Өзін - өзі тану пәні барысында оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырбы: «Өзін-өзі тану» пәні барысында оқушылардың рухани
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Орындаған: Педагогика факультетінің Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру мағадрламасының СПС-31 тобының студенті Айсұлтанқызы Мәдина
Ғылыми жетекші: оқытушы магистр Балахмет Әйгерим Самиғоллаевна
Орал-2022
Мазмұны
Кіріспе
I - тарау. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- Рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ғалымдардың ой -пікірлері
1. 2. «Өзін-өзі тану» пәнін оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жағдайы
1. 3 Өзін-өзі тануды оқыту процесінде қолданылатын әдіс- тәсілдер
ІІ - тарау. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
2. 1 «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
2. 2 «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысының нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еіліміздің егемендігінің алғашқы сатылары - нарықтық қатынастар кезеңінен бастап, болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына, әсіресе жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен, бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға, өркениетті ел болуымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуда - мемлекеттің, ұстаздардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір-қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін ұызмет етуге дайын, азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес», - деген болатын. Міне, сондықтан оқушылардың рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзi бiлiм мен ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында рухани-адамгершлік құндылықтарды қалыптастыру маңызды болып отыр.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және шетелдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және философия ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Бүгінгі жеткіншетердің бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың жетімсіздігі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың өнегелік нұсқааларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан әрі жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр, сонымен қатар әрбір қоғамда болып тұратын өзгерістер жеткіншектердің тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік-әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды қажет етеді.
Рухани-адамгершiлiк құндылықтар педагогиканың тарихы мен теориясында кеңiнен зерттелiп жүрген мәселелердiң бiрi.
Рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткерлері, ғұламалар, ұлы педагогтар: Аристотель[2], Әл-Фараби[3], Ж. Баласағұни[4], Қ. А. Йассауи[5], М. Қашқари[6], Ш. Уәлиханов[7], Ы. Алтынсарин[8], А. Құнанбаев[9], Ш. Құдайбердіұлы[10], А. Байтұрсынов[11], Ж. Аймауытов[12], М. Дулатов[13], М. Жұмабаевтар[14] өз еңбектерінде құнды ой-пікірлерін қалдырып кеткен.
Бүгінгі таңда, жеткіншектерге мектеп аясында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру қарқынды жүргізілуде, дегенмен, әрбір қоғамда болып туратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік-әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді.
Зерттеу мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізін қарастыру, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру моделін жасау және оны тәжірибеде тексеру, әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастыруға бағытталған ғылыми еңбектерді талдау, жүйелеу;
- «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастырудың моделін жасау;
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық талдауы жүйеленсе және ол практикада үйлесімді қолданылса онда, ұлттық сана-сезімі мол рухани-адамгершілік құндылық деңгейі жоғары тұлға тәрбиелеуге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылық деңгейлері теориялық-әдіснамалық білімнің сапалы жасалынуы мен оның практикада жүйелі әрі үйлесімді пайдалануына тәуелді.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектептердегі біртұтас педагогикалық процесі.
Зерттеу пәні: мектептің жоғары сынып оқушыларының Өзін-өзі тану пәні арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
З ерттеу әдістері: тақырып бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік әдебиеттерге талдау жасай отырып, ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық еңбектерді педагогикалық тұрғыда қарастыру, саралау, салыстыру; мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау; мектептегі «Өзін-өзі тану» пәнінің құжаттарына (стандарт, жоспарлар, типтік бағдарлама және т. б. ) сауалнама, тест, SWOT талдау, диагностика, математикалық-статистикалық әдісі.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы №152 орта мектеп, 10 «а», «ә» сынып оқушылары.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
I - тарау. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
1. 1Рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ғалымдардың ой -пікірлері
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - рухани-адамгершілік тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасында қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етілетіні туралы айтылып өтеді [45] . ҚР-ның «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі білім берудің ізгіліктік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығын белгілейді. Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік категориялар, ізгіліктік қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсінуі және бағалай білуі үшін адамдармен құндылық-саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру ізгіліктік тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әрекеттер және мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді [1] .
Оқушыларға рухани-адамгершiлiк тәрбие беру - қазiргi мектептердiң ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамаларының ролi барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейiп келедi. Ұлттық мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендеуі, халықтың рухани мұрасы мен дәстүрлерін қастерлеу - оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын адам болып табылады.
Құндылық проблемасының ең басты өзегі - Адам. Адам үшін ең басты құндылық - өмір мәнін сезіне білу, өмірдің мәнін өз бойынан іздеп, өмірді рухани толықтыру. Адам өмірінің мән-маңызды іс-әрекет, мақсат, мұрат, күш-қайрат және өмір сүру жолдарымен бағаланады. Адам мақсаты адамгершілік қасиеттер арқылы орындалып, рухани қасиеттер арқылы жүзеге асады. Демек, еліміздегі қоғамымызды ізгілендіру жағдайындағы ең басты мәселе-адамды құндылық ретінде бағалау. Құндылық - адамдық қасиеттің өлшемі, оның жақсылыққа талпынысы, өзге адамға жанашырлығы, айналадағы адамдарға қайтарымы, өмірді жақсартуға ұмтылысы, өмір сүру ізденісі, тіршіліктегі әр пенденің орны мен рухани-адамгершілік қасиет.
Құндылық ұғымы XXI ғасырда жер бетіндегі бүкіл адамзаттық тұтастық идеясына айналуда. Адамдарға өз өмiрiне қанағаттануы үшiн тек тойынған тiршiлiк аз, одан адам өзiн адам деп сезiнбейдi екен. Өзiн шын адам деңгейiнде сезiнуi үшiн, толық адамдық қанағаттанғандық көңiл-күй үшiн ол биологиялық қажеттіліктерден жоғары жатқан әлемде тiршiлiк еткендi қалайды. Руханилықтың шығу көзi осында. Адамзаттың рухани кемелденген, рухының ең жоғарғы үлгiлерiн туғызған дәуiрлерi олардың ең тойынған кезеңдерiмен тұтас келе бермейдi. Сондықтан, кейде белең алып жүретiн дағдарыс кезеңдерде, күнкөрiс мәселелерi ең қиын болып тұрған кезде рухани мұқтаждықтар күте тұру керек - дейтiн көзқарастар түбiрiнен жалған. Қандай тығырықтан да, соның iшiнде күн көрудiң қиындықтарын да ең алдымен рухани жiгерден, рухани асылдардан айрылмау ғана алып шыға алады.
Адам құндылығының өзегін құрайтын және зерттейтін саланы аксиология деп атайды. Аксиология ("ахіа" - грекше "құндылық", "логос" - ілім, ғылым) құндылық ұғымына тұңғыш анықтаманы философтар (Лотце, Коген) берген. Аксиологияның ғылыми тұрғыда дамуына үлес қосқан философтар Гегель, Кант, Ницше, Кассирер және т. б. Мәселен, Э. Кассирер "құндылық" - бұл адамның ішкі дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем" - деп түсіндіреді. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде: "Құндылық - нарқы жоғарылылық, қымбаттылық, бағалылық" - деген ұғымды білдіреді. Қазақ совет энциклопедиясында: "Құндылық-обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым", -деп атап көрсетеді. Құндылық обьектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын анықтайды. Құндылық екі компоненттен тұрады: пәндік және саналық[76] .
Пәнділік құндылықтарға - заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың теориялық маңызы және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекеттеріндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылыққа - қоғамдық ой, баға беру, мақсат, оған жетудің жолдары, түрлі нормалар кіреді. Пәндік құндылық - баға берудің обьектісі. Субьективтік құндылық - олардың өлшемі әрі әдісі. Орысша-қазақша аударма сөздікте: "Құндылық" - құнды зат, мәнділік, ғылымда құндылық - қазына, байлық» делінген. Құндылықтың қалыптасу негізі - адам болмысының өзегін құрайтын құбылыс.
Құндылықтар тақырыбы бүгінгі күннің мәселесі деуге болмайды, бұл адамзат тарихындағы сонау ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгенеки, М. Қашқари, Ө. Тілеуқабылұлы т. б. ) мен ағартушылар (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), ғалым-педагогтар (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев т. б. ) еңбектеріндегі рухани-адамгершілік ойларын уағыздап, қазақ халқының қоғамдық, рухани, мәдени өмірінен орын алуын мұрат тұтты.
К. Ж. Қожахметованың пайымдауынша руханилық - заттандырылған, прагматикалық құндылықтардан да жоғары, өмірде аса маңызды да биік нәрсенің бар екеніне о-бастан-ақ саналы немесе саналы емес бағдар. Ол адамның шындыққа, мейірімділікке, сұлулыққа деген табиғи, үнемі қажетті іңкәрлігі мен құштарлыққа ұмтылысынан көрінеді. Ол көзге байқалимайтын Құдаймен байланысты сеніден туындайды [35] .
Л. П. Буева: «Руханилық - бұл дінаралық қана емес. Қазіргі руханилық - ғылым мен діни ойлардың қайшыласа орналасқан күрделі құрылымы. Руханилықтың ұғымы, діндарлық ұғымынан да бай. Мұның барі адамдарда баржәне өз қабілетіне сай, биіктікке, сұлулыққа, қайырымдылыққа бағыт алған оның рухынан жаралғандар», - деп көрсетеді [35] .
Б. П. Битинастың айтуы бойынша, адамдағы руханилық туғаннан және тәрбие үдерісі арқылы жинақтаған өз мәдениетінде жеке адамның өсіп-өнуі арқылы өзінен-өзі көрінеді. Бұл «өніп-өсу» тұлғаның қалыптасу үрдісі, ол өз еркіндігімен ерекшелене отырып және ішкі мүмкіндігіменөз шешімдерін қабылдай білу қабілетімен байқалады. Адам өзінің руханилығына байланысты - сыртықы әлем - макрокосмостан бөлінетін - микрокосмос деп қарастырылады.
Ал, Б. Г. Ананьевтің пікірінше: «Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру» - дейді [40] .
Рухани құндылық - қоғамдағы мәдени тұтастық, оның ішкі бірлігі, әлеуметтік ортадағы таным мұраттары, әсемдік пен адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.
XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негiзiн қалаушы, ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Оның дүние жүзiне танымал «Ұлы дидактика» еңбегiнде ақыл-ой, адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәселелерi қарастырылған. Я. А. Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына қайта өркендеу дәуiрiндегi ізгіліктіктің әсерi күштi болды. Ол орта ғасырлық мектеп тәртiбiне қарсы шығып, мектеп балаға сүйiспеншiлiктi, адамгершiлiк жақсы қасиеттердi тәрбиелейтiн «адамгершiлiктiң шеберханасы» болуға тиiс деген көзқарасты ұсынды. Я. А. Коменский: « . . . мектеп - адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны және оқушылардың адамгершiлiгiн, ақылын тәрбиелеудегi бiлiм мен оқытуды ұйымдастыратын орталық», дей келе, « . . . адамгершiлiктiң аса тамаша ерекшелiктерiнiң бiрi - эгоизмнен арылу, көпшiлiк iсiнiң сәттiлiгi және әдiлеттiлiк үшiн әрекет ету керек» деген құнды пiкiрiн қалдырды. Я. А. Коменский балалар мен жастар мiнезiнде ерлiк, өзiн-өзi билеу, кiшiпейiлдiлiк, сыпайылық, еңбек сүйгiштiк сапаларды тәрбиелеудi талап еттi[15] .
Ұлы ойшыл өз еңбектерiнде мектеп тәртiбi және оқушылар мен мұғалiмдердiң арасындағы адамгершiлiк қарым-қатынас жөнiнде жаңа пiкiрлер айтты. Ол, балаларға тәлiм-тәрбие берiп, ұстаздың көрсететiн мұғалiмдердi өте жоғары бағалай отырып, оқушыларға гуманистiк және оптимистiк көзқараспен қарап, адамгершiлiк қарым-қатынаста болғанда ғана тәрбие нәтижелi болады деп есептедi.
Әлеуметтанушы, философтар мен педагогтардың зерттеулеріндегі құндылықтарды жіктеу идеяларына сүйене отырып жасалынған «рухани-адамгершілік құндылықтар» ұғымына төмендегідей түсінік беріледі. (1- кесте) .
- адам құндылықтары
- демократия
- адамзаттық қоғам
- өркениет
- әлемдік мәдениет
- Әлеуметтік орта
- Статус
- Бедел
- Тұрмыс
- Теңдік
- Еркіндік
- Өнер
- Мәдениет
Қай кезеңнің болсын келелі мәселесі бола білген адамгершілік тәрбиесін әр уақыттың өзінің дана ойшылдары ғұлама ғалымдары еңбектеріне арқау еткен. Сонау Орхон жазба ескерткіштерімен Қорқыт ата кітабынан бастап орта ғасырлық ойшылдардың төл туындылары мен даламыздың дана жырауларының поэзиясына, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сияқты ұлы ағартушылардың шығармаларына зер салсаңыз, кез-келгенінде адам бойындағы адамгершілік қасиет, олардың қалыптасуы туралы кеңінен сөз болады. Мұның бәрі адам баласының өзін рухани жетілдіру жолында тынбай ізденіп, еңбектеніп келе жатқанын, соған байланысты әдеп-инабат әрдістеріне ерекше мән бергенін көрсетеді. Өйткені, Жарасымды дамитын болашақ, ізгі қоғам үлгісін жасағысы келгендердің бәрі, мәселен, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров т. б. ой-тұжырымдарында ең алдымен сондағы қоғамды құрайтын адамдардың дүниетанымы мен адамгершілік көзқарасын, құндылық бағыт-бағдары мен сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды мұрат тұтқан.
А. А. Калюжный тұтас педагогикалық процесте оқушыларға адамгершілік тәрбие беру негізінде мүғалім мамандығын дайындаудың теориясы мен тәжірибесін педагогикалық ғылыми негізде зерттеген [24] .
Л. А. Байсеркеевтың зерттеуінде жасөспірім тәрбиесіндегі адамгершілік тәрбие мен құқықтық тәрбиенің өзара байланыстылығын теориялық, әдіснамалық тұжырымдамасын талдап, жасөспірімдерді әлеуметтік жағдайға сай адамгершілікті-құқықтық негізде тәрбиелеудің жүйесін айқындаған [22] .
Ал ғалым Э. А. Орынбасарова адамгершілік тәрбие мәселесінің тарихи дамуын XIX ғасырдың 60 жылдарымен XX ғасырдың 90 жылдары алығындағы теориялық идеялармен негіздеп қарастырады [17] .
Көптеген ғалымдардың еңбектерін талдай келе, адамгершілік тәрбиесін зерттегендігіне және ғалымдар мен педагогтардың берген анықтамаларынан өзіндік пікірі бар екендігіне көз жеткіздік. Мәселен: Маңғыстау өңірінің белгілі педагогы Ш. Әленұлы «Халықтық тәрбие тағылымдары» еңбегінде адамгершілік тәрбиесін әр түрлі салаларға бөліп: имандылық, кісілік, отансүйгіштік, мақсаткерлік, ақылдылық, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік, адалдық пен шыншылдық, достық, үлкенді сыйлау, әдептілік, намыс, ынтымақ пен бірлік, талап, - деп адамгершілік тәрбиесінің аясын кең түрде қарастырды.
Қазақ жазушысы әрі философ Б. Тұрсынов: «Адам жүрегінде, ең алдымен, жоғары адамгершілік қасиет болуға тиіс, бұл ең басты және маңызды нәрсе. Себебі дәл осы адамгершілік асыл қасиет руханилық пен түзу жолға, сәулелі өмір, бостандык, пен жарқын болашақтың кепілі бола алады» - дейді [45] .
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресейлік педагог-ғалымдар (И. Ф. Богданович, П. Н. Енгалычев, А. Ф. Афанасьев, А. А. Ширинский-Шихматов, И. М. Ястребцов, А. Г. Ободовский) адамгершілік тәрбиесін - адамгершілік әдеттердің, адамгершілік сезімнің, адамгершілік қабілеттің, адамгершілік қайырымдылықтың, адамгершілік сананың қалыптасу процесі деп тұжырымдады (2-кестеден қараңыз) .
Кесте 2. Адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі жайлы көзқарастар
Жоғарыда келтірген ғалымдардың ой-пікірлеріне жүргізілген талдаулар, адамгершілік тәрбиесі теориясының қалыптасуы мен дамуында адамгершілік тәрбиесінің бірыңғай бағыты жоқ екендігін дәлелдейді. Осыған орай, біз ғалымдардың көзқарастарын салыстыра келе, олардан ортақ тұжырым жасап, адамгершілік тәрбиесінің бірнеше бағыттарын: білімділік, бағалау-эмоционалдық, дүниетанымдық, мінез-құлықтық және тұтастық деп ашып көрсеттік.
К. Ж. Қожахметованың «Рухани-адамгершілік тәрбиенің этнопедагогикалық негіздері» атты еңбегін қарастырсақ, «Адамгершілік-рухани тәрбие» деп біз адамның адамгершілік-рухани тұрғыдан:
- адамгертілік сезімдерінің (ұят, парык, карыз, сенім, жауапкершілік, азаматтык, отансүйгіштік) ;
- адамгершілік келбетінің (төзімділік, сабырлылык, қайырымдылык, мейірімділік) ;
- адамгершілік ұстанымының (жақсы мен жаманды айыра білу кабілетінің, жанкештілік, өмірлік сынактардын абыроймен өтуге даярлығы) ;
- адамгершілік қылықтарының, іс-әрекеттерінің (Отанына, халқына қызмет етуге дайындығы, рухани парасаттылықтаныта білуі, еріктілігі, елгезектігі) қалыптасуына себеп болған ьщпалдар мен өзара байланыстарды айтамыз [35] .
Қазіргі таңда ұлтымыздың болашақ азаматтарын рухы биік, адамгершілігі мол, саналы, иманды, тәрбиелі тұлға ретінде қалыптастыру мәселесі алдыңғы орында тұр. Бұл мәселелерді шешу, ең алдымен, отбасына, балабақша тәрбиешілеріне, мектеп мұғалімдеріне, қоғамға жүктеліп отыр.
1. 2. «Өзін-өзі тану» пәнін оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жағдайы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz