Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Халықаралық Тараз инновациялық институты

Таубалдиева Айымгуль Бекнауатовна

Турсинбаева Гульмира Сейтмаганбетовна

Укибаева Әсем Берикқызы

Жергілікті бюджеттердің жоспарлауын жетілдіру жолдары (Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі мысалында)

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА (ЖҰМЫС)

6В04103 «Қаржы» білім беру бағдарламасы

Тараз - 2022

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 6
: 1.
МАЗМҰНЫ: ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .
: 9
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Жергілікті бюджеттің мәні мен экономикалық мазмұны . . .
: 9
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру. .
: 14
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Жергілікті бюджеттің жоспарлау және оның атқарылу процесін басқару . . .
: 24
: 2.
МАЗМҰНЫ: ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ЖОСПАРЛАУЫН ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ . . .
: 34
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Тараз қаласы әкімінің қаржы бөлімінің қызметіне жалпы сипаттама . . .
: 34
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Тараз қаласы бюджетінің 2018-2020 жылдардағы кірістерін қалыптасуын талдау . . .
: 37
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Тараз қаласы бюджетінің 2018-2020 жылдардағы шығыстарының жұмсалуын талдау . . .
: 47
: 3.
МАЗМҰНЫ: ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ЖОСПАРЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
: 54
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Жергілікті бюджеттің нәтижеге бағытталған процесін жүзеге асыру . . .
: 54
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Жергілікті бюджеттердің жоспарын арттыру жолдары . . .
: 56
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 60
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 63
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМШАЛАР
:

Кіріспе

Дипломдық жобаның тақырыбының өзектілігі. Жергілікті бюджеттер экономикалық қатынастарды қамтиды, олардың көмегімен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өзіне жүктелген функцияларға сәйкес ақшалай нысанда қоғамдық өнімнің бір бөлігін жұмылдырады, бөледі және пайдаланады. Бюджеттің экономикаға қолайлы әсері заңды және жеке тұлғаларға ұтымды салық салу, экономикалық өсу, өндіріс тұрақтылығы, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін мемлекеттік шығыстардың қажетті көлемі мен теңдестірілген құрылымын ескере отырып, мемлекеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастырудың тиімді тетігін қалыптастыруды болжайды.

Жергілікті бюджеттердің пайда болуы мен дамуы жергілікті билік органдарының жүйесімен тығыз байланысты, жалпы біздің өміріміз жергілікті бюджеттердің жоспарлануы мен даму қарқындылығына байланысты.

Жергілікті бюджет дегеніміз - ол өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің ақша қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын жергілікті салықтар, салықтық емес түсімдер мен алымдар, оны төлеуге арналған шығыстар, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен субсидиялар және т. б. ескеріле отырып жасалады.

Қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің жоспалауының тиімділігін қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Еліміздің аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және жергілікті бюджеттің жоспалауының тиімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Дипломдық жобада қарастырылған мәселенің зерттеу деңгейі.

Қазақстанда қоғамдық-саяси және экономикалық жүйенің өзгеруі елімізде жергілікті деңгейдегі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Соңғы он жылда елімізде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының қалыптасуы бағыттарында жазылған ғылыми еңбектер жеткілікті. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде бюджеттің дамуы, оның маңыздылығы, қоғамдағы рөлі, экономикадағы алатын орнына байланысты зерттеулер жүргізілген. Мемлекеттік бюджеттің мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Искаков Н. А. Медеу А. Р, Абишева М. және т. б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, айтарлықтай үлес қосқан.

Қазақстан Республикасында бюджет қаражаттарының жұмсалу тиімділігін жетілдіру жолдарын шешу ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты зерттеудің мақсаты - жергілікті бюджетті басқарудың жүйесінде өкілеттіктердің бөлу мәселелерінің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік аспектілерін зерттей келе, Тараз қаласының бюджеті негізінде жергілікті бюджеттің жоспалау жүйесінің тиімділігін арттыру мен даму жөніндеұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылған:

- жергілікті бюджеттің теориялық аспектілерін негіздеу;

- Тараз қаласы бюджетінің кірістерінің қалыптасуын талдау;

- Тараз қаласы бюджетінің шығыстарының жұмсалуын талдау;

- Тараз қаласы бюджетінің жоспалауының тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жобаның зерттеу объектісі « Тараз қаласы әкімініңқаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дипломдық жобаның теориялық және әдіснамалық негізі ретінде жергілікті бюджеттің мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, жергілікті бюджетті реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының бюджет мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Ресей және отандық оқу әдебиеттері, жергілікті бюджеттің тиімділігін арттыруды жүзеге асыру мақсатында қабылданған бағдарламалар мен Тараз қаласының статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, мәліметтерді графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді. Қолданбалы зерттеулер барысында жіктеу, топтарға бөлу, экономика- статистикалық талдау, зерттеліп жатқан үрдістердің құрылымы мен динамикасын талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Дипломдық жобаның ғылыми жаңалығы. Жергілікті бюджеттің жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:

- жергілікті бюджетті қалыптастыру мен жоспалауының теориялық аспектілері теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделді;

- бюджеттің жағдайына Тараз қаласы әкімінің материалдары негізінде талдау жасалды;

- жергілікті бюджеттің жоспалауының тиімділігін арттыру жолдары айқындалып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Дипломдық жобаның теориялық және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыста келтірілген негізгі ұсыныстар мен қорытындылар жергілікті бюджеттердің жоспалауының тиімділігін арттыру жолдарыбойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Дипломдық жобада анықталған қорытындылар мен ұсыныстарды іске асыру, Тараз қаласы бюджетінің кірістерінің қалыптасуын және шығыстарының жұмсалуын талдау арқылы болашақта бюджеттің жоспалауының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Дипломдық жобаның құрылымы. Дипломдық жоба белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жобаның жалпы көлемі 66 бет, оның ішінде 2 сызба, 7 кесте, 7 сурет.

1 Жергілікті бюджетті жоспарлаудың теориялық аспектілері

1. 1 Жергілікті бюджеттің мәні мен экономикалық мазмұны

Бюджет - ол жалпы айтқанда қаржы категориясына қарағанда бөлек, ерекшке тұрған экономикалық категория болып табылады. Бюджеттің қаржыдан басты ерекшелігі абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінен бір-бірінен ерекшеленетін жеке арнайы салаларды ажыратуға болады. Осындай ерекше байланыстардың бірі -мемлекет пен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы әлеуметтік құндылықтағы, өнім бөліміндегі қаржылық қатынастар болып табылады. Мұндай қаржылық қатынастардың жалпы белгілері, біріншіден, мемлекеттің қатысуымен құндылықты бөлу процесінде, екіншіден, ұлттық функцияларды орындауға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру мен пайдалануда орын алады. Бұл екі қатынас мемлекеттік бюджет тұжырымдамасының мазмұнын құрайды[1] .

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы- қаржылық жоспар, материалдық негізі-орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі- заң болып табылады.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси функцияларын жүзеге асыру үшін ақшалай түрде қажет.

Бюджеттік қатынастар нысандарының, бюджет түрлерінің (республикалық және жергілікті бюджеттер), оларды жасау, орындау әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын бюджет жүйесі деп атаймыз. Бюджет мемлекетте екі түрлі қызмет атқарады, олар: бөлу және бақылау функциялары. Бюджеттің бөлу функциясы - бұл әр түрлі аймақтарда шаруашылық субъектілер арасындағы, өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қаржылық ресурстарын бөлуді қамтамасыз етеді.

Бақылау функциясы бюджетке түсетін қаржы ресурстары түріндегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің тиімді және дұрыс бөлінуін бақылауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі мынадай негізгі қағидаттарға сүйенеді: бюджеттің бірлігі, бюджеттің толықтығы, бюджеттің дәлдігі, бюджеттің жариялылығы[2] .

Бюджет бірлігі - бұл принцип бойынша бюджет жоспарының ұйымдастырылуы және оның әдістемелігінің біріккен түрде енгізілуне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен біріктіріліп жүргізілуіне негізделеді.

Бюджет толықтылығы - бұл принцип бойынша бюджет процесі кезінде жүргізілетін іс-шаралар толық орындалуымен сипатталады.

Бюджет дәлділігі - бұл принцип бюджеттің бекітілуі, орындалуы процесі кезінде ешқандай қателер мен жөндеулер болмау қажет, яғни жасалған іс-әрекеттердің барлығы дәл болуы қажет.

Бюджет жариялылығы - бұл принцип бойынша бюджет мәліметтері қаржылық жылдың соңында ақпараттық құралдарда жариялануы қажет.

Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңында бюджетке келіп түсуге тиісті кірістердің атаулары, қалыптасқан шығындар, бюджетті орындауға есеп берулердің құрылу жағдайлары және тағы сол сияқтылар қарастырылған. Сонымен қатар, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу реті және қалыптасу көздері қарастырылады.

Әрбір бюджеттің негізгі мақсаты - бұл кіріс пен шығысты тепе-теңдікке келтіру немесе баланстау болып табылады. Сондықтан бюджетті құрастырған уақытта алдын-ала осы жағдайлардың барлығы ескерілуі қажет. Егер табыс көп болса, онда бюджеттің профициті пайда болады. Олай болмаған жағдайда, профицит мемлекеттік борышты жабуға немесе бюджет құралдарының бос ақша қорын құруға бағытталатын болады, ал, керісінше, егер кірістерден шығыстар көп болса, бюджет тапшылығы туындайды.

Тапшылықтың болуы әр елдегі осы елдің жалпы ішкі өнімінің 2-3 пайызын ғана құрауы мүмкін деп саналады. Бұл тапшылықты мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы жабуға болады. Жоғарыда, бұл ақша айналымы заңдылығының бұзылуына, инфляцияның болуына және халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде Бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының интеграциясымен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі бюджет құрылымының біртұтас типімен айқындалады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, президенттік-парламенттік басқару нысаны бар және Парламент сайлайтын біртұтас мемлекет. Бүгінгі таңда мемлекет бюджеті қаржылық қатынастарға әртүрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп мақсатты құрал болып табылады [1] .

Бюджет арқылы әлеуметтік шығыстар мен салықтарды, жалақы мен кірістерді бөлу бойынша орталық пен өңірлер арасындағы ымыраға қол жеткізіледі, бюджеттік субсидиялар мен трансферттерді бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырады және іске асырады.

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады (1-сызба) .

Сызба 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі [1]

Бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

Жергілікті қаржыда жергілікті билік пен басқарудың көп қырлы қызметінің қаржылық базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.

Жергілікті бюджет дегеніміз - бұл ұлттық табысты аумақтық қайта бөлуге мүмкіндік беретін және жергілікті билік пен басқару органдарының қаржылық базасын құруды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы. Сонымен қатар жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейде экономикалық және әлеуметтік міндеттерді іске асыруда елеулі рөл атқарады.

Жергілікті бюджет-бұл мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің өзіндік әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақша қорлары болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің тұрақтылығының басты шарты жергілікті мемлекеттік органдардың нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақ шеңберінде түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстар арасындағы тиісті теңгерімді қамтамасыз ете білуі болып табылады.

Қазақстан Республикасында жергілікті жердегі бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстағы бюджеттермен, республикадағы маңызы бар қаланың және Астанамыздың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері түсімдерінің болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады (2сызба) .

Сызба 2. Жергілікті бюджеттің құрылымы

Жергілікті бюджет оған жергілікті салық түсімдері, оны төлеуге арналған шығыстар, мемлекеттік бюджеттен субсидиялар және т. б. ескеріле отырып жыл сайын жасалады, жергілікті бюджетті жергілікті мәслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақша қаражаты ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті атқарушы органдар ел Конституциясына және заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны айқындайды. Облыстың жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттен және осы облыстың аумағындағы қалалар мен аудандар бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер «Бюджет жүйесі туралы заң» бойынша бюджеттік талдау қолданыла отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқарушы органдар жоғарыда көрсетілген құжаттарды пайдалана отырып, өз бюджеттерін дербес қалыптастырады және орындайды.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мазмұны олардың мынандай арналымдарында көрінеді:

-билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер жергілікті билік пен басқарудың көпқырлы қызметінің негізгі қаржылық базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, оларға ведомстволық бағынысты аумақтарда инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашуға және пайдалануға мүмкіндік береді [2] .

Жергілікті бюджеттер жергілікті қаржы саласында маңызды рөл атқарады, оған экономикалық қатынастар кіреді, соның арқасында жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес қоғамдық өнімнің бір бөлігін ақшалай түрде бөледі және пайдаланады.

Жергілікті бюджет жергілікті билік және басқару органдарының көпқырлы қызметінің қаржылық базасы болып табылады. Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер кірістер бойынша-35%, шығыстар бойынша-мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 40%-ын алады.

Қазақстанда жергілікті бюджеттің ішкі компоненттері мен республикалық бюджет арасындағы қатынастарын реттеудің мынадай тетіктері қолданылады:

а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау;

ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық және басқадай түсімдер түрін анықтау;

б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;

в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;

г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;

ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімшілік органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру.

Жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешуде жергілікті бюджет ерекше орын алады. Оның ішінде әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқыту жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады.

1. 2 Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттеріне түсетін түсімдер мынадай түрлерді қамтиды:

- жергілікті бюджеттердің кірістері;

- жоғары тұрған бюджеттерден, заңды және жеке тұлғалардан, шет мемлекеттердің ресми трансферттері;

- жергілікті бюджеттерден бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу.

Өз кезегінде кірістер мыналардан тұрады:

- салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің түсімдері;

- салықтық емес түсімдер;

- капиталмен операциялардан түскен кірістер.

Жергілікті бюджеттерге белгіленген салықтар, алымдар және міндетті төлемдер мыналарды қамтиды:

- әкімшілік-аумақтық бірлікте жиналатын корпоративтік табыс салығы;

- құрамында спирт бар сусындарға акциздер, ойын бизнесі;

- жеке табыс салығы;

- әлеуметтік салық;

- мүлік салығы;

- жер салығы;

- көлік құралдарына салынатын салық;

- жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер бөлігінде жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;

- алымдар, төлемдер, баждар (бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені үшін алымды қоспағанда) .

Жергілікті бюджеттерге салықтық емес түсімдер мыналарды қамтиды:

- коммуналдық меншік болып табылатын кәсіпорындардың акцияларына дивидендтер;

- жергілікті органдар өткізетін лотереялардан түсетін кірістер;

- жергілікті бюджеттерден берілген кредиттер үшін сыйақылар (мүдделер) ;

- жергілікті органдарға тиесілі мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

- жергілікті органдарға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер тарапынан көрсетілетін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер;

- коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;

- жергілікті органдарға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алудан түсетін түсімдер;

- жер учаскелерін жалға беруден түсетін түсімдер;

- қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті мемлекеттік Қоршаған ортаны қорғау қорларына төлемдер;

- басқа да әкімшілік алымдар;

-жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер алатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар;

-Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсімдер.

Жергілікті бюджет кірісіне салық түсімдерін болжау есептердің бірнеше нұсқасымен айқындалады. Бірінші нұсқа бойынша есепті кезеңде ұсынылған салық декларацияларының деректер жиынтығы пайдаланылады. Осы мәліметтер бойынша, ең алдымен, болжамды мерзімге салық салынатын кіріс анықталады. Бұл ретте шегерімдер көлемінің өзгерістері ескеріледі, яғни есепті кезең бойынша айқындалған салық салынатын кіріс ағымдағы жылдың инфляция деңгейіне және келесі салық жылына болжанатын инфляция деңгейіне түзетіледі. Сондай-ақ шығындар көлемінің өзгеруі және оларды ауыстыру мерзімдері ескерілуі тиіс [2] .

Төлем көзінен жеке табыс салығын болжау үшін салық органдарына ұсынылатын салық декларацияларының мәліметтері пайдаланылады.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына азайтылған, салық салынбайтын табыс және салық шегерімдері сомасына орташа ставка қолданылады. Бұл ретте өңір бойынша қалыптастырылған орташа мөлшерлеменің мөлшері әсер етуші факторларға түзетілген есепті деректер бойынша айқындалады.

Қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығын болжау үшін жергілікті атқарушы органдардың өңір аумағында осындай тәртіппен әрекет ететін жеке тұлғалардың саны жөніндегі мәліметтері және жергілікті өкілді органдардың шешімімен бекітілген біржолғы талондардың құны пайдаланылады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын болжау үшін соңғы есепті кезеңдегі жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің құны бойынша статистикалық деректер пайдаланылады. Есептеу кезінде жалпы құннан салық салынбайтын объектілердің құны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің құны шегеріледі.

Көлік құралдарына салынатын салық болжамы қозғалтқыштың көлеміне, жүк көтерімділігіне және отыратын орындарына байланысты түрлері мен топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын көлік құралдарының саны бойынша деректер негізінде есептеледі. Осылайша есептелген жалпы саннан салық заңнамасына сәйкес берілетін жеңілдіктері бар заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарының саны шегеріледі.

Әлеуметтік салық мөлшерін болжау үшін ағымдағы жылғы осы салық бойынша салық декларацияларының деректері пайдаланылады.

Осыдан кейін, салық төлеушілердің салық салынатын кірістерінің өсу мөлшерін және орташа мөлшерлемені қолдана отырып, ағымдағы жылы түсетін әлеуметтік салық көлемі анықталады.

Жер салығын болжау үшін келесі ақпарат қолданылады:

- санаттар бойынша жер көлемі бойынша уәкілетті органдардың мәліметтері;

- бонитет балдары арқылы сапасы мен түрлері бойынша сараланған топырақтар бойынша базалық салықтық мөлшерлемелер;

- салық органдары ұсынған декларациялардың мәліметтері.

Жер салығын жоспарлау келесі категориялар бойынша іске асырылады а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;

ә) елді мекен жерлері;

б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Салықтық емес түсімдер
Елдің әлеуметтік экономикалық дамуындағы жергілікті бюджеттің рөлі
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Бюджет және бюджет құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz