Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР4

1. 1 Қысқарған сөздердің шығу тарихы4

1. 2 Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері9

1. 3 Қысқарған сөздердің түрлері14

2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ20

2. 1 Қысқарған сөздердің қолданылу аясы20

2. 2 Баспасөздерде қолданылатын қысқарған атаулар22

2. 3 Қысқарған сөздерді ғылымда қолдану жайы30

2. 4 Ресми құжат мәтіндеріндегі қысқарған сөздердің қолданысы32

2. 5 Қысқарған сөздерді қолданудағы кемшіліктер38

2. 6 Жастар диалектісінде қолданылатын қысқарған сөздер42

2. 7 Қысқарған сөздердің электрондық сөздігі55

3. ҚОРЫТЫНДЫ62

4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР63


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

«Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды» - деп, Бұқар жырау атамыз айтқандай, қазіргі таңда қазақ тіл білімінде толықтай зерттелмей, талданбай, тіл мамандарының көңіліне бөлінбей жатқан мәселелер баршылық. Соның бірі - қазақ тіліндегі қысқарған сөздер, оның жай-күйі. Қысқарған сөздердің қазақ тіл білімінде пайда болып, қолданысқа енуін ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінің төңірегіне жатқызуға болады. Әр ғасырдың уақыт талабына сәйкес, сонымен қатар, өмірде болып жатқан түрлі экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістерге байланысты қазақ тілінде жаңа сөздер қосылып, жаңа күрделі атаулар толықтырылып дамып отыр. Ахмеди Ысқақов, Кәкен Аханов сынды тілтанушылардың еңбектерінде күрделі сөздердің қатарына біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырған. Демек, осы атауларды айту, жазу барысында сөздерді ықшамдап, тілге жеңіл айту қажеттілігінен - қысқарту амалы пайда болды. Қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір тобы ретінде қарастырылып жүр. Қазақ тілінде бұл күрделі сөздердің шығу тарихын орыс тілінің Қазан революциясынан кейінгі уақытқа тигізген әсерімен, оның нәтижесімен байланысты деп есептеледі. Кеңес дәуірі барысында жаңадан пайда болған саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылықтар әр алуан қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің ашылуына себеп болды. Дәл осы мекемелер мен ұйымдардың атауы көп сөздерде құрылғандықтан, бұл күрделі атауларды әдеби тілдің жазбаша түрінде де, ауызша да қысқартып, яғни ықшамдап айтылуы дәстүрге айналған. Демек, соның нәтижесінде қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір түрі ретінде қалыптаса бастады.

Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - сөзжасамның бір тәсіліне жататын, өзіндік грамматикалық құрылымы және семантикалық ерекшеліктері бар тілдік құбылыс. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер екі немесе одан да көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары, екіншілік аталымы (номинациясы) . Яғни тіркесіп келген ұғымның атаулары қысқарымдарға негіз болады да, тілдік құрылымы өзгеріске ұшырап, қалпын сақтай алмайды. Бұл - басқа күрделі зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың ерекшелігі. Сөзжасамның бір амалы ретінде қалыптасқан қысқарған сөздер лексикалық бірлік боп танылатындығы. Бұлар да белгілі бір ұғымның жинақталған, ықшамдалған атаулары.

Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - аталуы бастапқыда атрибутивті сөз тіркестерінің көмегімен түсіндірмелі түрде толық берілген, екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары, екінші номинация. Ықшамдау, қысқарту процесіне, сондай-ақ жеке сөздерде ұшырайды. Қысқарған сөздер құрамы жағынан әр түрлі болып келеді де, құрамындағы компоненттерінің әрі қысқарып, әрі бірігуі арқылы жасалады. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есім өз құрамына енген компоненттерінің қай сөз табына жататынына қарамастан бір ұғымның атауы ретінде қолданылады.

Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер етеді. Олар:

- қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар;

- тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады;

- қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар.

Қысқарған сөздерді туғызушы басты себептің бірі - қоғамдағы ірі әлеуметтік өзгерістер. Тіл - қоғам өмірінің айнасы деп бекер айтылмаған. Соған орай, тіл қоғам қажетін өтеу үшін сол қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтарды көрсете аларлықтай жаңа ұғымдар мен түсініктер іздестіре бастайды. Бұндай жаңалықтар, әсіресе, тілдің лексикасында, сөздігінде бірден көзге түседі. Орыс тілінің халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі рөлі әлемдік көлемде де, бұрынғы КСРО шеберінде де өлшеусіз өсуіне орай, орыс тілінің қолданбалы мәселелерін шешу өзекті мәселелерге айналды.

Зерттеудің мақсаты: Терминологияда, қоғамда, тіл мәдениеті салаларында кең ауқымда қолданылып келе жатқан немесе қолданыстан шығып қалған қысқарған сөздердің табиғатын, жасалу жолдарын зерттеу, қолданыс аясының ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу нысаны: Қысқарған сөздердің грамматика саласында дербес, жеке сөз екендігін ажырату, қысқарған сөздердің электронды сөздігін құрастыру.

Зерттеу объектісі: Қысқарған сөздер, грамматика, күрделі сөздер, аббревиатура, терминология, сөздік.

Зерттеу пәні: Қазақ тілі грамматикасы, қысқартылған сөздер, лингвистикалық сараптама, ағылшынша (латын) таңбалануы, ресми және жалпыхалықтық қысқарған сөздер.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
  1. Қысқарған сөздердің шығу тарихы

Қазақ тіл білімінің дамуы бірнеше кезеңдерден өтті. Соның ішінде, атап көрсететін кезең Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық. Бұл онжылдықтың ішінде қазақ тілінің ғылыми тұрғыда және салалы да бағдарлы болуы, әдеби тілінің дамуы Кеңес одағының өкілеттігі жүріп тұрған шақта ресми стильдің де публицистикалық шығарма тілінің де дамуын көруге болады. Бұл кезеңдегі газет-журнал тілін зерттеп қарастырсақ, жазбаша тілдің де бір ізге түсіп, қалыпқа келе бастағаны анық көрінеді. Тарихқа көз жүгіртіп, 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезін алып қарасақ, газет-журналдың тілінде көптеген айырмашылықтарды байқауға болады. 1920 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің ерекшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскені көрінеді. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады.

1920 жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдардың айрықша назарын аудартады. Сөз мәдениетінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткенімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, С. Аманжолов т. б. ) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды.

Қазақ тілі білімінде көне заманнан бері қалыптасып, уақыт өте келе дамып жатқан бірнеше салалары бар. Олардың қатарына фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Графика және орфография - бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика - тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Тарихтан белгілі, Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын, сонымен қатар, чуваштар сияқты кейбіреулері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады. Ислам дінінің енуіне байланысты IX-X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.

Тілмен танысу, оны үйрену немесе үйрету, сөзді дұрыс дыбыстау, яғни бұның барлығы алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталады. Дәл осы себептен қай ғасырда немесе қай кезеңде болмасын осы дыбыстық мәселелеріне (фонетикаға) қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарай дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.

Осы жолда бірнеше мәселелерді қолға алып, С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар секілді ғалымда көп еңбек етті. Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулердің қазақ тілі фонетистері еңбектеріне де игілікті әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан да оларды қазақ тілі фонетика ілімінің дамуына кіріспе ретінде қарастыруға болады. Отандық фонетикалық зерттеулер қазақ тілі білімінде аз емес. Бұл салада тынымсыз еңбек етіп, елеулі із қалдырған ғалымдар біршама. Қазан революциясына дейінгі кезеңнен И. Ильминский, П. Мелиоранский, В. Катаринский, ғасырдың бас кезінен бастап - 1927 жылға дейін еңбек еткен А. Байтұрсынов, сонымен қатар, Е. Омаров, Т. Шонанов, X. Досмұхамбетұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, соңғылардан Ж. Аралбаев, С. Татубаев, Ә. Жүнісов, А. Қошқаров, т. б. атауға болады.

Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі сөздерді есепке алу, оның құрамындағы сөздердің мән-мағыналарын айқындау істерінен, яғни әр түрлі сөздіктер жасаудан басталған. Мұндай бастамасыз тілдің сөздік құрамы туралы мәнді бірдеңелер айту мүмкін емес. Осы себептен де, лексикографиялық жұмыстың бастамасы көне заманға кетеді. Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін” жүзеге асыратын құрал болғандықтан оның атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т. б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э. Д. Сүлейменова “Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”, - деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді.

Ғалым С. Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен, әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам қоғамына» мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес, кез келген тіл білімінің саласын С. Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді: ”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да және. күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін, функционалды сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық факторлармен бірге зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану, тәжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті. Құрылымдық типология тұрғысынан барлық тілдер тең дәрежелі болып есептелсе де, әлеуметтік типологияда тілдердің сараланатын өз өлшемдері, өз “құндылықтары” барын назарға алсақ, С. Аманжоловтың “ . . . тілдердің біріне-бірі ұқсап та, ұқсамауы да әлеуметтік [социалды] жағдайға байланысты” деген тұжырымының маңыздылығына, сөзсіз, көз жеткіземіз. Бұл жағдайда сол тілде сөйлеуші адамдардың, халықтардың саны, қолданушы мемлекеттердің есептік көрсеткіші ескеріледі әрі тілдің қоғамдық функциялары мен әлеуметтік салаларды қамту өзгешелігі нысанағы алынады. Мұндай ерекшеліктерді С. Аманжолов “қоғамдық қарым-қатынас күштілігі”, - деп сипаттай отырып, тілдің “қоғамдық құбылыс, қоғамдық коллективтіктің тапқан, жасаған нәрсесі, қоғаммен бірге өсіп-өнетін нәрсе” екенін дәйектейді. Демек, тілдің әлеуметтік деңгейін анықтау, оның қоғамдық танымын саралау және қоғамдық сананы қалыптастырудағы атқарар қызметін талдап көрсету, бір жағынан, қарым-қатынас күштілігі деп түсіндірілсе, екіншіден, қоғамдық коллективтің тапқан, жасаған нәрсесі деп ұғынылады, яғни әлеуметтік таным тілдік құралдардың жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болады.

Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.

Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т. б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З. Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:

1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;

2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;

3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді,

4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.

Сонымен қатар, З. Ш. Ерназарованың ойынша сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп жеткізу, жаңа мәлімет беру сияқты қосымша мәліметтері бар. Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т. т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі.

Әрине, қарым-қатынас тілсіз болу мүмкін емес, біздің қазақ тілімізде сөздердің құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінетіні бәріне мәлім. Күрделі сөздердің қатарына біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер және тіркесті сөздер кіреді. Әр сөз өз алдына ұзақ әрі күрделі болуы да теріс емес. Бұл күрделі сөздердің сын есім, сан есім және зат есімдерді, етістіктерді қарастыру арқылы көп еңбек атқарған Ахмеди Ысқақов, Кәкен Аханов секілді тілтаншыларды атап өтуге болады. Бұл ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің жалпы қолданылуы, олардың пайда болуы зерттелген. Дегенмен де, атап өтсек, бұл күрделі сөздердің ішіндегі қысқарған сөздердің таралуы, пайда болуы мен жасалынуына терең мән берілмей, көп уақытқа дейін өзекті болмай келгені де жасырын емес. Қысқарған сөздердің қазақ тілі білімінде пайда болуының бастамасы ХХ ғасырдан келе жатыр десек те болады. Себептерінің бірі ретінде, уақыт кезеңінің өтуіне сәйкес, қоғамдағы экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістердің негізінде жаңадан сөздер қосыла отырып, жаңа күрделі атаулар дами түсті. Бұл өзгерістердің салдарын көптеген қоғамдағы өзгеріп жатқан сөз мағынасына қарап ажыратуға болады. Жаңадан пайда болған өндірістер, жаңашылықтар мекеме болсын, құрылғыларды, тіпті тұрмыстық жағдайда қолдануға болатын барлық дерлік заттарды айту, жазу кезінде оларды ықшамдап, қысқарту негізінде - тілге жеңіл болу қажетінен қысқарған сөздер де пайда болды десек қате емес. Жоғарыда айтылғандай, бұл қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір тобына жатады. Тағы бір себептердің бірі ретінде, орыс тілінің Қазан революциясынан кейінгі уақыттағы өзгерістерімен де түсіндіруге болады. Демек, аталып өткендей ХХ ғасырдың басында пайда болған мәдениет, шаруашылықтар көптеген жаңа қоғамдық ұйымдардың және мекемелердің ашылуына негіз болды. Бірнеше сөздерден құрыла бастаған мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың атаулары әдеби тілде жазбашасында да, ауызша да қысқартылып, яғни ықшамдалып айтылуы дәстүрге айналып кетті. Дәл осы себептерден де, қысқарған сөздер күрделі сөздердің бір түрі ретінде қалыптасты.

Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - сөзжасамның бір тәсіліне жататын, өзіндік грамматикалық құрылымы және семантикалық ерекшеліктері бар тілдік құбылыс. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер екі немесе одан да көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған түрлері, екінші аталымы (номинациясы) . Яғни тіркесіп келген ұғымның атаулары қысқарымдарға негіз болады да, тілдік құрылымы өзгеріске ұшырап, қалпын сақтай алмайды. Бұл - басқа күрделі зат есімдерге қарағанда қысқартылған сөздердің ерекшелігі ретінде саналады. Сөзжасамның бір амалы секілді қалыптасқан қысқарған сөздер лексикалық бірлік боп танылады. Бұлар да белгілі бір ұғымның жинақталған, ықшамдалған атаулары.

Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - аталуы бастапқыда атрибутивті сөз тіркестерінің көмегімен түсіндірмелі түрде толық берілген, екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары. Ықшамдау, қысқарту процесіне сондай-ақ, жеке сөздерде ұшырайды. Қысқарған сөздер құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, құрамындағы компоненттерінің әрі қысқарып, әрі бірігуі арқылы жасалады. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есім өз құрамына енген компоненттерінің қай сөз табына жататынына қарамастан бір ұғымның атауы ретінде қолданылады.

Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер етеді. Олар:

- қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастардың түбегейлі өзгеруінен пайда болған жаңа идеялар, қоғам және ғылыми-техникалық революциялар, инновациялық, коммуникативтік ақпараттық технологиялардың жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар;

- тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйлеу машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болуы;

- қысқарған сөздердің жасалуына сондай-ақ, шет тілдері мен орыс тілінің ықпалы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқарған сөздердің түрлері
КОРЕЙ тіліндегі ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ
Қысқарған сөздер аббревиатураларды талдау
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Қысқарған сөздер түрлері
Қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері мен қолданысы
Қысқартулардың қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылуы
Негізінен сөзжасам саласында біріккен сөздер - туынды сөздер
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Түбір сөз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz