Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі : Қорық дегеніміз не? Марқакөл қорығының құрылуындағы мақсаты қандай? Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?

Жалпы мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілерді, ғылыми зерттеулерге, білім беру - ағарту ісіне, туризмге және рекреацияға арналған обьектілер ретінде эколигиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығын айтамыз.

Қорықтар - бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді.

Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған « Ақсу - Жабағылы » (1926), « Марқакөл » ( 1934), « Наурызым » (1959), « Барса-келмес » (1939), « Қорғалжын » (1968) және « Марқакөл »(1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.

Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпеске болмайды.

Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығыны туралы көптеген отандық ғалымдар, сонымен қатар шетелдік ғалымдар өз еңбектерін арнаған. Олар: А. Ш. Молдабергеновтың «Атамекен» еңбегінде, «Қазақстан қорықтары» атты кітаптың І томында Марқакөл қорығының физикалық - географиялық ерекшелігі туралы баяндалған.

Диплом жүмысының мақсаты : Марқакөл қорығының физикалық - географиялық ерекшеліктерін анықтау. Қорғалжын қорығындағы геоэкологиялық жағдайын қарастыру және осы мәселелерді шешу жолдарын ұсыну. Сон­дықтан Үкімет Қорғалжын қорығын сақтап қалу мә­селесін ұлттық және мемле­кеттік маңызы бар экологиялық шұғыл міндет ретінде күн тәртібіне қойып, жүйелі де кешенді шаралар тізімін жасауы қажет.

Қорықтың табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің тибиғи даму заңдылықтарын анықтау.

Диплом жұмысының міндеттері :

  1. Қорық дегеніміз не?
  2. Марқакөл қорығының құрылуындағы мақсаты қандай?
  3. Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?
  4. Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай?
  5. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
  6. Осы мәселелерді шешу жолдарын анықтап ұсыну.

Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Н. Н. Родзевич К. В. Пашканг, А. Бекенов, Х. Қыдырбаев, Байдельдинов Д. Л, Джамалдинова К. М, Чигаркин А. В, Жумадилов З., Красницский А. М., Ақбасова А. Ж., Саинова Е. С, Бейсенова А. С. зерттеулерінің ғылыми еңбектері негізге алынды.

Диплом жұмысының зерттелу нысаны : Қорғалжын қорығының жер бедеріне сипаттама жасау фаунасы мен флорасын қарастыру .

Қорғалжың қорығының қазіргі шекарасы шамамен 2600 шаршы шақырым, ол Теңіз - Қорғалжың ойпатының ең төменгі бөлігінде орналасқын, мұнда Қазақ шоқылары мен Көкшетау қыраты арасындағы негізгі өзендері құяды. Мұнда жер бедері тегіс, Теңізден батысқа және оңтүстікке қарай шамалы қырлы. Ойпаттың ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 304 -420 м. Қорық құрамына екі үлкен көл кіреді, оларға өзінің жайлап аққан суларын Нұра өзені құяды. Орталық және солтүстік Қазақстанның басқа көлдері сияқты, олар да маусымдық толып тұрады (маусымға байланысты су денгейі кәдімгідей ауытқиды) және көпжылдық ауытқулар болады. Теңіз - Қорғалжың ойпаты құрғақ далалы және шөлейтті аймақтар қилысында орналасқан. Мұнда жылына 200-350 мм ылғал түседі. Олар негізінен ақпан - наурыз (қар) және мамыр (жаңбыр) айларында жауады. Мамыр соңында дала кеуіп, жаз басында шөптер қурап қалады.

Қорықтарда оларды қорғау іс-әрекетін жүргізбей табиғат кешендерін сақтау мүмкін емес. Табиғат резерваттары ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып қана қоймай, қорық тәртібін сақтауға міндетті. Кәзір елімізде қорық қорғау құрылысы бірдей емес. Ол негізінен табиғат кешендерін қорғау жауапкершілігі артылған егерлер құрамының әкімшілік тұлғаға бағыныштылығымен ерекшеленіледі. Наурызым қорығында - ол орманды қорғаушы мен қорғау инженері. Қорықтардағы табиғат кешендерін қорғау бірнеше факторларға байланысты, бастылары: қорғалатын ауданның бір егерге бөлінген жердің орташа мөлшері; қозғалыс, бақылау, байланыс құралдарымен қамтамас етілуі; егер құрамын кәсіптік денгейін дайындау. Сонымен қатар, қорықтың тұрғылықты орнынан алшақ жатуымен оның орнының территориясының жер бедері де басты рол атқарады.

Далалы жерлерде обыр шегірткелер мен шекшектер басым, олардың арасында едәуір қызықтары дала шегіркесі, әр түрлі саяқ шегіркелер, айдарлылар және басқа да тікқанаттылар бар. Топырақ бетінде барылдауық, қара денелі, жүйрік қоңыздар жүгіріп жүреді, ал су бетін суашарын қандалалар мен ұсақ жүргіш қоңыздар меңгерген. Дала үстінде ашық боялған әдемі көбелектер: адмирал, тауыс көзі және басқа да әр түрлі көгілдір көбелектер ұшып жүреді.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері : сипаттама сонымен қатар, жалпы географиялық, географиялық, геоэкологиялық әдістер пайдаланылуы.

Көңілімізді күпті қылған осы мәселе бойынша қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналысатын кейбір мамандар­мен пікірлескен едік. Олардың бұл мәселедегі пікірі мынаған саяды: “Сіздің сұрағыңыздың жаны бар. Бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде де біз ол жерде мұнай барын білетінбіз. Бірақ, ол қоғамдық назардан тыс бо­латын. Қазір Қорғалжын ау­данындағы Теңіз көліне барлау жұмыстары жасалып жатыр. Алдымен осы жұмыс­тардың қорытындылары шы­ғарылып, содан кейін эколо­гиялық сараптама жасау керек.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: «Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі». Елбасымыз айтпақшы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында осылай деген болатын. XX ғасырдың басында атағы әлемге мәлім жиhанкез, натуралист, Алтайдың бірден - бір білгірі Н. И. Яблонский былай жазған болатын: «Оңтүстік Алтай тауларындағы осы бір үлкен көлдің таңғажайып сұлулығын бір ғана сәт есіме алсам болды, әр жолы мені еріксізден - еріксіз әлемнің осы бір ғажап бұрышына, жер бетінің осы бір жұмағына қайта - қайта тарта береді. Мен өмірімде аяқ баспаған жерім жоқ, бірақ бұдан асқан әсем жер, бұдан асқан таудағы көлді ешқандай жерден ешуақытта кездестірмеппін деген болатын. Заңды туризм негізінде жеке бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылса, өлкеде осы саладағы бизнеске жол ашылып, жаңадан қаншама жұмыс орындары ашылып, жеке кәсіпкерлік, шағын кәсіпорындар пайда болып, жұмыстар жүргізер еді. Осыған сәйкес, кеткен шығын салық, міндетті төлемдер, басқа да мемлекеттік лицензия, рұқсат құжаттардың заңды төлемдер түрінде республикалық бюджетке де, жергілікті бюджетке де, кеткен шығынның орны да толар еді. Жолдауында айтылған «Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс» деген сөздері Марқакөлдегі туризмді дамытуға үндеп тұрғандай болады.

Диплом жұмысының құрылымы : Марқакөл қорығындағы жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалуға және дамытуда қажетті тәжірибе құрал болып табылады.

Курсттық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ

Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық. Қорық 1976 құрылып ұйымдастырылған. Негізгі мақсатны тоқталсақ, бағалы хайуанаттарды және құстармен сонымен қатар уылдырық шашатын балық өзен арналары мен жалпы айтқанда қорық табиғатының қалпын сақтау. Қорық аумағының көлемі 75 мың гектар, оның 3, 7 мың гектар Республикамыздың шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік аудандарында көгалдандыруда кеңінен пайдаланылатын майқарағай, балқарағай, көктерек, қайың сияқты өскен орман алқабы және 45 мың гектарға жуық Марқакөл көлі алып жатыр. Қорық көлемі 2221 гектар қорғалатын аймақпен қоршалған. Демалу шараларын іске асыру үшін көл айдынының шығыс бөлігінен көлемі 1500 гектар аймақ спорттық және әуесқой балық аулаушылар арналған жер бар. Қорықтың орталық бөлігінен географиялық координаты - 4916 солтүстік ендік солтүстік ендік және 8637 шығыс бойлықта орналасқан. Орталық үй жайы Урунхайка елді мекенінде орналасқан.

Жалпы қорықтың жері Оңтүстік Алтай тауында орналасқан, ол Оңтүстік Сібірдің Таулы-тайгалы ландшафтысының оңтүстік-батыс шеті болып табылады. Физикалық-географиялық аудандастыруына сәйкес Алтай таулы облысының оңтүстік Алтай провинциясына жатады. Марқакөл қорығы құрылғаннан бергі 30 жылда бірегей табиғат бірлестігін зерттеу мен қорғау жөнінде елеулі жұмыстар атқарылады. Осы уақыт аралығында қорық қызметкерлері омыртқалы жануарлар фаунасы есебін алды, жоғарғы өзекті өсімдіктер есебі аяқталуға жақын, көл гидробилогиясы едәуір жақсы зерттеліп қарастырылған. 140-тан астам ғылыми еңбектер жарық көрді, оның ішінде бір монография бар. Зерттеу материалдарынан екі кандидаттық жұмыс қорғалған болатын. Қорықта көпжылдық қорғау шаралары нәтежиесінде марал мен хариусы, марқакөл майқабы, бұлан, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық су бүркіті мен басқа жануарлар папуляциялары қалпына келген болатын. Шаруашылық пайдаланатын аймақта өсетін үшжапырақ субеде, жапырақсыз орашық, жатаған ақүрпек пен балтық сүйсіні түрлеріне қарағанда, қорық жеріндегі сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлері жағдайы енді қауіп тудырмайды. 2005 жылы қорық шекарасын кеңейту жөніндегі көптен күткен жоба жұмысы жүргізілді, оған Тихушка мен Қалжыр өзендері аңғары арасындағы Күршім жотасына жақын баурайы мен Марқакөлдің солтүстік және батыс жағалауы кіреді. Жан аямай қорғау нәтежиесінде қорық ормандары өрт пен кесуден сақталды, шалғындар өзінің көп гүлдері және ашық бояуларымен көз тартады, ал Марқакөл біздің жеріміздегі ең таза және әдемі көлдердің бірі болып қалады.

Марқакөл - Алтайдың ең ірі су қоймасы, ол теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте әдемі тауаралық шұңқырда орналасқан. Көл сопақша созылған пішінді және солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Оның ұзындығы 38 шақырым, енінің ең кең жері 19 шақырым, жаға сызығының ұзындығы 106 шақырым, тереңдігі 24-27м. Көл шұңкыры қоршаған жоталардан : Күрішім-слтүстікпен батыстан, Азутау-оңтүстік пен шығыстан, Сорвенковский - солтүстік - шығыстан пайда болған. Жоталардың теңіз деңгейінен биіктігі 2000-3000 м. Ең биік жер - Ақсу-Бас.

Көлдің пайда болуы альпі тектоникалық айналымның төрттік дәуірдегі мұздық кезеңінің бірімен байланысты. Сол кездегі көтерулер мен төмен түсулер нәтижесінде қазіргі жоталар мен тауаралық шұңқырлардың қатпарлы жүйелері қалыптасқан, олар кейін мұздыққа айналған. Осы мұздықтар ізі Күршім жотасы ұшында жақсы байқалады. [2]

1. 2 МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫНЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ МЕН АУА-РАЙЫ

Қорықтың жалпы алғанда солтүстік, солтүстік-шығыс жағалаулар жағы сонымен қатар батыс жағалауыда көл маңына 1 шақырымға жуық жазық болып келеді.

Оңтүстік бөлігі және оңтүстік-шығыс жағалау жаққа қарай созылыңқы, сол себепті Азутау жотасы жотасы көл маңына жақын орналасқанды. Жотаның төмен жақтарында көл ішіне кіріп тұр сонымен қатар шығанақтары бар. Жағалыры көбіне құмды жерлер, ұсақ тастар, батпақты лай, ұсақ жұмырлы тастарда кездесіп отырады. Сонымен қатар жаға жақтары шалғынды, шалғынды-бұталы, батпақты қайыңды шыршалық өлкелер жаға бойында созылыңқылы жатыр. Жалып қорғалатын аймақ жағасын төрт үлкен елді мекен сақталған. Мұнда жергілікті халықтар мен етеді. Оларға тоқталсақ - Жоғары Еловка, Төменгі Еловка, Уранхайка, Матабай елді мекендері.

Марқакөлдің тайгалы белдеу жақтарында жоталары тік жарлы болып келеді. Сондай-ақ орманды бөлігінде майқарағай, балқарағай және солтүстік бөлігінде қалың балқарағай, самырсын сонымен қатар екпе ағаштары басым өседі. Барлығымызға белгілі орман үшін тән жағдай қалың өскен тоғайлар мен өтуі қиын ағаш ұзындығы 2 метрге жуық тектес өсімдіктер бар. Орман алқыбы шөптесін болып келеді. Яғни, қарақат, таңқурай сияқты жидектерде өседі.

Сондай-ақ жотаның жоталы су айрықтарына альпі шалғындары мен субальпі шалғынды мүкті қыналы, бұталы және тасты тундра алып жатыр. Сонымен қатар тау шыңдарына тоқталсақ, тақыр тастар мен тау жыныстары кездеседі. Тау жыныстары кең көлемде, үлкен жерді алып жатыр. Күршім жотаның шыңлы құздары солтүстік және солтүстік-шығыс бөләгәнде көптеп кездеседі. Жалпы айтсақ олардың көбі тік жарлы сайларға тілімденген. Сонымен қатар олардың түп жағында тоған тәрізді альпі көлдері бар. Яғни, тегістеу келген бір келкі, күмбез тәріздіге ұқсас Сорвенский және Азутау шыңдарын жатқызамыз.

Қорықтың көліне су 95 жуық әр түрлі су көзінен келіп құяды. Едәуір ірі өзендер - Тополевка, Төменгі Еловка, Матабай, Жиренька, Шалғай және Жоғарғы Еловка, Тихушка, Матабайка мен Тығыз кілт. Бұлар кәдімгі тау өзендері, салыстырмалы жіңішке тасты арналы, ені 2-5 м. және өз сағасында атырауға ұқсас қиякөлең-қырықбуынды салдар түзеді. Қара Ертіске құйылатын, тек бір ғана өзен- Қалжыр ұзындығы 128 шақырым Марқакөлден бастау алады.

Марқакөл көл қыста катады, қараша айының басынан, желтоқсан кезінде, орташа 20 қарашада мұз катады. Қалжыр өзеннінің қайнар көзі ғана қатпайды, онда көк ала үйрек, айдарлы сүңгуірлер мен үлкен бейнарық қыстайды.

Кейбір өзендер арналарында Тополевка, Урунхайка шағын жылымдар болады. Көлдерде мұз жарылуы орташа мамыр айларында, ал мұздан толық босауы мамыр айының соңында жүреді.

Марқакөлде ауа райы қатаң континентальды, қысы қары көп әрі қатаң және жазы қоңыржай әрі ылғалды болып келеді. Қорық ауданы Қазакстан мен Алтайдың ең салқын жері болып табылады. Аптаның орташа температурасы 0-тан 160 күнге дейін жоғары болып келеді. Сондай-ақ 0-тан төмен 200 күндей шамасында созылады. Аязсыз кезең ұзақтығына тоқталсақ 70 тәулікке деән шамасында. Температурасына тоқталсақ қыста аяз. Температура - 45-қа төмендеп кетеді, кейде тіпті -53 градуска дейін барады. Қыс мезгілінің желтоқсан, ақпанда бірнеше апта бойы температура -35-40-тан түспей тұрып алу ықтималдылығы жоғары. Қазан басында алғашкы қар түсе бастайды. Қар жабыны әдетте қарашаның бірінші жартысында, ал кейбір 1984 жылы қазанның екінші, үшінші онкүндігінде тұрақтала бастайды.

Қыс мезгілінде қар 160 күннен жатады. Қар жабынының орташа тереңдігіне тоқталсам 87 сантиметрге жетеді. Қардың ең қалың кезі наурыз айның алғашқы күндерінде және онкүндігінде байқалады яғни қар көп түседі. Өткен жылдарда 1984-1985 қар биіктігі 150-200 см-ге дейін түседі. Әсіресе 1996, 1997, 1998, 2000, 2001 қыста қар өте көп жауған, Марқакөл елді мекендеріндегі қар мөлшері үйлердің шатырына дейін жеткен. Корықта көл жағалауларында мамырдың бірінші онкүндігінде, ал мамырдың соңғы күндерінде тау су айрықтарында басында еріп жатады. Мамыр айының орта кезінде 1983, 1984 жылы тамыздың аяғына таман 1978, 1979 қатты қар жауып, қатты аяздардың болу себептері жиі кездескен.

Марқакөл қорығында төрт табиғи аймақта алты табиғи белдеу: нивальды (қарлы) белдеу, альпі тундралы-шалғынды аймақта альпі-тундралы және субальпі белдеулері, таулы-орманды аймақта таулы-тайгалы белдеу, таулы-далалы-орманды аймақта таулы-орманды-далалы және таулы-шалғынды далалы белдеу орналасқан. [1]

2. МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ

2. 1 ФЛОРАСЫ

Жалпы алғанда, қорықта өсімдіктердің алуан түрлері кездеседі. Тіпті орманның өзінің 19 түрі кездеседі екен. Әсіресе, бұл табиғат лабораториясының балұарағайлы орманның өсу жағдайын, оның көлемін ұлғайту мәселесін шешуде ролі күшті болмақ. Сондай-ақ, қорық жерінде алуан түрлі палеонтологиялық қазба байлықтарда кездесіп отырады. Оны келешекте жан - жақты зерттеу геолог мамандардың жұмысы болып табылады.

Сонымен қатар, қорықтың көлемі 71359 гектар жерді алып жатыр. Оның 3756 гектары тегіс орман, ал жайылым жерлер 21 мың гектардан асып жатыр. Сондай - ақ территориясындағы табиғат комплекстерін ғылыми тұрғыдан тексеріп, оларды қаз қалпында сақтап, қорын көбейту үшін қорық қызметкерлері үлкен жұмыс атқаруы маңызды болып табылады.

Таяуда ғана сұлулығына көз тоймайтын Марқакөл жағасында қорықтың орталығы бой көрсетіп, онда ғылыми лаборатория, табиғат музейі және қорықшыларға тұрғын үйлер салынады. Қорықтың ғылыми бөлімінде биолог, су мен орманды зерттейтін мамандар бар. Олар қорықтағы табиғат комплекстерін бір - біріне байланыстыра зерттейтін болады.

Марқакөл қорығында сүт қоректілер мен құстардың таралуын, қорын, олардың биологиясын, орта жағдайына бейімделуін зерттеу - келешекте атқарылатын үлкен жұмыс.

Сондай - ақ, Марқакөлдің су режиммің өзгеруі, оның жалпы сол орта жағдайына әсері, қорықтың жер бедері, өсімдіктері жан - жақты зерттелмек. Мемлекеттік маңызы зор мұндай ғылыми ізденісті жүзеге асыру үшін қорықты жақсы маман кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлу керек. Өйткені, істі маман - кадрлар шешеді және бұл жаңа қорыққа көптеген ғылыми - зерттеу институттары да көмек беруге тиіс.

Қорықта ландшафтты флорасына бай болып келеді. Жалпы айтқанда, Жоғарғы өзекті өсімдіктердің мыңнан асы түрі кездеседі. Сонымен қатар, ағаштардың 12 түрі мен бұталардың әә түрден астамы бар.

Сондай - ақ, Қазақстан қызыл кітабына енгізілген өсімдіктеріде бар. Олардың ішінде құрып кету қаупі бар сонымен қатар сирек кездесетін 15 қылтамақ өсімдік түрлері, дала және кәдімгі такшымылдық, алакүлте, қызыл семізот, мақсыр марал тамыры, секпіл шолпанкебіс, сабақсыз тегіс тұқым, жапырақсыз орашық, альпі дифазиаструмы, алтай таутобылғысы, Фукс сүйсіні, бұйра лалагүл өсімдіктері кездеседі. Қорықтың Алтай - Саян аймағы Зәузат қорығының эндемиттік түрлерін сақтауда маңызы зор. (Алтай сабынкөгі, шашылған шегіргүл, Алтай бәрпісі, ұқсас қазтамақ) .

Қорықтың 30 түрінен су және су маңы өсімдіктері жоғарғы су өсімдіктерінен тұрады. Марқакөл көлінің жағасын бойлай қошқыл айрауық, қамыс тәрізді субидайық, торсылдақ пен қиякөлең көптепө седі. Таяз суларда өзен қырықбуыны, май қоға, жүзгіш жебежапырақ, келтебас, кәдімгі утамыр, үшқұлақ пен кіші балдыршөп өседі. Шөгінді мүйізжапырақ және әр түрлі шылаң түрлері көп кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
ШҚО туризмнің даму жағдайы және болашағы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық туризм дамуы
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және туристік рекреациялық мүмкіншіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz