Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
0.1 Қазақстан Республикасында жер кадастрының қазіргі жағдайы
Жер ресустарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытылы және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпараттарды іздеу, сақтау және пайдалану қазіргі есептеуіш және телекоммуикациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан, республикамызда қазірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі болып табылады.
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып жер кадастрын жүргізудің түбегейлі жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады.
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісти министрліктер және ведомствалар пайдаланады.
Жер кадастры - ол күрделі, көп нысаналы, көп қызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру - технологиялық жүйе. Оған:
oo жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары;
oo басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;
oo жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;
oo басқарылатын жүйеде ер мониторингі болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;
oo жер ресурстарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.
Қалыптасып жатқан жер кадастырының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі мына мәселелерді қамтиды: жер пайдаланушы субъектілерге, басқару органдарына, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды және сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету, жер меншігінің әр түрлеріне негізделген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін және жер нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады. Оны Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік құрамында құруда және жүргізуде бұрынға мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жүйесін пайдалану мүмкіндігі қаралған.
Қазақстан Республикасының аумағында жер кадастрын жүргізу белгілі бір әдістеме бойынша жүзеге асыруды көздейді және кадастрлық есепке алуға жататын және жер учаскелерінің ерекшеліктеріне байланысты жер учаскелері туралы мәліметтерді жинаумен, жүйелеумен, жинақтаумен, өңдеумен, есепке алумен, құжаттаумен, сақтаумен және ұсынумен айналысатын іс-қимылдар жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының жер кадастрлық заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырылатын ортақ қабылданған принциптер бар.
Біріншіден, Мемлекеттік жер кадастрының (МЖК) бүкіл Қазақстан Республикасының аймағында бірегей жүйе мен технологиялар негізінде жүргізіледі. Ол бүкіл ел аумағындағы жер телімдерінің ғана емес, сонымен қатар субъектілердің де бірегей әдіс пен келісімдердің, жер кадастры жүйесінің ақпараттары мен құжаттарының да бірыңғай негізде жүргізіледі. Бұр принцип жер кадастрын жүргізуде ерекше аймақтарда қолданылады.
Екіншіден, Мемлекеттік жер кадастрынына жер телімдерінің өзгерістерін үздіксіз енгізіп, тіркейді. Жер қорында үнемі болатын жер қатынастарын қайта ұйымдастыру, жеке меншікті қалыптастыру, жерді пайдалану мен иелену, мемлекеттік жер қорындағы жер телімдерінің сапалық және сандық өзгеруі, сондай-ақ оның санатының өзгеруі секілді өзегрістерді үнемі жүйеге енгізуді қамтиды. Сол себепті де жер кадастрын жүргізуде оның үздіксіздігін, жүйелілігін, периодтылығын қамтамасыз ету қажет.
Үшіншіден, Мемлекеттік жер кадастры деректерінің қолжетімідлігі. Жер кадастрының мәліметтері заңды және жеке тұлғалар үшін максималды түрде қолжетімді болуы тиіс( мемлекеттік құпиядан басқа). Ол заманауи есептеуіш техника мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, көпке түсінікті түрде болуы тиіс. Жер кадастры мәліметтерін жер кадастры мәліметтер базасын қалыптастыратын ұйымдар мен ведомствалар да қолдана алады. Кейбір деректер жабық түрде болуы мүмкін. Осындай сақтық шараларының негізінде жер-кадастрлық ақпаратты пайдаланушылар мен жер кадастры мәліметтерін санкцияланбаған қолданыстан, жойылып кетуден, өзгерістен сақтайды.
Төртіншіден, Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің басқа да мемлекеттік және өзге де кадастрлармен реестрлермен ақпараттық ресурстармен сәйкестігі. Бұл принцип әр түрлі кадастрлардан табиғи ресурстар туралы ақпараттарды жинауда бір әдіспен бір қалыпты толықтығымен, детальділігімен өтуін қамтамасыз етеді. Осының негізінде кадастрлық деректерді бір жүйеге келтіруге болады[1].
Жоғарыда аталған ұстанымар( принциптер) Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудегі бастыларының бірі болып табылады. А ймақтық деңгейлерде бұл ұстанымдарды жеке ұстанымдарымен толыруына болады:
-Мемлекеттік жер кадатстрын жүргізуде деректер базасында(ДБ) қалыптасқан мәліметтерді пайдалану;
-деректер базасын жүргізуде әдісінің дәйекті болуы;
-жер кадастры мәліметтерін электронды тасығыштарда, қағазда құжаттарын жүргізу;
-жер-кадастрлық құжаттарды (жер-кадастрлық карта, жер-кадастрлық істер және т.б.) үнемі сақтау(мәңгілік).
Кадастрлық жұмыстар
Ақпараттық жүйені құру және жүргізу
Деректерді жинау және өңдеу
Дайындық жұмыстар
1-сурет. Кадастрлық жұмыстар реті ( автор құрған)
Кадастрдың картографиялық негізі болып - жер-кадастрлық карталар табылады, олар жер телімдеріне қатысты барлық өзгерістер мен деректерді қамтуы тиіс. Жер-кадастрлық картаның масштабы Кадастрдың жүргізілу деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады. Кадастрды автоматты жүргізу барысында картографиялық негізі геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электронды түрде жүргізіледі және қағазда көшірмелері болуы тиіс.
Жер телімдеріне қатысты өзгерістер жергеорналастрыру жұмысы барысында алынған деректер негізінде жүзеге асады және шекарасының өзгеруі немесе жер пайдаланулардың аудандары өзгеруі жүйелі түрде жаңартылып отырады.
Жер телімінің шекарасы мен жер-кадастрлық іс қозғалса заңды түрде қалыптасқан болып табылады. Жер-кадастрлық іс - жер телімінің қалыптастырылғандығын дәлелдейтін, жер теліміне қатысты мәліметтерді қамтитын іс.
Жер телімін жеке меншікке беру барысында, бірінші реттік жер-кадастрлық істі қалыптастыруда осыған дейін жеке меншікке немесе пайдалануға жеке және заңды тұлғаларда болған жағдайда, аймақтық жер ресурстарын басқару органдарына өтініш жазу негізінде жүзеге асырады. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжат, жер теліміне құқығын дәлелдейтін құжат немесе атқарушы органдардың шешемі негізінде алынған жер телімінің сызбасы болуы тиіс. Жер ресурстарын басқару органдары аталған құжаттарды тексеріп, арнайы мамандандырылған ұйымға тексеріске жібереді. Ол мамандар, яғни кадастр, осы құжат негізінде жер телімінің осы аймаққа тиесілілігін тексереді. Тексеріс барысында қандай да бір өзгеріс болған жағдайда, шекарасының өзгеруі, ауданының өзгеруі, мақсатты пайдалануының өзгеруі секілді өзгерістер анықатлса, жергілікті атқарушы органдар осы элементтерді құжатта көрсетуі тиіс[2].
Өзге жеке тұлғада немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі жер телімдерінен жер телімін қалыптастыру екі жақты келісім негізінде ғана жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін қалыптастыру барысында соттың шешімі мен жер - кадастрлық іске өзгеріс енгізіле отырып, жаңа жер телімін қалыптастыру жұмысы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімі алынғанда немесе азаматтар арасында келісім негізінде қалыптасқан жер теліміне жаңа жер-кадастрлық іс қалыптастырылмайды. Жаңа жер телімін қалыптастыру негізіндегі барлық құжаттар және жаңа кадасрлық іс осыған дейін қалыптасқан жер-кадастрлық іске қосылады.
Мәжбүрлі түрде алынған немесе тәркілеу барысында алынған жер телімдерінің құжаттары заңды-атқарушылық өндірістік құжатқа енгізіледі.
Қалыптасқан жер-кадастрлық істер жер телімінің жер-кадастрлық кітабын қалыптастырады.
Жер-кадастрлық кітап - жер теліміне қатысты дәйекті деректерді қамтитын (кеңістіктік мәліметтер, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтер) құжат болып табылады. Жер-кадастрлық кітабы бар жер телімінің өзіне ғана тән, қайталанбайтын, индивидуалды кадастрлық номер беріледі. Осы номер негізінде жер-кадастрлық іс, жер-кадастрлық құжаттар қалыптастырылады. Кадастрлық номерды қалыптастыру арнайы ережерлер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асады.
Жер-кадастрлық карта жер телімінің орналасқан орны мен көлемін, шекарасын, біріктіріліп немесе бөлінгендігін визуалды түрде бейнелеуге негізделген. Жер-кадастрлық карталарды жүргізу арнайы қалыптасқан ережелерге сәйкес жүзеге асады.
Кадастр қағаз тасығыштарда ғана емес, сондай-ақ электронды жинау, өңдеу, сақтау негізінде де жүргізіледі. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арнайы мамандандырылған техникалық-бағдарламалық кешенде жүргізіледі. Оның функционалды қызмет етуі арнайы орталықтандырылған жер ресурстарын басқару органдарының басқаруымен жұмыс жасайды.
Жер-кадастрлық құжаттар мына талаптарға сай болуы тиіс:
-реквизиттары бар арнайы бекітілген бланкілерде жүргізілуі тиіс (органның, ұйымның, мекеменің атауы, күні, құжаттың номері, адресат) көрсетілуі тиіс;
-жер телімдерінің планын (сызбасын) дайындау арнайы бекітілген жер ресурстарын басқару бойынша құзырлы органдардың техникалық талаптарына сай жүргізілуі тиіс;
-жер телімінің планында (сызбасында) көрсетілген мемлекеттік құпияға жататын объектілер арнайы бекітілген шарттар негізінде құпия болып қалуы тиіс.
Кадастрлық есепке алынатын жер телімдеріне Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан барлық жер телімдері ( жер теліміне меншік формасына, мақсатты пайдалануына қарамастан) жатады. Жер телімдерін кадастрлық есепке алу олардың орналасқан орны бойынша бір тәсілмен жүзеге асады.
Жер телімінің сапасы мен санын есепке алу оның жағдайы мен пайдаланылуына сәйкес болады. Барлық өзгерістер болғаннан кейін ғана, есепке алынады. Әр жер телімінің деректері жер-кадастрлық кітапта сәйкесінше есепке алынады.
Есепке алу деректері жер телімдеріне, жергілікті аймаққа, аудандарға, облыстарға, астанаға, республикалық маңыщы бар қалаға, жалпы республика аймағына сәйкес жүзеге асады. Соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи-тарихи объектілері ерекшеленеді.
Есепке барлық жер телімінің категориялары алынады және жер пайдаланудың барлық түрі боойынша жүзеге асады. Көлемі, мөлшері, орналасқан орны туралы деректер бірінші реттік есепке алу жұмысы барысында анықталады, ал өзгерістер ағымдағы есепке алу жұмыстарында анықталып, көрсетіледі.
Кадастрлық мәліметтерді жаңарту және анықтау мақсатында:
1) жер телімдерінің иелері, жер пайдаланушылар, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын жер ресурстарын басқару бойынша құзырлы органға жер телімінің жағдайы мен пайдалануы бойыншадеректкерді, жер теліміне қатысты орын алған барлық өзгерістерді 1 қарашаға жылдық есеп береді;
2) жер ресурстарын басқаруы бойынша құзырлы органдар аймақтық жер телімдері бойынша есеп дайындайды. Ол жылдық қорытынды есепте мына мәліметтер көрсетіледі:
-ауылшаруашылық жер телімдерінің бар-жоғы, орын алған өзгерістер, жер телімдерінің санаттар бойынша бөлінуі, сондай-ақ жер телімдерінің сатылуы туралы деректер көрсетіледі;
- 5 жылда бір рет жер телімдеріне қатысты алымдардың жүргіщілуі, жер санаттары юойынша категорияларына сай бөлінуі, аудандарының өзгеріуі секілді деректер көрсетіледі.
Жер телімінің сапасын есепке алу мен кадастрлық құнын анықтау мына мақсаттар үшін жүргізіледі:
-жер телімінің мақсатты пайадаланылуы мен оның өнімділігін анықтау үшін;
-жер телімін жеке меншікке сату барысында құнын анықтау үшін;
-салық салу көлемін анықтау үшін;
-мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін жеке меншік иелерінен сатып алу кезінде құнын анықтау үшін.
Жер телімінің сапасы мен кадастрлық құны жер-кадастрлық кітапа әр жер теліміне сәйкес көрсетіледі.
Жер телімін есепке алу мен оның үстінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілері де міндетті түрде тіркелуі тиіс. Жер телімін есепке алу кезінде мына мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
-жер телімінің иесі немесе пайдаланушының аты-жөні;
-жер телімінің ауданы;
-жер телімінін пайдалану мақсаты;
-жер теліміне қатысты ауырпалықтар мен сервитуттар;
-жер телімінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;
-жер телімінің кадастрлық номері;
-жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектісі.
Әр жер теліміне жер және құқықтық кадастрға сәйкес өзіне тиесілі кадастрлық номер беріледі. Жеке және заңды тұлғалар жер теліміне кадастрлық номерді алу үшін немесе жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастрлық номер алу үшін жергілікті жер ресурстарын басқару бойынша органдарға өтініш жазуы тиіс[3].
Өтінішке жер теліміне құқығы, жер телімінде орналасқан объектіге құқығы, жер телімінің планы секілді құжаттар көшірмелерімен бірге берілуі тиіс.
Жер теліміне идентификациялық жұмыстар жүргізу барысында оның жер телімін анықтап алуы тиіс, ауыртпалықтар көрсетіліп, пайдалану мақсаты анықталады. Сонда й-ақ, жер-кадастрлық кітапта жер теліміне кадастрлық номер беру бойынша жазбалар көрсетіледі.
Кадастрлық номер облыс немесе республикалық маңызы бар қаланың коды, аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың коды, квартал коды мен жер телімінің кварталдағы реттік номері бойынша анықталады. Ол 11 саннан тұрады. Егер квартал ішіндегі жер телімінің реттік номері 999 болса, онда келесі жер телімінің номері 4 санды номер болады.
Жер телімі біріктіріліп немесе бөлінген жағдайда еске кадастрлық номер жайылып, жаңа кадастрлық номер беріледі. Жер телімінің иесі өзгерген жағдайда кадастрлық номер өзгертілмейді.
Жер кадастрының пайдаланушылар болып мыналар табылады:
-мемлекеттік басқару органдары - территорияны жоспарлау бойынша мәселелерді, жерді зоналау, табиғи ресурстарын рационалды пайдалану бойынша және басқа да жер ресурстарына қатысты мәселелерді қарастырады;
-жылжымайтын мүлік объектілері мен онымен жасалатын келісімдерді тіркеуді жүзеге асыратын құзырлы облыстық мемлекеттік органдар;
-мемлекеттік статистика саласындағы органдар;
-жобалық, ізденіс, ғылыми-зерттеу ұйымдары - жобалық-ізденіс және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін ағымдағы деректерді алу бойынша мәселелер;
-архитектуралық-қала құрылысы саласындағы құзырлы органдар - мемлекеттік қала құрылысын жүргізу бойынша мәселелер мен қала құрылысын жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындау;
-қоршаған ортаны қорғау бойынша құзырлы органдар - табиғи ресурстарды пайдалану бойынша, қоршаған ортаның қазіргі жағдайы туралы деректерді алу;
-салық салу органдары - жерге салық салу бойынша мәселелерді қарастырады;
-басқа да жеке және заңды тұлғалар.
Белгілі бір жер телімінің кадастрлық мәліметтерін қағаз немесе магнитті тасығыштарда берілуі мүмкін, сондай-ақ кадастрдың санкцияланған деректер банкінен техникалық немесе телекоммуникациялық құралдар арқылы тіркелген жерінен ала алады.
Жер телімі туралы мәліметтер жер-кадастрлық картамен сәйкестендіріледі. Мемлекеттік құпия болып табылмайтын жер телімінің кадастрлық мәліметтері, жалпыға қол жетімді, яғни кез келген жеке және заңды тұлғалар сұраныс жасау арқылы пайдалана алады. Мемлекеттік органдар кадастрлық мәліметтерді арнайы сұраныс жасау немесе рұқсатнама жазуды қажет етпейді.
Кадастрлық мәліметтерді алу режимі немесе мәліметтерді дұрыс болмаған жағдайда заңды актлерге сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiр беру жер учаскесiне меншiк құқына және тұрақты жер пайдалану құқына акт жасау кезiндегi жұмыстардың барысында жүргiзiледi.
Жергiлiктi атқарушы органның уақытша жер пайдалануға бөлiнген жер учаскесi нақты түрде белгiленедi және жалдау шартын жасау жөнiнде жұмыстардың барысында кадастрлық нөмiр берiледi [3].
Барлық жер учаскелерiне меншiк құқығы, жердi тұрақты немесе уақытша (бiр жылдан аса мерзiмге) пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне ауысқан жағдайда жер учаскесiнiң кадастрлық номерi ауыстырылмайды.
Азаматтарға немесе заңды тұлғаларға аталған құқықтарда бұрын берiлген жер учаскесiнiң шекарасын айқындау жаңа жер учаскесiнiң пайда болуы ретiнде қаралмайды және оның кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
Егер есептегi кварталға жедел код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, осы кварталдың iшiндегi жер учаскелерiне уақытша кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды кадастрлық нөмiрдiң нақты есептi кварталдың шартты берiлуiн көрсетуге тиiс "9" санымен басталады. Есептi кварталдық заңды статусын одан кейiнгi анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсету арқылы оған нағыз код берiледi.
1-кесте. Алматы облысының кадастрлық номерлері (Алматы облысы әкімінің арнайы ресми сайтынан алынған)
Әкімшілік-аймақтық бірлік
Код
Алматы облысы - 03
Балқаш
043
Еңбекшіқазақ
044
Жамбыл
045
Іле
046
Қарасай
047
Райымбек
050
Талғар
051
Ұйғыр
052
1-кестенің жалғасы
Есік қаласы
054
Қапшағай қаласы
055
Қаскелең қаласы
056
Талғар қаласы
057
Ақсу
254
Алакөл
255
Қаратал
259
Кербұлақ
260
Көксу
261
Панфилов
262
Сарқанд
263
Ескелді
264
Жаркент қаласы
266
Сарқанд қаласы
267
Талдықорған қаласы
268
Текелі қаласы
269
Үштөбе қаласы
270
Үшарал қаласы
271
Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi Мемлекеттiк кадастрлық кiтапқа енгiзiледi және ол есептi кварталдың кадастр картасына қойылады.
Жер учаскесiнiң орнын көлемiн және шекараларын көрсетудiң көрнектiлiгiн және олардың шұғыл түрде есебiн алуды қамтамасыз ету мақсатында кадастрлық карталар (сызбалар) сериясы бақылау жағдайында құрылады.
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді жер учаскелері юойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:
oo жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
oo әкімшілік аудан;
oo учаскенің орны және оның жүйелік баяндамасы;
oo нысаналы арналуы;
oo бөлінуі;
oo пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар;
oo учаске ауданы.
Жер телімдеріне жеке меншік жобалық экономикадан нарыққа өткен кезде жер кадастрын жүргізу тәртібінің де өзгергені белгілі.
Нарықтық жағдайға байланысты дер кадастрын жүргізу актуалды мәселеге айналды. Себебі, табиғатты пайдалану саласында, жер үшін төлем жасау және одан да басқа жаңа жұмыстарды арнайы бір жүйесіз жүргізу мүмкін емес болып табылды. Замануи шарттарда жер кадастры жеке меншік формасын бейнелеу тиіс. Сондай-ақ, жер тек табиғи ресурс қана емес, жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады. Жер ауылшаруашылығының өндіріс құралы, әр түрлі шаруашылықтың орналасу базисі мен басқа да табиғи ресурстардың түрлері тығыз байланысты болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры табиғи және шаруашылық жер ресурстарының жағдайын, орналасу орнын, пайдалану мақсатын, көлемі мен шекараларын, оның сапалық жағдайын айқвндай отырып, жер пайдалану мен жер телімдерінің кадастрлық құнын анықтауға мүмкіндік береді.Мемлекеттік жер кадастрына сонымен қатар жер теліміне құқылары бар субъектілер туралы ақпарат та қамтылады.
Жер кадастрының қосымша мәліметтеріне мелиоративті кадастр мәліметтері, ол егістік алқаптарының мелирациялық жұмыстарының жағдайын, оны пайдалану жағдайы туралы мәліметтер ретін қамтиды.
Жер кадастрын жүргізу орталық құзырлы органның басшылығымен жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының барлық аймағында бірыңғай жүйеде жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері мемлекетік ақпараттық ресурс болып табылады[4].
Мемлекеттік кадастрық есепке алу объектісі болып Қазақстан Респубилкасынла орналасқан барлық жер телімдері табылады. Мемлекеттік жер кадастрлық жұмыстар мынаны қамтиды:
1. жер телімінің кадастрлық ісін қалыптастыру;
2. жер телімінің саны мен сапасын есепке алу;
3. жер телімінің мемлекеттік кадастрлық құны мен топырақ бонитировкасы;
4. жер телімі туралы деректер банкін жүргізу, жинау және өңдеу;
5. жер телімінің иелері мен пайдаланушылары туралы ақпарат жинау;
6. автоматтандырылған ақпараттық жүйені жүргізу;
7. жер-кадастрлық картаны дайындау және жүргізу;
8. сандық картаны дайындау және жүргізу;
9. жер-кадастрлық кітапты жүргізу;
10. бірыңғай мемлекеттік жер реестрін жүргізу;
11. жер телімінің идентификациялық құжаттарын дайындау;
12. жер телімінің құжаттарын дайындау;
13. жер теліміне кадастрлық номерді беру.
Жер теліміне кадастрлық номерді беру арнайы аймаққа бөлу негізінде жүзеге асырылады. Кадастрлық бөлудің бірлігі болып кадастрлық кварталдар табылады.
Жер-кадастрлық құжаттарға базалық құжаттар, периодты жаңартылып отыратын құжаттар және жыл сайын құралатын құжаттар болып бөлінеді.
Жер-кадастрлық құжаттардың құрылымын, формасын, жүргізілуін орталық жер ресурстарын басқару бойынша құзырлы органдар бекітеді. Мемлекеттік жер кадастрының жүргізілуін Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалар мен актілерге сәйкес жүзеге асырады. Белгілі бір жер телімі туралы ақпарат мемлекеттік жер кадастрының арнайы жүйесінен беріледі.
Базалық жер-кадастрлық құжат
жер-кадастрлық карта
жер-кадастрлық кітап
мемлекеттік бірыңғай жер реестрі
жер-кадастрлық іс
2-сурет. Базалық жер-кадастрлық құжаттың құрамы (автор құрастырған)
Жер кадастры туралы мәліметтер жер-кадастрлық құжатпен сәйкестендіру арқылы жүзеге асады. Жер телімі туралы ақпарат беретін мемлекеттік органдар мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер және және жауапты тұлғалар мәліметтердің анық, дәйекті, тиянақты, әрі жаңа болуына жауапты болып табылады.
Осының негізінде мемлекеттік бағалау, яғни жер телімдерінің құны да сәйкесінше болады. Жер телімін мемлекеттік кадастрлық бағалау - жылжымайтын мүлік объектілерін бүгінгі күнгі арнайы стандарттарды пайдалана отырып, бағалау болып табылады. Жердің кадастрлық құнын анықтау арқылы арнайы мемлекет орнатқан шарттардың негізінде салық салу жүзеге асырылады[4].
Жер телімін мемлекеттік бағалау мына санаттағы жер телімдері бойынша жүргізіледі:
1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдері
2. Бау-бақшалық жер телімдер
3. Тұрғын аймақ жерлері
4. Өндірістік және басқа мақсаттағы жерлер
5. Арнайы қорғалатын объектілер мен жерлер
6. Су қорындағы жерлер
7. Орман қорындағы жерлер.
Жер телімдерін кадастрлық бағалау мына рет бойынша жүзеге асырылады:
1. Шешімді Қазақстан Республикасының атқарушы органы қабылдайды немесе заңды рұқсат етілген Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органы қабылдайды.
- жергілікті жерден жер телімдерін қалыптастыру бойынша қарарды қаыптастырады;
-жер телімдері туралы деректер толық қамтылуы тиіс.
2. Жер телімінің кадастрлық құнын анықтау және кадастрлық құнын қалыптастыру бойынша құжатты дайындау.
- жер телімінің құнын анықтайтын маман болып бағалаушы (оценщик) табылады.
3. Жер телімінің кадастрлық құны бойынша экспертиза жасау.
- бағалаушылардан құралған арнайы ұйым жүзеге асырады.
4. Кадастрлық құнын бекіту.
- жер телімінің кадастрлық құнын Қазақстан Республикасының арнайы органдары бекітеді.
5. Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу.
- мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына нәтижені мемлекеттік бюджеттік мекеме енгізеді.
6. Жер телімінің кадастрлық құнына қатысты дауларды қарастыру.
- жер телімінің кадастрлық құнына қатысты дауды арнайы комиссия қарастырады немесе Әділет сот (Арбитражный суд) қарастырады.
Жер телімдерінің жеке меншікке беру немесе пайдалану үшін мәмілелер жасалады. Мәмілелер ретінде жеке және заңды тұлғалардың жер теліміне құқықты орнату, өзгерту және тоқтату бойынша азаматтық құқық пен міндеттер қарастырылады.
Жер теліміне жеке меншік құқығы бар азаматтар өзіне тиесілі жер телімін сатуға, сыйлауға, жалға беруге және басқа да істерді жүзеге асыруға құқылы. (3-сурет)
3-сурет. Жер телімімен жасалатын мәмілелер тізімі(автор құрастырған)
Ол мынандай жұмыстардың кешеніне тұрады:
-дайындық жұмыстар;
-техникалық объектіні құрау. Техникалық жобада мақсат, негізі, реті мен жұмысты орындау уақыты, сондай-ақ сызбалар көрсетіледі. Техникалық жоба тапсырыс берушімен бекітіледі;
-жұмысты жүргізу барысында осы жер теліміне қатысы бар деп табылған барлық тұлғаларға ескертпе жіберіледі. Ол тұлғалар жұмыс жүргізілетін жер мен уақытта 7 жұмыс күнінен аспай болуы тиіс;
-жер телімінің жергілікті аймақта бекіту мен келісу және оны белгілермен анықтау жұмыстары жүргізіледі;
-белгілердің координаттарын анықтау;
-жер телімінің ауданын өлшеу;
-жер телімінің картада немесе планда шекарасын айқындау;
-жергеорналастыру жобасын қалыптастыру;
-жергеорналастыру ісін арнайы шартта бекіту. Жергеорналастыру жобасында көрсетілген материалдар, карталар мен пландар арнайы құзырлы органдармен бекітілуі тиіс. Бекітілген жергеорналастыру ісі мемлекеттік қорға беріледі[5].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады.
Жерге орналастыру ісіне мына материалдар(4-сурет) кіреді :
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz