Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

«Көкшетау жоғарғы медициналық колледжі»

Мамандығы « Мейірбике ісі»

Біліктілігі « »

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің

ерекшеліктері».

Орындаған : Хибадат Кенжегул

/Т. А. Ж/ /қолы/

Ғылыми жетекшісі : Куспанова Айгуль Рысбековна

/Т. А. Ж/

/қолы/

Көкшетау 2021 жыл

Мазмұны

Қысқартылған сөздер тізімі . . . 2

Кіріспе . . . 3

1 ТАРАУ. ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРҒА МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Егде жастағы науқастарды күтудің негізгі ерекшеліктері . . . 5
  2. Егде жастағы науқастарды күтудің жалпы принциптері . . . 7
  3. Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтім мен бақылау жасаудың ерекшеліктері . . . 9
  4. Егде жастағы науқастарды тамақтандыру ережесі . . . 15
  5. Егде жастағы адамның тірек қимыл жүйесінің аурулары . . . 17
  6. Егде жастағы науқастардың тері өзгерістері . . . 23

2-ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2. 1. Зерттеудің материалдары мен әдістері . . . 26

2. 2. Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін зерттеу

мақсатында алынған нәтижелерді талдау . . . 27

Практикалық ұсыныстар . . . 43

Қорытынды . . . 44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 46

Қосымшалар . . . 48

Қысқартылған сөздер тізімі

АҚ - артериялық қысым

АҚЖ - асқорыту жолдары

БҰҰ- біріккен ұлттар ұйымы

ЖИА- жүректің ишемиялық ауруы

ЖҚЖ - жүрек қан тамыр жүйесі

ЖБЖ - жедел бүйрек жеткіліксіздігі

ГПЛ - гиперлипопротеинемия

ӨСОА - өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

УКС- ультракүлгін сәулесі

ДДҰ-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ҚА - қалалық аурухана

РФ - Ресей Федерациясы

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

Кіріспе

Соңғы 160 жылда өмір сүру ұзақтығы экономикалық дамыған елдерде жылына 3 айға ұлғайды. БҰҰ деректері бойынша 2025 жылы 60 жастан асқан азаматтар саны 1 млрд-тан асады. Дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетті. Біздің елде қарт адамдардың саны 5% құрайды.

Қазіргі заман медицинасының динамикалық дамыған саласы - клиника-лық геронтологияның (гериатрии) міндеті - егде жастағы адамның физиологиялық және патофизиологиялық ерекшеліктерін, патологиялық үрдістердің өтуі мен оларды емдеу тәсілдерін анықтау. Геронтопсихология міндеті - егде жастағы адамдардың жүйке жүйесі мен әдет-қылықтарын зерттеу. Геронтопсихологияның маңызды саласы - түрлі тірі жандылардың жастық әдет-қылықтарын зерттейтін әдет-қылық геронтологиясы болып табылады. Әлеуметтік гигиенаның міндеті (герогигиена) - өмір сүру жағдайлары мен қоршаған ортаның қартаю мен адамның өмір сүру ұзақтығына әсерін анықтау.

Қартаю мен оның дамуындағы қосалқы аурулар негізінде жатқан меха-низмдерді түсіну қажеттілігі де айтылған. Осының негізінде егде жастағы адамдарға тән ауруларды нәтижелі емдеу мен алдын алу стратегиясы ойластырылу қажет. ЖИА, инсульт, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы мен пневмо-ния, өкпе рагі сияқты ауруларды алдын алу, талдау тобының деректері бойынша өмір сүру ұзақтығын 9, 3 жылға ұлғаюына алып келуі мүмкін (дамыған елдерде жылына 4, 4, экономикасы барынша дамыған елдерде жылына 16, 1) .

Егде жастағы адамдар арасында мейіргерлік көмекке мұқтаж науқастар тізімі кең. Елімізде онкологиялық аурулар, сондай-ақ ЖҚТБ-мен, церебралды сал ауруымен, жүрек-қан тамырлары патологиясының ауыр түрлерімен ауыратын пациенттердің, әртүрлі емдік үдемелі аурулары бар егде жастағы науқастардың саны төмендемейді. Денсаулық сақтау министрлігінің талдауы осы аурулар классы бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштерін көрсетеді.

Мұның бәрі егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін және әлеуметтік-медициналық жұмыстар бойынша орындалатын іс-шараларды дайындауда сараланған тәсілді қолдануды, медициналық бақылауға, оңалтуға қажеттілікті көрсетеді. Осыған байланысты әлеуметтік-медициналық жұмысты жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлау туралы мәселе өткір қойылып отыр.

Зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасырдың басында халықтың қартаю тенденциясы экономикалық дамыған барлық елдерде байқалады, бұл қоғамның медициналық-әлеуметтік мәселелерінің бірі. Өйткені егде жастағы адамдарға жастарға қарағанда көбірек медициналық-əлеуметтік жəне психологиялық көмек қажет, сондықтан оларды ұзақ емделуі мен күтімі жиі кездеседі.

Егде жастағы адамдарға күтім жасаудың созылмалы және күрделі қажеттіліктері медициналық қызмет көрсету, яғни мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін ұйымдастыруды жетілдіру мəселелерінің маңыздылығын анықтайды жəне менің зерттеу жұмысымның өзектілігі болып табылады.

Зерттеу объектісі: Көпбейімді Ақмола облыстық ауруханасы, кордиалогия бөлімшесі.

Зерттеу мақсаты: Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін ауалнама жүргізу арқылы зерттеу.

Міндеттері:

  • Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
  • Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтім көрсетудегі мейірбикенің рөлін бағалау;
  • Бөлімшедегі мейіргердің жұмысын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу;
  • Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
  • Бөлімшедегі мейіргердің жұмысын бағалау;
  • Осы зерттеу нәтижесінде егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтім жасауда мейірбикенің жұмысын нығайту.

Зерттеу сұрағы: Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін анықтау арқылы олардың өмір сүру ұзақтығының жақсарту, тəжірибелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу жаңалығы: Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін мен өмір сүру ұзақтығын жақсартуда, көпбейімді Ақмола облыстық ауруханасы, кордиалогия бөлімшесінде егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін анықтау арқылы талдау жүргізіп, қорытынды шығаратын боламын.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтім жасау ерекшеліктері, яғни жалпы емдеудің мақсаты - науқас үшін өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндіктерін жасау. Ол науқастың физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар маңызды - психологиялық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталуы керек.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен кұрылымы: Зерттеу жұмысы 51 компьютерлік мәтін бетінен тұрады, 20 диаграммалар және 20 кестелер суреттелген. Дипломдық жұмыс кіріспе, әдебиеттерді шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеудің нәтижелері, қорытынды, практикалық ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35 әдебиеттен тұрады.

1 ТАРАУ. ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРҒА МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Егде жастағы науқастарды күтудің негізгі ерекшеліктері

Егде жастағы адамдарға тән патологиялық өзгерістердің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады:

Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда) .

Бір науқастың бойында екі немесе одан да көп аурулардың болуы. Егде жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.

Көбнесе аурулардың созылмалы ағымды болуы. Көптеген созылмалы аурулардың өршуіне жасына сәйкес эндокринді алмасу және иммундық ығысудың қолайсыздығы әсер етеді.

Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың неғұрлым баяу және жасырынды бүркемелі ағымы анықталады. (Пневмония, миокард инфарктісі, өкпе туберкулёзі, неопластикалық үрдістер, қантты диабет және т. б. ) . Мысалы, егде жастағы науқастарда қызба, туберкулез немесе инфекциялық эндокардиттің, іш қуысындағы абсцесстің негізгі көрінісі болуы мүмкін.

«Кәрілік» аурулардың болуы (остеопороз, қуық үсті безінің қатерсіз ісігі, Альцхаймер аруы, кәрілік амилоидоз және т. б. ) .

Қорғаныс реакцияларының, бірінші кезекте иммунды реакцияның өзгеруі.

Әлеуметтік - психологиялық статустың өзгеруі. Әлеуметтік бейімсізденудің негізгі себебі адамның зейнеткерлікке шығуы, жақын туыстарын және жолдастарының өліміне байланысты оларды жоғалту, жалғыздық және басқа адамдармен қарым - қатынасының шектелуі, өзін күтудің қиындауы, экономикалық жағдайының нашарлауы. Осы жағдай аясында үрейлілік, депрессия, ипохондриялық синдром сияқты бұзылыстар дамиды (өзінің денсаулығы үшін шектен тыс патологиялық сақтану, ешқандай ауру болмаса да оның бар екеніне сену) .

Егде жастағы науқасты рациональды қарау өзара міндетті түрде түсінушілікке жету және «науқас - мейірбике - дәрігер» «үштігімен» келісуді болжайды. Науқастың дәрігердің тағайындауын орындау дәрежесі медициналық әдебиетте «комплайенс» (англ. compliance - келісу) терминімен берілген. Егде жас өздігінен жеткіліксіз комплайенстің себебі бола алмайды, себебі дұрыс жақындасу комплайенске жетуге қол жеткізеді - ауызша және жазбаша нұсқауды қолдану, тағайындалатын медикаменттердің санын азайту, ұзақ әсер ететін дәрілердің түрлерін және қосарланған препараттарды таңдау және т. б.

  1. Егде жастағы науқастарды күтудің жалпы принциптері

Медициналық этика. Егде жастағы науқастарды күтуде медициналық этика және деонтологияның ережелерін сақтау маңызды болып табылады. Кей жағдайда жалғыз басты пациент үшін мейірбике ең жақын адам болып саналады. Әрбір науқастың жеке бабын табу үшін пациенттің жеке басының ерекшеліктерін және оның өз ауруына көз қарасын ескеру қажет. Науқаспен дұрыс қарым-қатнас орнату үшін мейірбике онымен сабырлы сөйлесіп, үнемі сәлемдесу керек. Егер пациенттің көзі көрмесе күн сайын науқастың палатасына кіргенде өзін таныстыру қажет. Науқаспен сыпайы және сыйластықпен қатынасып, оны аты-жөнімен атаған дұрыс. «Апа», «ата» деген сөздерді қолдануға болмайды. Гериатриялық науқастар кей жағдайда «өзіне кетеді», өзінің жағдайын «тыңдайды» тітіркенгіштік, жылампаздық пайда болады. Пациентті әртүрлі медициналық емшараға дайындау, оны дұрыс тыңдай білу, жанашырлық көрсету және кеңес беру дұрыс емдеудің маңызды факторлары болып саналады. Дегенмен, мейірбике өз бетімен, дәрігердің айтуынсыз науқасқа немесе туыстарына оның ауруы және ауруының ақыр соңы туралы мәлімет беруге болмайды, тексеру және емдеу тәсілдерінің нәтижесін талқыламау керек.

Ұйқысыздық мәселесі. Егде жастағы науқастар жиі ұйқысыздыққа шағымданады, оларда ұйықтау режимі өзгереді - олар көбінесе күндіз ұйықтап, түнде белсенділік көрсетеді (кіріп-шығады, палатаның ішінде жүреді, кітап оқиды) . Осы жағдайда ұйқы тудыратын дәрілерді жиі қолдану тез үйренушілікке әкеледі. Сонымен қатар ұйқы тудыратын дәрілерді қолданған кезде әлсіздік, басының ауруы, таңертеңгі уақытта басының «сынуы», іш қату байқалуы мүмкін. Ұйқы тудыратын дәрілерді дәрігер қажет болған жағдайда тағайындайды. Мейірбике науқасқа дәрілік шөптерді ұсына алады (мысалы, сасық шөп тұнбасы 10-15 мл-ден ұйықтар алдында 40 мин бұрын), 10-20 тамшы «Валокордин», бал араласқан жылы сүт (1 ас қасық) және т. б.

Жеке гигиена шараларын қамтамасыз ету. Егде жастағы науқастарға өзінің бабын табу қиынға соғады. Оларға төсек жаймасын, іш киімдерін ауыстыруға көмектесу керек, қажет болған жағдайда шашын, тырнағын күту жүзеге асырылады. Пациенттің ауыз қуысының жағдайын бақылаған дұрыс. Оларға тамақтан кейін ауыз қуысын мұқият шаю үшін қайнатылған жылы су беріледі. Жағдайы ауыр науқастардың мейірбике 1% сутегінің асқын тотығына немесе гидрокарбонат натрий ерітіндісіне малынған мақтамен ауызын сүртуге міндетті. Ұзақ уақыт төсек режимінде жатқан науқастың терісін күту, ойылулардың алдын алу жүзеге асырылады. Мейірбике науқастың төсектегі қалпын өзгертуге көмектесу, егер жағдайы мүмкіндік берсе жан-жағына жастық тіреп төсекке отырғызу, арқасын, аяқ басын және саусақтарын шамалы уқалау керек. Науқастың физиологиялық бөліністерін бақылау керек және қажет болса ішек қызметін диета арқылы реттеу (тамақ рационына құрғақ жемістерді, қышқыл-сүт өнімдерін қосу және т. б. ), дәрігердің тағайындауымен іш жүргізетін препараттарды қолдану немесе тазалау клизмасын қою. Науқас жағдайының нашарлауының кез келген түрінде, жаңа симптомдар пайда болғанда мейірбике дереу дәрігерге хабарлау керек. Дәрігер келгенше пациентті жатқызып ыңғайлы жағдайда отырғызуға көмектесу керек (мысалы, науқас ентіккенде оны отырғызу немесе жартылай отырғызу), тыныштықты қамтамасыз ету, қажет болса-алғашқы көмек көрсету.

Жарақаттанудың алдын алу. Жарақаттанудың пайда болуын алдын алуға ерекше назар аудару керек. Соғылу және сынықтар (әсіресе, сан сүйегінің мойны) науқастардың қозғалысын шектеп, өлімге әкеп соқтыратын пневмония, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты асқыныстардың пайда болуы мүмкін. Қауызда науқасты жуындырғанда науқасқа тірек болу, қауызға енуге және шығуына көмектесіп, науқастың аяғы тайып кетпеу үшін еденге резеңкелі алаша төсейді. Мейірбике ауруханадағы бөлмелердің жағдайын, жарықтың жеткілікті болуын бақылайды. Еденде бөтен заттар болмау керек, сұйықтық төгілуін болдырмау керек, себебі науқас байқамай, аяғы тайып, құлап кетуі мүмкін. Гериатриялық бөлімшенің дәлізі кең, жиhаздармен толмау керек, дәліздегі қабырға бойына науқастар жүргенде сүйену үшін сүйеніш орнатылу керек.

Дәрі қабылдауды бақылау. Мейірбике науқастың тағайындалған дәріні қабылдауын бақылау керек. Есте сақтау қабілеті төмендегенде және деменция дамығанда (лат. Dementia - ақылы кем) пациенттер дәрісін ішуді ұмытады немесе қайталап ішуі мүмкін. Сондықтан егде жастағы науқастар дәрігер ұсынысын тек ауызша ғана емес сонымен қатар жазбаша түрдегі нақты нұсқаулармен қамтамасыз етілуі қажет. Науқас бойындағы судың тепе - теңдігін бақылаған дұрыс, себебі сұйықтықты аз мөлшерде қабылдау организмде тағайындалған препараттардың концентрациясының жоғарлауына, кері әсерлерінің пайда болуына дәрілік интоксикацияның пайда болуына әкеп соқтырады.

  1. Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтім мен бақылау жасаудың ерекшеліктері

Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы науқастарды күту және бақылау: Егде жастағы науқастарда тыныс алу мүшелері ауруларының клиникалық ағымының ерекшелігі қартайған организмдегі кері даму үрдістеріне байланысты.

  • өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды;
  • альвеола көлемінің ұлғаюы нәтижесінен өкпенің тыныс беткейі 40-50%-ға төмендейді;
  • өзгерген тамырлар (өкпе капиллярлары тығыздалады, «сынғыш» келеді) өкпе тінін толық қоректендіруді қамтамасыз етпейді, газ алмасу қиындайды;
  • мембраналардың тығыздалуы альеолярлы ауа мен капиллярлы қан арасындағы газ алмасуды қиындатады;
  • альвеолярлы вентиляция біркелкі болмайды;
  • кірпікшелі эпителийдің белсенділігінің және шырышты қабаттардағы рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі салдарынан, эпителий торшасының біртіндеп атрофиялануынан бронхтардың өзіндік тазару механизмі бұзылады;
  • бронхтардың безді эпителийінің және шеміршек тінінің атрофиясы бронх өзегінің әрқилы тарылуына және олардың қампаюына әкеп соқтырады;
  • жөтел рефлексі төмендейді;
  • кеуде қуысы және арқа бұлшық еттерінің дистрофиялық өзгеруі, кеуде қуысының бөшке тәрізді өзгеруі, склерозды өзгерістер қабырғаладың қозғал-ғыштығын төмендетеді, кеуде қуысының экскурсиясы көлемін шектейді;
  • тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына және гипоксияға сезімталдылығы күшейеді;

Егде жастағы науқастарда созылмалы бронхиттің өршуінің жиі байқалуы, кеуде қуысының жасына сәйкес өзгеруімен, тыныс алу қозғалысының шектелуімен, жөтел түрткісінің нәтижесі аз болуынан дренажды қызметінің төмен болуы және жыбыр эпителийнің атрофиясына, кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуіне, инфекцияға қарсы қорғанысының төмен болуына байланысты. Егде жастағы науқастарды емдеуді олардағы патологиялық үрдістердің ерекшеліктерін, қосымша ауруларын, пациенттің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Гериатриялық науқастардың созылмалы бронхитпен жиі ауруы бактерияға қарсы препараттарды жиі қолдануына байланысты. Осыған орай егде жастағы науқастарда бактерияға қарсы препараттардың кері әсері жиі байқалады, мысалы, есту қабілетінің төмендеуі (стрептомицин, гентамицин және т. б. ), бүйрекке токсикалық әсер (канамицин), кандидоз, дисбактериоз және атрофиялық глоссит (тетрациклин, қосарланған антибиотики) және т. б. Сондықтан мейірбике токсикалық дәрежесі төмен дәрілерді қолдануға пациенттерді үйрету қажет. Науқастар тағайындалған препараттарды тәуліктің бекітілген уақытында қабылдап, ұсынылған, іс-әрекет режимін және қабылдау шартын сақтау керек (мысалы, котримоксазолды қабылдағанда көп мөлшерде сілтілі су ішу керек - «Боржоми» немесе 7г гидрокарбонат натрийдің бір стақан судағы ерітіндісі), диеталық ережелер (мысалы, тетрациклинмен емделгенде тамақ рационынан шұжық, кептірілген және тыңайтылу арқылы өсірілген көкөністерді қабылдауға болмайды) .

Егде жастағы науқастарды оксигенотерапиямен емдеуде өте сақ болу керек. Егде жаста шамадан тыс белсенді оксигенотерапия жүргізу теріс нәтиже беру мүмкін - басының айналуы, жүрек айну, тұншығу, Чейн-Стокс тынысы. Одан басқа тыныс алу орталығының гиперкапниялық тежелу салдарынан коматозды жағдайға ұшырауы да мүмкін. Пневмониямен сырқаттанған науқастарды бақылау кезінде дене қызуының қауіпті төмендеу кезеңі науқас үшін өте қауіпті екенін естен шығармау керек, себебі бұл кезеңде жедел жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл кезеңі гериатриялық жастағы науқастар үшін күрделі, себебі оларда жүрек жеткіліксіздігі коллапстың классикалық түрінде емес ЖИА-ның өршуі түрінде, инсульттің дамуы, бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесінің күшеюі түрінде көрінеді.

Жүрек - қантамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы науқастарды күту және бақылау: Егде жастағы науқастарда жүрек-қантамыр жүйесінің (ЖҚЖ) ауруларының ерекшелігі басқа да мүшелер мен жүйелердің аурулары сияқты организмдегі иволютивті үрдістерге, бірінші кезекте тамыр және жүректің склерозды зақымдалуына байланысты.

  • қолқа, тәж, ми және бүйрек артерияларының иілгіштігі төмендейді;
  • тамыр қабырғасының қатаюы шеткері қарсыласуды біртіндеп күшейтеді.
  • капилляр және артериолалар аневризмалық кеңейіп және бұраланып капиллярлар желіндегі тамырлар облитирацияға ұшырап трансмембраналық алмасу нашарлайды.
  • негізгі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі толық адекватты болмайды.
  • жүрек қан айналымының жеткіліксіздігі нәтижесінен бұлшық ет талшықтарының дистрофиясы, атрофиясы және олардың дәнекер тініне ауысуы болады. Жүрек жеткіліксіздігіне және жүрек ырғағының бұзылуына әкеп соқтыратын атеросклерозды кардиосклероз пайда болады.
  • миокардтың склерозға ұшырауынан оның жиырылғыш қасиеті төмендеп, жүрек қуысы кеңейеді.
  • «Кәрі жүрек» (жүрек бұлшықетіндегі адамның жасына байланысты өзгерістер) нейрогуморальді реттелудің өзгеруінен миокардтың ұзақ уақыт гипоксияға ұшырауынан дамитын жүрек жеткіліксіздігінің негізгі факторының бірі болып табылады.
  • Егде жаста қанның ұю жүйесі белсенеді, ұюға қарсы механизмдердің функциональді жеткіліксіздігі дамиды, қанның реологиясы нашарлайды.

Егде жаста гемодинамика ерекшеліктерінің кейбір қатары дамиды: негізіген систолалық артериялық қысым (АҚ) жоғарлайды, венозды қысым төмендейді, жүректің жұмысы, кейіннен минуттық көлемі төмендейді. Жасы ұлғая келе ірі тамырлар қабырғасы өзінің иілгіштік қасиетін жоғалтады, атеросклерозды түйіндер және ұсақ тамырларды органикалық өзгерістер дамуының салдарынан ми, бүйрек және бұлшықеттің қан айналымы төмендейді. Қазіргі уақытқа дейін адамның жасына байланысты АҚ-ның қалыпты көрсеткіші құрастырылған жоқ - егде жастағы адамдарда АҚ-ның көтерілуі қалыпты компенсаторлы көрініс ретінде қарастырылады. ЖИА бар егде жастағы науқастардың жағдайының нашарлауына қосымша өкпе - бронх аурулары, физикалық күш, тойып тамақтану, психоэмоциональды есеңгіреу, жедел инфекциялар, зәр шығару жолдарының қабыну үрдістері, операциялық ем және т. б. себеп болуын естен шығармаған жөн.

Мейірбике науқастармен белсенді жұмыс жүргізіп, оларға теріс әдеттермен күресу жолдарын түсіндіруі керек. Әр бір шылым шеккеннен кейін жүрек жиырылуының күші және жиілігі жиілейтінін, АҚ-ның жоғарлайтынын түсіндіру керек. Темекі шегетін адамдарда артериялық гипертензияның қатерлі түрі байқалады, емнің нәтижесі төмендейді, жүрек-тамыр аурулары салдарынан болатын өлім 2 есе жоғарлайды. Егде жастағы науқастар күндіз шамалы дем алып, түнде тыныш ұйықтауы керек. Босаңсуға арналған жаттығулар жасау пайдалы. Науқасқа дәрумендерге бай және толық калориялы тамақ рационының пайдасы мол. Жануар майынан, тәттілерден, тойып тамақ ішуден бас тарту қажет, себебі артық салмақ жүрек жұмысына кедергі жасайды.

Егде жастағы адамдарға мүмкіндігінше физикалық жаттығулар және тыныс алу гимнастикасымен айналысу ұсынылады.

Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау: Егде жаста асқорыту мүшелері ауруларының сипаты ас қорыту жолдарының (АҚЖ) адамның жасына сәйкес анатомия - физиологиялық ерекшелігіне байланысты барынша өзгереді.

Ауыз қуысы: сілекей бездерінің инволюциясы дамиды, шайнау аппараты өзгереді.

Өңеш: шырышты қабаты атрофияланады, перистальтикасы төмендейді, жиі дискинезия дамиды.

Асқазан: секреторлы және ферментті белсенділігі төмендейді, қозғалыс белсенділігі баяулайды.

Бауыр: гепатоциттер саны азаяды, олардың регенерация үрдісі тежеледі, бауырдың функциональды белсенділігі төмендейді. Билирубин деңгейінің төмендеуі, өт қышқылы және фосфолипидтер мен холестериннің жоғарлауы байқалады. Өттің липидті комплексі көрсеткіштерінің төмендеуі ішектің ас қорытуын бұзып, диспепсиялық бұзылыстар байқалады.

Ұйқы безі: жасы ұлғая келе тіндердің атрофиялануы сыртқы секреторлы қызметінің төмендеп, қуыстық және мембраналық ас қорытуды баяулатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйік төртінші дәрежесі - терінің ғана емес, тері асты клетчаткасының және жатқан құрылымның тереңдеуі
Науқасты шұғыл операцияға дайындау
Дәлелді тәжірибенің дамуы
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Ойылудың негізгі қауіп факторлары
Церебральды сал ауруы диагнозы бар мүгедек балаларға көрсетілетін мейіргерлік күтім
Бронх демікпесінің белгілері
Гипертониялық ауру кезіндегі мейірбикелік күтім
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Спонтанды қант диабеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz