Ұлы ғұламаның философиялық, эстетикалық, әлеуметтік (социологиялық) тұжырымдары


Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
БӨЖ №4
Тақырып: Ұлы ғұламаның философиялық, эстетикалық, әлеуметтік (социологиялық) тұжырымдары.
Орындаған:Мукаш Саида
Топ:ПҚ-211
Қабылдаған:О. Б. Куатовна
Талдықорған, 2021ж
1-тапсырма: 1. Әл Фараби ұлттық сана, білім, әдет-ғұрып, поэзия және философия, ел басқарушының құқықтық міндеттері мен болмысы туралы.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы Отырар (Фараб-Қарашоқы) қаласында туылған, сонда білім алған. Кейін Бағдад (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.
Түркі, парсы, араб тілдерінде жаза да, сөйлейде білген.
Әл-Фараби ғақлиялық (ғылымилық) бағыттың бастаушысы.
Әл-Фараби астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия, педагогика ғылымдары бойынша 100-ден аса ғылыми еңбек жазған.
Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медресседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемнің екінші ұстазы атанған.
- ӘЛ-Фараби тәрбиесінің мазмұны, формасы және әдістері.
Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пантеистік тұрғыдан түсіндіретіняғни алла тағаланың ақыл-парасаты дейтін ілімге негізделген.
Әл-Фараби психология саласында жеті еңбек жазған. Олар:
Жанның мәні туралы.
Түс көру туралы сөз.
Жан туралы.
Ақыл және ұғым.
Жас өспірімнің ақылы туралы кітап.
Ересектердің ақылы туралы кітап.
- Темперамент туралы.
Бірақ бұл еңбектерді біздің заманымызға жетпеге. Оның жан дүниесі туралы толғаныс- тебреністер “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, “Азаматтық саясат”, “Даналық таңба тастар”, “Бақыт жолын сілтеу”, ”мәселелердің мәні” т. б. еңбектерінде баяндалған.
Әл- көзқарастарымына .
- Ғылым туралы. ҒылымдаӘл-Фарабидің “Бақытқа жету”, ”Ғылымдар тізбегі”, ”Ғылымдарды топтау”. Бұл еңбектері арқылы ғалымдардың еңбектерінің мәнін ашып, анықтап, мәнін жіктейді. Мыс: математиканы 7-і тарауға бөледі:
1 Арифметика
2 Г еометрия
3 Оптика
4 Астрономия
5 Музыка
6 Статика
7 Механика- әдіс- айла жөніндегі ғылым.
- Оқу, білім туралы. Әл-Фараби оқу, білім, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. Ол тәбие әрекетінде қатты әдіс (қатаңдық) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады.
Ол оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру, ал білім беру - ғылым теорияларын іске асыру, тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді.
- Оқыту әдістері туралы. Әл - Фараби оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік деп көрсетеді.
- Тәлім -тәрбие туралы. Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойында білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту.
- Денсаулық туралы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек дейді.
- Еңбек туралы. Еңбек ету денеге күш береді, шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсіздікті әлсіз халінде қалдырады деді.
- Поэзия және музыка туралы. Поэзияны ”сезімді сиқырлайтын болмыс” - деп оның тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Әл-Фараби адам -қоғамның ажырамас бір бөлшегі, ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ол белгілі бір топтың мүшесі деп қарастырады. Адам өмір сүру үшін көптаген нәрсеге мұқтаж болады, мұның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан ол басқалармен қарым-қатынасқа түсуі қажет деді.
Адам өсіп -өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді, бұл қоғамдардың бірі-толық, екіншісі- толық емес деп аталады. Толық емес қоғам 3-ке бөлінеді : 1. Үлкен. 2. Орта. 3. Кіші қоғам.
Үлкен қоғам-жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы.
Орта қоғам- белгілі бір халық, тайпалар бірігеді.
Кіші қоғам- жекелеген қалалардың тұрғындары, көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне отбасы, жанұя жатады.
Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасындағы достық, қастық қарым-қатынастар жайлы айтқан пікірлер ерекше. Ол достықты 2- түрге бөледі:
Біріншісі- адал дос, екіншісі- айнымалы, алдымшы дос. Бір-біріне қас, жау адамдарды да екі түрге бөледі:
Біріншісі- өшпенділігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар.
Екіншісі- көре алмаушылықтан жауығатындар.
Әл- Фараби бұлардың біріншісінен ерекше сақ болудың, олардың ой-пікірін үнемі таразыға салып, қадағалап біліп жүруді ескертеді. Ол осындай адамдардың арам ниетін біліп қоймай, тиісті жерінде аяусыз әшкерелеу қажет дейді.
Фараби жастарға ғылым-білімді қалайша меңгерту керектігі жөнінде көптеген ақыл-кеңес береді. Ғылым- білім үйренемін деген жас адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек мақсаты тек ақиқат пен шындық жолында ғана болуы тиіс дейді.
- Рухани және зиялылық тәрбие мәселелері
Әл- Фарабидің педагогикалық мұрасы телегей-теңіздей мол дүние. Оның арифметика, геометрия, астраномия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызуы да, сондай-ақ педагогика, әдістеме мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтқанымыздың жақсы айғағы. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену одан соң парасаттылық пайда болады, теориялық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әрекеттенеді. ” Білімді болу деген сөз- деп жазды ол, -белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз… білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше алады “.
- Оқытудың мазмұны мен құралдарын анықтау мәселелері
“ Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғарымен болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі туады. Ұстаз ескерер тағы бір жәйт, -дейді Фараби, -бұл шәкірттің мінез -құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру “.
2-тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің этнопедагогикаға қосқан үлесі
Ы. Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы. Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы». 1
Кезінде қазақ ха лқының болашақ дағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды.
Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин - аса көрнекті ағартушы-педагог, этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл педагог болған адам.
Ы. Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы) . Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Шаңбыршыұлы тәрбиелейді.
Балғожа би көзі ашық, көңілі жарқын, заманының алдыңғы қатарлы адамы еді: ол өз заманының жайын тез байқады. Ендігі үміт артта, ескіде емес, алды, жаңада екенін, Ресей өкіметінің саясатына ыңғайланып, орыс мәдениетінен азық алудың қажет екенін аңғарды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл мектептерді ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: «Мектеп құрудағы басты міндет - шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан - ел билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау» деп жазылған.
Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды. Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, ерекше талантты болған.
Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және сонда қызмет етіп жүрген жылдары Ы. Алтынсарин Орынборда Шекара комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған белгілі шығыстанушы ғалым, профессор В. В. Григорьевпен танысып, жақын болып және онымен достасып алады да, оның бай кітапханасын еркін пайдаланады. Соның арқасында ол орыс және шетел ақын-жазушыларының, ағартушы-ғалымдарының шығармаларын көптеп оқып, олармен мол танысады. Сөйтіп небәрі жетіжылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай өздігінен оқып, ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің арқасында жан-жақты мол білімі бар, ой өрісі өте кең, оқымысты адам болып шығады.
3-тапсырма: Ш. Уалихановтың этнопедагогикалық еңбектері
1. Шоқанның өскен ортасы. Әжесi Айғанымның, әкесi Шыңғыстың маңына аңшы, әңгiмешi, ертекшi, әншi, күйшi, ақын, құсбегi т. б. өнер адамдарының үйiр болуы. Олардың Шоқанның жастайынан қазақ өнерiмен сусындауына ықпал етуi, Ауыл молдасынан оқып хат тануы.
2. Ел билеу тiзгiнiн берiк қолда ұстау мақсатында Шыңғыстың 11 жасар Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусiне әскери оқуға беруi. Шоқанның орыс тiлiн тез меңгеруi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz