Тайм - менеджменттің әдістері мен құралдары


Тақырыбы:
Тайм-менеджмент
Мазмұны
Кіріспе . ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Тайм-менеджмент түсінігі, мәні және мазмұны.
1. 2. Тайм-менеджменттің әдістері мен құралдары.
1. 3. Уақытты басқару шетел тәжірибесінде.
2-бөлім . “ ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТТІ ХАЛЫҚ БАНКІНДЕ” ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ЕНГІЗУДІ ТАЛДАУ.
2. 1. «Халық банктің» ұйымдастырылымдық-экономикалық қызметін талдау.
2. 2. Тайм-менеджмент арқылы ұйым тиімділігін арттыруды талдау.
2. 3. «Халық банкінде» тайм-менеджменттің бағалау әдістерін қолдануды талдау.
3-Бөлім. ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ арқылы ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМІДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
3. 1. Тайм-менеджментті ұйым жұмысының тиімділігін арттыру құралы ретінде қолданудың жетілдіру бағыттары.
3. 2. «Халық банкінде» корпоративті тайм-менеджментін құрастыру және жүзеге асыру үдерісін жетілдіру.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Кіріспе.
Қазіргі таңдағы адам сенгісіз жылдамдық пен өзгерістер соларға сәйкес іс-әрекеттерді қабыладудаы талап етеді. Бүгінгі таңдағы кез келген жұмыс орынындағы ең басты әрі қайтарымсыз ресурс ол-Уақыт. Күнделікті уақытымызды жоспарлай отыра біз жұмыс орынымызда қалай тиімділікті арттыруға болатындығы туралы ойлана аламыз. Осы жылдамдық көмегімен біз көптеген мәселелелерді шешеміз. Ал ол жылдамдықтың болуы тиімді нәтижеге әкеледі. Тиәмдә нәтиже жеке тұлғаның ғана өсуіне емес жұмыс орынының дамуына да әкеледі. Бұл іс-әрекеттер өзара тығыз байланысты болып табылады. Соған байланысты біз көптеген шешімдер қабылдаймыз. Күндеілікті шешеімдер біздің келесі күініміздің болашағымыздың қандай болатындығын көресетеді және соған жетелейді. Бұл жеке тқлға мысалында алынған және үлкен компаниялар ұйымдар болсын осы ереже бойынша жүріп, болашақтарына стратегия құрады. Бұған үлкен әсер ететін ерекше құралдардың бірі ретінде жеке тұлғалық мотивацияны айтып өтуге болады. Дегенмен осы жұмыста мен, жеке тұлғадан бастап ұжымдық тайм-менеджментті қалыптастырудың жолдары мен мүмкіндіктерін талдадым.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі -кез-келген ұжым немесе ұйымдағы жеке тұлға өзінің жеке уақытын қйымдастыру арқылы ұжымдық тайм-менеджменттің қалыптасуына бірден-бір себепкер бола алады. Бұл тұста айта кететін жайт, күнделікті өмірімізде біз сағат сайын көптеген шешімдер қабыладаймыз. Және жұмыс орынында бір-бірімізбен байланыста боламыз. Яғни коммуникация біздің күнделікті құралдарымыздың бірі. Бірақ оммуникацияның өзі біздің уақытымызды алады. Яғни оның өзін тиімді жоспарлауды талап етеді. Бұл тұста ұжымдық тайм-менеджмент құралдары бізге көмекке келеді. Тайм-менеджменттің көптеген құралдары біздің жаңа мүмкіндіктерімізді ашып қана қоймай ерекше жаңашылдық пен жаңа жағдайларға біздің жолымызды ашады.
Тайм-менеджмент құралдарын ұйымға енгізу белгілі бір уақытты және ұжым мүшелерінің күнделікті пайдалы әдетіне айналуды талап етеді. Және нәтижесі өте пайдалы болып табылады. Пайдалы ұжымдық тайм-менеджмент құралдарын қарастыру біз үшін ерекше мүмкіндіктер мен жаңа бағыттарға жола ашады. Осы тұста айта кетерлік тағы бір жайт ол пайдалы құралдардың біздің күнделікті жеке өмірімізде де керек екендігін аңғаруға болады. Сондықтан ең алдымен мекеме басшылары тайм-менеджмент құралдарын енгізу үшін ұжымның ненгізгі қызметкерлерінің жұммыс уақытының қалай ебек ететіндігін және қандай уақыт аралығында пайдалы еңбек жүргізетіндігін көрсететін негізгі зерттеулерді қажет етеді. Осы тұста тайм-менеджменттің ерекше құралдары бізге көмекке келеді. Дегенмен, құралдарың біздің күнделікті өмірімізде пайдаланылуы біздің жеке тиіміділігімізді де, өміріміздегі жеке тұлғалық мақсаттарымызға жетуде де жаңа мүмкіндіктеріміздге жол ашады.
Кез келген ұйым жұмысында ескеру керек мәселе ұжымның қызметкерлерінің жеке әр уақыт аралығындағы тиімділігі. Осыны ескеру арқылы жалпы ұжымдық тайм-менеджментті қалыптастыруға болады.
Ұйымда тайм-менеджментті қалыптастыру топ-менеджерлердің жалпы мекеменің тиімділігін арттыру жолындағы бірден-бір жолы болып табылады. Бұл жолда, көптеген талдамалар жасау, әрбір қызметкердің өзінің уақыты мен жұмыс орынындаы уақытын бақылау қолға лаынуы керек. Бұл жерде ескере кететін тағы бір жағдай, жұмысшыларды қатаң түрде бақылауда ұстау арқылы олардың толықтай 8 сағат бойы орындарынан қозғалмай жұмыс істетуде емес. Жалпы тиімді жұмыс істейтін уақыт аралығын анықтау арқылы сол сәтті ұтымды пайдлану арқылы ұжымның тиімділігін арттыруға жұмыс жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -тайм-менеджмент құралдарын пайдалану арқылы ұжымның жұмыс тиімділігін арттыру.
Жоғарыдағы мақсатқа жету үшін төменде бірнеше міндеттерді жүзеге асыру керек:
-Уақытты ұйымдастыру құралдарын анықтау және маңызын ашу;
-АҚ“Халық Банк” ұйымындағы тайм-менджмент қралдарын талдау;
-АҚ“Халық Банкіне”тайм-менеджмент құралдарын тиімді пайдалану бағыттарын көрсету және солардың көмегімен ұйым жұмысын дамыту жолдары.
Зерттеу обьектісі: АҚ «Халық банк»
Зерттеу пәні: мекемеде уақытты ұйымдастыру құралдары көмегімен дамыту болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі - уақытты тиімді ұйымдастыруға байланысты және тайм-менеджмент құралдары мен әсер ету жолдарына байланысты жазылған шетелдік және отандық зерттеушілеріміздің оқу құралдары, мақалалары мен монографиялары және осы тақырыптарға байланысты жазылған қосымша мақалалар көзқарастары.
Дипломдық жұмыс құрылымы - зерттеу жұмысы кіріспе және үш бөлім, сонымен қатар қорытынды және пайдаланылған әдебеиеттерден тұрады.
Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімі жалпы уақытты басқару құралдары мен мәні және мазмұнын ашудан тұрады. Сонымен қатар осы тақырыпта зерттеу жүргізген негізгі ғалымдардың еңбектерінің қатарынан тұрады.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде зерттеу обьектісіне жалпылама талдау және анықтау жолдарына зерттеулер болады.
Ал үшінші бөлімде ұйым жұмысының тиіміділігні арттыру мен дамытуға байланысты жаңа бағыттарға ұсыныстар жазылған.
- Тайм-менеджменттің теориялық негіздері.
1. 1. Тайм-менеджмент түсінігі, мәні және мазмұны.
Бүгінгі заманда біздің өміріміздегі қайтарымсыз әрі маңызды ресурс ол уақыт болып табылады. Уақыт біздің өмірімізде басты рөл атқаратын ресурс. Осы ресурсты тиімді пайдалану мен ұтымды ұйымдастыра білу арқылы біз әрқашан жетістіктерге жетуге жаңа жол аша аламыз. Осы бағытта біз көптеген жұмыстар жүргізуіміз керек. Жалпы « Тайм-менеджмент» деген сөзді тура аударсақ «Уақытты басқару» болып аударылады. Дегенмен бізге бағынбайтын, біздің қалай өмір сүргенімізге қарамастан өте беретін уақытты ұтымды ұйымдастыру деп айтқанымыз дұрысырақ болады деп ойлаймын.
Барлығымыздың нақты армандарымыз бен мақсаттарымыз бар. Дегенмен, оларға жету жолдарын қарастыруда бізге қаражат жепейді деп ойлаймыз немесе біздің қабілеттеріміз ойлаған армандарымыздың орындалуына әсер ете алмайды деп ойлауымыз мүмкін. Дегенмен бұл тұста біз уақыттың да ең басты құрал екенін естен шығаруымыз мүмкін. Ойлаған жоспарларымызды жүзеге асырудың түрлі тәсілдері мен амалдары бар. Тіптен мотивация жетпейді деп ойлаған кездің өзінде, осы мәселені шешуге көмектесетін жолдар мен шешімдер бар екендігін ойлауымыз қажет.
Уақытты тиімді ұйымдастыру барысында біз көптеген мүмкіндіктерге жол аша аламыз, сонымен қатар тіптен мотивация жоқ уақыттардың өзіне арналған құралдардың барлығы біздің өміріміздегі маңыздылықты көрсетеді. Уақыт біздің ырқымыздан тыс жүреді және оны толық бағындыру мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан уақытты тиімді ұйымдастыра білу біздің ерекше мүмкіндіктерімізді жүзеге асыруға жол ашады.
Осы зерттеу жұмысы барысында мен көптеген жаңадан құралдармен таныстым және өзім үшін күнделікті әдеттеріме айналдыруға жаңада әдістер таба алдым. Төменде жалпы уақытты ұйымдастыруға байланысты бірнеше құралдар мен әдістер және оларды пайдалну жолдарына талдау жасап өттім. Сонымен қатар шетел ғалымдарының жіне кәсіпкерлері мен қарапайым қызметкерлерінің уақытты қалай пайдалану керек екендігіне талдау жасадым.
Біздің өміріміздегі ең құнды ресурсты пайдалну жолдарын дұрыс игеру кез келгне маманға және мақсаттарын орыдап жетістіктреге жеткісі келетін тұлғаларға тікелей байланысты деп санаймын. Бүгінгі таңда ғана емес осығанға дейін ежелден уақыт ұғымы барлық адамдар үшін өте қызықты болған. Мәселен күн мен түннің алмасуы, қай уақытта қандай істерді атқару керектігі, үш мезгіл тамақтану қажеттілігі сынды тұрақты әдеттер біздің өмірімізде ежелден қалыптасқан. Күндізгі уақытта әсіресе мидың жұмысына назар аудара бастаған сәттен бастап, нейробилогиялық зерттеулер нәтижесі де адамадардың тиімді жұмыс атқаруына көптеген маңызды ақпараттар әкеледі. Мәселен Джо Диспензаның «Миыңды жетілдір» оқулығында басты назарды біз өзіміз қалауымыз арқылы басқара алатынығымыз жөнінде айтылған. Және көптеген зерттеулер нәтижесінде біздің өміріміздің маңызды тұстарының негізгі көрсеткіштері не екендігіне де дәлелдер мен айқын зерттеулер жүргізілген. Осы тұста атақты актер Уилл Смиттің « Біздің ойымызға тәжірибемізден келген қандай да бір іс-әрекетті бізге дейін де, бізден кейін де талай адамадар ойлап, тіптен оқулық жазып, зерттеулер жүргізіп тастағандығын айтқан болатын. Бұл оймен толықтай келісемін. Осы жұмысты жазу барысында мен көптеген оқлықтар мен жаңа мақалалар мен бірнеше жыл ескі мақалаларға да талдау жасадым. Ең жиі байқағаным бейімделу. Жаңа технологиялардың пайда болуына байланыста заман ағымына сай бейімделе білу біздің адами қасиеттерімізге тәне табиғи құндылығымыз екендігін атап өтуге болады. Бүгінгі таңда көптеген заманауи құрылғылар мен гаджеттер біздің уақытымызды қалай падаланатындығымызды анық көрсете алады. Және олар бізбен бірге күнделікте жүретіндіктен біздің қай уақытта қандай іс әрекетпен шұғылданғанымызға дейін және тиіміділігмізді анықтауға көмектесетін қосымшалар да көбеюде. Қазіргі таңда көптеген зерттеулер жеке тұлғаның өзінің тиіміділігін арттыру мен мақсаттарына жетуді компания мүддесімен сәйкестендіру арқылы жетістіктерге жетуді көздейді. Осы жолды пайдалануда мен де өзімнің дипломдық жұмысымды жазу барысында көптеген құралдары мен әдістерді өзіме пайдаланып көрдім.
Сонымен қатар тайм-менеджмент жеке бастың даму технологиясы деп анықтама беруге де болады. Күнделікті жай бір күнімізді жоспарлау арқылы да біз көптеген жетістіктер мен табысты болашағымызды құрастыра аламыз. Біздің бүгініміз бен бүгінгі күні қабылданған шешімдер реті ертеңімізді құрайтындығы анық.
Там-менджменттің әдістері көп болғанымен олар бағынатын жалпылама қағидалар реті бар. Олардың қатарына:
-Тұлғалық дамуымызды үздіксіз жүргізу. Яғни қазіргі таңдағы өзгерістер үнемі трендте болуды талап етеді. Әр сәт сайын болатын өзгерістер біздің болашағымызда туындауы мүмкін сауалдар мен жұмбақтардың шешімі болаы алады. Әр жетелдірген қабілеттеріміз бізге бірде болмаса бірде көмектесетіндігі анық. Өзімізді қалыптастыру мен дамыту барысында біз көптеген жаңалықтар мен өзгешеліктерге тап болдық. Нәтижелі жүргізілген өз-өзімізбен жұмыс біздің жаңа қырымызды ашуға көмектеседі.
-Өзіміздің жеке ойымыздың болуы. Біздің кез келген сәтте қабылдаған шешіміміз бізге келесі сәтте қалай әрі қарай өмірімізді шешетін жағдайлар да болады. Сондықтан өзіміздің жеке пікіріміздің болуы бізге үлкен септігін тигізеді. Жеке көзқарас әрқашан даму мен күнделікті алынған тәжірибелер негізінде қалыптасады.
-Әр адамды жеке бір тқлға ртінде қабылдай білу. Біздің менталды денсаулығымыз бен эмоционалды ойымызды басқара алуымыз біздің дамуымызға өте үлкен әсерін тигізетін бірден-бір фактор болып табылады. Қазіргі таңда көптеген мамандарға, ұйымдар мен компаниялар өздерінің қызметкерлерінің менталды денсаулығы мен жеке басының дамуына әсер ететін пайдалы курстар ретін ұсынуда.
-Қабілеттерімізді жетілдіру. Кез келген тұлға идеалды бола бермейді. Кемшіліктері мен артықшылықтары болатындығы анық. Бірақ психологиялық зерттеулер мен табысты тұлғалардың зерттеулері нәтижесіне сүйенсек кез келген адам өзінің артықшылықтарын ары қарай жетілдіру арқылы өзінің тиімділігін арттыратындығына көзі жеткен. Және тәжірибелердің көпшілігі бұны дәлелдейді.
-Жаңа қырларымыздан ашылу. Ол үшін күнделікті болатын қалыпты жағдайлардан сәл өзге іс-әрекеттер немесе бұрын бармаған жерлерге бару сынды іс-әрекеттер жасау арқылы біз өзіміздің жаңа бағытта ойлауымыз бен дамуымызды жетілдіреміз. Тұрмыста жиі қайталанатын жағдайлардан бөлек сәттерді көбірек жасауға тырысу арқылы әртүрлі өмірлік жағдайларды біз өзімізді қалай көрсететінімзді көре аламыз.
Жалпы күндеікті өмірімзде біз уақытымзды, яғни күнімізді жоспралағанда «уақытты жоюшы» деп аталатын заттарды байқаймыз. Олармен күресу барысында төмендегі бірнеше кеңестер ретіне көз жүгіртіп өткеніміз дұрыс деп санаймын.
-Басымдылықтарымызды білу;
-Мақсаттарымыздың болуы;
-Реттілікті сақтау;
-Және білетін тәсілдерімізді жағдайларға байланысты өзгерте білу.
Осы мамандардың ортақ кеңестеріне сүйене отырып жоспарымызды құрып табыстылығымыз бен жұмыстағы тиімділігімізді арттыра аламыз. Біздің табысты әрі тиімді жұмыс жүргізуіміз көптеген жұмыстардың нітижелі болуына тікелей байланысты. Және табысты болған сайын біз өзімізді ерекше сезінеміз. Оны негізгі себебі ретінде күнделікті дамуымыз бен алға қойылған жетістіктерімізге деген көзқарасымыз бен өзімізге деген сенімділігіміз тікелей әсер етеді.
Ұйымда жұмыс жүргізу барысына біз көптеген кедрегілер мен күрделі жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Бұл кезеңдер арықыл жүргізілетін жұмыстар ретінде жиі кездеседі. Кезеңдер арқылы жұмыс жүргізген кезде біз әр кезеңде болуы мүмкін кедргілерге және оларды шешу жолдарына жолығамыз. Келесі жұмыс кезеңінің басталуына алдыңғы жұмыс уақытындағы кедергілер мен кідірістер кері әсерін тигізуі мүмкін. Жалпы ұйымда тайм-менеджментті қалыптастыру барысында сақталуы қажетті ұрақты ережелер немесе сақталуы керек шарттар түрлері бар. Олардың бірнешеуін келесі кестеден көре аламыз.
1-сурет. Ұйымда кездесетін тайм-менеджмент құралдары.
Ескерту:автормен құрастырылған .
1-суретте кез келген ұйымда кездесетін тайм-менеджментті ұйымдастыру құралдары берілген. Соларға анықтама беріп өтсек.
Коммуникация-кез келген іс-әрекет бізде басқа адамдармен байланысу арқылы жүзеге асады. Оны ұйымда уақытты пайдалы жұмысау үшін өздерінің белгілер немесе ұғымдары бар. Мысалы биржада жұмыс жасайтын адамдар ым-ишарамен жылдам ақпарат алмасады. Бұл олардың жұмысында уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.
Ұйымдық дәстүрлер-ұжымдық бірлік пен мотивацияны сақтау барысында да жұмыс жүргізу үшін көптеген шарттар реті болатыны анық. Бірақ оларды орындау әр қызметкердің жұмыс уақытымен сәкес келмеуі мүмкін сондықтан оларды да тиімді ұйымдастыра білу уақытты пайдалану құралдарының біріне жатады.
Заттар-әр адаммен байланыс жасау барысында ақапараттардың сақталуы мен берілуі үшін қағаздарға жазылу мен таратылу маңызды болып саналады. Осы тұста көптеген жұмыстар жүргізуіміз керек екендігі анық.
Регламент- ұйымда р адаманың жұмысының дедлайны болатындықтан олардың жалпы регламенттерін анықтап, әр кезеңді бітіру уақытын нақты таба білу маңызды болып табылады.
Компанияларды жұмыс жасау барысында көптеген мәселелердің алдын алуыкерек. Оларға жұмыста таныстырылған құралдар түрлерін жатқызуға болады.
Тайм-менеджменттің қалыптасу тарихы тереңде жатыр. Оны негізі алғашқы қауымдық құрылыстан уақытты күннің шығуы мен батуына байланысты күн тәртібі мен алғашқы қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты бағытталған адамдардың іс-әрекеттері нәтижесінде қалыптасқан.
Стивен Кови жалпы тайм-менеджмент дамуының 4 кезеңін бөліп қарастырады.
Олардың ішінде:
1. Алғашқы кезең-күнделікті іс-әрекеттер ретін жазу.
2. Уақыт ережелерінің пайда болуы
3. Басымдылық ретімен жоспарды орналастыру
4. Тығыз орындалу керек және маңызды іс-әрекеттердің пайда болуы.
1. 2. Тайм-менеджменттің әдістері мен құралдары.
Уақытты ұтымды ойластыра білудің басты ерекшеліктері оның құралдары мен әдіс тәсілдерінде. Әр түрлі уақытта, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану біздің тиімділігімізді арттыратыны анық. Бүгінгі таңда осыларды білу және жүзігі асыру үлкен мүмкіндіктерге және уақытымызды жоспарлауға жол ашады.
Тайм-менеджменттің құралдарын пайдалану әр елде, әр ұлттың менталитетіне байланысты өзгерістерге тап болуы мүмкін. Бүгінгі таңдағы өзгерістер мен бейімделу уақытты тиімді ойластырумен ікелей байланысты.
1-кестеде көрсетілген Эйзенхауердің матрицасы қазіргі таңда жиі пайдаанылатын әдіс-құралдардың қатарына жатады.
1-кесте. Эйзенхауер матрицасы.
Маңызды
Маңызды емес
Ескерту:автормен құрастырылған.
Жалпы 1-кестеден жиі пайдаланылатын әдістерімізді көре аламыз. Дегенмен бұл әдісті пайдалану барысында рттілікті сақтау керек екендігін де ұмытпаған жөн.
Біздің мақсаттарымызға жету үшін маңызды болып табылатын ұяшық ол шұғыл емес бірақ маңызды болып табылатын іс-әрекеттер қатарын көрсетуге болады.
Келесі кестеден тайм-менеджментті зерттеу мен ұйымдастыру барысында көп еңбек сіңірген ғалым, жазушы Брайан Трейсидің оқулықтарынан алынған әдіс-тәсілдер ретін келтіре аламыз.
2-кесте. Брайан Трейсидің тайм-менджменттік әдіс -тәсілдері
Аталып өтілген әдістердің барлығы қазіргі таңда маңызды әрі пайдаланылып жүрген іс-әрекеттер қатарына жатады.
Бұлардан бөлек әр елде осыған ұқсас әдістер ретін «чипс», «салями» сынды әдістер кездесіп жатады. Оларды әр еледе әр түрлі атағанымен түпкі мақсаты кез келген үлкен жоспарды немее мақсатты орындау барысында оларды кезеңдерге бөлу арқылы жүзеге асыру. Мысалы мансап баспалдағында әр кезеңнен сабақ ала отыра біртіндеп көтерілген адманың жетістіктері өте үлкен болады.
Жалпы дипломдық жұмыста осы аталып өтілген әдістердің ішіндегі ұйымдық тайм-менеджментті қалыптастыруға деген маңыздылығы мен ерекшелігін атап өтуіміз керек. Жоспарлардың сапалы орындалу барысын біз шкала бойынша бағалап арнайы баға беру арқылы көзқарасымызды білдіріп, жоспарлардың орындалуына бақылай аламыз. 0-5 балдық шкала аралығында бағалауды, және бақылауды қолға алуды өз еңбектерінде ұсынған Г. Архангельский көптеген ұжымдық тайм-менеджмент құралдарын да өз еңбектерінде атап өте отыра, тиімдісі оны бақылай білу екендігін атап өткен.
Сонымен қатар уақытты тиіміді ұйымдастыру барысында біздің құралдар қатарына Франклин ұсынған пирамиданы да атап өтуге болады. Саясаткердің өмір жолында пайдаланған әдістері қатарына пирамиадлық мақсаттарының жинағына қол жеткізу әдісін атап өтуге болады. Ол өмірінің соңғы жыдарына дейін барлық мақсаттыраны жазып оларға жету жолдаыр мен күндерін және уақыттарын белгілеген. Және уақытылы тіптен ертерек оларға қол жеткізіп қойған. Оы тұста саясаткердің алғырлығы мен еңбекқорлығы және айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезінің қалыптасуына да осы әдістің әсер еткендігін атап өткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz