Аминқышқылдарын алу технологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Картинки по запросу "КАЗНАУ"

Кафедра: «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»

Факультет: «Технология және биоресурстар»

Реферат

Тақырыбы: «Аминқышқылдарын алу технологиясы»

Орындаған: Умирзакова Г.

Тобы: ТПП-306К

Тексерген: Спатай Н. Н.

Алматы 2020жыл

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Органикалық заттардың синтезінің жаңа технологияларын жасау үшін, алдымен биохимия, микробиология, органикалық заттардың синтезінің негіздерін, сонымен қатар аминқышқылдарының синтезінің өндірістік және инженерлік ғылым білімдерін меңгеру өзекті мәселе болып табылады. Аминқышқылдарын синтездеп алудың аймақтық шикізаттар қорының ассортиментіне байланысты әдісін таңдау және оның химиялық кинетикасын зерттеп оптимальды жағдайларын тәжірибелер мен есептеудің нәтижелері бойынша анықтау биологиялық белсенді заттар синтезі алдындағы терең зерттеуді қажет ететін мәселе.

Амин қышқылдары деп - карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды айтады.

Амин қышқылдарының физиологиялық маңызы өте зор, өйткені олардың қалдықтарынан ақуыздар құрылады және олардан ферменттер, витаминдер, гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі бойынша) атаумен айтады.

Мысалы: NH 2 СН 2 СООН - глицин . Сонымен қатар, амин қышқылдарын атау үшін сәйкес карбон қышқылының атына «амин» деген сөз қосып, амин тобының орнын грек алфавитімен көрсетіп атайды. Мысалы:

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1583/0/clip_image002.png
- аланин немесе α-аминпропион қышқылы

Табиғи ақуыздардың құрамына келесі аминқышқылдары кіреді: аланин, аргинин, аспарагин, аспарагин қышқылы, цистеин, глицин, глутамин қышқылы, гистидин, глутамин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, оксипролин, пролин, серин, кирозин, треонин, триптофан және валин. Сегіз аминқышқылын жануарлар организмі өздігінен синтездей алмайды, сондықтан оларды биологиялық ауыстырылмайтын аминқышқылдары деп атайды. Оларға пенилаланин, изолейцин лейцин, лизин, метионин, треонин, триптофан және валин жатады.

Амин қышқылдары құрылысы бойынша үш топқа бөлінеді:

1. Ациклді;

2. Карбоциклді;

3. Гетероциклді.

Ациклді амин қышқылдары карбоксил - СООН және амин − NH 2 топтарының санына қарай бөлінеді:

1. Моноаминкарбон қышқылдары: аланин СН 3 СН(NH 2 ) СООН - барлық ақуыздар құрамына кіреді.

2. Моноаминдикарбон қышқылдары: аспарагин қышқылы НООССН 2 СН(NH 2 ) СООН - аминянтар қышқылы, ақуыз гидролизі нәтижесінде түзіледі. Табиғатта аспарагин қышқылының амиді кездеседі -

NH 2 СОСН 2 СН(NH 2 ) СООН.

3. Диаминмонокарбон қышқылдары: Н 2 N(СН 2 ) 4 СН(NH 2 ) СООН - лизин, кейбір балық уылдырығының құрамында кездеседі, күшті негіз, ауыстырылмайтын амин қышқылдарына жатады. Оны синтетикалық жолмен капролактамнан және биохимиялық әдіспен алады.

Амин қышқылдарын химиялық синтез арқылы н/е белокты гидролизаттардан экстракциялау арқылы алады.

Ауыстырылмайтын А. Қ. микробиологиялық жолмен алған тиімді, себебі оларды МО белсенді L-формада түзеді.

МО арқылы аминқышқылдардың алудың 2 технологиялық жолы бар:

  • Бірінші әдіс арқылы а. қ. өндіргенде шикізат ретінде қажетті амин қышқылының клеткада түзіліп отыратын химиялық н/е биологиялық жолмен алынатын ізашары пайдаланылады. Яғни алғашқыда әзірленген ізашар МО клеткасында трансформацияланып керекті қосылысқа айналады.
  • Синтездің екінші жолы - мақсатты амин қышқылын түзетін белгілі штамды арнайы қор. ортада және жағдайларда өсіруге негізделген.

Амин қышқылдарын өндіру әдістері:

1) Белокты шикізат гидролизі.

2) Хим. синтез.

3) Микробиол. синтез.

4) Биотрансформация

Гидролиз кезінде белокты шикізатты қышқылдар мен сілтілер ерітіндісінде 100-105°C 20-48 сағ. қыздырады. Кемшілігі - Ол кезде кейбір а. қ. ыдырап кетеді. Табиғи ақуыз гидролизін қышқылмен, сілтімен немесе ферменттің көмегімен жүргізуге болады. Бірақ бастапқы шикізаттың (ет өндірісінің қалдықтары, жұмыртқа ақуызы және т. б. ) қымбаттылығы мен тапшылығы, сонымен қатар аминқышқылдарының бөлінуі мен тазалануының қиындығы - бұл әдісті кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді.

1-кесте

Аминқышқылы: Аминқышқылы
Өндіру тәсілі: Өндіру тәсілі
Өндіру көлемі т/г: Өндіру көлемі т/г
Аминқышқылы: Аланин
Өндіру тәсілі: Ф, Х
Өндіру көлемі т/г: 150-200
Аминқышқылы: Аргинин
Өндіру тәсілі: М, Х, Г
Өндіру көлемі т/г: 100-300
Аминқышқылы: Аспарагин қышқылы
Өндіру тәсілі: Ф
Өндіру көлемі т/г: 1000
Аминқышқылы: Аспарагин
Өндіру тәсілі: Х, Г
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: Цитруллин
Өндіру тәсілі: М, Х
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: Цистеин
Өндіру тәсілі: Г
Өндіру көлемі т/г: 1-10
Аминқышқылы: Цистин
Өндіру тәсілі: Г
Өндіру көлемі т/г: 100-200
Аминқышқылы: Глицин
Өндіру тәсілі: Х
Өндіру көлемі т/г: 5000-6000
Аминқышқылы: Глутамин қышқылы
Өндіру тәсілі: М
Өндіру көлемі т/г: 100 000
Аминқышқылы: Гистидин
Өндіру тәсілі: М, Г
Өндіру көлемі т/г: 100-200
Аминқышқылы: Гомосерин
Өндіру тәсілі: М
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: Оксипролин
Өндіру тәсілі: Г
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: Глутамин
Өндіру тәсілі: М
Өндіру көлемі т/г: 200-300
Аминқышқылы: Изолейцин
Өндіру тәсілі: М, Г
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: Лейцин
Өндіру тәсілі: М, Г
Өндіру көлемі т/г: 50-100
Аминқышқылы: Лизин
Өндіру тәсілі: М
Өндіру көлемі т/г: 15000
Аминқышқылы: Метионин
Өндіру тәсілі: Х
Өндіру көлемі т/г: 60 000-70 000
Аминқышқылы: L-Метионин
Өндіру тәсілі: М
Өндіру көлемі т/г: 100-200
Аминқышқылы: Орнитин
Өндіру тәсілі: М, Г
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: Фенилаланин
Өндіру тәсілі: М, Х
Өндіру көлемі т/г: 50-100
Аминқышқылы: Пролин
Өндіру тәсілі: М, Г
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: Серин
Өндіру тәсілі: М, Г
Өндіру көлемі т/г: 10-50
Аминқышқылы: L-Треонин
Өндіру тәсілі: М
Өндіру көлемі т/г: 50-100
Аминқышқылы: D, L-, L-триптофан
Өндіру тәсілі: Х, Ф
Өндіру көлемі т/г: 100
Аминқышқылы: Тирозин
Өндіру тәсілі: М, Г
Өндіру көлемі т/г: 10-100
Аминқышқылы: Валин
Өндіру тәсілі: М
Өндіру көлемі т/г: 50-100


Аминқышқылдарының химиялық синтезі
және технологиясы негізінен биологиялық белсенді заттардың өндірістік синтездеп алу үрдісінде қолданылатын жай заттардан және органикалық текті заттардың алмасу өнімдерінен алу әдістерінне және химиясы мен құралдарын зерттеуге негізделген.
Хим. синтез - а. қ. өндірудің шығымы жоғары әдісі. Кемшілігі - А. қ. рацематты изомерлерінің қоспасы түрінде алынуы. Аминқышқылдарын химиялық синтез жолымен алуға болады, бірақ бұл жағдайда қиын ажыратылатын L- D- формадағы аминқышқылдарының рацимикалық қоспасы түзіледі. Аминқышқылдарын табиғи ақуыздардың гидлозі арқылы гидролизаттардан аминқышқылдарын бөлу жолымен алуға болады. Бірақ ақуыздардың артық қоры шектеулі, сонымен қатар қышқылды гидролиз кезінде кейбір аминқышқылдар, мысалы триптофан бұзылады.

Химиялық - ферментативті синтез:

  • Микроорганизімдердің, яғни соның ішінде Escherichia coli, пиридоксаль тәуелді фермент триптофан-индол-лиаза (триптофаназа КФ 4. 1. 99. 1, гена tnaA гнінің өнімі) белгілі. Бұл ферменттің атқаратын қызметі тепе-теңдікті қадағалау үшін және реакцияның толық қанды жүруіне қажет жағдай жасайтындығымен белгілі
  • триптофан + су ⇋ индол + пируват + аммоний.
  • Осы жағдайлардың арқасында триптофанды индол, пировинограднды қышқыл және аммиакты ферментативті конденсациялу арқылы алуға болады.

Микробиологиялық жолмен лизин, триптофан аминқышқылдарын алу кең тараған. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзінде көп мөлшерде глутамин қышқылын немесе оның натрий тұзын, L-лизин және метионин (50т жылына) алады. Осы мөлшердің көп мөлшерін микробиологиялық синтез береді. Биосинтез үшін ауксотрофты мутанттарды, яғни мутагенді факторлардың әсерінен дамуға және өсуге қажетті қандайда бір аминқышқылдардың өздігінен синтездеу қабілеттілігін жоғалтқан бактериялар. Бұл осындай бактериялардың өсуі және көбеюі үшін ортада аминқышқылдардың, яғни гомосерин, треонин немесе метиониннің және т. б белгілі бір мөлшер болу қажет. Осы мутанттарға көбінесе биотин қажет. Мұндай бактерияларды гомосериндефицитті немесе биотин дефицитті деп атайды. Мұнымен қоса мутанттар көп мөлшерде басқа аминқышқылдарын, яғни лизин немесе глутамин қышқылын синтездеп, оларды қоршаған ортаға бөлуге қабілетті. Мутагенді факторлар жасушадағы аминқышқылдарының қалыпты биосинтезін генетикалық ақпаратқа әсер ету арқылы өзгерте алады. Егер сәулелену немесе химиялық факторлардың ДНКға әсері нәтижесінде ферменттің синтезделуі үшін ешқандай ақпарат бермесе онда жасушада да синтезделмейді.

Ауксотрофты мутанттарды оқу нәтижесінде ормитин продуценттері ретінде аргинин немесе цитруллинрефицидті; гомосерин немесе диаминопимерин қышқылы триониндефицидті; изолейцин продуценттері; лизиндефицитті; тирозин продуценттері фенилаланиндефицитті болуы мүмкін. Кейде табиғатта кездесетін бактериялар өсу процессі кезінде ортада 2-5г/л бос аминқышқылдарын жинақтауға қабілетті, бірақ ауксотрофты мутанттар оларды одан да көп мөлшерде, яғни 20-100г/л продуцирлейді.

Көп жағдайда L-триптофанның өенркәсіптік өндірісінде Candida utilis ашытқылар штамптарын пайдаланады, дефектті aro-гендер бойынша және фенилаланинді және тирозинді ауксотрофты нәтижесіндегі жолмен синитезделеді. Синтез үшін бастапқы шикі заттр ретінде көп жағдайда салыстырмалы түрде арзан синтетикалық антранилді қышқыл қолданылады, оны қолдануды бір-қатар мақсатты жағдайлар үшін бірнеше себептері бар. Біріндіден ол үрдісті жинақы етеді және арзан болуын қамтамасыз етеді, ал екіншіден жүретін механизімдерді үнемі қадағалауға мүмкіндік береді (алынатын (целевой) өнім триптофан антранилатсинтазаға ингибирлеуші әсер береді) . Аз мөлшерлі және қосымша регуляторлық эффектер тудырмайтын фенилаланин және тирозиннің мөлшері қатысында Candida utilis мутанттары антранилді қышқылының L-триптофанға өтуінің культуралды ортасынна енуіне жағдай жасайды.

Триптофанның микробиологиялық өндірісінде бастапқы шикізат ретінде сонымен қатар синтетикалық индол да қолданылады. Үрдіс триптофан-синтетазаның белсенділігіне және сериннің қолжетімділігіне тәуелді.

Аминқышқылдарын өндірістік синтез әдістері және негізгі өнімнің

продуцирлеуші мөлшері 2-кесте

Аминқышқылы
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл
Синтез әдісі
Аминқышқылы: L-Глутамат
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 1
Синтез әдісі: Ферментативті
Аминқышқылы: DL-метионин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 35
Синтез әдісі: Химиялық
Аминқышқылы: L-Лизин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 25
Синтез әдісі: Ферментативті
Аминқышқылы: Глицин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 22000
Синтез әдісі: Химиялық
Аминқышқылы: L-Фенилаланин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 8000
Синтез әдісі: Ферментативті
Аминқышқылы: L-Аспарагиновая кислота
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 7000
Синтез әдісі: Энзиматикалық
Аминқышқылы: L-Треонин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 4000
Синтез әдісі: Ферментативті
Аминқышқылы: L-Цистеин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 1500
Синтез әдісі: Ақуыздар гидролизі
Аминқышқылы: DL-Аланин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 1500
Синтез әдісі: Химиялық
Аминқышқылы: L-Глутамин
Әлемдік өндірісі, тонн/жыл: 1300
Синтез әдісі: Ферментативті

Микробты жасужалардың ақуыздарына барлық 20 амин қышқылдары кіреді, олардың биосинтезі протропты түрлерінде көміртегі, азот және күкірт құрамды компоненттік ортада жүзеге асырылады. Көміртегінің бастапқы көзі ретінде көмірсулар және олардың жартылай тотығу өнімдері болып табылады. 3-кесте

Бастапқы заттар
Аминқышқылы
Бастапқы заттар: Пируват
Аминқышқылы: Аланин, валин, лейцин
Бастапқы заттар: 3-фосфоглицерат
Аминқышқылы: Серин, глицин, цистеин
Бастапқы заттар: Қымыздық сірке қышқылы
Аминқышқылы: Аспартат, аспарагин, метионин, лизин, треонин, изолейцин
Бастапқы заттар: α-кетоглутар қышқылы
Аминқышқылы: Глутамат, глутамин, аргинин, пролин
Бастапқы заттар: Фосфоенолпируват+эритрозо-4фосфат
Аминқышқылы: Фенилаланин, тирозин, триптофан
Бастапқы заттар: 5-фосфорибозил-1пирофосфат+АТФ
Аминқышқылы: Гистидин

Триптофан алу технологиясы

  • L-триптофанды антранил қышқылынан алу технологиясында Candida utilis 295-t ашытқылар жүйесінің ферменттері қолданылады. Культивирлеу жағдайы мен құрам ортасын, себулік материалдарды қарапайым схемалар бойынша алынады. Бастапқы шикізатты өсіру 30оС температурада 24 сағат бойы қадағалау бойынша жүргізіледі және әр-бір пассажда жасалынады. Азоттың бастапқы шикі заты ретінде мочевинаны қолданады, оны концентрациясы 0, 5-1% мөлшерінде қосады. Ортасы болу үшін%: K2HPO4 - 0, 01; MgSO4 - 0, 05; CaCl2 - 0, 01; рН = 7, 5÷8. тұздары қосылады.
  • 24 сағаттық өнімнің өсуі барысынан соң ферментаторға 6 сағат сайын 5 процентік антранил қышқылының спирттегі ерітіндісі және 50%-тік мочевина ерітіндісін қосып отырады. Сонымен қатар антранил қышқылының бірінші порциясын қосқаннан соң әр-бір 3-4 сағатта қосымша мөлшерде меласса қосады. Екінші кезеңінің жалпы ұзақтығы (антранил қышқылын қосқаннан соң) шамамен 120 сағатты құрайды. Культураның өсу периодындағы аэрация интенсивтілігі кем дегенде 7г О2/(л*сағ. ) болуы керек, трансформация кезеңінде ол көрсеткіштер екі есеге төмендейді. 4-кесте
№ р/н
Өнім
100 г-дағы мг
№ р/н
Өнім
100 г-дағы мг
№ р/н: 1
Өнім: Бидай ұны (1- сорт)
100 г-дағы мг: 120
№ р/н: 17
Өнім: Сиыр еті II категории
100 г-дағы мг: 230
№ р/н: 2
Өнім: Күріш
100 г-дағы мг: 80
№ р/н: 19
Өнім: Қоян еті
100 г-дағы мг: 330
№ р/н: 3
Өнім: Қара нан
100 г-дағы мг: 70
№ р/н: 26
Өнім: Майшабақ
100 г-дағы мг: 250
№ р/н: 4
Өнім: Нан
100 г-дағы мг: 100
№ р/н: 28
Өнім: Бекіре
100 г-дағы мг: 300
№ р/н: 5
Өнім: Сүт, айран
100 г-дағы мг: 40
№ р/н: 29
Өнім: Жайын
100 г-дағы мг: 210
№ р/н: 6
Өнім: Сүзбе майлы
100 г-дағы мг: 210
№ р/н: 32
Өнім: Картоп
100 г-дағы мг: 30
№ р/н: 7
Өнім: Сыр балқытылған
100 г-дағы мг: 500
№ р/н: 33
Өнім: Сәбіз
100 г-дағы мг: 10

Лизин алу биотехнологиясы

Лизин мал азығындағы дефицитті ауыстырылмайтын аминқышқылдары лизиннің биосинтезі үшін бревибактериум, миктороройойс, коррунебактериум тұқымдасының ауксотрофты бактерияларының гомосерин дефициті мутанттарын қолданады.

Лизиннің активті продуценті бревибактериум. Оның клеткалары қозғалмайтын Грам оң таяқшалары, ұзындығы 1, 2-2, 5 мкм, кейде сопақша немесе домалақ формада болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Амин қышқылдарының маңызы
Амин қышқылдарына жалпы сипаттама
Азықтық белок өндірісі
Аминқышқылдар. Изомериясы және номенклатурасы
Азықтың химиялық құрамы
Шырышты субөнімдерді тазалау
Биотехнологиялық өндірістің нысаны ретінде микроағзалардың мағынасы
Әртүрлі аймақтарда өсетін топинамбур өсімдігінің (жапырағы, сабағы, жемісі) құрамындағы белоктар мен аминқышқылдарының таралу заңдылықтарын анықтау
Аминқышқылдвр және ақуыздар
Каллустық жасушаның өсу фазалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz