Баланың мүдделерін қорғау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №61 ОРТА МЕКТЕП КММ

Әлеуметтік педагогтың тұжырымдамалық және нормативтік құжаттары

Әлеуметтік педагог: Амангелді Ақбаян Қаржауқызы

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1) Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары
2) Әлеуметтік педагогтың құжaттaмa жүйeлepі
ҚОРЫТЫНДЫ

Таңдалған тақырыптың өзектілігінің негіздемесі: Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абыройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. Әлеуметтік педагогтің өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі аса маңызды.
Жұмыстың мақсаты: Әлеуметтік педагогтің өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар мен заңнамалар тізімдемесін, көмекші құрал дайындау.
Міндеттері:
1. Әлеуметтік педагогтың құжaттaмa тізімдемесі;
2. Әлеуметтік педагогтың жүмысында сүйену керек нормативтік заңнамалар;

Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі - заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы.
Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н.Ә.Назарбаев: Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған. Бала құқығын қорғау, қоғам назарын балаларға аудару, бала проблемалары мен адамгершілік-рухани мүдделерінің қалыптасуын қамтамасыз ету
Бала әрқашан бала. Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды? Балалар - бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5 - 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар - жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді.
16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.
Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.

Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.
Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның әлеуметтік диагнозын қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететін мынадай заңдарды басшылыққа алады:
1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; https:adilet.zan.kzkazdocsO480 0000001
2. БҰҰ Балалардың құқықтары туралы Конвенция; https:adilet.zan.kzkazdocsB940 001400_
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы; https:adilet.zan.kzkazdocsK950 001000_
4. ҚР Білім беру туралы заңы; https:adilet.zan.kzkazdocsZ070 000319_
5. ҚР Неке және отбасы туралы заңы; https:adilet.zan.kzkazdocsK110 0000518
6. ҚР баланың құқықтары туралы заңы; https:adilet.zan.kzkazdocsZ020 000345_
7. Патронаттық тәрбие туралы ереже; https:adilet.zan.kzkazdocsV15H 0010285
8. Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже; https:adilet.zan.kzkazdocsP120 0000382
9. ҚР Еңбек кодексі; https:adilet.zan.kzkazdocsK150 0000414
10. ҚР Қылмыстық кодексі; https:adilet.zan.kzkazdocsK140 0000226
11. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы ҚР Заңы. https:adilet.zan.kzkazdocsK140 0000226

БҰҰ халықаралық балалардың құқықтары туралы КОНВЕНЦИЯ
Бала құқығын қорғау Конвенциясы - 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Конвенцияның 54 бабында өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы өмірінің тыныштығын сақтау, пікірін еркін білдіру көрсетілген.
Қазақстан осы заңнамаға сәйкес 2002 жылы 8 тамызда "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңы қабылдады.
Бала құқықтары туралы конвенция -- адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт. Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей маңызды және оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып табылады
2 бап: Кемсітушілікті болдырмау. Әрбір бала нәсіліне, түр түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан барлық құқыққа бірдей ие. Бірде-бір бала әділетсіздікке ұшырамауы керек. Бұған ешқандай себеп жоқ.
3 бап: Баланың мүдделерін қорғау. Шешім қабылдау барысында ересектер алдымен бұл шешімдердің балаларға қалай әсер ететіндігі жайлы ойлануы керек. Ересектердің барлық әрекеті балалардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Үкметтер бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.
9 бап: Отбасы тұтастығын сақтау. Баланы ата-анасынан айыруға болмайды. Ондай жағдай тек баланың мүддесін қорғау үшін ғана орын алуы тиіс. Мысалы, егер бала қажетті ата-аналық күтім көрмесе немесе ата-анасы балаға қатігездік танытатын болса. Егер бұл балаға зиян тигізбесе, ата-аналары бөлек тұратын балалар екі ата-анасымен де тікелей байланыста болуға құқылы.
12 бап: Баланың көзқарастарын құрметтеу. Бала өзіне қатысты барлық мәселе бойынша көзқарасын еркін білдіруге құқылы. Ересектер баланың пікіріне құлақ асулары қажет.
13 бап: Пікірді еркін білдіру. Бала өз пікірі мен сезімін жазбаша, ауызша, сурет арқылы немесе басқа түрде еркін білдіруге құқылы, тек бұл басқа адамдарға зиянын келтірмеуі керек.
16 бап: Жеке өмір құқығын қорғау. Әрбір баланың жеке өмірге құқығы бар. Заң балалардың жеке және отбасылық өміріне, үйіне, қарым-қатынасы мен беделіне (немесе жақсы атына) кез-келген заңсыз қол сұғудан қорғауы керек.
19 бап: Зорлық-зомбылықтан қорғау. Үкіметтер баланы ата-аналар немесе басқа адамдар тарапынан болатын зорлық-зомбықтың барлық түрлерінен, немқұрайлылық пен қиянат көрсетушіліктен қорғауы қажет, сондай-ақ ересектерден қатыгездік көрген балаға көмектесуге міндетті.
20 бап: Отбасылық ортадан айырылған балалар. Отбасынан айырылған кез келген бала үкімет тарапынан арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы. Үкімет балаға қажетті тәрбие мен күтімді қамтамасыз ету үшін оның тілін, дінін, мәдениетін құрметтейтін адамдарға баланы тапсыра алады.
21 бап: Асыранды балалар. Асырап алу кезінде балалардың мүдделерін қамтамасыз ету өте маңызды. Мысалы, егер басқа отбасымен тұрып жатқан бала өз елінде тиісті күтімді ала алмаса, оны басқа елде асырап алуға болады.
22 бап: Босқын балалар. Өз елінде қалу қауіпті болғандықтан босқын ретінде басқа елге көшкен балалар көмек пен қорғау алып, сол елде туған балалармен бірдей құқықтарға ие болуы керек.
23 бап: Мүмкіндігі шектеулі балалар. Мүмкіндігі шектеулі әрбір бала қоғамда барынша лайықты өмір сүруге құқылы. Үкіметтер мүмкіндігі шектеулі балалардың барынша тәуелсіз болуын, қоғам өміріне белсенді қатысуын, яғни толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
25 бап. Баланың тұрмыстық жағдайы. Тұрғылықты жері баланың мүддесіне сай келетініне көз жеткізу үшін күтімге, қорғауға немесе емделуге алынған қамқорлықтағы әрбір баланың өмір сүру жағдайы мен ахуалын үнемі тексеріп отыру қажет.
26 бап: Әлеуметтік және материалдық көмек. Үкімет жағдайы нашар отбасылардағы балаларға қаржылай немесе басқалай көмектесуі керек.
27 бап: Тамақ, киім, қауіпсіз тұрғын үй. Балалар өздерінің толыққанды дамуы үшін тамаққа, киімге және қауіпсіз тұрғын үйге құқығы бар. Үкіметтер бұл құқықты жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ отбасылар мен балаларға көмектесуі керек.
28 бап: Білім алуға қолжетімділік. Әрбір бала білім алуға құқылы. Бастапқы білім алу тегін болуы тиіс. Ал одан кейінгі берілетін орта және жоғары білім әрбір бала үшін қолжетімді болуы керек. Балаларды қабілеттеріне сәйкес келетін мектептік білім деңгейін алуға талпындыру қажет. Мектептегі тәртіп зорлық-зомбылықсыз және баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
31 бап: Бос уақыт, ойындар, мәдениет, өнер. Әрбір баланың демалуға, ойнауға, сондай-ақ мәдени және шығармашылық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
37 бап: Бас бостандығынан айырылған балалар. Заңды бұзды деп айыпталған балаларға өлім жазасы, азаптау, қатыгездік, өмір бойына бас бостандығынан айыру, ересектермен бірге түрмеге отырғызу сияқты жазалар қолданылмауы керек. Бас бостандығынан айыру тек ақырғы шара ретінде және мүмкіндігінше қысқа мерзімде қолданылады. Бас бостандығынан айырылған балалар құқықтық қорғауға жүгінуге және отбасымен байланыста болуға құқылы.
40 бап: Заң бұзушы балалар. Заңды бұзған балалар қажетті көмекке жүгінуге және оларға әділетті түрде қарауға құқығы бар. Оларға қоғамның жақсы азаматы болуға қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Оларды бас бостандығынан айыру тек ақырғы шара болуы қажет.

ҚР Баланың құқықтары туралы Заңы
2002 жылдың 8 тамызында қабылданған, заң 10 тарау, 53 баптан тұрады.
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзаттық тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдылығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындатын қатынастарды реттейді.
Осы Заң аясында мектепте әлеуметтік педагогтар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, патронаттық тәрбиедегі балаларды және мүгедек балалардың құқықтарын қорғаушы болып табылады. Заңда көрсетілген негізгі талаптар мен құқықтар, міндеттер бойынша өз жұмысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
Әлеуметтік педагогтар білуі тиіс:
1-бап - Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар;
4-бап - Балалардың тең құқықтылығы;
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
2. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
8-бап - Баланың денсаулық сақтауға құқығы;
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.

10-бап - Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы;
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан, баланы жәбірлеуден (буллингтен), жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.

12-бап - Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы;
1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.
2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.

13-бап - Баланың мүліктік құқықтары;
1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар.
2. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.

14-бап - Баланың тұрғын үйге құқығы;
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету

15-бап - Баланың білім алуға құығы;
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға сәйкес арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бөлінеді.
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi.

17-бап - Баланың мемлекеттік көмекке құқығы;

19-бап - Баланың демалуға және бос уақытын пйдалануға құқығы;
4-тарау. Бала және отбасы: 22-бап - Баланың отбасындағы құқықтары; 24-бап - ата анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті, 25-бап - Баланың ата-анасымен бірге тұруға құқығы.
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары: 27-бап - Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат; 28-бап - Бала асырап алу; 29-бап - Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу; 30-бап - Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдар.
6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары: 31-бап - Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары, 32-бап - Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер; 33-бап - Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек. 8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау.
ҚР Заңы Неке және отбасы туралы 2006ж. 7-бөлімнен, 29-тараудан, 213 баптан тұрады.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: 3-бөлiм. Отбасы. 9-тарау. Баланың құқықтары
52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы
54-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
55-бап. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы
56-бап. Баланың аты мен тегiн өзгерту
58-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
59-бап. Баланың қорғалу құқығы
10-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi
11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
oo 67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
oo 68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi
oo 69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
oo 70-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру
oo 71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
oo 74-бап. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу

4-бөлiм. Қорғаншылық және қамқоршылық
13-тарау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру
oo 100-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
oo 101-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
oo 102-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру
14-тарау. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу тәртiбi
oo 103-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық белгiленетiн адамдар
oo 104-бап. Қорғаншылық
oo 105-бап. Қамқоршылық
oo 106-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдар
oo 107-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу
oo 108-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар
oo 16-тарау. Патронат

119-бап. Патронат
1. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.
2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады.
3. Патронат туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Бала асырап алу
Баланың алудағы уақыттағы тәрбиесін анықтау формасы бала асырап алу болып табылады. Неке және отбасы заңы бойынша баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның, тұлғаның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.
Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.
Сот бала асырап алу ісін жүргізу барысында міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдарынан баланың тұрғылықты жерінен:
oo бала асырап алушының өмір жағдайының тексерілгендігін куәландыратын акт;
oo баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен акттың көшірмесі;
oo бала асырап алушының ҚР-сы денсаулық сақтау министрлігінің арнайы құрылған комиссиясының медициналық, эксперттік денсаулығы мен ақыл-ойының дұрыстығы жөніндегі медициналық қорытынды;
oo баланың асырап алуға келісімі, егер ол бала 10 жасқа толған болған жағдайда;
oo ата-анасының баланың асырап алуға рұқсаты, егер ол заң бойынша талап етілсе.
Орталықтандырылған балалар тіркеуін, яғни ата-аналарының асырауынсыз қалған балалардың тізімін (аймақтық, аудандық, облыстық) қорғаншы және қамқоршы органдарымен бірлесіп ҚР атқарушы және Білім Министрлігінің бірлесуімен жасалынады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың тұрғылықты жерінен тіркеу анықтамасын, керекті қолданылатын құжаттарды баланы келесі отбасыға тәрбиелеуге беру үшін дайындау шарт.
Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.
Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Іс-құжаттарды тіркеумен аударуда әлеуметтік педагогтар араласады, себебі тек әлеуметтік педагог қана ереже бойынша бала мен тек сол ғана байланыс жасайды. Егер бала бір айдың көлемінде тапсырылған отбасыға берілмесе, онда қорғаншы мен қамқоршы органдар барлық құжаттарды қайта тіркеуге өткізеді.

Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу
Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу жағдайында әлеуметтік педагог көптеген мәліметтерді жинақтап, ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеуге міндетті түрде қатысады.
ҚР Неке және отбасы туралы заңының 11 тарауының 67 бабына сәйкес.
Ата-ана құқықтарына айыру.
1) Егер ата-аналар (олардың біреуі):
oo ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
oo өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерінсіз бас тартса;
oo өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
oo балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
Отбасы құқығы түсінігі
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ
АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ МІНДЕТТЕРІ
Баланың құқықтарын қоргау
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау
Қорғаншылардың және қамқоршылықтың міндеттерін атқару
Пәндер