Төрттік шөгінділердің орташа күштілігі 1200 метр


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»:

Геодезия және картография кафедрасы

кафедра меңгерушісі (фамилиясы, аты-жөні)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып Алматы облысының эрозиялық процестерін картографиялау

Орындаған: Серікбаев Темірлан Саматұлы

Ғылыми жетекшісі: Халыков Еркебулан Ерболатович

Алматы, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Зерттеу нысанының физикалық-географиялық орналасу орны мен табиғи ерекшеліктері

1. 1 Алматы облысының физикалық-географиялық орналасу орны

1. 2 Геологиялық құрылымы

1. 3 Климаты мен гидрографиялық жүйесі

1. 4 Топырағы мен өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінің таралуы

2 Зерттеу нысаны аумағындағы эрозиялық процестерге шолу 2. 1 Эрозиялық процестер туралы жалпы түсінік, оның түрлері. 2. 2 Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары

2. 3 Жел және су эрозиясы

3. Алматы облысы аумағындағы эрозиялық процестерді геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып картографиялау

3. 1 Зерттеу нысанын зерделеу барысында қолданылған жерді қашықтықтан зондтау әдістері

3. 2 Алматы облысының аумағындағы эрозиялық процестер картасын құрастырудағы геоақпараттық жүйелерді қолдану

3. 2. 1 Геоақпараттық жүйе туралы мәліметтер

3. 2. 2 Геоақпарат жүйенің пайдаланылуындағы мүмкіншілдіктер

3. 3 Алматы облысының аумағындағы эрозиялық процестер картасын құрастыру барысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта өндірістердің әр саласында геоақпараттық жүйе кеңінен және қарқынды түрде қолдануын байқауға болады. Ерекше орынды бұл технологиялар карталарды бағдарлау, жаңарту және құрастыру өндірісінде алып отыр. Алматы облысының аумағындағы эрозиялық процестерді қазіргі технологияны пайдаланып, карталарын құрастыру барысында геоақпараттық жүйе ерекше маңызды рол атқарады. геоақпараттық жүйедегі ақпараттар барлығы белгілі бір жүйеде жинақталады. Ол жүйе негізінде кезең - кезеңімен күрделі өзгерістер нәтижесінде біртіндеп қалыптасады, . геоақпараттық жүйе басқа ақпараттар технологиясы сияқты жақсы мәліметтілік жақсы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Технологияларды қолдану арқылы кеңістік ақпараттарды кезең бойынша тез жұмыс істетуге бастапқы ақпаратты енгізуден анализ жасауға және нақты жағдайды шешуге дейін қажетті ақпаратты пландар мен топо карталардан іздемей іздемей ақ, экранға, конференцияға немесе арнайы кездесуге дейін аз уақыт қалғанда дайындалу. Жер бетіндегі барлық объектілерді бейнелеу геоақпараттық жүйе мен байланысты карта құрастыру арнайы бағдарламалар арқылы (MapInfo, ArcView, ArcGis), ғарыштық суреттерді қолдана отырып, мазмұны ескірген карталарды жаңартуға және әртүрлі тақырыптық карталарды құрастырып шығаруға болады.

1 Зерттеу нысанының физикалық-географиялық орналасу орны мен табиғи ерекшеліктері

1. 1 Алматы облысының физикалық-географиялық орналасу орны

Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың км 2 . Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631, 7 мың адам (1998) . Әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер, атап айтқанда ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі климаттың су мөлшерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауыныңсілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың км 2 -ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т. б. ) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т. б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері) .

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т. б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер - соның айқын дәлелі.

Алматы облысы көбінесе суармалы, ішінара тәлімі егіншілікпен және жайылымды мал шаруашылығымен шұғылданады. Қант қызылшасын егуге маманданған. Облыстағы суармалы жер көлемі - 636 мың га. Бұл республика суармалы жерінің 28% -ы. Егін шаруашылығында - жүгері, бидай, сұлы, қант қызылшасы, темекі, картоп өсіріледі /1/.
Оңтүстік Шығыс Қазақстанның тауларын бөліп тұратын тау аралық және тау ішіндегі ойпаттар Балқаш-Алакөл, Іле Жайсан ауқымды төмендеуді көрсетеді.
Балқаш-Алакөл ойпаты-ауқымды төмендеуді көрсетеді. Бұл ойпаттың басты ерекшеліктері каледон әсіресе, грециния кезеңімен қалып тасқан. Ол сыртұы бірлігіне қарай, әр түрлі құрылған ойпаттардан тұрады. Шығыс бөлігінде-Алакөл ойпаты әдетте бүгілген болып келеді, оның ірге тасы түсірулерге бөлініп, солар бойынша әр деңгейге орналастырылған. Алакөл ойпатының аккумулятивті бетінен жеке қыраттар көтеріледі, олар: Қату, Арқарлы, Арасантау таулары мен Алакөл көлінің аралымен шектеледі, осыдан әр түрлі амплитудасының тектоникалық қозғалыстары туындайды.
Балқаш ойпаты-тауалды бүгілген жер бетінде келеді. Палеозой іргетасы ойпатының оң түстігінде тереңірек түскен ол жерде мезо-кайназой шөгінділерінің күштілігі 1700 метрге дейін жетеді. Ойпаттың солтүстігі пенеплен түрінде қалыптасқан, ол Балқаш көлінің деңгейінен оңтүстікке қарай батырылған. Ойпаттың жалпы құламалығы солтүстікке қарай сол бағытқа байланысты абсалютті биіктіктердің 700 метрден-340 метрге дейін өзгеруін көрсетеді. Ойпаттың жан-жағы таулы құрылыстарымен; батысында- Шу-Іле (Айтау) тауымен, Боралдай қыратымен; солтүстігінде Қазақ ұсақ шоқысымен; шығысында тарбағатай жотасымен; оңтүстігінде Жетісу Алатауымен қоршалған. Оңтүстік Шығыста Балқаш Алакөл ойпаты Алакөл ойпатымен қосылады, олар Қытай териториясында орналасқан. Жетісу-Алатау ойпаты үш бөлікке бөлінеді: Оңтүстік-Балқаш маңы ойпаты, Лепсі ойпаты, Алакөл ойпаты. Ойпатта ірі көл шұңқырлары-Балқаш, Сасықкөл, Ұялы, Алакөл орналасқан, оларды Іле, Қаратал, Лепсі, Бақанас т. б. өзендер кесіп өтеді. Ойпат шеңінде аллювиалды, көлдік, аллювиалды-көлдік және аллювиалды-пролювиалды және эолды жазықтар таралған. Қазіргі жастағы көлдік және көлдік-аллювиалды жазықтар шығысқа қарай Балқаш көлінің жағалауын көмкереді. Осыған орай жазықтың беткі қабаты сор, тақырлы түсірулермен және уақытша өзендердің құрғақ арналарымен күрделенген көлдік шөгінділер құрғап, төбешік түріндегі биіктігі 2 метрге дейінгі кішігірім құмды массивті қалыптастырады. Қазыргі уақыттағы көлдік жазық батпақталған болып келеді, ұсақ көлдердің, сорлардың, лагуналардың көптігінен бірте-бірте Балқаш шөлінің деңгейінде батырылуда. Аллювиалды жазық Іле өзенінің жағалауында, Қаратал өзенінің солтүстік жағалауында, олардың отыпаулы бөлігінде, сонымен қатар Лепсі, Ақсу өзендерінің аңғарларында созылып жатыр, олар тау жыныстарымен, құмдармен т. б. орналастырылған. Жазықтар солтүстік батысқа қарай еңіске түсіп құрғақ арналармен, тақырлармен, сорлармен күрделенген. Жазықтың қазіргі кездегі отыраулы жерлері эолдық құмдардың массивтерімен орын ауыстырылған, көптегн ағыстар, шөлдер, беттер кеңінен таралған және аллювиалды жазықтарда оңтүстік батыстан, оңтүстік, оңтүстік шығыстан шектеледі. Конустардың және таудан ағатын өзендерді шығару шлейфінің қосылуының нәтижесінде аллювиалды, проллювиалды немесе тауалды жазықтардың беткі қабаты төмен түсірілген, өзен аңғарларымен кесілген. Ойпат шегінде кеңінен таралған аккумулятивтік эолдық жазық.
Морфологиялық тұрғыдан қарағанда бұл жерде тізбекті, тізбекті ұяшықты, тізбекті төмпешікті, төмпешікті ұяшықұты жер бедері қалыптасқан. Қаратал және Іле өзендері арасындағы құмды массивтердің тізбегі (Сарыесік Атырау) оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай мөлшерленген, бірақ Балқаштың өзінде меридианалдыға ауысады, содан кейін оңтүстіктен, солтүстік шығысқа қарай салыстырмалы биіктіктер 5-10 метрден 20-25 метгре дейін ауысып тұрады. Кеңдігі 100-300 метр тізбектер, кеңдігі 70метрден 500 метрге дейін тізбек аралық түсірулермен ауысады. Іле өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан Тауқұм құмды массиві солтүстік-батысына қарай жер бедері қалыптасқан, төбешіктердің биіктіктері 3-7 метрден аспайды. Эолдық массивтердің қалыптасуы орта төрттік уақыттан қалыптасып, осы күнге дейін жалғасуда. Мұздық дәуірінен кейін құрғақшылық кезеңінде Балқаш суы тартыла бастады да ол Балқаш және Алакөл болып бөлінді. Осы құрғақ кезеңде жазықтарды басып тұрған құмды шөгінділердің қайтып қалыптасуының үрдісі басталды.
Аллювиалды жазықтар Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендерінің арналарына тартылып, тереңдігі 200 метрге дейінгі шатқалдығын қалыптастырып Қарой, Итжан үстіртіне созылып жайылма қалыптастырды, бұл алғашқы жайылманы террасса деп атайды. Жайылманың ендігі 1км-ден еңіс биіктігі 1, 5-4, 5метр шегінде ауысып тұрады. Террассаның беткі қабаты Іле өзенінң Бақанас және Ақдала отырауларымен қосылып, жер бетінің толқындық сипатын көрсетеді. Олар арналармен, беттермен, құмды массивтермен кесілген. Іле арнасын үшке бөлгеннен кейін( Жиделі, Іле және Топар) қазіргі отырауы ағыстармен көлдермен, құмдардың батпақты массивтерімен күрделенеді. Олар територияның 30% алып жатыр. Ал, Қаратал өзенінің аңғарында ені 5 6 км жайылмалар қалыптасқан. Ақсу өзенінің аңғары таудан шығар алдында ауқымды конусын қалыптастырады, ол 15-20 метр тереңдікке соқтығысады. Жазықтықта ол ирелеңденеді және жағалаулары төмен болып келеді. Оған Сарқант өзенінің ағысы құйғанмен кейін өзінің бағытын өзгертіп, ауқымды атырауды қалыптастырып құмды массивтерді басып ағып өтеді.
Алакөл ойпаты ішкі орогенді құрылым болып келеді. Ол Сауыр-Тарбағатайды Жетісу Алатаудан бөліп тұрады. Оның полезойлық ірге тасы қалдықтарға бөлінген және Жетісу тереңдік жарылымнан 1600 метр тереңдікке батырылған. Жердің беткі қабатына полезой іргетасының шығуынан қысымдық қаптың ең аз күштілігі ойпаттың өстік бөлігінде байқалады (Сасықкөл-Алакөл көтерілуі) . Шығысында Балқаш-Алакөл ойпаты Емел өзенінің аңғарымен Жетісу-Алатау қақпасы арқылы Жетісу-Алатау ойпатымен қосылады, ол Қытай териториясында орналасқан. Аккумулятивті әсіресе көлдік аллювиалды ойпаттарда ұсақ шоқылардың массиві көтеріледі.
Іле тау аралық ойпаты 400км ге созылып жатыр. Ол солтүстігінде Жетісу-Алатаумен, оңтүстігінде Іле және Күнгей Алатауымен шекаралас болып келеді. Іле Алатаудан шығысқа қарай Іле ойпаты Жалаңаш ойпатымен жалғасады. Тектоникалық тұрғыдан қарағанда шығыстық (Панфилов) және батыстық (Алматы) бүгілуден тұрады. Олардың тербелісінің максималды амплитудасы 3200-4000метр. Осы екі бөлігіде асиметриялық құрылу болып келеді. Алматының бүгілуі күшті және солтүстігі жазық, ал Панфиловта керісінше болады. Панфилов бүгілуі триаста, ал Алматы-палеогенде қалыптасқан болып саналады. Шығыс бөлігінде көлдік шөгінділер юрадан, батыс бөлігінде неоген кезеңімен қалыптасқан. Жоғарғы плиоценде қалыптасқан ауқымды көл суы ойпаттың барлық алаңын және Жалаңаш ойпаттары көлдерімен біріккен. Көлдік режим ерте төрттік кезеңге дейін сақталған. Іле ойпатының қазіргі қабаты аккумулятивті, аллювиалды, пролювиалды және көлдік жазықтар болып келеді. Тау алды бөлігінде беткі жамылғысы конустық шлейфтерімен көмкерілген. Туа іші ойпаттары Жетісу Алатуда кеңінен таралған. Әдетте олар кең бағытта жоталарға параллель болып созылып жатады. Кейбір ойпаттар өзендердің шатқалдарымен көтерілген кесілген (Қапал-Арасан), кейбіреуінде түптері жалғасатын жазықтарға еңіс болып түседі (Қалпақ, Талдықорған), ал тағы біреулері жоталардың етегінде айтарлықтай биік болады (Желді-Қарағай) . Осы сақталып қалған мореналар ежелгі мұзданудың болғанын көрсетеді. Тау аралық ір ойпаттар Текес және Кеген-жер бедерінде тектоникалық түсулермен шектелген. Оңтүстік Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен солтүстік Күршім жотасының арасында Жайсан ойпаты, ал оның ортасында Жайсан көлі орналасқан. Тау іші ойпаты оңтүстікте және солтүстікте жаңа жарылымдармен шектелген. Шұңқырлардың асиметриялық құрылымы батырудың әр түрлі масштабтағы амплитудасын көрсетеді, максималды құлашы оңтүстікке қарай созылған. Төрттік шөгінділердің орташа күштілігі 1200 метр. Жайсан ойпаты солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 200 км созылып жатыр, ал оның ені 70 км. Геоморфологиялық тұрғыдан қарағанда жер бедерінің аккумулятивтік және эрозиялық пішіндерінің қалыптасуын көрсетеді. Жайсан ойпатының шығыс болігінде, аллювиалды және көлдік аллювиалды шөгінділерде эолдық процесі жүрді, осының әсерінен Айғырқұм массиві пайда болды.

1. 2 Геологиялық құрылымы

Көптеген ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеулері мен болжамдары бойынша тұжырымдалған. Іле өзенінің қазіргі атырауының физикалық - географиялық процестермен түзілуі түпкі қабаттарының жыныстары ерте кезеңдерде қалыптасқаны көрінеді. П. П. Семеновтың айтуынша Балқаш көлі қалдықты типтегі көлге жатады. Н. Г. Кассин (1947) Балқаш көлі мен Арал-Каспий бассейнімен байланысты. М. П. Русаковтың мәлеметтері бойынша (1933) плейстоценнің басында Балқаш-Алакөл ойпатының бастауын Шу-Іле тауларынан алып, Жетісу қақпасы арқылы Балқаш көліне құятын өзен жүйесі түзілген. Н. Н. Костенко (1946), З. А. Сваричевская (1952) мәліметі бойынша Тянь Шань тауларынан, көл атырауы мұз басу кезеңінің жартысынан өтті. Ерте антропогенде Балқаш ойысында өзен Іле-Шу тауларынан бастау алып оңтүстік-шығыс шекарасы Қазақтың қатпарлы таулы өлкесі арқылы Алакөл депрессиясына құйып, яғни, территориясында қазіргі жайылма атырауы қалыптасты. Осы кезеңде Іле қазаншұңқырында көлдік режимде тұщы су түзілді. Солтүстік-батыс бөлігі Жетісу Алатауы жаңа тектоникалық көтерілімімен қозғалысқа түсіп, көл қазаншұңқырында тектоникалық қозғалыс әрекетінен ішкі континентті көл қазаншұңқырында Балқаш депрессиясы қалыптасты. Осы кезеңде орта антропогенде Іле горст (Қарой) опырылымының суы солтүстік бөлігіндегі Бақанас көлдік қазаншұңқырына бөлінді. Көптеген ғылыми зерттеулерде көрсеткендей Іле өзенінің атырауы мен Балқаш көлінің қалыптасуы атырауының табан қабатында түзілген. Қарой үстірті бөлінгеннен кейін, Іле өзенінің суы Ақдала Тасмұрын, Бетпақдала күмбезді конусына бөлініп жиналады. Жаңа кезеңде суыну мен жылыну әсерінен атырауының тұтасымен бөлінуі байқалып, Бақанас көлдік қазаншұңқырында аяқталды. Келесі кезеңдерде жылыну әсерінен өзен суының шығыны көбейіп, тау шекараларына дейін ағатын ұсақ көлдері суының акваториясы кеңейеді. Қазақтың қатпарлы өлкесі мен Шу-Іле тауларынан басталып Бақанас-Ақдала атырауын құраған, Балқаш көліне құятын өзендер қазіргімен салыстырғанда сумен көп мөлщерде қоректендіріп отырған. Сонымен, 900 мың жыл шамасында мұз басу кезеңінің бірнеше төменгі мен орта төрттік кезеңдерінде өзен жүйесі екі рет өзгеріске түскен. Соңғы кезеңдерінде климаттың құрғақтануынан жер бедерінде қазіргі ландшафтарының қалыптасуы көрініс тапты. Жоғарғы төрттік кезеңде (1 жыл) таулардың үшінші мұздануы кезінде жаңа тау түзілу кезеңі жүрді. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінің қазіргі құрылымы келесі кезеңде климаттың жылыну мен құрғақтануынан Балқаш көлін суландыратын өзен ағынының тез қарқынымен араласып ұлғаюынан, қалыптасты. Бақанас атырауының жасы шамамен 1500-2000 жыл плювилі кезеңде (мұздану дәуірінің ылғалды кезеңі) оңтүстік таулы өңірлерінде материалдарының жиналуы қалыптасқан. Жергілікті тұрғындар игерген биік шөптесінді мен тоғайлы өсімдіктердің көп таралуымен түсіндіріледі. Өткен ғасырларда Ұлы Жібек жолын бойында болған қамалдарда халық тығыз қоныстанған аймақтарында ежелгі суландыру каналдарын көптеп кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауының жасы 17-18 ғғ Хайдаровтың айтуы бойынша 300 жыл шамасында, ал А. И. Макшеев пен М. К. Вяткин одан жасырақ кезеңде қалыптасқан. ХХ ғасырдың басында Іле өзенінің оң жағалауы сулы болса, қазіргі уақытта оң жағалауында (Арыстан, Жиделі, Қоғалы және т. б ағындары) геожүйесі көрінеді. Бұл өз кезегінде атырау түзуші процестердің ырғақтылығына, бірақ жер планетасының магнитті-энергетикалық өрісінен, жердің өсінің айналуы, атмосфераның циркуляциялық процесстеріне байланысты, ғарыштық суреттердің жіктемесінен анықталған. Атырауының жер бедері физикалық - географиялық процестерінің ырғақтылығы бойынша төмен түсуі шақырымына небәрі 9-10 см тегіс келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама
Жетісу алатауының солтүстік бөлігінің физикалық-географиялық орны
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Кен орны
Мұңай газдылығы
Кіші Алматы өзені – СЭС-тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz