Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі


ҚAЗAҚСТAН РEСПУБЛИКAСЫ БІЛІМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФAРAБИ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВEРСИТEТІ
Жоласбек Бағила Зиянатқызы
ДИПЛOМ ЖҰМЫСЫ
5В020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы
Aлмaты, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қызметтік пайдалануға арналған
«Қорғауға жіберілді» «__» 2022
Қазақ тіл білімі кафедрасның
меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор А. Салқынбай
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: « А. Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі »
5В020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы
Орындаған:
4-курс студенті Жоласбек Б. З.
Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., Салқынбай А.
Норма бақылаушы:
Aлмaты, 2022
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Ахмет Байтұрсынұлы және әдістеме
- Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы
- Әдістеме туралы жалпы ақпарат
2. Әдістеменің атасы (Байтұрсынұлының әдістемесі жайында)
2. 1. Фонетика бөліміне қатысты әдістемесі
2. 2. Лексикология бөліміне қатысты әдістемесі
2. 3. Грамматика бөліміне қатысты әдістемесі
3. Қазіргі қазақ тіліндегі әдістемелік жүйе
3. 1. Инновациялық оқыту технологиясы мен А. Байтұрсынұлы ұсынған әдістеменің ұқсастықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі
Жұмыстың жалпы сипаты. Қазақ білім жүйесінің бірізділікке түсуіне, оқу-ағарту жұмыстарына Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы болып елеулі еңбек қалдырғанын білеміз. Дегенмен ұстаздық жолда білімнің құндылығы мен зерттеулерден бөлек, оның шәкірттерге қандай әдіспен, қалай берілгені де маңызды. Осы тұрғыда Ахмет Байтұрсынұлы әдістемелік бағдарламалар жасау, халықты ана тілінде оқыту, мұғалімдер даярлау сынды мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Ахмет Байтұрсынұлы білім беру саласында сол замандағы озық тәжірибелерге сүйеніп, балалардың психологиялық, ұлттық, жас ерекшеліктерін пайдалана отырып еңбектерін шығарды. Балалардың сауатын ашудан кейінгі пән ретінде оқытылған, әлі күнге дейін жастардан ғалымдарға дейін сүйенетін кітабы - «Тіл - құрал» еңбегі. Бұл еңбегіндегі әдістемелік тұжырым туралы автор: «Тіл-құрал» үш жылға бөлінгенде, бірінші жылға оқытуға ұйғарғанымыз: сөйлем мен сөйлемді айыру, сөз бен сөздің буынын айыру, буын мен буындағы дыбысты айыру, қазақ тіліндегі дыбыстар һәм оларға арналған харіфтер, қазақ сөзіне жазылатын харіфтер турасындағы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары. Бірінші жылда осыны үйрету жеткілікті болар, өйткені «Тіл - құралдардағы заттар қазақша һәм арабша алифбалардағы харіфтерді балалар үйреніп болғаннан кейін үйретіледі. Балаларға көп үйретемін деп, шала-шарпы үйретуден, аз да болса анықтап, нық үйрету абзал. Әсіресе бірінші жыл оқытылатын «Тіл-құрал» тіл білімінің негізі болғандықтан нық үйретілуі керек». Иә, бұл ойы меніңше, осы ғасырдағы мұғалімдерге алтын сырға бола алады. Ауыл мектептерінің жай-күйі мәз емес екендігі, оның бағдарламасын, оқу құралдарын, тіпті оқу тәртібін (мектеп режимі) жаңарту керек екенін алға тартады. Ағартушы өз заманындағы басқа да педагогтердің тәжірибелері мен еңбектеріне сүйене отырып, ұлттық тілімізге тән, ұлттық құндылықтарымызды сіңіруге бағытталған төл әліппе, оқулықтар өмірге келді. «Оқу құралы», «Тіл құрал», «Баяншы», «Әліппе астары», «Сауат ашқыш», «Тіл жұмсар» еңбектері қазақ әдістемесінің негізі болып қалыптасты.
Зерттеудің өзектілігі. Әдістеме ғылымы - қай елде болмасын, қай тілде болмасын өзекті. Заман ағымына сай өзгеріп, жаңашаланып отырады. Десек те, қанша құбылтсақ та, түпкі жүйесі, тамыры өзгермейді. Оған дәлел - Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесінің әлі күнге дейін өзектілігі. Қазақ тілін оқытудағы әдістеме бәріміз білетіндей, толықтырулар мен енізулерді қажет етеді. Ал Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқытудағы әдістемесі осы мәселелерден шығудағы есік іспетті десек те болады. Бүгінде білім саласындағы, оның ішіндегі қазақ тілін оқытудағы әдістеме үшін оқытушылар ағартушының әдістемесін зерттеп, қолдануы тиіс.
Жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тілін оқытудағы әдістеменің негізі Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде екенін, оның әлі күнге дейін өзекті екенін дәлелдеу, іс жүзінде қолдану. Ағартушы Еуропа елдерінің әдістемесін зерттеп, соның ішінде қазақ тіліне сай келетінін ыңғайлап, бізге ұсынды. Мақсат - соларды қолдану. Әлі күнге дейін көпке танылып үлгермеген Байтұрсыновтың әдістемелік тұрғыдағы зерттеулерін паш ету мақсат етіледі. Қазіргі заманғы оқытудағы заманауи технологияларды Ахмет заманындағы әдіс-тәсілдермен салыстырып, қажетінше оқытушыларға ұсыну көзделді.
Диплом жұмысының нысаны. Зерттеу жұмысында XX ғасыр және қазіргі заман әдістемесі талданып, тіл біліміндегі салалар қамтылады. Ахмет Байтұрсынұлының фонетика, лексикология және грамматикаға қатысты әдіс-тәсілдері ұсынылады және сол әдіс-тәсілдердің өзектілігі мен қажеттілігі дәлелденеді. Ғалымның субъективті пікірінің объективті пікірге қатынасы зерттелді.
Диплом жұмысының пәні. Зерттеу жұмысының пәні - қазақ тілі біліміндегі әдістеме, оның фонетика, лексика, грамматикадағы тәсілдері.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне қатысты еңбектерін және Ахмет Байтұрсынұлы туралы өзге ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Сондай-ақ газет-журналдар мен интернет-ресурстар дерек көзі ретінде пайдаланылды.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста лингвистикалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, салыстыру, саралау, анықтау, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Зерттеуде пайдаланылған материалдар және теориялық тұжырымдарды мектеп және ЖОО оқытушыларына пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплoм жұмыcы кipicпeдeн, нeгiзгi 3 бөлiмнeн, қopытындыдaн және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұpaды.
Кілт сөздер: әдістеме, Ахмет Байтұрсынұлы, педагогика, фонетика, лексика, морфология, синтаксис;
1. Ахмет Байтұрсынұлы және әдістеме
1. 1. Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы
« Ұлттың рухани көсемі» деп М. Әуезов баға берген Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың ағартушы-ұстазы, тілші, әдебиетші, одан қала берді, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші. XX ғасырды рухани ояну кезеңінің шыңы болды дейтін болсақ, сол шыңның басында Ахмет Байтұрсынұлы тұр. Жарығы жоқ, шығар есігі белгісіз қара халыққа жарық болып, тығырықтан шығар жол іздеп шарқ ұрды, ол жолды тапты. Маса болып оятты. Әрине жаңа өмірге жол бастаудың бір жолы - өнер-білімді үйрету еді. Сол кездегі қазақтың жайын «қазақ - жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы» деп бір-ақ ауыз сөзбен сипаттап, «Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді», - деп келешекті көрегенділікпен болжай білді.
Қалың қазақтың сауатын ашқан, рухани деңгейін көтерген ағартушының өзі қайдан білім алды деген заңды сауал әркімде де туары анық. Ол заманда жоғарғы оқу орны болмады, университетте оқымады. Тіпті мектептің өзінде де шала білім болды емес пе? Олай болса зор интеллекттің иесі, өз тұсындағы өзге ұлттың ғалымдарымен терезесі тең түсіп отыратын мол білім қорына қалай қол жеткізді? Мұндай қабілетке қашан, қайда, қалай ие болды? Осыған тоқталайық.
Бала Ахмет 10 жасынан бастап ауылдағы сауаты бар адамдардан хат тани бастады. Ол дәуірде балалар 7-8 жасында мектепке бару керек болса, Ахметтің ауылында мектеп болмағандықтан он жасында көрші ауылдағы мектепке барды. Ол - «көшпелі ауыл мектебі» болатын. Бұл мектептердегі ең қиыны - оқытушы табу еді. Өйткені оқыған татар не орыс адамдары алыс ауылдағы мектептерге барып сабақ бермейтін. Сондықтан ауыл мектептерінде мешіттегі молдалар, кейде мешіттің азаншысы да «сабақ беретін».
А. Байтұрсынов оқыған кезде ауыл мектептерінде белгілі оқу әдісі, бағдарламасы болмаған. Ал молдалардың бар әдісі - араб әріптерінің айтылуын жаттату, дауыстап қосылып айтқызу. Ауыл мектептеріндегі негізгі мақсат - араб жазуы арқылы балалардың сауатын ашу, араб графикасындағы таңбаларды үйрету, олардың мағыналарын ашу. Одан бөлек діни білім-танымды үйрету қоса жүретін болған. Әріптерді танып, жаттап болған соң, Құранды оқуға кірісетін. Бұл оқу қазіргі бастауыш мектеп деңгейі ретінде саналатын. Алайда тек 4-5 айды ғана қамтыды. 1882-84 жылдары осы ауыл мектебін бала Ахмет бітіріп шығады. Он тоғызыншы ғасырды сексенінші жылдары түгіл, жиырмасыншы ғасырдың оныншы жылдарына дейін ауыл мектептерінің деңгейі баз баяғы қалпы болған. 1914 жылы ағартушының өзі былай жазады: «Осы күнгі ауыл мектептері мектеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да қазақта хат білушілердің проценті мұжықтардан жоғары. Осы күнгі тек хат жаза білетін қазақтардан бастап, газета, журнал, кітап шығарып жатқандарымыздың бәрі сондай мектептен оқып, хат танып, жазу үйреніп шыққандар» (Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1991, 266-бет) .
Ауыл мектебін бітірген соң, басқа бірқатар балалар сияқты Торғай қаласындағы «екікластық орыс-қырғыз (қазақ) училищесі» деп аталатын оқу орнына барады. Негізі себеп - айдауға кетіп бара жатқан әке аманаты. Әкесі Байтұрсын қиыр шет - итжеккенге 15 жылға айдалып бара жатқанда туған бауыры Ерғазыға балаларын аманаттаған. Сонда өзінің сотта орыс тілін білмегендіктен, ақталып шығуда ойын дұрыс жеткізе алмағанын, тілмаштың да аудара алмай әбден қиналғанын айтып, балаларының орыс тілін айтуда да, жазуда да дәл орыстың өзіндей біліп, айтыса алатын дәрежеге жеткенін қалаған. Екікластық училище екі жылдық не екі сыныптық деген сөздің баламасы емес. Ол кездегі түсінік бойынша екікластықты 6 жыл оқуы тиіс болған. Яғни, класс сөзі бөлім, саты деген сияқты мағынада қолданылып тұр. Ең бірінші себеп - әке аманаты болса, екінші себеп - жас Аметтің оқуға деген ынтызарлығы, білмекке құмарлығы еді. Осылайша 1886 жылы 14 жасар Ахмет Торғайдағы училищеге аттанады.
Ахмет Байтұрсынов келіп түскен оқу орны «екікласық орыс-қырғыз мектебі» деп аталса, қазақтар қысқаша интернат не орыс оқуы деп атайтын болған. Абайдың «интернатта оқып жүр талай қазақ баласы» деген өлең жолы осыдан.
1889 жылдың қарсаңында Ыбырай Алтынсарин Торғай мектептерінің инспекторы болып жүрген. Сол жылы «Начальное руководство к обучению казахов русскому языку» деген оқулық жазып шығады. Ахмет Байтұрсынұлының училищеде 1886-91 жылдары оқығанын ескерсек, тіл сындыруда Ыбырай Алтынсаринның еңбектерінен орысша сауат ашқанын байқаймыз. Онан бөлек, «Хрестоматиядағы» поэзиялар (өлең, толғау), прозалар (Ыбырайдың өзі жазған шағын әңгімелер, қазақ халқының ертегілері, жұмбақтар) қазақ балаларының қиялын ұштап отырды. Белгілі оқу бағдарламасы бойынша орыс тілі, түрік (қазақ, татар) тілі, математика, арифметика, жағырапия, тарих, жаратылыстану пәндерін осы училищеден меңгеріп шықты.
Иә, 1891 жылы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітіріп, білімге, ғылымға деген құштарлығын осы жерде оятты. Қазақтың бай ауыз әдебиетіне осы жерде оқып жүріп қанықты. Қазақша, арабша еркін хат алмасып, оқитын болды. Қазақтың тұрмыс-салт жырларын, этнографиялық материалдарын жазып та алып отырды. 19-дан асқан жігіттің болашаққа деген алған бағыты, мақсаты осы кезеңде қалыптасты. «Енді кім боламын» деген сұрақ Ахметпен қатар бітірген замандастарының қайсысының болса да, көкейінде жүрген. Ал Ахмет Орынбордағы «Оқытушылар мектебін» таңдады. Ол жақтағы оқуы тек бестік емес, өте нашар да емес, қанағаттанарлық деңгейде болды. Орынборда 5 жыл оқып, тәжірибе жинайды, білім алады. Сол кездегі талап бойынша семинарияны бітірген соң, педагогика не басқа салада 6 жыл жұмыс өтілін өтеу керек болатын. Ахметтің таңдауы, әрине ұстаздық жол болды. Байқасақ, ол училищеде де, семинарияда да қазақ тілін толық үйренбеді. Себебі ол кезде қазақ тілінің грамматикасы толық көрсетілген оқулық та, әдіс те жоқ еді. Қазақ тілін бұзбай, дәл бере алатын терминдер де жоқ. Меніңше, осы кезде Ахметтің қазақ тілінің әліпбиін жасауға, терминдерін қалыптастыруға деген ниеті, ойы пайда болған. Семинарияны бітіріп, қазақ ауылына, балалардың ортасына ұстаздық жолға бет бұрды. 1891-1895 жылдарда біздің тілмен айтқанда, студенттік жылдарын Орынборда өткізді. Одан кейін ағартушылық жолға біржола бет бұрды, ғалымның шығармашылығының шыңдалу тұсы басталды. Дегенмен, Орынборға тағдыр оны қайта әкеліп соқтырды. Бұл жолы абақтыға. 1910 жылдың 9 наурызында Орынборға жер аударылады. Осы кезден бастап сүрбелең кезеңдер, артына аңду түскен кезеңдер басталды.
Қазақ еліне бақ боп біткен «Қазақ» газеті 1917 жылдың соңында жарық көріп үлгерді. Ол газет Ахаңның өзі айтпақшы, «халықтың құлағы, көзі һәм тілі» болды. Болыстық, ауылдық жерлерде мұғалім болып басталған ұстаздық жолы Қарқаралыдағы екі кластық училищеге жалғасты. Меңгеруші болып жүріп, басшылықты да, мұғалімдікті де қатар алып жүрді. Қазақ тіл білімінің әдістемесіне арналған елеулі еңбектерінің нақты қай күні, қай ретпен дүниеге келіп жатқанын дөп басып айта алмасақ та, төмендегідей тізбектей аламыз:
2. 2 Әдістеме туралы жалпы ақпарат
Бүгінде қолданып жүрген жаңашыл оқыту әдістеріміз бен технологияларымыздың іргесін жиырмасыншы ғасырдағы тілші-әдіскер ғалымдар салып кетті. Байқап қарасақ, сол заманғы ғалымдардың ұсынған әдістемесі қазіргі әдістемемен үндеседі, бастау алады.
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері ұлттық құндылықтарымызға қайта көңіл бөлініп, тілімізді зерттеу тереңінен қолға алына бастады. Соның ішінде тиімді әдіс-тәсілдерді табуда жетістікке жетті деуге болады. Себебі, ол-қажеттілік. Иә, мемлекеттік тілді пайдалану, насихаттау үшін, дамыту үшін әдіс-тәсілдерімізді реттеу керек болды. Әрине, ол саясатқа да қатысты. Мемлекеттік тілдің дамып, өз деңгейінде қолданылуына жағдай жасау қажет. Осы орайда қазақ тілін барлық деңгейде оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылып жүр. Ал оның қайнар көзі, негізі алаш қайраткерлерінде екенін білеміз. Дәл қазақ тілін үйретудегі әдіс-тәсіл туралы алаштан артық ешкім айтқан жоқ. Аздаған өзгешеліктер болмаса, біз сол сарынды жалғастырып келеміз. Тек сол құнды қазынаны оңтайлы пайдаланудың тиiмдi жолдарын iздегенiмiз ләзім.
Жиырмасыншы ғасыр басы - «әдіс», «әдістеме» терминдері қолданысқа еніп, әдістеме ғылымы дами түскен кезең. Ж. Аймауытұлы әдіс туралы: «Әрбір үйретудің мүддесі: шәкірттерді болмыспен әбден таныстыру, дұрыс, анық ұғым туғызу үшін ұғымсыз деректерді жақсылап түсіндіру. Жаңа болмыс, жаңа ұғымдарды миға сіңіру - соның бәрінен тізбекті бір бүтін ой шығару. Үйрету әдістерін дұрыс қолданғанда ғана соңғы мүдде орынға келеді [8, 23] . Сонымен қатар, әдістерді дұрыс таңдай білу керектігін айтады. Дұрыс таңдалған әдіс арқылы ғана білім нәтижелі болады. А. Байтұрсынұлы жалқылау-жалпылау, талдау-жинақтау, салыстыру, дыбыс, ойын, зерттеу, сұрақ-жауап, сауаттау, т. б. әдістерге түсініктеме берсе, Ж. Аймауытұлы оқытудың талдау, (анализ), ұластыру (синтез), жалпылау, жалқылау, түсіндіру әңгімелесу, көрнекілік әдісі деген түрлерін, Қ. Кемеңгерұлы үйлестіру (синтез), талдау(анализ), аудару, жаратылыс, көрнекілік әдістерін сипаттайды. Әдіскелер халықтың барлық жастағы адамдарының сауатын ашуда, қазақ тілін оқытуда, өзге ұлт өкілдеріне тіл үйретуде жоғарыдағы әдіс түрлерін талдап, саралап, тиімдісін өз заманындағы оқытушыларына қолдануға кеңес береді. Қазіргі білім беру саласында алаш дәуірі ағартушыларының қалдырған әдіс түрлерін тілші-әдіскерлер ыңғайына қарай пайдаланып, негізге алып жүр деп айта аламыз. Яғни, бұл алаш әдіскерлерінің еңбектері мен көзқарастары өміршең екендігін білдіреді.
Қазақ тілін қазақ мектептеріне үйретуден бөлек, орыстілділер үшін үйретудің әдістемесіне де назар аударды. ХХ ғасыр басында ұлт зиялылары қазақ мектептерінде қазақ тілінің оқытылуына қаншалық мән берсе, қазақ тілінің орыс тілді мекептерде оқытылуына соншалықты мән берді. Қазақ тарихында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытатын тұңғыш оқулық жазған, теориялық еңбегін тәжірибе арқылы жүзеге асырған әдіскер-ғалым - Қ. Кемеңгерұлы. Оның екі кітаптан тұратын «Жабропалықтарға арналған оқу құралын» деген еңбегі бар. «Оқу құралы» қазақ тілін аптасына он екі сағат оқитын әскер мектебіне арналды.
Қ. Кемеңгерұлының «Жауропалықтар үшін оқу құралы» еңбегі А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанұлы, М. Жолдыбайұлы қатысқан ғылыми-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып (17. 03. 1928), өте жоғары баға алады[4, 91] . Қазақтың әдістемеге арналған еңбектері осылай жалғасын таба берді. Жоғарыда айтылған ұлт зиялылары біріне-бірі демеу болып, күш жұмылдырып, білімнің арқанын ұзарта берді. Кемеңгерұлының «Оқу құралы» тіл үйренушілерге арналған негізгі еңбек болды, ал Ахмет Байтұрсынұлы: «Ценное пособие для русских задавшихся целью серьезно изучит казахский язык», -деп [9, 3] пікірін білдірді.
Бір айта кететіні, Қосшы Кемеңгерұлының мақсаты - оқытудың әдіс-тәсілдерін жазу, әдіскер болу емес еді. Ең алдымен, ол - тілші. Әдіскерлік қыры одан кейін танылды. Әсіресе, термин беруді өте ұтымды қолданды. Мысалы, «жат тіл» дейді де, «шет тіл», «өзге аудитория», «өзге тілді дәрісхана» деген терминдерді осы сөзбен алмастырған.
Ахмет Байтұрсынұлының «Оқыту дегенiмiз - асылында, оқушыны үйренуге үйрету» деген сөзі - сол дәуірлік немесе бүгінгі дәуірлік қана сөз емес, жалпыадамзаттық, келер шақтық та қағида. Әдістің ең асылы - осы дер ем. Себебі, үстіртін және жаттанды оқу жүйесі бастау алып жатқанда, осы жүйеге көңіл бөлу керек. Білім бүгін беріліп, ертең ұмытылып кетпеу керек, қысқасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz