Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Мазмұны
Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
0.1 Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... 4-8
Негізі бөлім
2.1.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану ... ... ... ... ... ... .9 -12
2.2.Ойын түрлерін қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану жолдары ... ... . 13-25
2.3.Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33-34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Дәуірлеген заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала - білім саласы екені бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі.
Ұстаздың жүгін адал орындау - біздің парызымыз. Ең алдымен, мұғалімге керегі - өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен пайдалану керек.
Ұлы Абайдың Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?, - деген пікірімен бала өміріндегі ойынның маңыздылығына көз жеткізуге болады.
Ойын дегеніміз - баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады, алғырлықты, тапқырлықты, логикалық ойды дамытады.Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі түрі, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жасына сай күрделенгені дұрыс.
Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Біз ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамыз. Оның біріншісі - оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.
Зерттеу мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен ойын элементтерін тиімді қолданудың әдістемесімен танысу, практикамен ұштастыру.
Зерттеу міндеттері:
oo қазақ тілі пәнінде ойын элементтерін қолданудың маңызы туралы түсінік беру;
oo ойын элементтерінің ерекшеліктеріне сипаттама беру;
oo ойын түрлерін көрсету.
Зерттеу болжамы: Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Ойынның әр түрлі әдістерін сабақта тиімді қолдана білсе, тілді меңгертуге пайдасы тиеді және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.
Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттерге, ғалымдардың пікірлеріне шолу жасау, практикалық әдістерді қолдану.
Зерттеудің теориялық-практикалық құндылығы: Берілген ойын түрлерін сабақта қолдануға болады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Зерттеу базасы: ЖББОМ №4
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Қазақ тілі сабағында ойын түрлерің қолдану маңызы
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады - деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: дүкен, аурухана, әскер және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -- бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді - сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс - әрекеттерге, қарым - қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым - қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
- тәрбиелік мақсаты;
- қолданылатын көрнекіліктер;
- уақытты үнемдеу;
- ойын қызықты бола ма?;
- оқушылардың белсенділігін бақылау.
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ойын түрлерінің жіктелуі:
- грамматикалық;
- психологиялық;
- тірек-сызбалар;
- логикалық;
- техникалық;
- дене - еңбек.
Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер.
Психологиялық ойындар - көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой - пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына: 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ - жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог).
Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, Қолыма тұңғыш қалам алған кезім тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.
Тірек сызба ойындар - бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскездеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына:
- ойықжазбалар;
- суретті жұмбақтар;
- сөзжұмбақтар, аннаграммалар;
- суретпен бейнелеулер жатады.
Логикалық ойындар - оқушылардың ой - өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ - тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ - тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады.
Техникалық құралдармен ойналатын ойындар - қазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегін тигізетіндігі дәлелденген. Олар: 1) лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) Сега, Дэнди; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке.
Дене - еңбек ойындары -- бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу - ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі - Керекті сөзді тауып айт. Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында Заттың атаулары деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.
2.1.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану
Әр ұстаздың мақсаты - сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес , Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған.Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез - келген іс - әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді , ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек. Негізгі рөль оқушының ойынға қатысудағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көңіл - күй, өзара түсіністік , достық қарым - қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез - құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижиесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік - дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Әр сабақ мұғалім жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолдануымыз керек. Сондай технологияның бір түрі - ойын арқылы оқыту технологиясы. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі, педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.Ойында бала қандай болса , өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 40 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуде, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені кейбір сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта - ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандадыруға болады. Мысалы: Шөжелерім, Айгөлек, Қара жорға.Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады. Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады. Соңғы нәтижиеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған , жасық ,мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше , баланың өмірі , қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дуниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады.Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты, - деген екен. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласына әрі сапалы орындайтын болады.Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Ойын арқылы сабақты қызықтырып, өмірмен байланыстыра отырған ұтымды. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы, меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп , тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен , ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа иновация болып табылады. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ маңызы зор. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері , өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойындарды тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу,оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын керісінше пәнді сүюге, қызыға ықпал жасайды.
2.2.Ойын түрлерін қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану жолдары
Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой - өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі.
Ойын - бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, жағдаяттық жағдайда, бағыттық түрде іскерлігін көрсететін, өзін - өзі басқаруын жетілдіретін іс - әрекет. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды дейді.
Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе, - деп М. Жұмабаев атап көрсеткендей, тіл сабағында орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.
Ойын түрлерін сабақтың тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Ойын әрекеті оқу барысында төмендегідей қызметті атқарады.
Ойын әрекеті қызметі
психологиялық
демалу
үйрету
дамыту
қатысымдық
тәрбие
Ойын әрекеті қызметі
психологиялық
демалу
үйрету
дамыту
қатысымдық
тәрбие
Әрбір сабақта қолданылатын ойын түрінің белгілі мақсаты болады. Ойын барысында балалар тегіс қатысып, белсенділік көрсетеді. Сонымен қатар ойын барысында олардың білімі, дағдысы белгілі болады. Мысалы, қазақ тіліне тән дыбыстарды өткенде сол дыбысқа байланысты сөздерді береміз. Сол дыбыстарды пысықтау кезінде мынандай тиімді сәттерді қолдануға болады. Оларды үш топқа бөліп, әр топқа үш әріптен беруге болады.
Фонетика саласы бойынша: 1. (ә, ы, ө); 2. (і, ң, ғ); 3. (қ, ү, ұ). Сонда қай топ бұрын және көбірек сөз жазса, сол топ озады. Оны, топтың ішінен бір-бір оқушыдан шығарып, тақтаға жаздырамын. Ойын таңдағанда тақырыпқа сай ойындар алынады.
Жылдың төрт мезгілі ойыны.
Жылдың төрт мезгілі орманда кездеседі. Амандасып, бір-бірінен хал сұрасқаннан кейін олардың әрқайсысы Жаз, Көктем және Қыс сөздерінің ерекшеліктерімен мақтанады.
Мысалы, қыс:
- Мен - қыспын Ең суық, қаһарлы мезгілмін. Үш ай - желтоқсан, қаңтар, ақпан айында күнді суытып, қарды жаудырамын. Өзендерде, көлдерде мұзды қатырамын.
Сол кезде қандай мереке бар екені айтылады. Жаңа жыл. Оқушылардан Қыс туралы тақпақ, өлең, жұмбақ білетіндері сұралады.
Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынадай түрлерге бөліп қарастырады:
1.Тапқырлық ойындар
2.Ізденімдік ойындар
3.Рөлдік ойындар
4.Іскерлік ойындар
1. Тапқырлық ойындар - оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырады. Мысалы: асық ойыны,
Қоржында не бар? ойыны, Дыбыстық ойыны,Әліпбиді білесің бе? ойыны.
Қоржында не бар? ойыны (қоржында жатқан әріптерден сөз құрастыру керек) .
Дыбыстық ойыны (1 минут ішінде 1 - қатар А дыбысына, 2 -қатар Ұ дыбысына, 3 - қатар Ә дыбысына сөз құрастыруы керек ) .
2. Ізденімдік ойындар - оқушыларды өздігінен ойлауға үйретеді. Мысалы: Баламасын тап ойыны, Қандай сөздер жасырынған ? ойыны, Буынды тез тап ойыны, Бинго ойыны.
Баламасын тап ойыны (1- қатардағы сөздерге 2 - қатардан баламасын табу керек )
Жалқы - Жалпы -
Деректі - Туынды -
Дара - Жанды -
Дерексіз - Күрделі -
Негізгі - Жансыз -
Қандай сөздер жасырынған? ойыны:
РАЖАҚЫРЫЙД - жарқырайды
ІРЕИД - ериді
ПҰШЫ КЕДІЛЕ - ұшып келеді
ҮЛГДІДЕЙ - гүлдейді
БЫРЖАҢ УАДЫЖА - жаңбыр жауады
ДЫҚАЗА - қазады
ҚҰДЫЯ - құяды
ЗҰДАРАЫ - ұзарады
ДЫНАОЯ - оянады
ДІКЕЛ - келді
Буынды тез тап ойыны ( қар буынынан басталатын сөздерді жазу керек. Мысалы: қарлығаш, қарға, т. б.)
3. Рөлдік ойындар - оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
4. Іскерлік ойындар - оқушылардың түрлі жағдайда дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтік және монологтік үлгілерін жетілдіретін ойын түрі.
Дос тақырыбына сөз тіркестерін құра ойыны: (1 - сөз сын есімнен 2 - сөз зат есімнен болу керек ) . Мысалы: Жақсы дос
Сын есім + зат есім
Сан есім + зат есім
Зат есім + зат есім
Есімдік + зат есім
Зат есім + етістік
Сабақта дидактикалық ойын түрлерін пайдалануда бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт - дәстүрге, тәрбиеге сай болуын ескеруіміз керек. Мысалы: жамбы ату, асық ойыны. Жазушылардың суреттерін көрсетіп, сол сурет туралы әңгіме құратуға, олардың шығармаларының атын атап, сипаттама бергізуге болады.
Тез ойлан ойыны - үш буыны да ашық дауысты, үш дауыссыз дыбыс қайталансын. Ол қай сөз? - кереге, терезе.
Үш дыбысты сөз ойла. Оның дауыстысы жуан, ашық, еріндік болсын. Мысалы: қол, жол, мол. Сынып оқушылары ішінен аты үндіден басталып, ашық, жуан, езулік дауысты дыбысқа аяқталсын. Мысалы: Роза, Лара, Майра.
Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз сабақты жандандырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Ойын - әрекет және белсенділік. Балалар шаршаған мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындары балалардың сабақта зейін қойып тыңдауына, ақыл - ой бір нәрсеге тұрақтандырып, саналы түрде білуге септігін тигізеді.
Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланумен қатар, ұйымдастыру кезеңінде пайдалану тиімді.
Оқушыларға қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Бірыңғай жазу жұмыстары, жалаң сөз, жаттау оқушыларды жалықтырады. Ал ойын технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдану жақсы нәтиже берері анық.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет - қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттіліктерін іріктеп ала білу - ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі - Керекті сөзді тауып айт . Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар керекті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында Заттың атаулары деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды. Жауаптарын жазады. Сондай - ақ оқушы зейінін қалыптастыруда Кім тез, шапшаң? ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын, зейінін, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орыны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында қолданылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын.Мысалы практика барысында түрлі ойындарды қолдандым . Олар: Кім тез? , Қуаласпақ , Аударыспақ , Құсбегі, Вагондарды құрау, Қай әріп жоғалды? , Лоторея ұту , Жасырынбақ, Атын айт , Түсін таны , т. б. ойындар.
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Синтаксистік касса ойыны. Кәртішкеде бірнеше суреттер көрсетіледі. (адам, құс т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар кәртішкесі жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
Сөйлем қуаласпақ ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой - толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады. (ауызша )
Кедергіден өту ойыны. Интерактивті тақтадан кедергілер көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырмасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп, мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
Вагон құрау ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға - 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагоны алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
Атын айт ойыны. Интерактивті тақтада бір - бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып, суреттерді белгісі арқылы топтап, себебін түсіндіреді.
Сабақтан тыс уақытта қимыл - әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. Туған күні , Ақ терек, көк терек , Ақ тоқаш , Айға ұшу , Кім болам? сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар, ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды. Оқушылар алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнап отырып, сол туындаған мәселені шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: Біздің үйіміз ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады.
Жадыңа сақта ойыны. Тақтаға немесе плакатқа жазылған 10 - 12 сөз оқушылар назарына көрсетіледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz