Іле өзенінің алабында


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»:

Геодезия және картография кафедрасы

кафедра меңгерушісі (фамилиясы, аты-жөні)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ғарыштық түсірілімдерді пайдалана отырып Іле өзенінің жайылмасындағы орман-тоғайларды түгендеу

(Мамандық коды) (мамандық атауы)

Орындаған: Умытпеков Алишер Бейсенғалиұлы

Ғылыми жетекшісі: Халыков Еркебулан Ерболатович

Алматы, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Зерттеу нысанының физикалық-географиялық орналасу орны мен табиғи ерекшеліктері

1. 1 Іле өзенінің географиялық орны. Зерттелу тарихы

1. 2 Геологиялық құрылымы

1. 3 Климаты мен гидрографиялық жүйесі

1. 4 Топырағы мен өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінің таралуы

2 Географиялық ізденістердегі аэроғарыштық әдістер мен олардың негізгі түсініктері 2. 1 Әуеғарыштық зерттеулердің қысқаша даму тарихы 2. 2 Әуеғарыштық тәсілдердің физикалық негізі 2. 3 Әуеғарыштық түсірілімдер 2. 3. 1 Әуеғарыштық түсіру түрлері және оның классификациясына сипаттама 2. 3. 2 Суреттердің бейнелік қасиеттері және оларды дешифрлеуге түсініктеме

3. Іле өзені жайылмасындағы орман-тоғайларды ғарыштық түсірілімдерді пайдалана отырып түгендеу

3. 1 Зерттеу нысанын зерделеу барысында қолданылған жерді қашықтықтан зондтау әдістері

3. 1. 1 Әуеғарыштық суреттердің негізгі түрлері

3. 1. 2 Жарық диапазондағы суреттер

3. 1. 3 Жылу инфрақызыл диапазондағы суреттер

3. 1. 4 Радиодиапазондағы суреттер

3. 2 Республикамыздың орман қоры мен оның жағдайына сипаттама

3. 3 Іле өзені аңғарына орман-тоғай және өсімдіктер жамылғысының түзілуіне әсер етуші эолдық үдерістер

3. 4 Іле өзеніне әсер етуші антропогендік факторлардың геоэкологиялық маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі заманда табиғат қорғау әлеуметтік және эконо­микалық проблемаға айналды. Адам тіршілігінің қауіпсіздігі осы проблемалардың дұрыс шешілуіне байланысты. Күн сайын табиғи байлықтың азаюы, ауа райының ластануы бұл проблеманың адам пайдасына шешілуін тежеп шиеленістіре түседі, өндіріс күштерінің дамуына кедергі жасайды. Жер бетінде адам санының көбеюі де алаңдатады. Атмосферада көмір қышқыл газының көбеюі, радиацияның артуы, өсімдік жамылғысы көлемінің кемуі сияқты биосферадағы ауқымды өзгерістер табиғат қорғаудың әлгі айтқандай проблемаларының адам пайдасына шешілуінің мәнін арттыра түседі. Бұл пробле­ма кері шешілген жағдайда адам баласының жер бетіндегі тіртілігіне қауіп төнуі де мүмкін.

Қазіргі ғылым мен техниканың күшті дамыған кезінде адамдардың табиғатта жүріп жатқан процестерге ықпалы арта түсті. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында тұрған зор проблемаға айналып отыр. Енді бұл проблеманы шешу жер шарындағы барлық халықтың жаппай атсалысуын талап ететін жағдайға жетті.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : Іле өзені жайылмасындағы орман қорының экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды ғарыштық түсірілімдерді қолдана отырып зерттеу.

Осы мақсатты жүзеге асыруда белгіленген міндеттер :

- Республикамыздың табиғат ресурстарын, оның ішінде орман қорларын, экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау туралы теориялық ұғымдарды анықтап, нақтылау;

- Қазақстан Республикасындағы орман қорларынның бүгінгі жағдайын талдау;

Ғарыштық түсірілімдерді пайдалану әдістері мен тәсілдеріне толық сипаттама беру;

  • Іле өзені аңғарының бойында қалыптасқан орман қорларын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны : Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысының аумағында, Іле өзенінің жайылмасында орналасқан орман қоры алынған.

Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім мен қосымшалардан тұрады.

1 Зерттеу нысанының физикалық-географиялық орналасу орны мен табиғи ерекшеліктері

1. 1 Іле өзенінің географиялық орны. Зерттелу тарихы

Іле өзені - Балқаш көлі алабындағы өзен. Қазақстанның Алматы облысында және Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аудан аумағында, Орталық Тянь-Шань тауларынанбастау алатын Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 1469 шақырым, Қазақстан аумағында 815 км. Су жинау алабы 14 км², Қазақстан аумағында 77400 км². Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесік атырау және Тауқұм шөлі аралығымен ағады. Ірі салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Өсек, Қорғас. Балқаш ауданында Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады. Ең үлкен салалары - Жиделі мен Топар салалары. Жиделі мен Топар өзендері - Іле арнасының басты су күре тамырлары. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км². Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12, 35 км³, Балқашқа құятыны 11, 85 км³. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) - 320 - 345 мг/л. Іле өзенінің арнасы 8 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3, 7 - 4, 5 км³/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 - 500 млн. м³/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады Бұл Балқаш көлінің 80 пайыз суын құрайтын үш үлкен су көзінің бірі. Екі фактіге назар аударайық: көлдің батыс және солтүстік жағалауының жартастылығы және Іле өзенінің орта ағысындағы каньонның болуы. Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, «Әнші құм» атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық қорлар бар[1] . Балқаш тұщы суының басты көзі - Іле, Қаратал және т. б. өзендері соңғы жылдары көлден қашықтап бара жатыр. Балыққа бай, атырауында ондатр ауланады. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы. Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т. б. құстар қазір өте сирек кездеседі. Зерттелу тарихы . Іле өзенінің бұрынғы және қазіргі аңғары, Қапшағай бөгенімен бірге Оңтүстік Балқаш шекарасына дейінгі кең аумақты алып жатыр. Оңтүстік Балқаштың [1, 2, 8] шөлді аудандары Балқаш ойпатының шығысында Жетісу Алатауы мен батысындағы Шу - Іле тауларымен шектесетін аймақтарына біраз уақытқа дейін көңіл аударылмай келді. XX ғасырдың басында И. В. Мушкетов (1915) «Түркістан» атты екі томдық шығармасы мен А. В. Шнитников алқасының басшылығымен 1925 жылы шыққан «Жетісу» жинағында жариялады. Саяхатшы осы аудандарды бірінші болып зерттеп қана қоймай, осы аудан туралы толық әрі нақты мәлімет қалдырған. Оңтүстік Балқаш құмдарын бірінші болып зерттеген зертеушілердің бірі ретінде 1841 жылы А. И. Шренк болып табылады. Оның қысқаша берген есебінде ауданның өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылымына тоқталады. Тау инженері А. Влангали Жетісу өңірінің геологиясымен танысты. Осы аймақтың батыс ауданы құмды үйінділермен көмкерілген, бұрындары теңіз түбі болып, Сасықкөл, Алакөл мен Балқаш көлдерін алып жатқан. Осы жылдары Нифантьев Балқаш көлінің, тереңдігі мен жағалауларының құрылымын, географиялық орнын анықтаған. Балқаш көлін Аралмен салыстыра келе оның тұздылығының аз екенідігін түсіндірді. Сонымен бірге кеме шаруашылығы туралы, 1855 жылы Кузнецов пен Поклевский сипаттады. И. В. Мушкетов пен Г. Д. Романовский Түркістанда геологиялық зерттелулерін 1874-1880 жылдарда жүргізді. Түркістан облысының басқа өңірлерінде Оңтүстік Балқаштың таулы өңірлерінде де болды. В. Фищера «Балқаш көлі мен Іле өзенінің ағысы мен сағасына дейін» 1884 жылы Іле өзені жайында сипаттады. Балқаш көлінің суының шығыс бөлігінің тұздылығын, Балқаш аралдарының топырағы туралы қысқаша сипаттама берді. Зоолог А. М. Никольский 1884 жылы Балқаш көлі мен Жетісу өлкесіне саяхат жасады. Ол Балқаш маңының фаунасы мен өлкенің табиғатына (өсімдігі, жер бедері, жануарлар дүниесіне) толық сипаттама жазды. А. М. Никольский Л. С. Бергтің Балқаш көлін жас көл ретінде есептегенін қате пікір ретінде санады. Оның пікірінше Балқаш көлі - Орталық Азияны Жоңғар қақпасымен жалғастыратын Хангой бассейнінің шығанағының қалдығы ретінде санады. 1886 жылы ботаник - географ А. Н. Краснов Шу-Іле тауларында, Балқаш көлі мен Іле өзенінде болып, бірінші болып Орта Азияның зоналылығын жер бедерімен байланыстыра өсімдік жамылғысына сипаттама берді. 1900 жылы венгер зоологы Г. Алияши мен С. С. Штуммер фон Траусенфельс Верный мен Іле өзенінің төменгі ағысынан Балқашқа дейін саяхаттады. Бірақ өкінішке орай ол туралы мәліметтер қалдырмаған. 1903 жылы Д. Федоровтың «Іле өңірінің әскери-статистикалық сипаттамасының тәжірибесі» атты еңбегінде ерте кезеңдердегі өңірдің тарихы жағдайы мен Ресеймен стратегиялық қарым-қатынасы туралы сипаттаған. 1903 жылы Л. С. Берг Іле өзені арқылы Балқашқа дейін қайықпен жүзіп, жоғарғы арнасында атпен Іле өзенінің оң жағалауымен Іленің ескі арнасы Бақанаста болған [7, 9. 12] . Оның мақсаты көлдің гидрологиясын сипаттау болатын. Оның есептеуінше Балқаш көлінің суы тұщы. Л. С. Бергтің алдыңғы саяхатынан ерекшелігі гидрологиялықпен қатар метеорологиялық бақылаулар жүргізді. Сол жылы П. К. Залесский Іле мен Қаратал өзендері аралығындағы бірнеше нүктелердің географиялық координаттарын анықтады. http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/17/River-ili-3.jpg/700px-River-ili-3.jpg

Сурет 1 - Іле өзенінің физикалық географиялық көрінісі

* Дерек көзі. http. //www. google. kz

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Көл түрлеріне анықтама және олардың кезеңдері
Балқаш көлі алабының құрылымы
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Тұқытәрізділердің сипаттамасы
Ерте ортағасырлық топонимдер
Кіші Алматы өзенінің шаруашылықта қолданылуы
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz