Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі ПБК-сы
Шерқулова Мереке
БАЛАЛАР БОЙЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫ СЕЗІНУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
Жаксылыкова Г.Б.
мектепке дейінгі педагогика және
жеке әдістемелер оқытушысы,
магистр
Нұр-Сұлтан, 2022жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫ СЕЗІНУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ 4
1.1 Ырғақтың маңызы 4
1.2 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері 5
1.3 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау 8
1.4 Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдерін талдау 11
2 БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 14
2.1 Балалардың музыкалық қабілеттерінің психологиялық-педагогикалық сипаттамалары 14
2.2 Көркем тыңдау Мюлменттің негізі ретінде 18
2.3 Эксперименталды зерттеу және алынған нәтижелерді талдау 20
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау - бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді. Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Музыка - адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы - адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі [1, 2].
Зерттеудің нысаны: балалар бойындағы музыкалық ырғақты сезіну қабілеттерін қалыптастыру процесі.
Зерттеудің пәні: балалар бойындағы музыкалық ырғақты сезіну қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің мақсаты: балалар бойындағы музыкалық ырғақты сезіну қабілеттерінің ерекшеліктерін дамыту жолдарына сипаттама.
Зерттеудің міндеті:
музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
балалар бойындағы музыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;
балалар бойындағы музыкалық ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту жолдары;
зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымдар тәжірибесіне ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; автордың көпжылдық педагогикалық тәжірибесі.
Курстық жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫ СЕЗІНУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
Ырғақтың маңызы
Музыканы сүйемелдеуімен орындалатын қимылды ойындар (ритмика - Н. В) музыканың өзі сияқты естуді, жеңілдікті және қимылдың икемділігін, музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап бере білушілік қабілетті дамытады1, - деп жазған болатын белгілі орыс педагогы Е. Н. Водовозова. Бұл ойды А. П. Усова одан әрі дамытады: Өсіп келе жатқан баланың бойында ойын, тіл және әннің өзара ұштастық табыуында қалайда бір таң қаларлық нәрсе бар. Соған орай баланың ән айтуы ойыннан туындайды деп айтуға толық негіз бар. Балалар ойынның тәжірбиесі балалар музыкалық мәдениетінің бастапқы мектебі болып табылады... Балалар үшін орыс биі дегеніміз не деген сұрақтың жауабында осы ойындардан іздеген жөн болар. Балаға түсінікті әсем ырғақты сурет те соларда жасалып, ол ойын түрінде берілген2. Бұндай бейнелі сөздерде халықытық педагогиканың даналығы атап көрсетіледі, онда ол өз тәжірбиесіндегі бар жақсылықтың бәрін шеберлікпен пайдадаланып, балаға береді.
ХХ - ғасырдың басында негізін швейцарлық музыкант - педагог Э. Жак - Далькроз салған ырғақтық тәрбие жүйесі көптеген елдерде кеңінен тарады. Оның әдісі арнайы іріктеп алынған жаттығулар арқылы балалардың бойында (мектепке дейінгі жастан бастап) музыкалық естуді, есте сақтауды, зейінді, ырғақтығ қимылдың әсемдік мәнерлігін дамытуды көздеді. Бұл жағдайлар көңіл аударуға тұрарлық және физологияның, психологияның, музыка танудың ғылыми мағұлматтары негізінде одан әрі жасалып келе жатқаг совет педагогикасында ескерліп келеді.
Музыканың организмнің жалпы қызметіне оңды ықпал жасайтыны дәлелденген. Бұл жөнінде, есту және бұлшық еттер түйсігінің өзара байланысына сипаттама бере отырып, И. М. Сеченев те жазған болатын3.
Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:
1) Мелодиялық есту;
2) Гармониялық есту.
Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше дыбыстар (аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады. Музыкалық есту қабілеті ән - күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады. Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып, оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді. Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы - ырғақтық ойындар, түрлі жауап - сұрақтар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Оқушылардың музыкалық есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек. Оқушылардың музыкалық - шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың карапайым әуен - саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т.б. қолдануға болады. Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте өлшеусіз екені анық. Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады. Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді [3, 4].
Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады. Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз. Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма оқушының музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш екенін ұмытпаған жөн. Ұстаздың белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін береді. Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі. Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән-күй сабағына деген қызығушылық тудырары сөзсіз.
Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.
Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:
Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады;
Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу;
Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту, оқушы қиялын ұштау;
Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету;
Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін анықтау;
Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену кезеңі.
Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаздың ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет болады. Солай Мүмкіндіктер бүктелген, оқыту мен білім берудің әсерінен тиісті түрде ұйымдастырылған тиісті іс-шараларды дамытады. Белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін жалпы және арнайы қабілеттердің болуы қажет. Жылу түрмесі туа біткен депозиттер негізінде жасалған қабілеттердің кешені ретінде музыкалыққа әсер етеді. 3 Музыкалық белсенділіктің өзегін қалыптастыратын негізгі музыкалық қабілеттер қалыптасады және музыкалық белсенділік танытады. Біз оның жетекші құрамдас бөліктері (эмоция және есту), негізгі қабілеттер, негізгі қабілеттер тұрғысынан сандарды қарастырдық (Laddo-High oluting және ырғақ сезімі). Музыкалық құрылымды анықтады. [5, 6, 7].
Музыка пәні сабағының негізгі басты мақсаты - балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық деңгейін кеңейту, музыкаға деген және хорда ән айтуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, вокалды-хор дағдыларын үйрену болып табылады. Ал мұғалімнің негізгі міндет-терінің бірі де сол сияқты, музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке баулуға, әдемілікке, тәртіпке, адамгер-шілікке, ынтымақтыққа, достыққа балаларды тәрбиелеу. Мектептегі ән сабақтарында өтетін хормен ән айтуының тағы бір айырмашылығы:ән сабағында немесе хорда өз ынтасымен, тілегімен ән айтқысы келетіндер және вокалдық ән айту қабілеті барлар қабылданады. Мектептегі музыка пәні барлық оқушыларға міндетті сабақ болып табылады және бірде-бір оқушы ән сабағынан босатылмайды.
Соңғы кезеңде еліміздің көптеген жалпы орта білім беретін мектептерде фонограммамен ән айту дәстүрі орын алып кеткендерін байқауға болады. Әнші балалап, Айналайын, Бозторғай, Мектеп жұлдыздары, Қыз сыны, Жігіт сұлтаны т.б. және көптеген мерекелік концерттер мен байқаулар жиі өтуде. Осындай техникалық жеңіл өнерге әдет алған бала келешекте нота сауатын үйренуге, кез-келген музыкалық аспапты сауатты ойнауға еңбекқорлығы, шыдамдылығы жетпей, ұлтымыздың музыкалық өнерін оның ішінде домбырамен дәстүрлі ән айтуды қастерлеп өсуі екіталай. Осы айтылып жатқан үйірмелерде, байқауларда репертуарға аса көңіл аударған жөн. Себебі, ол шығармалардың балаларға берер тәрбиелік мәні орасан зор. Ең алдымен, қазақ иісін келтіретін тарихымыздың нағыз мәдениетінен бастау алу қажет. Белгілі ғалым-зерттеуші Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Нағыз мәдениет, әсіресе, рухани мәдениет тек қана ұлттық- этникалық төлтумалықта көрініс табады және сол төлтума қасиетін тұғыр ете отырып қана дамып, шыңдалады. Ал басқа елдің мәдени-рухани құндылықтарына жалаң еліктеу өзінен-өзі қайталау болып шығады-деп, бекер айтпаса керек. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - жеке тұлғаның рухани дамуы. Рухани даму дегеніміз - өмірдегі өз орнын, атқаратын міндетін, жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз жетілдіру. Біздер мұрадан, дәстүрден де құралақан емеспіз, қазақ халқының бай музыка мәдениеттері бар. Халықтық өнердің ішінде балаларға тиесілі дүние де қомақты. Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін бірер жинақта ұсынылды. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің өзінше дамыған тарихы бар да, оның музыкалық әуені құлаққа жағымды, әндері мен күйлері көңіл күйін тарқатып, адамды шаттыққа баулитын қасиеті бар.
Осы жас ұрпақ тәрбиесінде де музыканың атқарар қызметі үлкен. Олай болса, балғынға жүйелі музыкалы білім беру ісін шыңдап қолға алу, оның дәрижесін жоғары сатыға қою - аса маңызды міндет. Жоғары да байқалғандан, балалардың музыкалық қабілетін дамыту өте тиянақты және қажырлы еңбекті талап етеді.Көптеген ғалымдардың әдебиеттерін оқи отыра, зерттей отыра өзімізге балалардың музыкалық сабақтары мен үйірмелерін қолайлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік аламыз.
1.3 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау
Ән - әлемді танудың әмбебаб үлгісі. Әні жоқ өмірдің сәні де жоқ деп бекер айтылмаған. Адамзат баласы ықылым заманнан бері әннің әсері мен пайдасы жөнінде көп білген. Бүгінгі күні ән сабағынан дәріс беретін ұстаздар да балаға ән-әуен жөнінде білім бергенде алдына қояр анық мақсаттары мен бала мүмкіндіктерін жан-жақты ескеруі қажет.
Музыкалық қабілет - балалардың танымдық тәжірибе алуы, әуен әлемінен өздеріне жаналықтар ашып, ертеректе алған музакалық білімдерін жетілдіру, жаңашыл музыкалық аспаптармен орындау өнері түсінігін анықтайды. Бұл қабілетті қолдану үшін, ең алдымен қарапайым әуендерді орындау, ұсынылған мәтінге әуен таба білу, түрлендіріп орындай алу, ұнаған ырғаққа қосылып билеу, әнге қосылу өнері, сараптай сынау және өз мақамына салып орындай алу сынды мүмкіндіктерді қолдану қажет. Музыкалық-эстетикалық тәрбие мақсаты бала бойында жеке қабілеттерін дамыту, ән әлемін таныстыра отырып, баланың табиғи мүмкіндіктерін ашуды көздейді. Сондай - ақ, күнделікті сабақ барысында оқушылар ән мен әлем арасындағы тығыз байланыстың бар екендігіне көздерін жеткізудің де өзіндік мәні бар. Себебі, бала әннің күнделікті өмірде қаншалықты тиімді екенін түсіне алмаса, әнді сүйсіне орындауға ынталанбаса, әуен мен әнге деген қызығушылығы ортаяды.
Музыкалық қабілеттің психологиялық негіздері де бар. Бұл қабілет өз бойына ойлау мүмкіндігінің көңіл - күйімен тығыз байланысында көрініс табады. Нақтылық пен жалпылық, сезім мен логика, шығармашылық мүмкіндік пен шапшандық, шешім қабылдауда да тыңғылықты ойлануды ортақтастыратын бірден - бір қабілет түріне жатады. Ән әлемін тану - дамуға бетбұрыс. Ең алдымен, бұл баланың психикалық қасиеттерін, атап айтқанда, ес, ойлау, сөйлеу, байқағыштық, шапшандық, мақсаттылық, логика мен терең сезінуді барынша дамытады. Ән әлемі әдебиетпен және көркемөнермен тығыз байланыста. Оқушыларды ынталандырудың да оңтайлы тәсілдерін таңдап, түрлі әдістемеліктерді қолдана отырып, ізденуші, шығармашылық тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік беру қажет. Бұл орайда бірнеше әдістікке жаратуға болады. Мысалы, жалпыға бірдей дидактикалық міндеттерді қолданған уақытта оқушының жекелей мүмкіндіктерін ескеріп, өзіне оңтайлы музыкалық репертуарын таңдап алуына, қосымша материалдар мен шығармашылығын жан - жақты дамытуына да ерекше ден қою, сонымен бірге сабақты да түрлендіре өткізудің өз пайдасы бар. Ойын сабақ, ертегі сабақтарын өткізу де өнімді әдіс. Бірнеше арнайы тапсырмалар дайындап, бала қабілетіне сай сабақты әрі қызықты, әрі тартымды өткізудің жолдарын іздеген жөн [8, 9].
Төменгі сынып оқушыларының музыкаға деген сүйіспеншілігін және қызығушылығын қалыптастыруды, оқыту процессінде музыкалық қабілеттерін дамытуды сипаттап қарастырсақ.
Бірінші сынып балаларының музыкалық қабілеттері әр түрлі болады. Бір балалардың қабілеттері көрініп тұрады, екіншілердікі аса көрінбейді. Біреулері музыканы жақсы қабылдай, тыңдай білетін болса, екіншілері оны неге тыңдау керек екенін білмейді.
Кейбір балалар арнайы музыкалық мектептерде оқып музыкаға деген ынталары зор болады. Сондықтан балалардың музыкалық дамуыда әр түрлі болады. Осы жастағы балалардың музыкалық мінездемесі болады:
1) музыканы қабылдай біледі, көп балалар негізгі музыкалық жанрларды ән, би, марш айыра біледі. Бірақ балалар тек қана қысқа, көрнекі, қызықты музыкалық шығармаларды қабылдайды;
2) балалардың ән айту мүмкіншіліктері шамалы. Әншілік диапазондарды 2-3, 3-4 дыбыстан аспайды. Дауыс құбылысы әлі дамымаған. Нәзік, күші аз болады. Дыбысының тарауы аз.
1 - сынып оқушыларының жұмыс жасау диапазоны примарлық тонмен қатар болуға тиісті. Мысалы: 7-жастағы баланың дыбыс көлемі ре-ля дыбыстарынан аспау керек. Балалардың ырғақтық импровизациялары жақсы дамыған.1 және 2 сыныптардың балаларына көп белгілері жалпы, бірдей болады, бірақ белгілі айырмашылықтары бар. Ең негізгісі 2-сынып оқушысы тәжірибелі оқушы; оған мектеп тәртібі (режим) және сабақтағы талаптар үйреншікті; бірінші сынып оқушыларына қарағанда олардың зейіндері нық бола бастайды, ойлау қабілеттері көбірек дамыған, яғни талдау жасау қабілеттері.
Екінші сынып оқушысының музыкалық дамуы 1-сыныптағы музыкалық сабақтардың сапасына байланысты. 1- сыныптағы ұйымдастырылған, міндетке бағытталған, қызықты музыка сабақтары балаларды бірге музыканы тыңдауға, одан алған әсерлерін айтуға, бір - бірін тыңдап хормен ән айтуға үйретті. 2-сыныпта музыкалық жанрларды интонация, музыканың дамуы, музыканың формасы (құрылысы) арқылы менгереді.
Үшінші сынып оқушысы, ол қалыптасқан типтік оқушы. Бұлшық еттері аса мықты, күшті дамыған. Зейіні және ақыл-есі дамыған. 3-сыныпта балалардың қызығушылықтары және бейімділіктері тұрақты және таңдамалы бола бастайды, бірақ әлі тұтас қалыптаспаған.
Бірінші және екініші сыныпта балалар әр қызмет түрін ынтамен жасаса, ал 3, 4-сыныпта балалардың қызығушылықтары анықталған, олардың арасында әр түрлі мінезді сабақтарға аса және кем қабілетті екені анықталады. Мұғалім үшін төртінші сыныптағы музыкалық тәрбие қиыншылық тудырады. Нағыз осы кезде балаларда музыка сабағына да өзіндік анықталған қатынасы қалыптасады. Музыка пәні мұғалімі өз сабақтарында шығармашылық тапсырма бергенде де оқушының есту қабілетін, әуенге еліту, көркем ой, өз қиялы мен әуенге сүйіспеншілігін бір арнада ұстап, жасампаздық жолында жаңашылдыққа бет бұра бастауына барынша делдал бола білсе, ең бір биік белес - қызығушылық пен талаптануға жеткені. Музыка шығармашылығының қызмет аясы кең. Оған ырғақты түсіну, жоғары әуен мен әмбебап орындалатын әуендердің әсерін тану, интонациялық түсіну қабілеті, орындау шеберлігі, әуенді қабылдау, вокалды және хормен орындауға қабілеттілік жатады [10].
Оқушыларға берілетін тапсырмалар да аталған қабілеттердің қарыштап дамуына барынша мүмкіндік беретіні белгілі. Сол себепті бірнеше әдістің түрін келтіре кеткенді жөн санадым.
Ырғақты дамытуға арналған тапсырмалар:
- арнайы ырғақпен айтылатын сөздер мен сөз тіркестерін ойлап табу;
- осы сөздердің ырғақтық мәнін аяқ соғу, алақан соғу, саусақтармен дыбыс шығара отырып жеткізу;
- жекелеген ән бөлігінің немесе ырғақтық бейнесін көрсету;
- түрлі жанрлық әуенге ырғақты аккомпанент табу;
- сұраққа сай ырғақты жауап табу.
Интонациялық есту қабілетін дамытатын тапсырмалар:
- музыкалық шығармада интонацияны белгілейтін тұстарын тауып, оны жеткізуге тырысу;
- түрлі сезімдерді жеткізу;
- музыкалық шығарма үзіндісіне аспаптық-ырғақты қосымша сүйемелдеуді ойлап табу;
- әуенің идеялық, әрі сезімге әсер ететін тұстарын ерекше көтермелеп көрсететін аспаптарды анықтау;
- жекелеген әуенге әдеби шығарма таңдап алу;
- әуенге бейнелер таңдап алу;
- таңдап алынған әуенге орай оның көркем сүретін салып шығу.
Төменгі сынып оқушыларының орындаушылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар:
- өлеңнің жеке фразаларын анықтау, олардың жекелей аспаптармен орындалуына жекелеген қасиеттерді анықтауға үйрету;
- өлеңнің кіріспесін орындату, бүкіл өлеңді орындау немесе жекелеген аспаптарда орындату [11].
Музыкалық қабілеттер музыкалық белсенділік процесінде қалыптасқан және дамып келе жатқан музыкалық тұжырымдаманы біріктіреді . Мюлкустың басты белгісі - музыкаға эмоционалды жауаптылық, яғни. Оның тәжірибесінің, сондай-ақ музыкалық тыңдау және ырғақты сезімі. Ырғақты тыңдауды дамытудың маңыздылығы Бала музыкалық біліміндегі маңыздылығы, бұл: музыкалық қабілеттердің дамуына, балалардың эмоционалды әлемін байытады; танымдық қабілеттерін дамытады; Белсенділікті, тәртіпті, ұжымдық сезімін арттырады.
Сондықтан, баланың жалпы дамуына жол берілмейтін әсер ету үшін, ритм сезіміне назар аудару керек - бұл музыканың мәнерлілігінің ажырамас бөлігі ретінде, бұл көбінесе үлкен дамып келе жатқан әсерге ие.
1.4 Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдерін талдау
Психологтар мен педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық потенциалы бар деп санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы. Шығармашылық қасиет - адамзат негізінің таңбасы. Күнделікті өмірде, педагогикалық тәжірибеде, аспаннан жерге, уақыт талабына түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.
Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік ретінде жеткізу, айтып беру болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен оқушының арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.
Екіншіден, бір саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде, музыкант болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б. Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті, оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-әрекет процесінің меңгеруі деген.
Шығармашылық қабілеттілік - ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі, музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын жазған кезінде: Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында жұмысы нәтижелі болды - деген пікірді айтқан.
Шығармашылық қабілетті дамыту әдістері:
Музыкалық - тыңдаушылық;
Музыкалық - орындаушылық;
Импровизация және музыка шығару.
Әр адамның бойында өзіне тән қасиет болады, әрине ол өз ата - бабасынан немесе ата - анасынан әр балаға әр түрлі берілуі мүмкін. Ал сол қасиетті, сол қабілетті одан әрі дамытпаса ол дамымай қалуы мүмкін. Бала мектепке келгенне кейін олардың бойындағы қабілеттерін дамыту, тәрбиелеу ұстаздың міндеті.
Мектепке дейінгі балалардың бойыларындағы қабілеттері балабақшада немесе отбасында оянып, сол қабілеттерін көрсете білген балалар да болады. Жалпы балалардың барлығы, әрине меткепке келгенде бірдей дамып келмейді. Бойында ешқандай да қабілеті жоқ адам болмайды, әсіресе әу демейтін адам болмайды, сондықтан олардың бойларындағы өнердің қай саласына бейім жатқан қабілеттерін дамыту үшін музыка тыңдау, оқушылардың сезім пернелерін ояту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Кейбір оқушылар көркем суретке, қайсыбірі ән айтуға, би билеуге, аспапта ойнауға бейім болса, кейбір оқушылардың бойында ақындық, жазушылық, актерлық таланттар бұғып жатуы мүмкін. Қайнар бұлақтың көзін ашқандай мұғалімнің жүйелі түрді білім беруі арқылы баланың бойындағы осы қабілеттерін дамытуға болады [12].
Тыңдаған музыкалық шығармаларына байланысты оқушылардың өздерінің түсінгендерін, көз алдына елестеткендерін музыканы талдау кезінде тиімді сұрақтар беру арқылы көз жеткіземіз. Сабақ соңында қайталап тыңдау,балалардың өз қиялын нақтыландырып тиянақты түсінік берулеріне мүмкіндік туғызады. Осы тыңдаған музыкалық шығарманың әуенін еске сақтап, көз алдына елестеткен түсініктерін кім қалай бейнелей алады, сол бойынша суретпен бейнелеуге, әңгіме, өлең шумақтарын құрастыруға, мүсіндеуге болатындығын үйге тапсырма беру арқылы дамытамыз. Осылай тапсырма беруді әдетке айналдырып, оқушылардың қабілеттерін, үй тапсырмасының орындалу барысында үнемі қадағалап отырғанда оқушылардың қайсысының бойында қандай қасиет бар екендігін байқап, болашақта әр баланы қай салаға қарай бейімдеуіміз керектігін білеміз. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп -- жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатыны мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады [13, 14].
Мектепке дейінгі жастағы балаларда айналасындағыларды сөйлеуін және бақылай отырып, бағалаушылық сипаты пайда болады. Олар өздері өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс - әрекетіне шығармашылықпен кіріседі. Жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады. Балаларда ойлау обьектісі арқылы сөйлеуге қызығушылық пайда болады. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, байланыстыру, сауаттылық жағынан шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтары айқындалады. Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы еске сақтау қабілеттері арқылы, өз бетімен ойлау қабілеттері арқылыжоғарылай түседі. Шығармаларды, әңгімелерді, ертегілерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ойын кезінде балалардың қимыл әрекетімен қатар ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту жұмыстары арқылы шартты, мақсатты, ережелі ойындарды біле отырып, ол ойындарға шығармашылығын қосып та ойнайды, кейбір ойындарды өздері де өзгерте алады. Музыкалық сабақтарда балалардың іс әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Олар орындау дағдыларын игере бастайды.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Баланың бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды. Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ. Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп -- жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатыны мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Баланың бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды. Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ.
Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.
2 БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Балалардың музыкалық қабілеттерінің психологиялық-педагогикалық сипаттамалары
Қазіргі уақытта қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жедел техникалық прогресс пен гуманитарлық саланың жеткіліксіз дамуы арасында қарама-қайшылыққа айналады. Әлеуметтік-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген жағымсыз салдарға әкелетін руханият дағдарысы білім беру жүйесінің кемшіліктеріне негізделген. Ғылым мен техниканың барлық жедел дамуы, әмбебап компьютерлендірудің бәрі музыкалық мәдениеттің қалыптасуына зиянды және логикалық ойлаудың белсенді дамуына әкеледі. Сондықтан шығармашылық бастама жеке-жеке. Дәстүрлі қоғамдық пікір балаларға қажетті ең маңызды, бастауыш пәндерді қарастырады. Сонымен бірге, музыка, сурет, хореография - яғни, музыкалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін эстетикалық цикл пәндері, екінші жоспарда қалады. Бұл заттар негізгі циклді толықтыратын ойын-сауық болып саналады. Сонымен бірге, ерте жаста, оны бейнелі ойлау басым болуы керек, оның бағасы адамның гармоникалық дамуына белгілі бір зиян келтіреді.
Адамның негізгі культурасы, мектеп жасындағы барлық ойлаудың негізі қаланған. Бұл ретте эстетикалық білімнің негіздері қалыптасады, өйткені осы кезеңнен бастап ми мен бүкіл адам ағзасы жаңасына өте сезімтал. Жас мектеп балалардың эстетикалық тәрбиесі ерте шығармашылық дамуды ынталандырады, өсіп келе жатқан адамды үйлестіреді, психологиялық функциялар мен жеке қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Педагогикадағы балалардың шығармашылық дамуымен байланысты проблемалар дәстүрлі түрде айтарлықтай назар аударады. Музыка әрдайым жақсы, сұлулықты, адамгершілікті тартудың керемет және нәзік құралы болды. Музыкалық құралдар мәдени өмірге қатысады, маңызды қоғамдық шаралармен танысады. Музыкалық даму оның жалпы дамуына ауыстырылмауы: эмоционалды сала қалыптасуда, ойлау жақсаруда, бала өнер мен өмірдегі сұлулыққа сезімтал. Тек эмоциялар, мүдделер, баланың дәмі, қызығушылықтары, майсыздықтары, музыкалық мәдениетке қоса берілуі мүмкін, оның іргетасы. Мектепке дейінгі жастағы Музыкалық мәдениетті одан әрі игеру үшін өте маңызды. Егер музыкалық және эстетикалық сана музыкалық белсенділік процесінде пайда болса, ол адамның кейінгі дамуына, оның жалпы рухани қалыптасуына жол бермейді.
Музыкалық қабілеттердің дамуы, балалардың музыкалық білімінің негізгі міндеттерінің бірі. Педагогикаға арналған кардинал - музыкалық қабілеттердің сипаты: олар адамның туа біткен қасиеттерін елестете ме, жоқ па, соның пайда болуына немесе әсер ету нәтижесінде дамытады ма қоршаған ортаның, тәрбиелеу және оқыту. Б.М. Олардың жұмысындағы жылу музыкалық қабілеттерін дамыту мәселесіне терең жан-жақты талдау жасады. Мүмкіндіктер - бұл білім, дағдылар, дағдыларды, дағдыларды, бірақ осы білімнің, дағдылар мен дағдылардың болуына тап болған адамның психологиялық ерекшеліктері, бірақ бұл дағдылар мен дағдылар азаяды. Анатомия - физиологиялық дәлелдер туу балалары бірдей емес, олар мидың құрылымымен, мағынасы мүшелерімен, қозғалысымен және т.б. ерекшеленеді деп болжайды. Олар есту қабілетінің өткірлігі тәуелді болып табылатын есту анализаторының құрылымында бірдей емес, олар биіктігі, ұзақтығы, тембр және т.б. дыбыстарды ажырата білу. Музыкалық қабілеттердің дамуына негізделетін және депозит деп аталатын туа біткен анатомия-физиологиялық ерекшеліктер. Олар адамзат салымшыларынан, жасырын, ықтимал формада, мүмкін, кез-келген нақты қызметпен айналыса бастағанға дейін дамиды. Мүмкіндіктер мен білім, қабілеттер мен дағдылар, қабілеттер, қабілеттер мен дағдылар бір-біріне бірдей емес. Адамның қабілеттерін білу, дағдылар және білімге қатысты олар қандай да бір мүмкіндік ретінде әрекет етеді [15].
Музыкалық педагогика үшін мектеп жасына дейінгі балалар музыкалық қабілеттеріне, олардың музыкалық қажеттіліктеріне, олардың музыкалық қажеттіліктеріне, музыкалық қажеттіліктеріне, эмоционалды, музыкалық диагностиканың, музыкалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz