Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қуандықова Айым Қуандыққызы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КАРТОГРАФИЯЛАУ
5В071100 - "Геодезия және картография" мамандығы бойынша
Алматы, 2022 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын картографиялау
5В071100 - Геодезия және картография мамандығы бойынша
Орындаған: _____________________ Қуандықова
Ғылыми жетекшісі,аға оқутышы: Маженова Жанна Арипбаевна (қолы)
Қорғауға жіберілді:
Хаттама № ___, ____ ___ ________ 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі ______________________________ Т.А.Ә.
(қолы және мөрі)
Нормабақылау ___________________________________ Т.А.Ә.
(қолы)
Алматы, 2022
ТҮЙІНДЕМЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын картографиялау.
Жұмыстың мақсаты: Ақтөбе қаласының атмосферасын ластайтын өндірістерге, кәсіпорындарға, автокөліктерге талдау жүргізіп, олардың атмосфераға қандай әсер тигізетініне талдау жасау.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда атмосфераның зиянды заттектермен ластануы негізгі мәселенің бірі болып табылады.Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, қышқылдық жаңбырлар пайда болуда. Атмосфераның ластануына өнеркәсіп орындары, жылу электрстанциялары, ауыл шаруашылығы, құрылыс орындары, автокөлік шығарындылары себеп болып отыр. Жоғарыда айтылған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.
Дипломдық жұмыс өзара қисынды байланысқан үш тараудан, кіріспеден, қорытындыдан тұрады. Тараулар белгілі бір мәселе аясында жеке мәселелерге назар аударуға мүмкіндік беретін параграфтарға бөлінген.
Жұмыстың міндеттері:
1.Ақтөбе қаласының атмосфералық жағдайын қарастыру.
2.Ақтөбе қаласының ластаушы көздерін жан-жақты талдау.
3.Ластаушы заттардың ерекшеліктері, әсерін анықтау.
РЕФЕРАТ
Тема дипломной работы: Картографирование экологической ситуации в Актюбинской области.
Цель дипломной работы: проанализировать отрасли, предприятия, автомобили, загрязняющие атмосферу города Актобе и проанализировать их влияние на атмосферу.
Актуальность темы: В настоящее время одной из основных проблем является загрязнение атмосферного воздуха, вызываемое изменением климата, истощением озонового слоя, кислотными дождями. Загрязнение атмосферы вызывают промышленные объекты, тепловые электростанции, сельское хозяйство, строительные площадки, выбросы автотранспорта. Вещества, выбрасываемые в атмосферу вышеперечисленными объектами, подвергаются химическим или фотохимическим изменениям в присутствии компонентов в воздухе.
Дипломная работа состоит из трех логически связанных между собой глав, введения и заключения. Главы разбиты на параграфы, что позволяет сосредоточить внимание на отдельных вопросах в рамках конкретной проблемы.
Задачи:
1. Рассмотрение атмосферных условий города Актобе.
2. Комплексный анализ источников загрязнения в города Актобе.
3. Особенности загрязняющих веществ, определение их действия.
ABSTRACT
Theme of the thesis: Mapping of the ecological situation in Aktobe region.
The purpose of the work: to analyze the industries, enterprises, cars that pollute the atmosphere of Aktobe and analyze their impact on the atmosphere.
Relevance of the topic: At present, one of the main problems is air pollution. Atmospheric pollution is caused by climate change, ozone depletion, acid rain. Atmospheric pollution is caused by industrial facilities, thermal power plants, agriculture, construction sites, and vehicle emissions. Substances released into the atmosphere from the above objects are subject to chemical or photochemical changes in the presence of components in the air.
Thesis consists of three logically interconnected chapters, introduction and conclusion. The chapters are divided into paragraphs that allow you to focus on individual issues within a specific issue.
Tasks:
1. Consideration of the atmospheric conditions of Aktobe.
2. Comprehensive analysis of sources of pollution in Aktobe.
3. Features of pollutants, determination of their effects.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙНІНІҢ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Қазақстан Республикасының қалаларының ауа бассейінінің ластануы ... .
1.2. Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
2 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУ ИНДЕКСІ (АЛИ)..
2.1 Ақтөбе облысына физикалық-географиялық сипаттама ... ... ... ...
2.2 Топырақ және өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КАРТОГРАФИЯЛАУ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Ақтөбе облысының гидрографиясының ластануы
3.2 Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
КІРІСПЕ
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы.Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера - бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады. Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді. Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп Ақпараттық экологиялық бюллетень журналы арқылы көпшілікке хабардар етіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙНІНІҢ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
Қазақстан Республикасының қалаларының ауа бассейінінің ластануы.
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық,химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.. Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластанған көзден ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Атмосферада азот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольды қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі. Атмосферада фреондардың, азот тотықтарының және басқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылуы мүмкін.Дүниежүзілік метерологиялық ұйымның деректеріне қарағанда, ауылдық жерлерден гөрі қалалардағы атмосферада газ күйіндегі лас заттар 15-25 есе және қатты заттар 10 еседей көп екендігі анықталды. Қыс айларында қалаларда тұман екі еседей, жауын - шашынмен 5-10 % көп түсетіндігі, жерге жететін күн радиациясының деңгейі 20-30 % орташа температура 0,5-1,5С жоғары, желдің орташа жылдамдығы 20- 30% кем болатындығы байқалды.
Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы 0,02 мгм3, азот оксидтері-0,02 мгм3 және аммиак-0,1 мгм3. Атмосфералы ауаның жағдайын бақылау 2007 жылы 50 стационарлы кентте жүргізілді, 21 елді мекен республикасында: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Риддер, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалалары. Ауаның ластануының ең жоғары деңгейі (АЛИ 5- 12,6 ) Алматы қаласында. Ластанған (АЛИ 5-5) қалаларға 10 қала жатқызылған, соның ішінде ауаның жоғары ластануы (АЛИ 5-7) 8- қалада. Республикамыздың 18 қаласында бір ғана улы зат қоспасы бар ластану концентрациясының орта мәні ШРК- дан асып түсіп отыр, ал 5 қалада (Алматы, Риддер, Теміртау, Өскемен, және Шымкент) үш және одан көп улы заттар қоспасының концентрациясы ШРК - дан жоғары. 10-қалада азот диоксидінің 1,3-2,2 ШРК шегіндегі орта концентрациясы байқалған. Ал 1,2-2,8 ШРК шегіндегі ауаға көтерілген улы заттар (тозаң түрінде) - 9 қалада, 1,3-4,3 ШРК шегінде формальдегид - 7 қалада, 1,7-3,0 ШРК шегіндегі фенол - 4 қалада байқалған.Бақылау жүргізіліп отырған жерлерде 20 елді мекенде ең болмағанда бір ғана улы зат қоспасының бір жолғы концентрациясы ең шекті мөлшері ШРК - дан асып кеткен, Бұл жағдайда мұның өзінде 12 қалада (Алматы, Астана, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті) үш және одан да көп улы зат қоспасы үшін белгіленген ШРК-дан асып кеткені байқалған.
Ауаға көтерілген улы заттардың ШРК - дан жоғары концентрациясы 16 қалада, оксидті көміртек -14 қалада, диоксидті азот мен формальдегид - 4 қалада, аммиак пен фторлы сутегі - 3 қалада, күкірт диоксиді - 2 қалада байқалған. Атмосфералық ауаның ластануын бақылау үлкен қалаларда және өндіріс орындарында жүргізілді. Қазақстанның атмосферасының ауасында зиянды заттектердің құрамы 2019 жылғы талдау бойынша жоғары деңгейде қалуда.
Республика қаласында орташа концентрациялы қалқыған шаңның шекті рұқсат етілген концентрациясы 1,2. Алматы, Астана, Қызылорда, қалаларында қалқыған заттың орташа концентрация 2-ге жоғарылады.Балқаш қаласында сульфаттың 0,25 мгм3. үлкен біртекті концентрациясы белгіленген.
Көміртегі оксидінің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша шекті мөлшерден жоғарылаған, ШРК 0,5 құрайды. Алматы қаласында көміртегі оксидімен 0,9 ШРК, ауаның ластану деңгейіне бақылау жүргізілді. Максималды бір жолғы көміртегі оксидінің концентрациясы Алматы, Тараз, Қостанай қалаларында ШРК - сы 5 жоғарылаған. Павлодар, Теміртау, Шымкентте 4,0-4,8 ШРК құрайды. Қарағанды қаласында -3,0 ШРК. Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған Петропавл, Семей, Өскемен, және Екібастұз қалаларында 1,0-2,4ШРК.Азот диоксидінің орташа концентрациясы республика қалалары бойныша 1, ШРК. Алматы қаласында азот диоксидінің орташа концентрациясы 2,2 ШРК құрайды. Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Риддер, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті қалаларында шекті 1,0-1,7 ШРК табылған. Астана қаласында максимальды бір жолғы азот диоксидінің концентрациясы ШРК 23,8 тең екендігі бақыланды. Өскеменде - 5,4 ШРК, Алматыда, Қарағанды, Павлодар, Семей, және Таразда ШРК3 жоғары Ақтау, Риддер, Қостанай, Теміртау, Шымкент және Глубокое кентінде ШРК 2,0-2,9. Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл қалаларында ШРК 1.Азот оксиді орташа максимальды бір жолғы концентрациясы ШРК жоғарылаған. Ақтөбе қаласында азот оксидінің үлкен орташа ШРК -0,5 бақыланды.
Фенолдың орташа концентрациясы 1,2 ШРК құрайды. Теміртау қаласында орташа концентрация 0,3 ШРК жеткен. Жезқазған, Қарағанды, Риддер қалаларында ШРК 1,7. Семей, Өскеменде ШРК 1,0 Теміртау қаласында максимальды бір жолғы фенол концентрациясы 4,8 ШРК - ға теңдігі бақыланған. Семей ШРК 4,0, Өскемен ШРК 3,9, Глубокое кентінде ШРК 2,8, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, және Риддер қаласында ШРК 1,1-2,0. Формальдегидтің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша ШРК 2,7 құрайды. Формальдегидтің орташа концентрациясы Ақтөбе, Алматы және Шымкент қаласында ШРК 4,0-4,3. Қарағанды және Таразда ШРК 2,7, Өскеменде ШРК 2,0, Петропавлда 1,3 ШРК. Шымкент қаласында максималды бір жолғы формальдегидтің ШРК 2 жоғары тіркелген. Ал Алматы, Тараз, Өскемен қалаларында ШРК 1 жоғары. Күкіртті сутегінің максималды концентрациясы Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Ақтөбе, Шымкент, Павлодар қалаларында 1 ШРК.Теміртау қаласында аммиактың орташа концентрациясы 2,0 ШРК. Шымкентте 1,1 ШРК. Аммиактың максимальды бір жолғы концентрациясы Павлодарда, Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Шымкентте 1 ШРК. Астана, Тараз, Өскемен қалаларында Фтор сутегі шекті мөлшерде табылған. Астана қаласында максималды бір жолғы фтор сутегінің концентрациясы 4 ШРК құрайды. Өскеменде 2,6 ШРК.Павлодарда 1.8 ШРК Хлорлы сутегінің максималды бір жолғы концентрациясы Павлодар қаласында 2,9 ШРК жеткен. Өскемен қаласында хлор 1,9 ШРК. Риддер, Өскемен және Глубокое кенттінде мышьяктың ауаны орташа ластау деңгейі шекті мөлшерде табылды. Астана қаласында хромның құрамы, Павлодарда хлор, Ақтауда, Өскеменде күкірт қышқылы ШРК - дан жоғарыламаған .2007 жыл мен 2006 жылды салыстырғанда Актөбе, Алматы, Атырау, Астана, Жезқазған, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Риддер, Семей, Тараз, Теміртау, Орал, Өскмен, Шымкент және Екібастұз қалаларының атмосфералық ауасының ластануы өзгермеген, Ақтау және Балқаш қаласында жоғарылаған, Карағанды және Глубокое кентінде төмендеген..Ал 2007 жыл мен 2005 жылды салыстырғанда Актау, Актөбе, Атырау, Жезказган, Костанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Теміртау, Орал, Шымкент и Екібастұз қалаласының атмосфералық ауасы өзгермеген. Алматы, Карағанды, Риддер, Өсемен және Глубокое кентінде ауаның ластану деңгейі белгіленген. Астана және Балқашта - жоғарылаған(1-сурет).
1-сурет. Атмосфералық ауаның ластану индексі
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Атмосфераның ластануын жалпы бағалау. Стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша, (сурет-5) қаладағы атмосфералық ауаның ластануы өте жоғары деңгейде сипатталды, СИ мәні 15,25 тең (өте жоғары деңгей) және ЕЖҚ=3,7% (көтеріңкі деңгей) күкіртсутек бойынша №2 бекет аумағында (Рысқұлов көшесі, 4Г) мәнімен анықталды. 2020 жылдың 07 желтоқсанда №2 автоматты бекет мәліметі бойынша (Рысқұлов көшесі, 4Г) күкіртті сутегі (15,2 ШЖШ) бойынша атмосфералық ауаның 3 жоғары ластану (ЖЛ) тіркелді. (кесте-1)
1-кесте.
Ақтөбе қаласының атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 6 стационарлық бекет
Бекет
номері
Алу мерзімдері
Бақылау
жүргізу
Бекеттер
мекенжайы
Анықталатын қоспалар
1
тәулігіне 4 рет
қолмен сынамалау (дискреттік әдіс)
Авиақалашық, 14
қалқыма бөлшектер (шаң), күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот
диоксиді.
4
тәулігіне 3 рет
қолмен сынамалау (дискреттік әдіс)
Белинский көшесі, 5
қалқыма бөлшектер (шаң), күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді.
5
Ломоносов көшесі, 7
қалқыма бөлшектер (шаң), көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді.
1-кестенің жалғасы
2
Әрбір 20 минут сайын
үздіксіз режимде
Рысқұлов көшесі, 4 Г
қалқыма бөлшектері РМ-10, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, озон (жербеті), күкіртті сутек,
радиациялық
гамма фон қуаттылығы.
3
Есет-батыр көшесі, 109А
қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді озон (жербеті), күкіртті сутек,
радиациялық
гамма фон қуаттылығы.
6
Жанкожа- батыра, 89
қалқыма бөлшектері РМ-2,5, қалқыма бөлшектері РМ-10, күкірт диоксиді,озон (жербеті), күкіртті
сутек.
2-сурет. Ақтөбе қаласындағы атмосфералық ауаның ластануын бақылау стационарлық желісінің орналасу схемасы
3-сурет. Қазақстан Республикасы аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау елді-мекендерінің орналасу сызбасы
ластанудың өте жоғары деңгейіне (СИ - 10, НП - 50%):
Нұр- Сұлтан,Қарағанды қалалары;
ластанудың жоғары деңгейіне (СИ - 5-10, ЕЖҚ - 20-49%): Өскемен, Ақтөбе, Семей, Балқаш, Жезқазған қалалары;
ластанудың көтеріңкі деңгейіне (СИ - 2-4, ЕЖҚ - 1-19%): Алматы, Талдықорған, Ақтау, Атырау, Алтай, Қаратау, Шу, Орал, Ақсай, Теміртау, Шымкент, Жаңатас, Риддер, Петропавл, Қостанай, Рудный, Тараз, Павлодар, Түркістан қалалары;
ластанудың төменгі деңгейіне (СИ - 0-1, ЕЖҚ - 0%): Көкшетау, Степногор, Атбасар, Боровое КФМС, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы,Саран, Жаңаөзен, Ақсу, Екібастұз, Кентау, Қызылорда, Құлсары қалалары және Ақай, Қордай, Январцево, Бейнеу, Төретам, Қарабалық, Глубокое кенттері жатады.
Атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштері. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі қоспалар шоғырларының салыстыруы ШЖШ- мен (мгм3, мкгм3) бағаланады.Атмосфералық ауа ластану деңгейінің тоқсанда бағалау үшін ауа сапасының екі көрсеткішін қолданады.
стандартты индекс (СИ) - қысқа уақыт кезеніңде ең көп өлшенген, бекеттегі бір қоспа үшін немесе барлық бекеттердегі барлық қоспалар үшін өлшенген деректерден ШЖШ бөлінген қоспа шоғыры.
ең жоғары қайталанғыштық (ЕЖҚ)%, ШЖШ-дан асуы - бекеттегі бір қоспа үшін немесе барлық бекеттердегі барлық қоспалар үшін өлшенген деректердегі қайталанғыш.
Атмосфераның ластану деңгейі СИ және ЕЖҚ мәндерінің төрт градация бойынша бағаланады. Егер СИ мен ЕЖҚ әртүрлі градацияға түссе, онда атмосфераның ластану деңгейі осы көрсеткіштері АЛИ мәні бойынша бағаланады. Атмосфералық ауа ластануының жалпы бағалау.
Атмосфералық ауаның азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірттісутек, қалқыма заттар, фенол, аммиак сияқты ластаушы заттармен жоғары және өте жоғары ластанулары:
автожолдардың қалалық көліктермен бос еместігі (кептелуі) - бензиннің және дизельдік отынның көпқұрамды болып шығуы елді- мекендегі атмосфералық ауаның азот диоксидімен, көміртегі оксидімен,органикалық заттармен және т.б. ластануының негізгі көзі болып табылады, ал қаладағы жоғары автожолдардың бос еместігі жақсы желдету болса да, атмосфералық ауада зиянды заттардың жиналуына әкеледі;
өндіріс орындарынан эмиссияның шашылуы - өндіріс орындарынан шыққан заттардың жануы, ауа ластануының жоғары деңгейіне бейімделген өндірістік процестің нәтижесі. Елді-мекен аумағындағы әуе бассейінде олардың шашылуы қала, қала маңы мен кенттердің атмосфералық ауа сапасына айтарлықтай әсер етеді;
елді-мекендердегі атмосфералық кеңістіктің төмен желдетілуі - атмосфераның жерге жақын қабатында ауа ластаушылары жиналып, олардың шоғырлары өте жоғары деңгейде сақталады.
2-кесте
Атмосфераның ластану деңгейі және Қазақстан Республикасы елді мекендерінің АЛИ мәні
№
Ластану деңгейі
Елді мекен
АЛИ мәні
1
Жоғары
Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалалары
7,0-13,0
2
Көтеріңкі
Риддер, Семей, Саран, Талдықорған қалалары мен Глубокое кенті
5,0-6,0
3
Төмен
Ақтау,Түркістан, Тараз, Петропавл, Орал, Павлодар,Көкшетау,Степногорск, Атбасар,Бурабай КФМС, Щучье-Бурабай курорттық аймағы,Қостанай,
Рудный, Жаңаөзен, Ақсай, Қызылорда, Кұлсары, Қаратау,Екібастұз, Алтай, Ақсу, Шу, Жаңатас, Кентау қалалары мен Ақай, Қордай, Қарабалық, Бейнеу,
Январцево кенттері
0,0-4,0
Елді мекендердегі атмосфералық ауаның азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірт сутегі, қалқыма заттар, фенол, аммиак сияқты ластағыштармен ласта- нуының жоғары деңгейі:
автожолдардың қалалық көлікпен толығуына, бензинді және дизель отынының көпқұрам- ды шығарылуына;
өнеркәсіптік кәсіпорындардан эмиссиялардың шашырауы, өнеркәсіп өнімдерін жағу кезіндегі өндірістік үдерістерінің нәтижесі ауаның ластануының жоғары деңгейіне себепші болатын зиянды заттардың барлық тізбесі болып табылады;
елді мекендердің атмосфералық кеңістігін төмен желдетумен қамтамасыз етеді.
3-кесте
Қазақстан қалаларында 2018-2020 жылдардағы ЖЛ және ЭЖЛ жағдайларының саны
Қала
2018 жыл
2019 жыл
2020 жыл
ЖЛ
ЭЖЛ
ЖЛ
ЭЖЛ
ЖЛ
ЭЖЛ
Ақтау
5
-
9
-
58
-
Ақтөбе
7
-
7
-
26
-
Атырау
1 102
177
758
60
161
2
Нұр-Сұлтан
2
-
4
-
1
-
Балқаш
8
-
-
-
9
-
Жезқазган
7
-
-
-
3
-
Қарағанды
113
-
56
-
65
-
Теміртау
2
-
61
-
7
-
Өскемен
1 530
64
2
-
7
-
Жоғары ластану (ЖЛ) - бір немесе бірнеше заттардың ең жоғары-бір реттік шекті жол берілетін шоғырланудан 10 және одан да көп есеге асатын құрамы.
Экстремалды жоғары ластану (ЭЖЛ) - осы деңгейді 2 тәуліктен артық сақтаған кезде максималды бір реттік шекті жол берілетін шоғырланудан 20-29 есеге; осы деңгейді 8 сағат және одан артық сақтаған кезде 30-49 есеге; біржолғы анықтаған кезде 50 және одан көп есеге асатын бір немесе бірнеше заттардың болуы.
4-сурет. 2018-2020 жылдардағы Қазақстан қалаларында ЖЛ жағдайларының саны, бірл.
2018-2020 жылдары ЖЛ жағдайларының ең көп саны Атырау, Қарағанды және Ақтау қалаларында тіркелді. 2020 жылы Атырауда ЖЛ оқиғаларының саны 161-ге дейін төмендеді, Ақтау, Ақтөбе және Қарағандыда ЖЛ оқиғаларының саны 2019 жылмен салыстырғанда артты. 2020 жылы Атырау қаласында ЭЖЛ-дың 2 жағдайы тіркелді.
2 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУ ИНДЕКСІ (АЛИ)
2.1. Ақтөбе облысына физикалық-географиялық сипаттама
Ақтөбе облысы -- Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында. 1869жылы 28 мамырда әскери бекініс ретінде негізі қаланған.
Солтүстігінде -- Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,оңтүстігінде -- Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен,батысында -- Маңғыстау,Атырау және Батыс Қазақстан облысымен,шығысында -- Қостанай облысымен,оңтүстік-шығысында -- Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.
Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы -- Ақтөбе қаласы.
5-сурет. Ақтөбе облысының экономикалық картасы
Мартөк ауданы;
Әйтеке би ауданы;
Қобда ауданы;
Алға ауданы;
Хромтау ауданы;
Мұғалжар ауданы;
Ойыл ауданы;
Темір ауданы;
Қандыағаш ауданы;
Байғанин ауданы;
Шалқар ауданы;
Ырғыз ауданы. [5][6]
Транспорт инфраструктурасы.Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.
Өнеркәсібі.Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель -- 55%, титан -- 40%, фосфор -- 34%, мырыш -- 4,7%, мыс -- 3,6% , алюминий -- 2%, көмірдің 1,4% жинақталған.
Әлемде хром рудасы қорының -- 400 млн тн. шамасымен бірінші орында;
Қазақстанда мыс рудасынан -- 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) екінші орында;
өндірістік мұнай қоры -- 900 млн.тоннасымен үшінші орында;
газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді.
Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары -- СНПС-Ақтөбемұнайгаз ААҚ, Казхром ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, Ақтөбе хром қосындылары зауыты ААҚ, №406 ГА авиажөндеу зауыты, Ақтөберентген ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды.
Климаты.Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.
Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын.Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны -- сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті -- 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай -- маусым (35 мм), ең аз түсетін ай -- қыркүйек (19 мм).
Орташа жылдық температура -- +5,3 C°;
Орташа жылдық жел жылдамдығы -- 2,4 мс;
Орташа жылдық ауа ылғалдылығы -- 68 %.
4-кесте
Жылдық көрсеткіш (2019 ж)
Экологиясы.Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен[24].
2019 жылы сантарлық-эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды[25]. Кәріз жүйесіндегі күкіртсутектің үлесі 2 -- 16 % жетуі мүмкін, оған қоса ағын судың құрамында сульфидтер көп. Осының кесірінен түнде және таңғы мезгілде қаланың бірнеше ауданының тұрғындары жағымсыз иістен қорлық көріп жүр. 2020 жылы қаладағы автокөлітер саны 264 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады[26].
Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар Ақбұлақ акционерлік қоғамы ескірген тазарту құрылғыларының кесірінен Елек өзеніне жылына 10 млн м³ дұрыс тазартылмаған ағын су төгеді. Ағын судың белгіленген мөлшерден асқаны үшін Ақбұлаққа әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес[28][29].
Ресейдің Орынбор облысы жерімен және Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк аудандары), Батыс Қазақстан (Бөрлі ауданы) облыстары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұзындығы 623 км.
2.2.Топырақ және өсімдік жамылғысы
Ақтөбе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz