Қаржылық бақылау түрлері және қаржылық бақылаудың органдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс 1. Тақырып. Қаржылық бақылаудың мәні мен мағынасы

Дәрістің мақсаты - жалпы қаржылық бақылауға тоқтала отырып мемлекеттік қаржылық бақылау мән мағынасын ашу және мемлекеттік қаржылық бақылауда қолданылатын әдістерді үйрену.

Жоспар

1. Қаржылық бақылаудың ұғымы міндеттері мен функциялары.

2. Қаржылық бақылаудың типтері мен түрлері және қаржылық бақылаудың органдары.

3. Қаржылық бақылаудың әдістері мен тәсілдері

1 . Қаржылық бақылау дегеніміз -қаржы жүйесінің барлық қаржылық ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдалану негіздерінде оларды тексеруге бағытталған қаржылық басқармасының элементтерінің бірі болып табылады. Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні - мемлекеттің қаржы саясатын дұрыс ұйымдастыру, қаржы ресурстарын қалыптастыру және оларды тиімді пайдалану процестерін қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық бақылаудың обьектісі - қаржы ресурстарын, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлеріндегі ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақшаның бөлгіштік процесі болып табылады.

Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды:

- экономикалық заңдар талабының сақталуын тексереді;

- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлуді ұйымдастыру.

- бюджетті жасау және оның атқаруын тексеру;

- ЖШС-дің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және басқа да заңды тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйін және олардың тиімді пайдалануын тексеру;

- салықтық бақылау.

Қаржылық бақылаудың міндеттері:

- мемлекеттік бюджет алдында қаржылық міндеттердің уақытылы және толығымен қамтамасыз етілуі;

- кәсіпорындарда, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде материалдық құндылықтар мен ақша ресурстарынұтымды жұмсауға, сонымен бірге бухғалтерлік есеппен есептемені дұрыс жүргізуге жәрдемдесу;

- қаржы ресурстарын өсірудің және өнім мен қызметтер пайдасын арттыру барысында ішкі өндірістік резервтерді анықтау;

- түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорынның қолданып жүрген заңдылықтары мен нормативтік актілерін, соның ішінде салық салу саласындағы актілерді сақтауды қамтамасыз ету.

Қаржылық бақылаудың фунциялары:

- қаржының жұмсалуын тексеру(смета бойынша)

- қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыты мен толықтығын тексеру.

- есеп және есептеме ережелерінің сақтауын тексеру.

Бақылауды жүзеге асырудың мынадай қағидалары бар:

- бақылаудың реттілігі қағидаты;

- бақылаудың алдын-алу қағидаты;

- бақылаудың нақтылығы қағидаты;

- бақылау қызметі органдарының тәуелсіздігі. Қаржылық бақылау түрлері және қаржылық бақылаудың органдары. Қаржылық бақылауды жіктеу субьектісіндегі айырмашылықтарға бақылау іс-қыймылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген.

Осы белгілерге қарай қаржылық бақылау 2 бағытта жіктеледі:

- түрлері бойынша;

- субьектісі бойынша;

Түрлері бойынша қаржылық бақылау жүргізілу уақытына қарай алдын-ала бақылау, ағымдағы және кейінгі болып 3-ке бөлінеді:

- алдын-ала бақылау - Есеп комитеті республикалық бюджет алдын - ала бағалауды оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырады;

- ағымдағы бақылау - ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, маслихаттар мен әкімдер үшін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қалыптастыру мақсатында жүзеге асырады;

- кейінгі бақылау - Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары мемлекеттік бақылау барысында бюджеттердің атқарылуының толықтылығын, уақтылығын, дұрыстығын жүзеге асырады;

- камералық - бақылау объектісіне бармастан, ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

Субьектілері бойынша мемлекеттік, қоғамдық бақылау болып бөлінеді.

- мемлекеттік бақылау:

- жалпы мемлекеттік;

- ведомствалық болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік және ведомствалық бақылаулар қаржылай меншікті бақылауға өз есептемелерін тапсырады. Мемлекеттік қаржылық бақылау - бұл бақылау обьектісінің республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есеп жүргізу, олардың аттқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, мемлекеттік мекемелердің тауарларын сатқаннан түскен ақша қорларын пайдалану сәйкестігін тексеру болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың обьектілеріне : Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары: республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орташа уәкілетті органдар.

- қоғамдық қаржылық бақылау дегеніміз - бұлар түрлі қоғамық ұйымның бақылауы болып табылады. Яғни, тексерушілер алдына қойылған нақты міндеттерге байланысты жүргізілетін бақылаудың түрі болып табылады.

Қоғамдық бақылаудың органдарына :ЖШС-дегі әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ, ұйымның бақылауы жатады. Яғни коғамдық ұйымның, кәсіпорынның, партияның, жастардың бұқаралық қозғалысының ғылыми-технологиялық, мәдени-ағартушылық, спорт шығармашылық түрлі қорлардың бақылауы болып табылады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау типтері (үлгілері) :

- сәйкестік бақылау, яғни ҚР заңнамасының нормаларын сақталуын бағалау;

- қаржылық есептілік бақылау, яғни, мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің қаржылық есептілікті жасауын және ол есептілікті табыс ету анықтығын, негізділігін бағалау;

- тиімділік бақылау, яғни бақылау объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау, бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуын талдау.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері:

- кешенді бақылау - бақылау сұрақтарының барлығын қамту;

- тақырыптық бақылау - бақылаумен нақты бір немесе бірнеше сұрақтарды қамту;

- үстеме бақылау , яғни бақылау барысында үшінші тұлғаларды тексеру;

- бірлескен бақылау , яғни мемлекеттік бақылау органдарының басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп бақылау жүргізуі.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүзеге асырылуын органға қарай: сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы бакылауға: республикалық деңгейде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жергілікті деңгейде тексеру комиссиясы нәтижесінде жүзеге асырылады.

Ішкі бақылауға: ішкі бақылау жӛніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау қызметкерлері.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың қағидаттары:

- тәуелсіздік - мемлекетік қаржылық бақылау органдарының, тексеру комиссиясының, ішкі бақылау қызметкерлерінің және олардың мүшелерінің тәуелсіздігіне бақылау кезінде жүргізілуін әр түрлі қызметкеріне нұқсан(кедергі) келтіретін шараларға жол бермеу;

- обьективтілік - бұл бақылауды Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, бақылау стандарттарына сәйкес бақылау нәтижелері бойынша анықталатын және құжаттармен расталған актілер негізінде ғана шешім қабылдау;

- анықтық - мемлекеттік бақылау нәтижелерін дәлелдемелермен растау (бухгалтерлік және банктік құжаттармен растау) ;

- жариялылық - бұл қағидат қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып бақылау нәтижелерін жариялау;

- кәсіби құзыреттілік - мемлекеттік тексерушілер мен аудиторлардың білікті және сапалы бақылау жүргізуді қамтамасыз етуі;

- құпиялық - ҚР заңнамасында көзделген құпияларды ескеріп, бақылаумен қамтылған мәліметтердің құпиялығын сақтау.

3. Қаржылық бақылаудың әдістері. Қаржылық бақылау әдістерін қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдардың қызметіне нысандарының ерекшелігімен бақылаудың обьектісі мен бақылау іс-қыймылына байланысты болып келеді. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері қолданылады:

- тексеріс (ревизия), яғни барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру. Олардың нақты обьектісі табыс, қосылған құнға салынатын салық, өзіндік құн, айналыс шығындары әр түрлі мақсаттармен қорғауға аударылатын аударымдар және әр түрлі қүнды көрсеткіштер.

- қадағалау, яғни кәсіпорындардың қаржы-қаражатының жай күйімен жалпы танысу.

- тексеру, яғни құжаттаманы есепке алуды және есептемені шоттық тексеру. Шоттық тексеру дегеніміз - бұл бухғалтерлік есептеменің, баланстың салық есеп-қисаптың ақиқаттылығын тексеру.

- инспекция-кәсіпорынның қаржылық жай күйін орнында тексеру.

Қаржылық бақылауда тексерудің мынадай тәсілдері бар:

- экономикалық талдау-бұл обьектінің шаруашылық қаржылық қызметіне баға беру, сонымен қатар қызметтерінің түрлі нәтижелерін анықтау. Және соның негізінде экономиканы жақсарту мен дамытужолдарын анықтау. Экономикалық талдауды шаруашылық органының ӛздері де, сонымен қатар банктер қаржы аудит фирмалары да жүргізе алады.

- құжаттық талдау - бұл тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар, бастапқы құжаттар, шоттар, төлемнің түрлері, кіріс-шығыс ордерлер, чектер, басқада құжаттар тексеріледі.

- материалдық құндылықтарды түгендеу-кассадағы нақтылы ақшаларды тексеру және жоспарлы көріністер мен есептік көрсеткіштерді салыстыру.

2. Тақырып. Қаржылық бақылаудағы мемлекеттің рөлі және құқықтық реттелуі

Лекция сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі қаржылық бақылаудың рөлі.

2. Экономикалық қатынастар құрылымындағы қаржылық бақылау және қаржы жүйесі

3. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісі басшысының құқығы мен міндеттері

  1. ҚР мемлекеттік бақылау мен аудит саласындағы мемлекеттік реттеуді ҚР Президенті, ҚР

Үкіметі, Есеп комитеті және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Үкімет қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын бекітеді. Үкімет өзіне ҚР конституциясында, Мемлекттік аудит және қаржылық бақылау заңында, басқа да ҚР заңдарында, ҚР Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Есеп комитеті ҚР Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды жасайды, республикалық бюджеттің

жоспарлауына және атқарылуына бақылаулар жүргізеді. Есеп комитеті қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

Қаржы бұл мемлекеттің саясатын жүргізудің негізгі құралы қаржы өз кезегінде ақшаның белгілері мен функцияларының негізінде құралады.

Қаржы дегеніміз ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді бөлу және қайта бөлу, сондай-ақ ақша қорларын жасау мен оларды пайдалануға бақылау жасаудың құралын айтамыз. Қаржы өнімді өндіруге оларды бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды. Қаржы ақшаның құрамдас бір бөлігі болғандықтан мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдар салалар аймақтар мен жеке азаматтар пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы қаржы қатынастарын білдіреді . Қаржы өз кезегінде әр түрлі қаржылық операцияларды орындау арқылы белгілі бір ақша қорларын қалыптастырады. Жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу тек қана қаржы арқылы ғана емес сонымен қатар бағаның несиенің және еңбек ақының негізінде жүзеге асырылады баға бұл тауар өнімнің ақшалай көрінісі. Несие бұл қаржы қатнастардың жүзеге асырудың негізгі құралы яғни халықтың уақытша бос ақща қаражаттарын айналысқа жұмсау. Еңбек ақы бұл қаржы қатынастарды жүзеге асырудағы ақша қорларын қалыптастырудың көзі болып табылады яғни салықтарды жинау арқылы зейнет ақымен сақтандыру төлемдерін төлеу арқылы белгілі бір қаржылық қатынастарды жүзеге асыру және ақша қаражаттарын белгілі бір салалар бойынша бөлу және қайта бөлу болып табылады.

2. ҚР-ның бюджет заңдылығы ҚР-ның Ата заңы негізінде негізделеді және нормативтік құқықтық актілер негізінде құралады. Бюджет заңдылығы ҚР-ның барлық аумақтарының жеке және заңды тұлғаларына бірдей қолданылады.

Бюджет жүйесі келесідей принциптерге сәйкес негізделеді:

- бірлік принципі - ҚР-ның аумағында ҚР-ның біріңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде біріңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың біріңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

- толықтық принципі - ҚР-ның заңдарында кӛзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және ҚР-ның Ұлттық қорында кӛрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, ӛзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқтарынан шегінуге жол бермеу;

- реалистік (нақтылығы) принципі - бекітілген бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімдік фискалдық саясатқа және ҚР-сы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

- транспаренттілік принципі - ҚР-ның бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау;

- дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

- тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген кӛлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

- басымдық принципі - бюджеттік процессті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

- жауапкершілік принципі - бюджет процесіне қатысушыларды ҚР-ның бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

- бюджеттің дербестігі принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және олардың жұмсалуы бағыттарын анықтау.

3. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісі басшысының құқығы мен міндеттері. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің мынадай құқықтары бар:

- бақылаудың мақсатын, уақытын және ұзақтығын, оның нәтижесін, тұжырымдар мен ұсынысын білуге құқығы бар;

- бақылау нәтижесімен жағдайда 10 күн мерзімде бакылау жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органына немесе маслихаттың тексеру комиссиясына бақылау актісіне сәйкес қарсылық жіберуге құқылы;

- бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының маслихаттың тексеру комиссиясының іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен шағым жасауына құқылы;

- республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жӛніндегі есеп комитетінің, маслихаттың тексеру комиссиясының тапсырысын, сонымен қатар ішкі бақылау жӛніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық бӛлімшесі басшысының бұйрығын табыс етпеген қызметкерлерін, комиссия мүшелерін бақылауға жібермеуге құқылы;

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің мынадай міндеттері бар:

- мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін, тексеру комиссияының мүшелерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге міндетті;

- мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерін, тексеру комиссиясының мүшелерін бақылау жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті барлық акпаратпен қамтамасыз етуге және оның мақсатты, анықтығы және толыктығы үшін жауапты болуға міндетті;

- кемшіліктерді жою жӛнінде қабылданған шаралар туралы уақытылы есеп табыс етіп отыруға міндетті;

- қызметкердің комиссия мүшелерінің бақылау жүргізуге кедергі жасайтын шараларды болдырмауға міндетті;

- жүргізілетін бақылау нәтижелері бар актіні берген күннен бастап 3 күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актілеріне қол қоюға міндетті.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде органдармен қарым-қатынастармен іс-әрекеттер жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар мен тексеру комиссиясының мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өзара іс-қимылдары:

- ішкі бақылау жӛніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және тексеру комиссиясына бақылау жоспарымен бақылау актілерін жібереді;

- мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мен тексеру комиссиялары кешенді бақылауды 2 жылда 1 рет жүргізіледі;

- мемлекеттік қаржылық бақылау мен тексеру комиссиялары бақылау актісі бақылау стандартының талаптарына сәйкес келген жағдайда бақылау нәтижесін дұрыс деп корытады. Ал егер сәйкес келмесе, онда тексерілген обьектілер белгілі бір мерзімде бақылауды және жоғарғы органға тапсырады;

- м емлекеттік қаржылық бақылау органдарының, тексеру комиссияларының және ішкі бақылау органдары кызметкерлері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады.

Осы органдардың жауапкершілігі:

- мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ішкі бақылау қызметінің және тексеру комиссиялары мүшелері бақылау актілерінде жазылған мәліметтердің анықтылығы, обьектілігі және толыктығы үшін Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауапкершілікте болу қажет.

- осы органдар өз құзыретіне сәйкес олардың міндеттерін орындауына, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпараттарды және өзге де мәліметтерді беруден бас тартуға жауапкершіліктері болу кажет.

Дәріс 3. Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру. Сыртқы және

ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау

1. Қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарты

2. Сыртқы бақылау жүргізудің негіздері.

3. Ішкі бақылау жүргізудің негіздері. .

1. Қаржылық бақылаудың принциптеріне төмендегілер жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қаржылық бақылауы: түрлері, нысандары, әдістері
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті
Қаржылық бақылау туралы
Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы туралы
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау мен бақылау
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz