Мұстафа Өзтүрiк



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТКЕТІ

СӨЖ

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ТАҚЫРЫБЫ: Мұстафа Өзтүрiк


Орындаған: Садувахасова М.Ы
Тобы:ЕП-19-3к2
Қабылдаған: Сабит Нұрғали

Шымкент 2020ж.
Мұстафа Өтүрік
Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (23.11.1954, Мұсаходжалы ауылы, Кайсери қаласы, Түркия, - 15.3.1995, Алматы) - белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өмірбаяны
Найман тайпасының байжігіт руынан. Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді. 2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.
* 1975 -- 1980 жж. Тайбей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетінде оқыды, халықаралық-журналист мамандығы бойынша жоғары білімін Тайваньда алды.
* 1980 -- 1990 жж. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін АФР мен Түркияда қалады.
* 1990 -- 1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті. Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы.
* Таэквон-До спортынан алты-дүркін әлем чемпионы, 6-шы Дан дәрежесі бар, халықаралық жаттықтырушы. Алты тілде сөйлеген.
* 1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Стамбұлда (Түркия), әкесі жатқан бейітке жерленген.
* Мұстафа Өзтүрікке арнап Бес - ағаш ауылында ескерткіш бой көтерді. Оны жеке кәсіпкер Қайыр Мейірбеков 2004 жылы өз қаражатына жасатқан.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Балалық шағы
Мұстафаның әкесі Қабен (Қабыл) Төлеубайұлы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, жауырыны жер иіскемеген атақты палуан болған. Сол кездері ел ішінде кәмпеске басталып кетеді де, бір әулет бір түннің ішінде тұтасымен таудан асып, Ұласты өзенін жағалай жүріп, Шың еліне өтіп кетеді. Алайда араға жиырма жыл салып, Қытай елінде де қызылдар қырғын салған сүрең басталып, 50- жылдары Түркияға барып тұрақтауды ойлайды. Анадолы еліне жетуде оңайға соқпайды. Адамзат аяғы тимеген атақты Такмала шөлін басып өтіп, Үндістан шекарасына да жетеді. Жол-жөнекей қырғын соғыстан көз ашпай Пәкістан арқылы әйтеуір Түркияға табан тірейді. Қалың топтан қалған жұрнақ міне, осылай Кайсери қаласынан пана табады. Жергілікті түріктер бірден жақсы қабылдайды. Қандастар деп құрметтейді. Соның арқасында бұл әулеттің жағдайлары да жақсара бастайды. Қабен аға осы жерде палуандармен белдесіп, өзінің жауырыны жер иіскемейтін шебер екеніне көз жеткізеді. Түрік бауырлардың Қабен ағаға деген сыйластықтары артып, Өзтүрік атап кеткен. Міне, осылай отбасы мүшелері осы атауды өздеріне тек етіп алады.
Арада біраз уақыт өткенде, яғни 1954 жылы Қабен ақсақалдын үйінде қуанышты уақиға болады. Өмірге ұл келді. Есімін Мұстафа қояды, тегін Өзтүрік етіп жаздырады. Бала Мұстафа өте зерек, алғыр болып өседі. Бар болғаны 16 жасында Ыстамбұл қаласындағы мектепті аяқтап, арнайы жолдамамен Тайваньға оқуға аттанады. Бұл әлем - нің түкпір-түкпірінен талантты балаларды жинап, оқытқалы жатқан эксперименталды оқу орны еді. Ешбір ақысыз, емтихансыз оқуға түскен Мұстафа бес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс жекпе жектерінде аяқпен тебу түрлерінің жарыс кезінде қолдану ерекшеліктері
Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерініңқоғамдық - саяси өмірі
Қайнар Олжай - публицист
Аумалы-төкпелі кезеңдегі қоғам, тұлға және дін
Құран Кәрімнің жазылуы, көбейтілуі және харәкәлануы
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Дін және мәдениет
Белгілі суреттің белгісіз тарихы
Ток - шоу бағдарламаларының даму ерекшеліктері
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Пәндер