Шұбарқұдық мұнай кен орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды. Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға валюталық түсімнің 30 пайызын береді.

Соның ішінде, Ақтөбе облысы аумағы мұнайға бай мекен болып есептеледі. Оның дәлелі ретінде облыс аумағында орналасқан мұнай өңдеу кешендерін келтіре аламыз.

Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Ақтөбе облысы аумағындағы мұнай кешендерінің орналасу жүйесі мен олардың ерекшелігін анықтау. Мұнай кен орындарын картаға түсіру және оларды зерттеу картография саласына жаңа серпін береді. Сала бойынша зерттеу жұмыстарына ат салысу.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының жер бедеріне, экологиясынаа, мұнай-газ кешендеріне баса мән беріп, оның экологиялық осал тұстарын қарастыру қажеттілігі туындайды. «Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі». Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр.

Диплом жұмысының өзектілігі - Қазақстан экономикасын дамыту бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын анықталатын басымдықты бағыттардың тізімдемесінде мұнайдың ішкі және сыртқы құбырлары құрылысы, көмірсутек шикізатын өңдеу, әрекет етуші мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мұнай - газ саласында ресурсты жоғарлатудың маңызды бағыты көмірсутек шикізатын өндіру, өңдеудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізу мен ресурс үнемдеуші және экологиялық факторларды ескере отырып өндірістік циклдік элементтерін бағалау керек.

Дипломдық жұмыстың мақсат, міндеттері - Ақтөбе облысының мұнай өнеркәсібі картасын құрастыру. Облыс аумағындағы өнеркәсіп орындарының экологиясын зерттеу. Ластану аймақтарын, олардың қауіптілік көрсеткіштерін картаға түсіру.

Дипломдық жұмыстың деректік негіздері - мұнай-газ саласының дамуын қарастыруда арнайы және экономикалық кезеңді басылымдарда кеңінен жарияланатын осы мәселеге қатысты материалдардан көрініс табады: Надиров Н. К., Сейтпағамбетов Ж. С., Сейітов Н. ; Бөлекбаев З. Е., Сұлтанғалиева Г. С., Нұржанов Р. Н., т. б. еңбектерінде қамтылған.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, негізгі 3 бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж. ) шамамен 50, 2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4, 8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

Дала геофизикасының, сейсмиканың дамуы мен бұрғылаудың техникасы жақсы жабдықталуы 60 ж. Ақтөбе облысы жерінің геологиялық құрылымын егжей-тегжейлі зерттеуді кең көлемде жүргізуге жол ашты. Бұл өңірде 1959 ж. Кеңқияқ мұнайлы ауданы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Осы аймақта басталған кең көлемді параметрлік бұрғылау 1971 ж. Кеңқияқта шөгінділердің тұз астындағы кешенінен мол мұнай қорын ашты. Осы кезден бастап барлық жұмыс мұнай көздерін тұз астындағы шөгінділерден іздестіруге жұмылдырылып, 1978 ж. Жаңажол мұнай конденсаты кені ашылды. Мұнда мұнай мен газ қоры таскөмір қыртысының қуатты корбонат қабатынан табылды. Ақтөбе облысындағы мұнай кендерін өндіруді жеделдету мақсатында 1981 ж. құрылған “Ақтөбемұнай” өндірістік бірлестігі 1993 ж. “Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамына айналды. Мұнда мұнай өндіру жұмыстарын “Октябрьмұнай” және “Кеңқияқмұнай” мұнай өндіру басқармалары жүргізеді. Ал бұрғылау жұмыстарын жүргізетін Октябрь бұрғылау жұмыстары басқармасы 1997 ж. ТМД елдері арасында тұңғыш рет тереңдігі 4080 м көлденең скважинаны бұрғылады. Мұндағы аса маңызды объект - Жаңажол газ өңдеу зауыты. “Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғам 1997 жылдан өзінің бақылау пакетін (60, 3%) алған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірге жұмыс істей бастады.

1.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІ ОРНАЛАСУЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  1. Физикалық-географиялық сипаттамасы

Ақтөбе облысы - Қазақстанның батыс бөлігіндегі облыс. Аумағы 300 629 км2 (Қазақстанда 2-ші орын), бұл Қазақстан аумағының 11% - ын құрайды. 2020 жылғы 1 тамыздағы халық саны 888, 2 мың адам.

Әкімшілік-аумақтық реформа нәтижесінде 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР құрамында құрылды. Тарихи тұрғыдан оған дейін 1921-1928 жылдары болған Ақтөбе округі болған. 1936 жылы облыс РСФСР-дан бөлінген Қазақ КСР-інің, ал 1991 жылдан бастап КСРО ыдырағаннан кейін Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамына кірді.

Облыс солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен, солтүстік-шығысында Қостанай облысымен, оңтүстік-шығысында Қазақстанның Қарағанды және Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстік-батысында Маңғыстау облысымен, батысында Атырау облысымен, солтүстік-батысында Қазақстанның Батыс Қазақстан облысымен шектеседі.

Қарағанды облысының Ақтөбе облысымен арадағы шекарасы

Жақсықылыш көлінің күнбатысынан басталып, Жыңғылды өзені аңғарына дейінгі сортаңды, құм-төбелі бұйраттармен өтеді. Облыстың шекара бағыттары солтүстіктен оңтүстікке 550, батыстан шығысқа 500 шақырымға созылып жатыр. Облыс аумағы 45º10′ - 50º20′ с. е. және 53º35′ - 64º15′ ш. б. аралығында орналасқан.

Ақтөбе облысының аймағы солтүстігіндегі Орал маңы үстірттерінен оңтүстіктегі Асмантай-Матай сорлары, Матай құмдарына дейін созылады.

Ал батысында Ақтолағай қырқасы, Ақшатау, Доңызтаудан Торғай қолатына дейінгі алапты алып жатыр. Ақтөбе облысының аумағы Еуропа мен Азияда орналасқан. Олардың облыстағы шекарасы Мұғалжар тауларының шығысы, Жем (Ембі) өзенінің арнасымен жалғасады.

Әкімшілік орталығы-Батыс Қазақстанның ең ірі қаласы Ақтөбе (1891 жылдан 1999 жылға дейін - Ақтөбе, осыдан облыстың атауы) .

Географиялық тұрғыдан қазіргі Ақтөбе облысы XVI-XVIII ғасырда Кіші жүздің құрамында болып, XIX ғасырда Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз, Орал облысының Темір уездерінің аумағын қамтыды.

Қазақ қазақ болғалы, елге қоныс, малға жайылым болған Елек пен Қобда, Жем мен Сағыз, Ойыл мен Қиыл алабы талай тарихтың куәсі болды.

1869 жылдың көктемінен бекініс ретінде салынған Ақтөбенің жаңа тарихы басталды.

Тарихта ешқандай «ақтандақ» болмауы шарт . Қалың жұртшылық,

әсіресе жас ұрпақ өз елінің, өз жерінің тарихын басқа емес, өз халқының

тарихи санасы тұрғысынан жазылған тарихтан біліп, жадына сақтап өсуі қажет.

Ақтөбе облысында тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік

тізіміне енгізілген 659 ескерткіш бар, оның 9-республикалық, 650-жергілікті маңызы бар ескерткіш болып табылады. Сонымен қатар Абат-Байтақ,

Дәуімшар, Қарасақал, Асан-Қожа, «Хан моласы» қорымдары мен Сүндет,

Тоқпан мавзолейінің қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын

табиғи ландшафты аймақтары анықталып, облыстық мәслихаттың 2013

жылғы 17-сәуірдегі және 2015 жылғы 11-желтоқсандағы шешімдерімен

бекітілді.

«Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында Ә. Молдағұлова, А. Жұбанов,

Ғ. Жұбанова, Ш. Берсеев, А. Биекенов, Т. Бигельдинов, Ш. Қалдыаяқов,

Т. Ахтанов пен Қ. Шаңғытбаевқа, Әйтеке би Бәйбекұлы сияқты көрнекті

қоғам, мемлекет, өнер қайраткерлерінің ескерткіштері мен ескерткішмүсіндері орнатылды. Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль АЭС апатын

жоюға қатысушыларға, Ядролық жарылыстан зардап шеккен құрбандары

мен Ұлы Отан соғысының құрбандарына ескерткіш белгілер қойылып,

аллеялар ашылды. Сонымен қатар Қобда ауданы Жиренқопа ауылында

қазақ халқының эпостық қаһарманы Қобыланды батырға және Әйтеке

би ауданы Қабырға өзенінің Өлкейік өзеніне құяр сағасындағы «Хан моласы» қорымында Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы даңқты қолбасшысы,

сұңғыла саясаткер, көреген мәмілегер, мемлекет қайраткері Әбілқайыр

хан Қажысұлтанұлына кесенелер тұрғызылып, мемориалдық кешен және

музей ашылды.

Тарихи-мәдени және табиғат ескерткіштерінің Жинағын құрастыру

мақсатында облыс аумағындағы тоғыз ауданындағы ескерткіштерге анықтау, сараптау және барлау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде

Жинақтар құрастырылып шығарылды. Қалған үш ауданды атап айтқанда

Байғанин, Ырғыз және Шалқар аудандарын таяу болашақта аяқтау жоспарлануда.

Ақтөбе облысының табиғаты мен тарихын жас ұрпаққа таныту мақсатында жасалған қадам.

Туған жердің тарихын әрбір азамат жастайынан біліп, санасына сіңіріп

өсуі қажет. Қазақстанның, қазақ халқының тарихын толық жазу үшін,

аймақтық тарих толық зерттелінуі шарт.

Ақтөбе облысы еліміздің солтүстік-батысында орналасқан. Облыс экономикасындағы жетекші салалары болып табылатын қара металлургияның, химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының маңызы зор. Сондықтан Ақтөбе облысы өз экономикасын еліміздегі басқа облыстарымен, шетелдермен байланыс орнатып, дамытып келеді. Мұнсыз қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту мүмкін емес. Нақ осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік және экономикалық қауырт даму жергілікті жердің табиғат байлықтарына сүйенеді. Оны ұтымды пайдалану ісі мен қорғау ісін қатар жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында ойдағыдай жұмыс жүргізу үшін ең алдымен өз облысымыздың тарихы, табиғаты және шаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін білуімізді керек етеді.

Ақтөбе облысының шаруашылығын дамытуда өңдеуші өнеркәсіптің

жаңа салаларын құру жолымен экономиканың шикізатқа бағыттылығын жою, көлік, байланыс желісін одан әрі дамыту, тауар, валюта рыноктарын тағы басқаларды қалыптастыру процестерін барынша жеделдету міндеті тұр.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі аумақтық күрделі үрдістердің (шаруашылықтың дамуындағы әр түрлі бағыттар, экономикалық дағдарыстар мен қарама-қайшылықтар, өсу қарқыны, салалық және аумақтық құрылымдық өзгерістер, т. б. ) жылдам өзгеруі соншалықты, әлеуметтік-экономикалық, саяси-географиялық ақпараттардың соңынан уақытында ілесіп жүру қиындыққа түседі. Яғни олар жылдам ескіреді немесе ақпараттық жүйелерге жаңа мәліметтердің жинақталуы кешеуілдеп жатады.

Белгілі бір аумақтың табиғат жағдайы мен ресурстар жиынтығы оның табиғи-ресурстық әлеуетін құрайды. Оның құрылымы сол аймақтың, ауданның, мемлекеттің әр түрлі табиғат жағдайлары мен ресурстарының ара-қатынасынан тұрады. Табиғи-ресурстық әлеует деп аумақтың (ауданның, мемлекеттің, экономикалық зонаның) табиғи-ресурстық байлығының тұтас көлемінің құндық мөлшерін айтамыз.

Ақтөбе облысы бүгін Қазақстанның табиғи қорларға бай, белгілі дәрежедегі бәсекелестікке ие және қарқынды даму үстіндегі аймақтарының бірі. Ақтөбе облысы көлемі жағынан Қарағандыдан кейін екінші орында. Ақтөбе облысында жалпы халық саны 711, 9 мың адам (2009 жылдың 1-қаңтарындағы санақ бойынша) . Облысқа 12 аудан, 410-дей елді мекен кіреді.

Нарықтық экономика жағдайында ойдағыдай жұмыс жүргізу үшін ең алдымен өз облысымыздың табиғаты, тарихы және шаруашылығының өзіндік

ерекшеліктерін білуімізді керек етеді. Осы уақытқа дейін жаһанданудың

қарқынды дамуы байқалады. Мұндай жағдайда ең бірінші міндет -

әлемдік дамудан артта қалмау. Осы бағытта Қазақстанда экономикалық

жағдайды жақсартуға байланысты мемлекет саясатында ұзақ және орта

мерзімді жоспарлар қарастырылып, нақты шешімдер шығарылуда. Осындай жоспарлардың ішінде 50 ірі бәсекеге қабілетті елдердің біріне айналу

бағдарламасы бар. Әрине, міндет ауыр болғанымен экономиканың әр саласын нығайта отырып, қалдықтар мен шикізатты жоғары технологиялық өндірісте қолдану барысында қол жеткізуге болады. Бүгінгі күні, қазіргі заманға сай технологиялармен қамтылған жағдайда жоғары экспортқа шығарылатын өнімдерді өндіру мүмкін емес.

«Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: қорғау және тиімді пайдалану» кітабына мәліметтер «Тобыл-Торғай» экология департаментінен, Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан, «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватынан, Ақтөбе облыстық гидрометеорологиялық орталығынан, Ақтөбе облысының статистика департаментінен, «Зере Тур» туроператорынан, облыстық өлкетану мұражайынан, облыстық мұрағаттан, «Ақтөбеоблыстық та ихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» ММ алынды.

Еліміздің басқа аймақтарындағы сияқты облысымыздағы шиелініскен әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелер көп ретте адамдардың «географиялық факторлардың» ерекшелігі мен орнын жете түсінбеуден пайда болғанын және болатындығын естен шығармау қажет.

Орта және арнаулы оқу орындарындағы өз өлкеміздің географиясын барынша тереңдете оқытудың қажеттілігі осыған байланысты. Жергілікті географиялық ерекшеліктерін білу - экономиканың күрделі мәселелерін айыра білуге, облыстағы қазіргі шаруашылық жағдайды дұрыс бағалап, бүгінде саяси дербестік пен тәуелсіздікке ие болып отырған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ірі өзгерістердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.

Қазір облыс шаруашылығын дамытуда өңдеуші өнеркәсіптің жаңа салаларын құру жолымен экономиканың шикізатқа бағыттылығын жою, көлік, байланыс желісін одан әрі дамыту, тауар, валюта рыноктарын тағы басқаларды қалыптастыру процестерін барынша жетелдету міндеті тұр.

Минералды ресурстарды игеруге шетел инвестициясын тарту мен технологиясын пайдалануға үлкен жұмыстар жүргізілуде.

«Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: қорғау және тиімді пайдалану» кітабы 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімге Ақтөбе облысының табиғи мұралары арқау болды. 2-бөлімде Ақтөбе облысының тарихимәдени мұраларына шолу жасалды; 3-бөлімде Ақтөбе облысындағы табиғи-мәдени мұраларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері талданды.

Физикалық-географиялық жағдайы жағынан облыстың мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

• облыс аумағының сейсмикалық салыстырмалы тұрақты болып келуі;

• жер бедерінің басым бөлігінің үстіртті-жазықты болуы;

• Еуразия құрлығының ішкі ауданында орналасқандықтан, климаттық

жағдайы қатаң, шұғыл континентті болып келетіндігі;

• аумақтың дала, шөл және шөлейт табиғат белдеулерінде

орналасқандығы;

• кен байлықтарының дүниежүзілік және жергілікті жер масштабындағы

мол қорларының болуы;

• облыстың оңтүстік бөлігіндегі гидрографиялық желісінің өте нашар дамуы;

• облыс Ресей, Өзбекстан Республикаларының облыстарымен және

еліміздің өнеркәсіпті облыстарымен шектес орналасқандығы.

Атап көрсетілген анықтамалардың қай-қайсысы да облысқа тән сипаттарды, белгілерді нақтылы сипаттайды.

Облыстың географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты табиғатының сипаты шұғыл континенттік климат, су ресурстарының тапшылығы мен бірқалыпты таралмауы, аридті және семиаридті ландшафтардың басымдылығы анықталған.

Табиғат жағдайының әр түрлілігі облыс аумағының көлемділігімен сипатталады. Облыс аумағының көпшілік бөлігі таулы-қыратты жазық. Солтүстігінде Орал тауының оңтүстік сілемдері орналасқан. Орталық бөлігінде Мұғалжар таулары созылып жатыр.

Облыс аумағының Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас болуы шаруашылық жағынан дамуына үлкен әсер етеді. Сондай-ақ іргелес Батыс

Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда об лыстарымен тығыз ішкі экономикалық, т. б. қарым-қатынастары жағдайының қолайлылығын көрсетеді. Облыстың мемлекетаралық, республикалық көліктік-экономикалық байланыстары шаруашылықтың барлық салаларының кешенді дамуы үшін қолайлы болып отыр.

Ақтөбе облысы батысында Батыс Қазақстан, Атырау облыстарымен, оңтүстік-батысындағы Маңғыстау облысымен бірігіп республикадағы өндірістік қуатты Батыс Қазақстан экономикалық ауданы құрамына кіреді.

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардың өзінде Ақтөбе облысының

экономикалық-географиялық жағдайының артықшылықтары, өнеркәсіптің дамуы, оның жаңа рөлін айқындап берді.

Ақтөбе облысының транзиттік жол торабында жатуы, жер бедерінің

басым бөлігінің жазық болуы, минералдық ресурстар қорының молдығы,

экономикалық-географиялық жағдайының артықшылығы болып табылады.

  1. Жер бедері және геологиясы

Ақтөбе облысы батысында Каспий маңы ойпатының, оңтүстігінде Үстірт үстіртінің, оңтүстік-шығысында Тұран ойпатының және солтүстігінде Оралдың оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан. Облыстың көп бөлігі өзен аңғарларымен бөлінген, биіктігі 100-200 м. ортаңғы бөлігінде Мұғалжар (үлкен Бақтыбай тауының ең биік нүктесі, 657 М) созылып жатыр. Ақтөбе облысының батысында Подурал үстірті, оңтүстік-батысында Каспий маңы ойпатына өтетін; оңтүстік-шығысында - төбелі құм массивтері - Арал маңы Қарақұм және үлкен және Кіші Борсық барыстар орналасқан. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жыралармен тілімденген Торғай үстірті кіреді.

Ақтөбе облысы үш климаттық аймақта орналасқан, шекаралары ендік ұзындығы бар. Облыстың солтүстік бөлігі дала климаттық аймағында, 50° ендіктен төмен-шөлейт оңтүстігінде Арал теңізінің жағалауына дейін шөлге айналатын аймақ.

Климаты тым континенттік.

Орташа жылдық температура оң, сонымен қатар дала аймағында

бір жылдағы орташа температура 3-тен 4° C-қа дейін, оңтүстігінде

шөлейт және шөлейт аудандарда температура 7, 5° с-қа дейін көтеріледі.

Облыстың ең суық бөлігі-Шығыс аудандар, ал Батыста, Мұғалжар тауларының әсерінен, сондай-ақ оңтүстіктен жылуды алып тастау Орта Азия, жылы.

Қаңтар Ақтөбе облысы үшін әдеттегі ең суық қыс айы болып табылады

Оңтүстікте -11, 4 °С-тан солтүстік-шығыста -16, 2 °с-қа дейін ауытқиды. Шілде бұл жаздың ең ыстық айы. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 20, 5 °С-тан оңтүстігінде 26, 1 °с-қа дейін ауытқиды.

Аймақтағы ауа температурасының абсолютті максимумы 41-ден 45 °C-қа дейін. Ауа температурасының абсолютті минимумы жекелеген жылдары -40 -49 °С аралығында ауытқиды.

Дала аймағында орташа атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері жылына 240-400 мм Жауын-шашын, ал шөлейт және шөлейт аймақтарда 150-250 мм.

Кембрийге дейінгі кезеңдерде Орал маңы, Ембі үстірттері, үстіңгі беті төрттік кезеңнің теңіздік шөгінділерінен тұратын Каспий ойпаты құралды. Палеозой дәуірінде Мұғалжар тауы, кайнозой дәуірінде Үстірт, Торғай үстірттері пайда болды.

Юра шөгінділерінің сулары екі Сулы кешенді құрайды: төменгі Юра және орта Юра.

Төменгі юралық сулар сульфатты-натрийлі және хлорлы-кальцийлі. Олардың минералдануы 1, 4-тен 221, 9 г/л-ге дейін өзгереді.

Метан - 49, 9-74% және 30, 3 %, этан - 2, 6-4, 5% және 0, 1 %, ауыр көмірсутектер - 1, 6-2, 1% және 0, 01 %, көмірқышқыл газы - 2, 5-2, 9% және 0, 2 %, азот - 4, 29-15, 4% және 67, 5% құрайды %, гелий - 0, 02-0, 002% және 0, 43%, аргон-0, 141-0, 315% және 0, 738%. Плиоцен суларының абсолютті жасы, бұл құрамында су бар шөгінділердің жас жасын көрсетеді.

Бор шөгінділерінің сулары готерив, баррем, ат және Альба Сулы кешендерімен ұсынылған.

Төрттік шөгінділерде белдем аңғарлары мен жер бедерінің төмен учаскелерін құрайтын делювиалды шөгінділермен байланысты Сулы горизонт таралған. Оның қоректенуі негізінен атмосфералық жауын-шашын есебінен жүзеге асырылады. Пайда болу түрі бойынша делювиалды сулар жер асты суларына жатады.

Осылайша, Жоғарғы Пермь және мезозой шөгінділерінің өнімді горизонттарының жер асты сулары негізінен жоғары минералданған болып табылады. Олардың минералдануы тереңдіктен артады.

Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша олар тоқырау режимімен әдеттегідей мұнай емес, бірақ инфильтрациялық, бұл жер қойнауының нашар жабылуын және мұнай кен орындарының белсенді жойылуын көрсетеді.

Облыстың солтүстік-батыс бөлігінде сортаң дақтары бар қара топырақты және қара қоңыр қоңыр топырақтағы бетегелі-түрлі шөпті және жусанды дала, өзен аңғарлары бойынша-шалғынды өсімдіктер, теректен, Көктеректен, қайыңнан, бұталар тоғайлары бар.

Орта және солтүстік-шығыс бөліктері ашық қоңыр және сұр топырақты сәл сортаң топырақтардағы дәнді-жусанды құрғақ даламен қамтылған. Оңтүстігінде жусанды-сортаңды шөлейттер мен шөлдер құмды және сортаңды топырақтары бар қоңыр сортаң топырақтарда орналасқан. Көптеген кеміргіштер (дала құстары, гоферлер, джербоа), жыртқыш (қасқыр, қарсақ) ; ақбөкен мен қарақұйрықтың бөкендері сақталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Отын - энергетикалық ресурстар
Жұмыстар нәтижесі авторы
Мұнай өндіру, тонна
Бақтықарын тұзүсті құрылымы
СНПС-Ақтөбемұнайгаз -Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың айқын мысалы
Көкжиде кен орнының игерілуінің сипаты
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ
Геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнай-газды аймақтарды игерудің негізгі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz