Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу өнерінің маңызы . . . 4

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу өнерін ұйымдастыру . . . 6

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері . . . 8

1. 3 Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу өнерінде түрлі әдістерді пайдалану . . . 10

1. 4 Сурет салу сабағында ересек балаларға елестету арқылы сурет салу жолдары . . . 23

ІІ тарау. Практикалық бөлім

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ТОПТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫ

2. 1 Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың қазақ халық ертегісі желісі бойынша әр түрлі әдістерді қолдану арқылы сурет салу деңгейін анықтау . . . 27

Қорытынды . . . 42

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 47

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі жағдайында қоғамды жетілдірудің басым бағыттарының бірі ұлттық дәстүрлерді рухани жаңғырту болып табылады. Әлемдік қауымдастықтағы интеграциялық тенденциялар мен этномәдени өзіндік сананың артуы ұлттық мәдениеттердің дамуына көбірек көңіл бөлуде. Мектепке дейінгі дамуда тәрбие - тұлға қалыптасуының алғашқы қадамы болып табылады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінінің ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі міндетіміз. Осыған байланысты балабақшадағы тәрбие үдерісін ұлттық қағидалармен жетілдіру өте қажеттілікті талап етеді. Кішкентай баланың алғашқы даму кезеңдері тәрбие мен білім берудің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі білім беру орталығында қалыптасады. Баланың қоршаған ортаға бейімі, білім алуы, еңбекке бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қоры, ойлау қабілеті мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың тұлға ретінде қалыптасуы көп жағдайларға байланысты болады. Баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы, балабақшадағы іс-әрекеті, ойыны, ортасы баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.

Өзінің жасына лайықты есте сақтау қабілеті, ойлауы мен ақыл-ойы және ересек адамның парасатты қолдауынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін белсенді түрде ынталандырып қолдауымыз қажет. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру салты, оның мида сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да ес дамыту - баланың есте сақтау, бейнелеуді, арнайы мимикалық іс-әрекетті қайталау арқылы есте сақталады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, сурет салу қабілеттері қазіргі таңда зерттелінуде.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілеті, ойлау қабілетіне қарағанда маңызды.

Балабақшада сурет салу өнері баланың қоршаған ортаны танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, кеңістікті елестете білу, қиялдау, есте сақтау қабілетін қалыптасуына жәрдемдеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салуы дегеніміз - балалардың қиялынан туындаған көріністің және құлағымен естіген, қолымен ұстаған нәрселердің бейнесінің есте қалуы болып табылады.

Мектепке дейінгі баланың сурет салуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі маңызды.

Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі білім беру орталығында

Зерттеудің мақсаты :Қазақ халық ертегілері желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйретудің теориялық-әдістемелік негіздеу және тәжірибелік сынақтан өткізу.

Зерттеудің міндеттері:

а) Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халық ертегілері арқылы сурет салуға үйретудің теориялық негіздерін айқындау;

ә) Қазақ халық ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйретудің тиімді жолдарын анықтау;

в) Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халық ертегілері арқылы сурет салу көрсеткіштерін анықтау;

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектеп жасына дейінгі қазақ халық ертегілері арқылы сурет салу әдістерді жиі қолданар болсақ, онда олардың сурет салуға деген қызығушылықтары мен эстетикалық қабілеттері дамиды.

Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді теориялық талдау; мектепке дейінгі жастағы балалардың қызметі туралы материалдарды зерттеу;

Зертеуді ұйымдастыру және зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Нұр-Сұлтан қаласы “Нұр Бөбек” балабақшасы.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

1. Балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарының даму ерекшеліктері нақтыланды;

2. Балалардың қазақ халық ертегілерілер желісі арқылы сурет салуда әр түрлі әдістер тәжірибеде іске асырылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:

Зерттеу жұмысындағы еңбектерді жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, балабақша тәрбиешілеріне оқу-тәрбие процесінде колдануларына болады.

Диплом жұмысының құрылымы : кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СУРЕТ САЛУ ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу өнерін ұйымдастыру

Тәуелсіз елімізде әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес болашақ жастарымызды жан-жақты тәрбиелеу, басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектеп жасына дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде, көптеген саланың маңызы зор. Соның ішінде сурет салу өнерінің де орны ерекше.

Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында жеке адамның шығармашыл, қол өнерлігін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру - білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі.

Ондай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл, саналы тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығып жасайтын жұмыстарының бірі сурет салу, мүсіндеу, боямақтар мен жүмыс жасау болып табылады. Сурет салу барысында заттар мен құбылыстар туралы түсінігін қалыптастырып, елестетіп бейнелеуге және өзінің сол затқа жаңа оймен баға бере алуға үйренеді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың шығармашылық қабілетінің дамуы сурет салу барысында жүзеге асады. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы дағдарыстық жағдайдан шығарып, қуанышты көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан балабақшада балаға күнделікті ойын мен қоса сурет салу өнерін енгізген маңызды болып саналады.

Жеті жастағы балалар бес жастағы балалардан едәуір ерекшелеу келеді. Бұрынан алып келе жатқан қабілеттілері одан әрі дами түседі. Балалардың өз бетінше заттарды қарап, қабілетін дамыту аса қажет. Тәрбиеші балаларды заттардың, қоршаған құбылыстардың суретте шешімін табатындай етіп талдай білуі керек . Тәрбиеші балаларды әрбір заттың тән қасиеттерін анықтай білуге үйрете келіп, затты немесе құбылысты толық қамти білуге көп мән береді. Көктемнің ғажаптығына балалардың көңілін аудара отырып, алғашқы гүлдердің айрықша нәзіктігін, көгілдір аспанның, көктердін түсін көрсетеді.

Бұл негізінен бояу түстерінің жас, қанық екендігін сезінуді арттырады. Балалар заттардың құрылысы мен түстерінің тобын, белгілі бір формаларды меңгерген болса, енді оларға тән қасиеттерін меңгереді. Мысалы: сурет салуға таңдап алынған бұтақтардың тармақтары және көптеген жапырақтары, т. б. бар. Балалар осы қасиеттеріне байқап, бейнелеулері керек. Табиғатпен таныстыру сабақтарында сурет салудың белгілі бір маңызы бар. Балалар табиғат құбылыстарын қадағалап отырып, балабақшадағы өсімдіктердің өскендігін, бойларының ұзындығын байқайды да, соларды өздерінің суретіне енгізеді. Тәрбиеші алты жастағы балаларды әр түрлі тақырыптағы суреттерді, әр түрлі бұйымдарды түсінуге үйретеді. Балалар олардың эстетикалық қасиетін сезіне бастайды, қуаныш сезіміне бөленеді, толқуды бастан кешіреді, қобалжиды және содан кейін педагогтын кеңесімен немесе өз бетінше өзіне ерекше ұнаған бұйымды таңдап алады.

Мектеп алды даярлық тобындағы балаларда үйренуге деген қабілет анағұрлым белсенді болып келеді. Балалар тек қана тәрбиешісінің айтқанын істеп қоймай, өз бетімен бірден орындала қоймайтын істі игеру үшін жаттығуға кіріседі, әрі оларды қалай орындау керектігін сұрайды, сұрақтар қояды. Балалардың білуге әуестігі белгілі бір бағытта дамиды, білуге құштарлығы артады, өз бетінше қадағалауы мен бақылауы күшейеді. Тәрбиеші балалардың техникаға, табиғатқа, өнердің әрбір түріне деген, білуге құштарлығын жеке -жеке дамуына мән беруі тиіс, өйткені бұл олардың салған суреттеріне, мүсіндеріне, аппликацияларына әсер етеді. Сурет салу кезінде тәрбиеші балаларды өз жолдарының жұмысын әділ бағалай білуге бағыттайды, олардың өз пікірлерін айтуын дамытады. Топта жұмыс істеген кезде алты жастағы балалар тәрбиешінің көрсеткен жұмысын ғана істей қоймай, осы жұмысты тәрбиешісінің таңдауына ықпал жасайды, оны жетіп қадағалай отырып, жұмыстың көркем болуына бар күшіне салады. Тәрбиеші жұмыс барысын бақылап отырады, бірақ олардың өз бетімен жұмыс жасауына еркіндік береді. Тәрбиеші балаларды суреттің мазұмынын көз алдына келтіріп, содан кейін сурет сала бастауға үйретеді. Сондай -ақ балаларға жұмысты орындау процесінде жоспарлауды үйрету қажет: бұл баланың барлық іс -әрекетін жұмылдырады әрі оның өзін -өзі қадағалауына жақсы әсерін тигізеді. Тәрбиеші балаға оның өзі салған суретіне сын көзбен қарауды үйретеді. Бірақ әрқашан сынау баланы суретке деген ынтасын төмендетеді, өз жасаған дүниеге қуана алмауын тудыруы мүмкін. Сондықтан да балаларды өз қатесін тек байқап қана қоймай, оны түзетуге ұмтылуын, бейнені көркем етіп қалыптастыру керек, олардың қабілеті, іскерлігі мен жасалып біткен жұмыс нәтижесінің арақатынасын байланыстыру керек, өздері салған суреттін өзгеге түсінікті болуын, өзін қуанышқа бөлеуін қадағалау керек. Алты жастағы балаларда мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасау қабілеті айқын аңғарылады. Мұның өзі олардың өздеріне лайық ой -өрісінің кеңеюіне байланысты. Олардың қиялы бұрынғыдан да артып, дами түседі. Қолдарының бұлшық еттері, сонымен бірге саусақтарының әрекетттері де дамиды. Заттардың сапасын эстетикалық тұрғыдан бағалауы, сондай -ақ айнала қоршаған заттар мен оқиғалар туралы өзінше түсінік жасауы арта береді.

Бала заттың формасын, құрылымын ғана түсініп қоймай, сонымен қатар заттың күйін де таниды. Алты жастағы балалардың мүсіндеу әрекеттеріне мектеп жасына дейінгі кішкентай сәбилердікінен мүлдем өзгеше болып келеді. Оларда заттың формасын барынша дәл бейнелеуге, обрызды қосымша детальдармен байытуға, оның қозғалысын көрсетуге құштаршлығы көп болады. Олар өздерінің жұмысында мүсіндеудің көптеген тәсілдерін және қосымша материалдарды пайдалана біледі. Бірақ, мектеп жасына дейінгі ересек балалар тірі организмдерді мүсіндеген кезде солардың ерекше белгісін көрсетеді де, ал негізгі бөліктерінің формулаларының барлығы әлі жалпылыма күйінде қалып қояды. Мұның бұлайша болуы, балалардың күрделі заттардың құрылымын, формасын әлі жетек түсіне алмауынан болады. Мектеп алды даярлық тобындағы тәрбиешісінің алдында мүсіндеуге үйретудің мынандай міндеттері тұрады:

- заттың формасын көзбен және бұлшық етпен қабылдауын дамыту;

- мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасауға, әр алуан құралдарды пайдалана алуға үйрету және творчестволық инициативаны дамытатын әр түрлі бейнелеу және техникалық тәсілдері меңгеруді қалыптастыру. Осындай біліміне сүйенген мектеп алды даярлық тобындағы балар жеміс - жидек, әр түрлі пішінлегі көкеністерді мүсіндейді. Әр түрлі композицияны бейнелеу үшін түрлі түсті пластилинді беруге де болады. Өйткені, бұлардың түсі қосымша әр береді. Саз балшықтан мүсіндеген кезде ұсақ детальдардың өзі де кең қиындық келтіреді. Балалар ат, құс, қуыршақ тәрізді саз балшықты ойыншықтарды қалай мүсіндеуге еске түсіреді.

Тәрбиеші бөліктеріне дейін айқын көрінетін заттарды таңдап алады. Балалардың осы бұйымдардың түрлі варианттарын өздері ойлап салуы үшін тәрбиеші бұл бұйымдармен жете танысуы әрі зеттеуді ұйымдастырады, ал сонан соң оларды бейнелеуде ұсынады. Мектеп алды даярлық тобында балаларды алуан түрлі түстік гаммаларда өз бетімен пайдалануға, оны жаасай білуге үйрету қажет. Сонда балалар тек бір түстін бірнеше реңке болатынын біледі, түстерді айыруды үйренеді, реңктерді алу үшін бірнеше түстерді араластыруға қажет екендігін сезеді. Педагог балаларға түстердің атын өздері атауды ұсынады: сұрғылт көгілдір, сарғыш көк және т. б. Ол балаларға заттар мен құбылыстар түсінің құбылмалыдылығын, өзгергіштігін түсіндіреді, әрі соларды суретте, аппликацияда бере білуге үйретеді. Мысалы, балалармен күн шуағында бөлінген ашық күнгі айналадағы заттарды бақылай отырып, тәрбиеші назары түстердін қанықтылығына аударады. Ал енді бұлтқа жасырынғанда әлгі ашық түстердің барлығы күңгірт тартады. Бір реңкі алу үшін түрлі түстерді араластыруға үйрену баланың түстік палитраны еркін әрі әр қалай пайдалануына мүмкіндік береді. Бала көбіне төнеріңкі аспанды бейнелейтін күңгірт түсті немесе нәзік қызғылтым түсті, сондай -ақ ағаштың кұңгірт жапырағын, гүлдін жасыл сабағын бейнелейтін түстерді іздейді. Мектеп алды даярлық тобындағы тәрбиеші балаларға ою -өрнектің қазіргі декорациялық өнер мен халықтың өнерге тән кейбір күрделі элементтерін меңгеруді үйретеді. Балалар қазіргі және халықтың декорациялық өнердің үлгілерін негізге ала отырып, түрлі формалы заттарға едәуір күрделі ою -өрнек сала алады. (ағашқа таңба салу, керамика, маталар, ою, тоқыма ою және т. б. ) . Үй тұрмысы бұйымдарын әшекейлеу балаларға ою -өрнектердің әрбір затқа тән түрлі вриантттарымен танысуға мүмкіндік береді. Олар оюдың не үшін ойылатындығында пайымдай бастайды. («мамамның, құуыршағымның көйлегі жасалған ою» немесе «әдемі тымақ, тақия, бет орамалға арналған ою») . Тәрбиеші балаларға сурет пен аппликацияларды пкайдалана отырып декорациялық композитция жасауға үйретеді. Балалар өнер шығармаларында қарауға, олардағы нәзік ою - өрнекті түстерді талдауға, және оларды өз талғамдарына қарай бағалауға үйретеді.

Мұндай түрлі материалдарды қолдану іс -әрекеті тек қана декорациялық сурет салудың аясынан шығып кетеді, декорациялық -қолданбалы сипат алады. Балаларға тек таблицаларды, қолданбалы өнер туындысы бейнеленген суреттерді ғана көрсетінп қоймай, өнер туындыларының өздерін де жиірек көрсеткен жөн.

Балалар түрлі түсті бормен, қарандашпен сурет сала білуі тиіс. Тәрбиеші балаларды форманың, сызықтың, әр түрлі сызықтарды жеңіл салуға үйретуі тиіс. Суреттің мұндай эстетикалық сапасы салу процесінің мазмұнын байыта түседі. Бала мұнымен бірте -бірте суретті әдемілей, айшықтай, көркемдей түседі. Мектеп алды даярлық тобындағы балаларын үйретудегі ойын тәсілдері: Бейнелеу іс-әрекеті процесінде ойын сәттерін пайдалану үйретудің көрнекі-ықпалды тәсілдеріне жатады. Бала неғұрлым жас болған сайын, оны тәрбиелеу мен үйретуде ойын соғұрлым көбірек орын алуға тиіс. Үйретудің ойындық тәсілдері алға қойылған міндетке балалардың назарын аударуға жәрдемдесіпойлау мен қиялдау жұмысын жеңілдетеді. Балаларды сурет салуға үйрету ойын жаттығуларынан басталады. Олардың мақсаты - аса қарапайым сызықтық формаларды жасауға балаларды үйрету процесін де қол қимылдарын дамытуды да неғұрлым тиімді ету. Балалар алдымен мұғалімнен сол қолдарымен ауада түрлі сызықтар жүргізеді, содан кейін қимылын: «Бұл жолмен жүгіріп бара жатқан бала», «Әжетай жіпті осылай шумақтайды» және т. б. сол сияқты түсіндірумен толықтыра отырып, саусақтарын қағаз бетімен жүргізеді. Ойын жағдайында образ бен қимылды біріктіру сызықтар мен аса қарапайым формаларды бейнелей білуді меңгеруді едәуір шапшңдатады. Ойындық сәттерді пайдаланған кезде мұғалім үйретудің бүкіл процесін ойынға айналдырмауы тиіс, өйткені ол балалардың көңілін оқу міндеттерін орындаудан басқаға аударып, білім, іскерлік пен дағдыларға ие болудағы жүйені бұзуы мүмкін. Сонымен қандай да бір әдістер мен тәсілдерді таңдау: сол сабақтыңмазмұны мен міндеттеріне және бейнелеу іс-әрекетінің міндеттеріне, балалардың жасы мен олардың дамуына, балалар әрекет жасайтын бейнелеу материалдарының түрлеріне байланысты. Басты назарда айналадағылар туралы түсніктерді орнықтыру міндеттері тұрған сабақтарда сөздік әдістер: әңгімелесу, балаларға сұрақтар қою, көргенін еске түсіруге көмектеседі. Алда тұрған міндеттерді сабақтың программалық материалын және сол топтағы балалар дамуының ерекшеліктерін мұқият ойластырып алмайынша бірде бір тәсілді пайдалануға болмайды.

1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері

Баланың сурет салу арқылы ойы, қиялы, көңіл -күйі, танымдық іс -әрекеттері дамиды. Бұның бала өмірі үшін маңызы зор болып табылады. Балалар мектепке дейінгі кезеңде бірнеше бейнені сала алады. Сонымен қоса ашық түстерді пайдалану арқылы оларға ерекшелік қоса бастайды. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуынның бастапқы қадамдары, шығармашылықтың тәжірибесін меңгеруі, оны болашақта пайдалана алады деген сөз.

Сурет салуды тәрбие беру барысында іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау, зерттеу мұғалімнің әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы. Сурет салу кезінде баланың жан дүниесінде әртүрлі сезімде болады: қуанады, ойдағыдай болмай қалса ренжиді және кейбіреуі сәтті орындауға қол жеткізуге тырысады, кейбір баланың сурет салуға деген қызығушылығы басымырақ болады.

Сурет салған кезде баланың қоршаған орта туралы түсініктері кеңейе түседі. Баланың психикалық дамуында сурет салудың алатын орны ерекше. Мысалы, бір затты бейнелей отырып, бала оның бейнесін жасайды, ол туралы өз пікірін көрсетеді. Бұл жерде Аристотельдің мына сөзін еске түседі. «Сурет салу баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайды»

Мектепке дейінгі жастағы баланың шығармашылығы сурет, жапсыру жұмысы, ойын, би, бейнелеу қимылдары, ертегілерді образға кіріп ойнап шығуы болып есептеледі. Осы әрекеттер арқылы баланың жан -жақты дамытуға көңіл бөлу керек. Бала шығармашылығын дамыту үшін оларға күн тәртібін дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Яғни сурет салу сабақтарында мектепке дейінгі жастағы балалар көркем материалдарды тиімді, таза, ұқыптылық пен пайдалануға үйренеді. Осы атқарған қызметі арқылы балалардың мәдениеті қалыптасады. Мысалы, болашақ суретті жоспарлау, жұмысты жасау барысында өзінің іс-әрекеттерін бақылап отыру. Сапалы жұмыс жасау талабы балалардың алға қойған мақсаттарға жете алатындығын, яғни табандылығын, қандай да бір қиындықтарға төтеп бере алатынын көрсете алады.

Ал топтық сурет салу кезінде балалар өзара тіл табысуды үйренеді. Сурет салу барысында екі-үш бояудың ішінен бір түсті құрастырып шығара алады. Тәрбиеші балалардың эмоционалдық күйін қалыптастырып, өз жұмысында бейнені өз бетімен жеткізу тілегін оятады. Мысалы, ертегі желісіндегі кез келген кейіпкердің суретін салар алдында алдымен ертегі кейіпкері туралы суретке қарап әңгімелеп береді. 2-3 жастағы балалардың суреттерінде де алдын-ала ойластырылған бейне суреттер шығып жатады. Еріксіз шыққан форма-сызықтар және әртүрлі жасаған пішіндері де бір заттың бейнесін келтіріп тұрады (үйшік, мысық, гүл, т. б. ) .

Белгілі бір деңгейде сурет салу оның ішкі әлемі мен қиялындағы бейнені білдіреді. Әр бала шамасы жеткенше сурет салады және белгілі бір бейне құрастырады. Кез келген салған суретіне балалардың ішкі сезімі түрткі болып, өзіне жақын бояулар нысанын таңдап алады. Алдымен басында балалар бейнелеп, содан кейін ойлары мен сезімдерін қағаз бетіне салады. Әр бір салынған сурет балалардың ішкі жай-күйін бейнелеп тұрады. Бұл кезде ең бастысы баланың салған суретімен және пайдаланылған түстеріне назар аудару керек.

Сурет салу - баланың шығармашылық қабілетін анықтайтын түрлерінің бірі. Сәбилердің бәрі «шедевр» жасауға талпынады. Балаларға сурет салу - бұл қызықты ойын әрі сыртқы әлемді танудың бір тәсілі. Үш жасқа дейін сурет кез-келген жаңалықтың көрінісі болып табылады. Бала өскен сайын оның суреттері өзгереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу барысында мынадай ерекшеліктері бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»
Сюжеттік сурет салу процесінде жоғары мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz