Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау


Тақырыбы: Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
Базасы 15 мектеп 3 сынып
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытудың мақсат-міндеттері мен базалық мазмұны 2
2. 2 Көркем шығармаларды оқудың түрлері және оқу сапалары 3
2. 3 Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психологиялық-педагогикалық негіздері 4
2. 4 Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
ІІІ. Практикалық бөлім
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VI. Қосымшалар
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқынаЖолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры - оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі. » - деп атап көрсетті. Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Бастауыш сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады. Көркем шығарманың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың өзіндік әдістемесін қажет етеді. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты міндеті.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдерін теориялық негіздеу және практикада қолданып, тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу нысаны: көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдерін эксперименттер арқылы практикада қолдану құралы ретінде.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мәні, оның педагогикалық негіздерін ескеру мен әдістемелік мәселелерін шешу.
2. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психологиялық-педагогикалық негіздерін нақтылау.
3. Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау.
4. Бастауыш сыныптарда көркем шығармалармен жұмысты ұйымдастыру және өткізу әдістемесін қарастыру.
5. Көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдерін эксперименттік тексеру.
Зерттеудің теориялық негізі. әдебиеттік оқу әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмайды, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А. Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Кезінде әдістеменің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж. Аймауытов айқындап айтқан.
Ж. Аймауытов жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістеме дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ол сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңалық табатын өнер, - деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының тарихында А. Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. Ол оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ.
Әдіскер ғалым ретінде А. Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М. Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М. А. Рыбникова «Әдістеме» дегеніміз - уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру», -деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В. В. Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Зерттеу әдістері. Теориялық зерттеудің келесі әдістері қолданылды: зерттелетін мәселе аспектісінде философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау; психологиялық-педагогикалық құжаттаманы зерделеу (балалардың жеке істері, үлгерім журналдары) ; ақыл-ой тәрбиесіне, оқу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығуларды қорыту және талдау; ақыл-ой тәрбиесі жүйесін модельдеу; бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдау (бақылау және өзіндік, шығармашылық жұмыстар, тестілеу нәтижелері және т. б. ) .
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-іздестіру жұмыстары №15 жалпы орта білім беру мектебінің, 3 сынып оқушыларында жүргізілді.
Жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытудың мақсат-міндеттері мен базалық мазмұны
Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Әдебиеттік оқу пәні бойынша білім мазмұны қатысымдық дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Кесте 1 - Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұны
Мұғалімдер мен оқу-әдістемелік кешенді құрастырушылар ортақ тақырыптардың мазмұны аясында оқу мақсатын жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес өзге де әдебиеттерді қолдана алады.
Кесте 2 - Оқу материалдарының сыныптар бойынша топталуы. Ортақ тақырыптар
8. Демалыс мәдениеті.
Мерекелер
Осылай ортақ тақырыпта әр пәннен қайталап отыру кезінде бір тақырыпты жан-жақты қырынан ашып, терең меңгеруге үйретеді. Балаға тез түсініп ұғып алуға ыңғайлы. Өздеріне таныс тақырып болғандықтан тапсырманы тез түсініп, тез орындайды.
Міне, бұдан біз бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы жағымды өзгерістер балаларға арналып жасалғанын, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жасалғанын, қызығушылықтарын шығармашылықпен дамытуға арналғанын және коммуникативті оқыту ұстанымына негізделіп жасалғанын көруге болады. Бұл - төрт дағдыны қалай дамытуды ескере отырып айтқан Жүсіпбек Аймауытовтың: «… бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін»- деген сөзін еріксіз еске түсіреді.
Әдебиеттік оқу пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнініңнегізгі нысаны - балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс жасауда алатын орны ерекше.
Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау - әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.
Әдебиеттік оқу пәні - бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық, яғни тілдік дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі. Пән арқылы берілетін білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын артыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.
Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т. б. ) құрайды.
Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т. б. ) қалыптасады.
Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттері:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу) жетілдіру;
5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т. б. ) орындауға дағдыландыру.
Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру оқушының:
1) қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне;
2) көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына;
3) алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.
Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т. б. ) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
- оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) ;
- зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім»тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді) ;
- жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
- дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді) ;
- дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту) .
Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
- мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
- ойын әдісі;
- «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;
- сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
- тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;
- оқушылардың білімін жүйелі түрде мониторингілеу;
- оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
- оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді) ;
- оқушылардың оқу әрекетін жеке, жұптық, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т. б. үйренеді) ;
- оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.
Басты назар білім мен сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:
˗ оқушыны қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;
˗ өз ойларын еркін айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай - АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынасында технологияларды орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.
Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған оқу бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады.
Бұл «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:
˗ оқытудың сапасын арттыру үшін сабақта жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану;
˗ ғаламтор ресурстарымен жұмыс жасайды (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау) ;
˗ мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point) ;
˗ ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды(принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
˗ электронды оқулықтарды пайдалану;
˗ тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;
˗ ақпаратты саралап, зерттей алу.
Коммуникативті оқыту ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту.
Әдебиеттік оқу пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
- шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
- тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
- шығарма бойынша жоспар құру;
- тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
- шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
- шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
- мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
- ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
- жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу») ;
- ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
- берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
Әдебиеттік оқу пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
- шығарманың тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
- шығарманың негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
- ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
- әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау) .
- интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау) .
Әдебиеттік оқу пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
- оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
- әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;
- әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
- газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
- белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
- әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
- ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
- сұхбатқа сұрақтар дайындау.
Сөйлеу әрекеттерін бағалау бойынша ұсыныстар.
Оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, өз көзқарасын білдіруге, ойын жеткізіп айтуға дағдыландыру тіл сабақтарындағы сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі негізінде қалыптасады. Бастауыш сыныптарда сөйлеудің коммуникативтік қызметіне, яғни қарым-қатынас тілін дамытуға (монолог және диалог) көп көңіл бөлінеді.
Монологтік сөйлеу - сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Монологте белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Монологте сөйлеушінің ойы, пікірі, көңіл күйі, психологиялық ішкі толғанысы көрініс табады.
Диалогтік сөйлеу - екі адамның арасындағы сөйлеу әрекеті. Диалогте сөйлеу мен тыңдау әрекеттері қатар жүреді. Диалогте оқиға мен болмыс нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады.
Сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау аясында төмендегі критерийлер мен дескрипторларды қолдана отырып, өткізу ұсынылады.
Әдебиеттік оқу пәнінің базалық мазмұны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz