Қылмыстық жазаның мақсаттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқcтaн Рecпубликacы Бiлiм жәнe Ғылым министiрлiгi

Д. А. Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясы

«Қылмыстық құқықтық пәндер және құқық қорғау органдары» кaфeдрacы

Дипломдық жұмыc

Тaқырыбы: «Бас бостандығын шектеу: түсінігі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша тағайындау ерекшеліктері».

Oрындaғaн: ҚТ-20-ҚЖБ тoбының

cтyдeнтi Рахымберлинов Ж. М.

Рецензент: Искаков А. У.

Алматы 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ.

1. БАС БОСТАНДЫҒЫН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ, ЖАЗАНЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ . . . 6

1. 1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты . . . 6

1. 2. Жазалардың жүйесі және түрлері . . . 13

1. 3. Бас бостандығын айыру түріндегі жазаның түсінігі . . . 15

2. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 17

2. 1. Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың ерекшеліктері . . . 17

2. 2. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мекемелері . . . 19

ІІ ТАРАУ.

3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ . . . 21

3. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі . . . 21

3. 2 Қылмыстық жазаның мақсаттары . . . 25

4. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ . . . 30

4. 1 Қылмыстық жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы . . . 30

4. 2 Қылмыстық жазаның негізгі түрлері . . . 35

4. 3 Жаза тағайындау жалпы негіздері . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына 30 жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылғы 16-шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа Кодекстің қабылдануына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан алынып тасталды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заман үрдісіне қарай көптеген өзгерістерге, толықтыруларға ұшырады. Осыған орай елімізде екінші рет жаңа Қылмыстық кодекс қабылдануы қажет болды. 2014 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданды. Осы Кодекс 2017 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты, 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. 2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 287-бабында бекітілген ережелер жарақаттайтын патрондармен атылатын ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарынан рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

2014 жылғы Қылмыстық кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодекстің күші жойылады. [1. 3]

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлігінде бұрыңғы Кодекске қарағанда көптеген қылмыстық-құқылық түсініктердің институттардың жаңа ұғымы берілген. Оқулықта осындай ерекшеліктерге баса мән беріле отырып, олардың мазмұны түбегейлі ашып, көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - бас бостандықты шектеу, қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттары, Қылмыстық кодекстің міндеттері жөнінде, қылмыстық заңның уақыт бойынша және кеңістікке қарай қолдануы, қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыс істеудің сатылары және оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу және оған жанасушылық, қылмыстық жазаның түсінігі, оның жүйелері мен түрлері, қылмыстық жазаны орындау және тағы басқа шаралар туралы толық түсінік беру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

- Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері тағайындалады.

Қылмыстық жаза мемлекеттің күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен ұйымдастыру, тәрбие, экономика, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мүндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықлық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс кұкылык баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмьтстың ауырлығына кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.

Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелеи байланысты болады. Мысалы, соттын кінәліні бас бостандығы-нан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шүғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр кылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда* көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қьымыстык жаза тағайындағанда сот-талған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғаңдық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшішк жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған [1] .

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Бас бостандығын шектеудің түсінгі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша тағайындау ерекшеліктері тақырыбында жазылған дипломдық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Осы аталғандарды негізге ала отырып бұл тақырыптың маңыздылығы жазаның мақсат міндеттерін анықтап оның нақты ұғымына көз жүгірту арқылы жүйелерін саралау. Тақырыпты қарастырудағы басты мақсаттар жазаның түрлерінің ерекшеліктерін анықтау мен жекелеген топтарының мәнін, жазаның мақсатын түсіндіру болып табылады. Қорытындыда ұсыныстар негізделіп, дәлелді түрде берілді.

  1. ТАРАУ.
  1. БАС БОСТАНДЫҒЫН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ, ЖАЗАНЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ

1. 1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты

Бас бостандығын шектеуге сотталған адамға бiр жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылуға жатады. Бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.

Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталған адамның: сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір орындарға бармау; алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан емделу курсынан өту; отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру мiндеттерiн; сотталған адамның түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды қамтиды.

Бас бостандығын шектеуге сотталған адам, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру нәтижесінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады. Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi. [2]

Қылмыстық жаза мемлекеттің адам жасаған қылмысқа көңіл бөлгендігін білдіреді. Ал қылмыскердің өзі үшін жаза - ол жасаған қылмыстың қылмыстық-құқықтық зардабы. Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдануға тырысады. Күнделікті өміріміз қылмысқа қарсы күресте қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын, соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып қоюмен ғана көзделген мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдеп келеді. Бұл күресте қылмысты ескерту шараларының, сондай-ақ, қылмыстың алдын-алу шараларының да көзделген нәтижеге жетудегі үлесі қомақты болып отыр. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданатын шарлары сан түрлі. Мемлекет қолданатын осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де ең ықпалдысы да -жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормалардың бұзылмауын мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі, басқа құқықтық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тигізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына қарағанда анағұрлым мол. Қылмыс пен жаза -қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір-бірімен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткені, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.

Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған. Республикамыздың қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады». Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген. [1. 28]

Қылмыстық жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының жеке бір түрі және оның өзіне тән мынадай белгілері бар:

  • Ол мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Бұл жаза тек мемлекет атынан сотпен ғана тағайындалады дегенді білдіреді.
  • Жаза тек қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға ғана тағайындалады.
  • Жаза тек қылмыс үшін ғана тағайындалады.
  • Жаза әрқашанда қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығын шектеумен байланысты, яғни объективтік мазмұны бойынша жаза-жапа шектіру.
  • Жаза сотталған адамға соттылық атағын тағады.
  • Жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады. Алайда, жазаның түсінігі жөнінде қылмыстық құқық теориясында бірқатар пікірлер айтылған.

Жаза - бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады.

XV-XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

а) рудан қуып жіберу;

ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;

б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;

в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;

г) өлім жазасы - жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;

ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.

Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады.

Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір - қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған) . Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.

Мысалы, В. И. Курляндский, «Жаза - соттың үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттік шараның түрі» десе, М. Д. Шаргородский бұл анықтамамен ішінара қосыла отырып, «мемлекеттік шаралардың бәрі де жаза емес, оған медициналық және тәрбиелік сипаттағы шаралар жатпайды» - деп толықтырды. Ленинградтық криминолог- ғалымдар өздері шығарған қылмыстық құқық курсында «Советтік қылмыстық құқықтағы жаза -мемлекеттік шараның мөлшері, ол сот органдарының үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылып, қылмыскердің өзіне тән материалдық игіліктерден жұрдай етумен қоса, сол әреетке мемлекет тарапынан қаралап баға беру» - дейді. Қылмыстық жаза мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелерді жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, аса ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.

Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тапғайындауға құқылы. Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодектің 39 - бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы» делінген. [3]

Мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану -тек қана соттың құзыреті. Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді. Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан - ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. [4]

Қылмыстық жазасы кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады. Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық - құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда «адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті», - делінген. Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше ауыр жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады. Жазаның өзіне тән міндетті қасиеті - жазалау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Жазаның түсінігі және мақсаттары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
Қылмыс түсінігі, жаза
Жауапкершілік құрамының түсінігі және маңызы
Түзеу жұмыстары
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі жазаның мақсаты
Жаза
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz