Хирургиялық операциянын жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны
КІРІСПе
негізгі бөлім
1.1.ШАРУАШЫЛЫҚқа жалпы сипаттама
1.2.шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы
1.3. шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама беру
1.4.ветеринариялық хирургия
1.5.ветеринариялық стомотологиялық хирургия
1.6.Кардиологиялық хирургия
1.7.жұқпалы емес ішкі аурулар
Қорытынды

кіріспе

Жоғары оқу мектебінің алдына қойған негізгі міндеттер жоғары квалификациялы мамандарды дайындау, олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін меңгеріп, алған білімдерін ауылшаруашылық комплекстерінің алға қойған міндеттерін практика жүзінде іске асыру. Алға қойған міндеттердің көпшілігі студенттердің біліміне қарай оқу және шаруашылық практикалардың өту көлеміне байланысты жүзеге асады.
Практиканың негізгі бағыттары: шаруашылықтан алынған іс-тәжірибелермен, білімін шыңдай түсу, сонымен қатар теориялық оқуларды ауылшаруашылық мекемелерінде жұмысты талдай білуге үйрену.
Дұрыс және ұйымдастырыла білген практика таңдап алынған мамандыққа сүйіспеншілігін арттырады және оқу орнын бітіргеннен кейін өзінің өмірін мал шаруашылығына жұмсауға кепілдік береді.
Шаруашылық практикасына беру алдында студенттер практикаға іссапар куәлігін жетекшісінен жеке тапсырма алады. Практика өтетін орынға келгенде, студент міндетті түрде зоотехник, бригадир және көмекші сияқты жұмысшы қызыметін атқарады, ол міндетті түрде шаруашылық басшысымен, бас зоотехниктің бақылауымен жүзеге асуы тиіс. Студент шаруашылық мамандарымен қатар орындалатын жұмысқа жауапты болады.
Практика кезінде студент күнделік жүргізеді, оған қоғамдық және шаруашылық жұмыстарының орындалуы, көлемі және қорытындылары мен мазмұндары жазылады.
Шаруашылық практикасының соңында студент күнделік және есеп жазады. Есепте, күнделікте шаруашылық басшыларының қолымен бекітіледі.Оқу жылының басынан апта бойы студент келесі практика басталғанға дейін кафедраға есеп өткізіп отырады. Есеп тексерілгеннен кейін студент институт директорының бөлінуімен комиссия құрылып есеп қорғалады.
Жұмысты қорытындылап баға қоюдың алдында; шаруашылық мінездемелеріне, баяндаманың сапасына, есептің мазмұнымен дұрыс жазылуына, сұраққа жауап берді, практика кезінде студенттің іс әрекетті ескеріледі
өндірістік практика міндеттері

Өндіріс жағдайында студенттерді ауылшаруашылық өндіріс кешендеріменмен таныстыру және ауылшаруашылық маманы, шаруа қожалығының басшысы ретінде өз жұмыс жүргізу қабілетін арттыру және диплом жұмысын жасауға алған тақырыбына материалдар жинау.
Практика мақсаты:

Мақсаты: Шаруашылық жағдайымен студенттерді таныстырып, өз бетімен зоотехниктің жұмысын атқаруға уйрету, одан жиналған материалдарды дипломдық жұмысты орындауда зерттеу жұмысына қолдану.
- ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру технологиясын меңгеру;
- органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану әдістерін меңгеру;
- ауыл шаруашылығы дақылдларыңың ауруларын тудыратын мекемелердің зиянды жұмыстарына қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу;
- дала-зертханалық зерттеулерін жүргізу;
- ауыл шаруашылық техникасы және агрегаттармен жұмыс жасау үшін технологиялық және техникалық әдістерді меңгеру;
- өндірістік және ауылшарушылық өнімдерін өңдеу технологиясы бойынша білімді тереңдету және бекіту;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді және оларды қайта өңдеу салаларында ұйымдастыруда дағдыларды қалыптастыру;
- өндірістік қызметтің нәтижелілігін талдау, есептеу, басқару және жоспарлауда білімді тереңдете түсу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету;
- зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды шаруашылықта алдын-ала талдау.
Практиканың міндеті:
Шаруашылықта алынған практикалық тәжірибелерді теориялық біліммен ұштастырып тереңдете білу,шаруашылықтағы менеджмент, мекеме, есеп және еңбекақысы туралы сұрақтармен танысу.
Өз мамандығы бойынша студенттердің білімдерін соңғы технологиялармен және нарықтық экономикасы жағдайында менеджмент сұрағы бойынша есеп және еңбекақыны ескере отырып ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде тереңдету және жетілдіре түсу.
Кафедрада оқылатын жалпы және арнаулы пәндер бойынша алынған теориялық білімдерін өндірісте шыңдау және бекіту, соның нәтижесінде дипломдық жұмысты жазу барысында ғылыми- зерттеу әдістерін қолдану және ғылыми әдебиеттерді оқу. Өндірістік практиканың мазмұны диплом жұмыстарының тақырыптарымен анықталады.

негізгі бөлім
1.1.ШАРУАШЫЛЫҚқа жалпы сипаттама

Мал шаруашылығын дамыту қазiргi кезде кең колдау табуда , бiрақ та оған әр түрлі аурулармен қатар инвазиялық ауруларда өз зиянын тигізуде . Қазақстан Республикасының Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында да Укіметке мал шаруашылығын дамытуға , сонымен катар ветеринария iсiн халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге тапсырма берілген болатын . Халықты сапалы өнімдермен және жануар тектес шикізаттармен қамтамасыз ету iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiне де ветеринария байланысты .
Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің , соның iшiнде мал шаруашылығында iстейтiн еңбеккерлердің алдында өте келелi мiндет тұр - ол халықты жеткілікті мөлшерде азық - түлікпен қамтамасыз ету . Оны орындау үшін шаруашылықтарға күшті базаны материалдық - техникалық шоғырландырып , әрі еңбектi ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану керек . Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгiлi бiр жүйелі әрі кешенді көзқарас керек . Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда , ол түгел технологиялык циклдің бұзылуына әкеліп соғады . Сондықтан да , берік жемшөп қорынсыз , ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес . Мал фермаларынан алынатын енiмдердiн мөлшері және сапасы негiзiнен сол өнiм беретiн малдардың денсаулығына тікелей байланысты . Сондықтан еліміздің мал дәрігерлігі қызметінің алдында шаруашылықтағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру , мал шығынын азайту міндеттері тұр . Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижелерiн көтере түсуін , ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгiзудi және мал дәрiгерлiгi маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара бiлуiне тiкелей байланысты .
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезінде , әлеуметтік экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор . Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты . Ветеринария ісін ұймдастыруды нашар жүргізу шаруашылық ісінің бұзылуына , малдан алынатын өнім сапасының төмендiгiне , мал басының кемуіне және әртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады . Республикада ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік - экономикалык факторларға байланысты . Оған жататындар : қоғамдық құрылыс , ендiрiс деңгейі , ғылыммен мәдениеттің дамуы , жоғары және арнаулы орта ветеринарлық бiлiм беру орталықтары , ветеринарлық мекемелерді , өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету , сонымен қатар , материалдық техникалық жағынан дұрыс жабдықтау .
Өкінішке орай , Қазақстан Республикасында және көршілес тәуелсіз мемлекеттерде әлеуметтік экономикалық өзгеріс кезені ветеринарлық қызмет жағдайына айта кеткендей кері әсерін тигізіп отырып . Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан , мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында әртүрлі жұмыстар жүргізілуде . Мысалы , ветеринарлық заңдар , ережелер , нормативтік - құқықтық құжаттар , білікті мамандар даярлау , әртүрлі ветеринарлық қызметке арналған құралдар жасау істері қолға алынуда .

1.2.шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы

Мал шаруашылығы өндiрiсiнiң негiзгi салаларының бірі . негізінен ауыл шаруашылығы Мал шаруашылығының халыққа тигізер пайдасы орасан зор деуге болады . Ауыл шаруашылығындағы малдардан алынатын Өнiмдер - тұрғындар мен халықты азық - түлікпен қамтамасыз етеді . Мысалға , ет , сүт , шикізат өнімдері былғары , жүн , тері , т.б.көптеген түрлерін атап етуге болады . Осы аталған өнімдермен халықты үнемі қамтамасыз етіп отырады . Мал шаруашылығының маңыздылығы сонша , тіпті адамдар мал немесе мал шаруашылығы болмаса , тіршілік ету болмас еді . Сол үшiнде мал дәрігерлік қызметінің негiзгi бағыты бұл мал шаруашылығының тиімділігін арттырып , мал ауруларын және аурулардан болатын шығынды болдырмау , шаруашылықта аурудан таза мал тобын жасау қажеттілігі туып отыр . Малды жедел есіп - өндіру , оларды асылдандыру , олардан барынша мал ӨНІМІН алу ушін бұл кешендер мен . мамандандырылған шаруашылықтардың денсаулығы мықты , жоғары өнім беретін малмен қамтамасыз ету болып табылады . Олардың iшiнде iрi қара малы басты роль атқарады . Ірі қара малынан ет бағытындағы және сут бағытындағы сиырлар есiрiледi .
Малдың енiмдiлiгi орташа деңгейде деуге болады . Шаруашылықта ұрық алатын малға қарағанда , басқа малдардан төлдерді 70 80 % дейін алуға ғана мүмкіндік болып отыр . Шаруашылықта сонымен қатар , 2500 ге жуық қой өсіріледі . Қой шаруашылығынан алынатын өнім жүн мен тері болып табылады . Осы шаруашылық өнімдерді сату арқылы қорына қосымша ақша кезі тусіп тұрады . Ірі қара мал шаруашылығынан төлб ет , сүт өнімдері алынса , бұқалардан ұрық алынады . Шаруашылық осы мал өнімдерін сатудан өзіне көптеген пайда түсіреді . Сонымен қатар , ол осы өнімдерді сатуда басқа қалалар мен жеке көршілес жатқан шаруашылықтармен тығыз қарым қатынаста болып отыр .

1.3. шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама беру

Бөлімшелiк - ветеринарлық емхана адамның өзіне бекітілген аймағында шараларды ұйымдастыруға , жургізуге , бақылауға арналған мемлекеттік мекеме.Ол сонымен қатар ведомоствалық және жеке меншiк , кәсіпкерлік ветеренарлық қызмет жұмысына әдістемелік басшылық және бақылау жасайды . Ветеринарлық бөлімше - шағын мекеме , оның құрамында дәрігер фельдшер және бар . Олар санитарлар шаруашылықтағы ветеринарлық қызмет жұмысын қадағалайды . Ветеринарлық көмек көрсеткіші үшін төлемақы келісімшарттық бағалары бойынша алынады . Олар эпизотиялармен күрес және тағы баска ветеринарлық мәселелерді жоспарлайды .
Бас дәрігер шаруашылықтағы мал дәрігерлік қызмет жұмысын басқару , ұйымдастыру , жоспарлау немесе материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етумен шұғылданады . Сол үшін ол жүргiзiлетiн алдын - алу сақтандыру шараларын жасап , шаруашылық басшысының қарауына ұсынып , белгілі тәртіппен бекітеді . Малдың денсаулығын , жай - күйін анықтау клиникалық белгілері , диогностикалық және диспансерлік зерттеулер арқылы жүргiзiледi : Сонымен қатар , ол азық , жем сапасын тексеріп , малды бағып куту , ұрықтандыру , өсіру , көбейту ережелерінің орындалуын қадағалайды . Осындай жұмыс нәтижесінде беті ашылған кемшіліктерді жою үшін және жоспарға сәйкес емдеу , аурулардың алдын алу , сақтандыру , сауықтыру ұйымдастырылады . Бас дәрігер сойыс малдарын клиникалық байқаудан өткізіп , ет және жүн өнімдерінің жарамдылығы туралы қорытынды береді , тиісті тәртіп бойынша мал дәрігерлік куәліктер анықтамалар береді . Бас дәрігер шаруашылықта жүргізілген мал дәрiгерлiк жұмыстарды жоспарлау , тіркеу , іс - қағаздарын жүргізуді есеп беру тағы басқа ұйымдастырады және оны құжаттардың сапалы құрылуын тиiстi тәртiппен сақталуын қадағалайды .

1.4.ветеринарлық хирургия

Мал дәрігерлік саласындағы ветеринариялық хирургиялық маңызы зор . Ол ауруға алдын ала шара қолдану және емдеу принциптеріне негізделген , ауруға алдын - алу шара қолдануды дұрыс ұйымдастыру және тамақтандыру технологиясын , оған жағдай жасау және дұрыс пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек . Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептерін және дамуын жан жақты зерттеп , оларға қарсы әрекетін жүзеге асырады . Оларға алдын - алу ауруға шара қолдану жарақаттан сақтандыру әдістерi , iрiңдi инфекцияға қарсы әрекеттер және керекті операция жасау , белсенді дәрі қолданып емдеу әдістері жатады . Осы әрекеттерді іске асыру жолдарында төменгі шараларды қолданады . Жылына екі рет көктемде , кузде малға жалпы Клиникалық зерттеу тексеру . - экономикалық пайдалы операция және нәтижелі ем қолдану . - Организмнің резистенттiгiн көтеру , жазылу процесін үдету . Жана хирургиялық ауруларды зерттеу ( Ғ.А. Ишмухамедов ) Отанымыздың ауыл шаруашылық және де оның ішіндегі мал шаруашылығын дамыту қазіргі кездегі күннің өзекті мәселелерінің бірі .
Күрделі операциядан кейін қолданған дәрiлердiң кушi қайтқанда ит - мысық иелеріне 1-2 күн аналгин , димедрол қолдану ұсынылады , өйткені жануарлар қатты ауырсынуды көтере алмай естен тану мүмкін . Осымен қатар құрсақ қуысын жарып ішкі ағзаларға операция жасағанда жарақаттануға және асқынуға қарсы алдын - ала әрекет ретінде Мосин бойынша iштiн жуйкелерiнiң және симпатикалық бағананы плевра үстілік новокайн тежеуiшiн жасайды . Айтылған жүйкелерді тежеу үшін ине шаншитын орнын анықтайды .
Ветеринарлық хирургия туралы түсінік , даму тарихы . Хирургиялық операциянын жіктелуі . Хирургиялык операция - ( лат . орега - әрекет , жұмыс еңбек ) малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы . Кейбір операциялар , 5 шаруашылық қажеттілігіне сәйкес сау малға да жасалады : малды пішу , құйрықты кесу , косметикалық операциялар . Операцияны жасауға болады немесе жасауға болмайды деген көрсеткіштер малдың клиникалық , кейде зертханалық , ретгенологиялық және т.б. зерттеулерге негізделедi . Операцияның көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы болады . Абсолютті көрсеткіштерге жататын операциялар : қатерлі ісік , қанағыс , тимпания , пневмоторакс және т.б. Салыстырмалы көрсеткіштерге жататын операциялар : қатерсіз ісік , қысылмаған жарық және т.б
Операция жасауға болмайтын көрсеткіштер : қоңдылғы , жасына , дерті күшейген кезде , мал естен танғанда , буаздық және т.б. Барлық операциялар негiзгi екі топқа бөлінеді : қанды -терінің , шырышты қабықтың , тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен сипатталады , және қансыз - дененің сыртқы терінің бүтіндігі бұзылмайды . Қолдану мақсатына байланысты операциялар : емдік ( олардың ішіндегі пластикалық және қалпына келтіретін ) ; диагностикалық косметикалық жануарларды сәндеу үшін ( құлағын және құйрығын кесу және т.б. ) ; экономикалық - малдың өнімділігін арттыру мақсатында ( пішу ) ; тәжірибелік ( эксперименталды ) , физиологиялық операциялар , мысалы бір ағзанының қызметін зерттеу немесе жаңа операция әдісін үйренуге бағытталған . Қойылған жоспарға , жылдамдығына және сипатына қарай хирургиялық операция бөлінеді :
1 ) Радикалдық және паллиативтік . Біріншісі - ауру себебін толық жою және рецидивті алдын - алу керек . ( мысалы , тіс кариесi кезiнде тісті жұлып тастау , құрсақ жарығы кезінже жарық тесігін жабу және т.б. ) . Екіншісі- малдың жағдайының нашарлығынан радикалді оперативті ем жүргізуге болмайтын жағдайда жасалады . ( құрсақта су жиналғанда , құрсақыт тесу ) . Жиі бұл операциялар ауру себбебін жоймайды , сондықтанда мәжбүрлі іс шара болып табылады . Емдік операцияларды жылдам қауырттық дәрежесіне қарай : шұғыл ( экстрендік ) , жедел және жедел емес етіп ажыраталады . Шұғыл операциялар - малдың өміріне қатерлі жағдайлар туындағанда жасалатын операциялар ( қан кету , қысылған жарық , асфиксия , жіті тимпания ) . Жедел операциялар - жоғарыда аталған және жылдам дамитын ауруларда жасалатын операциялар ( қатерлі ісік ) .
Жедел емес немесе жоспарлы операция - алдын - ала жоспарланған яғни малдың өнімділігіне және құндылығына әсер етпейтін операциялар ( пішу , құлақ резекциясы ) . Операциялар үлкен және кіші , бір және екi кезеңдік болып бөлінеді . Кіші операцияларға - тесу , инъекция , беткейлік абсцесстерді ашу болып табылады . Үлкен операциялар - құрсаққа және де терең ұлпаларға жасалатын операциялар . Операцияның басталуы және аяқталуы бір мезгілде жасалады , екі кезеңдік - екі рет жасалады , арасында біраз уақыт болады ( іріңді кілегейлі қапшықты тесу , сонан соң 5-7 күннен кейін қапшықты алып тастау ) . Операцияның латын аттары , операция жасалатын ағзалардың және қолданылатын оперативтік әдістердің қосылуынан қалыптасады . Тілу- tomia ; кесіп алу - ectomia , сылып алу extirpatio ; жартылай kecy - resectio ; шеткі мүшелерді толығымен кесіп алу amputatio . ( Мысалы : руменотомия- мес қарынды тілу , уретростомия- жасанды несеп шығаратын тесік жасау ) . Егер инфекция туспеген ұлпа немесе ағзаларға операция жаслса оны " таза " немесе асептикалық дейді , басқа жағдайларда операциялар іріңді деп саналады .
Пластикалық операциялар - зақымдалған ұлпалардың немесе мүшелердің қызметін және пішінін қалпына келтіру . Косметикалық операциялар қазіргі кезде кең орын алып келе жатқан операциялардың бір түрі - иттердің құлағын немесе құйрығын кесу , дененің әр аумағын әшекейлеп сымбаттау т.б. Медицина ғылымның үлкен жетістіктерге жетуіне қарамастан хирургиялық инфекциялармен күрес өзекті де , маңызды мәселенің бірі болып кала береді . Іріңді аурулар мен іріңді асқынулар қазіргі таңда да , соңғы жылдарда да тәжірибе жүзінде өзгерген жоқ . Хирургиялық инфекция деп микроорганизмдердің еніп және көбейіп , олардың ара - қатынасында белгілі бір заңдылыққа бағына отырып , қоздырғыштарды тасымалдаушылықтан айқын аурудың қозуына дейінгі дамитын күрделі кешенді өзгерістерді айтады . Хирургиялық инфекцияны алдын - алу асептиканың негізгі қағидасының орындалуымен жүзеге асады : Жараға жанасатын заттың барлығы залалсыз болу керек .
Жараға не жанасуы мүмкін ?
:: Хирургиялық құрал - саймандар ;
:: Таңғыш заттар
:: Хирургтің қолы
Операциялык алаң АСЕПТИКА және АНТИСЕПТИКА 1750 жылы ағылшын әскери хирургы Прингл асептика ұғымын енгізді . Асептика - ( а - жоқ , septicus - iрiп - шіру ) -инфекцияның болмауы . Асептика дегеніміз -жараға немесе ауру малдың денесіне ифекцияның түсуінің алдын - алуға бағытталған шаралар кешенін айтамыз , басқаша айтқанда микробсыз жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігін жасау . Қазіргі таңда мынадай қағидалардың қатаң түрде сақталғанын талап етеді , олар : Жараға жанасатын заттың барлығы таза және залалсыз болу керек . Барлық хирургиялық аурулар екі топқа бөлінуі керек - таза және инфекцияланған немесе іріңді . Асептиканы механикалық , физикалық , химиялық әдістердің көмегімен іске асырады . Антисептика- ( anti -қарсы , septicus - іріп - шіру ) -бар инфекциямен қарсы күресу шараларының кешені . Хининнің антисептикалық әсерін тапқан Дж . Прилинг 1750 жылы антисептика терминін медициналық тәжірибеге енгiздi .
Сонымен , антисептиканы механикалық , физикалық , химиялық және биологиялық факторлардың көмегімен жараға , патологиялық ошаққа , ағзалар мен ұлпаларғамалдың денесіне тускен микробтарды жоюға бағыталлған шаралардың кешені деп айтуымызға болады . Антисептика Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары Инфекцияның жараға түсуінің алдын - алу үшін , оның денеге қандай жолдармен және қалай түсетінін білу керек . Инфекция жараға экзогенді және эндогенді жолдарымен енеді . Экзогенді инфекцияның көздері : баццилотасымалдаушылар , іріңді хирургиялық ауру малдыр . Эндогенді инфекцияның ену жолдары : ауа тамшылы жұғу жолы ( ауа , шаң , тамшы арқылы ) , жанасу жолы ( құрал - саймандар , таңғыштар , төсек жапқыштар , хирургтың қолы және т.б. ) имплантациялык жол ( тігетін , пластикалық материлдар , протездер және т.б. )
Эндогенді инфекцияның көздері : ауру малдың терісі мен ауыз қуысы , ішкі ағзалар ( асқазан - ішек , жоғарғы тыныс ) патологиялық ошақтар . Эндогенді инфекцияның жұғу жолдары : гематогенді ( қан тамырлары арқылы ) , лимфогенді ( лимфа жүйесі арқылы ) , жанасу ( контакт ) арқылы . Асептика әдістерімен экзогенді инфекциямен , антисептика әдістерімен эндогенді инфекциямен күрес жүргізіледі .
Алдын -алу шараларының жетістікке жетуі үшін , барлық кезеңде онымен күрес жүргiзiлуi қажет : инфекцияның көзі ; инфекцияның ену жолдары ; жалпы организм . Залалсыздандыру қандай да бір заттың физикалық , химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы . Залалсыздандыру асептиканың негізі болып табылады . Залалсыздандыру 4 кезеңнен тұрады : заласыздандыру алдындағы дайындық . заласыздандыруға дайындап орналастыру .
Ветеринарлық хирургия көптеген басты пәндерімен логикалық жағынан негізделген байланысы бар. Бұл пән болашақ мал дәрігерін тәрбиелеуді алғашқы орындардың бірінді тұр.

Ветеринариялық хирургия (Оперативтік хирургия)
Хирургиялық операция түсінігі, мақсаты мен нәтижелері. Операциялардың қажеттілігі мен карсы көрсетілімдері. Жануарларды бекемдеу, құлатып бекемдеу және фармакологиялық заттарды қолдану арқылы қимылсыздандыру. Хирургиялық инфекцияның алдын алу. Асептика және антисептика туралы ілім. Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, вена және артерияға қан тамырларына, сүйек ішіне инъекция жасау техникасы мен оның қажеттілігі. Наркоздың жіктелуі және түрлері, наркоз жасауға арналған дәрілік заттарды енгізу әдістері. Жергілікті жансыздандыру қажеттілігі мен қарсы көрсетілімдері. Дененің түрлі аумақтарына жасалатын новокаиндік тежеулер.
Ветеринариялық хирургия (Жалпы хирургия)
Жарақаттану туралы түсінік. Жарақаттанудың түрлері мен жіктеуі. Хирургиялық инфекциялар туралы түсінік. Сепсис. Тәнді инфекция. Жара және жара ауруы туралы түсінік. Жара белгілері мен түрлері. Жаралану кезіндегі жіті қан аздық. Жара процессінің биологиясы. Жараларды емдеу тәсілдері мен қағидалары. Термиялық, химиялық және термохимиялық күйіктер. Үсіктер. Тері аурулары. Терінің іріңді аурулары. Фурункулез. Карбункул. Экзема. Дерматит. Терінің домбығуы (лимфостаз). Бұлшық ет, сіңір, бурса аурулары. Буын және сүйек аурулары. Мидың жарақаттары, жүйке аурулары. Ісіктердің жіктелуі. Әр түрлі жануарларда ісіктердің орналасуы. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің этиологиясы, даму патогенезі, клиникалық белгілері.
Ветеринариялық хирургия (Жеке хирургия)
Бас аумағының аурулары мен осы аумақта жасалатын операциялар. Мойын және кеуде аумағының аурулары және осы аумаққа жасалатын операциялар. Күре тамырдың резекциясы. Омыртқа, қабырға сынулары. Қабырға резекциясы. Бел және құрсақ аумағының аурулары және осы аумаққа жасалатын операциялар. Несеп - жыныс ағзаларының аурулары және жасалатын операциялар. Алдыңғы және артқы аяқтардың аурулары. Алдыңғы және артқы аяқтардың топографиялық анатомиясы. Алдыңғы және артқы аяқтардың жүйкелерін тежеу. Саусақтардың экзартикуляциясы. Буын, кілегейлі қапшықтарды және сіңір қынаптарын тесу.
1.5.ветеринариялық стомотология

Жалпы стоматологиялық хирургиялық процедуралар:

Жылқылар - біркелкі емес тістердің жиектерін қалқымалы (төмен қаратып) және алып тастау қасқыр тістері.
Иттер - жою үшін әдетте тіс профилактикасы жасалады татар және емдеңіз пародонт ауруы. Бұл процедура әдетте анестезиямен жасалады. Басқа жалпы процедураларға абсцесс немесе сынған тістерді жұлу, жұлу жатады сүт тістері, тамырлы каналдар, және жою гингивальды гиперплазия және эпулидтер.
Мысықтар - ит үшін жоғарыда сипатталғандай тіс профилактикасы және көмегімен тістерді жұлу мысық одонтокластикалық резорбтивті зақымдануы. Ветеринариялық стоматология өрісі болып табылады стоматология қолданылды жануарларға күтім жасау. Бұл ауыз қуысының, жақ-бет аймағының және онымен байланысты құрылымдардың жағдайларын, аурулары мен бұзылуларының алдын алу, диагностикалау және емдеу өнері мен ғылымы. жануарлар.

Ішінде АҚШ, ветеринариялық стоматология - 20-ның бірі ветеринарлық мамандықтар арқылы танылған Американдық ветеринарлық медициналық қауымдастық. Ветеринариялық стоматологтар қызметтер ұсынады эндодонтия, ауыз қуысы және бет-жақ рентгенологиясы, бет-жақ хирургиясы, ауызша емдеу, ортодонтия, педодонтика, пародонтика, және протездеу. Адам стоматологтарына ұқсас, олар сияқты жағдайларды емдейді жақ сынықтар, қателіктер, ауыз қуысының қатерлі ісігі, пародонт ауруы, стоматитжәне басқа ветеринарияға тән жағдайлар (мысалы. мысық одонтокластикалық резорбтивті зақымдануы).

Кейбір жануарларда мамандандырылған стоматологиялық жұмысшылар бар, мысалы жылқы тістерінің техниктері, жылқыларда күнделікті жұмыс жүргізетіндер. Ветеринариялық стоматология мен ауызша емдеу және хирургия практикасын ветеринарлар өздерінің мемлекеттік ветеринариялық практикасына сәйкес жүргізеді. Ветеринариялық-санитариялық қызметкерлерге лицензиясы бар ветеринардың тікелей қадағалауымен мемлекеттік ережелерге сәйкес инвазивті емес, хирургиялық емес ауыз қуысы және стоматологиялық процедураларды жүргізуге рұқсат етілуі мүмкін.[2]

Ветеринариялық практиканың басқа бағыттары сияқты, ветеринариялық стоматология да жануарлардың денсаулығын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қорғау үшін ветеринар-клиент-пациенттің қарым-қатынасын қажет етеді.

Ветеринариялық стоматологияның маңызды белгілерінің бірі - оның қаралуы пародонт ауруы, иттер мен мысықтардың ең көп таралған стоматологиялық жағдайы. Үш жасар үй жануарлары периодонтальды аурудың алғашқы белгілерін көрсете алады, бұл тиімді профилактикалық шаралар қабылданбаған жағдайда күшейеді. Ертерек анықтау және емдеу өте маңызды, өйткені дамыған пародонт ауруы ауыр проблемалар мен ауырсынуды тудыруы мүмкін.

Стоматологиялық проблемалардан туындаған ауырсынуды иелер немесе мамандар өте сирек таниды. Тіс ауруы салдарынан жануар сирек анорексияға айналады. Ерекшелік - жұмсақ тіндердің қатты зақымдануы, мысалы созылмалы гингивостоматит. Жалпы, тіс ауруы созылмалы ауру болып табылады және емдеуден кейін ғана иесі үй жануарларының қаншалықты жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өңеш атрезиясы
Қатерлі ісік эпидемиялогиясы
Перитонит -іш астарының жедел және созылмалы қабынуы
Тізе буынына жасалған ота
Шап жарықтары және оны емдеу тәсілдері
Науқасты шұғыл операцияға дайындау
Отадан кейінгі болатын асқынулар
Омыртқа жотасының зақымдануы
Сорылмайтын тігіс материалдары
Жатыр денесіндегі рак аурулары
Пәндер