Байланыстырып сөйлеуін дамыту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРҒЫ КОЛЛЕДЖ
Қорғауға жіберілді :
«___»2022 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын дамыту әдістері мен тәсілдері
Мамандық: 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілік: 0101013 - «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
Орындаған: ДО3 тобының студенті Сатыбалдина Раушан
Ғылыми жетекші: Набиева Шынар
Нормаконтралер: Исабаева Н. Е
Курстық жұмысты қорғаған күн:
«__» «» 2022 ж
Өскемен, 2022 жыл
Мазмұны:
- Кіреспе
- Негізгі бөлім
2. 1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
2. 2 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар
2. 3 Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен тәсілдері
4 . Қорытынды
5 . Пайдаланылған әдебеттер тізімі
Кіріспе
Әр баланың лексикалық сөз қорын толықтыру (сөздік қорын байыту) баланы айналадағы заттармен таныстыру процесінде жүзеге асады: сөз баланың жадында сол сөздің өзі білдіретін зат немесе іс -әрекет жөніндегі түсінікпен бірге немесе өзі сай келетін ұғымдар жөніндегі түсінікпен бірге енеді.
Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен» қатар жүреді: бала заттарды қарап шұқып, ұстап және сипап көреді, оларды шертіп, қандай дыбыс шығатынын тыңдап, дәмімен иісін байқайды. Баланың назары ауған зат оның санасына барлық бас сезім органдары көру, есту, иіс сезу, сипап сезу органдары - арқылы енеді. Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол «тамаша»-«жексұрын» сияқты тіптен қарама -қарсы сезімдерді ғана емес, сондай-ақ аралық сезімдердің де бүкіл гаммасын сезінуге қабілетті болып шығады. Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орныққан соң оны атайтын сөз баланың жадында ең алдымен, ол осы затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдердің бәрін қоздырады.
Мысалы, бала шырша деген сөзді естігенде, бірден оның бастан өткізген түйсіктері мен сезімдері жандана түседі: ол қиялында нақты шыршаны, оның жасыл қылқандары мен пирамида пішінді орналасқан бұтақтарын көреді, ол шыршаның шайыр иісін нақты түйсінгендей болады, шыршаның қылқандарын осылайша «көруден» бала ол қолына «кіріп кетпеу үшін» өзінің саусақтарын еріксіз тартып алады; сәбидің бар сезімі шаттыққа, өзінің өмірінде алғаш рет безендірілген Жаңа жылдық шыршаны немесе жазғы ормандағы шыршаны көруден алан қуанышын еске түсіру сәтіне бөленеді.
Сөзді осылайша қабылдау поэтикалық қабылдау деп аталады.
Егер тәрбиешілер баланың санасына жас кезінен бастап ана тілі сөздерін оның бар поэтикалық мәнерімен сіңіре білген болса, онда балада адамның өзі ойлап тұруына ған қажетті емес, сондай-ақ ақындардың творчествосын түсінуге қажетті поэтикалық қабілет дамиды. К. Маркс былай деген болатын: «Егер өнерден ләззат алғың келсе, онда сен көркем өнерден хабардар болуға тиістісің».
Сөздің «сезімдік негізін» меңгерген соң бала оның жалпылауыш маңызын түсінуге қабілетті болады. Міне, сондықтан да бөбектер мен мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту оларды айналадағы заттармен, тұрмыспен, табиғат пен, адамдардың еңбегімен, олардың қоғамдық өмірімен таныстыру процесінде ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен бірге тәрбиеші баламен жүйелі, грамматикалық қалыптасқан, қисынды сөздермен сөйлесуге тиіс. Демек, ересек адамардың айтуынан естіген жекелеген сөздерді баланың өзі болып алады.
Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәл-дене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өз-ара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады.
Зерттеудің мақсаттары:
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен таныстыру арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалар білімін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау;
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін игеру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
Зерттеудің әдістері:
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің дағдысын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген оқу құралдары мен тәрбиешілер тәжірибесін зерттеу;
-Зерттеу жұмысы барысында, бақылау, әңгіме, балалардың көптеген әдістерді қолдану.
Теориялық қолданылымы:
Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы балалардың білімдік, танымдық әрекетін жүзеге асыру.
Практикалық қолданылымы:
Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетіндегі зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін балабақшаның оқыту процесінде енгізілген жағдайда, балалардың ойлау шапшаңдығы, сөз ұстанымы, пікірлерін жеткізе алу икемділіктерін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды. Зерттеу материалдарын балалар бақшасындағы оқу пәндерін оқыту үрдісіне кеңінен пайдалануға, сондай-ақ жоғары және орта педагогикалық оқу орындарында тәрбиешілерді даярлауда, тәрбиешілердің білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.
2. 1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Мектепке дейінгі мекемелердің ең маңызды міндеті ол бала өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығы. Бала тілі ойын арқылы дамиды. Ойнау үшін бірімен-бірі өзара сөйлесіп, тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Соның бірі баланың байланыстырып сөйлеу тілінің мәдениетіне аса мән беріледі. Қазіргі таңда тіл кемістігі бар балалар өте көп. Сондықтан оларға логопед мамандарының көмегі аса қажет. Олардың сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейде болуына бірден-бір ықпал етіп, көмек беретін де осы мамандар.
Педагогтар ұжымы жетекшілігімен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тұжырымдамасын» және «Мектепалды даярлау тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын» басшылыққа алып, оқу-тәрбие процесінің ізгілендіру тұрғысындағы ұстанымдарды іске асырып: «Әр баланың дені сау, эмоционалды, жеке тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болатын, оқу-тәрбие ортасын құру» тақырыбын бекітіп, келесі мақсаттар мен міндеттерді белгіледі:
Міндеттері:
1. Балалардың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау. Балабақшада оңтайлы қимыл тәртібін ұйымдастыру арқылы дене шынықтыру - сауықтыру жұмысының тиімділігін көтеру.
2. Балалардың сөйлеу тілін дамытуды, іс-әрекеттің барлық түріне байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру арқылы жалғастыру.
3. Шығармашылық іс-әрекетінің барлық түрінің интеграцияның негізінде қоршаған әлемді эстетикалық түрде қабылдауын дамыту.
Тіл - қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы. Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов « . . . ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: . . . өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек . . . Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді. [
Баланың мектепке дейінгі кезеңі - оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі, сондықтанда бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез-құлық әрекеттері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дамуы 3-4 жасқа дейін-ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды. Баланың түрлі қимыл-әрекеті күрделеніп, күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген ынтасы артады. Баланың сөз қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық, психологиялық (ой қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу т. б. ) дамуына әсер етеді.
1, 5-2 жастағы бала естіген-білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға талаптанады. Өз ойын сөзбен жеткізудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені, күнделікті ойын, тамақтану, киіну-шешіну, қимыл-әрекеттері кезінде ол да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлау барысында балалардың білім деңгейі, сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесс жүріп, олардың білім деңгейін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешесінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелесе отырып, бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасайды.
Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тыңдай білуге үйрету, «Сөз», «Дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады.
1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.
ә) Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) т. б. сөздерді үйрету.
б) Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.
в) Заттың іс-әрекетін білдіретін (жүрді, жүгірді, келді, қияды, екті, септі т. б. ) сөздерді әрі карай меңгерту
г) Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде, т. б. ) қосып айтуға үйрету.
2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату
3. Грамматикалық категорияларды меңгерту. Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздін ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.
4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету. (сызбаның түрлері беріледі) .
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті өміргс қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң, балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.
Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
1. Затты бақылауға дағдыландыру;
2. Балалардың түсінігін байқау, сұраққа дүрыс жауап беруін қадағалау;
3. Бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мысалы, бала үй жануарларын бақылағанда (қозылы қой, бұзаулы сиыр) олардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр) ұқсас жақтары туралы салыстыра айта білуі тиіс. Сондай-ақ, балаларға мақал-мәтел айтып, жұмбақтың шешуін сұрап, сөз мәнісін, түсінігін айтуға, жануарларды суреттен танып көрсетуге, мүсіндеуге үйретіп, жануарлар айтысы т. б. ойындар арқылы оқу іс-әрекетін одан әрі жалғастыру.
Сөйлеу тілі мен сөздік қорының жетілуіне байланысты бұл жастағы балалар төңіректегі өмір құбылыстарына назар аударып, оны танып білуге әрекеттене бастайды. Ата-анасымен серуенге шықса, дүкенге не киноға барса, көзі шалған заттың бәрін сұрап, «ол не, бұл не?» деп тақылдайды. Бала табиғатына тән осы ерекшеліктер туралы ұлы ақын Абай былай дейді: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары . . . Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып көріп, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тура жүгіріп, біреу күлсе де, біреу жыласа да тура жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйретеді?», «бұл неге үйретеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік».
Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен ересектердін іс-әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. Бақылаған заттардың елеусіз ерекшелігіне дейін бірден байқап, тез қабылдайды. Олай болса, әрбір ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті. Оның заңды сұрақтарына құлақ асып, үнемі жауап беріп отырулары керек.
Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:
1. Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері) көрсету баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу. Осы заттарды қайда, неден (ағаштан, шыныдан, шыттан, жүннен, темірден т. б. ) жасалатынын, кімге, неге, не үшін керек екенін ұғындыру.
2. Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету. Мұндайда «Суретті сөздік» атты кітапшада жеке заттар мен оларға байланысты іс-әрекеттер көрсетілген. Бала суреттен үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, екіншіден сол заттардың көмегімен жасалатын іс-әрекет, оның ерекшелігі туралы сипаттама айтуға жаттыға бастайды.
3. Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастыруға дағдыландыру керек.
а) Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы жетекші сұрақ беріп әңгімелесу.
ә) Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.
б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.
в) Сюжетті көркем картиналарды (суреттерді) көрсетіп, оның мазмұнын әңгімелеп беруге баулу
г) Жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім, мал, төл, ағаш, тамақ, жеміс, көкөніс т. с. с. жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру
ғ) Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету: ішінде, үстінде, астында, қасында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде қолдана білуін қадағалау. Ол үшін балаға сурет көрсетіп әңгімелескенде, нақтылы бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде мынадай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. Қуыршағың қайда отыр? (үстелдің немесе диванның үстіне, астына, қасына қойып) . Кітап қайда тұр? Немесе баланың бір ойыншығын жасырып қойып, тапқызу, ол жөнінде сұрап (Сүт қайда тұр? т. б. ) әңгімелесу. Затты жекеше, көпше айтуға үйрету: кітаптар, қуыршақтар, кімнің? ненің? кімдікі? деген сұрақтарға жауап ала отырып, жеке сөздерді септік, көптік, тәуелдік жалғаулар жалғап айта білуге жаттықтыру. 6-7 жастағы бала ата-анасымен демалыс күндері киноға (күндізгі) барғанда, не арнайы серуенге шыққанда талай сұрақтар беріп мазалайды. Мұндай жағдайда оларға ұрыспай, байсалды жауап берген жөн.
Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады.
Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне, дүние танымына әсер етерліктей болу үшін мына мәселелер мұқият ескерілуі керек:
1. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттап айтуға таңдалған материалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы. Отбасында тәрбиеленуші әрбір бөбектің күнделікті іс-әрекеті, оның неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата-анаға белгілі.
2. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің, баланың өмірден алған әсерін, білім, түрлі әдет-дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсерлік дәрежеде болғаны жөн. Шығарманың баланы Отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата-анаға, айналасындағы үлкен-кішіге, ата-әжесіне сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, мінез-құлыққа тәрбиелейтін дәрежеде болтаны жөн.
3. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуіне баса назар аудару қажет. Психологтардың дәлелдеуінше балалар оқиғаларының басталу, даму процесіне, шиеленісіне, оқиғадан-оқиғаның өрістеуіне, өзгерістер мен оның болу себептеріне, шешімінде, кейіпкерлер мінездерінің әр түрлі іс-әрекет үстіне көріну өзгешелігіне қызыта назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп, қорытынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айрықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады.
4. Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін, пейзаждың суреттерін, оның себептерін, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды айқара ашып, көркем де түсінікті түрде суреттеп бере білу, сәбиді сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулып, оның зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
5. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс.
Бар жақсысын ұрпақ тәрбиесінсн аямаған халық - баланы сылаумен өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін сіңіре білген. Нәресте есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулып, ізеттілікке, жомарттыққа, әсемдік, сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке үйретіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу - әрбір отбасының арманы болған. Оған дәлел - халық даналығы: санамақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі, аңыз әңгімелер. Осылардың қай-қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізбей қоймайды. Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге еліктіреді. Өйткені, ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен, арман-мүддесінен туындаған. Тілге жеңіл, мазмұны түсінікті, ойната сөйлететін шығармаларды тыңдаған бала оны қиналмай жаттап алып айта береді.
Тілді үйретудегі құралдар: бесік жыры, мақал-мәтелдер, ертегілер, эпостық шығармалар, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин балаларды оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болсада еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген.
Сондықтан да, әр тәрбиеші күнделікті тәрбиеде ауыз әдебиеті үлгілеріне мықтап жүгінуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz