Мұнайды дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Торайғыров университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ауганова Шұғыла
Дипломдық жұмыс
5B070800 - Мұнай-газ ісі мамандығы
Павлодар

Инженерия факультеті
Механика және мұнайгаз ісі кафедрасы
Қорғауға жіберілді
20__жыл ___ ________
Кафедра меңгерушісінің м.а. _____________ Дюсова Р.М.
(қолы)
Дипломдық жұмыс
Ұңғыманың типтік ағынын компрессорлық әдіспен игеру
5B070800 - Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша
Орындады
МГІ-401 тобы
_______________
(қолы)
Ш. Ауганова
Ғылыми жетекшісі
профессор
_______________
(қолы)
Т. К. Туркбенов
Нормобақылаушы
_______________
(қолы)
Г. К. Ахмедьянова
Павлодар
2022
Бітіру
жұмысын орындауға тапсырма
Ф МИ СМК 4.01.601
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мұнайгаз ісі мамандығы
Механика және мұнайгаз ісі кафедрасы
Бекітемін
МжМГI кафедрасының меңгерушісінің м.а
_____________ Р. М. Дюсова
2022ж.___ _________
дипломдық жобадипломдық жұмыс орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы Ауганова Шұғыла
(аты-жөні, тегі)
Тақырыбы
Ұңғыма өнімдерін тасымалдауға дайындау жүйесі
университет бойынша 2022 ж. 29 желтоқсан № 3.1-052160 бұйрықпен бекітілді
ДЖ тапсыру мерзімі
ДЖ арналған шығыс деректер: Ұңғыма өнімдерін тасымалдауға дайындау.
ДЖ қаралатын мәселелердің тізімдемесі немесе бітіру жұмысының (дипломдық жобаныңдипломдық жұмыстың) қысқаша мазмұны: Ұңғымаларды игеру технологиясы мен техникасы; Ағынды шақырудың мәні мен әдістері; Ұңғымаларды тарту; Поршень арқылы ағынды шақыру; Ұңғыма ерітіндісін тығыздығы төмен жұмыс агенттеріне дәйекті ауыстыру; Компрессорлық әдіс.
Міндетті сызбалар көрсетілген графикалық материалдың тізімі:
Ағынды шақырғанға дейін ұңғыманың сызбалық бейнесі; Сорғы-компрессорлық құбырлар бағанындағы сұйықтық деңгейін төмендетуге арналған поршень; Екі фазалы көбік көпіршігінің құрылымы; Екі фазалы көбікті қолдана отырып, ұңғыманың ағынын шақырған кезде жер үсті жабдықтарының орналасу схемасы; Ағынды шақырудың компрессорлық әдісі кезінде ұңғыманың сағасындағы артық қысымның өзгеру кестесі; Айналымды жасамай ағынды шақырудың компрессорлық әдісі кезінде газ тәрізді жұмыс агентін ұңғымаға тікелей және кері айдау схемалары.
Ұсынылған негізгі әдебиет: ________15_________
(атауларының жалпы саны)
КЕСТЕСІ
дипломдық жобадипломдық жұмыс дайындау
Бөлімдердің атауы, талданылатын сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге, (кенесші)тапсыру мерзімдері
Қолы
Әдеби шолу
01.01.2022 - 24.02.2022
Ұңғымаларды игеру технологиясы мен техникасы
25.02.2022 - 28.04.2022
Компрессорлық әдіс
30.04.2022 - 12 .05.2022
Қол қою
дипломдық жобадипломдық жұмыс бойынша берілген кеңестер
Бөлім
Кеңесші
Қол қойылған күні
Қолы
Әдеби шолу
Мустафин А.Х.
24.02.2022

28.04.2022
Компрессорлық әдіс
Мустафин А.Х.
13.05.2022
Нормобақылау
Ахмедьянова Г.К.
25.05.2022
Ғылыми жетекшісі __________ ____Туркбенов Т.К._____
(қолы) (аты - жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым білім алушы ________ _____Ауганова Ш..___
(қолы) (аты - жөні)
Күні
Мазмұны
Кіріспе
3
1
4
1.1
5
1.2
8
2
14
Қорытынды
20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
21
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның өнеркәсібінде мұнайгаз саласының алатын орны ерекше. Осы саланың дамуы көптеген ауыр индустрия және халық шаруашылық өндірістерінің масштабтары мен қарқындарына өз әсерін тигізеді. Себебі, көмірсутекті шикізатты өндіру Республика экономикасының өсуін қамтасыздандырады.
Қазақстанның жылдық мұнай өндіруі Республика қажеттілігін қанағаттандыратын мұнай көлемінен 5 - 6 есе артық өндіріледі, аса бағалы шикізат түрі сыртқы нарықтарға шығарылады. Соңғы 10 жыл ішінде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі күрт өсуде. Егер 1994 жылы шикізат 20,3 млн.т көлемінде өндірілсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 62,2 млн.т-ға жетті.
Ұңғы өнімін кәсіпшілік жинау, тасымалдау және дайындау жүйелерін ары қарай жетілдіру мұнай өнеркәсібінің тез қарқынды дамуы кезінде актуалды проблема болып табылады. Бұл жүйелер өндірістің технологиялық тізбегінің үрдістерін байланыстыратын маңызды буын болып саналады.
Жер бетіне шығарылған ұңғы өнімі саңылаусыз жүйелерде жиналып, құрамындағы қабат суы, жолаушы газдар мен түрлі мехаикалық қоспалардан босатылады да, мұнайды ары қарай өңдеуге мұнай өңдеу зауыттарына немесе магистралдық құбырлар арқылы экспорттық маршруттар бойынша тұтынушыларға тасымалданады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Мұнай мен газды дайындау үрдістерінің негізгі мақсаты өндірілетін мұнайдың сапасын тауарлық кондицияларға дейін өңдеу, рационалды тасымалдау және ары қарай өңдеуге дайындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Мұнайды жинау мен дайындаудың қабылданған жүйесіне ұңғы өнімін саңылаусыз жинау, сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру үрдістерінің тереңдігі, технологиясы, қондырғылар кешенінің орналасуы, металлсыйымдылығы, капитал салымдарының және эксплуатациялық шығындардың көлемі тікелей байланысты. Осы мәселені шешу үшін мұнайды жинау, тасымалдау және дайындауды экономикалық талдаудың қажеттілігі туындайды.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Бұл талдаудың негізінде мұнайды жинау, сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру үрдістерінің экономикалық тиімділігі, өндірісті жоспарлау, ұңғы өнімін дайындаудың өзіндік құнын және ары қарай өңдеуге тасымалдау шығындарын есепке алу әдістері, кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері және пайдалылық мөлшері анықталады.
Технико-экономикалық есептеулер негізінде кенорында кәсіпшілік жинау және дайындау пунктеріне дейін мұнай мен газды жинау мен тасымалдаудың толық саңылаусыздығын қамтамасыз ететін ұңғы өнімін рационалды жинау бойынша ұсыныстар беріледі. Капиталды салымдардың, эксплуатациялық шығындардың және металлсыйымдылығының минималды көлемдері анықталады, үрдістерді автоматтандыру, өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды пайдалану, жүйелерді саңылаусыздандыру, мұнай мен газды жинау және тасымалдау пунктерін ірілендіру шаралары қарастырылады, жолаушы газдардың утилизациясын қамтамасыз ететін мұнайды сепарация сатылары бойынша есептеулер жасалады. Жеңіл көмірсутектерінің жоғалтуларын болдырмау үшін ұңғы сағасынан МӨЗ-на дейін тасымалдауды саңылаусыздандыру қажеттілігі туындайды.
Мұнай мен газды кәсіпшілік дайындауда технико-экономикалық есептеулермен сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру үрдістерінің қажеттілігі анықталады. Осы үрдістерді жүзеге асыратын технологиялардың әртүрлі нұсқалары қарастырылады, тұрақтандыру тереңдігі, құрылымдар кешенін орналастыру, қуаттылықтарды өсіру және оларды жылдар бойынша енгізу жөнінде ұсыныстар экономикалық талдау негізінде беріледі.
Ұңғы өнімін кәсіпшілік жинау мен дайындаудың экономикалық тиімділігі мұнайды дайындаудың өзіндік құнымен тікелей байланысты. Сол себепті, жинау мен дайындауға кететін жалпы эксплуатациялық шығындарды жоспарлау, есепке алу әдістерін жетілдіру, мұнай мен газды дайындаудың өзіндік құнын және оны төмендету резервтерін анықтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан, ұңғы өнімін жинау мен дайындаудың тиімділігін арттыру үшін мұнайды сусыздандыруға, тұзсыздандыруға және тұрақтандыруға жұмсалатын эксплуатациялық шығындарды азайту резервтері қарастырылуы керек. Жалпы, мұнай дайындаудың сапасын жақсарту өзіндік құн шамасын азайтатын басты факторларының бірі болып есептеледі.
Сол себепті, кәсіпшіліктерде ұңғы өнімін жинау және дайындау үрдістерінің экономикалық талдау жасау өндіріс тиімділігін анықтаудың алғы шарттарының бірі болып табылады.
Тәжірибелік маңыздылығы. Бұл жұмыста мұнай мен газды жинау және дайындау жүйесінің технологиялық сипаттамасы, жер бетіне шығарылатын мұнай көлемін резервуарларда немесе тікелей мұнай құбырына өткізер алдында есептеу әдістері, мұнай дайындауды жоспарлау қажеттілігі, дайындаудың өзіндік құны және оны төмендету шаралары, сусыздандыру, тұзсыздандыру мен тұрақтандыруға кететін шығындарды есепке алу әдістері қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 15 әдеби дереккөзді қолдана отырып, 21 парақ мәтінінде жазылған. Түсіндірме жазбада 2 сурет, 3 кесте бар.
1 Кенорындарда мұнайды дайындау
Мұнайды өңдеуге және тасымалдауға кәсіпшілік дайындау сусыздандыру, тұзсыздандыру мен тұрақтандырудан тұрады. Қандай да бір үрдістерді дайындау жүйесіне қосу қажеттілігі мұнайдың физико-химиялық қасиеттеріне, эмульсияланған судың минералдануына, кәсіпшіліктердің МӨЗ-нан алшақтығына, кәсіпшіліктен өңдеу қондырғысына дейінгі ара қашықтықтағы мұнайды тасымалдау және сақтау құралдарының саңылаусыздану деңгейіне, зауыттық қондырғыларының құрамында жеңіл көмірсутектерінің мөлшері жоғары болатын мұнайды өңдеу дайындығына, зауыттарда мұнайды тұзсыздандыру қуаттарының бар болуына және мұнайдың экспортқа жіберілуіне байланысты болады.
Сусыздандыру үрдісінің мәні - мұнай мен қабат суының гидрофобтық эмульсиясын бұзу. Бұл эмульсия мұнай мен судың араласуынан түзіледі. Көп жағдайларда мұнай эмульсиялары өте орнықты және өздігінен сұйықтықтарға бөлініп кетпейді.
Тұзсыздандыру үрдісінің мәні де құрамында хлорлы тұздардың мөлшерден жоғары шамасы болатын су мен мұнай араласып кеткен эмульсияны бұзу болып табылады. Әдетте тұздар мұнайда эмульсияланған судағы ерітінді ретінде кездеседі. Сондықтан да сусыздандырудан кейін мұнайда тұздар болуы мүмкін. Олар қалған эмульсияланған қабат суының көлемімен және оның минералдану дәрежесімен анықталады [1].
1.1- кестеде минералдану дәрежесі әртүрлі қабат суының 1 % шамасы кезіндегі мұнай құрамындағы хлорлы тұздардың мөлшері келтірілген.
Кесте мәліметтерінде көрсетілгендей, қабат суының (тығыздығы 1,01) ең аз минералдану дәрежесінде де мұнайдағы тұз мөлшері (қалдық қабат суының мөлшері 0,1-0.3 %-ға дейін төмендесе де) МӨЗ-ның шекті нормасынан - 5-7 мгг шамасынан біршама асады. Сондықтан тұзсыздандыру үрдісі барлық жағдайларда да қажетті.
1.1 кесте - Мұнайдың құрамындағы тұз мөлшері
қабат суы
20С кезіндегі тығыздық, гсм[3]
1,013
1,049
1,101
1,148
1,180
минералдануы, NaCl шаққандағы хлоридтер %
2,0
7,0
14,0
20,0
23,0
Мұнайдағы су құрамы, мгл
180
650
1400
2150
2670
Құрамында қабат суы бар мұнайдың тұщы сумен араласуы нәтижесінде эмульсия алынады. Эмульсияны бұзу кезінде тұщы сумен бірге, қалдық қабат суы да бөлінеді. Осы үрдісті мұнайды тұзсыздандыру деп атайды.
Мұнайды деэмульсациялау әдістерінің шартты топтамасы бар:
- Механикалық (фильтрация, центрифугалау);
- Жылулық (қыздырып тұндыру, ыстық сумен шайқау);
- Электрлік (электромагниттік өрістерде өңдеу);
- Химиялық (деэмульгаторлар-реагенттермен өңдеу).
Сонымен қатар, эмульсияларды бұзу үшін ультрадыбысты және акустикалық тербелістерімен өңдеу пайдалынады, кейбір кездерде әртүрлі әдістердің ұштастырылуы қолданылады [3].
1.2 кесте - Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің топтамасы
Үрдіс сатысы
Үрдіс сатысының сипаттамасы
Қолданылатын әдістер
І
Қорғаушы қабықтың бұзылуы
- Химиялық реагенттерді пайдалану;
oo Эмульсияны қыздыру араластыру;
oo Электростатикалық өрістерді және өнеркәсіптік жиілікөрістерін қолдану;
oo Жоғарғы жиілікті және өте жоғарғы жиілікті тербелістерді қолдану;
ІІ
Тамшылардың іріленуі
oo Электрлік өрістер;
oo Коалесцириялық сұғындырмаларды қолдану;
oo Тұщы су қабатында шайқау;
oo Акустикалық толқындарды қолдану;
oo Магниттік өріс;
ІІІ
Фазалардың бөлінуі
oo Тұндыру;
oo Центрифугалау.
Сусыздандырудың қазіргі кезде қолданылатын әдістері тауарлы мұнайдың сулануын 0,2 %-дан төмен шамада алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, құрамында жоғарғы минералданған қабат суы бар мұнайды дайындау кезінде терең сусыздандыру сатысынан кейін, сусыздандырылған мұнайды тұщы сумен шайқау сияқты тұзсыздандыру сатысы қамтылады [2]. Тұзсыздандыру кезінде келесі үрдістерді бөліп көрсетуге болады:
- қыздырылған мұнайды тұщы сумен эмульсациялау;
- экстракция немесе тұздардың тең салмақты бөлінуі;
- тамшылардың іріленуі;
- фазалардың іріленуі.
Тұзсыздандыру кезінде де химиялық реагенттер қолданылады. Тұзсыздандыру үрдістерін сусыздандырумен қатар жүргізеді.
Мұнай дайындаудың қажетті тереңдігіне байланысты мына қондырғылар қолданылады:
- мұнайды термохимиялық сусыздандыру (ТХҚ);
- мұнайды электрлік тұзсыздандыру (ЭЛТҚ);
- мұнайды кешенді дайындау қондырғысы (МКДҚ) - сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру.
Мұнай дайындаудың соңғы үрдісі - тұрақтандыру, оның мәні кәсіпшілік айырудан өткен шикі мұнайдан жеңіл көмірсутектерді бөліп алудан тұрады. Бұл мұнайдың кәсіпшіліктен саңылаулы тасымалдануы және зауытта сақталуы кезіндегі жоғалтуларды болдырмау үшін қажет. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда мұнайды тұрақтандыру МӨЗ қондырғылары құрамында жеңіл фракцияларының шамасы нормадан жоғары болатын мұнайды өңдей алмайтынымен сипатталады. Саңылаулы тасымалдау мен сақтау кезінде негізгі жоғалту көзі - пентанға дейінгі көмірсутектер (егер олардың құрамы 3,0-3,5 % салмақтан асатын болса) болып табылады. Сондықтан тұрақтылық критерийі ретінде құрамында С2 - С5 фракцияларының шамасы 3,5 % салмағы, 38С кезіндегі бу серпімділігі сынып бағанасының 500 мм-нен аспайтын мұнайды алуға болады [2].
Кең фракцияның бөлінуі кезінде алынатын жеңіл өнімдер ГӨЗ-на жіберіледі, ал ауыр көмірсутектер қайтадан мұнайға айдалады.
1.1 Мұнайды дайындауды жоспарлау
Көмірсутекті шикізатты тиімді пайдалануда ресурстардың және өнім өндірудің дұрыс жоспарлануы басты рольді атқарады. Кез-келген жоспарлау сияқты, мұнай дайындауды жоспарлау қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында минималды шығындар көлемін жұмсай отырып, максималды пайданы алуды көздейді.
Негізінен жоспарлаудың екі түрін бөліп көрсетеді: технико-экономикалық және оперативті. Осы екеуі өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра отырып, бірегей жүйені құрайды.
Технико-экономикалық жоспарлау өзіне бизнес-жоспарды және ағымдағы жоспарларды қосады. Бұл жоспарларда кәсіпорынның ұңғы өнімін жинау мен дайындау жүйесін ары қарай дамыту және жетілдіру бағыттары, өндірістік қуаттарды көбейту, дайындалатын мұнайдың сапасын әлемдік стандарттарға сай өңдеу, қолданылатын реагенттердің тиімділігін арттыру және қоршаған ортаға келтіретін зиянды төмендету шаралары қарастырылады. Сонымен бірге, МДҚ-рында өңделетін мұнайдың оңтайлы көлемін жоспарлау өндіріс тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелерінің бірі болып табылады [11].
1.2 Мұнай дайындау көлемдерін жоспарлау
Мұнай дайындаудың жоспарлы көрсеткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу әдістеріне мұнайкәсіптік басқармасының және сол саладағы кәсіпорындардың жұмысы байланысты болады. Мұнайды дайындау мұнай табу өнеркәсібінің ең соңғы операциясы болып табылады, сондықтан мұнай аймағын жоспарлау жалпы саланың, соның ішінде мұнайды тасымалдау мен қайта өңдеудің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуына өз әсерін тигізеді.
Мұнайды дайындауды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен бөлімшелердің ұйымдастырушылық құрылымы әртүрлі болады. Кейбір жағдайларда мұнай мен газды дайындау жеке кәсіпорындарында (мұнай тұрақтандыру және газобензинді зауыттар) жасалады, кейде мұнайкәсіптік басқармасының арнайы мұнай дайындау цехінде (МДЦ) жүзеге асырылады, кейде - деэмульсациялық қондырғылар кәсіпшілік құрамына кіреді және т.б.
Кәсіпшіліктерде мұнай дайындаудың ең тараған ұйымдастырушылық нысаны - мұнайды кешенді дайындау цехтері болып табылады. МКДЦ-нің ұйымдастырушылық құрылымының үлгісі 3-суретте көрсетілген.
Мұнай дайындау қондырғылары:
Цех бастығы
Цех бастығы
Бас инженер
Бас инженер
Экономист
Экономист
Бас механик
Бас механик
Қауіпсіздік техникасының инженері
Қауіпсіздік техникасының инженері
Механикалық шеберхана
Механикалық шеберхана
Бас диспетчер, диспетчерлер
Бас диспетчер, диспетчерлер
3-қондырғы
3-қондырғы
2-қондырғы
2-қондырғы
1-қондырғы
1-қондырғы
Қондырғы бастығы
Қондырғы бастығы
Механик, жөндеу тобы
Механик, жөндеу тобы
Айдау операторлары
Айдау операторлары
Мастер-технолог
Мастер-технолог
операторлар
операторлар
Электротоп
Электротоп
Анализ зертханасы
Анализ зертханасы
Сурет 1 - Мұнайды кешенді дайындау цехінің құрылымы
Мұнай дайындауды жоспарлаудың ерекшелігі - осы үрдістердің көлемдік және құндық көрсеткіштерінің мұнай өндіру көлеміне тәуелділігі. Өз кезегінде мұнай дайындау көрсеткіштері мұнай өндіру жоспарын орындау үшін шешуші рольді атқарады. Әсіресе. қазіргі нарық жағдайында - өндіріс жоспарының орындалуы өткізілген өнім көлемімен бағалатын кезде маңызды.
Осыған байланысты мұнайды дайындауды жоспарлаудың негізгі мақсаты - мұнайды өндіру бойынша жоспарлы тапсырмалардың мұнайды тасымалдау мен дайындауға кететін қоғамдық еңбек шығындарының ең минималды мөлшерінде қолданылып жүрген мұнай жеткізу шарттарына сәйкес орындалуын қамтамасыз ету.
8-кестеде мұнайды сусыздандыру көлемін есептеудің үлгісі келтірілген. Осы көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті бастапқы мәліметтер әр кәсіпшіліктің жинау пункттері мен дайындау қондырғылары бойынша жеке алынады [13].
Болашақ кезеңдегі мұнайдың сулану дәрежесін кенорынның ұңғыма өнімінің нақты сулануын ескеріп, кенорынды игеру жобалары бойынша алады. Суланған және сусыз мұнай болған жағдайда, мұнайды дайындаусыз тапсыруды қамтамасыз ету үшін осы мұнайларды дербес жинаудың тиімділігі мен мүмкіндігі анықталуы тиіс.
Мұнайдың деэмульсациялау көлемін анықтау үшін суланған мұнай көлемі мен жоспарлы кезеңде сусыздандыру қуаттарының бар болуын және енгізілуін салыстыру керек.
Сусыздандыру қуаттарындағы қосымша қажеттілігі қолдағы бар қуаттардың толық пайдалануын ескеріп, жеке кәсіпорындардың кәсіпшіліктері мен аймақтардың мәліметтері бойынша анықталуы тиіс. Осыған қарамастан, деэмульсациялық қондырғыларының соммалық қуаты мұнай өндірудің жоспарлы көлемдерінен біршама асып түседі. Өйткені, мұнай өндіру көлемі азайып жатқан кенорындар мен аймақтарындағы қуаттар толық қолданбауы мүмкін.
Мұнайды дайындаудың көлемдік және құндық көрсеткіштерін жоспарлау кезінде дайындалған мұнайдың сапасы ескерілуі керек. Нақты бір қондырғыларда сапалық көрсеткіштерді өзгерте отырып, мұнай дайындау көлемдерінің ұлғаюын немесе азаюын алуға болады және сәйкесінше дайындалған мұнайдың 1 бірлігіне кететін шығындарды өзгертуге болады.
Мұндағы басты рольді мұнай тапсыру шарттары мен техникалық талаптар атқарады. Егер дайындалған түрде едәуір сапалы мұнайды жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, сонымен бірге тұзсыздандыру үрдісін жүзеге асыратын қуаттардың бар болғанымен, мұнайды кәсіпшілікте тұзсыздандырудың қажеттілігі туындамайды. Оның орнына барлық қуаттарды терең сусыздандыруға жіберген жөн, бұл шара тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
2 Ұңғы өнімін жинау және дайындаудың технологиялық сипаттамасы
Ұңғы өнімі деп ұңғыдан келіп түсетін мұнай, қабат суы, әртүрлі қоспалар мен ерітілген газдардан құралатын көп компонентті зат ретінде түсінеді. Жер бетіне көтерілген өнім мұнай өңдеу зауыттарына дейін темір жол, су немесе құбыр жолдарымен тасымалдануы үшін жиналып, дайындалуы тиіс.
Ұңғы өнімін жинау және дайындау жүйесінің негізгі элементтері келесілер болып табылады:
- Мұнай өндіруші ұңғылар;
- Автоматтандырылған өлшеуіш қондырғылар (АТӨҚ);
- Сығу сорап станциялары;
- Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың орталық пункті (ОЖП немесе МДОП).
Жүйенің элементтері өзара құбырлар арқылы байланысқан.
Қазіргі кездегі мұнайды кәсіпшілікте жинау мен дайындау жүйесі мұнай ұңғыларының өнімін жинау мен дайындау кезінде қандай да бір жоғалтуларды болдырмауы керек және осы өнімнің (мұнай, жолаушы газ, бұралқы су) қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапаға дейін өңдеуді және рационалды пайдалануды қамтамасыз етуі қажет [5].
Сонымен қатар, мұнайды жинау және дайындау жүйелері капитал салымдары, металл сыйымдылығы, эксплуатациялық шығындары бойынша экономикалық тиімді және қолдануда ыңғайлы болуы керек.
Мұнай өндірудің қазіргі сатысында мұндай талаптарға мұнай мен газды дайындау және бұралқы суларды тазартудың орталықтандырылған арынды саңылаусыз жүйесі толығымен жауап береді. Мұнай, газ бен суды жинау және дайындаудың саңылаусыз жүйелерін енгізу мынадай мүмкіндіктер береді: қымбат химиялық реагенттерін шығынын қысқартуға, мұнай мен суды дайындауға кететін шығындарды төмендетуге, қоршаған ортаға келтіретін зиянды азайтуға, т.с.с.
Ұңғы өнімін кәсіпшілікте жинау, тасымалдау, мұнай мен газды дайындау және бұралқы суларды тазарту - осының барлығы жеке кәсіпшілікті ғана емес, бүкіл мұнай өндіру аймағын қамтитын өзара байланысты үрдістері бар бірыңғай технологиялық жүйе ретінде қарастырылуы тиіс.
Мұнай мен бұралқы суларды дайындау және газды қайта өңдеудің барлық технологиялық объектілері орталық жинау пунктінде орналасуы керек. Кәсіпшіліктерде мұнай кәсіптік объектілердің минималды саны ғана құрылады: мұнай жинағыш
2.1 кесте - Ұңғы өнімін жинау мен дайындаудың саңылаусыз жүйесін енгізгеннен кейінгі нәтижелер
Үрдіс атауы
Енгізгеннен кейінгі нәтиже
МДҚ-на келіп түсетін өнімнің сулануы
90-95 %-дан 10-30 %-ға дейін төмендейді
Мұнай жинағыш коллекторындағы қысым
30 %-ға азаяды, бұл коллекторлар орнатылған бөлімдерде айдауға кететін электроэнергияны тұтынуды 30 %-ға қысқартқанға тең
МДҚ-ндағы отын шығыны
20 %-ға қысқарады
МДҚ-ндағы деэмульгатор шығыны
20 %-ға азаяды
Тауар паркі және тазарту құрылғылары
Оларды 50 %-ға босатуға мүмкіндік береді
Құбыр коммуникациялары және т.б.
Құбырлар ұзындығын 1,5-2 есе азайтуға, бұралқы сулардың оттегімен қанығуына болдырмауға және олардың коррозиялық жегіштігін төмендетуге жағдай жасайды
Коллекторлар жүйесі, өлшеуіш қондырғылар, қабат қысымын ұстап тұратын құбырлар; ал өндірудің газлифтілі әдісі кезінде - ұңғыма көтергішіне жұмысшы агентті жіберетін құбырлар жүйесі мен газлифтімен байланысты объектілер. Кейбір жағдайларда, ескерту ретінде кәсіпшілікте сығу сораптары бар немесе жоқ І сатылы сепарация қондырғылары болуы мүмкін.
Мұнда мұнай, жолаушы газ бен суды дайындаудың технологиялық үрдістерін жеке-жеке немесе оларды жинау жүйесінен тыс жерде жасау мүмін емес екенін атап айтқан жөн. Мұнай мен жолаушы газдың түзілу ерекшеліктері бірдей, сонымен қатар, олар бірыңғай көмірсутекті құрайды және олардың өзара байланысын анықтайтын біршама факторлар салдарынан технологиялық үзіліссіз болып келеді. Мұнай жинаудың кез-келген параметрінің өзгеруі мұнай мен газдың құрамын және физико-химиялық сипаттамаларын өзгертеді. Сондықтан, орталық кәсіпшілік құрылыстарының орнын, айыру сатыларының санын, ОЖП-не келіп түсетін ағымдар саны мен топталуын, қондырғылар жиынтығын және т.б. анықтауы мұнай кенорындарының геолого-техникалық сипаттамасына, түрлі физико-химиялық қасиеттері бар ұңғымалар өнімін жинаудың қабылданған жүйесіне және мұнай табу аймағының өзіндік ерекшеліктері мен факторларына байланысты болады [10].
Кенорынды игерудің әртүрлі кезеңдеріндегі мұнайдың сулану серпініне байланысты суланған және сусыз мұнайды жинау бірлесіп немесе бөлек жеке құбырлар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кез-келген бір нұсқаны таңдау технико-экономикалық есептеулер негізінде және мұнай мен газ өңдеу зауыттарының талаптарын ескере отырып, жасалады.
Газ бен мұнайдың жеңіл фракцияларын жоғалтуларын болдырмау үшін, сонымен қатар, орталық жинау пунктінде қыздырусыз мұнайды сусыздандыру мақсатымен мұнай табу аймағының мұнай мен газ жинау жүйесі және мұнай дайындау қондырғылары арасында қатаң байланыс орнатылуы қажет. Бұл байланыс мұнайдың жинау жүйелерінен шикізат қоймаларына кірмей, тікелей технологиялық қондырғыларға келіп түсуін қамтамасыз етеді.
Жүйелерде осы принциптерді ұстағанда, мұнай табу аймағының кәсіпшіліктерінде мұнай мен газды жинау үрдісінің саңылаусыздандырылуын және капитал салымдары мен эксплуатациялық шығындарының минималды деңгейінде қажетті сападағы тауар өнімінің барлық түрлерін алуға мүмкіндік береді [12].
Сонымен қатар, мұнай мен газды жинаудың кез-келген жүйесінде эксплуатацияға жоспарлы енгізу, жоғарғы еңбек өнімділігі және технико-экономикалық көрсеткіштерге (әсіресе өнімнің 1 бірлігіне) жету үшін мұнай кәсіптік объектілерінің дұрыс орналасуы және қажетті қуаттылықтарын анықтаудың маңызы зор.
Қазіргі кезде игерілетін барлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz