Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттік бірегейлігі мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттік бірегейлігі мәселесі.

Орындаған : Тұрғынбек. Ә. Е

Тексерген: Таштырова. Ж. Н

Алматы, 2020

Эссе

Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттік бірегейлігі мәселесі.

Қазіргі таңда қазақ мәдениеті еліміздің маңызды нышаны болып табылады. Өйткені ол біздің өткеніміз, болашағымыз бен бүгініміздің алтын діңгегі. Бүгінгі таңда қазақ мәдениеттанушыларының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі ол қазақ өркениеті. Қазақ өркениеті өзіндік ерекше зерттеуді талап етеді. Кез келген қоғамның мәдениеті қазіргі заман ерекшеліктерімен және уақыт өте келе ұйымдасу мен әрекет ету заңдылықтарымен анықталады. Өмірде адамның басты мақсаттарының бірі ол мәдениеттік ұстанымдарға жүгіне отырып, өзінің бойындағы қасиеттерді тәрбиелей отырып еліміздің жарқын келбетін барынша қалыптастыруы керек деп ойлаймын.

Менің ойымша, адам мәдениетті құрушы, ал мәдениет адамды қалыптастырушы. Адам өмірге келген сәттен бастап ана сүті арқылы бойына тәрбиені, ұлттық дәстүрді сіңіреді. Өсе келе, адам тәрбиені қоғамнан, өзінің ортасынан алады. Ғұмыр бойы адам ақ пен қара арасында үнемі таңдау жасайды. Яғни, шындық пен жалған, әдемілік пен ұсқынсыздық, әділеттілік пен әділетсіздік және т. с. с. таңдаулар бар. Осы таңдаулар нәтижесінде адам бойында өзіндік ой - сана тұрақталады, ең жақсы мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіре біледі.

Бүгінгі таңда қазақ мәдениеттанушыларының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі ол қазақ өркениеті. Қазақ өркениеті өзіндік ерекше зерттеуді талап етеді. Кез келген қоғамның мәдениеті қазіргі заман ерекшеліктерімен және уақыт өте келе ұйымдасу мен әрекет ету заңдылықтарымен анықталады.

А. Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе географиялық факторлар яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жануары, демографиясы деп түсінген. А. Байтұрсынов өркениет дамуын былай сипаттаған « Шаруашылық өзгерісі, шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне түскенше талай ғасыр өткен. Мұны Еуропа тілінде эволюция деп айтады. Дүние ісі секіріп алға баспайды, эволюция жолымен жылжып өзгереді деген». Менің ойымша қазіргі таңда біздің өркениетіміз даму үстінде және А. Байтұрсынов айтқандай ол эволюция арқылы дамып отырады

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқы өркениетке барар бірден бір жолы ол халық арасында білім мен ғылымды, мәдениетті жетілдіру деп есептеді. Және Ы. Алтынсарин жастардың бойындағы еңбексүйгіштікті, кәсіпшілікті оятуға тырысты. Ол кәсіппшілікпен айналысқан адамның тұрмысы оңды болады деген. Қазіргі таңда біздің еліміз білім мен гылымды, мәдениетті жетілдіруге көп көңіл боліп отыр және өз үлесін қосуда.

Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін қарастырайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн Қоғам дегеніміз ол әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан тұлғалардың, топтардың байланыс нысандары. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты ретінде қолданылады. Осы ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің Адамды калыптастыру қызметі қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар. Бұл - мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Мысал ретінде - Маугли мультфильмін алсақ болады. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді

Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Бұл ұғымдар бір-бірімен байланысты ма? Мәдениет дегеніміз ол адам арқылы жасалған өзгерістер. Менің ойымша мәдениет дегеніміз ол адамзат жасаған екінші табиғат деп ойлаймын. Ал өркениет дегеніміз адамның өз болмысының мәнін ұғып, өмірден саналы ой түйуі деп ойлаймын. Көбінесе бұл екі ұғымның өзара байланысы бола тұра, бірақ олардың мәні бір емес екенін ескере бермейді. Көп адамдар мәдениет пен өркениет ұғымдары тығыз байланысты, бұл ұғымдарды синоним ретінде де қарастыруға да болады деп ойлайды. Бұл сөз­дерді өз мағы­на­сында қолданып жүрме­генінде де сезіне бе­р­мей­ді. Әрі бұл терминдердің нақты анықтамасын да бере алмайды. Бұл екі тер­минді қарапайым жұрт түгілі оқымысты ғалымдардың өзі шатастыра береді. Шындығына келсек, бұл екі термин - мәдениет пен өркениет туралы қаншама еңбек, қаншама мақала жазылды. Бірақ, солардың бәрінде тиянақты бір тоқтамға келіп, осы екі терминнің басын ашып, қайсысын қандай жағдайда қолдануға болатыны толық айтылмай келеді. Жазылған еңбектердің иелері әр кезде әртүрлі пікір айтып, кейінгілері соларды қай­та­лаумен немесе сынға алумен ғана шектеліп, өзін­дік байламдарын ұсына алмай жүр. Мәдениет ол бізге түсінікті әрі таныс дүние. Оған 300-дей анықтама берілді. Бірақ солардың бәрінің түйіні мәдениеттің екі негізі - материалдық және рухани құрамы барын мойындау. Қарапайым тілмен айтқанда, адам қолымен және миымен жасалған жаңа құндылық деп түсіндіріледі. Ал өркениет термині ХVІІІ ғасырдан бері қолданысқа енген, адамзат тари­хында варварлықтан кейін келетін кезеңді белгілейтін ұғым ретінде дүниеге келді, қара­пайым тілмен айтқанда, варварлықтың қарама-қарсы беті деген мағынада қолданылды. Өркениет мәселесімен батыс пен орыс оқы­мыс­­ты­лары көп шұғылданып, зерттеулер жүр­гізген.

Қазіргі қоғамда қандай мәдени және өркениеттік мәселелер кездеседі?

Қазіргі таңда мәдени проблемаларға көп көңіл болінуде. Бірақ сонда да кей бір проблемалар шешімін таппады. Ол проблемалар: жастардың мәдениетсіздігі, тәрбиесіздігі және салт дәстүрлердің ұмытылуы болып табылады. Қазіргі таңда қазақ салт-дәстүрлері, ырымдары көп қолданылмайды және кей адамдар бұл нәрсеге көп көңіл бөле бермейді. Көп адамдар, отбасылар батыстағы шет елдеріне еліктейді, көбіне сол жақтың ұстанымдарын қолданады сондықтанда қазақ мәдениеті құлдырайды. Біздің мемлекетіміз қазіргі кезде кеңінен дамып жатыр және осы мәдениет мәселесін шешу мақсатында бірқатар бағдарламаларды ұсына алады. Бірақ мемлекеттің бұл ұсыныстары жеткіліксіз деп ойлаймын. Бұл мәселені шешу мақсатында бірқатар шешімдер ұсынатын едім. Менің ойымша ауылды аймақтарда мәдениет уйлерін жаңартып, заманауи талаптарға сай, жастардың қызағушылықтарын арттыратындай болса жастардың мәдениетсіздігін жеңуге болады деп ойлаймын. Және де кей бір отбасыларда салт дәстүр мәселесін шешу мақсатында мен оларға салт-дәстүрдің маңыздылығын түсіндіп және де салт-дәстүрді, ұлттық ойындарды дәріптейтін шоу-программалардың көп болуын ұснар едім. Екінші мәселе ол біздің күнделікті өмірімзде кездеседі ол кей бір жастардың өздерінің ана тілінде сөйлемеуі деп ойлаймын. Бұл мәселені бәсеңдету үшін мен ата-аналарды балаларын кішкентай кезінен өз ана тілінде сөйлеуге үйретуін ұсынар едім. Және үшінші мәселе ол біздің ұлттық құндылықтарымыз. Қазіргі кезде біздің ұлттық құндылықтарымыз жоғалып бара жатыр. Құндылықтарымыз ол біздің мәдениетіміздің қайнар көзі болып табылады. Сондықтанда Сондықтан да ұлттық құндылығымызды жаңғыртқан кезде ғана біз мәдениетімізді жаңғырта аламыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өркениеттік даму ерекшеліктері. Діни мәдениеттің қазақстандық қоғамдағы алатын орны
ӘР ТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРДА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мәдениет және өркениет туралы
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Жаһандану дәуіріндегі мәдениеттің әмбебапталуы
Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта түсі мен XX ғ бас кезенінің қазақ мәдениеті
Қазақ өркениетінің тарихи типтері
Этностық өзіндік сананың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz