Көрнекті, ұлтжанды жазушы Ә. Кекілбаевтың әңгіме, повесть, романдарындағы ұлттық менталитеттің бейнелену шеберлігі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Ә. Кекілбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы және ұлттық

дүниетаным 10

1. 1 Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы 10

1. 2 Ұлттық дүниетаным, менталитет, ұлттық құндылықтар

ұғымдарының ғылыми негіздері 37

2. Көркем әдебиеттегі ұлттық құндылықтар мен ұлттық дүниетаным 51

  1. Ә. Кекілбаев прозасындағы ұлттық дүниетанымның бейнеленуі 51
  2. «Аңыздың ақырындағы» ұлттық тағылым 56
  3. «Үркер» романындағы салт-сана, дәстүр мен нанымның

бейнеленуі 60

2. 4 «Елең-алаң» шығармасындағы қазақы менталитеттің көрінісі 63

Қорытынды 66

Пайдаланылған әдебиет тізімі 69

КІРІСПЕ

Халықтың бірлігі - ынтымағы жарасып, біртұтастық, туыстықтың шынайы үлгісін көрсете біліп, өзінде барын ұқсатып, өзгеге бағалата, таныта білсе ғана тарихтан өшпесі, мықтап орнын сайлап алары анық. Осыларды біріктіретін қуатты күш - ол ұлттық менталитетке тәуелді. «Қабырғалы халқы болмаса, қандай басшының да тауы шағылмай, тауаны қайтпай қоймайды» [1, 41 б. ], - деп Елбасымыз Н. Назарбаев «қабырғалы халықты» берік қалыптастыратын ұлттық менталитетсіз ешкім ешнәрсені түбегейлі шеше алмайтынын, ұлы мұратқа жетпейтінін еске салады. Сол менталитеттің уызын жас ұрпақтың бойына ғасырлар сынынан өткен бай салт-сана, әдет-ғұрпымыз, ән-күй, телегей-теңіз ауыз әдебиеті, жазба әдебиетіміз сіңірері, дарытары әлмисақтан аян.

Тақырыптың өзектілігі . Елбасымыз Н. Назарбаев: «Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлануы керек. Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінген. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кеңбайтақ жердің ылайықты мұрагері бола білуге ұмтылсын деген сөз» [1, 27 б. ], - деп сонау коммунистік империя күйреп, одақтас республикалар қалай беттерін білмей теңселіп тұрған елең-алаң шақта көрегендік танытты.

Кеше кім болғанымызды, бүгініміз қандай күйге тап қылғанын, енді шапшаң ес жинап, мына ата-бабамыз қалдырған осындай кеңбайтақ, асты-үсті байлыққа толы құтты жерімізді қайта мұрагеріне сыйлағанда мүлт кетпеуге шақырды. Тарих ырғалып-жырғалуды, қиындықтан қорқып, кешеуілдетуді кешпейді.

Қaзipгi Қaзaқстaн қoғaмындa opын aлғaн түбeгeйлi өзгepiстepгe бaйлaнысты ұлттық құндылықтapдың дaму үдepiсi мeн әдeбиeттeгi aлып oтыpғaн opнын ғылыми тұpғыдaн зepттeу - тapихи қaжeттiлiк, уaқыт тaлaбы. Aтaлғaн мәсeлeнi ұлтымыздың тapихын бeйнeлeп oтыpaтын әдeбиeттaну ғылымы aясындa ғaнa eмeс, жaһaндaну бapысындa сoл құндылықтapы бap eңбeктepдi жaстapдың бoйынa дapытудың шeшiмiн тaбу - өтe мaңызды құpaмдapдың бipi. Әлeмдeгi хaлықтap дeмoкpaтиялық қoғaм құpу бapысындa өздepiнiң ұлттық тәуeлсiздiктepiнe қoл жeткiзгeндiгi бeлгiлi. Қaзaқстaн дa сoл тәуeлсiздiгiнiң тұғыpын бeкiтугe бeкeм кipiсудe. Мiнe, oсы тұpғыдaн aлғaндa, қaзipгi кeздe қoғaмдaғы ұлттық құндылықтapдың opны opны мeн pөлiн дұpыс aнықтaудың, сoнымeн қaтap, бүкiл қoғaм өмipiндe oлapды қoлдaнудың қoлaйлы нұсқaлapын дaйындaудың үлкeн ғылыми-тәжipибeлiк мәнi бap. Бұл peттe Қaзaқстaн Peспубликaсының пpeзидeнтi Нұpсұлтaн Әбiшұлы Нaзapбaeвтың 2014 жылғы 17 қaңтapдaғы «Қaзaқстaн жoлы - 2050: Бip мaқсaт, бip мүддe, бip бoлaшaқ» Қaзaқстaн хaлқынa жoлдaуының бaсты epeкшeлiгi - қaзaқ хaлқының мыңдaғaн жылғы тapихи тәжipибeсi тәуeлсiздiк жылдapы жүpiп өткeн сapa жoлдaн туындaғaн «Мәңгiлiк Eл» ұлттық идeясын жapия eтуi.

Жoлдaудa мeмлeкeт бaсшысы бapшa қaзaқстaндықтapды бipiктipeтiн, eл бoлaшaғының ipгeтaсы мeн тұpaқтылығын қaлaйтын төмeндeгiдeй бaсты жeтi құндылықтapды тұжыpымдaп көpсeттi:

«Бұл құндылықтap - уaқыт сынынaн өткeн Қaзaқстaндық жoл тәжipибeсi».

Бipiншiдeн, бұл - Қaзaқстaнның тәуeлсiздiгi жәнe Aстaнaсы.

Eкiншiдeн, бұл - қoғaмымыздaғы ұлттық бipлiк пeн кeлiсiм.

Үшiншiдeн, бұл - зaйыpлы қoғaм жәнe жoғapы pухaният.

Төpтiншiдeн, бұл - индустpиялaндыpу мeн иннoвaциялapғa нeгiздeлгeн экoнoмикaлық өсiм.

Бeсiншiдeн, бұл - Жaлпығa Opтaқ Eңбeк Қoғaмы.

Aлтыншыдaн, бұл - тapихтың, мәдeниeт пeн тiлдiң opтaқтығы.

Жeтiншiдeн, бұл - eлiмiздiң ұлттық қaуiпсiздiгi жәнe бүкiләлeмдiк өңipлiк мәсeлeлepдi қapaстыpуғa жaһaндық тұpғыдaн қaтысуы», - дeй кeлe, «Мәңгiлiк Eл - жaлпықaзaқстaндық opтaқ шaңыpaғымыздың ұлттық идeясы», -дeгeн пaйымдaмa жaсaды.

Дeмeк, тapих пeн мәдeниeт, әдeбиeт eгiз ұғымдap бoлсa, oндaғы ұлттық құндылықтapдың pөлi тeк әдeбиeтшiлepгe ғaнa eмeс, күллi жұpтшылығымызғa әсepi тeлeгeй-тeңiз. Сeбeбi, ұлттық құндылықтapдың пpoзaдaғы бoлсын, пoэзиядaғы бoлсын көpiнiсiн бiлмeй, өткeнiмiздi бiлiп, кeлeшeккe ұлт бoп aттaнa aлмaймыз. ХХ ғaсыpдың бaсындa Ә. Бөкeйхaнoв бaстaғaн apыстapымыз жoқ дeгeндe aвтoнoмиялы peспубликa бoлу үшiн күpeсiп, қaнын төгiп, жaнын бepдi. Құдaйғa шүкip, қaзip eгeмeндi eл бoлдық. Қaзipгi ұpпaқтың, ХХI ғaсыpдaғы қaзaқ ұpпaғының мiндeтi - экoнoмикaмызды дaмытa oтыpып, ұлттық құндылығымызды қopғaп, дaмытып, сaқтaй oтыpып әлeмдiк қaуымдaстыққa кipiгу. Eгep ұлттық құндылығымызды сaқтaй aлмaсaқ жaһaндaнуғa жұтылып кeтeмiз. Жaһaндaнуғa жұтылып кeтпeй, пpeзидeнтiмiздiң aлдығa қoйғaн мaқсaты «Мәңгiлiк Eл» бoлып қaлу үшiн ұлттық құндылықтapымызды сaқтaп, қopғaй бiлуiмiз кepeк. Aл oл үшiн ұлымыздың ұлттық aйғaғы - әдeбиeтiмiздi тaнып, бoлaшaқ ұpпaққa ұятты eлiмiздiң ұлттық құндылығы сaнaлғaн әp мiнeз-құндылығы мeн тaнымын қaғaз бeтiнe түсipiп, ұpпaққa миpaс eтiп жүpгeн жaзушы шығapмaлapын зepттeп, дapыту - өзeктi мәсeлe ғaнa eмeс, мiндeттi пapыз. Сeбeбi, ұлттық құндылық - ұлттың тipeгi!

Сондықтан, өткенге салауат, қабырғалы халық енді тарих тасқынының астында қалмай, ел тізгіні берік өз қолына тигенде тұлпардай қайта түлеп, «ертең кім болатынымыздың» қамын жеуіміз керек. Ұлан-байтақ жер, материалдық байлықтың сол халыққа түпкілікті, мәңгі бұйыруы, ата-бабамыздың өсиетіне адал болудың ізгі жолынан айнымауға жеткізетін құдіретті күшті мойындауға, жүрекке сіңіруге байланысты. Ол - ата-бабаларымыздан бізге жеткен ғибратты тағлымы, мәдени құндылықтары, тарихтан сүзіліп жеткен салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрі, демек, ұлттық менталитеті.

Менталитет сөзінің ауқымы өте кең. Ол адамдардың нақты ісінен, өмір сүру тәсілінен, ойлау жүйесі, дүниетанымы, бір-біріне ілтипаты, салт-дәстүрі, ән-күй, ойын-сауығы, ең ақыры, өзін қоршаған ортаға қарым-қатынасынан да сол менталитеттің мазмұн, мәні, құнарын аңдаймыз. Біздің менталитетіміз европалықтардан өзгеше көшпенділер менталитеті деп аталады.

Белгілі философ ғалым Д. Кішібеков көшпенділердің менталитеті қалай болғанын зерттей келіп, мынандай ғылыми тұжырым жасайды: «Көшпелі халықтардың менталитетін европалықтарға ұқсата алмаймыз. Көшпенділер менталитетін тек санадан шығармай, кеңінен алып қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайынан, қоршаған ортасынан туындап, бірте-бірте қалыптасқан мінез-құлқын, әдет-ғұрпын, ойлау жүйесін, салт-санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады»[2, 6 б. ], - деп анықтама береді.

Сонымен менталитет ұғымы белгілі бір ұлттың басқа ұлтпен салыстырғанда оған ұқсамайтын қасиеттерін түгел қамтитынына еш күмәнданбайсыз, өйткені, бар қалыптасқан өзгешелік ғылыми жағынан дәлелдеуді қажетсінбейтініне шүбәңіз қалмайды. Қазақ халқының сәндік, ою-өрнек өнеріндегі көшпелі тұрмыс белгілері, этнографиясы жайлы да осыны айтуға болады.

Демек, республикамызда өмір сүріп жатқан диаспораларды былай қойғанда, кешегі тоталитарлық жүйеде тәрбиеленген, отаршылдар қазақтығынан айырған, бүгінгі тілмен айтқанда, өзіміздің қандастарымызды «мүйіздеп»: мәңгүрттер, шала қазақ, таза қазақ деп түстеп-түгендеушіліктен құтылудың емін қарастырмай болмайды.

Асылы, қазақтың өз ішіндегі патриоты болдырудың төте жолы - көркем шығармаларды оқыта отырып, ондағы менталитеттің бейнеленуіне көңіл аудартып, кейіпкерлер бойындағы озық ұлттық қасиеттерді оқырманның бойына сіңіру, дарыту. Туған халқының өткенін, бүгінгісін де жетік білетін, қазақ менталитеті бойында тұнып тұрған кейіпкерлер галереясын жасаған жазушылар, шүкір, бар. Солардың қатарына аса талантты, барынша ұлтжанды көрнекті қазақ сөз зергері Әбіш Кекілбаевты жатқызуға болады.

Ұлттық менталитет қамтитын қай сала болмасын олардың туындыларында мол ұшырасады. Негізінен бұл қаламгерлер «Хрущевтік жылымақтан» кейін қолдарына қалам алған толқын болғандықтан, ұлтының бойындағы асыл қасиеттерді де, уақыт жұқтырған сұрықсыз мінез-құлық, әдет-салтты да жасқанбай батыл бейнеледі.

Ұлттық әдебиетіміздің алдында тұрған ең басты мәселе сол империялық пиғылды жоққа шығарып, «табанына таптаған», бірақ ата-бабаларымыздың бойына құт, жолына нұр, алысқанда аруағын асырар сарқылмас күш қарапайым тірлікте абыройын асқақтатқан халық руханиятының бастауларын біз осы Әбіш Кекілбаев шығармашылық ерлігінен танып, көбірек ғибрат алып, кеше кім едік, бүгін кімбіз, болашақта кім болуға тиістілігімізге жауап алатындаймыз. Әрине, мұнан біз Ә. Кекілбаевты басқа қазақ жазушыларынан жоғары қойып, дәріптегелі отырғамыз жоқ.

Халыққа мәшһүр қаламгерлеріміздің кез-келгені ұлттық менталитетті өз шама-шарқынша бейнелеп, жұртының ыстық ықыласына бөленгенінен де хабардармыз.

Кез келген жазушының жаратылыс, мінезі, болмысы, сөз жоқ, оның көңіл әлемінен көрініс табады. Ой өрісі, ақыл парасаты, көзқарасы, таным табиғаты бір шығармасынан екінші шығармасына ауысып отырады.

Осы орайда суреткер Кекілбаевты, ойшыл Кекілбаевты, тарихшы Кекілбаевты еш бөле - жара қарауға болмайтынын ұмытпауымыз керек. Қазақ топырағындағы осы суреткер баяндау мәнерінің өзгеше үрдісі туралы сөз болғанда осы жайды ескеріп отыру қажет. Жазушының романы мен повестеріне айрықша тән осынау стильдік тұтастық арнайы зерттеп тануды қажет етеді.

Ұлттық әдебиет болғаннан кейін оның ең басты объектісі, мұраты ұлттық характерді жасауға саяды. Ал, өз кезегінде ұлттық характер ұлттық менталитеттер негізінде тұғырына берік орнықпақ. Олай болса әдебиеттану, әдебиет тарихына қатысты зерттеу еңбектерінде олардың үлесіне аз сыбаға тимесі ақиқат.

Кейінгі кезде Д. Қ. Неталиева «Д. Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаттары», Қ. М. Уразбаев «Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық дәстүрлер көрінісі» деген тақырыптарға зерттеу жүргізіп, ұлттық менталитеттің жекелеген салаларын жазушыларымыз шығармаларында қалай кейіпкерлер образы арқылы ашқанын саралап берді. М. С. Горбачевтің «қайта құру» реформасы кезіндегі плюрализмді, еркіндікті мүлт жібермей философ ғалымдарымыз да ел назарын өзіне аударар, менталитеттің мемлекет, қоғам деңгейіндегі, ұлттық сана, ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін, тарихи-философиялық мәні, мазмұны, менталитеттің қамтитын ауқымы, өрісі, оның теориялық негізін ғылыми тұрғыда терең байыптаған бағалы зерттеулерді дүниеге әкелді.

Олар: философия ғылымдарының докторы, академик Досмұхамед Кішібековтің «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең», философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Бурбаевтың «Ұлт менталитеті» атты еңбектері ешкімді бей-жай қалдырмайтын, философия ғылымына қосылған бағалы қазына.

Әсіресе, академик Д. Кішібековтің еңбегі көп оқып, көп тоқыған, ғылымның әр саласынан терең білімі бар, тәжірибесі мол, ойын еркін жеткізетін тілі бай ғалым екенін танытты.

Ал, Төлеуғали Бурбаевтың «Ұлт менталитеті» атты еңбегі өзіне дейінгі осы ғылыми ұғым төңірегінде ғалым философтардың ғылыми зерттеулерін табанды зерделей отырып, ұлт менталитетін философия, әдебиет, тарих ғылымдары жетістіктерімен сабақтастыра зерттеуге ұмтылыс жасаған. Бурбаевтың бұл теориялық тұжырымы еңбегімізде Ә. Кекілбаев әңгіме, повесть, романдарын ұлттық менталитеттің бейнеленуі тұрғысынан талдауда басшылыққа алынды.

Алайда, Т. Бурбаев көп жағдайда менталитеттің батыстық үлгісіне жығылыңқырап кетеді. Әйтсе де біз философ ғалымдар еңбегінен ұлт менталитетінің қалыптасу жолдары, қазақ философиясы ұлт менталитетінің негізі екенін, қазақ менталитетінің әлеуметтік табиғатын, нарық және қазақ менталитетінің келешегі жайлы аршынды ойларын құптауға тиістіміз.

Орыс әдебиеттану ғылымында да ұлттық менталитет төңірегінде К. Биязарти, В. Оскоцкий, И. С. Кон, В. Н. Гвоздей, Н. И. Утехин, М. Чимпой, Б. Бурсов, Э. В. Сокол, Ю. И. Суревцев, С. Ф. Крипченко, А. О. Большев, З. А. Серебрякова, қырғыз ғалымы А. И. Мусаев, азербайжандық ғалым А. Мамедовалар өз зерттеулерінде ұлттық мінез, ұлттық ерекшелік, тарихи-философиялық, әлеуметтік психология, ұлттық мінез бен көркем ойлау, ұлттық мінез бен әдебиет, тип арақатынасы, ұлттық мінезді ашуда тарихи принципке сүйену, этнопсихология, ұлттық мінездің қалыптасу, даму диалектикасын, ұлттық мінездің халықтық тарихи өмірі арқылы қалыптасуын зерделеп, кейінгі зерттеушілерге менталитетті танып-білуге нұсқайтын мол білім көзін жасаған.

Әрине, белгілі жазушылар Ә. Кекілбаев әңгіме, повесть, романдары бұрын ұлттық менталитет тұрғысынан сөз болмай, зерттелінбей келгені аян.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ұлттық менталитеттің теориялық, тарихи-философиялық, этнопедагогикалық негіздері шынайы өмірдің арнасынан сүзіп алынған Ә. Кекілбаевтың әңгіме, повесть, романдарындағы кейіпкерлер болмысынан тауып, олар оны қалай бейнелегенінің сырына қанықтыру, солар жасаған рухани мұрадағы ұлттық менталитет көріністерін байыптап, саралап беруді мақсат етіп отырмыз. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында мынандай міндеттер қойылды:

- шығармалары талданып отырған жазушының туындыларынан ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет-ғұрып - менталитет көріністерін байыптауда оның көркемдік негізін (генезисін) тауып, игерулеріне баса мән беру;

- ғасырлар көшінде халқымыздың бойына тамырын терең жіберген ұлттық менталитетін отаршылдық қанау, тоталитарлық езгі, идеологиялық қысымға төтеп беріп, жоғалтпаған жанкештілігін Ә. Кекілбаевтың қалай бейнелегенін байыптау;

- Ә. Кекілбаев шығармаларында ежелгі ұлттық менталитетті бастан кешіп отырған қоғамдық формация тигізіп отырған ықпалы, соның әсерінен адамдардың мінез-құлқы, болмысы құбыла бастауын олар қалай көре білгеніне, ескі мен жаңаның күресін реалистікпен бейнелеуіне назар аудару;

- Ә. Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық психологияның орнын анықтау.

Магистрлік жұмыстың нысаны мен пәні . Жұмыстың нысаны - көрнекті, ұлтжанды жазушы Ә. Кекілбаев әңгіме, повесть, романдарындағы ұлттық менталитеттің бейнелену шеберлігі.

Аталған жазушылардың шығармаларындағы халықтық, ұлттық, мемлекеттік қуатымыз, елден бөлектеп тұратын қасиеттеріміз көрінетін ұлттық менталитетті талдап, танытып, ғылыми жаңалық ашу үшін этнопсихология, этнопедагогика, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихы, әдебиеттану ғылымы, ұлттық тарих, психология, этнография, география, жаратылыстану, ислам дінінің тарихымен қаруланып, олардан алған білім, зерттеп отырған тақырыптың құрамдас бөліктері ретінде қарастырылды.

Зерттеудің теориялық, әдіснамалық негізі . Магистрлік жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде әдебиеттану және фольклортану, әдебиет тарихына қатысты монографиялар, сыни мақалалар, психология, педагогика, философия, этнография, дінтануға қатысты кейбір еңбектер кешенді түрде зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізіне алынды.

Атап айтқанда, отандық әдебиеттанушы ғалымдар А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, А. Сейдімбек, Р. Нұрғалиев, Р. Бердібай, М. Жолдасбеков, С. Қасқабасов, Н. Ғабдуллин, Т. Сыдықов, Б. Әбдіғазиұлы, Т. Тебегенов, Т. Рахымжанов, Г. Піралиева, Д. Неталиева, Қ. Әбдезұлы, Қ. Уразбаев және т. б; елімізге кеңінен танымал философтар: Д. Кішібеков, А. Х. Қасымжанов, Ғ. Е. Есімов, Ә. Н. Нысанбаев, А. Қ. Қасабек, Ж. Алтаев, Ж. Ж. Молдабеков, Т. Бурбаев, Ә. Қалмырзаев, М. Ш. Хасанов; көрнекті тарихшы ғалымдарымыз: Ә. Марғұлан, М. Қ. Қозыбаев, А. К. Акышев, К. М. Байпақов, Х. А. Арғынбаев т. б. ұлттық менталитетке, қазақ халқының халық болып қалыптасуы дамуына қатысты ғылыми-теориялық тұжырымдарын ғылыми еңбегімізде пайдаландық.

Ал шетелдік ғалымдар: К. Биязарти, В. Оскоцкий, И. С. Кон, В. Н. Гвоздей, Н. И. Утехин, М. Чимпой, Б. Бурсов, Э. В. Сокол, Ю. И. Суревцев, С. Ф. Крипченко, А. О. Большев, З. А. Серебрякова, А. И. Мусаев, А. Мамедовалардың ғылыми еңбектері мен монографиялары ретіне қарай кәдеге асты.

Зерттеу әдістері . Магистрлік жұмысты жазу барысында негізінен салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, технологиялық, кешенді-жүйелі талдау әдістері жүзеге асты.

Магистрлік жұмыстың ғылыми жаңашылдығы . Қазақ жазба әдебиетінен бастау алған бай әдеби дәстүрді игерген Ә. Кекілбаев әңгіме, повесть, романдары өзге де қуатты отандық, шетелдік көркем туындылармен көркемдік дәстүр мен үйлестік, сабақтастық жағдайында, әдеби-теориялық тұрғыда жан-жақты, байыпты талдануы зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеу жұмысында Ә. Кекілбаев пен шығармаларындағы ұлттық менталитеттің көркем бейнеленуіне талдау жасалынып, төмендегідей мәселелер шешімін тапты:

- қазақ менталитеті деген терминге теориялық талдау жасалып, оның қалыптасуына ықпал ететін салалардың генезисі анықталды;

- Ә. Кекілбаев әңгімелері, повестері мен романдарында ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, ән-күй, өнер салалары, құқықтық, саяси дүниетанымның ұлттық болмысын танытудағы рөлі байыпталды;

- «Семья - шағын мемлекет» демекші, қуатты мемлекеттің негізі, тұғыры отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеп, сыйлап, бірі үшін бәрі жанын қиятын туыстықтың қазақ менталитетінің бастауы екенін Ә. Кекілбаев шығармаларынан мол фактілер келтіру арқылы анықталды;

- ұлттық мінезде сол ұлт өкілдерінің болмыс-бітімі жататыны сараланды;

- ұлттық менталитетті бейнелеудегі алдыңғы буын жазушылардың дәстүрін Ә. Кекілбаев қалай жалғастырғаны, дамытқанына баса назар аударылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні : бұл зерттеуді жоғары оқу орындарының филология, журналистика, тарих, философия, құқықтану факультеттеріне оқылатын дәрістерде, практикалық сабақтарда, білімгерлердің өз беттерімен жұмыс істеуіне берілетін тапсырмаларға қосымша ұсынуға болады. Ұлттық менталитеттің небір озық үлгілері тұнып тұрған ақын-жазушылар творчествосын талдау барысында бұл еңбектің теориялық тұжырымдары ауадай қажет. Осы зерттеу негізінде арнайы курс, семинарлар өткізу тиімді.

Ә. Кекілбаев жекелеген әңгіме, повестерін сұрыптап алып, романдарын зерттеуге негіз еттік. Қазақ әдебиеті тарихына қатысты жазылған, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, дәстүрлерін талдаған ғылыми зерттеулерді мүмкіндігімізше қажетімізге жараттық. Шетел әдебиеттану ғылымындағы тақырыбымызға қажетті танымдық мәні бар еңбектерді, отандық философтарымыздың ұлттық менталитетті арқау еткен монографияларын ретіне қарай пайдаландық.

Магистрлік жұмыстың құрылымы . Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ә. КЕКІЛБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҒҰМЫРНАМАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ

1. 1 ЖАЗУШЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ

Ә. Кекілбаев 1939 ж. Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. 1962 ж. Киров атындағы Мемлекеттік университеттің филологиялық факультетін бітіреді. 1962-1970 ж. ж. «Лениншіл жас» газетінде, Қаз ССР мәдениет министрлігінде, 1970 ж. «Қазақфильм» киностудиясында, кейіннен Мемлекеттік хатшы, ҚР Сенатының депутаты қызметтерін атқарған. Ә. Кекілбаев «Үркер», «Елең -алаң» атты тарихи романдардың, көптеген повесть, әңгіме, ғылыми зерттеулер, сыни еңбектер, естелік - эсселерідң авторы.

Аңыз да, оқиға да, тархи тұлғалардың іс - әрекеті де қазіргі заманның өмірлік қиындықтарымен, қым - қиған қасіреттеріне үндесе жалғасып, аңыздық сарында жазылған шығармаларының қай - қайсысында да өзгеше ой мен әсемдік сипатқа ие болады. Өмірдің қатпар - қатпар шындықтарын тануға көмектеседі. Оқырман тарих үзігін әлгі аңыздың өзегін өз өмірінің бүгінгі шындықтай сезінеді. Қайғырады, күйінеді, сүйінеді.

Нәтижесінде оның ойы мен кемеңгірлігін аңғартар аңыз әңгіме түлейді, түрленеді.

Осыған дейін сахара төсін дастан, жыр, күй, саз сарын ретінде кезіп келген дала даналығы мен халық жады мәдениет әлемінің бүгінгі ұлы кеңістігіне келіп араласады. Сонылық сипатқа, жаңа мәнерлік мәнге, мағынаға ие болады.

Ол ежелгі аңыз әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи - философиялық тұрғыдан екшеп, сол аңыз - әңгімелерден күллі адам баласына адамшылық тамырларды тауып отырады. Жазушы көркемдік палитрасының қауаты мен қасиеті де осында. Өткен күндер шындығына бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіреді. Сыншыларымыздың Кекілбаевты «тарих пен бүгінгі күннің маңызды мәселелерін» (Ш. Айтматов) бірлікте қарап, «әлеуметтік ірі идеяларды өзек ететін» (Ә. Нұрпейісов), адам баласының болмысы мен оның іс - әрекетінің себеп - салдарын іздеп, үнемі ой толғайтынын» (А. Руденко - Десняк) атап көрсетуі бекер емес, әдеби шындыққа сай келетін аксиомалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Әбіш Кекілбаев (1939-2015)
Д. Исабеков прозасының көркемдік әлемі
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Боран романы енді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz