - жақты суреттейдi . Салыстырмалы түрде бiршама аз уақыт бұрын емiр сүрген тұлға, жана идеология, саясат жөнiндегi пiкiрталастар, кезкарастар, ғылыми мақалалар. Монографиялар мен ғылыми еңбектер тіптен танымал журналисттердiң сол оқиғаларға арнап өз көзкарастарын кiтап турiнде басып шығаруы өрiстеген саяси құбылыстардың тек Британия тарихына ғана емес, Әлем тарихына да үлкен серпіліс бергенiн бiлдiредi. Тақырыптың хронологиялык шеңберi. Сонымен бірге сол кезеңнің хронологиялык шеңберін анықтайтын болсақ, Маргарет Тэтчердiң 1979 жылы 4 мамыр күні Консервативтiк партия атынан Премьер - министрге сайлау кезінде жеңiске жетуiнен бастап 1990 жылы 29 қараша кунi қызметiнен кетуiне дейінгі біршама кыска да узак аралықты қамтиды. Кейiн де Консервативтік партия атынан Премьер - министр кызметін атқарған Джон Мейджор бір жағынан М. Тэтчердiң өз қолдауымен тағайындалса да, тэтчеризм бағытын түпкiлiктi жүзеге асырды деп айту қиын . Сол себепті де неоконсерватизм бағытын орнатқан Маргарет Тэтчер укiметi бугiнгi күнге дейiн ең радикалды, катал тәртіп орнатканы жайлы кептеген мысалдар дәлелдейді .
Зерттеу жұмысының нысаны . Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері М. Робертстің балалық шағынан бастап, М. Тэтчер бастаған консерваторлық үкімет билікке келген 1979 жылдан 1989 жылға дейінгі онжылдық кезеңді қамтиды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Біздің тақырыбымыздың теңiрегiнде iске асыратын мақсатымыз : Ұлыбритания тарихындағы ұлы саяси қайраткерлердiн бiрi Маргарет Тэтчердiң өмір жолын зерттей келіп, оның феномен болған тұлғалық бейнесін анықтау, әрі маңызын тусiну. Бұл ағым пайда болып жатқан кезеңдегі зерттеушілердің еңбектерi мен мәселе өз мәресіне жеткеннен кейiн ғалымдардың кең ауқымдағы ғылыми жұмыстарын зерделей келе, ХХ - ғасырдагы ен маңызды тұлғаларының бірі болып саналатын феноменнің туп казығына жету. Осы мақсатқа жету барысында : 1. Алғашқы тарауда Маргарет Тэтчердің мемлекеттегi ең жоғарғы лауазымға ие болғанға дейiнгi емiр тағдыры жан жакты карастырылады, себебi дәл сол кезендегі орын алған оқиғалар М. Тэтчердiң кейiнгi кызметi теңiрегiнде iске асырған саясатына негiзгi алғышарттарды калыптастырды . 2. Келесі тарауда қарастырылатын мәселе көбінесе Тэтчер укiметi кезеңiнде жургiзiлген ішкі саясаттың жағымды жактары мен жағымсыз тұстарын ашуға арналады, әсіресе әлеуметтік экономикалык шаралары кейінгі уақытта тэтчеризм деген атқа ие болуы сирек кездесетін қатар
Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру негізделеді:
- Тэтчердің әлеуметтік шыққан тегі: оның саяси бейнесінің қалыптасуы және саяси жетістіктері;
- М. Тэтчер тұсындағы Англияның 70-жылдардағы әлеуметтік - экономикалық жағдайын анықтау;
- Парламентке жетудегі өмір жолы сараптау;
- Қатардағы парламентариядан премьер министрге дейінгі жетістіктерін анықтау;
- Тэтчеризм ұғымының пайда болуын анықтау;
Бітіру жұмысының деректік негізіне алынған құжаттар қорын үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар - құжаттық деректер, саяси қайраткерлердің мемуарлық шығармалары және мерзімді баспасөз материалдары болып табылады.
Құжаттық деректер негізін Ұлыбританияның АҚШ, КСРО және басқа да ұйымдар арасындағы дипломатиялық қатынастар тарихын бейнелейтін А. А. Громыко[18] және Л. Ф. Ильичевтің[19] басшылығымен жинақталып, басылған құжаттар мен материалдардың жинағын атауға болады. Онда халықаралық келісімдердің мәтіні мен дипломатиялық мәлімдемелер берілген.
Ал, мемуарлық деректер қорына М. Тэтчердің [20] отставкаға кеткеннен кейін жазған мемлекетті басқарудағы шеберлікті тәжірибе ретінде сипаттаған еңбегін тек мемуарлық қана емес, терең ғылыми еңбек деп баға беруге болады. Автор бұрынғы саяси оқиғалардың сабақтарын талдай отырып, "қырғи-қабақ" соғыс саясатындағы АҚШ пен КСРО мемлекеттерінің ролін саралайды. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың дамуын, оның негізгі проблемаларын зерттеп, Еуропа, Азия, Алыс және Таяу Шығыстағы саяси оқиғаларға баға береді. Азия гиганттары ретінде Қытайдың даму тарихына тоқтала келіп, 1984 жылғы Гонконгты қайтару жөніндегі келісімнің мәнін түсінуге үлкен бағдар береді.
Одан кейінгі мемуарлық шығарма 1980-86 жылдары КСРО-ның Ұлыбританиядағы елшісі боп қызмет атқарған, тарих ғылымының докторы, тарихшы - дипломат В. И. Поповтың «М. Тэтчер: тұлға және саясаткер» деп аталатын мемуарлық еңбегі [21] . Автор еңбегінде М. Тэтчер тұсындағы консерваторлық үкіметтің ішкі, сыртқы саясаттарынан толық мағлұмат беріп, сол тұста орын алған тарихи - саяси оқиғаларға өзінше баға береді. Сыртқы саясатында Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын - аргентин қақтығысы, Ұлыбританияның НАТО, ЕЭҚ, БҰҰ-дағы ұстанымдарын, АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарын терең талдап, баяндайды.
М. Тэтчер тұсындағы басты саяси мәселелерді түсінуде ағылшын тарихшысы Крис Огденнің М. Тэтчердің тұлғасындағы биліктегі әйел болмысын тарих куәгері мен саяси оқиғаларды тікелей болмысында ажыратуға арналған құжаттық еңбегінің де деректік маңызы зор [22] . Деректік мәліметтерге негізделген жинақтың ғылыми сараптамасы М. Тэтчердің өмір жолы мен саясаттағы рөлін және үкімет басшысы ретінде ішкі-сыртқы саясат мәселесін толық қамтиды. Ол көптеген шетелдік ресми баспасөз деректері негізінде оның жүргізген саясатының өзекті тұстарын баяндайды. Сыртқы саясатында АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастары, Фолкленд аралдары үшін болған қақтығыс, М. Тэтчер билігінің тарихи қорытындыларына сараптама жасайды.
Бірнеше жыл КСРО сыртқы істер министрлігін басқарған дипломат, кеңес қоғам қайраткері А. А. Громыконың естелік - құжаттармен жинақталған жинағының осы кезеңдегі халықаралық қатынастардың бағыт-бағдарын айқындаудағы рөлі зор [23] . Автор естелік кітабында соғыс пен бейбітшілік, батыс пен шығыс мәселелерін, кеңестік сыртқы саясаттағы батыстық, американдық бағыттарды талдайды. Шетелдік саяси қайраткерлермен кездесуінде алған әсерлерін жазады. Ол М. Тэтчермен кездесуін, оның КСРО-ға қатысты ұстанымы мен көзқарасын халықаралық келісімдер аясында атап өтеді.
Тақырыптың келесі деректік негізін мерзімді баспасөз материалдары - газет, журналдар құрайды. Жұмысты жазу барысында негізінен кеңестік басылымдар қолданылды. Атап айтсақ, Кеңес Одағындағы басты саяси басылым - "Правда" газеті мен "Советская культура" газеттері және "Международная жизнь", "Молодой коммунист", "Новое время", "Латынская Америка" журналдары жұмысты жазу барысында дерек көзі ретінде кең пайдаланылды. Бұндағы мақалаларда кеңестік журналистердің Ұлыбритания сыртқы саясатына жасаған саяси шолулары, кеңес тарихшыларының халықаралық қатынастардағы Ұлыбритания ұстанымын талдаулары баяндалады. Мысалға Л. Замятин "Тэтчеризм" [13] деп аталатын мақаласында М. Тэтчер саясатының негізгі концепцияларын атаса, А. Лебедев [15], А. Козлов[14] сияқты қоғамдық тақырыптардағы саяси шолушылар Ұлыбритания сыртқы саясатының даму бағыттарына талдау жасайды.
Аталған деректік материалдар 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатындағы басым бағыттар тарихын зерттеуге негіз болып табылады.
Жұмыстың методологиялық негізі. ХХ ғасырдың басындағы батыс тарихнамасында үрдіс болған тарихты салалы қарастырудың методологиялық ұстанымын басшылыққа ала отырып, мәселені тұлғатану саласына қатысты нысаналар негізінде өркениетті талаптар деңгейінде бағамдаудың теориялық-танымдық үрдісі бітіру жұмысы барысында қадағаланып, тұрақты зерттеу бағдарына алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.
1. Маргарет Тэтчер - «Билікке жету жолы»
1. 1 Өскен орны, кәсіби білім алуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz