Қабылдаудың формалары және жеке даралық ерекшеліктері


Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілігі : 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі»
Пәні: Психология
Тақырыбы: Қабылдаудың негізгі қасиеттері және жеке даралық ерекшеліктері
МД-18 / 407-топ студенті:
Әбіләкім Жанна (қолы)
Ғылыми жетекшісі:
Махметова. А (қолы)
Қорғауға жіберілді:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыГ. А. Баетова
« »2022 ж.
Курстық жоба (жұмыс) « » бағаға қорғалды.
Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің
407- топ студенті Әбіләкім Жанна
«Психология» пәнінен
Қабылдаудың негізгі қасиеттері және
жеке даралық ерекшеліктері
тақырыбына жазған
курстық жұмысына
П І К І Р
Білім алушы қабылдаудың негізгі қасиеттері және жеке даралық ерекшеліктері тақырыбындағы курстық жұмысында қабылдаудың барлық қасиеттеріне жеке тоқталып, теориялық бөлімін қосымша әдебиеттерді қолдана отырып ақпараттық салыстыру талдау әрекеттерін жасаған. Зерттеудің обьектісі ретінде мектепке дейінгі жасерекшелік кезеңіндегі қабылдау процесіннің іс-әрекет негізінде көрініс табуы сараланған. Білім алушы қабылдаудың ерекшеліктерін айта отырып, қабылдауды тәрбиелеуде басымдық беретін қабылдау түрлерін атап өткен. Курстық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жүргізілген эксперименттік жұмыстардың қорытынды қосымшаларынан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттелетін тақырыптың танымдық процестердің маңыздылығын талдаған, мақсаты, зерттеу нысаны, болжамы мен зерттеудің міндеттері және зерттеу жұмысында қолданылған әдістері көрсетілген.
Зерттеу жұмысында мектепке дейінгі кезеңдегі негізі іс-әрекет ойын барысында қабылдаудың процесінің тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша әсері, тілдік материалды дұрыс таңдап, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір - бірімен қарым - қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылатындығы туралы толық мәлімет береді. Қабылдауда негізгі бірінші және екінші сигналдық система өзара әрекеттесу арқылы жұмыс жасайды десек, біз барлық іс-әрекеттерде қарастырамыз.
Курстық жұмыс тақырыпқа сай, сауатты рәсімделген.
Пікір жазған педагогика, психология пәнінің оқытушысы Махметова А. А.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе . . . 1
2. Негізгі бөлім
2. 1. Қабылдау түсінігі, қасиеттері, физологиялық негізі.
Қабылдаудың формалары және жеке даралық ерекшеліктері . . . 3
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларда қабылдаудағы типтік айырмашылықтары . . . 5
2. 3Балаларда қабылдаудың дамуы және оны қалыптастыру жолдары . . . 9
2. 4. Қабылдауды дамытудың маңызы, бақылау және қабылдауға тәрбиелеу . . . 15
3. Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Бұл формалар шексіз . Сол арқылы бала қоршаған дүние элементтерін бейнелегенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында мәліметтерді барынша білуге, тіршілік ету жағдайына бейімделуге өмір бойы талпынады. Бұл қабылдау процесі арқылы мүмкін. Қабылдаудың белсенді Психикалық әрекет екенін ескере отырып, бүгінгі күні ақпарат ағымы-сезім мүшелерінің жай тітркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерімен миға жетуі. Сондықтан балалардың психикалық қабылдау үдерісінің заттық тануға бағытталғанг тікелей іс-әрекеті өзекті.
Зерттеудің нысаны: Ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізу барысында қабылдау деңгейін анықтаудың нақты нысаны.
Зерттеу мақсаты:
-Мектепке дейінгі кезеңде бала қабылдауының қарқынын есептей отырып, оны дамыту мүмкіндіктерін қарастырып қолдану
-Қабылдау қасиеттерінің мектепке дейінгі кезеңде жас ерекшелікке сәйкес даму жолдарын анықтау
Зерттеу обьектісі:
Балабақшадағы режимдік сәтпен ұйымдастырылған оқу қызметі.
Зерттеу пәні:
Психология
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларды бақылау және қабылдауға тәрбиелеу,
-Мектепке дейінгі кезеңде байқау және бақылампаздық қабылдауды дамыту.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең «Байқау» іс-тәжірибесі кезінде, 2-кезең мемлекеттік дипломалды іс-тәжірибесінде жүзеге асты.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
2. 1. Қабылдау түсінігі, қасиеттері, физологиялық негізі. Қабылдаудың формалары және жеке даралық ерекшеліктері.
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түй-сіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Олар өзара бай-ланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгеше ерекшеліктері бар. Қабылдау дегеніміз заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі- деп қарастырсақ, балаларда элементар бөлшектер арқылы жүреді. Балаға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың анализаторларда тұтастай бейнеленуі процесін қабылдау жылдамдығына байланысты екендігін айта кеткен жөн. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы, қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, балада алманы қабылдаудың процесін қарастырсақ . Мұнда балалардың анализаторларына оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі, осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, мида тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Сол себептен балада қабылдау қарқыны мен жылдамдығы баяу болады. Ол жас өскен сайын дамиды. Сыртқы ортадан балаға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Балалар бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Баланың сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді. Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі қабылдаудың физиологиялық талдағыштары жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Рецепторларда болатын алғашқы талдау талдағыштардың ми бөлімдерінің күрделі анализдік-синтездік қызметі мен толықтырылады. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы яғни, тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланыс заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың көру, есту өзара байланысып жұмыс істеуінен болады. Адамның қабылдауы жүйесінде екініші сигнал жүйесі маңызды міндет атқарады. Ол адамға тән қабылдаудың мазмұнын анықтайды. Мысалы: ертемен тоғайға барып серуендеп жүрсең, тамылжыған табиғаттың ортасынан есіңде қалатын ләззат аласың. Осыдан алған әсерлер түрлі түстер, жапырақтың сыбдыры, құстың сайрауы, гүлдің иісі, самалдың соғуы сияқты тамаша көріністер-қабылдаудың нәтижесі. Бұл процеске көру, есту, иіскеу, температуралық анализаторлар түгел қатысады. Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың сипаттары мен қасиеттерін жекелей бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Осыдан шығатын тұжырым қабылдау түйсіктердің жиынтығы жас ерекшелікке сәйкес. Бірақ мұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылығын жоя алмайды. Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағында да болады. Мысалы, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мысалы: А әрпін 9 түрлі жазуға болады. А әрпінің танылатын ерекшелігі ортасынан көлденең сызықпен қосылатын бір-біріне басы түйісіп тұрған екі сызық. Қабылдаудың физиологиялық негіздері үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, мұнда сыртқы тітіркенгіштерден келетін қозулардың жинақтауы бірігуі жүзеге асады. Жоғарыда айтқанымыздай, түйсіктер қарапайым бейнелеудің жеке формаларының шеңберінен шыға алмайды. Ал сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты үдерісі бұл формалардан анағұрлым бай келеді. Бала бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне кейіп деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда бала бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Біріктірудің синтез мұндай түрі бір сезімдік қызмет аймағында да суретке қарай, біз көру әсерлерін бір, бүтін бейнеге біріктіреміз, сондай-ақ, бірнеше сезімдік қызмет аукымымен тану үшін бір көру, сипай сезу, дәм сезу, бұларға қоса жеміс жөніндегі білімдерімізді байланыстыра орындалуы мүмкін. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Бұрыннан белгілі заттарды кітап, үй танудың ешбір қиындығы жоқ кажетті пікірге келу үшін бала қабылданатын нысанның, бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаныс заттарды қабылданып, танылуы әлдеқайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру ұқсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады. Қабылдау-аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жайттардан көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелерінің жай тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей кайталау. Сондықтан да, психикалық қабылдау үдерісін субъектінің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырған жөн. Сонымен бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъекттің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объект неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді. Міне, сондықтан да, қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Маңызды жағдаят: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жай деңгейде орындалуы мүмкін емес, ол психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы тілмен тікелей байланысты. Адамзатқа жай назар аударып, оның қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен балама алмастырады, соның арқасында заттың қасиеттері мен сапаларын тереңдете тани отырып, белгілі категориялар тобына қосады. Мысалы, адам уақыт көрсететін құралды қабылдай, танып, оны «сағат» сөзімен атайды, әрі осы тетік үшін онша қажетті маңызға ие болмаған сағаттың түрі, түсі, көлемі сияқты белгілерге мән берместен, оның негізгі қызметтік қасиеті уақыт көрсетуге айыра зейін аударады. Сонымен қатар, бір сәтте адам қабылданып жатқан затын белгілі категорияға жатқызып, сырттай ұқсас болған басқа категория заттарынан барометр, компас арқасында ажырата алады. Осының бәрі субьекттің қабылдау іс-әрекеті өзінін психологиялық құрылымы бойынша бейнелі ой ісіне жақын екендігін дәлелдейді. Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен өз қасиеттері және бөлшектерімен бірге сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі. Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санады. Олар -кеңістік пен уакыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңстікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай дүние элементтерін бейнеленгенде өзінің өмір сүретін ортасы жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол аркылы адам қоршаған орта жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді. Кеңістік нысандарын қабылдау күрделі үдеріс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұр-тұрпаты бар: ұзын-қыска, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші . Олар бізден түрлі қашыктыкта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монекулярлық көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлык көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айкын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көрiп, кабылдауда заттар тұтасып, олардың қашыктығы, коршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф-бедері әртарапты байқалып, анықта нақты бейнеге түседі. Қашыктық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы жақындауы, яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жакын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге карауда олардың екіге бөлініп кетуі - дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашыктыктағы заттарды көруге бейімделу қабілеті аккомодация көз үйрену деп аталады. Қашыктыктағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді. Заттың бағытын кабылдау көздің торлы кабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік бұрыш арқылы, не отырып көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұшқыштар мен ғарышкерлер, суретшілер мен әскери қызметкерлер, дәлдік аппарат жасайтын мамандар үшін маңызы зор. Уақыт та-материя өмір сүруінің объективті формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын-уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші. Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып жақындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.
2. 2Мектеп жасына дейінгі балаларда қабылдаудағы типтік айырмашылықтары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz