Қысқарған сөздердің түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР 4
1.1 Қысқарған сөздердің шығу тарихы 4
1.2 Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері 4
1.3 Қысқарған сөздердің түрлері 4
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ 5
2.1 Қысқарған сөздердің қолданылу аясы 5
2.2 Баспасөздерде қолданылатын қысқарған атаулар 5
2.3 Қысқарған сөздерді ғылымда қолдану жайы 5
2.4 Қысқарған сөздерді қолданудағы кемшіліктер 5
2.5 Жастар диалектісінде қолданылатын қысқарған сөздер 5
2.6 Қысқарған сөздердің электрондық сөздігі 5
3. ҚОРЫТЫНДЫ 6
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 7
Қосымша 1 8

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды - деп, Бұқар жырау атамыз айтқандай, қазіргі таңда қазақ тіл білімінде толықтай зерттелмей, талданбай, тіл мамандарының көңіліне бөлінбей жатқан мәселелер баршылық. Соның бірі - қазақ тіліндегі қысқарған сөздер, оның жай-күйі. Қысқарған сөздердің қазақ тіл білімінде пайда болып, қолданысқа енуін ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінің төңірегіне жатқызуға болады. Әр ғасырдың уақыт талабына сәйкес, сонымен қатар, өмірде болып жатқан түрлі экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістерге байланысты қазақ тілінде жаңа сөздер қосылып, жаңа күрделі атаулар толықтырылып дамып отыр. Ахмеди Ысқақов, Кәкен Аханов сынды тілтанушылардың еңбектерінде күрделі сөздердің қатарына біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырған. Демек, осы атауларды айту, жазу барысында сөздерді ықшамдап, тілге жеңіл айту қажеттілігінен - қысқарту амалы пайда болды. Қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір тобы ретінде қарастырылып жүр. Қазақ тілінде бұл күрделі сөздердің шығу тарихын орыс тілінің Қазан революциясынан кейінгі уақытқа тигізген әсерімен, оның нәтижесімен байланысты деп есептеледі. Кеңес дәуірі барысында жаңадан пайда болған саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылықтар әр алуан қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің ашылуына себеп болды. Дәл осы мекемелер мен ұйымдардың атауы көп сөздерде құрылғандықтан, бұл күрделі атауларды әдеби тілдің жазбаша түрінде де, ауызша да қысқартып, яғни ықшамдап айтылуы дәстүрге айналған. Демек, соның нәтижесінде қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір түрі ретінде қалыптаса бастады.
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - сөзжасамның бір тәсіліне жататын, өзіндік грамматикалық құрылымы және семантикалық ерекшеліктері бар тілдік құбылыс. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер екі немесе одан да көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары, екіншілік аталымы (номинациясы). Яғни тіркесіп келген ұғымның атаулары қысқарымдарға негіз болады да, тілдік құрылымы өзгеріске ұшырап, қалпын сақтай алмайды. Бұл - басқа күрделі зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың ерекшелігі. Сөзжасамның бір амалы ретінде қалыптасқан қысқарған сөздер лексикалық бірлік боп танылатындығы. Бұлар да белгілі бір ұғымның жинақталған, ықшамдалған атаулары.
Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - аталуы бастапқыда атрибутивті сөз тіркестерінің көмегімен түсіндірмелі түрде толық берілген, екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары, екінші номинация. Ықшамдау, қысқарту процесіне, сондай-ақ жеке сөздерде ұшырайды. Қысқарған сөздер құрамы жағынан әр түрлі болып келеді де, құрамындағы компоненттерінің әрі қысқарып, әрі бірігуі арқылы жасалады. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есім өз құрамына енген компоненттерінің қай сөз табына жататынына қарамастан бір ұғымның атауы ретінде қолданылады.
Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер етеді. Олар:
- қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар;
- тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады;
- қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар.
Қысқарған сөздерді туғызушы басты себептің бірі - қоғамдағы ірі әлеуметтік өзгерістер. Тіл - қоғам өмірінің айнасы деп бекер айтылмаған. Соған орай, тіл қоғам қажетін өтеу үшін сол қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтарды көрсете аларлықтай жаңа ұғымдар мен түсініктер іздестіре бастайды. Бұндай жаңалықтар, әсіресе, тілдің лексикасында, сөздігінде бірден көзге түседі. Орыс тілінің халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі рөлі әлемдік көлемде де, бұрынғы КСРО шеберінде де өлшеусіз өсуіне орай, орыс тілінің қолданбалы мәселелерін шешу өзекті мәселелерге айналды.
Зерттеудің мақсаты: Терминологияда, қоғамда, тіл мәдениеті салаларында кең ауқымда қолданылып келе жатқан немесе қолданыстан шығып қалған қысқарған сөздердің табиғатын, жасалу жолдарын зерттеу, қолданыс аясының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Қысқарған сөздердің грамматика саласында дербес, жеке сөз екендігін ажырату, қысқарған сөздердің электронды сөздігін құрастыру.
Зерттеу объектісі: Қысқарған сөздер, грамматика, күрделі сөздер, аббревиатура, терминология, сөздік.
Зерттеу пәні: Қазақ тілі грамматикасы, қысқартылған сөздер, лингвистикалық сараптама, ағылшынша (латын) таңбалануы, ресми және жалпыхалықтық қысқарған сөздер.

1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
0.1 Қысқарған сөздердің шығу тарихы
Қазақ тіл білімінің дамуы бірнеше кезеңдерден өтті. Соның ішінде, атап көрсететін кезең Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық. Бұл онжылдықтың ішінде қазақ тілінің ғылыми тұрғыда және салалы да бағдарлы болуы, әдеби тілінің дамуы Кеңес одағының өкілеттігі жүріп тұрған шақта ресми стильдің де публицистикалық шығарма тілінің де дамуын көруге болады. Бұл кезеңдегі газет-журнал тілін зерттеп қарастырсақ, жазбаша тілдің де бір ізге түсіп, қалыпқа келе бастағаны анық көрінеді. Тарихқа көз жүгіртіп, 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезін алып қарасақ, газет-журналдың тілінде көптеген айырмашылықтарды байқауға болады. 1920 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің ерекшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскені көрінеді. Әсіресе, кітаби тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады.
1920 жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдардың айрықша назарын аудартады. Сөз мәдениетінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткенімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды.
Қазақ тілі білімінде көне заманнан бері қалыптасып, уақыт өте келе дамып жатқан бірнеше салалары бар. Олардың қатарына фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Графика және орфография - бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика -- тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Тарихтан белгілі, Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын, сонымен қатар, чуваштар сияқты кейбіреулері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады. Ислам дінінің енуіне байланысты IX -- X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Тілмен танысу, оны үйрену немесе үйрету, сөзді дұрыс дыбыстау, яғни бұның барлығы алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталады. Дәл осы себептен қай ғасырда немесе қай кезеңде болмасын осы дыбыстық мәселелеріне (фонетикаға) қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарай дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.
Осы жолда бірнеше мәселелерді қолға алып, С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар секілді ғалымда көп еңбек етті. Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулердің қазақ тілі фонетистері еңбектеріне де игілікті әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан да оларды қазақ тілі фонетика ілімінің дамуына кіріспе ретінде қарастыруға болады. Отандық фонетикалық зерттеулер қазақ тілі білімінде аз емес. Бұл салада тынымсыз еңбек етіп, елеулі із қалдырған ғалымдар біршама. Қазан революциясына дейінгі кезеңнен И.Ильминский, П. Мелиоранский, В. Катаринский, ғасырдың бас кезінен бастап - 1927 жылға дейін еңбек еткен А. Байтұрсынов, сонымен қатар, Е. Омаров, Т. Шонанов, X. Досмұхамбетұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, соңғылардан Ж. Аралбаев, С. Татубаев, Ә. Жүнісов, А.Қошқаров, т. б. атауға болады.
Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі сөздерді есепке алу, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқарған сөздер түрлері
Қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері мен қолданысы
Қысқарған сөздер аббревиатураларды талдау
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері
Күрделі сөздер классификациясы
КОРЕЙ тіліндегі ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ
«Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда көмекші мектептің 5-7 қазақ сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының жағдайын анықтау
Негізінен сөзжасам саласында біріккен сөздер - туынды сөздер
Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту
Пәндер