Жеке тұлғаның тілдік рефлексиясын дамытудың философиялық аспектілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жеке тұлғаның тілдік рефлексиясын дамытудың философиялық аспектілері.

Әр ғылым саласы адамзаттың ойлау қабілетінің даму нәтижесінде пайда болған. Ғылымның келбеті ғалымдардың пікірі арқылы ғасырлар өте келе өзгеріске түсіп, даму үстінде. Яғни, ол үздіксіз жаңаланып, жаңа ақпараттармен толықтырылып отырады. Осы тұрғыда тілдік рефлексия ең алғаш рет философияда қарастырылып, философия ғылымының зерттеу нысанына айналды.
Философиялық сөздікте рефлексияға былай анықтама берілген: Рефлексия - (лат.reslexio - кейінге оралу) бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин. Әртүрлі философиялық жүйеде Рефлексияның мазмұны бірдей емес. Локтың ойынша, түйсік сыртқы заттармен тікелей ұштасады, ал бақылау сананың ішкі іс-әрекеттеріне бағытталғанда рефлексия ерекше білімнің бастамасы болмақ. Лейбниц үшін рефлексия - адамның жан-дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік, Юмнің ұйғарымынша, идеялар - сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау. Гегель үшін рефлексия екі түрлі нәрсенің: мән мен құбылыстың өзара бейнеленуі. Рефлекстеу термині сананы өз-өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды [1]. Сөздікте әр философтың рефлексияға берген анықтамалары жазылған.
Әлем тарихында өмір сүрген барлық философтар, ғұлама ойшылдар мен ғалымдар өзі өмір сүрген уақыттың шынайы келбетіне сәйкес ой қозғап, жалпы адам баласының рефлексиясын, соның ішінде тілдік рефлексиясын зерттеп, оны философиялық аспектіде қарастыру ерекшеліктерін қалыптастырды. Осыған сәйкес, адамзаттың өз іс-әрекеттері мен тілдік ерекшеліктеріне, ойлау жүйесіне, сөйлеу мәдениетіне рефлексия жасауын, өзіне баға беруін зерттеудің түп тамыры тереңнен тартатындығын байқаймыз. Оған қандай ұлт өкілі болмасын, күллі адамзаттың өзін-өзі тану мәселесінің маңыздылығы дәлел.
Өзін-өзі тану -
Ойшыл, ғалым Пьер Тейяр Де Шарден өзінің Феномен человека еңбегінде рефлексияға төмендегідей анықтама береді: Рефлексия - это приобретенная сознанием способность сосредоточиться на самом себе и овладеть самим собой как предметом, обладающим своей специфической устойчивостью и своим специфическим знанием, - способность уже не просто познавать, а познавать самого себя, не просто знать, а знать, что знаешь [2.86] Бұл пікірден түйетін ой: рефлексия - өзіңді өзің білу, зерттеу, тану.
Рефлексия мәселесін философияда алғаш рет зерттеген Сократ болды. Оның пайымдауынша, білімнің мағынасы адам санасында игерілген ғана болуы мүмкін, өз жанының қызметі адамға тікелей бағынады, яғни, адамның жаны санамен бірлесе отырып қызмет атқарады; өзін-өзі тану - адамның ең маңызды міндеті. Сократтың ойымен келіспеуге негіз жоқ. Санаға қабылданған білім адамның жанына, жүрегіне еніп, біте қайнасып кетуі керек. Сонда ғана адам баласы өз әрекетіне саналы түрде жауап бере алады.
Әлемді тану өзін-өзі танудан басталады деген Сократтың көзқарасын шәкірті Платон жалғастырды. Платонның көзқарасы бойынша өзін-өзі тану дегеніміз - адамның ең жоғарғы қасиеті. Аристотель рефлексияны өзіне бағытталған ойлау қасиеті деп атады.
Философ Декарт рефлексия ұғымын зерттеуде когито ұғымын қолданады. Когито ұғымының мәні - әр адамның өз Мені екі философиялық идея бойынша тіршілік етеді. Біріншіден, әрбір жеке Мен адам қорыққанда, бір нәрсеге алаңдағанда, армандағанда көрінеді. Екіншіден, бейнелер туралы ойлау, яғни, құдай, рух, т.б. туралы ойлағанда байқалады. Бірінші идея жеке Мен ұғымынан айырылмайтын дүние, ал екінші идея тек танымға ғана емес, заттарға тән болуы мүмкін. Олар: арақашықтық, қозғалыс, фигура, тәртіп, ұзақтық, үлкендік,т.б.
Когито принципі - сананың өз-өзімен тілдесуі, кез-келген мәселеде тәуелсіз екенін мойындау. Бұл принцип сананы зерттеудің философиялық тәжірибесіне рефлексия деп аталатын әдістемелік тұжырымды енгізді.
Гегельдің айтуынша, тұлғалық Мен ұғымы өз бейнесінен табиғилықты алшақтатуы тиіс, басқа әлемге деген көзқарас сияқты, онымен қарым-қатынас орнатуы тиіс. Сана - Мен ұғымының өзіне есеп беруі, яғни, өзіне объект ретінде қарау.
Декарт сияқты, Гегель де рефлексиялық сананың философия ғылымына еш жаңалық әкелмейтінін дәлелдегісі келді. Оның ойынша, рефлексия - бар болғаны, әр адамның санасының ойға есеп беруі. Философия ғылымы оны логика-метафизикалық әдіс арқылы түсіндіруге тырысады.
Канттың Мені мен Мен емес ұғымдарының сәйкестігіне күмән келтіруі - философиялық рефлексия болып табылтындығын Гегель атап көрсетті.
Гегельдің пайымдауынша Кант жан, рух ұғымдарына тереңінен үңілмей, тек Мен, Мен емес ұғымдарын зерттеумен шектелді.
Гегель рефлексивті сананы объективті еркін сана деп атады. Рефлексия онтологиялық және гносеологиялық принциптермен үндес. Ол сананың барлық мазмұнын көрсете алады. Рефлексия санаға дейінгі ой процестеріне де жауап бере алады.
Дж.Локк сезіну мен рефлексияны екі бөлек қарастырды. Ол рефлексияны өзін өзі бақылау деп атады. Оның ойынша, барлық білімнің екі жағы болады: ішкі әлем объектілері және ақыл-ойдың әрекеттері. Ішкі әлем объектілеріне адам ішкі сезімдері арқылы әсер етеді, ақыл-ой әрекеті нәтижесінде рефлексия жүзеге асырылады. Дж. Локк рефлексияны ақыл-ойдың әрекетін бақылаушы деп атады. Оның ойынша сезіну арқылы заттардың түсін, дәмін, дыбысын сезіне аламыз. Ал ойлау, қалау сезімдеріне рефлексия жауап береді. Американың тіл білімі сөздігін құрастырушы Кейт Браун Дж. Локктың тұжырымдамасына кереғар пікір білдірді. Ол дж. Локктың идеясын қырсық семантикалық теория (Dog-legged semantic theory) деп атады [3, 560].
Плотин Платонның көзқарасын дамытушы ғалым. Оның ойынша, рефлексия өзін-өзі танығанда көрінеді. Болмыс, жалпы білім туралы көзқарастарын анықтай келе, рефлексияның негізгі қызметі білімнің ойлау арқылы жүзеге асырылатынын дәлелдеді.
Фома Аквинский рефлексияны мидың жоғары қабілеті деп қарастырды. Сол қабілеті арқылы адам баласы түсіну деңгейіне жетті.
Шопэнгауердің зерттеулері бойынша философия дегеніміз - әлемнің мәнін білу. Адамның философиясы тек оның өзін тану қабілеті арқылы ғана айқын көрінеді. Рефлексияның абстрактылы ұғымы - идеялар туралы елестету.
Рефлексия мәселесін Э. Гуссерль, К. Поппер, М. Хайдеггер сынды ғалымдар да көтерді. Э. Гуссерльдің ойынша, рефлексия табиғи және трансцендентальды болып бөлінеді. Біз еске алу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Сабақ басында сабақ соңында
Сыни ойлау қабілеті
ХИМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДА РЕФЛЕКСИВТІ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУДЫ ӘДІСТЕМЕСІ
Баланың дамуына ықпал ететін факторлар
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Гидроцефалиядан асқынған олигофрения
Пәндер