Жұмыс тақырыбы Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА РЕЦЕНЗИЯ

«Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану»

(Тақырып атауы)

Студент: Әлдибек Нұрия Талғатқызы

Курс: 4. Оқу түры: күндізгі. Мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қарым-қатынас дағдыларын игерудің ең жақсы сәті бізге мектепте, атап айтқанда бастауыш мектеп жасында беріледі. Дәл осы уақыт баланың қарым-қатынасқа түсуі, сөйлеу тәжірибесін дамытуға деген қызығушылығы және жалпы әңгімеге деген құштарлығы болған кезде қолайлы болып саналады. Жеке тұлғаның маңызды сипаттамасы-тыңдау қабілеті, болашақта оны дұрыс дамыту және қалыптастыру қажет. Түрлі ойындар және балаларға арналған түрлі қызықты мультфильмдер танымдық қабілет дамытуға арналған жаттығулар қазіргі таңда қолжетімді. Осыған орай, студент коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды нақты мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану бойынша тәжірибелік - эксперимент жұмысында дәйектеп, нәтижесін анықтап көрсете білген. Студент зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық ойындарды қарастырып, соның ішінде оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, оны тәжірбиеге енгізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынған.

Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және де қосымшадан тұрады. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу объектісі және пәні, әдістері мен ғылыми болжамы баяндалады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы болып танылған дәлелдеулер негізгі теориялық тұрғыдан нақтылыққа сүйенген. Тақырыпқа байланысты көптеген ғалымдар мен педагогтар, әдіскерлердің пікірлерімен, іс - тәжірибелерімен танысқан, еңбектері қарастырылған. Диплом жұмысын орындау барысында көптеген теориялық әдістемелік басылымдарды оқып, ізденген.

Жұмыстың ғылыми нәтижесі және дәлелдігінің дәрежесі талапқа сай теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеу нысанасына сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент нәтижелерінің педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, алдыңғы және соңғы көрсеткіштерінің қорытындылануымен, олардың тиімділігін тәжірибелік - эксперимент арқылы өткізілуімен және практикаға ендірумен қамтамасыз етілген.

Әлдибек Нұриянің «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану» тақырыбындағы зерттеу жұмысы талаптарға сай орындалған.

Әлдибек Нұриянің диплом жұмысында ғылыми-практикалық тұрғыдан жоғары бағаланатын жаңа нәтижелерге қол жеткізілген. Жұмысы екі бөлім мен тармақшаларда тиянақталған ғылыми тұжырымдар бір-бірімен іштей сабақтаса келіп, тұтас қорытынды жасауға негіз болған. Зерттеу барысында алынған нәтижелер саты мен міндеттеріне сай шешілген. Диплом жұмысында көрсетілген әдістерді тиімді пайдалана отырып жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесінде алынған ғылыми қорытындылар дәлелді, жүйелі жазылған.

Әлдибек Нұриянің «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану» деп аталатын зерттеу жұмысы, диплом жұмысын жазуға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

Диплом жұмысының авторына осы еңбегі үшін 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесін беруге болады.

Бағасы: 9

Рецензент:

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы

университеті» КеАҚ, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Күні: 2022 ж.

Ахметова Т. Ш.

Рецензиямен таныстым (студенттің қолы)

«ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY» БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ Гуманитарлық факультет

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ПІКІР

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану

(тақырып атауы)

Әлдибек Нұрия Талғатқызы

Курс: 4. Оқу түрі: күндізгі. Мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ойын-бұл бастапқы оқу процесінің құралы. Шынында да, ойында біз балалардың қоршаған ортаны қалай бейнелейтінін, сонымен қатар фактілер мен құбылыстарды қалай білетінін көреміз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігінің негіздемесі, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, сондай-ақ қорғауға шығарылатын ережелер қамтылған.

Студент зерттеу проблемасының өзектілігін, зерттеу тақырыбын, зерттеу нысанасы мен пәнінен, мақсаты мен міндеттерін айқындай, теориялық және тәжірибелік базасын нақты белгілегін. Сонымен қатар,

Н. Т. Әлдибек өз жұмысының әдістерін шебер қолданған: жүйелеу, топтастыру, реттеу, байланысы мен қарама- қайшылықтарын айқындау.

Сонымен қатар, жұмыс мәтінінде техникалық, стилистикалық қателер кездеседі. Бірақ бұл пікір, жұмыстың мазмұндық құндылығын еш төмендетпейді. Дипломдық жұмысты орындау барысында көзделген міндеттер орындалған. Жұмыста дидактикалық ойындар бастауыш мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту құралы екендігі айқындалған. Сондықтан бұл дипломдық жұмыста бітірушінің көп ізденгені, соңғы шыққан әдебиетерді талдап зерттегені байқалады.

Әлдибек Нұрия Талғатқызының «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану» арналған зерттеу жұмысы ЖОО талаптарына сай жазылған және қорғауға ұсынуға болады.

Диплом жұмысы бойынша студент Н. Т. Әлдибекке 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесін беруге болады.

Бағасы: 3, 67 балл

Рецензент:

«Alikhan bokeikhan university» білім беру мекемесі, п. ғ. к:

Күні: 2022 ж.

Кодекова Г. Б

ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY

Гуманитарлық факультет

Педагогика және психология кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісіСултанова Н. К. _

«»20__ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА

Студент: Әлдибек Нұрия Талғатқызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда рөлдік ойындарды оқушыларды, коммуникативті құзыреттілігін қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасы ретінде, мазмұнын және рөлiн анықтау
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Мектеп жасындағы оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Білім беру үрдісіндегі оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz