Жастар мен жұмыссыздық мәселесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-4

ЕСЕП . . . 5-6

ЖЕКЕ ТАПСЫРМА . . . 7-16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 18

КІРІСПЕ

Мен, Ирисматова Хилола Фахриддиновна, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Мәдениет және спорт» факультеті, «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы МС-21-14К1 тобының стүденті 06. 06. 22-10. 06. 22 күндер аралығында мен Шымкент қаласындағы білім басқармасының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу іс-тәжірибесінен өттім. Оқу іс-тәжірибесінің мақсаты, әрине, жоғары оқу қабырғасында жинаған білімдерін оданда жақсарту және түсіндіру үшін оны іс-тәжірибе барысында қолдану. Менде өзімнің мамандығымды жақсы меңгеру үшін мақсаттарым бар: теориялық білімімді шыңдау, өз мамандығымның барлық қағидаларын түсініп, әлеуметтік саладағы яғни өзімнің мамандығымға тиесілі болған қажеттіліктерді меңгеру, оны болашақта қолдана білу және игеру болып табылады. Студенттердің іс-тәжірибесі жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтұға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады. Сол үшін студент өзінің болашақ мамандығын маманы болу үшін біріншіден университет қабырғасында өзін білімділікке және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын, өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру қажет. Адам сол үшін өмірінің соңына дейін жат, жаңа дүниені танумен, білумен өтеді. Сол уақытта адамда сол жағдайға қарай ортаға бейімделе бастайды, оның бойында тұрмыстық, коммуникациялық дағдылары, кәсіби дағдылары, біліктік деңгейлері қалыптасады. Оқу іс-тәжірибесінің өту барысындағы студенттердің негізгі мақсаты, барлық іс әрекеттерімен қимылдарының мазмұны мүмкіндігінше әлеуметтік қызметкердің шын кәсіптік мамандық жұмыстарына сай және жақын болуы керек.

Мен іс-тәжірибені «жұмыспен қамту орталығында» атқаратын болғаным үшін тікелей адамдармен араласу болып табылады. Яғни мен іс-тәжірибе барысында клиенттермен қалай сұхбаттасуды, қызметкердің жұмыс орнындағы этикалық нормаларын, өзін-өзі қалай ұстауды, дұрыс сөйлеу әдебін үйрендім. Менің мамандығым бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық принциптерді жүзеге асырудағы күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтердің бір түрі болып табылады. Мен іс-тәжірибе барысында жұмыс орнындағы негізгі қағидаларды, заңнамаларды үйрендім, олардың мақсат міндеттерін, қай уақытта қайсысын қолдану керек екенін, рәсімдеуді үйрендім. Базамен таныстым, оны қалай қолдану керек екенін үйрендім. Мен іс-тәжірибе барысында тиянақты жұмыс істеуге және өзімнің қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Мекемеде жұмыстейтін қызметкерлер іс-тәжірибе барысында біліктілікті қалыптастыру жолында көптеген мүмкіндіктер берді. Мен бұл іс-тәжірибе барысында өзіме керекті болған ақпараттарды артығымен ала алдым деп ойлаймын. Менің ойымша білікті маман болу үшін еңбек етуден ешқашан тайынбау, үздіксіз еңбек ету керек.

Орталық туралы айтатын болсақ «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласында орналасқан. Бұл мекеменің басты мақсаты өзі айтып тұрғандай Халықты жұмыспен қамту болып табылады. Бұл орталықта жастар өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп келгендерге, мамандығына сай жұмыс ұсынылады. Тек жастарға ғана емес 18 жастан зейнеткер жасына дейінгі адамдарды жұмыспен қамту.

«М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Мәдениет және спорт» факультетінің 6В11410 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1-курс, МС-21-14К1 тобының студенті Ирисматова Хилола Фахриддиновнаның оқу іс-тәжірибеден өту

ЕСЕБІ

06. 06. 22-10. 06. 22 күндері аралығында мен Шымкент қаласындағы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде оқу іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибеден өту барысында Дүйсенәлі Білімжан жетекшілік етті.

Іс-тәжірибе басталмас бұрын біз техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстық. Практиканың алғашқы күндері пассивті болып есептеледі, ол студенттің мекемемен, жұмыс орнымен, қызметкерлермен және мекеме басшылығымен танысуға арналады. Практикант- студенттер өз жұмыс орнының қызметкерлерімен жақын араласып отырады.

Практиканың алғашқы күндері «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесімен танысу болды. ХЖҚО 2 бөлімнен тұрады екен: атаулы әлеуметтік бөлімі, жұмыспен қамту бөлімі. 06. 06. 22-07. 06. 22 күндері аралығында жұмыспен қамту орталығымен танысу, орталық тарихымен танысу, қызметкерлерімен танысу, негізгі жұмыс қалай жүргізілетіні туралы толығымен танысу, олардың әр-қайсысының мақсат-міндеттерімен және функцияларымен таныстым. Ұжынмен танысу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мекеменің бөлімдерін жеке көріп, олардың қандай функция атқаруын үйрендім. Алғашқы күндері әр келген клиентпен қызметкер арасындағы қарым-қатынасты бақылап, мекеме мамандарының жұмыс барысын қарастыру арқылы таныстым.

07. 06. 22-08. 06. 22 күндер аралығында мен ресепщн қызметімен таныстым. Мекемедегі ресепшн маманының орнын, рөлін, маңызын біліп, үйрендім. Ресепшннің негізгі атқаратын қызметі келген клиенттерге жолдау көрсету, яғни олардың не себеппен келгеніне байланысты маманның алдына жолдау. Бұл қызмет көбінесе сабырлықты талап етеді екен, себебі келеген клиенттер әр түрлі мінезді болады.

08. 06. 22-09. 06. 22 күндер аралығында мен жұмыспен қамту бөлімімен таныстым. Іс-тәжірибе барысында мекеменің нормативтік-құқықтық негіздерімен таныстым, яғни мекемеге керекті құжаттармен, заңнамалармен таныстым. Бізге сол бөлімнің қызметкерлері базамен қалай жұмыс атқару керек екенін түсіндірді, келген клиенттермен қалай араласу керек екенін іс жүзінде көрсетті. Мен біртіндеп базамен жұмыс істей бастадым, келген клиенттермен жетекшіммен бірге араласып, мәселелерін шешуді үйрендім. Бұл қызмет түрі ұқыптылықты талаб етеді. Ал 09. 06. 22 күні біз көптеген қызмет атқардық түске дейін жөзінің ұмыссыз болып тіркелегендерді біз оның өтінішіне қарай реттедік, яғни кейбір адамдар өзінің өтінішін дұрыс толтырмаған соған қарай базамен жұмыс істеп, реттедік. «Халықты жұмыспен қамту ортылығы» өзінің «Мүмкіндіктер алаңы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне орай жұмыссыз болып тіркелегедерге телефон шалып оларды шақырдық. 10. 06. 22 күні жұмыспен қамту бөлімінің негізгі құжаттарымен танысудан бастадық. Танысып қана қоймай, осы құжаттардың дайындау барысында қандай мекемелер мен мамандар қатысатынын біліп, бұл құжаттарға, жұмысқа қайсы маман жауапты екенін ұқтым.

Айтып кететін болсақ «Халықты жұмыспен қамту орталығы» негізгі міндеті ол

-Өз бетінше жұмыспен айналусышыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;

-Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ «МӘДЕНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» КАФЕДРАСЫ

ЖЕКЕ ТАПСЫРМА

ТАҚЫРЫБЫ: «ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ»

ОРЫНДАҒАН: ИРИСМАТОВА Х. Ф.

ТОБЫ: МС-21-14К1

ҚАБЫЛДАҒАН: АБАТБЕК Ә. А.

ШЫМКЕНТ 2022Ж

ЖОСПАР

Кіріспе . . .

Негізгі бөлім . . .

1. Жастар мен жұмыссыздық мәселесі. Жастар арасындағы жұмыссыздық және онымен күресу шаралары . . .

2. Қазақстандағы жастар саясатының жүргізілуі ерекшеліктері . . .

3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар. Жұмыссыз жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі технологиялар . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жастар арасында жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің біріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаладырылуы, еңбекті интенсивтедіру деңгейінің артуы, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өнеркәсіптің т. б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі (қаржыгер, мұнайшы) - осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім. Осы заманғы мемлекет қызметiнiң ең маңызды бағыттарының бiрi - жастар саясаты. Елбасымыз «Болашақ - жастардың қолында» деу арқылы жастарға үлкен сенiм бiлдiретiндiгiн айтып өткен едi. Ал, елiмiздiң ертеңi саналатын бiздер, яғни жастар кiмбiз? Мемлекет жастар саясатын қалай ұстанып отыр? Бұл мәселе кiм-кiмдi болсын толғандырары анық.

Ел саясатының негiзгi мiндеттерi - жастардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау, оларға жәрдем беру әрi әлеуметтiк, саяси қызметтер көрсету, әлеуметтiк маңызы бар жас буын өкiлдерiнiң маңызды бастамаларын жүзеге асыру. Ал жастар саясатындағы «жүгi ауыр» мiндеттердiң орындалуына септiгiн тигiзiп жүрген бiршама жастар ұйымдары бар. Бiрақ олардың көбi «саны бар, сапасы жоқтардың» кебiн киiп отыр. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, 180-нен астам жастар ұйымдарының тек 10-ы ғана белсендiлiк танытса, қалғандарының «аты бар, затыжоқ».

Жұмыспен қамту және жұмысбастылықпен қамтамасыз ету институты нормаларында еңбекті құқықтық реттеудің екі негізгі қағидасы анықталған. Бұл еңбек пен жұмыспен қамтылу бостандығын қамтамасыз ету қағидасы, және еңбек ету құқығын және жұмыссыздықтан қорғауды, жұмысқа орналасуға көмекке және жұмыссыздық жағдайында материалдық көмекке құқықты қамтамасыз ету қағидасы. Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық - инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр. Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді. Еңбек құқығының кепілдігі - жүзеге асыруды қамтамасыз ету жағдайлары, құралдары және әдістері және оларды бұзудан қорғау. Кепілдіктер әлеуметтік- экономикалық (жағдайлар), құқықтық және ұйымдастырушылық болуы мүмкін. Және де бір құқық басқа, одан терең құқыққа кепіл бола алады. Осылайша, еңбекке құқықты қамтамасыз ету кепілдіктерінің бірі болып азаматқа жұмысбастылықты қамтамасыз ету мен жұмысқа орналасу барысында жәрдемдесу болып табылады. Жұмысбастылыққа жәрдемдесу мемлекеттік саясаты аясындағы қағидалар ҚР "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабында бекітілген. Заңда көрсетілгендей мемлекет азаматтардың еркін таңдалған жұмысбастылығына құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесі саясатын жүргізеді. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық шарттарда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру басым бағыттарының бірі жастардың жұмыспен қамтылуы болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан жастары қазақстандық қоғамның даму келешегін анықтайтын, негізгі факторларының бірі болып табылатын, халықтың үлкен әлеуметтік тобы.

Негізгі бөлім

1. Жастар мен жұмыссыздық мәселесі. Жастар арасындағы жұмыссыздық және онымен күресу шаралары

Нарықтық қатынас жағдайларында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары өткір қозғалды. Жұмыссыздық дегеніміз- әлеуметтік экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болды. Жұмыссыздық түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленді.

-Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстыруына байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әр қашан және барлық жерде болады.

-Құрылымдық тжұмыссыздық ғылыми техникалық прогресстің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндірістік құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныспен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.

-Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптепқысқаратын жағдайларда пайда болады.

Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдер қылмыстары, девиантты мінез-құлқы проблемалары, жас жұмысшылар мен жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту проблемалары және т. б. белгілі болып отыр. Жастардың бүгінгі келбеті ғана елдің ертеңін елестете алары сөзсіз. Осыдан келiп бiздiң курстық жұмысымыздың өзектілігі туындайды. Аталған бағытта жұмыспен қамту жән халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін казакстандық ғалым - экономистер; Я. Ә. Әубәкіров, Т. А. Әшімбаев, С. Х. Берешев, Б. А. Жүнісов, Н. К. Мамыров және т. б. өз еңбектерінде жан- жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Курстық жұмыстың мақсаты: Жастар және жұмыссыздық мәселесіне талдау жасай отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету курстық жұмыстың негiзгi мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

- жастар және жұмыссыздық мәселесі және онымен күресу шаралары талдау жасау;

- жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептерін қарастыру; - Қазақстандағы жастар саясатының жүргізілу ерекшеліктері талдау жүргізу;

- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға шолу жасау;

- жұмыссыз жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі технологияларға тоқталу;

Жұмыссыздық-экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін экономикалык әрекет жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.

Екіншіден, жұмыссыздық еңбек дағдыларын жоғалтуда, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және ықпалын тигізеді. Осылайша ол адам дамуына теріс

Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бiрге жұмыссыздардың әл ауқатын деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлері бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Жұмыссыздық - бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады. Жұмыссыздар - республикалық ұлттық заңдар жиынтығында белгіленген жасқа (16 жас және одан жоғары) жеткен, зерттелетін мерзiмде жұмысы (табысты ici) жоқ, өз бетінше немесе еңбекпен қамту қызметі көмегімен жұмыс іздеп, табылған кунде бірден кірісіп кетуге дайын тұрған тұлғалар. Еңбекпен қамту қызметінде тiркелген жұмыссыздар саны. Бұл көрсеткіш ресми жұмыссыздар ауқымын сипаттайды (белгіленген тәртіппен жұмыссыз болып табылғандар саны) .

Ресмей жұмыссыздар деңгейi - еңбекпен қамту қызметінде тіркелген жұмыссыздар санының есеп беру жылының соңындағы экономикалық белсенді халық санына қатынасы. Жәрдемақы алатын жұмыссыздар саны.

Жұмыссыздық бойынша еңбекақы еңбекпен қамту қызметінде тіркелген жұмыссыз статусына ие болған азаматтарға төленеді. Қайта тіркеу тәртібін сақтамаған, өзіне лайықты ұсынылған жұмыстан себепсіз бас тартқан жағдайда жұмыссыз деп табылған тұлғалар жәрдемақы алу құқынан айырылады. Жұмысқа орналасқан азаматтар саны - еңбекпен қамту қызметі арқылы жұмысқа орналаскандар саны. Жұмыссыздық деңгейі - экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген улесі. Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерiн талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды.

2. Қазақстандағы жастар саясатының жүргізілуі ерекшеліктері

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негiзгi бағыттары бірінде: жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепiлдiктердi қамтамасыз ету; деп көрсетілген болатын. Жалпы Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты жүйесiн бiрнеше тармақтарға бөліп қарастыруға болады. Ол негiзiнен бәсекелестікті дамыту мен азаматтық тәрбиені дамыту сияқты бөлімдерден құрылып, өз ішінде олар білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, баспана, инновациялық даму мен патриоттық деңгейін жоғарылату сияқты мәселелерді қарастырады. Жастар саясатын жүзеге асырудағы негiзгi мақсат - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мониторинг пен бақылау жасау.

Ең бірінші кезекте жастар арасында алаңдаушылық тудырып отырған мәселе - ол жұмыссыздық. Статистикалық деректерге үңілсек, 2009 жылы 15 пен 29 жастаралығындағы жастар арасындағы жумыссыздықтың деңгейі 5, 9%- ы құрады, яғни, бұл көрсеткiш жастарды экономикалык тұрғыдан әлде де дамыту керек екендігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік саясатта басты екі мақсат бар: толық жұмыс бастылық және табыстарды теңестіру. Толық жұмыс бастының мақсаты ретінде жұмыс бастылықты қолдау, жұмысшы күшін қайта даярлау мен жоғары кәсіби оқытуға басымды назар аударылады. Табыстарды теңестіру табыс салығының прогрессивті жүйесінің әрекеті нәтижесiнде iске асады.

Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында құқықтық нормалар мен қатынастардың сақталуына байланысты мұнда еңбек нарығының үшін, бір жағынан, мемлекет немесе бақылауды жүзеге асырады. Осыған нормативтік-құқықтық базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институцоналдық факторлар олар аймақ деңгейінде арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан, түрлі жәрдемақылар, стипендиялар, гранттар және т. б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде жұмыспен қамту қорлары құрылатын жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезеңде -әлеуметтік жұмыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу пәні болып қалыптасуы қарқынды жүріп жатқан кезеңде әлеуметтік жұмыстың мәні мен негізгі белгілері туралы көптеген көзқарастар бар. Бірақ барлық авторлар әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде кездесетін проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әртүрлі адамдар тобын жатқызады.

Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр, яғни оның объектісі болып табылады.

Жастарға әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде сипаттама беру үшін жастар -оны құрастыратын көптеген құрамдардан тұратын, жеке және топтық формасы бар, соматикалық, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне ие, қоғамдық қарым-қатынастардың тарамдалған желісінде жатқан күрделі жүйе екенін есте сақтау керек. Ресейлік социолог В. Н. Боряздың «жастар» түсінігін объективтік, әлеуметтік табиғаттан тұратындықтан антропологиялық және психологиялық бағыттарда қараумен шектелмеу керек, жастар туралы мәселені қозғағанда оны бір-бірімен салыстырмай, бөліп қарамай әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде қарап, антропология, психология, педагогика, социология және басқа да ғылымдардың жастар мен олардың проблемаларын зерттеудегі жетістіктеріне сүйене отырып қарау керек деген пікірімен келісеміз, өйткені жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құралын, нысанын және әдістерін анықтау, оның тиімділігі ең алдымен халықтың осы тобының, әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік проблемалары білімі мен жас ерекшеліктеріне, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық, социо-мәдениеттік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Жастар зерттеу объектісі ретінде әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагогика және социология сияқты ғылымдарда да кездесетінін есте сақтау керек.

Әлеуметтік жұмыстың объектісіне кез-келген жас іліге бермейді, оның міндетті түрде қандай да бір проблемасы болуы керек. Ол проблемалар психологиялық, медициналық, құқықтық, материалдық және басқа да сипатта, немесе адамға тәуелсіз кейбір сыртқы факторларға, болмаса ішкі жеке басының жағдайларына байланысты болуы мүмкін, қалай болғанда да әлеуметтік жұмыс үшін жас адам осы проблемасын өз бетімен шеше алмай, әлеуметтік қызметкердің кәсіптік көмегін қажет етуімен маңызды.

әлеуметтік педагогика үшін жай ғана жас адам емес, әлеуметтену процесінде көмекті қажет ететін бала -жеке тұлғадан әлеуметьік субъектіге айналатын, яғни дамушы, қалыптасушы жеке адамның болуы маңызды.

Міне, осындай әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік педагогика сияқты ғылымның әлеуметтік бір құбылысты зерттеудің сипаттамаларына қарамастан оларды біріктіретін де, алшақтатын да белгілері бар.

Әлеуметтік қызметкердің жастар проблемасына осындай «кең»көзқараста болуы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маман мен жастармен жұмыс жүргізетін маманның лауазымды міндеттерін ажырата білуді қажет етеді.

Жастармен жұмыс жүргізетін маманның міндетіне балалар мен жастар ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру, жастардың қалыпты құрылымы бұзылған бейресми бірлестіктерімен жұмыс, жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізу және оларды талдау, жасөспірімдердің, жастардың, жас отбасылардың құқығын қорғау және т. б. жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың жұмыссыз қалуы оңай
Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Қазақстан республикасындаы жұмыссыздыты төмендету мәселесі
Жастарға арналған бағдарламалар
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жұмыссыздық жағдайын зерттеудің теоритикалық әдітемелік негіздері
Жастар арасындағы жүмыссыздық
Жұмыссыздық мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz